Әдеби туындыны бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негізін жасау


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Әдеби туындылар негізінде жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздері
1. 1. Мектеп оқушыларын әдеби туындылар оқуға тәрбиелеу . . . 5
1. 2. Әдеби туындылар негізінде мектеп оқушыларын тәрбиелеудің сипаттамасы . . . 11
ІІ. Әдеби туындылар негізінде оқушыларға әдебеиттен білім беру мүмкіндіктер . . . 18
Қорытынды . . . 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 28
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Әдеби туындылар негізінде жеке тұлғаның рухани әлеміне мақсатты түрде әсер ету үшін ең алдымен бастауыш сынып оқушыларының көркем шығармаға деген қызығушылықтарын оятып, оны әсерлі оқи, тыңдай білуге баулу қажет.
Ұрпақ тәрбиесінде әдеби туындылар баланы елжандылыққа тәрбиелеу құралы екені сөзсіз. Әдеби туындыны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану және әдеби шығарма жанрлары негізінде оқушыларды тәрбиелеу мәселесі бірнеше ғылыми-педагогикалық еңбектерде көрсетілгені зерттеу барысында анықталды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Әдеби туындыны бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негізін жасау.
- әдеби туынды арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін анықтау;
- әдеби туынды арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықтау;
- әдеби туынды арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің моделі, өлшемдері мен деңгейлері және мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік шарттарын айқындау;
- бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруді жетілдіру мақсатында оқу-тәрбие процесінде әдеби туындыны пайдаланудың әдістемесін құру, оның тиімділігін тәжірибеде айқындау, әдістемелік нұсқау беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
« Әдеби туындылар негізінде жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер мен көзқарастарға талдау жасалып, негізгі тұжырымдары басшылыққа алынып, теориялық негізі анықталды. Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің құралы ретінде көркем шығарманың мазмұны, мәні қаратырылды. Көркем шығармаларға теориялық сипаттама беріліп, оның педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылды.
2«Әдеби туындылар негізінде жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеудің педагогикалық мүмкіндіктері» атты екінші бөлімінде көркем шығарманы оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері айқындалып, жолдары көрсетілді. Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриотық тәрбие беру бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының қорытындысы көрсетілді.
Талай ғасырды өткеріп, бізге жеткен батырлар жыры бүгінгі ұрпақтың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда басты орын алады. Батырлар жырының мазмұны туған елін, жерін, жаудан қорғаумен қатар ананың балаға махаббаты, сүйсіпеншілігі, адамгершілік қасиеттерге негізделген. Ата-бабаларымыз батырлардың қайсар қаһармандығын, ерлігін суреттей отырып, ұрпақ тәрбиесіне өшпес мұра қалдырып отырды.
Зерттеуші Ә. Айтақов қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін негізге ала отырып оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін қарастырады [120] . Халық ауыз әдебиетіндегі ерлік тағылымдарын (батырлар жыры, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, бата-тілектер және т. б. ) Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлік дәстүрімен сабақтастырады. Ал, С. Ешімханов Ұлы отан соғысы жылдарындағы сыныптан тыс уақыттағы тәрбие жұмыстарды оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі халқымыздың ерлігінің олардың шңдалуына, есеюіне үлкен әсер еткендігін ашып көрсетеді. Соғыс жылдарындағы майдандағы және елдегі халқымыздың қаһармандық қасиеттері арқылы ұрпақты тәрбиелеуді алдына мақсат етіп қояды.
І. Әдеби туындылар негізінде жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздері
- Мектеп оқушыларын әдеби туындылар оқуға тәрбиелеу
Қазақстан Республикасының егемендік алып, дербес мемлекет болуына байланысты қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру өскелең жеткіншектерді тәрбиелеуде көркем шығарманың мән-мағынасын санамен ой елегінен өткізе отырып, тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Нарықтық қатынастарды нығайтумен, меншіктің алуан түрлілігін, кәсіпкерлікті қалыптастырумен, еңбек тиімділігін дамытумен байланысты Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесіне, мектептік білім беруге талаптарды түбірімен өзгертеді.
«Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленді», - делінген Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында [73] . Міне, осынай мақсатқа жету білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді.
Тәрбиедегі ең басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: (1999) «Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлары негізінде жас ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған бай тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек» [2] . Осыған байланысты өсіп келе жатқан жас ұрпақты ізгілік, имандылық тұрғыда өмір сүріп, шығармашылықпен еркін еңбек ете алатын, бәсекелеске бейім, өмірге икемділігін, ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды тұтастықта меңгере алатын және өзін-өзі дамыта алтын, патриоттық сезімі қалыптасқан жаңа азаматы тәрбиелеудің қажеттілігі туындауда.
Патриотизм ұғымы ҚСЭ-ның тоғызыншы томында: «Патриотизм (грек сөзі Patriotes - отандас, Patris - отан, туған жер) - Отанға деген сүйіспешілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Туған жер, ана тілін, елдіңғ әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастайды», [74] - деп көрсетілген өзінің ізгілікті мәнін сақтайды.
Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.
Елжандылық идея - отаншылдық сезім - адамда жүре пайда болатын, жеке тұлғаның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік құбылыс.
Отаншылдық сезім жалпы адам баласына тән адами түйсік қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, түйсінуін, қуаттып қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші.
«Қазақстандық патриотизм» - ұғымы осы түсінікті байыта түседі. Ол көздің қарашығындай сақтап келген туған жерін қорғау, елінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сыйлай, ана тіліне деген сый-құрмет, елі мен жерінің өркендеіне үлес қосу, Қазақстанда мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің мүддесімен санасу сияқты құндылықтардан тұрады.
Патриотизмді адамгершілік қағидаларынан бөліп қарауға болмайды. Өйткені, Отан абстрактылы ұғым емес. «Отан - тірісі бар, өлісі бар, тіпті тумағандары бар - бүкіл рулар мен ұрпақтардың рухани байланысы», - дейді Д. Меренковский [75] .
В. А. Макаров: «Патриотизм - кез-келген саяси, әлеуметтік, этникалық топтардың ғасырлар бойғы тұтастығын қамтитын құбылыс», - деп тұжырымдайды [76] . Ал Н. И. Губанов былай деп ой түйеді: «Шын мәніндегі патриотизм кім-кімнің болса да өз Отанына шексіз берілгендігі, сонымен бірге өзге халық мақтанышына құрмет қарау болмақ. Ал мұндай қасиет іс-әрекет пен идеяның, ықыластың бірлігінің айғағы іспетті» [77] .
Осы айтылғандардың барлығы патриотзм қоғамдық сананың бір формасы, тарихи және классикалық категория екенін, яғни ол да қоғам дамымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға түсетінін білдіреді.
Отан - бұл халық. Халық - бұл адам. Адам сүю, оған жақсылық жасау, жанашыр болу - адамгершіліктің белгісі. Отаншылдық көз жетпейтін көне ғасырлардан келе жатқан құндылық. Қай ғасырда болмасын тәрбие мәселесі назардан тыс қалып көрген емес. «Бала тәрбиесі - мемлекеттің маңызды міндеті» [78], - деген сөзді Платонның өзі де бекер айтпаған болар.
Көп ұлтты Қазақстан үшін отансүйгіштік сезімінің рухани саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттің материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар.
Отансүйгіштік рух - қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш.
Патриотизм идеясының дамуы Аристотиль, Цицирон, Платон [79] есімдерімен тығыз байланысты. Патриотизм идеясының дамуына француз материалисттерінің де (ХVIII ғ. ), неміс философтарының да, орыс революционер-демократтарының да В. М. Белинский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевский, т. б. қосқан үлесі мол.
Патриотизм туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармларында қазақ даласының ойшылдары да, атап айтсақ, Әл-Фараби [80], Ж. Баласағұн [81], М. Қашқари [82] ; жыршы-жыраулары да: Асан Қайғы [83], Доспамбет Шалкиіз [84], Бұқар жырау [85], Махамбет [86], т. б. айтқан болатын.
Батырдың рухын көтеру, олары жігерлендіру халыққа кеңінен танымал болған ақын-жырауларымыздың дәстүі болған. Солардың бірі - Ақтамберді жырау. Бабамыздың жыр толғаулары елді бірлікке топтасуға үндейді. Оның Отансүйгіштікке бағытталған жыр жолдарын естіген қай жауынгер болмасын алдаспанын жауға сілтемей қалмасы анық еді. Сондай жырлардың бірінде Ақтамберді жырау:
Жауға шықтым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап.
Дұшпаннан көрген қорлықтан,
Жалынды жүрек қан қайнап
Ел-жұртыңды қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап, [87] - деген
жыр жолдарында халықты батылдық пен батырлыққа шақырады.
Халқымыздың ежелден сөз өнерін құндай білген. Рухани күш беретін жыр мен намысты оятатын өлеңнің қуаты бүтіндей бір елді әулетті іс-әрекетке бастай білген. Оған дәлел ретінде Махамбеттің мына өлеңін мысалға келтіруге болады:
Бекініп садақ асынбай,
Біртіндеп жауды қашырмай,
Белтеліге дөп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жаурын оқ салмай,
Атқан оғы жоғалмай
Балдағы алтын құрыш болат
Балдағын қанға боямай
Қасарысқан жауына
Қанды көбік жұтқызбай,
Халыққа тентек атанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?
Мұндай әлеуметтік саяси мазмұны терең осы өлең жолдарындағы ерлік, батырлық қуаты кім-кімді де бей-жай қалдырмағаны анық. Ал мұндай жыр жолдары есім деп еңіреген, қолына қару алып, қамал алар жігіттерді жорыққа бастайтын әрбір азамат деген шексіз сүйіспеншілік сезімін қалыптастыратын құралға айналған.
XVII ғасырдағы нидерланд философы Б. Спиноза: «Адамдар да азамат болып тумайды, өсе келе тәрбиеленеді», - деген екен. Әр ұрпаққа дайын азамат болып тумайды, өмір тәжірибесі мен тәрбие арқылы азамат болып жетіледі [88] .
Қазақстандық патриотизм - біздің мемлекетіміз сияқты жаңа әлеуметтік, психологиялық және саяси құбылыс. Қазақстандық патриотизмнің тарихи тамыры терең, ол ғасырлар бойы қалыптасқан Қазақстан халықтары арасындағы демократиялық дүниетанымға, адамгершілікке және дәстүрлік пен өзгелерді жатырқамайтын қазақ ұлтының менталитентіне негізделген.
« Татулық, достықтың киелі белгісі - Мейірбан Ұлы Отан, қазақтың даласы!» - деп еліміздің Әнұранында айтылғандай, Қазақстандық патриотизм тарихи ұлы мұра - халықтар достығына сүйенеді.
Қазақ халқының табиғи түрдегі патриоттық тәлімінің басқа да халықтық дәстүрі мен байлықтарының дами түсуін, тіпті кейбір уақыттарда патриот деген сөздің лексикалық құрамынан алынып қалмауын қазақ жеріндегі жиі-жиі болып тұрған тарихи оқиғалардың қыр-сырынан іздеген жөн. Мәселен, академик М. Қозыбаевтың [89] дерегі бойынша қазақ жеріндегі ХVII ғасырдың аяғынан 1916 жылға дейін 300-ге жуық ұлт-азттық көтерілістер өрбіді. Мұндай көтерілістер қазақтың ұлан-байтақ жеріне, сарқылмас қазынасына көз ағартушыларға қарсылық ретінде туып отырды. Туған жерді, елді қорғауға қазақтың халықтық педагогикасынан нәр алған, ата дәстүрінен сусындаған ақылды да парасатты халық перзенттері - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абылай хан, Бөгенбай батыр, Наурызбай батыр, Қабанбай батыр, Райымбектер шықты.
Ыбырай Алтынсарин алғаш халық мұрасына, салт-дәстүріне, ұлттық ерлік және жауынгершілік тәрбиесіне мән бере отырып, өзінің «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығында [92] «Қобыланды батыр»жырынан «Қобыланды және Тайбурыл» деген атпен үзінді енгізген. Осыдан келіп қазақ халқы тек батырларын ғана құрметтеп қоймаған, сонымен қатар батырлардың серігі, астына мінген аттарының қасиеттерін жақсы суреттегенін білеміз.
Қазақтың классик ақыны Абай тікелей жауынгерлік және ерлік тәрбиесіне арнап еңбек жазбағанымен де, өзінің поэмаларында, қара сөздерінде отансүйгіштікті қалыптастыратын ұлттық сана, намыс, парыз секілді қасиеттерді жан-жақты қамтыды. Абайдың «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» пайымдаулары халқымыздың тарихын ғылыми негізге келтірген алғашқы қадамдардың бірі. Абай шығармалары туған елінің, жерінің тарихын зерттеп, оны жете түсінуді уағыздайды. [93] .
Данышпан ғалым өзінің отыз тоғызыншы қара сөзінде: «Рас бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған, бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінезі қайсы десең - әуелі - ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көші-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Екшінісі - намысқор келеді екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерге ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен. Кәнеки, енді осы екі мінез қайда? Бұлар да арлылық, намыстық, табандылықтан келеді» [94], - деп жазды. Абайдың бұл қара сөзінде - арлылық, намыстық, табандылық -тәрбиенің жемісі дейді. Адамның ең ұлы сезімін азаматтық парызын орындау үшін жоғарыда аталған мінезді игеру керек екенін Абай атап көрсетеді. Абай шығармаларынан қазақ халқының өзіндік қасиет бітімін көреміз.
ХХ ғасырдың басында озық ойлы қоғам қайраткерлерінің бірі М. Дулатов сол кездің өзінде қазақтарды өз алдына ел ету үшін, халықтың санасын ояту мақсатында өз шығармаларын ұсынды. М. Дулатовтың «Оян, қазақ» [96] шығармашылығында:
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты!
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, тұр енді жату жарамасты, - деп ұран тастаған жалынды сөздермен басталады.
Поэманың атына ішкі мағынасы сай, халыққа көзіңді аш байқа, айналаңды жайлап, кеулеп барады, енді намыстанып, егемендік алмасаң, бәрінен айрыласың деп, халық санасына ащы шындық сәулесің ұялатты. Сондай-ақ, «Қазақ жеріне»деген өлеңінде қазақ жерінің байлығын, кеңдігін суреттей келіп, Ресей патшалығының отарлық саясатын әшкерелейді. Халқымыздың бір туар азаматының жоғарыда аталған еңбектерінің қазақ халқының санасын оятуға, патриоттық рухын көтеруге арналғанын елін, жерін қорғайтын азамат тәрбиелеу керектігін армандаған тілегінен туғанын көреміз [106 б. ] .
Жазушы, публицист, ғалым Ж. Аймауытов «Тәрбиеге жетекші» атты еңбегінде [97] сол заманның талабына байланысты мектеп бағдарламасын қайта жасау туралы құнды пікір айтқан. Автор онда: «Табиғаттану пәні бойынша мектеп бағдарламасын балалардың ұғымына лайықтап төңіректегі өмірді, табиғатты бала өз бетімен қолма қол айырып, танырлық түрде жасау керек. Оқуда күнделікті ұшырайтын балалардың өмірге жақын нәрселерден, құбылыстардан бастау керек. Адамның өмірі белгілі заттардың танымал нәрселердің арасында өтеді. Мектептің міндеті: алдымен төңіректегі нәрселерге қызықтырып, баланың махаббатын арттыру. Ондай оқу алдымен жергілікті өмірмен жақындастырады, айқастырады. Балаға ең алдымен қымбат, ел жақын нәрсе - туған жері: туған жерінің құбылыстарын білу, балаға өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі өмірге табиғатқа, терең мазмұн беріп, оларды баланың санасында жандандырып, бала махаббатын арттырады, бала әлеумет тұрмысында, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйренеді, жолығатын мәселелерді оңай шешетін болады, білгенін өмір жүзіне пайдаланатын болады. Неғұрлым Отан тану туралы баланың есінде терең, айқын суреттер көп болса, қиыр өмірімен, қиыр табиғатпен таныстыруда сондай жеңіл. Бастауыш мектептің бағдарламасын өзгертуге жергілікті шарттарғ, дүниетану, Отантану пәндерін алға қою идеясын басшылыққа алуды ұсынады. Мұның сол заманның өзінде балаларды елін, жерін танып білуге, оны сүюге, оған қамқорлық жасауға, қорғай білуге баулудың негізін бастауыш мектептен бастау керек» - деген құнды ой-пікір жатқанында деп тұжырымдаймыз. Олай дейтініміз автордың идеясының өмір шеңдігі бүгінгі ХХІ ғасырдағы ұлттық мектеп моделінің де алға қойып отырған міндеттерімен үндестігінде.
Ұлы отан соғысында аты аңызға айналған Т. Тоқтаров, Б. Бұлқышев, Р. Қошқарбаев, Қ. Қайсенов, Б. Момышұлы және батыр қыздар Әлия мен Мәншүктің кескілескен жаумен айқастағы ерен ерліктері мен батырлықтары да ұлттық әстүрлердің, ерлік тәрбиесінің жемісі.
Халық қаһарманы Б. Момышұлы: «Барлық кезе патриотизмді дерексіз, ұзақ-сонар сөзбен ұғындырудан, көбінесе мемлекетке берілген адамның мақсат-мүддесімен байланыссыз түсіндіруден қашу керек. Патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі онымен етене байланысып жатқан ұлттық рух пен ұлттық патриотизм жөнінде айтып өту қажет. Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті - өз халқына деген сүйіспеншілігі, жеке адам өз халқымен қан жағынанда, шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері, қалыптасқан тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты» - деген болатын. Сонымен қатар, Б. Момышұлы: «Патриотизм - Отанға, (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекеттік нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды, жеке адаммен, яғни өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді» [105] - деп патриотизм ұғымына анықтама берген болатын [105, Б. 52] .
Қазіргі әлеуметтік әрекет кеңістігінде плюрализм әр адам үшін негізгі әлеуметтік бағдарға өмір сүру стилінің эталонына айналды. Сондықтан кешегі рухани өмірдегі аномальді құбылыстар, бүгін жоғары мәртебеге ие болуда. Сайып келгенде, плюрализм қоғамдағы патриоттық сезімдер мен гуманистік қатынастарға өзінің елеулі ықыласын тигізуде. Осының салдарынан халықтағы ерекше бұқаралық көңіл-күйдің әдеттегіден де көтеріңкі болуын, осыдан туындайтын тобырлық сананың басымдығына патриоттық сезімнің орнына космополитизм «пендешілік» пиғылдардың үстем болуын байқауға болады.
Қорыта келгенде, зерттеу тақырыбыз бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық талдау нәтижелері төмендегідей қысқаша тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz