Әбіш Кекілбаев шығармашылығы
КІРІСПЕ
Ол өз шығармаларында адам характерін, табиғат көріністерін, замана
келбетін терең тұрғыда суреттей алады. Оның басты мақсаты – жалаң
суреттеуден гөрі, адамның сол кездегі көңіл-күйін, санасында өрбіген шым-
шытырық қиялды психикалық жағдайын пәлсапалық тұрғыда терең бейнелеу.
Демек, әрбір жазушыға тән негізгі басты құрал – қиял, ой, тұжырым,
шабыт, саналы пайымдау. Олай болса, осылар біріккенде біз жазушының
шеберлігін танып білеміз. Ә.Кекілбаевтың шеберлігі неде? Енді осы жөнінде
сыр шертсек. Жазушы шығармалары тұнған пәлсапа өрнектерімен қапталған. Адам
характерін, табиғат көріністерін, тарихи кезеңді бейнелегенде автор терең
психологиялық қым-қуыт иірімдерге сүңги жөнеледі. Яғни повестердің
шыншылдық қасиетін ерекше көтере түскен. Ә.Кекілбаевтың көркемдік
палитрасының қуаты мен қасиеті де осында – ол ежелгі ауыз әңігмелерді
бүгінгі күннің елегінен өткізіп, тарихи-философиялық тұрғыдан екшеп
отырады. Сол аңыз-әңгімелерден күллі адам баласына ортақ адамшылық
тамырларды тауып отырады.
Өткен күндер шындығына бүгінгі күннің жарық сәулесін түсіреді.
Кекілбаевтың суреткер ретіндегі ерекшелігінің бір парасын осы төңіректен
іздеуіміз керек. Демек сыншыларымыздың оның тарих пен бүгінгі күннің
маңызды мәселелерін "Ш.Айтматов ұтқырлы қозғап", әлеуметтік ірі идеяларды
өзек ететінін" Ә.Нұрпейісов," адам баласының болмысы мен оның іс-
әрекетінің себеп-салдарын іздеп, үнемі ой толғайтынын" А.Рудико-Деснек
атап көрсетеді. Шындыққа әбден саяды. Ә.Кекілбаев: "Қандай ақылды кісінің
болмасын бір мәселе туралы бір әңгімесін бір күнде екі рет тыңдау кім-кімге
де көңілсіз көрінер еді. Көптеген шығармалардың орталық кейіпкерлерінің
басты қаһарман дәрежесіне көтеріле алмауының екінші бір себебі – автордың
ойы өмірдің өзінен таппай, қиялдағаны қиыстырғандығында" - дейді (6,97).
Прозашы Ә.Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры", "Үркер", "Елең-алаң" атты
романдары "Күй", "Шыңырау", "Бәсеке", "Автомобиль", "Құсқанаты" т.б.
повестері мен әңгімелері бар. "Шыңырау", "Бәсеке", "Күй", "Ханша-дария
хикаясы" повестерінде жазушы ежелгі аңыз әңгімелерді шебер пайдалана
отырып, өткен күннің жарқын да қаһарлы бейнесін, моральдық бейнесін
жасайды, бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерін қозғайды. Ә.Нұрпейісов былай
дейді: "Ол өзінің шығармаларында атақты тарихи тұлғалар есімін саудаға
салмайды. Ол өз халқының өткен тұрмысын әспеттеу, әйтпесе мансұқ ету
секілді мінезден аулақ. Адам өмірінің әлеуметтік сыр-сипаттарын
философиялық, психологиялық тұрғыдан терең көрсетуі бұл повестердің
шыншылдық қасиетін ерекше көтере түскен" (7,38).
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезде қазақ халқының өткенін тек
қана тарихи тұрғыдан емес, сонымен қатар қазақ әдебиетіне қатысты
Ә.Кекілбаевтың шығармаларындағы өмір шындығын зерттеу, зерттеу жұмысының
өзектілігі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты:
Ә.Кекілбаев шығармаларындағы өмір шындығын бейнеленген тұстарды талдау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Ә.Кекілбаев повестеріндегі кейіпкерлер әлемі;
2. Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи шындықты ашу.
Зерттеу жұмысының нысаны Ә.Кекілбаевтың Күй повесі мен Шыңырау
повестері.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, бір тараудан, қорытынды және
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӨМІР ШЫНДЫҒЫ
1.1. Әбіш Кекілбаев шығармашылығы
Əбіш Кекілбаевты əдебиетшілер қауымы тарихи тақырыпты қаузаған, өмір
құбылыстарын шынайы шеберлікпен бейнелейтін реалист суреткер ретінде
таниды. Дегенмен бұл сөзіміз жазушы шығармаларындағы романтикалық арнаны
жоққа шығара алмайды. Əбіш Кекілбаевтың Аңыздың ақыры романы алғаш рет
Махаббат мұнарасы деген атпен жарияланды. Жазушының тарихи тақырыпқа
жазылған алғашқы романында романтикалық бейнелеу тəсілін аңғарамыз.
Кейіннен жазылған Үркер, Елең – алаң романдарында тарихи факт реалистік
тұрғыда игерілген.
Əбіш Кекілбаев өз шығармаларында халық жадында сақталған ескі
аңыздарды жаңғыртып, көне сюжеттерді көбірек бағдар тұтады. Əбіш Кекілбаев
романтизмінің көркемдік жүйесін толықтыратын сипат шығармаларында мифтік –
фольклорлық сарынның, аңыз – əңгімелердің жиі көрініс беруі болып табылады.
Əбіш Кекілбаев туындылары көбінесе бүтіндей мифтік – фольклорлық
сюжетке құрылады. Жазушы аңыз – əңгімелер арқылы өткенге, тарихи оқиғалар
сілеміне көз жібере отырып, мəңгілік мəселелерді шешуге ұмтылыс жасаған.
Осы сипаттағы шығармаларының бірі – Үркер романы.
Жазушы өз шығармасының ерекшелігі туралы: Тарихи материал жасақтауда
құжат дерегі де, ел аузындағы əңгіме де, көркем қиял да көп қызмет ете
алады. Бірақ тарихи шындыққа үлкен жауапкершілікпен қарайтын жазушы қиялдан
гөрі дерекке табынары сөзсіз. Дала балладалары атты циклға енген Аңыздың
ақыры романы мен повестері, негізінен, белгілі бір көзқарастан туындаған
тұжырымға, концепцияға сүйенеді. Ал Үркерде оған атымен кереқар бағытта
ізденеді. Онда, мүмкіндігінше, тарихи деректің ала жібін аттамауға, нақты
тарихи ситуацияның өз драматизмін əсірелеусіз көрсетуге күш салдым – деп
жазады. Яғни, Аңыздың ақыры романы, қаламгердің өзі атап өткеніндей,
деректен гөрі көркемдік қиял, фантазиясы мол, əсірелеулер басым,
философиялық шығарма. Ал Елең – алаң романы – нақты тарихи негізі бар,
нақты тарихи ситуацияға, фактіге құрылған туынды. Лиро – эпикалық аңыздар
Əбіш Кекілбаев шығармаларының негізгі баяндау тіліне шебер өріле отырып,
қаламгер туындыларының өзіндік лирико – романтикалық əуенін береді. Жалпы
алғанда, Əбіш Кекілбаевтың қаламгерлік қолтаңбасына, жазу мəнеріне өз
кейіпкерінің характерін, психологиялық ахуалын ішкі монолог пен авторлық
баяндау арқылы ашу əдісі тəн. Негізгі қақтығыс оқиғаның сыртқы сюжеттік
тілінде емес, кейіпкердің ішкі əлемінде, жан дүниелерінде дамиды. Романда
оқиғаның хронологиялық тəртіппен дамуынан гөрі жеке тұлғаның рухани ішкі
дамуына басты назар аударылған.
Үлкен әдебиетке қойылатын осы талаптар Әбіш шығармашылығы арқылы
біздің ұлттық сөз өнерімізде дәлелденіп келеді. Оның жазушылыққа үлкен
мұратпен қарайтыны, әдебиет алдына биік талап қоя білетіні, оны терең
таныммен іске асыра алатыны қазір мойындалып біткен шындық. Әбіш суреткер
ретінде адам өмірінің әлеуметтік мән – мағынасына үңіліп, оны философиялық
ойшылдықпен өрнектейді. Жазушы өнерінің кейінгіге ғибраттық, ой саларлық,
сабақтық мәні де осында. Ол ашқан өз замандастары мен тарихи кейіпкерлердің
жас ұрпаққа ұсынар тағылымы да әдебиеттің мазмұнын байытуға қызмет етеді.
Әбіш – ұлттық әдебиетіміздің белді жанрларының барлығында да белсенді
қызмет істеген қарымды қаламгер. Поэзиялық, прозалық туындыларымен бірге
сын жанрында да көп жазды. Бірақ драматургияға бара қойған жоқ еді. Алайда
ол классикалық драматургияны жақсы біледі, оның көп үлгілерін қазақ тіліне
аударды. Оның аудармаларының ішінде В.Шекспирдің Ромео мен Джульеттасы,
Король Лирі, Кориоланы, Г.Ибсеннің Үрейі, К.Гоццидің Туранбике
ханшайымы, М.Фриштің Дон Жуанның думаны, Л.Дарконың Сүйіктім менің,
Электрасы, В.Буэроның Бүгін мейрам, бүгін тойы, М.Кәрімнің Ай тұтылған
түні сияқты әртүрлі стильдік үлгілер болды. Осыларды аудару үстінде
Әбіштің драма жанрының табиғаты мен құпиясын зерттеп білгені хақ. Абылай
хан атты пьесаның тууына мұның себеп болғаны даусыз.
Сыншы Әбіш Абайдың, Жамбылдың, Ахметтің, Сұлтанмахмұттың, Сәкеннің,
Бейімбеттің, Ілиястың, Мұхтардың, Сәбиттің, Ғабит пен Ғабиденнің, Қасымның
шығармашылығы жайлы толымды пікірлер айтады. Тәкен, Тахауи, Әбдіжәміл,
Олжас, Қалтай, Шыңғыс сияқты ағаларымен қатар өзінің замандастары мен
інілері Қадыр Мырзали, Тұманбай Молдағалиев, Мұқағали Мақатаев, Оразбек,
Қайрат, Жұмекен Нәжімденов, Оралхан Бөкей, Төлеген Айбергенов
шығармашылығын талдайды. Бұрын шиырланған үлгілерді қайталамай, жаңа сөз,
тың түйін жасауға ұмтылады. Әбіштің сын мақалалары қашан да шеберліктің
мектебі сияқты.
Жазушы, сыншы Әбіш кейде өнер адамдарында кездесіп қалатын қызғаныш
сезіміне бой алдырмаған, табиғаты кең, айналасына үлкен пейілмен қарайтын,
дархан мінезді тұлға болған. Бүкіл әдебиеттің, халықтың мүддесіне адал
қызмет ететін, жақсыны қуанып қарсы алатын жазушының көңілі әрқашан ашық.
Оның қаламгер ағалары мен бауырларының бәріне жылы көзбен қарап, мақала
арнауы да олардың шығармашылық табысына қуанудан туады.
Әбіштің публицистік мақалалары мен жазбалары оның шығармашылығының
көлемді бөлігін құрайды. Олар әр кезде жазылған, әр заманның сұранысынан
туған. Әсіресе, тәуелсіздік алған тұста Әбіш көп жазады. Ол қоғамдық
жүйенің ауысуы кезінде бұрынғы үйреншікті жолдан адасып, жаңаны түсінуге
жете алмаған жерлестеріне тәуелсіздіктің сөзін айтады. Қоғамдық
өзгерістердің заманында болатын психологияны терең талдап, бұған қатысты
тарих сабағы жайында ойлы сөз қозғады... Кеңестік, партиялық басқару
мектебінен өткен, Тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті қасында ұзақ жылдар
сенісіп қызмет істеген, Парламент спикері міндетін де атқарған, бүгінгі
сенатор Әбіш Кекілбаевтың демократтығы мен тәуелсіздікті баянды ету
жолындағы табанды күресі осылай басталып қалыптасқан. Оның уақыттың ең бір
қиын тұстарында елмен бетпе – бет келуден, халық мүддесі үшін күресуден
жасқанбайтын мінезін Желтоқсан, Жаңа өзен оқиғалары көрсетті. Осының бәріне
Әбіштің ең алдымен, үлкен суреткер, заманының заңғар жазушысы ретінде өзі
өмір сүрген күрделі дәуірдің шындығын терең түсініп, болашағын болжай алуы
себеп. Жазушыны да, қайраткерді де, жалпы адамды да заманы тудырып, дәуірі
тәрбиелейді, өсіреді. Тек адамға сол заман, дәуір талаптары дәрежесіндегі
интеллект керек. Әбіште ол бар және мол. (13, 25 б).
Жазушы романда лирикалық реңк бояудың молдығы, тілдік өрнектің
эмоционалды бояуға қанықтылығы, шартты тұспалдар секілді романтизм
эстетикасына тəн тəсілдерді шебер пайдаланады. Лиризм романда суреттелген
оқиғаға эмоциялық бояу беріп, поэтикалық мазмұн дарытқан.
Әбіш Кекілбаев 1995 жылы Егемен Қазақстан газетіне берген бір
сұхбатында бұл туралы өзі былай деп түйіндейді: Адамдар мен халықтардың
арасындағы жарастыққа қызмет ету – менің суреткерлік те, азаматтық та
парызым. ...Мен әдебиетші болмасам, саясатқа келмес ем. Суреткер болмасам,
күрескер де болмас ем. Бұрын суреткер ретінде толғандырған мәселелер – мені
азамат ретінде де толғандырып жүрген мәселелер еді. Қиял арқылы шешіп
келген мәселелерге нақты өмірде тікелей атсалысуға мүмкіндік туып тұрса,
одан қалайша бой тартамын?Оның үстіне, қай кезде де қаламгерлік еңбекті
қоғамдық қызметпен ұштастырып жүрген адаммын.Саясатқа келгеніме өкінбеймін.
Тауқыметі көп. Күндіз күлкіңді, түнде ұйқыңды бұзатын тұстары да мол.
Әлеуметтік өмірдің талай шиеленісті додаларының ортасында жүруге де тура
келді дейді. (48, 397 – 398 б).
Адам шіркіннің кеудесі, сыртынан қарасаң, құшағыңа сыйып кетер
дөңбек қаралы ғана шағын дүние... ал, сол шағын әлемнің ішіне, тар қапасына
ой жүгіртіп қараңызшы!.. Ондағы айқұшақ қауып, тар мекенде тоғысып та
соғысып жатқан жан-санат сезімдердің шеті мен шегіне ой-санаңыз жетіп болар
ма?!. Соның бәрі – еңсеп қазған шыңыраудан да қатерлі қызғаныш сезімі!..
Жер бетінде осы қызғаныштың қыл тұзағына шырмалмауға қауқары жететін пенде
баласы бар ма екен?.. Бұл тұзақтан ет пен сүйектен жаралған сондай көп
пенденің бірі – еңсеп құдықшы да құтылып кете алмаған!..
Айналасы бірер жылдың бедерінде талай дүмдінің құдығын қазып, көзге
түскен Еңсептің атақ-абыройы көп ұзамай-ақ жалпақ маңғыстауға белгілі болып
қалатын еді ғой. Сөйтіп жүргенде – Қалпақ деген құдықшы шығып, өнерді бұдан
да асырған. Жұрт енді бұрынғыдай еңсепті төңіректемей – әлгі қалпақ
құдықшыға құлаған сыңайлы!.. Қалпақ қазған шыңыраудың тереңдігі пәлен
құлаш болыпты, түген құлаш болыпты!.. бұл елдің айтатыны – сол. Еңсептің
ішіне қызғаныштың қызыл итін жүгірткен де, мұның алдында түк жазығы жоқ
Қалпақпен алакөз қылған да, еңбегімен тапқан шағын дәулетіне қанағат
қылдырмаған да, Үстірттің дөңіне шығарып, бұрын бұл аймақта көз көрмеген
терең шыңырау қаздыруға итермелеген де сол жұрттың сол кеу-кеу әңгімесі!..
сондай бір шыңырау қазсам, әлгі Қалпақшыл бола қалған жұрттың аузын
өзіме қарай қисайтсам, қалпақ құдықшыны сөйтіп бір мұқатсам, сосын мен
қазған шыңырау еңсеп қазған атанып, атағым дәуірлеп, артымда өшпес атым
қалса!.. осы бір пенделік пиғыл еңсеп сорлыны алды-артына қаратпаған!..
Шыңыраудың түбінде жер қазып, борша-борша терге түсіп, арасында сәл бір
бойын тіктеген сәттерінде де әлгі бақталасының суреті көз алдынан елес
беріп, бір кетпеуші еді ғой!.. Сол бір елес күшейген сайын – мұның қайласы
да қара жерге үсті-үстіне кірш-кірш қадалып, артынан жау қуып келе
жатқандай арпалысушы еді-ау!.. Сол бәсеке-қуғынның, сол қызғаныш-қуғынның
айдауымен бұл да жерді үңги берген, үңги берген, ақырында әл бітті, жан
шықты дегенде – діттеген жеріне жетіп те тынғандай еді. Оған да місе
тұтпай, судың көзін әлі де аша түссем деп, қайланы тағы да сілтеп баққан.
Қайласын соңғы сілтегені – жадында, көз алдының тұманданып бара жатқаны –
жадында, тіпті, құдықшы қалпақтың миығынан күлген суреті көз алдынан соңғы
рет көрініп, жалт бергені де жадында. Одан арғысын білмейді. Өзі қазған
шыңыраудың түбімен қосылып, сонау ұлы теңізге шығып кететін аса арнаның
тентек толқыны еңсепті жұтқан да тынған!..сөйтіп, оның артында қапелімде
жұртты шошытқан қанды шыңырау, кейін – дүйім елді қарық қылған, үстірттегі
ең терең, ең сулы шыңырау қалған. Бір өкініштісі сол – оны жұрт,
құдықшының өзі армандағандай, еңсеп қазған деп емес, еңсеп өлген атап
кетіп еді.
Зерделі жігіт ауыр кәсіптің қыр-сырын көп ұзамай-ақ меңгеріп алды.
Құдықшылық тірлікке көндікті. Алайда, адам сорлының шыңыраудың түбіне өзін-
өзі айдап түсіруге күші жете тұра, сол тұңғиық қапаста көңілінің көзін,
арманда ойын байлап ұстап тұруға құдіреті жете бермейді екен де!.. Еңсеп те
сол: қолына – күрегі мен қайласы серік, көкірегіне – одан да арпалысты,
одан да тынымсыз ауыр ойлары серік. адам, асылы, өмір деген көтерем
тұғырды бас-көзге төпеп, бақыт қуған сайын – одан соғұрлым алшақтай түсетін
сияқты. Бақыт қуған адамның тапқан бақытынан – жоғалтқан бақыты көп болса
керек. (І-том, 370-бет). Шыңыраудың табанында тұрып: су көзіне жетем! –
деп жер түбіне ұмтылған құдықшының осылайша ой түбін ұңғитын да сәттері
көп!..
Кекілбаев 1971 жылы Шыңырау повесін жариялады. Мұның, атына сай, заты
да шыңырау, адам жанының қалтарыс-бұлтарыстарына тұңғиық тереңінен барған,
оқырманға өмірдің қатал шындығын тағы да зерделеткен аса бір ойлы шығарма
болғаны есімізде. Қаламгер бұл повесінде сирек кездесетін ауыр кәсіптің
адамдары – құдықшылар әулетінің тағдыр-талайын алға тартады... оларды жер
бетіндегі тірліктің қым-қуыты мен қызығынан алшақтатып, сонау зымыстанның
түбіне түсіретін, әрине, жоқшылық!.. Бұл ауылдан шыққан дәріжан құдықшының
да өмірі осы тірлікпен өтіп еді... ендігі кезек – оның бұлалау болып өскен
немере інісі еңсепке келіпті!.. Жазушының өз сөзімен айтқанда: еңсептің де
жастық дәурені – алыс жолда ай батқанша жүріп-жүріп кеп, тек таң алдында
ғана бел шешпей сұлай кетіп, көз шырымын алған суыт жүргіншінің таң
ұйқысындай тым тәтті, тым қысқа болды (І-том, 370-бет.).
Осы шығарманы оқып шыққаныңда – жүрегіңді өмір бойына тер төгіп,
алайда, соның жемісін көруді тағдыры маңдайына жазбаған сорлы құдықшыға
деген ащы аяныш сезімі кернеп, өзіңнен-өзің пұшайман болатының бар. Өмір
шындығының көркем шындыққа қапысыз айналғаны, қаламгердің оқырман жүрегін
қапысыз жаулап алғаны дейтініміз – осы болатын шығар.
Жазушының жиырма бестен жаңа ғана асқан қызыл-жасыл шағында
оқырман талқысына ұсынған Күй повесінде сонау бір бұлағайлы замандарда
бір мекенге сыймай, біраз жылдары қанды қақтығыспен өткен қазақ, түрікмен
жұрттарының ауыл да талайлы тағдыры көз алдыңнан сурет болып өтіп,
көкірегіңе қорғасын салмағымен құйылып қалмаушы ма еді? Шығармада қанға –
қан!.. үрдісін ұстанып, өшпес кек қуғанды мұрат көретін жанның бірі –
түрікмен ауылының көсемі Жөнейіт батыр-ды... Қазақ қолының шабуылы үстінде он
екіде бір гүлі ашылмаған түрікмен қыздарының масқаралануы, оның қарымы
ретінде бір топ қазақ бозбаласының, адам көрмеген қатыгездікпен мәңгүртке
айналдырылған сорлы тағдыры, адай батыры Дүйімғараның қолымен тірілей көрге
көміліп, оқыс қаза құшқан кеудемсоқ батыр Көкбөрі, ақыр соңында, табиғат,
қару ұстаудан гөрі, өнер қууға арнап жаратқан өз ұлы Дәулеттің адайлармен
болған кезекті бір шайқастағы өкінішті өлімі – соның бәрі есті батыр
Жөнейітті ойлантпаған емес, толғантпаған емес, бірақ ол оқиғаларға түбірлеп
мән беріп, райынан қайтуға өзімшіл көкірегі ырыз бермеген.
Екі жұрттың арасындағы егесті күндердің бірінде түрікмендер ұрыс-
соғыста еш шаруасы жоқ, далада аң қағып жүрген пәнейі жан – адай күйшісін
қолға түсіретін еді ғой... Повестің тұтқын күйшінің түрікмендердің ортасында
толғанысты бір күй тартатын, күй әсерінен үй толы адам біткеннің қатты
қобалжығаннан – жанарларына жас үйіріп, торға түскен торғайдай болып,
көздерімен жер шұқып қалатын естен кетпес бір сәті бар-ау!.. Аяушылық жоқ
жерде – адалшылық та жоқ... Өзің бөтен елге жасанып барсаң – жараланып
қайтқаныңа ызаланба!.. Ол үшін көктегі Құдайды да, жердегі жауыңды да
қарғама, өзіңді – өзің қорға!.. Жат жерде көргеніңе бола – өршеленбе,
қайта, тәубеңе кел! – дейтін еді ғой күйші тартқан домбыра!..
(Ә.Кекілбаев. Екі томдық Таңдамалы шығармалар. Алматы. Жазушы баспасы.
1989 жыл. І-том, 247-бет).
Алайда, Жөнейіт батыр, осыны ұға тұра – бетінен қайтпайды!.. Күйшіні
айдаладағы айдау жолдың бойына апартып, жер бетінде кесер басын ғана
қалдырып, тірідей көмдіреді!.. Бір ғажабы, ол – әлгі күйшіден бәрібір
құтыла алмайды!.. Жазықсыз жан аяуында – ойынан, ұйықтаса – түсінен
шықпайды!.. Ақырында, жебір ой мүжіген, санамен сарғайып, жүйкесі тозған
Жөнейіт жанымен жағаласып жатып, көз жұмады!.. Ноқталы пенде, тірлігіңде
тебіспе. Өлім екпе, өмір ек. Жарық жалғанның мән-мағынасы сонда. Повестің
соңғы бетін жапқанда – жазушы-пәлсапашы бізге осыны ұқтыратын еді ғой!..
Классик-қаламгер Ханша – дария хикаясы повесі мен Аңыздың ақыры
романында Күйшіде айтқан өзекті ойларын одан әрі дамытып, кеңейте,
тереңдете түседі. Бұл екі шығарманың екеуінің де бас кейіпкерлері –
қаһарынан қан шашыраған билеушілер. Біреуі – атақ-даңқы мен айбары жер-
жаһанды тітіренткен әйгілі Шыңғыс хан да, екіншісі – соған жетеғабыл Әмір-
Темір. Екеуінің де түпкі мақсаты біреу: ол – ақ найзаның ұшымен, қара
қылыштың сұсымен, қаптаған қалың қолдың күшімен жер бетіндегі екі аяқты
біткенді табанға салып, жекедара билік құру!.. Олар, белгілі бір дәрежеде,
сол мақсаттарына жетеді де!.. Алайда, асқанға – тосқан бар екен!.. Дүние-
жалғанның оларға да әзірлеп қойған, олардан да зор, олардан да қатал
әзірейілі бар екен. Повестің соңында Шыңғыс ханның таңғұт ханшасы
Гүрбелжін сұлудың қолынан мерт болуы – соның дәлелі!.. Ал, романның
ақырында өзі екі көзін бірдей ойдырып тастаған шебер жігіт Жаппардың елес-
суреті албастыдай басып, ажал құрсауында жатқан Әмір-Темірді көретініміз –
соның айғағы!..
Жойқын күштің құлы мен күңі болуға – кеудедегі қу жаның қамынан басқа
ештеңені ойлауға қауқарсыз құр сүлде пенделер ғана бейіл!.. Ал, жаным –
арымның садағасы!.. деуге ерік күші әкететін ерлер, аяулы махаббат пен
қасиетті өнер жолында ажалға да тура баратын өр рухты қайсар жандар әлгі
бейшаралардың тобына қосылмақ емес!.. Олардың тәнін жоқ қылу мүмкін!..
Оларды топыраққа айналдыруы мүмкін!.. Алайда, олардың өршіл рухын өлтіру,
олардың кейінгі ұрпаққа деп сеуіп кеткен үлгі-дәнін жер бетінен, адамдардың
жүрегінен аластау еш мүмкін емес!.. Егер, сондай ұстындар болмаса, солар
қалдырған өршіл рух болмаса – дүние шіркін әлдеғашан тепе-теңдігінен
айырылып, әлгіндей қанішер билеушілердің табанында тапталып, ойран-ботқасы
шығып, қу медиен құла далаға айналар еді!..
Ә.Кекілбаев 1971 жылы Шыңырау повесін жариялады. Мұның, атына сай,
заты да шыңырау, адам жанының қалтарыс-бұлтарыстарына тұңғиық тереңінен
барған, оқырманға өмірдің қатал шындығын тағы да зерделеткен аса бір ойлы
шығарма болғаны есімізде. Қаламгер бұл повесінде сирек кездесетін ауыр
кәсіптің адамдары – құдықшылар әулетінің тағдыр-талайын алға тартады...
Оларды жер бетіндегі тірліктің қым-қуыты мен қызығынан алшақтатып, сонау
зымыстанның түбіне түсіретін, әрине, жоқшылық!.. Бұл ауылдан шыққан Дәріжан
құдықшының да өмірі осы тірлікпен өтіп еді... Ендігі кезек – оның бұлалау
болып өскен немере інісі Еңсепке келіпті!.. Жазушының өз сөзімен айтқанда:
Еңсептің де жастық дәурені – алыс жолда ай батқанша жүріп-жүріп кеп, тек
таң алдында ғана бел шешпей сұлай кетіп, көз шырымын алған суыт жүргіншінің
таң ұйқысындай тым тәтті, тым қысқа болды(370-бет).

одан да тынымсыз ауыр ойлары серік. Адам, асылы, өмір деген көтерем

керек. (370). Шыңыраудың табанында тұрып: Су көзіне жетем! – деп жер
түбіне ұмтылған құдықшының осылайша ой түбін ұңғитын да сәттері көп!..
Адам шіркіннің кеудесі, сыртынан қарасаң, құшағыңа сыйып кетер дөңбек
қаралы ғана шағын дүние... Ал, сол шағын әлемнің ішіне, тар қапасына ой
жүгіртіп қараңызшы!.. Ондағы айқұшақ қауып, тар мекенде тоғысып та соғысып
жатқан жан-санат сезімдердің шеті мен шегіне ой-санаңыз жетіп болар ма?!.
Соның бәрі – Еңсеп қазған шыңыраудан да қатерлі қызғаныш сезімі!.. Жер
бетінде осы қызғаныштың қыл тұзағына шырмалмауға қауқары жететін пенде

пенденің бірі – Еңсеп құдықшы да құтылып кете алмаған!..

түскен Еңсептің атақ-абыройы көп ұзамай-ақ жалпақ Маңғыстауға белгілі болып
қалатын еді ғой!.. Сөйтіп жүргенде – Қалпақ деген құдықшы шығып, өнерді
бұдан да асырған!.. Жұрт енді бұрынғыдай Еңсепті төңіректемей – әлгі Қалпақ

құлаш болыпты, түген құлаш болыпты!.. Бұл елдің айтатыны – сол!.. Еңсептің

Сондай бір шыңырау қазсам, әлгі қалпақшыл бола қалған жұрттың аузын
өзіме қарай қисайтсам, Қалпақ құдықшыны сөйтіп бір мұқатсам, сосын мен
қазған шыңырау Еңсеп қазған атанып, атағым дәуірлеп, артымда өшпес атым
қалса!.. Осы бір пенделік пиғыл Еңсеп сорлыны алды-артына қаратпаған!..

шықты дегенде – діттеген жеріне жетіп те тынғандай еді!.. Оған да місе
тұтпай, судың көзін әлі де аша түссем деп, қайланы тағы да сілтеп баққан!..

жадында, тіпті, құдықшы Қалпақтың миығынан күлген суреті көз алдынан соңғы
рет көрініп, жалт бергені де жадында!.. Одан арғысын білмейді!.. Өзі қазған

тентек толқыны Еңсепті жұтқан да тынған!..Сөйтіп, оның артында қапелімде
жұртты шошытқан қанды шыңырау, кейін – дүйім елді қарық қылған, Үстірттегі
ең терең, ең сулы шыңырау қалған!.. Бір өкініштісі сол – оны жұрт,
құдықшының өзі армандағандай, Еңсеп қазған деп емес, Еңсеп өлген атап
кетіп еді!..

деген ащы аяныш сезімі кернеп, өзіңнен-өзің пұшайман болатының бар!.. Өмір

қапысыз жаулап алғаны дейтініміз – осы болатын шығар!..
Ә.Кекілбаев. Екі томдық Таңдамалы шығармалар. Алматы. Жазушы
баспасы. 1989 жыл. І-том, 247-бет.
Таланттардың тағдыры!.. Жүйріктердің тағдыры!.. Бұл дүние – жалғанның
тұңғиығына бойлап, мәңгілік сауалдардың жауабын іздеген не бір марғасқаның
қаламына ілінген тақырып.Әбіш Кекілбаевтың Бәйгіторысы – соның мысалдары.
Бәйгіторының – алдына қара салмас жүйріктікпен аты шыққан-ды... Әсіресе,
Бәйгіторының басына қонған бақты айтпаңыз!.. Сөзді жазушының өзіне
берейікші. Бәйгіторы талай жарыста алдына жан салмай келді. Бәйгі алған
сайын – бұның селдірлеу қарақошқыл жалын бір сипауға құмарлар көбейе берді...
Адамдар неғұрлым сылап-сипаған сайын – бұның да көңілі өсе түсті. Бәйгі
төбеге жиылған жұрттың у-шуы да миына инедей қадалмайтын болды. Қайта, жұрт
шуылдаңқыраған сайын – тақымы қызады. Жарыс жоқта да ол, жылқыдан гөрі,
адамға үйір. Маңына жылқы жолап кетсе – едіреңдеп, аузын ала жүгіреді.
(251). Сөйтсе өмір деген ылғи озудан, адамдардың қошамет-гуілінен тұрмайды
екен!.. Дәуренінде оздырған жалғанның – күндердің күнінде шаң қаптырып
кететін құқайы да бар екен!.. Күні кеше ғана тек мұның маңына жиналатын
көп шуылдақтың жартысы енді Көктеңбілді қоршап алатынды шығарыпты... Сол жылы
күзде тағы шапты. Көктеңбіл қарақшыға қара үзіп келді. Бұл жолы
Бәйгіторының қасында бәйгі бала мен сейістен басқа жан қалмады... Бұрын ду
көргенде – тықыршып тұра алмайтын, ағын судай асып-тасатын көңілі енді жиын
көрсе – жан шыдатпай шамырқанатын мәңгілік шор жара түйіп кетті. (252-
253).
Бұл да күнінде өзіндей талай тұлпардың үмітін үзіп, соңында қалдырып
еді-ау. Базарлы дәурен күндердің күнінде әлгі Көктеңбіл-дің тұсынан да одан
да өткен жаңа бір жүйрік болып ағып өтпек. Өмір – жалған, дүние – жалған,
қысқа күнде қырық құбылып тұратын пенде – жалған деген – осы!.. Сол бір
таусылмайтын көп жалғанның қатал заңы да, Дөңгеленіп келетін де тұратын
дүние-кезек заңы да – осы. Әбіштің Бәйгіторысы – бізге осыны ұқтырған.
Бұл – қаламгердің жүйріктер тағдырынан шығарып, өмірлік пәлсапа айтқаны,
сөйтіп, мәңгілік көп сауалдың біріне және бір жауап бергені.
Жазушының Тас-бақаның шөбі әңгімесі – әрі жақын ағайындас, әрі бала
күндерінен бірге өскен құрбылас Қарабала мен Оңбайдың мінез-құлқын, кісілік
қасиеттерін салыстыра отырып, үлкен ой түйетін ерекше туындысы. Жасынан
алғыр, оқу мен сөзге бірдей жүйрік, өнерлі болып өскен Оңбайдың тағдыр-
талайы бір бөлек те, біртоға, жуас, сабырлы, оқу-тоқу мен сөзге де қырсыз
болған Қарабаланың жолы өз алдына дара... Оңбайдың көрмегені жоқ: ол –
соғысты да көрген, одан шолақ аяқ болып оралғасын – колхозға басқарма болып
та көрген, одан басқа да түрлі қызметтің тізгінін ұстап көрген. Оның
талайлармен ұстасып, иті қырын жүрген жайы тағы бар. Кезінде соғысқа
жарамай, ауылда қалған Қарабаланың балға мен төстің айтысын тыңдап, өмір
бойы ұсталық құрғаннан басқа көрген ештеңесі жоқ. Әйтеуір, ешкімнің бетіне
жел болып келмепті, міндетті жұмысына адал болыпты. Ән екеш, ән дегенде де
бар білетіні – Қызыл азбан. Оны да Оңбай досынан үйренген. Оны да өзі
әлденеге көңілденген сәттерінде ғана оңашада ыңылдап айтатыны болмаса, көп
алдында әу деп ауыз ашып көрмепті... Былай қарағанда, Оңбай – лаулап тұрған
от та, Қарабала сол оттан қалған шала секілді!.. Өмір шіркіннің жай ойға
сыя бермейтін қайшылығын, бірақ бұлтартпас шындығын қараңыз!.. Өзі мүгедек,
оның үстіне, аурулы болғасын – жеке машина сұраған Оңбайдың аудан
басшыларына талай мәрте барып, тауы шағылған жайы бар. Ендігі жерде ондай
жүріске жарайтын денсаулығы жоқ-ты... Сөйткен Оңбайдың, бір кездерде аузымен
құс тістеген асау Оңбайдың бұл тұрғыда оның ширегіне де келмейтін қарапайым
ұста Қарабаладан осы шаруаны тындыруды сұраудан басқа – амалы қалмаған.
Мүгедек құрдасының көңілін қимай, ауданға аттанған Қарабала әлгі шаруаны
бір күнде жайғап, машина берілетін рұқсат-қағазды алады да қайтады. Бұған –
оның өзі де, Оңбай да таң қалады!.. Сөйтсе, кезінде Қарабала ұстаның қол
қайырын әлгі аудандағы басшылар да көрген екен де. Қарапайым ұста, қашан
болсын, алдына келген жанның меселін қайтаруды білмеген, еңбегін міндет
қылуды білмеген екен де. Сонда, бар гәптің осы тұста болып шыққаны ғой.
Тасбақаның шөбі әңгімесінің авторы адам өмірінің мән-мағынасын, оның
өмірден алатын орнын осылай да бір зерделеп, қаламгерлік жолында тағы бір
тың ізденіс танытып, жаңа сөз айтқан.
Өмір – күрес деген қағида әлімсақтан бар. Ол – адамға тән: жақсылық
пен жамандық, адалдық пен арамдық, жомарттық пен сараңдық, кісілік пен
қараулық, кеңдік пен төрешілдік, туралық пен көлгірлік, ашықтық пен
ішмерездік секілді бір-бірімен бітіспес қасиеттердің күресінен, солардың
бірде-бірі, бірде-екіншісі жеңіп, мәңгілік тайталасқа түскен айқасынан
тұратын майданды әлем. Сол майданның соғысы тоқтаған жерде – өмірдің де
мән-мағынасы жоғалмақ!..
Ә.Кекілбаев Есболай атты әңгімесінде осы бір өмірлік майданның
қайтпас қайсар қарт жауынгері, біздің замандасымыз мәрт Есболайдың бейнесін
жасайды... Дөңгеленген шымыр әңгіменің оқиғасы да шағын. Ауыл дүкенінің
ішінде – топырлаған жұрт... Соңғы түскен ділгір тауар – кілем саудасы да
бітуге айналған... Қалып тұрғаны – жалғыз кілем!.. Жақында тұрмыс құрған
қызыма апарам, – деп сол кілемді сұрап, дүкенші Дүйімбайға жалынып тұрған
Бибатпа кемпір!.. Мұның алатын адамы бар!.. – деп шалқайған Дүйімбай!..
Осы оқиғаның үстіне ауылдастарының бірі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz