Шағын бизнес ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазақстан экономикасы әкімшілік - әміршілдіктен нарықтық экономикаға
өтудің қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық қайта
құруларды іске асыру үшін қажетті, мынадай бағыттарды ұстануда –
мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды
қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырады. Кезек
күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта
бизнесті дамыту мәселелері тұр.

Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық
даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні – экономика
жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы
бар екендігінде. Құрылған кәсіпорындардың көбісі барлық мүмкін болатын
нұсқауларға, салықтарға шектеулерге шыдай алмай жабылып қалады.
Тек шағын фирмалар ғана емес, сондай – ақ ірі өндірістік алыптардың да
жабылу қаупі бар. Қазіргі кезде мол шетелдік кәсіпкерлік тәжірибеге
қарамастан, транзиттік экономикасы бар елдердің ерекшеліктерін есепке ала
отырып, шағын фирмаларды құру және жұмыс істеудің тәжірибелік мәселелерін
зерттеуге, шағын және орта бизнесті анықтауға, кәсіпкерлік феноменінің
маңыздылығын зерттеуге бірқатар нақты зерттеулер жасау қажеттілігі бар.
Кәсіпкерлікті дамыту саласында медологиялық дәрежеде шетелдік, атап
айтқанда, американдық ғалымдармен көптеген зерттеулер жасалған. Бұл осы
елдің шағын кәсіпкерлікті дамытуда 200 жылдық тарихы бар екендігн
көрсетеді. Кәсіпкерлекті дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері
отандық, сондай – ақ, шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты.
Сондықтан да шағын және орта бизнестің даму мәселесі өте өзекті болып
келеді.
Дәл осы шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасын дамытуға
Д.Лонгенеко, У.Петти, К.Моор сияқты американдық ғалымдар үлкен үлестерін
қосты. Көптеген жылдар бойы экономист ғалымдар еңбек, жер және қаржы
ресурстарын басқару проблемаларымен шұғылдануда. Бірақ, кәсіпкерлікті
басқару мәселесі негізгі өндіріс факторы ретінде әлі күнге дейін бірінші
орынға қойылған жоқ.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстанда шағын және орта
кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, шағын бизнестің құрылуы және тіркелуі,
шағын бизнес ерекшеліктері, шағын бизнес қызметінің тиімділігін бағалау
критерийлері, Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес жағдайын талдау,
шағын бизнес стратегиясының нақтылы жағдайларында қолданудың әдістерін
түсінуге қол жеткізу.
Курстық жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасындағы шағын және
орта бизнестің дамуы.
Курстық жұмыстың зерттеу деңгейі: Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е.Н, Жүнісов
Б.А, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, Солтүстік
Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті,ТОО
Карагандинский институт качества,Республиканский учебный центр
предпринимательской практики, Қазақстан – Герман біріккен бағдарламасы
Экономикалық дамуына әсер ететін моделдік құрылымдар құру, 50.KZ журналы,
Центр современной экономики и предпринимательства (г. Астана) по заказу ТОО
КИПЭСТ.

І. Шағын және орта бизнестің құрылуы, ерекшеліктері және тиімдігін бағалау
критерийлері.
1.1. Шағын бизнестің құрылуы және тіркелуі
Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725 – 1730 жылдары
Ричард Кантиллионның (Richard Cantillion) еңбектерінде баяндалған. Кейінгі
250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әртүрлі ғалымдар мен экономистердің
еңбектерінде дамытылды да, олар бірте – бірте кәсіпкерлік – бұл адамның
тәуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта келгенде жаңа
кәсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді. Алғашқыда
кәсіпкерлік термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндіру
мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алатын
адаммен байланыстырды.Мысалы, 1725 жылы Кантиллион кәсіпкерлікті, өз
мойнына тәуекелді алумен байланыстырды, сонымен қатар ол капитал салушы
кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресурстарын қолданушыларды ажыратып отырды. Ол
кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды
белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін жұмыс істеу қанағаттандырмаса, ол өз
ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге
айналады. Қазіргі кезде әрбір американдықтың аңсаған арманы өз кәсіпорнын
құру екендігі күнделікті қолданылатын сөз болып қалды. Бұл сөздердің
дұрыстығын фактілерде куәландыруда. Бүгінгі таңда АҚШ – та 21 млн. жуық
кәсіпорын бар, олардың 16 млн. жеке кәсіпорындар. Шағын бизнес
әкімшілігінің мәліметтері бойынша жыл сайын 600 мыңнан 1 млн – ға дейін
кәсіпорындар құрылады. Сондай – ақ Қазақстанда да кәсіпкерлік белсенділік
үрдісі байқалуда, әсіресе бұдан 5 – 6 жыл бұрын. Жас адамдар өз бетінше
жұмыс істей алу мүмкіндігін сезінді. Адамдардың тұрақты еңбек ақы төленетін
жұмыс орындарын тастап, тәуекелмен және бизнес деп аталатын белгісіз
саяхатқа шығуларына мәжбүрлейтін қозғаушы күштер қандай болады?
Адамдардың көбісі бизнесті өздерін жаңа өнім қызмет түрін өндіру
идеясы жаулап алу нәтижесінде бастады. Кейбіреулер өздерінің әл – ауқатын
жаңа кәсіпорын ашу есебінен жақсартуға тырысады. Көптеген адамдар біреу
үшін жұмыс істеуге қанағаттанбайды, сүйтіп тәуелсіздік алуды қалайды.
Болашақ кәсіпкердің өз ісін бастамас бұрын қандай дилемманы шешу
қажеттігін қарастырайық. Таразының бір басында артықшылық, ал екінші
басында жеке бизнес кемшіліктері тұр. Алдымен кемшіліктеріне тоқталайық.
Жаңа кәсіпорын құру жоғары дәрежелі тәуекелмен байланысты. Көптеген
кәсіпорындар сәтсіздікке ұшырауда, сонымен бірге олар көбінесе тек бастапқы
инвестицияларынан ғана емес, сондай – ақ жеке салымдары мен жинақтарынан да
айырылуда. Егер қаржыландыру көзі ретінде туыстар мен жолдастардың
қаражаттары және банк несиелері пайдаланылған болса, жағдай қиындай түседі.
Жеке кәсіпорын құру кезінде кәсіпкер өзінің қызмет орнын тастауға мәжбүр
болады, сондықтан тек қаржылық тәуекел ғана емес сондай – ақ өмір сүру
көзінен айырылып қалу қаупі бар.
Жаңа кәсіпорын құру қиыншылықтарыға,кездесуі мүмкін барлық кедергілерге
толы, соның ішінде бюрократиялық сипаттағылары да бар. Бизнес қаншалықты
үлкен және табысты болатын болса, салықтар, реттеуші нұсқаулар, лицензиялар
және басқа құжаттармен жұмыс істеу соншалықты көп уақытты талап етеді.
Жаңа кәсіпорын құру түңілу жағдайларына байланысты. Кәсіпкер пайда
болатын проблемаларға қарай оңай емес шешімдер қабылдауға, жауапкершілік
пен тәуекелді өз мойнына алуға мәжбүр болады. Зорланып жұмыс істеу, жоғары
дәрежедегі тәуекел және белгісіздік жағдайы – мұның барлығы психологиялық
және физиологиялық қажудың классикалық негіздері. Шағын бизнестің, әсіресе
алғашқы уақытта жұмысшылар штатын көбейту үшін жеткілікті пайда әкелмеуіне
байланысты барлық ауыртпалық бір ғана адамның мойнына – кәсіпкердің өзіне
түседі.
Жаңа кәсіпорын құру сырттан ықпал ететін қысымдардың астында болады.
Заң әрдайым салық салу жүйесін қайта қарастырып отырады және кейде
бизнестен алынатын салықты көбейту жағына да бұрады. Бәсекелес фирмалар да
кез – келген әдіспен кәсіпорынның нарықтағы үлесін жаулап алуға тырысуда.
Әр түрлі реттеуші органдар кәсіпорынға шексіз тексерулер жүргізуде. Осындай
толып жатқан кемшіліктердің орнына біз қандай артықшылықтарға ие боламыз?
Жеке бизнес оның негізін салушыға әрекет ету еркіндігін береді.
Қандай күн тәртібін таңдау керек екенін, өзінің уақытын қалай
пайдаланатындығын және қандай жобалар бойынша жұмыс істейтіндігін кәсіпкер
өзі шешеді.
Жеке бизнес - өзінің әл – ауқатын жақсартудың сенімді әдістерінің
бірі. Көптеген адамдар мұны жаңа кәсіпорын құрудың басты себебі деп
есептеуде. Қанша қарама – қайшы болып көрінсе де, ең табысты
кәсіпорындардың негізін қалаушылар өнім мен қызмет көрсетудің жаңа түрлерін
өндіру идеясына берілгендер болып табылады. Олар үшін материалдық
ынталандыру 2 – ші орында тұрады.
Жеке бизнес дамуға және қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қатардағы жұмысшысының кәсіпорында жүргізілетін саясатқа
қайшы келетін маңызды бір нәрсе енгізу мүмкіндігі шектеулі. Жетекшілер
көбіне жаңа енгізілімдерге бейім болмайды және әр түрлі идеяларға құлықсыз
қарайды, ал инновациялық көзқарастары бар адамдар жарамсыз разрядына
түседі. Шағын бизнестің анағұрлым маңызды артықшылығы – бұл тәуелсіздік
алу. Тәуелсіздік тек жұмыс түрін таңдау мүмкіндігінде ғана емес, сондай –
ақ қызметкерлерді таңдауда да орын алады. Кәсіпорын жұмысшысы оның
квалификациясы мен біліміне сәйкес келмейтін жұмысқа үміт ете алмайды.
Кәсіпкер өзі үшін кез келген қызмет саласын таңдай алады. Өз бетінше шешім
қабылдау және жеке стратегия мен тактикасын дайындау осының барлығы
кәсіпкер өзіне - өзі қожайын болған кезде ғана жүзеге асатын іс.
Соңғы жылдары Қазақстанда кәсіпкерлік белсенділік үрдісі байқалуда.
Бірақ өкінішке орай кәсіпорын құру жылдамдығы шамамен әр түрлі себептерден
банкротқа ұшыған немесе жай жабылып қалған кәсіпорындардың санына тең
келуде. Сондай – ақ кәсіпкерлердің сәтсіздікке ұшырауларының себептерін
сұрастырған кезде бәсекелестіктің жоғары дәрежелігі, банктің процент
ставкасының жоғары дәрежелігі, банктің процент ставкасының жоғары
деңгейлігі, мемлекеттік реттеудің шектен тыс болуы, инфляция деңгейі және
жалпы экономикалық дағдырыс атап көрсетілуде. Шындығына келгенде
сәтсіздікке ұшыраудың негізгі себептері – бұл менеджменттің тиімсіз
болуында. Дамыған нарықтық экономикасы бар шетелдердің өзінде кәсіпкерлерді
даярлау деңгейі бізге қарағанда айтарлықтай жоғары бола тұрса да,
бизнестегі сәтсіздіктердің 90 % менеджмент саласында тәжірибе мен білімнің
жетіспеушілігінен деп түсіндіріледі. Дәл осы менеджмент саласындағы
білімнің жетіспеушілігі кәсіпкерлердің төмендегідей қателіктер жіберулеріне
алып келеді:
• өткір бәсекелік күрес жүріп жатқан нарықты таңдайды;
• адамдардың не сатып алуды қалайтындықтары туралы нақты мәліметтері
жоқ;
• нарықтағы сұраныс өзгерістеріне жауап қайтармайды;
• маркетинг, өнім, қаржы және басқа стратегия түрлерін дұрыс таңдау үшін
жеткілікті тәжірибелері мен білімдері жоқ;
Осыны ескере отырып, фирманы құрар алдында кәсіпкер белгілі бір
дайындық жұмысын жүргізуі қажет. Кәсіпорынды құру және бастау – бұл жай
ақылға келген бір идея деп санау дұрыс емес. Тіркелу кезіндегі артық
бюрократиялық созушылықтар мен тіркеуге алу төлемдерінің шектен тыс жоғары
құны кәсіпорын құру кезінде жиі кедергі болады.
Кәсіпкер өз кәсіпорнын тіркеу үшін тіркеу органдарына мынадай
құжаттарды тапсыруы қажет:
• бекітілген үлгідегі өтініш;
• қазақ және орыс тілінде жазылған екі дана құрылтайшылық құжат пакеті;
• заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжат;
• жарғылық қордың бір бөлігін депозитке салуы туралы құжат;
• мемлекеттік тіркеудің жүйелі – есептік коды бар статистикалық
карточка;
Қорыта келе шағын кәсіпкерлік құруды қорытындылайтын сызбаны келтіріп,
кәсіпорын құрудан бір жыл бұрынғы дайындық жұмысын көрсетейік (1 – сурет)
Шағын кәсіпкерлік жүйесіндегі стратегиялық ерекшеліктерді келесі бөлімшеде
қарастырамыз.
Жаңа кәсіпорын құру кезеңдерін ұсынысы

1.2. Шағын бизнес ерекшеліктері
Нарықта негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық,
ал шағын кәсіпкерлік құрылымдардың кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер
бар. Басты дәлел – шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен
бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын бизнес бірнеше себептерге байланысты
ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалға ірі кәсіпорындар стратегиясын
өзгерту үшін 6 жыл қажет етеді, ал жаңа стратегия енгізу үшін 10 жыл және
одан көп уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай
азырақ – жарты жылдан 1 жылға дейін.
Көптеген жылдар бойы әртүрлі елдердің ғалымдары шағын бизнеске
анықтама беруге тырысып келеді.
АҚШ Конгресс Комитетіне шағын бизнестің 700 – ге жуық анықтамасы
ұсынылған. Шағын бизнесті сипаттаудың түрлі критерийлері бар, мысалы,
өндіріс көлемі, жұмыс істеушілірдің саны, депозиттердің көлемі, негізгі
өндіріс қорларының актив бөлігінің өлшемі, басқару аппаратының өлшемі,
кіріс мөлшері. Ең кең таралған критерийлердің бірі жұмыс істеушілердің
саны. Кейбіреулер жұмысшылар саны 100 – ге дейін, тағы біреулер 50 – ден
1000 – ға дейін, үшіншілері 100 – ден 1500 – ге дейін жететін
кәсіпорындарды шағын бизнес кәсіпорындары деп санауды ұсынуда.
Германияда ереже бойынша, жұмыспен қамтылған адамдар саны 1 – ден
500 – ге жететін кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызады, сөйте тұра олар
келесі 4 категорияға бөлінеді: 20 – дан 49 – ға дейін, 50 – ден 99 – ға
дейін, 100 –ден 199 – ға дейін, 200 – ден 449 – ға дейін. Германияда жылдық
ақша айналымы 3,5 – нан 11,5 миллион неміс маркасын құрайтын фирмалар,
шағын фирма деп саналады. Германиядағы шағын кәсіпорындардың тиімділігі АҚШ
– пен Жапонияға қарағанда жоғары.
Жапонияда заңды түрде белгіленген кәсіпорындар критерийлері бар:
өнеркәсіп, көлік және құрылыста – 300 адамнан көп емес, көтерме саудада –
100, бөлшек сауда және қызмет көрсету саласында – 50, олар осы
критерийлерге қарай шағын және орта кәсіпорын статусын ала алады. Сондай –
ақ жарғылық капитал мөлшері де шектелген: өнеркәсіп, құрылыс және көлікте –
700 мың доллардан жоғары емес, көтерме саудада – 230 мың доллар, қызмат
көрсету саласында 77 мың доллар.
Ресей Федерациясының қазіргі қолданып жүрген заңдарына сәйкес,
шағын кәсіпорындарға:
• өнеркәсіпте – 200 адамға дейін;
• құрылыста – 100 адамға дейін;
• көтерме саудада – 50 адамға дейін;
• ауылшаруашылығында – 50 адамға дейін;
• ғылымда және өндірістік емес салада – 25 адамға дейін;
• бөлшек саудада – 15 адамға дейін;
жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады.
Қазақстанда адам саны айтарлықтай аз кәсіпорындар шағын болып саналады.
Қазақстан Республикасының 1997 жылы 8 – сәуірдегі № 499 қаулысына сәйкес
шағын кәсіпорындарға:
• өндірісте, құрылыста және шаруашылықта – 50 адамға дейін;
• саудада және тұрмыстық қызмет көрсетуде – 30 адамға дейін;
• көлік және байланыста – 25 адамға дейін;
• ғылымда және жаңартпашылық қызметте – 20 адамға дейін;
жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады.
Жұмыс істеушілер саны 200 адамнан аспайтын кәсіпорындар орта бизнеске
жатады.
Д.Лонгенеке, У.Петтидің, К.Мурдың зерттеулерінде жеке көрсеткіштер
ұстанымындағы тәсіл анағұрлым негізгі айырмашылықтарды іздестірумен
ұштастырылып, шағын бизнеске анықтама беру үшін келесі критерийлер
ұсынылуда :
1. Бизнесті қаржыландыру бір инвестормен немесе инвесторлардың шағын
тобымен жүзеге асырылады. Тек айрықша жағдайларда ғана бизнестің 15 – 20
– дан көп инвесторлары болуы мүмкін;
2. Фирма өзінің маркетингтік бағдарламасын іске асыруда географиялық
шектелген аймақтарда жұмыс істейді;
3. Әдетте бизнестегі жұмысшылардың саны 100 адамнан аспайды;
4. Ірі фирмалармен салыстырғанда бизнес шағын болып есептелуі мүмкін.
Қазақстан жағдайында шағын бизнеске анықтама бере отырып, қолда бар
шетелдік тәжірибелерді ескере келе, шағын бизнеске келесідей сипаттама
беруге болады. Шағын бизнес кәсіпорындары деп, бір немесе бірнеше
инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейтін
және нарықтың шектелген үлесіне еи кәсіпорындарды айтамыз. Бұл
кәсіпорындарда басқаруды негізін салушылар жүзеге асырады, олар барлық
негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды; басқару – нысаншылдықтың
жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді; басқару
саласында, сондай – ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара
ауыспалылығы байқалады.
Бізде шағын бизнес түсінігі дәстүрлі түрде бірінші кезекте шағын
кәсіпкерлікпен ұқсастырылады. Әлі сонау 1990 жылдың тамызында КСРО
Министрлер Кеңесінің Шағын кәсіпорындарды құру және дамыту шаралары
туралы қаулысы қабылданып, соның негізінде Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің
сәкес № 432 қаулысы қабылданды. Шағын кәсіпорынды жіктеу кезінде, онда
жұмыс істейтін адамдар саны факторы негізге алынды. Шағын кәсіпорындар
азаматтар, жанұя мүшелері және сауда шаруашылығын біріккен түрде жүргізетін
басқа тұлғалар тарапынан, мемлекеттік мүлікті басқаруға өкілеттілігі бар
әртүрлі заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдар тарапынан құрылуы мүмкін
еді.
Шағын және орта бизнес, қазіргі кезеңде жұмыссыздықпен сипатталатын
Қазақстан экономикасын қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.
Американ экспресс мәліметтері бойынша, барлық жаңа жұмыс орындары
тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалар есебінен
ашылуда. Мысалы, 1987 жылы АҚШ – тың 500 ірі компанияларындағы жұмыс
орындарының өсу қарқынына қарағанда, 7 миллион шағын фирмалардағы жұмыс
орындарының өсу қарқыны 3 есе көп болды. Сондай – ақ құрылыста шағын және
ірі фирмалардың әртүрлі қызмет салалары бар. Ірілері үлкен объектілердің
әсер ету жағдайында сәтті жұмыс істейді және ірі тапсырыс берушілермен
жұмыс істейді. Шағын құрылыс фирмалары болса, құрылыстық – монтаждық
жұмыстарға, бар объектілерді модернизациялау мен қайта құруға, жөндеу
жұмыстарын жүргізуге және жеке тапсырыс берушілермен жұмыс істеуге бет
алуда. Спецификалық функцияларды істей отырып, ірі және шағын құрылыс
фирмалары бірін – бірі толықтыруда деуге болады. Сондықтан, шағын және ірі
құрылыстық кәсіпорындар арасында тікелей бәсекелестік туралы айту заңсыз.
Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда анағұрлым тиімдірек жұмыс істейтін
салаларда өзінің нарықтағы тауашасын сәтті иеленеді. Мысалы, ірі комбинат
әсері - бұл ірі бизнес саласы екендігіне сөз жоқ, бірақ осы комбинаттағы
электромонтаждық фирмалар электромонтаж жұмыстарын әлдеқайда тиімдірек
орындайды. Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Бұл – шағын
бизнестің динамикалығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін
қызмет түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында сондай –
ақ басқа жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабілеттілігі.
Соңында, шағын фирмалардағы еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады,
үлкен бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруға, табыстарды
басқаруға тікелей қатыса алады.
Шағын бизнестің басты ерекшелігі – кірістерге қатысумен және жұмыспен
қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы
нәтижелілігіне деген жалпы біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек
етуге және бригада болып жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Ірі фирмаларда
құрушылар (негізін қалаушылар) кәсіпорынды басқару үшін маман менеджерлерді
тартуға мәжбүр, бірақ бұл көбінесе 2 жақ мүдделерінің тоғыспауына әкеледі,
ал ол өз кезегінде жалпы басқару тиімділігіне әсер етеді. Шағын және орта
кәсіпорындарда мұндай қарсылықтардан құтылып кетуге болады, себебі негізін
қалаушы мен менеджер – бұл ереже бойынша бір адам.
Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде шағын бизнес қайтадан өз
мәні мен маңыздылығына ие болды. Көптеген елдердің үкіметтері шағын
бизнесті жаңа ойлардың, жаңа жұмыс орындарының, табыстар мен
өркениеттіліктің көзі ретінде қарастырып, дамуына жағдай жасау шараларын
қабылдауда. Шағын бизнес шағын және орташа қалалардың жұмыс істеу негізі
болып, ол жердің тұрғындарына тұратын жерлерінің қасынан жұмыс табуға жол
ашады. Дегенмен бұл шетелде бизнеске кірудің айтарлықтай тарған формасы
ретінде мынадай бір қатар артықшылықтарға ие:
• Тәуекел мен тұрлаусыздық факторлары сынға жиі ұшырайтын жаңа
кәсіпорын ашумен салыстырғанда, олардың (тәуекел және
тұрлаусыздық) деңгейін төмендетуі
• Бизнестің жөнге келтірілген инфрақұрылымының болуы, себебі бизнес
әлде қашан құрылу сатысынан өткен, жұмыс істеуде, бизнестің басқа
контрагенттерімен қарым – қатынас орнатылған.
• Жаңа бизнесті бастауда жүзеге асырылатын шығындарға қарағанда
әлдеқайда аз келісім баға бойынша бизнесті алу мүмкіндігі.
Сонымен шағын бизнестің ерекшеліктері өте көп болып келеді. Сіздер осы
бөлімшеде онымен жақсы таныстыңдар.

1.3. Шағын бизнес қызметінің тиімділігін бағалау критерийлері
Кәсіпкерлік қызметте жаңа фирма ұйымдастыру анағұрлым жауапты және
еңбекті көп қажет ететін кезең. Өз кәсіпорнын құруға шешім жасаған
кәсіпкердің алдында тұрған мәселелердің толық емес тізімі мыналар –
қызметтің дұрыс бағытын таңдау, тиісті команда жинақтау, болашақ
кәсіпорынның орналасатын жерін таңдау, бизнестің ұйымдық түрін анықтау,
фирманың маркетингтік мүмкіндіктерін талдау және кәсіпорынды тіркеу.
Сондықтан шетелде бизнесті бастау алдында дайындық кезеңіне көп көңіл
аударылуы кездейсоқ емес, кәсіпорынның келешекте сәтті жұмыс істеуі
көбінесе осыған тәуелді. Кейбір авторлар дайындық кезеңіне 1 жылға дейін
уақыт бөледі.
Кез – келген жаңа кәсіпорын идея туындату процесінен басталады. Жақсы
бір идея кәсіпкердің қолындағы жай құралдан гөрі артығырақ мәнге ие.
Бизнесті ұйымдастыру үшін қажетті идеяларды іздеп табу – бұл кәсіпкерлік
қызметтегі алғашқы қадам. Егер шешім қабылдаудың жаңашыл әдістері
пайдаланылса, идеяны туындату процесінің тиімділігі айтарлықтай көбеюі
мүмкін. Өзін жақсы танытқан идея туындату әдістерінің бірі бұл ми шабуылы
әдісі, ол мынаған негізделген, адамдар проблемаларды бірге талқылаған
кезде көбірек идея туындайды. Ми шабуылы әдісін өткізу кезінде келесі
ережелерді сақтау қажет:
• сын айтулар мен кері тартпа ескертулерге жол бермеу;
• ойдың еркін айтылуын марапаттау: идея парадокс болған сайын жақсы
бола түседі;
• идеялардың санын ынталандыру: неғұрлым идея көп болса, соғұрлым
жақсы, соғұрлым ұтымды шешімдер табу мүмкіндігі көп болады.
• Идеялардың комбинациясы мен жетілдірілуін марапаттау, осы жерде
бірінің идеясы басқалармен дамытылып, келесі идеяларды туындатуға
пайдаланылуы мүмкін.
Күнделікті туындайтын идеялар санының көптігі әлі олардың барлығының
міндетті түрде қолайлы іске асу мүмкіндіктеріне ие екендігін білдірмейді.
Шетел әдебиеттерінде идеяны іске асыру мүмкіндіктері туралы түсінік кең
таралған. Қандайда бір салада бизнес идеяның қолайлы іске асыру мүмкіндігі
дегеніміз не? Егер кәсіпкер сатып алушылардың жаңа қажеттіліктерін
қанағаттандыратын өнім немесе қызмет көрсету түрлеріне тоқталса, бизнес –
идея іске асқан болады. Тек осы жағдайда ғана кәсіпкер өзінің
бәсекелестеріне қарағанда көбірек артықшылыққа ие болады және нарықтағы өз
тауашасын табады.
Бизнесті бастау үшін міндетті түрде айтарлықтай қаржы құралдары қажет
деген пікірлер айтылуда. Шындығына келгенде, кәсіпкерлік қызмет
тәжірибесінде бизнестің шектеулі қаржы құралдарымен басталып, ірі
кәсіпорындар қатарына дейін өскен мысалдары аз емес. АҚШ – та 1977 жылы
қайта құрылған 110 кәсіпорынның 77%-ның бастама капиталдары 50 000 доллар
және одан төмен болды, соның ішінде кәсіпорындардың 47% - ның бастама
капиталы 10 000 доллар болған.
Кез – келген кәсіпорынның жұмыс істеуі нақты уақыт тәртібінде жүзеге
асуда, сондықтан уақыт факторы жиі – жиі сындарлы мәнге ие. Кәсіпорынның
тиімді және өрнекті түрде жұмыс істейтін ауқыт аралығы шетелдік тәжірибеде
мүмкіндіктер терезесі деп аталады. Кез – келген кәсіпкер үшін
мүмкіндіктер терзесінің ашық болуы немесе неғұрлым көбірек ашық болуы өте
маңызды. 2 – суретте қазіргі таңдағы нарыққа арналған мүмкіндіктер
терезесі көрсетілген, ол жерден тауарды өткізу нарығын кеңейту шамасына
қарай мүмкіндік терезесі - нің де үлкейетіндігін көруге болады және уақыт
бойынша 5 – тен 15 жылға дейінгі аралыққа сәйкес келеді.

Бизнес үшін мүмкіндіктер терезесі
нарық
көлемдері
нарық
100 млн
тенге

50 млн тенге

25 млн тенге

Мүмкіндіктер терезесі

10 млн тенге

Бұл аралықтың соңына қарай мүмкіндіктер терезесі жабыла бастайды, бұл
нарықтың осы уақытқа дейін молықтырылғандығын білдіреді. Қисық сызық
нарықтың тез өсуін бейнелейді, бұл бағдарламалық қамтамасыз ету,
биотехнология және жаңашыл телекоммуникация салалары үшін үйреншікті.

Дегенмен айтарлықтай
өсім болмайтындықтан тиісті мөлшерден аз иілетін салалар да бар, яғни
бизнесті өрістету мүмкіндіктері де аз болады. Осылайша жаңа кәсіпорынды
бастар алдында мүмкіндіктер терезесі қанша уақыт бойы ашық тұратындығын
білу өте маңызды. Сала мен нарықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлікке жалпы түсінік
Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында шағын жəне орта бизнестің дамуы
Қазақстанда шағын және орта бизнестің дамуындағы салық салу ерекшеліктері
Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірбиелері
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Бизнесті моделдеу туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы
Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің экономикалық әлеуеті
Шағын және орта бизнес кәсіпорындағы қаржылық менеджментінің қаржылық көрсеткіштерін талдау
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму жолдары
Пәндер