Шешім қабылдау және жоспарлау үшін өндірістік шығындарды топтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1. Шығындар есебінің мәнін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

2. Шешім қабылдау және жоспарлау үшін өндірістік шығындарды топтау ... .6
2.1. Өндіріс шығындарының жалпы
жіктелімі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...9
2.2. Ұйымдастыру қызметіне байланысты шығындар құрамы мен

жіктелімі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.3. Материалдық босалқылар мен шығындарды
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3. Бақылау және реттеу процестерін жүзеге асыру мақсатымен
шығындарды
қорытындылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 25
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу
мен пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс
тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы
оны қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі.
Өндіріс шығындары - өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру мен
өткізуге жұмсалған қоғамдық еңбек шығындары.
Өндіріс шығындарының басқару есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын
орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен, осы
және болашақ шығынды қолдануды талдаудан тұрады. Шығындар есебін дұрыс
ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.
Шығындар - басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан
қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша
шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн.
7 "Тауарлы-материалдық қорлардың есебі" атты Бухгалтерлік есеп
стандарттарына сәйкес (2003 ж. 28 қантардағы №27 өзгерістермен бірге)
шығындар былайша жіктеледі:
• пайда болу орны бойынша - өндіріс, цехтар, учаскелер, құрылымдық
бөлімшелер бойынша. Мұндай жіктеу жауапкершілік орталықтары бойынша
есепті ұйымдастыру мен өнімнің (жұмыстың, көрсетелгін қызметтің)
өндірістік өзіндік құнын белгілеу үшін қажет;
• шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері (жүмыс, көрсетілетін қызмет)
бойынша -өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажет;
• өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлері бойынша
экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша:
а) экономикалық элементтер бойынша-өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын
көрсетеді. №7 БЕС-ке сәйкес бұған мынадай экономикалық элементтер жатады:
• материалдық шығындар;
• еңбекті өтеуге жұмсалатын шығындар;
• ақша аударулар;
• құралдардың тозуы;
• басқадай шығындар.
ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік құнын
есептеу үшін қолданылады. №7 БЕС бойынша бұларға:
• материалдар;
• еңбекті өтеу;
• ақша аударулар (аударымдар);
қосымша шығыстар

1. Шығындар есебінің мәнін анықтау
Кәсіпорын немесе оның бөлімшелері өндірісінің тиімділігін сипаттайтын
көрсеткіштер жүйесінде басты орынды өнімнің өзіндік кұны алады. Өзіндік құн
құрамы оны құрайтын шығындармен анықталады.
Кәсіпорын шығындарын басқару күрделі процесс. Өзінің мәні жағынан ол
кәсіпорынның бүкіл қызметін басқаруды білдіреді, өйткені болып жатқан
өндіріс процесстерінің барлық жақтарын қамтиды.
Шығындарды есептеу тәжірибесінде кәсіпорын шығындарын тиімді басқаруды
жаңа іс- қимылдарын жасау және пайдалану отандық және шетел әдебиетінде кең
талқылануда. Шығындар есебі мәнінің көпшілік қабылданған анықтамасы-бұл
шығындар есебі кәсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау,
өндіріс және өнім өткізу процесстерін оларды сандық өлшеу, заттай және
құнды көрсеткіштермен, тіркеу, топтастыру және талдау арқылы көрсетуге
бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады.
Мұндай көрсету кәсіпорынды (немесе кәсіпорындар бірлестігін) басқару
мен оның қызметін қаржы нәтижелерін анықтау арқылы бағалауға қажетті
мәлімет алуды қамтамасыз етеді.
Бірак мұндай тәсіл басқару есебінің даму барысында және дамыған
өндірістік есеп теориясында пайдалану бағыттары бойынша шектелген. Біздің
ойымызша өндіріске жұмсалған шығындар есебінің маңызын анықтау, техникалық
жағынан басқа, өндіріске жұмсалған шығындар есебін түрлендіруі немесе
басқару есебінің өндірістік қызметін ұйымдастыруға әртүрлі тәсілдерді
қамтуы тиіс. Осылайша, шығындар есебінің мазмұнын анықтау кәсіпорындарда
оны ұйымдастыруды үлгілеудің шынайы алғы шарттарын жасайды. Басқарудың кері
процесіне сәйкес есеп ақпараттық жүйе ретінде тек қана іс- әрекетті ғана
емес, сондай-ақ болашақта кәсіпорын экономикасын үлгілеу үшін ақпараттар
дайындайды.
Егер өндіріске жұсалған шығындар есебін басқару үлгісінің сәкесінше
бұрынғы, қазіргі және болашақтағык қызметі нәтижелері мен шығындарын
пайдалануды көрсету процесі ретінде қарастырылса, онда есептің мұндай
жүйесі өзіндік құнды басқарудың негізгі міндеттеріне сәкес келеді.
Нақты бір кәсіпорынның өндіріске жұмсалған шығындары есебінің негізгі
міндеттері:
1) кәсіпорын әкімшілігін басқару шешімдерін қабылдау ушін ақпаратты
қамтамасыз ету;
2) болашақтағы экономикалық стратегияны қалыптастыру мен ауыртпашылықтарды
табу мақсатында нақты шығын деңгейін нормативті және жоспарлы шығындармен
салыстыра отырып бақылау;
3) дайын өнімді бағалау және қаржылық нәтижелерді есептеу үшін шығарылатын
өнімнің өзіндік құнын есептеу;
4) құрылымдық бөлімшелердің өндірістік қызметінің экономикалық нәтижелерін
анықтау және бағалау;
5) ұзақ мерзімді сипатқа ие, өндірістік және технологиялық
бағдарламалардың өзін ақтауы, өнім түрлерінің пайдалылығы, негізгі қорлар
мен өндірістік қосалқыларға салынған күрделі салымдардың тиімділігі
шешімдер қабылдау үшін өндірістік қызметті басқару есебінің ақпараттарын
жүйелендіру.
Өндіріс шығындары есебінің маңызды сипаттамасын қорытынды-лай келе,
тағы да оның негізгі бағытын айта кетеміз, ол өндірістік қызметті бақылау
және оны жүзеге асыру үшін шығындарды басқару.
Өндірісті басқаруға шыққан шығыстар (кезең шығыстары) еңбекақыны және
өндірістік-диспетчерлік ақпараттың және завод басқармасының әкімшілік-
басқару аппаратының еңбегін өтеу қорынан әлеуметтік салық аударымдарын,
өндірісті дайындау мен ұйымдастыру амортизация, өндірістік қажеттілік пен
өзі өндіретін жартылай өнімдерді сақтау үшін қолданылатын мүлікті,
ғимаратты, үйді ұстау мен жөндеу шығындарын; жақсы жұмыс жағдайларын
қамтамасыз етуге, кәсіби бағдарға және кадр дайындауға жұмсалған шығындар;
мүліктің тозуы мен өндірістік бөлімшелерді басқаруға кететін басқа да
шығыстар біріктіріледі. Бұл шығыстар кәсіпорын аумағында пайда болады.
Өндіріске жұмсалатын біртекті шығындар бірэлементті деп аталады. Бұл
белгі бойынша өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің), өзіндік құнын
құрайтын шығындар мынадай элементтер бойынша топтастырылды: материалдық
шығындар; еңбекті өтеу шығындары; аударымдар (әлеуметтік салық), қосымша
(өндірістік) шығыстар;

2. . Шешім қабылдау және жоспарлау үшін өндірістік шығындарды топтау
Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындар туралы тиісті ақпаратгар
болуы қажет. Шешім қабылдау процесі ақпарат талаптарын құрылымдайды және
басқару есебі әменттері әдістерін пайдалану тәртібін белгілейді: шығындарды
топтау және жиынтықтау; болжамдау; үлгілеу, енгізу және талдау
Шығынды жіктеуді талдаудың маңызды кезеңі оларды ауыспалы жәе тұрақты
деп топтау. Шығынның тұақтысы болып саналатыны, оның абсолюттік шамасы
өнімді шығару көлемінің өзгеруіне байланысты емес (үй-жайды күтіп ұстау
шығындары, амортизация, басқару қызметкерлерінің жалақысы т.б.). Өнім
бірлігінің тұрақты шығындары өнім көлемі көбейгенде (кемігенде) тиісінше
кемиді (көбейеді). Олар өндіріс көлемінің ауытқуына байланысты шығын
динамикасымен сипатталады, мұны алдағы кезеңде смета жасау үшін
пайдаланады.
Шығын мөлшері өндіріс қызметі деңгейіне (көлеміне) тікелей байланысты
болатыны ауыспалыға жатады (шикізатқа жән негізгі материалдарға,
технологиялық мақсат үшін энергияға, өндіріс жұысшыларының негізгі жалақы
шығындары т.б.)
Жоспарлау және шешім қабылдау үшін нақты шығынды топтау;
Болжау (балама нұсқауларды іріктеу);
Үлгілеу (балама нұсқаулар бойынша шығындарды салыстыру);
Өзге де ақпараттар: өндіріс, техника, технология, ұйым туралы;
Енгізу (таңдаған үлгілердің біреуін пайдалану);
Талдау (енгізу нәтижелерін бағалау);
Есеп жүргізуде шығындарды ауыспалыға және тұрақтыға нақтылап бөлу іс
жүзінде мүмкін емес, өйткені олардың кейбіреуі жартылай тұрақты және
жартылай ауыспалы болып келеді, мәселен, тиісінше жабдықтарды күтіп ұстау
және пайдалану шығындары т.б. Мұндай жағдайда оларды шартты тұрақты және
шартты ауыспалы деп атайды.
Жиынтық тұрақты шығын, теңге өнім бірлігіне тұрақты шығын, теңге.
Өндіріс кызметінің көлемі, теңге.
Есеп және калькуляциялау, талдау және болжау жүйелерін таңдаған кезде
шығындарды тұрақтыға және ауыспалыға бөлу маңызды. Қарастырып отырған
бөлулер өндіріс көлемінің шектеулі нүктесін есептегенде, тиімділікті,
бәсекеге қабілеттілікті, өнім ассортиментін талдағанда және түптеп келгенде
кәсіпорынныңэкономикалықсаясатын таңдағанда негізге алынады..
Алайда, іс жүзінде жиынтық тұрақты шығындар сатылап өзгереді. Олар
инфляция эсерінен өзгеруі мүмкін бағаның өзгеруі, негізгі қорларды бағалау
т.б. Сонда жиынтық тұрақты шығындар түрінде болуы мүмкін.
Өндіріс қызметінің көлемі, теңге инфляция әсерінен тұрақты
шығындардың өзгеруі.
Шығын жіктелімінің негізгі принциптері, ол туралы деректер шешім
қабылдау үшін пайдаланылады, икемділік принципі болып саналады. Онда шығын
шамасы аралығындағы тәуелділік және өндіріс қуатын пайдалану дәрежесі;
кәсіпорынның атқарымы мен құрылымы; шығарылатын өнімдердің ассортименті
және оның құрылымы секілді факторлар; кәсіпорын шығынына тұтастай әсер
ететін басқа да факторлар анықталады. Талдаудағы икемділік принципін
қолданудың біршаматолық әдістемесі осы тарауда әрі қарай қарастырылады.
Алдағы кезеңдегі шығын мен табыс, олардың қатыстылығы тұрғысынан
белгілі бір проблеманы шешкен кезде қарастырылады.
Есепке алынатын шығын мен табыс - бұл шешім қабылдауға байланысты болатын
шығын мен табыс. Сол арқылы қабылданатын шығын мен табыс есебі қабылданатын
шешімге тәуелді емес.
Егер нақты тапсырыс беруші болмаса, ал кәсіпорын өнімді қоймаға
шығарса, қарастырылып отырған топтастырылған шығын ерекше маңызға ие
болады.
Шешім қабылдауға жеткілікті толық ақпарат алу үшін шығындар: инкременттік,
қайтарымсыз, жүктелген және марғиналды болып бөлінеді.
Қайтарылмайтын шығындар (өткен кезең шығындары) - бұрын қабылданған
шешім нәтижесінде пайда болған, өткен кезеңнің шығындары және оларды
болашақта жаңа басқару шешімдерімен өзгерту мүмкін емес. Шешім қабылдаған
кезде қайтарылмайтын шығыстар мен есепке алынбайтын шығыстар түсінігін
айыра білу керек.
Жүктелген, мойынға артылған шығыстар тек басқару есебінде ғана болады.
Қаржылық есеп бухгалтері қайсы бір шығындарды "елестете" алмайды, өйткені
ол құжаттық негізделу принципін қатаң сақтайды.
Жүктелген (оларды басқаша болжанған, баламалы деп те атайды) шығындар -
бұлар шешім қабылдағанда алдын ала қарастыру қажетті шығыстар, бірақ
олардың болашақта болмауы да мүмкін. Мойынға жүктелген шығындар жайлы сөз
ресурстар шектелген жағдайда ғана болады, егер ресурстар шектелмесе, онда
есептелінетін шығындар нөлге тең.
Жүктелген шығындар тандау жолы іс-қимылдың баламалы бағамының бірі
екіншісінен бас тартуды талап еткенде, жоғалған немесе құрбан етуге тура
келген мүмкіндікті сипаттайды.
Сондай-ақ пайданы бағалағанда немесе өзіндік құнды қалыптастырғанда
есепке алынатын және алынбайтын шығындарды ажыратады.
Әртүрлі қызметте, процесінде әрбір кәсіпорын кіріс түрінде түсетін қолма-
қол ақша өсімін алу үшін өткізу көлемін ұлғайтуға тырысады. Болашақта
ақшалай қолда бар түсімнің ең көп шамасын қамтамасыз ету мақсатымен
кәсіпорынның басқару құрамы кірістер мен шығыстардың белгілі бір тәртібін
қолдануы тиіс. Қысқа мерзімді шешімдер үшін шамасы қабылданатын шешімге
байланысты шығыстар мен кірістер туралы мәліметтер маңызды болады,
сондықтан олар шамасы қаралатын, баламаға (альтернативаға) байланысты,
қолма-қол ақшаның өсу болашағы туралы анық түсінік береді. Қолма-қол
ақшаның өсу қозғалысын айқындайтын шығыстармен кірістер орынды (реневантты)
(есепке алынатын) деп аталады. Бір баламаны екіншісінен айыратын шығындар
көбіне басқару есебінде орынды (реневантты) деп аталады. Шамасы
қабылданатын шешімдерден байланысты емес шығындар иррелевантты (орынсыз).

2.1. Өндіріс шығындарының жалпы жіктелімі

Өндіріс шығындарының экономикалық негізделген жіктелімі өндірістік кызмет
eceбiн ұйымдастырудьң негізі болып табылады.
Өнеркәсіпте өнімінің өзіндік кұнын жоспарлау мен есепке алудың
нормативтік кұжаттары, сондай-ак каржылык есеп бойынша окулықтарда өндipic
шығындарын келесі топтастыру белгленген:
* кұрамы бойынша - бip элементтік және жиынтык;
* түрлері бойынша - шығын элементтері мен калькуляция баптары;
* максаты бойынша - негізгі және үстеме;
көлеміне катысы бойынша - тұракты және өзгермелі;
жекелеген өнімдерді өзіндік кұнға жаткызу әдісі бойынша тікелей
және жанама;
* шығындар сипаты бойынша - өндірістік және өндірістік емес;
жоспармен камту дәрежесі бойынша - жоспарланатын және
жоспарланбайтын.
Осылайша топтастырылган өндіріс шығыстары, калькуляциялаудың
накты функциясын сипаттайды, бipaқ шығындарының баскарушылык есебінің
міндеттеріне сай келмейді.
Экономикасы дамыған елдерде өндірістік есеп және оны ұйымдастыру
практикасында, максаттың ұстанымына, шығындарды есепке алу бағытына
байланысты әртүрлі нұскасы карастырылады. Шығындарды есепке алу бағытында
өндірістік шығындарды окшауланған нысаналы есепке алу кажетті кызмет саласы
түсіндіріледі. Ішкі акпараттың тұтынушылары белгіленген мәселе бойынша
кажетті акпаратты камтамасыз етуге кажетті есептің бағытын аныктайды.
Экономикасы дамыған елдерде өндірістік есеп және оны ұйымдастыру
практикасында, максаттың ұстанымына, шығындарды есепке алу бағытына
байланысты әртүрлі нұскасы карастырылады. Шығындарды есепке алу бағытында
өндірістік шығындарды окшауланған нысаналы есепке алу кажетті кызмет саласы
түсіндіріледі. Ішкі акпараттың тұтынушылары белгіленген мәселе бойынша
кажетті акпаратты камтамасыз етуге кажетті есептің бағытын аныктайды.
Содан соң жиынтық шығындар есептің бағыттары бойынша жіктеледі:
1. дайындалған өнімнін, өзіндік кұны мен алынған пайданы анықтау.
2. басқарушылық шешімді қабылдау үшін.
3. бакылау мен реттеу процесін жүзеге асыру үшін.
Көрсетілген үш бағыттың әркайсысы, кез келгенде, одан әpi
нактылауды, яғни жіктеуді кажет етеді.
Карастырылған жіктеуге сәйкес есеп жүргізу шығындарының отандық есебі деп
жаңа кұбылыс. Нарык катынастары есептің жоспарлаудағы; мөлшерлеулеп,
талдаудағы, болжаудағы және жалпы өндірісті баск.ару жүйесіндегі ролін
күшейтеді.
Айта кететін жағдай, баптар бойынша шығындардың жиынтығы Негізгі
өндіріс шотында көрсетеді. Дегенмен бұл мағлұматтар бойынша кәсіпорын
өнімнін, (жұмыстар мен к;ызметтердің) әр түрлерінің кайтарымы туралы және
кабылдаған шешімдердің шығындар мен пайдаға әcepi туралы корытынды жасай
алмайды. Бұл проблеманың шешімі көбінесе шығындарды топтастырудың
кабылданған түрлерімен анықталады.Баскару максаттарын канағаттандыратын
шығындар жіктемесін өндіріс кызметінің баскарушылык, есебін ұйымдастырудың
негізгі принципі, өндірістік шығындар туралы мәліметтерді өңдеу мен талдау
әдісі болып табылады.
Өнім бірлігіне шаққандағы тұрақты шығындар өндіріс көлемінің ұлғаюына
қарай төмендейді.
Ағымдағылар - жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал
шығыстары).
Біржолғылар (бір мәрте) - еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т.б. төлеуге
арналғандар. Олар сметаны бекіткен ретпен тәртіппен және мерзімде бірен-
сарандап өнімнің өзіндік құнына кіреді.
Өндірістік - тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік
өзіндік құнына (тауарлық өнім - өз материалынан да, тапсырушының
материалынан да жасалып шығарылатын, техникалық бақылау қабылдаған және
қоймаға тапсырылған дайын бұйымның құны; басқа жаққа босатылған, өзі
өндірген жартылай өнімнің сондай-ақ субъектінің негізгі құрал-жабдықтары
толықтыруға жіберілген өнімнің өзіндік құны) құрайтын барлық шығындар.
Әкімшілік - жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы
шығыстарға байланысты.
Коммерциялық (өткізу бойынша шығындар) сатып алушыларға өнімді өткізуге
байланысты.
Өнімді (жоспарланатын) - тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға
белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар.
Өндіргіш емес (жоспарланбайтын) - өндіріс технологиясы мен
ұйымдастырудағы кемшіліктер салдары іркіліс шығындары болып табылады.
Реттелетін - егер атқарушы шығындар деңгейіне елеулі әсер етіп немесе
реттей алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды - цех
тексерушісі реттейді).
Реттелмейтіндер - деңгейіне еңбеккер (дайындау учаскесінің мастері
конструкторлық бөлім қызметкерінің еңбегін өтеу бойынша шығынға әсер ете
алмайды) елеулі ықпал ете алмайтын шығындар.
Жалпы - өндірілетін өнімнің барлық көлеміне.
Орташалар - өнімнің бір бірлігіне шаққандағы.
Өнімге - өнімнің өзіндік құнына (тікелей шығындар) кететін.
Мезгілге - мезгіл шығыстары: жалпы және әкімшілік шығыстар, тауарды
өткізу бойынша шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар (жанама шығындар).
Басқару есебінде шығындарды жіктеу сан түрлі және қандай басқару
міндетін шешу қажеттігіне байланысты. Басқару есебінің негізгі міндеттеріне
мыналар жатады:
• өндірілген өнімнің өзіндік құнын есептеу, қорлар мен алынған пайданың
құнын бағалау;
• басқару шешімін қабылдау мен жоспарлау;
• жауапкершілік орталығының өндірістік қызметін бақылау мен реттеу.
Аталған міндеттерді шешуге осы тараудың келесі бөлімдерінде толық
қарастырылған шығындарды жіктеу сәйкес келеді.
Кез келген шығындарды жіктеу-басшыға дұрыс, тиімді негізделген
шешімдерді қабылдауға көмектесу: кез келген деңгейдегі басшы мұның қандай
шығын мен пайда әкелетінін білуге міндетті. Сондықтан шығындарды жіктеу
процесінің мәні де басшы ықпал ете алатын шығындар бөлігін бөліп көрсетуде.
Өзіндік құнды және алынған пайданы анықтау үшін шығындар былайша
жіктеледі:
кіретін және өтіп кеткен ;
тікелей және жанама;
негізгілер мен қосымшалар;
өнімнің өзіндік құнына кіретін және өндірістен тыс (кезең шығыстары);
бірэлементті және кешенді.
Кіретін шығындар - алынған және бар ресурстар, күткендегідей, болашақта
табыс әкелуге тиіс. Олар баланста өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс,
дайын өнім, тауар түрінде актив ретінде көрсетіледі.
Өтіп кеткен шығындар - осы шақта кіріс алу үшін жұмсалған және болашақта
кіріс әкелу мүмкіндігін жоғалтқан ресурстар. Оларға өткізілген өнім
өндірісіне шыққан шығын құрамында көрсетілді, яғни кірген шығындар өткен
шығындарға айналды. Шығындарды кіретін және өтіп кеткен деп дұрыс бөлу
өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін, пайдамен шығынды (зиянды)
есептегенде, кәсіпорын активтерін бағалағанда маңызды мәнге ие болады.
Өнімнің өзіндік құнына кірген шығындардың түрлері №7 Тауарлық-
материалдық қорлар есебі атты Бухгалтерлік есеп стандарттары және оған
Өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнына кіретін
шығындардың құрамы мен жіктелуі атты әдістемелік ұсыныстармен белгіленеді,
бұлар материалдық шығындар, еңбекті өтеуге шыққан шығыстар, әлеуметтік
салық аударымдары, қосымша шығыстар.
Әкімшілік шығындарды қандай аспектіде жіктеу, шығын пайда болған жерлерді
қаншалықты жан-жақты және оларды жауапкершілік орталықтарымен ұштастыру
керектігін өзі шешеді.
Көтерушілер бойынша есеп. Технология мен өнім сипатына байланысты
бұйымдар мен жартылай өнімдер, біртекті бұйым топтары, бір аттас немесе
жеке жасап шығаратын бұйым (тап-сырыс) сериялары, құрылыс объектілері,
құрылыстың біткен кезеңдері, жұмыс пен көрсетілген қызмет түрлері яғни
өткізуге арналған өнім (жұмыс, көрсетілген қызмет) түрлері шығынды
көтерушілер (носители) болады.
Егер кәсіпорында біртекті өнім бірдей негіздегі шикізат пен материалдан
жасалса және мөлшерімен, жаңғыртып жетілдіруімен (модификациясымен)
айрықшаланса, онда кәсіпорынның шығынды көтерушілер сайын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешім қабылдау және жоспарлау үшін өндірістік шығындарды топтастыру
Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калкуляциялау әдістері
Директ костинг
Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калкуляциялау
Экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындар балама шығындар
Директ-костинг есеп жүйесінің басқару есебіндегі мәні мен маңызы
Директ-костинг әдісі туралы
Шығындар есебінің мәні мен жіктеудуің табиғаты
Зиянсындық нүктесі
Пәндер