Европа халықаралық туризмнің басты ауданы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

  1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ . . . 7Туризмнің даму тарихы . . . 7Туризм түрлері және таралу аймақтары . . . 10Халықаралық туристік ұйымдар мен көрмелер . . . 19
  2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ САЯСАТТАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ОРНЫ . . . 21Ел экономикасының дамуына туризмнің ықпалы . . . 21Қазіргі кезде қалыптасқан қоршаған орта мәселелерін шешудегі туризмнің орны . . . 25Әлемдік саясаттағы қарама - қайшылықтарды шешудегі туризмнің рөлі . . . 30

Қорытынды . . . 32

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 33

КІРІСПЕ.

Біздің курстық жұмысымыздың тақырыбы « Халықаралық туризм». Бұл тақырыпты таңдауымыздың себебі, туризм - бүкіләлемдік құбылыс. Қазір туристерді қабылдамайтын, туристерді саяхатқа жібермейтін ел жоқ.

Жалпы әлем бойынша туристік рекреациялық орындар көптеп кездеседі. Туристік - рекреациялық аудандарды топтағанда оның географиялық орнына, табиғатына, климат белдеулеріне, табиғат зоналарына, мәдениетіне, тарихына, салт - дәстүріне және басқа да ерекшеліктеріне назар аударамыз. Дүниежүзі картасына қарайтын болсақ әр елдің өзіндік ерекшеліктері, туристік мүмкіншіліктері бар.

Туризнің негізгі түсініктерін анықтап оның дамуына себепші болатын және әсер ететін факторларын қарастырдық. Олар: экономикалық- әлеуметтік - географиялық - демографиялық - саяси - этикалық - құқықтық .

Қазіргі күнге дейін «туризм» түсінігі қабылдаған нақты анықтамасы жоқ. Қазір туризм терминін кең және терең түрде түсіндіру керек. Біздің оймызша, туризм анықтамасы екі бағытта берілуге тиісті: географиялық және экономикалық. Туризм географиялық турғыдан сұраныс және ұсыныстың кеңістік - территориялық кешенділік қолданылу негізін білдіреді. Ал экономикалық тұрғыдан туризм сұраныс және ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі. Туристерді бірегей ландшафт, табиғат құбылыстары мен көріністері, сонымен қатар, табиғат ресурстарының алуан түрлілігі қызықтырады. Ал рекреациялық іс әрекетті жүзеге асыруда туризмге қажетті материалдық техникалық база: тұрғын жайлар көлік түрлері инфроқұрылымдық салалардың дамуы қажет бір сөзбен айтқанда, туризм инфроқұрылымы географиялық зерттеу нысандарына жатады. Онымен экономикалық және әлеуметтік география саласы айналысуы тиісті. Туризм географиясындағы аумақтық рекреациялық жүйе географиялық негізінде құрылғандықтан көпшілік жағдайда біржақты қарастырылуда. Аумақтық географиялық жүйе бір бірімен тығыз байланыстағы жүйе асты құрылымдардан тұрады. Аумақтарды рекреациялық тұрғыдан пайдалану жергілікті жердің потенциялымен өзіндік географиялық ерекшеліктерімен байланысты. Сондықтан да ол географиялық проблема болып табылады. Демалысты және туристік іс әрекеттерді ұйымдастыруда табиғат жағдайларымен ресурстық қорына баға беру, туристік нысандарды ландшаштық геожүйе жағдайында сараптай отырып, географиялық зерттеулерінің барлық салаларының нәтижелерінің барысында, маусымдық климаттық ландшафт өзгерістері мен әр түрлі антропогендік және табиғи апат салдарының қорғау жұмыстарын ғылыми тұрғыда зерттеу қажет. Туристік іс әрекет көңіл көтеру таным мен кәсіптік мүддені, демалудың белсенді түрлерін, емделуді қамтамасыз етумен қатар транспорттық қызметті тамақтану, туристерді орналастырудағы қажеттілікті қанағаттандыруды талап ететін тұтынушылық сұраныстың жаңа түрін өмірге енгізуде.

Тұрақты даму модельдері ішінде өндіріс орындарын, соның ішінде туристік рекреайиялық іс әрекеттерді ұйымдастыруда аумақтық орналастыру қазіргі және болашақта өзекті мәселелерді шешуде рекреациялық шаруашылықты дамыту бағытындағы зерттелетін тақырыптар көп. Туризм көпшілік жағдайда қоршаған ортамен тығыз қарым қатынаста. Кез келген аумақ жеке аймақтар туристік экологиялық сыйымдылыққа тәуелді. Ал шектен шығып кету табиғи ортаның өзін өзі қалпына келтіруіне кері әсерін тигізетіні анық. Техногендік, туристік іс әрекеттердің табиғи ортасына тигізер әсері өте нашар зерттелген. Осы мәселелер кез келген аумақтарда туризм саласына қатысты мәселелерді қарастыру қажеттілігін тудырады.

Курстық жұмыстың мақсаты:

- туризм түрлері мен таралу аймақтарын анықтау, туристік ұйымдармен танысу;

- қазіргі халықаралық туризмнің қоршаған ортаға халықаралық экономикаға және саясатқа тигізетін туризмнің әсері.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Туризмнің даму тарихы;

- Туризм түрлері және таралу аймақтары;

- Халықаралық туристік ұйымдар мен көрмелер;

- Ел экономикасының дамуына туризмнің ықпалы;

- Қазіргі кезде қалыптасқан қоршаған орта мәселелерін шешудегі туризмнің орны;

- Әлемдік саясаттағы қарама - қайшылықтарды шешудегі туризмнің рөлі.

Курстық жұмыстың құрылымы: 1-ші және 2-ші бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады, қосымша слайд. Көлемі - беттен тұрады.

1 Халықаралық туризмнің қалыптасуы және дамуы

  1. Туризмнің даму тарихы

Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістік құбылыс ретінде ерте заманнан дамып келе жатыр. Туризм дамуының келесі кезеңдерін көрсетуге болады:

  1. Ерте дәірден 18 ғасырдың аяғына дейінгі туризм:

- ертедегі туризм;

-ортағасырлардағы туризм;

-17-18 ғасырлардағы туризм.

  1. 19-20 ғасырлардағы туризм - 2 - ші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін.
  2. Қазіргі туризм.

Туристік саяхаттар саудалық мәндегі сапарлар жасау барысынды басталды деп айтуға болады. Ең алғашқы миграцияға діни сипаттағы саяхаттар жатады. Египетте б. д. д. 4мыңжылдықта басталды. Ең алғашқы саяхаттың біріне атақты ел Пунт еліне барған теңіздік экспидицияны /1501-1484 б. д. д. / жатқвзуға болады. Оны ерте Египеттің ханшасы Хатшепсут ұйымдастырды. Б. д. д. 6 ғасырда Египет фараоны Нехао Африка айналасында 3 жылдық атақты саяхат ұйымдастырды. Египеттіктердің осы уақытта туристік сапарлары қалалар, өнерлі көлдер бойынша саяхат жасаумен байланысты болды, және де пирамиданың салынуына байланысты. Бірақта сәйкесті сапалы жолдың болмауы, қону және тамақтану орнының болмауы саяхатты қиындатты. Бұл уақыттарда туризм табыс алу мақсатында ұйымдастырылған жоқ. Көне туризмнің өркендеуі Ежелгі Грекия мен Римге байланысты болды. Бұл екі мемлекетте туристік саяхаттың экономикалық жағдайына көп көңіл бөлді. Гректер мен римляндер ұзақ уақытты саяхаттарды жүзеге асырып отырды. Грек елінде жол жүйесінің әлсіз дамуына байланысты көбіне саяхаттарды теңіздік жолмен іске асырды. Ежелгі Гректер б. д. д. 8 ғасырдың өзінде саяхатты жасады. Олар ерте олимпиадаларға көрермен немесе қатысушы ретінде ат салысты. Римдіктер әскери мақсатпен жолдың кең жүйесін құрды. Бұл жолдың құрылуы адамдардың орын ауыстыруына немесе келуіне байланысты қозғалыстарды жеңілдетті. Ежелгі римдіктер ыстық жазғы айларда қала сыртында немесе үйдің сыртында өткізуге тырысты. Сонымен қатар, римляндіктер денсаулықтарын жақсарту үшін курорттар мен жылы жерлерге баруды ұнатты. Швейцарияда « Сент Моритц » курорты римдіктер үшін ерекше тұратын бай гректер және римдіктер қала сыртындағы шағын тұрғын жерлерге шығып демалды, мұндай саяхат

түрлері кеңейе бастады.

Ортағасырлардағы туристік қызмет әлсіреуімен ерекшеленеді. Бұл уақытта тұрақсыз ішкі құрылыс көптеген жаңа мемлекеттердің пайда болуы, саяси күрестің пайда болуы және т. б. кері іс-әрекет түрлері пайда болды. Еуропа көтеген аудандарда феодализмге байланысты шаруашылықтың төмендеуі жасалған жолдардың бұзылуы саяхатшылар қауіпсіздігі дәрежесінің төмендеу, көптеген қалалардың жойылуы туристік саяхат дамуына кері әсер етті.

Тек б. заманымызда 7-8 ғасырлардағы діни мақсаттағы саяхат қайтадан жаңара бастады. Бұл саяхаттардың қатысушылары әртүрлі Еуропалық елдердің тұрғындары болды. Мысалы: Италияның, Испанияның, Палестинаның және т. б. мемлекеттердің даңқты жерлеріне саяхат жасады. Енді діни мақсатпен қатар саяхаттар саяси сипатта да жүзеге асырыла бастады. 13 ғасырдан бастап ғылымның дамуы және сонымен байланысты университеттердің ұйымдастырылуы Еуропада студенттердің саяхаттарын дамытты, әсіресе италияндық университеттерде 17 ғасырда Еуропада туризм формасы пайда бола бастады. Яғни, тану, емдеу немесе демалу мақсатымен саяхат жасаушы адамдарды қамтамасыз етті.

Туризм әлеуметтік құбылыс ретінде пайда болуы 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басына жатады. Бұл кезең кейбір Еуропалық елдің мектеп оқушылары табиғатқа жаяу серуенді жүзеге асыра бастады. Жоғарғы топтағы өкілдер жүзеге асырған «Ұлы тур» құжатты түрде 17 ғасырда бекітті. 18-19 ғасырларда мынадай турларға халықтың азаматтық тобы да қозғаушылықты білдіре бастады. Жастар арасында Еуропа елдерінде ұзақ сапарларды жүзеге асыру сәнді деп саналады.

Томас Кук - туризмнің атасы.

Алғашқы бұқаралық турістік саяхатты Англияда Томас Кук 1841ж жүзеге асырды. Лейстерден Лафбораға дейінгі темір жол транспорттық саяхаты жүзеге асырылды. 1845 ж Томас Кук Ливерпульге экскурсия жүргізу үшін саяхатты ұйымдастырды. 1847 ж туристік қоғам ұйымдастырылды. 1863 ж Кук алғашқы туристік фирманы ұйымдастырды. 1882 ж әлемде алғашқы «Куктың дүниежүзілік» саяхаты ұйымдастырылды. Кук алғашқы ерекше туристік- турды құрды. Туристік ағымның кеңейуіне орналастыру және тасымалдау құралдарының дамуын талап етті.

Томас Кук жақсы дамыған аудандарға пайда әкеліп отырды. Мынадай іс-әрекет түріне мемлекет жағынан қызығушылықтар пайда бола бастады. Жергілікті билік органдары оларға қолдау көрсете бастады. Осыған байланысты туристік қоғам ролі мемлекетте ерекше орын алды. Әлемде алғашқы саяхатты ұйымдастырушы бірлестігі 1837 ж Лондонда альпенистік клубы ашылды. 1862 ж Аустриялық альпиндік және Туриндегі клубтары есік ашты. 1863 ж Швейцариялық клуб бекітілді. Еуропалық альпиндік клубтар бір бірімен өзара қызмет етіп, таулы аудандарда саяхаттың ұйымдастырылуына мүмкіншілік туғызады. Сонымен қатар олар осы аудандарда туристік ресурстарды зерттеумен айналысады. 20 ғ I жартысында халықаралық және ұлттық туризм өзіне жана елдерді тартып дамуын жоғарылатуда.

  1. дүниежүзілік соғыс халықаралық туризм көлемін төмендетті. Оның аяқталуынан кейін жойылған туристік инфрақұрылымының қайта жаңаруы басталды. / темір жолдың, қонақ үйлердің жойылуы, қаржының жетіспеушілігі және т. б/. Бірақ бұл кезеңде туристік саяхат АҚШ пен Канадада кең таралды. 1948 ж Жапонияда шетелдік туристердің сапар жасауына ресми түрде рұқсат берілді.

1. 2 Туризмнің түрлері және таралу аймақары.

Қазіргі туризмнің жіктемесі туристік шаруашылықтың аумақтық ұйымдастыруды дамыту үшін бағытталған. Бұл жіктеменің мәні әр түрлі бағыттары бойынша туризмнің жеке формаларын және түрлерін көрсетуде. Қазіргі уақытқа дейін туризмнің жайындаған жіктемесі жоқ. Ол қазіргі туризмнің таза формаларын және түрлерін көрсету мүмкін еместігін түсіндіріледі. Бірақ жіктеме жасау қажетті іс әрекет. Өйткені, ол туризмнің аумақтық ұйымдастырылуын дамытудың біраз мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Туризмді әр түрлі қасиеттері бойынша жіктеуге болады. Мысалы, мақсаты, сипаты, саяхат ұзақтығы, қозғалыс амалы, құрамы және т. б. Бірақ туризмде шешімді рөлді саяхаттың мақсаты атқарады.

Қоғамдық қызмет техникасына байланысты туризмнің 3 негізгі формасы көрсетіледі:

- Емдеушілік;

- Сауықтандыру- спорттық;

- Танушылық.

Туристік ағымның мақсатты бағыттылығы және сипатына, құқықтық статусына байланысты туризм 2 үлкен топқа бөлінеді:

  1. Ішкі \ұлттық/
  2. Халықаралық \шетелдік/

Ішкі туризм - бұл ел ішінде сыртқа шықпай саяхат жасау

Халықаралық туризм - бұл өз елінен тыс жерлерге азаматтық саяхат жасауы.

Ішкі туризм 3 түрге бөлінеді:

  1. Жергілікті;
  2. Аудандық;
  3. Ауданаралық.

Халықаралық туризм 3 түрге бөлінеді:

  1. Ішкі континенталдық;
  2. Дүниежүзілік;
  3. Континетаралық.

Ұйымдастыру сипаты бойынша туризм:

- ұйымдастырылған;

- ұйымдастырылмаған;

- өзіндік іс-әрекет болып бөлінеді.

Ұйымдастырылған туризм - туристер алдын ала келісілген маршрут келу мерзімі бойынша турларды тұтынады.

Өзіндік іс әрекет және ұйымдастырылған өз саяхаттарын жоспарсыз, олардың іс әрекетіне туристік ұйымдарының тікелей қатысуынсыз жүзеге асырады. Бірақ та өзіндік жане ұйымдастырылмаған іс әрекеттің туристік әрекеттері бар. Өзіндік іс әрекеттердегітуристер туристік ұйымдармен бағыныста жумыс істейді. Ұйымдастырылмаған туристер ешбір туристік фирмалармен өзара міндетте болмайды.

Келесі қасиеті:

- Жеке;

- Топтық туризм.

Жеке туризмге бір адам немесе жеке жан ұяның \5 адамға дейін/ саяхаты. Топтық туризм адамдардың \5 адамнан артық/ саяхаты.

Қозғалу қасиеті бойынша туризм:

  • Стационарлық;
  • Көшпелі болып бөлінеді.

Стайионарлық туризмге - емдеу туризмінің және сауықтыру - спорттық туризмнің жеке түрлері жатады.

Көшпелі туризм - үнемі қозғалыста келу орнының өзгеруін білдіреді. \ транспорттық экскурсия/

Саяхаттың мерзімі ұзақтығы бойынша туризм:

- Ұзак мерзімді

- Қысқа мерзімді болып бөлінеді.

Саяхатты жасау қашықтығы бойынша:

  • Таяу өз аймағы шетінде саяхат ұйымдастыру;
  • Алыс өз аймақтан алыс жерлерде саяхаттау.

Туристік қозғалыстың интенсивтілігіне байланысты:

- жыл бойғы туризмге - 1 жыл бойы көрсетілетін туризм

- мезгіл - ол жазда қыста көрсетілетін тур

- мезгіл аралық

Туристік саяхаттың қатысушыларының құрылымына байланысты туризм:

- балалық;

- жастар;

- үлкен жастар халықтық туризм болып бөлінеді.

Саяхатшылар әлеуметтік топтың құрылымы бойынша:

- қалалық халық туризмі;

- ауылдық халық туризм;

- жанұялық туризм болып бөлінеді.

Қабылданған туристік мақсатына байланысты туризм:

- рекреациялық \емдеу және сауықтандыру, спорттық/

- экскурсиялық - мәдени \танушылық/

- маманданған \арнайы бағдарлама және маршрут бойынша жүзеге асыратын тур/

Тасымалдау амалына траспорттық құралдарды қолдануға байланысты туртим 3- ке бөлінеді:

- Транспорттық құралдардың пайдалануынсыз - белсенді;

- Моторсыз транспорттық құралдарының пайдалануымен;

- Моторлы траспорттық құралдарының пайдалануымен - пассивті.

Қаржыландыру бойынша:

- коммерциялық туризм - пайда табу;

- әлеуметтік туризм - халықты қолдау \ жеңілдіктер\

Туристерді орналастыру бойынша:

- Қонақ үй типі;

- Қонақ үй типі емес.

Жалпы әлем бойынша туристік - рекреациялық орындар көптеп кездеседі. Туристік - рекреациялық аудандарды топтағанда оның географиялық орнына, табиғатына, климат белдеулеріне, табиғат зоналарына, мәдениетіне, тарихына, салт - дәстүріне және басқа да ерекшеліктеріне назар аударамыз. Дүниежүзі картасына қарайтын болсақ әр елдің өзіндік ерекшеліктері, туристік мүмкіншіліктері бар.

Туризм- бүкіл әлемдік құбылыс. Қазір туристерді қабылдамайтын, туристерін саяхатқа жібермейтін ел жоқ. Рекреациялық ресурс барлық жерде бар, оның деңгейі экономикалық территорияға сәйкес сұранысқа қарай анықталады, ол, өз ретінде елдің туризм бойынша шығыны мен табысын белгілейді. Бұнын барлығы статистика арқылы көрсетіледі, яғни нақты туризм туралы мәліметтер, оның қрылымы туралы анықтамалар.

Дүниежүзін алты рекреациялық аймаққа бөлуге болады:

  1. Еуропа;
  2. Солтүстік Америка;
  3. Латын Америкасы;
  4. Шетел Азиясы;
  5. Австралия, Жаңа Зеландия және мұхиттар;
  6. Африка.

Европа - халықаралық туризмнің басты бөлігі. Европа елдерінің туризм

саласында бсты орынды алу себебі бірқатар факторлаға байланысты: экономикалық даму деңгейіне, демографиялық жағдайларына, климат ерекшеліктеріне, рекреациялық ресурстардың көптеп болуына, елдің немесе мемлекеттің туризм саласын дамытудағы ұстанған саясатына. Европаны өз ішінде төрт туристік аймаққа бөлуге болады, олар: Жерорта теңізінің ескі игерілген аудандары: Лазур жағалауы(Франция), Италиялық Ривьер, Адриатиканың солтүстік бөлігі, Балеар аралдары (Испания) . Жаңа игерілген аудандар: Коста - Брава, Коста - Бланка, Костадель- Асаар, Коста - Дорада, Күн жағалауы, Канар аралдары (Испания), Ланедок- Руссилон жағалауы, Корсика (Франция), Лигурий жағалауы, Гроссето провинциясы, Адриатика (Италия) . Греция, Түркия, Марокко, Тунис, Египет, Алжир рекреациялық орталықтары.

Альпі туристік ауданы. Альпі тау массиві Франциядағ, Италиядағы, Австралиядағы, Швейцариядағы, Югослаиядағы - ертеден және тау туризмі кеңінен дамыған басты аудандар. Альпі елдерінің ішінде туристер көп баратын жерлерге Швейцария мен Австрия жатады. Бұл елдердің басты туристік орталықтары ( Берн, Граубюнден, Тесин, Цюрих, Тироль, Зальцбург, Каринтия) .

Орталық Европа ауданы - Скандинавия, Жерорта теңізі мен Португалиядан басқа, Европаның барлық елдері. Ондағы негізгі туристік орталықтар ( Висбаден, Баден - Баден, Гарц, Травенмюнде, Зильт аралдары, Шығыс Фриз аралдары, Мекленбург - Браденбург, Тюринг орманы, Руда таулары) . Бельгияның ( Арденны), Голландияның, (Лимбург, Зеландия), Ұлыбританияның (Лондон, Мидленд, Шотландия, Уэльс, ағылшын Ривьерасы) .

Солтүстік Европа ауданы - Швеция. Норвегия. Дания, Исландия, Финляндия жатады. Францияның туристік орталықтары: Сайма көлі, Лаппенранта, Лауритсала, Иматра курорттары; Швецияның туристік орталықтарына: Ботаникалық шығанақ және Балтық теңізі жағалауы, Готланд аралдары, Даларн; Норвегияның туристік орталықтарына: Мьеса көлі, Гудбрансдаль, Ставангер, Хардангер - фьерд, Согне - фьерд; Данияның туристік орталықтарына: (Фюн, Борнхольм аралдары, Ютландия жағалауы) .

Дүниежүзілік негізгі туристік сапарлардың көбісі өндірісі жоғары дамыған елдер арасында жүреді, өйткені оларда азаматтардың шетелге шығу пайызы жоғары ( АҚШ, Франция, Ұлыбритания) .

Европа халықаралық туризмнің басты ауданы. Мұнда туризмнің барлық түрлері, соның ішінде « туризм индустриясы» жоғары даму дәрежесіне жетті. Дүниежүзінің туризм жөнінен жетекші орынды - Испания, Франция, Италия елдері алады. Ең танымал туристік елдер қатарына Ұлыбритания, ГФР, Австрия, Швейцария, Греция, Португалия, Чехия, Венгрия жатады. Андора, Сан - Марино микромемлекеттерде туристерге қызмет ету ертеден ақ басты табыс көзі болып отыр. Мұнда әрбір тұғынға жүз туристен келеді.

Европаның туристік тынығу аудандарының екі түрі - теңіз жағасындағы және таулы аудандар кеңінен мәлім.

Теңіз жағасындағы туризмнің басты ауданы - Жерорта теңізі жағалауы, оған жылына 100 - 150 млн. адам барады. Мұнда Лагурий теңізінің жағалауы ерекше танымал. Онда солтүстіктен Альпі қорғап тұрған әрі орталығы Ницца болып саналатын Көкшіл (Лазурный) жағалауы және Хорватиядағы Адриат теңіз жағалауы, Испания жағалауы, Балеар аралдары жатады.

Таудағы туризмнің басты ауданы - Альпі, мұнда жылына 100 млн. адам барады. Таудың төменгі белдеуі негізінен емдеу мақсатында және жүргіншілер туризмі үшін, ортаңғы белдеуді - тау шаңғысы спортымен, жоғарғы белдеуді - альпинизммен шұғылдану үшін пайдаланады. Сонымен қатар Европаның басты туристерді қызықтыратын көрікті жерлеріне Париж, Рим, Мадрид қалалары жатады. Бұл жерлер « туристік Меккеге» айналып отыр. Бұл қалаларда шілде - тамыз айларында жергілікті тұрғындардан келушілер көп болады. Лондон, Амстердам, Вена, Дрезден, Прага, Будапешт, Венеция, Неаполь, Афины қалаларына да туристер көп барады.

Халықаралық туризмде АҚШ Европадан едәуір артта қалып қояды. Соған қарамастан, бұл елге жылына 45 млн. адам келеді. Бұл мәселеде Канадамен көршілестікте өз әсерін тигізеді. Ішкі туризм ерекше дамуға ие болып отыр. Автосервисті қосып есептегенде, « қонақжайлық индустриясы» жақсы дамыған.

АҚШ әр түрлі табиғи - емдік сипаты бар ресурстарға өте бай. Соның негізінде онда ірі табиғи - курорттық аудандар қалыптасты. Теңіз жағалауы туризмнің басты аудандары - Флорида, Калифорния, Гавай, ал Батыс штаттрда тау туризмі дамып отыр. АҚШ - та 50 ұлттық саябақ бар, оған жыл сайын 50 млн. турист келеді. Олардың ең әйгілері - Йеллоустон, Йосемит, Секвой, Глейшер, Батыстағы Колорадо Үлкен каньон, Аппалачтағы Грейт - Смоки - Маунтинс және т. б.

Шетелдік Азиядағы туризмнің дамуы жөнінен Біріккен Араб Әмірлігі алдыңғы орындардың бірінде.

Біріккен Араб Әмірліктері - солтүстік - шығыстағы Арабыстан түбегінденде Таяу шығыста орналасқан мемлекет. Қатармен, Сауди Арабыстанмен, Оман Сұлтанатымен шектеседі. Солтүстіктегі БАӘ Парсы шығанағының суларымен, ал шығысында Оман бұғазының суларымен жағаласады. Ресми астанасы - Абу-Даби қаласы болып табылады. Ал туристтік және саудалық орталығы - Дубай шаһары - деп есептеледі. Әр бір әмірліктің есімі оның бас қаласының атауымен келеді

Халықтың 80%-ы басқа елден келушілер болып табылады. 2000ж. Санақ бойынша этникалық арабтар барлық тұрғынның 48, 1% (оның ішінде БАӘ арабтары - 12, 2%, бедуиндер - 9, 4%, египеттік арабтар - 6, 2%, оман арабтары - 4, 1%, сауд арабтары - 4%), оңтүстік Азиядан келгендерi - 35, 7%, ирандықтар - 5%, филлипиндіктер - 3, 4%, еуропалықтар - 2, 4%, басқалар - 5, 4% бөлігін құрады.

1971 жылы құрылған федеративті мемлекет Біріккен Араб Әмірліктері - жеті тәуелсіз әмірліктерден тұратын жас ел, әр әмірліктің есімі негізгі қаласымен байланысты аталған белгілеуі болады: Абу-Даби, Дубай, Шарджа, Аджман, Ум-аль Кувейн, Рас-Эль-Хайма және Фуджейра. Әр бір әмірліктің әміршісі - шейх, ал жалпы мемлекеттік басқару билігі жоғарғы кеңеске берілген.

БАӘ-нiң діні - ислам. Дегенмен, басқа діндерге де рұқсат берілген.

Араб тілі, сонымен бірге ағылшын тілі де кең таралған.

Мерекелерi мен демалыстары

1 - қаңтар - Жаңа жыл. 11 - ақпан - Құрбан Айт 5 - сәуір - Хижра бойынша Жаңа жыл. 14 - маусым - Мұхаммед Пайғамбардың туылған күні. 25 - қазан - Лелат аль - Мирадж, Мираж түні. 27 - қараша - Рамаданның басталуы (мөлшермен) 2-3 желтоқсан - Ұлттық күн. Мерзімдері өзгермелі діни мерекелер де бар. Мысалы, Ид Аль Фир - Рамадан аяқталған соң 3-4 күн өткеннен кейін Хижра бойынша жаңа жыл (мұсылман күнтізбесі бойынша) Пайғамбардың туылған күні (Милед ан Наби) .

Діни мерекелердің мерзімі Исламда қабылданған айлық күнтізбе бойынша белгіленеді. Күндік күнтізбеге қарағанда айлық күнтізбенің жылдық айналымы 11 күнге қысқа болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысының қонақ үй шаруашылығының қазіргі жағдайы
Жәнібек ауданында балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту мүмкіндіктері
Халыққаралық туризм формасы ретіндегі рухани туризм
Қонақ үй шаруашылығының туризмдегі маңыздылығы қонақ үй шаруашылығының туризмдегі маңыздылығы
Ішкі туризм
Аймақтық туризм экономикасы
Европа елдері
Қонақжайлылық индустриясында қонақ үй қызметінің белсенділігін арттыру жолдарын анықтау
Қазақстандағы туризм индустриясының қалыптасуы
Шығыс Қазақстан өңірінің туристік потенциалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz