Шетелдік валютамен жүргізілетін операциялардың салдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 2

1 № 21 халықаралық қаржы есептілігінің стандарты.
1. №21 халықаралық қаржы есептілігі стандартының мақсаты қолданылу
саласы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Оң және теріс бағам айырымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
3. Хеджерлеу, оның типтері, есептегі көрінісі ... ... ... ... ... ... 11

2 Шетелдік валютамен жүргізілетін операциялардың салдары

1. Бастапқы мойындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
2. Бағам айырмашылықтарын
мойындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3. Қолданыстағы валютаны ауыстыру мен ұсыну валютасын
пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 22
4. Шетелдік қызмет туралы қаржы есептілігін қайта есептеу ... .. 25
5. Кез-келген бағам айырмашылықтарының салықтық салдары... 27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...33

1

2 Кіріспе

Валюта бағамдары өзгерістерінің әсері - компанияның шетелдік
валюталармен жасалған операциялардың есебі мен шетелдік өндірісінің
қаржылық іс әрекетін ұйымдастыру үшін қоданылады. Ол 21 халықаралық қаржы
есептілігінің стандарты негізінде компания валюта бағамдары өзгерістерінің
салдары бойынша қаржылық есеп беруді дайындауда қолданылады. Есеп беру
компания мекен еткен елдің валютасында құрылатын болғандықтан валютамен
жасалған операциялардың компанияның есеп беруіне ортақ валютамен енгізілуі
керек.
21 халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес шетел
валюталармен іске асатын операциялар дегеніміз - шетел валютасы түрінде
көрініс табатын операциялар, соның ішінде:
- тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу;
- несиелер мен заемдарды алу және ұсыну;
- активтерді сату және сатып алу;
- міндеттердің пайда болуы және өтелуі;
Бұл операциялар есеп беру құрылған валютада көрініс табады. Операция
жасалған күнгі бағам қолданылады. Осының барлығы курстық жұмыстың
өзектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсатына мыналар жатады:
1. Шетелдік валютамен операцияларды және шетелдік қызметті ұйымның қаржы
есептілігінде көрсету, сондай-ақ қаржы есептілігінің көрсеткіштерін ұсыну
валютасына қайта есептеу тәртібін орнату.
2. Негізгі мәселелер қандай айырбас бағамын (бағамдарын) белгілеу және
айырбас бағамдарындағы өзгерістердің салдарын қаржы есептілігінде қалайша
көрсету болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:
1. 21 халықаралық қаржы есептілігінің стандартында талап етілетін
тәсілдеменің мазмұнын талдау;
2. Шетелдік валютамен операцияларды қолданыстағы валютамен көрсетудегі
негізгі міндеттері;
3. Қолданыстағы валютаны ауыстыру;
4. Қолданыстағы валютадан өзгеше ұсыну валютасын пайдалану;
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі негізгі бөлімнен,оның
ішінде әр бөлім бөлімшелермен сипатталады.Сонымен қатар, қорытындыдан
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 № 21 халықаралық қаржы есептілігінің стандарты.
1.1 №21 халықаралық қаржы есептілігі стандартының негізгі мақсаты қолданылу
саласы.
Бұл нұсқа 2005жылғы 15 желтоқсанда шығарылған Валюталық бағам
өзгерісінің әсері IAS 21 – Шетелдік бөлімшеге таза инвестицияларға
Түзетулерден туындайтын түзетулерді қамтиді.
№21 халықаралық қаржы есептілігі стандартының негізгі мақсаты:
1. Ұйым шетелдік валютамен байланысты қызметті екі әдіспен жүргізе алады.
Ол не операцияларды шетелдік валютамен жүргізе, не шетелдік қызметті жүзеге
асыра алады. Сонымен бірге өзінің қаржы есептілігінде ұйым деректерді
шетелдік валютамен көрсете алады. Осы Стандарттың мақсаты - шетелдік
валютамен операцияларды және шетелдік қызметті ұйымның қаржы есептілігінде
көрсету, сондай-ақ қаржы есептілігінің көрсеткіштерін ұсыну валютасына
қайта есептеу тәртібін орнату.
2. Негізгі мәселелер қандай айырбас бағамын (бағамдарын) белгілеу және
айырбас бағамдарындағы өзгерістердің салдарын қаржы есептілігінде қалайша
көрсету болып табылады.

1 Қолданылу саласы осы стандарт:

а) шетелдік валюталармен операцияларды және қалдықтарды, 39 IAS Қаржы
құралдары – мойындау және бағалау Халықаралық стандартын қолдану аясындағы
туынды операциялар мен қалдықтардан басқаларын есепке алу кезінде;
b) шетелдік қызметтің шоғырландыру, тепе-тең шоғырландыру немесе үлесті
қатысуды есепке алу әдістерімен ұйымның қаржы есептілігіне енгізілген
нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін қайта есептеу кезінде;
с) ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта
есептеу кезінде қолданылуға тиіс
39 IAS көптеген валюталық туынды құралдарға қолданылады, сондықтан ондай
құралдар осы Стандарт қолданылатын саладан шығарып тасталады. Екінші
жағынан, 39 IAS-стандарты қолданылатын саладан тыс валюталық туынды
құралдар (мысалы, басқа контракттарға кіргізілген кейбір валюталық туынды
құралдар) осы Стандарт әсерінің аясында болады. Сонымен қатар, осы Стандарт
туынды құралдарға жататын сомаларды ұйым өзінің қолданыстағы валютасынан
өзінің ұсыну валютасына қайта есептейтін кезде қолданылады.
Осы Стандарт баптарды шетелдік валютамен хеджирлеуді, соның ішінде
шетелдік қызметке таза инвестицияларды хеджирлеуді есепке алуға
қолданылмайды. 39 IAS хеджирлеуді есепке алуға қолданылады.
Осы стандарт ұйым қаржы есептілігін шетелдік валютамен берген кезде
қолданылады және қаржы есептілігі түпкілікті түрінде Халықаралық қаржы
есетілігінің стандарттарына сәйкес келуін көздейтін талаптар белгілейді.
Қаржы ақпаратын шетелдік ваютаға, осы талаптарға сай келмейтін қайта
есептеулерге қатысты осы Стандартта қандай ақпарат ашылуға тиіс екені
көрсетілген.
Шетелдік валютамен жасалатын операциялардың негізгі мазмұны мен түсінігі
Шетел валютамен болатын операциялар – бұл шетел валютасымен жасалуды
талап ететін операциялар. Кәсіпорында пайда болатын операциялар:
- шетел валютасымен бағаланатын тауарды немесе қызметті алады, сатады,
- төленетін не алынатын сомалар шетел валютасында есептелген заем
алынады не ұсынылады;
- алмасу бойынша іске асырылған контракт торабы болады;
- басқаша тұрды активтерді алады не сатады, өзіне міндеттемелер алады
немесе міндеттемелер бойынша шетел валютасымен есеп айырысады.
Шетел валютасында есептелетін операциялар бухгалтерлік есептегі
жазбалар валюта алмасудың нарықтық бағамен есептелген теңгемен бухгалтерлік
есептің шоттарында көрінуі тиіс.
№21 валюта бағамдарының әсері халықаралық қаржы есептілігінің
стандарты аталған компанияның шетелдік валюталарымен жасалған
операциялардың есебі үшін және шетелдік өндірістің қаржылық есеп берудің
қайта есептеу үшін қолданылады
Шетелдік валютамен жасалатын операциялардың негізгі мазмұны мен түсінігі -
шетелдік валютамен жасалатын операция есебі Қазақстан Республикасы
территориясында операция жасалған кездегі нарық белгілеген бағамды
қолданып, қазақстандық теңгемен есептелуге тиісті ақшалай қаражатқа
байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының
24.12.2001ж. №278-11 “салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер
туралы” кодексті қабылдауға байланысты “ҚР-ның кейбір заң актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңымен, Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодесінің 282 бабымен, Қазақсатан Республикасының 2002ж.24
маусымдағы №2329-П Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы”
заңымен, ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002 маусымдағы “БВБ-да
қолданылатын теңге бағамына қатысты” Хатымен реттеледі.
Осы құжаттарға сай ішкі қарыз сомасын немесе төлемді шетел
валютасының сәйкес баламасымен көрсетуге тыйым салынған, өйткені ұлттық
валюта бағамы тұрақтанды, ал инфляция болжанатын болды және онша көп емес,
сондай-ақ ұлттық валютаны нығайту мақсаты бар .
Сонымен қатар ҚР-ның “Валюталық реттеу туралы” Заңының 7 б.5-
тарауында жалғыз-ақ, егер резидент пен бей резидент мәміленің тораптары
болса операцилар бойынша шетелдік валютамен төлем жүргізуге болады.
Есеп беруді құру кезінде шетел валютасындағы ақша баптарын баланс
керек, сонымен бірге пайда болған бағамдық айырмалар пайда болған
кезеңдерінің табысы немесе шығыстары ретінде танылады. Ақшалай емес баптар
(негізгі құралдар, қорлар) есеп беруде қайта есептеусіз көрініс табады,
яғни операция жасалған күнгі валюта бағамы бойынша, дегенмен 21 халықаралық
қаржы есептілігінің стандартындағы шетелдік қызмет дегеніміз - өз
қызметтерін шетелдерге жүргізетін еншілес, ассоцирленген және біріккен
компаниялар, сонымен қатар олардың филиалдарын шетелдік компанияның
қызметтерін негізгі бөлігін құрайтын шетелдік компанияның 2 түрі бар:
1. Есеп беруші компанияның қызметтерінің негізгі бөлігін құрайтын шетелдік
компанияның қызметтері.
2. Есеп беруші компанияның қызметтерінің негізгі бөлігін құрайтын
интеграцияланған шетелдік компаниялар.
Бірінші типтегі компанияның қаржы есеп беруін қайта есептеген кезде соңғы
бағам әдісі кезінде:
-барлық активтер мен міндеттемелер есептік кезеңдегі бағам бойынша
есептеледі, табыстар мен шығыстар операция жасалған күнгі бағам бойынша
есептеледі;
-пайда болған бағамдық айырмалар капиталға жатқызылады.
Екінші типтегі компанияның қаржы есеп берулерін қайта есептеу кезінде
уақытша бағам әдсі қолданылады. Оған сәйкес:
- ақшалай баптар есеп беру құрылған күнгі бағам бойынша есептеледі;
- ақшалай емес баптар сатып алынған күнгі бағам бойынша;
- табыстар мен шығыстар операциялары күнгі бағам бойынша есептеледі;
- пайда болған шығыстар ретінде ескеріледі.

Осы Стандарт ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте шетелдік валютамен
операциялар немесе шетелдік қызметтен ақша қаражатының ағынын қайта есептеу
нәтижесінде пайда болатын ақша қаражатының ағынын көрсетуге қатысты емес.
1.2 Оң және теріс бағам айырымдары.
Бұл есептегі шетел валютасының бірлігі мөлшерінің басқа да
валютасының бірлігі мөлшерінің басқа да валюта есебіндегі көрініс
нәтижесінде болатын айырма.
Бухгалтерлік есептегі алғаш көрінісінде шетел валютасындағы
операциялар, операция жасалған күнгі бағаммен қайта есептеу жолымен ҚР
теңгесінде есептеледі. Операцияның жасалған күні жеке операцияның түріне
тәуелді және бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес анықталады. Теңгедегі
жазбалармен қатар шетел валютасындағы операциялар. Сонымен бірге оның
номиналы бойынша есептер (төлемдер жабылады) валютасымен көрінуі тиіс. Бұл
үшін түрлі амалдар қолданылады: деректі бөлшек түрінде жазу немесе есеп
беру регистірінің екінші компелекті.
Баланстық есеп беру күні болған валюта алмасудағы бағам айырмасы
өзгеруінің көрінісі:
- ақша баптар, оның ішінде шетел валютасындағы дебеттік және кредиттік
борыштар есепті кезең соңындағы бағамды пайдалынады, теңге есебінде
көрсетіледі.
- ақшасыз баптар оның ішінде жеке капитал, негізгі құралдардан, ТМҚ,
материалдық емес активтер – бастапқы құн бойынша шетел валютасымен
бағаланатындар операция жасалған күн мен осы операция бойынша есеп
беру күні аралығында пайда болады.
Бағамдық айырма - шаруашылық операция жасалған күн мен осы операция
бойынша есеп берудегі бағам айырмасы:
- шетел валютасындағы берілген дебиторлық немесе кредиторлық қарызды толық
ішінара жабуға байланысты операциялар бойынша - егер валюта алмасуды
есепті күнгі нарықтық бағамы, осы есепті кезеңдегі және жүйесіндегі
дебиторлық не кредиторлық қарызының көрсеткен күнгі бағамнан басқа
болса;
- шетел валютасымен берілген ақшалай қаржы қалдығының құнын қайта
есептеуге байланысты операциялар бойынша және осы шоттағы қаржыны
қозғалысына байланысты әрбір операцияның алдындағы пайда болуы;
Басқарушылық есеп пен қаржылық есеп берудегі бағамдық айырма қаржылық
есеп беру түзілген және есеп беру күніне жататын есеп беру мерзімі ішінде
көрінеді.
Бағам айырмасы субьектінің кірісі мен шығысы құрамына кіреді және
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесіндегі субьект қызметінен
түсетін кіріс пен шығыстың басқа түрлерінен бөлек көрінеді.
Бағам айырмасы шетел валютасы арасындағы операцияға байланысты кіріс
пен шағыстың басқа да түрлерінен айыруымыз тиіс бағамның әр түрлі түрін
пайдаланудан туындайтын сомалар айырмасы сияқты. Мысалы шетел валютасын
алып-сату операциясы кезінде болатын сомалық айырма бағамдық болып
есептелмейді. Себебі, бұл ҚР Ұлттық банкі бағамының сол күнгі бағамының 2
түрлі бағасын қолданудан болып отыр, яғни бұл валютаның осы кездегі сатылу
не алыну бағамы.
Оңтайлы салалық айырма, басқа өнімдерден түсетін кіріске жататын, ҚР
Ұлттық банкі бағамымен нақты сауда бағамы айырмасы нәтижесінде шетел
валютасын сатушы субьектіде анықталады.
№9 шетел валютасындағы операциясындағы есебін бухгалтерлік есеп
стандартына сәйкес шетел валютасындағы операциялар болып, субьект мүлікті
шетел валютасына алатын не сататын, шетел валютасында несие алатын не
беретін, шетел валютасына алмасу үшін активті алатын не сататын әрекеттер
саналады.
Валюта операциялары бойынша бухгалтерлік есептегі жазбалар операция
жасалғанкүнгі нарық бағамы бойынша есептелген ҚР валюталық бухгалтерлік
есебіндегі шоттарында көрінуі тиіс.
ҚР-сы валютасына тиісті анау иә мынау шетел валютасының бағамы басқа
ұлттық иә халықаралық валютаның теңгемен көрсетілген бағасын білдіреді. Ол
сұраныс пен ұсыныснегізінде биржада банкаралық нарықта коммерциялық
банктердің валюта алып-сатуында яғни ішкі валюта нарығында қалыптасады.
Коммерциялақ банктерде валюта алу мен сату бағамдары аукциондық және
биржалық бағамдар валюталық аукциондар мен биржаларда алмасу пунктерінде
шетел валютасымен алу мен сату операцияларын жасау үшін арналған.
Бағамдық айырмалар операцияның жасалған күнмен есептеу күні аралығында
болатын нарық бағамының өзгерісі нәтижесінде пайда болады, яғни дебиторлық
не кредиторлық борышты толық иә ішінара жабу кезінде пайда болады. Бағамның
дамуы ойдағыдай болғанда оңтайлабағам айырмасы, ал ойдағыдай болмағанда
теріс бағам айырмасы болады.
Бағам айырмасы:
- импорттық операциялар кезінде Ұлттық валюта кезіндегі контракттік құн
эквивалентінің тауарды кедендік рәсімдеу күні мен оған ақшалай қаржыны
аударған күн арасында жеткізуші мен мердігермен есептескен кезде
қымбаттау иә арзандату жолымен болатын дебиторлық не кредиторлық қарыз
пайда болады.
- экспорттық операциялар бойынша Ұлттыхқ валютадағы контрактідегі құнның
эквиваленті өткізу күні мен ақшалай қаржының түсу күні.
- бартер негізіндегі экспорт-импорт операциялары бойынша ұлттық валютамен
есептелген контракт құнының эквивалентін экспортталатын өнімнің арту
күні мен орнына алатын импорттық өнімді кедендік рәсімдеу күні, ол өзара
есептегендігіне жету үшін артылған тауар бойынша дебиторлық қарыздар
немесе алынған тауар бойынша кредиторлық қарыздар арзандату иә
қымбаттату жолымен болады.
- валюталық қаржылар бойынша қарыздарды болуы кредиттік мекемелерден
алынған бағамдық айырманы анықтау бұл борыштарды толық өтелгенге дейін
жүргізіледі.
- ақшалай қаржы қалдықтары ақшалай құжаттарды қосқан кезде валютасымен.
Бағаланбайтындар:
- теңге бағамының өзгерісіне байланысты валюталық алынған тауарлы
материалдық қорларының қалдықтары мен субьектілерінің басқа
мүмкіндіктері. Бұл құралдар бухгалтерлік есепте есептеліп,
бағалаубасталғанға күнге бағаммен шетел валютасын теңгеге ауытыру арқылы
анықталып сомалар баланста көрсетіледі;
- сонымен бірге кәсіпорын жарғы капиталы қайта бағалауға жатпайды және
салымшылар үлесін ара қатынасы да қарастырылмайды.

3. Хеджерлеу, оның типтері, есептегі көрінісі.
Хеджерлеу – сақтандыру немесе шығыннан қорғау шетел валютасымен болуы
тиіс әрекетті валюталық есептегі сомаларды анықтау мақсатында іске асатын
әрекеттер.
Хеджерлеудің 3 түрі бар:
1. болашақ тапсырыс хеджерлеу
2. накладной бойынша хеджерлеу
3. саудагерлік хеджерлеу
Хеджерлеу есебі қаржылық есеп берудің стандартының №39 “қаржылық
құралдар”: мойындау мен бағалау реттеледі.
Осы құжатқа сәйкес бухгалтерлік есеп үшін хеджерлеу – хеджерлеудің бір
немесе бірнеше құралдарын пайдаланып, оның әділ бағасының өзгеруі әділ баа
өзгерісін толық немесе жартылай болуы мүмкін.
Әділ баға – бұл активті алмасуға міндеттемені жабуға болатын сома. Мұның
операция екі жақтың да қалауымен тәуелсіз тораптар арасында болады.
Хеджерланатын бап – бұл актив міндеттеме немесе алда болатын болашақ
әрекеті. Ол:
- кәсіпорында әділ баға өзгерісі тәсіліне немесе болашақ ақшалай қаржы
ағыны өзгерісі тәуекеліне душар етеді;
- хеджерлеу кезінде есеп жүргізу үшін хеджерлеу құрамы – бұл нақты туыны
құрал боламаса басқа да қаржы активі иә міндеттеме, әділ баға не ақшалай
қаржы ағыны. Оны болашақ белгілі бір хеджерленетін баптың әділ бағасы не
ақшалай қаржы ағынын өзгерісінің орныны толтырады. Міндеттеменің туынды
емес қаржылай активтер егер валюта бағамы өзгерісі тәуелін хеджерлайтын
болса, хеджерлеу құралы ретінде анықталады.
Таза пайда не зиянды хеджерлеу есебінде хеджерлеу құралының әділ
бағасындағы өзара есептеленетін өзгерістер нәтижесімен сәйкесхеджерлеуші
бап мойындалады.
Хеджерлеу қатынасының 3 типі бар:
1. Әділ бағаны хеджерлеу: нақты тәуекелге жататын ақша ағыны өзгерісі
зиянын хеджерлеу. Ол баланста мойындалған актив не міндеттеме немесе
болашақ әрекеттен (мысалы алда болатын сату не алуды хеджерлеу). Ол
баланста мойындалған актитеріне міндеттеме немесе болашақ әрекеттен
(мысалы, алда болатын сату не алуды х-у) байланысты.
Сонымен бірге есепті мерзімдегі таза пайда мен зиянға әсер етеді.
Кәсіпорынның есеп беру валютасындаберілген баланста мойындалмаған бағамен
активті алу мен сату жайлы нақты келісімді хеджерлеу әділ баға өзгерісі
тәуекеліне қарамастан ақша ағынын хеджерлеу ретінде есептеледі.
2. Таза инвестицияларды шетелдік кәсіпорынға хеджерлеу (№21 валюта
бағамдарының өзгерісі әсері ҚЕХС на сәйкес)
Төмендегі барлық шарттар орындалғанда ғана әдіо бағаны хеджерлеуде
арнайы есеп қолдануы мүмкін:
- хеджерлеудің қатынасының басынан бастап кәсіпорынның тәуекелді басқару
облысыдағы міндеттерімен хеджерлеуді іске асыру стратегиясы ресми
құжатта беріледі. Бұл құжаттамада хеджерлеу құралын оған байланысты
хеджерленетін бап ең әрекетті, хеджерленетін тәуекелдің сипатын анықтау
керек.
- ақшалай ағынды хеджерлеу кезінде хеджерлеуге жататын алдағы әрекеттің
болу мүмкіндігі қажет, бұған ақыр соңында пайда не зиянға әсер ететін
ақшалай ағын өзгерісін тәуекеліілесуі тиіс.
- хеджерлеу тиімділігін жеткілікті дәрежеде бағалауға, яғни әділ
бағасын нақты түрде анықтауға не хеджерленетін баптың ақшалай, хеджерлеу
құралының әділ бағасын бағалауға болады.
Мысалы: Узень ЖШС қаржылық есебінде тауар үшін 3500 АҚШ долларында
дебиторлық қарызы көрсетілген, осы аталған қарыз 27 қаңтар 2002 жылы пайда
болған, ол кезде 1 доллардың бағамы 151 теңгеден болды. Узень ЖШС 2 ақпан
2002 жылы Глобал компаниясы 3000 АҚШ долларға тауар алған, осы
операцияның жасалған күні ҚР ҰБ валюталық бағамы 1 доллар үшін 151,20 теңге
құраған. Осыдан басұа операциялар жасалған жоқ, ал 2002 жылдың 28 ақпанында
глобалкомпанииясының дебиторлық қарызы 500 АҚШ долларын құраған.
Есеп беру күніне, яғни 31 қаңтар 2002 жылы(151,30тг) және 28 ақпан
2002 жылы (151,40)
Осы процестегі операцияларды көрсету үшін Узень ЖШС бухгалтерлік
есебінде келесі жазбалар жазылған.

№ Шаруашылық операцияның Сомасы Шоттар
мазмұны корреспонденция
Дебет
кредит
1 2 3 4 5
1 Есеп беру күні бойынша 1050 2910 6250
дебиторлық қарыздың
қайта бағаланған сомасы
көрсетілді
31.01.02-1050теңге
(3500*151,3-3500*151)
2 Келіп түскен тауар 453600 1330 3310
кірістелді (кедендік
рәсімделген күніне
ҚРҰБбағамы бойынша
есептелінді)-453600
(3000*151,2)
3 Тауарды кірістеу 3000 7430 2910
кезінде болған бағамдық
айырмасы көрсетілді —
3000теңге
(3000*151,3-3000*151,3)

2 Шетелдік валютамен жүргізілетін операцияның салдары
2.1 Бастапқы мойындау

Валютамен операция – шетелдік валютамен білдірілген немесе сонымен есеп
айырысуды қажет ететін операция, соның ішінде кәсіпорын:а) бағалары
шетелдік валютамен көрсетілген тауарларды немесе қызметтерді сатып алатын
немесе сататын;
b) өтелетін немесе алынатын сома шетелдік валютамен көрсетілген
қаражатты қарызға беретін немесе қарызға алатын;
c) активтерді әлдебір басқа жолмен сатып алатын не сататын, немесе
шетелдік валютамен көрсетілген міндеттемені өзіне алатын немесе өтейтін
кезде пайда болатын барлық операциялар.
Бастапқы мойындау кезінде қолданыстағы валютада шетелдік валютамен
жасалатын операция шетелдік валюта сомасына қолданыстағы валюта мен
шетелдік валюта арасындағы операция жасалған күнгі ағымдағы валюта бағамын
қолдану жолымен ескерілуге тиіс.
Операция жасалған күн – Халықаралық қаржы есептілігінің стандартында
көзделген мойындау өлшемдеріне сәйкестігі алғаш рет атап көрсетілген күн.
Операция жасалған күнгі нақты бағаммен шамалас айырбас бағамы практикада
жиі пайдаланылады, мысалы, бір апта немесе бір ай ішінде орташа бағамды сол
кезең ішінде шетелдік валюталармен жасалған барлық операциялар үшін
пайдалануға болады. Алайда, айырбастау бағамы елеулі ауытқитын жағдайда,
кезең ішіндегі орташа бағамды пайдалану орынсыз болады.
Келесі есепті күндерге есептілік Әрбір есепті күнде:
а) шетелдік валютадағы ақша баптары жабу бағамын пайдалана қайта
есептелуге тиіс;
b) тарихи құн бойынша ескерілген шетелдік валютадағы ақшалай емес
баптар операциялар жасалған күнгі айырбастау бағамымен қайта есептелуге
тиіс;
с) әділ құн бойынша бағаланған шетелдік валютадағы ақшалай емес баптар
әділ құн анықталған күні қолданылған айырбастау бағамы бойынша қайта
есептелуге тиіс.
Баптың баланс құны қолданылатын басқа Стандарттар ережелерін ескере
анықталады. Мысалы, негізгі құралдарды 16-Негізгі құралдар IAS
Халықаралық стандартына сәйкес әділ құн бойынша немесе тарихи құн бойынша
бағалауға болады. Баланс құнының тарихи құн негізінде немесе әділ құн
негізінде анықталатынына қарамастан, егер ол құн шетелдік валютамен
анықталған болса, ол кейін осы Стандартқа сәйкес қолданыстағы валютаға
қайта есептелуге тиіс.
Кейбір баптардың баланс құны екі немесе одан көп шамаларды салыстыру
жолымен анықталады. Мысалы, қорлардың баланс құны 2-Босалқылар IAS
Халықаралық стандартына сәйкес өзіндік құнның және сатудың ықтимал таза
құнының ең төмен шамасы болып табылады. Нақ осылайша, 36-Активтердің
құнсыздануы IAS Халықаралық стандартына сәйкес, құнсыздану белгілері
анықталған активтің баланс құны құнсызданудан келетін ықтимал залалдар және
оның өтелетін сомасы есепке алынғанға дейін оның баланс құнының ең төмен
шамасы болып табылады. Мұндай актив ақшалай емес актив болып табылатын және
шетелдік валютада құнсызданатын кезде оның баланс құны:
а) өзіндік құнды, не сол шама анықталған күнгі айырбастау бағамы
бойынша (яғни тарихи құн бойынша бағаланған баппен операция жасалған күнгі
бағам бойынша) қайта есептелген баланс құнын;
b) сатудың ықтимал таза құнын, не осы шама анықталған күнгі айырбастау
бағамы бойынша (мысалы, есепті күнгі жабу бағамы бойынша) қайта есептелген
өтелетін соманы салыстыру жолымен анықталады.
Мұндай салыстыру нәтижесі мынадай болуы мүмкін: құнсызданудан келетін
залал қолданыстағы валютада мойындалады, бірақ шетелдік валютада
мойындалмайды, немесе керісінше.
Бірнеше айырбастау бағамдары бар болған кезде осы операцияның ақша
ағындары бойынша есеп айырысулар жүзеге асыруға болатын бағам немесе, егер
сол ақша ағыны бағалау күнінде пайда болса, шот бойынша сальдо
пайдаланылады. Егер екі валюта арасында айырбастау мүмкіндігі уақытша жоқ
болса, айырбастау бағамы ретінде айырбастауды жүзеге асыруға болатын
кейінгі алғашқы бағам пайдаланылады.

2.2 Бағам айырмашылықтарын мойындау
23-параграфта атап көрсетілгеніндей, 39 IAS-Халықаралық стандарты
шетелдік валюталардағы баптарды хеджирлеудің есепке алынуына қолданылады.
Хеджирлеудің есепке алынуын қолдану кейбір бағам айырмашылықтарын есепке
алуды ұйымның осы Стандарт талаптарына сәйкес бағам айырмашылықтарын
ескеруден басқаша есепке алуын талап етеді. Мәселен, 39 IAS ақша ағындарын
хеджирлеудің құралы бола алатын ақшалай емес баптар бойынша баға
айырмашылықтарының бастапқыда капиталда, хеджирлеу тиімді болатын жағдайда
көрсетілуін талап етеді.
Ақша баптары бойынша есеп айырысу кезінде немесе ақша баптарын есепті
кезең ішінде немесе бұрынғы қаржы есептілігінде бастапқы мойындау кезінде
қайта есептелген бағамдардан өзгеше бағамдар бойынша қайта есептеу кезінде
пайда болатын бағам айырмашылықтары пайдада немесе залалда олар пайда
болатын кезеңде, 32-параграфта сипатталғаннан басқа жағдайларда,
мойындалуға тиіс.
Ақша баптары шетелдік валютамен операциялар кезінде пайда болатын және
операция жасалған күн мен есеп айырысу күні арасындағы кезеңде айырбастау
бағамында өзгеріс болатын кезде бағам айырмашылығы пайда болады. Операция
мен ол бойынша есеп бір есепке алу кезеңінде жүзеге асырылатын болса, бағам
айырмашылығы сол кезеңде мойындалады. Алайда, операциялар бойынша есеп
айырысу оны жүзеге асыру кезеңінен кейінгі кезеңде жүзеге асырылатын болса,
әрбір аралық кезеңде есептесу кезеңіне дейін мойындалатын бағам
айырмашылығы айырбастау бағамдарының өзгеруімен анықталады.
Ақшалай емес бап бойынша пайда немесе залал тікелей капиталда мойындалған
кезде ондай пайданың немесе ондай залалдың кез ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық операциялар түрлері
Қазақстан Республикасы валюта жүйесi
Валютаның сатып алу
Шетелдік және ұлттық валюталармен операциялар
Валюталық операциялар есебі жайлы
Валюталық бағам және оған әсер етуші факторлар
Ұлттық валюталардың айырбас бағамы
Валюталық бағам және валюталық нарық
Валюталық операцияларды тіркеу
Валюта атауы валюта бағам
Пәндер