Мектеп оқуының жүйесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Жоспар

Кіріспе тақырыбы

Негізгі бөлім

Ян Амос Коменскийдің дидактикалық білім жүйесі:

Мектеп оқуының жүйесі

Оқыту теориясы

Коменскийдің педагогикалық теориясыны

маңызы

Қорытынды

Қолданылған әдебиет

Кіріспе.

XVI ғасыр мен XVІI ғасырдың аралығындағы жаңа педагогиканың негізін қалаушы, ұлы славян педагогы Ян Амос Коменскии 1592 жылы мартта туды.

1620 жылы чех басқыншыларымен күресте жеңіліске ұшырауына байланысты ұлы педагогиың отаны өзінің дербестігің жойды, ел үлкен күйзеліске кезілесті. Коменскийдің қымбат бағалы кітапханасы мен қолжазбалары отқа жағылды. Ол 1631 жылы “Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі” деген оқулығын жазып шығарды. Білім тарихындағы тұңғыш оқулық жедел 15 елдің тіліне аударылып, мектептерге кеңінен тарады. Келесі жылы Коменскидің есімің дүние жүзіне танытқан “Ұлы дидактика” еңбегі жазылып бітті.

“Ұлы дидактика” Коменскидің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттелді:

Осы еңбектерімен атақты ғалым және педагог ретінде әйгілі болған Коменский 1641 жыл мен 1654 жылдың аралығында әдейі шақырумен Англияда, Швецияда және Венгрияда, болып реформаларын әзірлеу ісіне, оқулықтар және оқыту методикасын жасаумен айналысты. 1648 жылы ол шетелден Лешанға келіп, коменский “чех туыстық” қауышының басшысы болып сайланды.

Осы жылдары оның “Әлемді суреттеп бейнелеу” оқулығы, “Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары” және “Жастарға арналған мінез құлық ережелері” деген педагогикалық шығармалары аяқталды. “Әлемді суреттеп бейнелеу” өмірдің әр саласынан мәлімет беретін энцикиопедиялық кітәп XIX ғасырға дейін балаларға арналған негізгі мектеп оқулығы болып келді. Өмірдің соңғы жылдарын ұлы педагог Амстердамда өткізді, оның “Ұлы дидактикасы” 1657 жылы осында бастырылды.

Коменский 1670 жылы Амстердамға таяу жердегі Каорденде қайтыс болды.

Коменский шығармаларына, әсіресе оның дидактикасына XVI-XVII ғасырдағы жаңа философияның (Диорданно Бруно, Леонардо да -Винчи т. б), әсіресе ағылшын материализмін бастаушы Бэкон (1561-1620) философиясының әсері болды.

2. 1 Коменский өз заманындағы білім беру жүйесіне, мектеп құрылысына мектептің жаңа түрі жөніндегі идеяны қарсы қойды, «Ұлы дидактканың» негізгі тарауларында Каменский реалистік позицияда екендігін, педагогиканың маңызды мәселелерін шешуді өмір тілегіне, өз қоғамының демократиялық топтарының мұқтажына бағындыратынын көрсетті: Ол өмірге пайдалы, іске қажетті білімдерді оқытуды талап етті. Сондықтан мектептің мақсаты - ақылды адамды тәрбилеу. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы, - деді Каменский, - жас жеткіншектерге тәрбие және білім беру. Оның ойынша, адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады. Каменский тәрбиенің ықпал ету үшін осылай көре білді. «Адам болу үшін ол білім алуы тиіс». «Білімділер нағыз адам . . . » - деді.

Оның ойынша адам ақылының шыңдалатын шеберхана сияқты орны - мектеп. Мектеп - « Барлық адамды барлық нәрсеге үйрететін» адамгершіліктің шеберханасы. Каменскийдің ойынша, мкетеп оқушылардың «адамгершілігін», «ақылын» тәрбиелеудегі білім мен оқытуды ұйымдастыратын орталық.

Ол адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отырып, бір-бірімен байланысты құрылған оқудың төрт сатылы кезеңін, осыларға сай төрт түрлі мектеп оқуының жүйесін ұсынды.

1) . Баланың туғанынан алты жасқа дейінгі кезеңінде әр үйде «Ана мектебі».

2) . Алтыдан он екі жасқа дейінгі балалар үшін әрбір қауымда «Ана тілі» мектебі.

3) . Он екіден он сегіз жастағы жастар үшін - әрбір қалада латын мектебі (гимназия) .

4) . Он сегізден жиырма төрт жастағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болу керек деді. Көрсетілген әр сатыдағы оқу бір-бірімен байланысты болды: сөйтіп Каменский XVII ғасырдың өзінде бір текті мектеп жүйесі жөнінде демократиялық принцип ұсынды.

Каменский оқудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірде пайда келтіру деп білді. Мектеп материалдық жағынан да, біліммен қаруландыру жағынан да оқудың жаңа мазмұнын беруге тиіс деді.

Каменский сол кездегі мектептерде латын тіліндегі оқу үстем болып тұрған кезде, бастауыш мектептің ана тілінде болуын талап етті. Бұл мәселеде ол өмірге қажетті бастапқы білім тек ана тілі арқылы ғана беріледі, тек осылай ғана балалардың ақыл-ойын әрі қарай дамыту міндетін жемісті шешуге болады деген негізгі қорытындыға сүйенді. Каменский мектепке ана тілін кеңінен ендіру және оны дамыту жолында қажымас күрес жүргізді. Басқа тілдді меңгеру сол ана тілінің көмегімен жүруге тиіс деген пікір ұсынды: «Алдымен әрине, ана тілі, содан кейінгі ана тілінің орнына жүретін, атап айтқанда, көрші халықтың тілі», - деді.

Каменский білімінің мазмұны мен көлемін де жаңа бағытта шешті. Мектеп оқуында тек ескі тілдерге үйрету, сыңар жақты формалистік грамматика мен риторикаға негізделген классицизм кең тараған дәуірде ол әр салалы жан-жақты білім беруге шақырады.

2. 2. Каменский өзінің тамаша шығармасы «Ұлы дидактиканы» барлық халық жастарының бүкіл білім салаларына жаңа жолмен, оңай және ұғымды етіп оқыту үшін жазды, онда өзінің алдына оқытудың жолын жаңа негізге салу мақсатын қойды.

Каменский мектеп үшін жалпы бағдарламалар, оқулықтар, оқыту методтарын жасап шығару ісін ең негізгі міндет деп санады. Ол оқулықтарға қойылатын талаптар арқылы дидактика мәселелерін анықтады.

«Ұлы дидактикада» төмендегідей төрт дидактикалық сұраққа жауап берілді:

1) . Қалай жақсы оқытып, тәуір оқуға болады.

2) . Оқыту мен оқудың негіздігі.

3) . Оқыту мен оқудың жеңілдігі.

4) . Тез оқытудың ережесі мен тәсілдері.

«Ұлы дидактиканың» арнаулы таруларында оқыту ісіне қойылатын басты-басты дидактикалық талаптар баяндалады.

Олар:

1) . Оқытуға қолайлы уақытты таңдау.

2) . Оқушыларды сабақ оқуға ынталандыру.

3) . Материалды біртіндеп күрделендіру (дәйектілік, жүйелілік) .

4) . Анық пайда келтіретін нәрсені ғана оқыту.

5) . Саналы түрде меңгеретін нәрседен басқаны жаттатпау.

6) . Бала табиғатын ескеріп отыру; қалаған нәрсені немесе оның меңгере алатын нәрсесін ғана оқыту.

7) . Материалды меңгерту үшін мүмкіндігінше сыртқы сезімдерді де қатыстырып оқыту.

Каменский «Ұлы дидактикасында» педагогикалық ойды және мектеп оқуын ілгері дамытуда ерекше роль атқаратын жаңа дидактикалық принцптерді анықтады. Оқудың көрнекілігі, саналы оқу, оқудың жүйелі болуы, сатылы оқу, оқудың оқушы шамасына сай болуы, оқудың негізді болуы.

Каменский көрсеткен бұл дидактикалық принцптері оның педагогикалық жүйесінде бір-бірімен өзара тығыз байланысып отырды.

Алған білімнің тиянақшылығы жөніндегі мәселе - Каменскийдің педагогикалық теориясындағы ең негізгі проблемалардың бірі.

Оқыту ісіндегі тиянақтылық оқытушылар білімінің жүйелілігін, дәйектілігін, өзара байланыстылығын, сонымен бірге біріктігін талап етеді деді Каменский.

Ол өзі ұсынған дидактикалық принцптерін ілгері дамыту және оларды нақтылау мақсатында бірнеше әдістемелік нұсқаулар ұсынды. «Ұлы дидактиканың» ХХІ тарауы «Өнер білім әдісіне» арналған. Мұнда оқу, жазу ойды жүйелі баяндау, тағы басқа практикалық дағдыларды меңгеруге қатысты бірқатар ережелер сөз болады.

Дидактиканың жүйелі және бір ізділік принципіне байланысты Каменский оқытудың «жақынан алысқа», «белгіліден белгісізге», «нақтылыдан абстрактылылыққа», «жеңілден ауырға» қарай көшіп отыратын негізгі ережесін құрды.

Каменский білім беру ісінің ұйымдастыру түрлерін түбірімен бір тәртіпке келтіруді ұсынды. Ол алғашқы рет оқу тоқсандарына жіктелген оқу жылы жөніндегі ұғымды анықтады, оқу күнін, оқушыларға арналған демалысты, оқушыларды мектепте белгілі кезде (бақылау) қабылдау тәртібі, оқу күнінің мерзімін енгізді. Міне осылайша педагогика тарихында тұңғыш рет оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі болып класс сабақ жүйесі ұсынылды. Каменский сабақты ұйымдастыру жөнінен құнды нұсқаулар берді (жаңа материалды өту, оқушылардан сұрау, қайталау және жаттығулар жүргізу, оқушылар білімін тексеру, сабақты жоспарлау, сабақтағы тәртіп тағы басқа) . Ұлы педагогының мұғалімдерге қалдырған өшпес өсиеттерінде: бүкіл педагогикалық процестің жоспарды оқуға қызықтыра тартатындай болып ұйымдастырылуы, оқу баланың жас ерекшелігіне сай құрылып, қарапайым, балаға жатық болуы қажеттігі қарастырылды.

2. 3. «Ұлы дидактиканың» XXVI тарауында мектеп тәтібі және тәрбие мәселелері қаралды. Адамгершілік тәрбиесі жөніндегі мәселелерде Каменскийдің бағыты өте айқын байқалды. Бірақ тәрбиенің бұл саласынанда құнды пікірлер қалдырды.

Ұлы ойшыл адамгершіліктің аса тамаша ерекшеліктерінің бірі эгоизмнен арылу, көпшілік ісінің сәттілігі және әділеттілік үшін әрекет ету деп есептеледі.

Каменский балалармен жастар мінезінде ерлік, өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайылық, еңбек сүйгіштік сапаларды тәрбиелеуді талап етті.

Каменский мектеп тәртібі жөнінен жаңа пікірлерайтты. Оның үлкенеңбегі сонда, ол орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, баламен гуманды қатынас орнатуды жақтады, сонымен бірге мұғалімоқушыларынан тиісті мектеп тәртібін талап ете білу керек деді.

Каменский балаларға тәлім-тәрбие беріп, ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады. Мұғалім өзі тәрбиелейтін балалардың әкесі деп есептеді. Оның ойынша, мұғалім - «мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық оймен қимыл - әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі».

Мұғалімнің балаға әсер ету күшіне ешбір күш тең келе алмайды деген пікірді айта келіп: «Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес», - деді.

Каменскийдің балаларға қолдай гуманистік және оптилистік көзқараспен қарағаны оның мына сөздерінен айқын көреміз.

«Балалардың қандай болып туары ешкімге де байланысты емес, бірақ дұрыс тәрбие беру арқылы олардың жақсы болып шығуы - біздің қолымыздағы нәрсе».

Каменский батыл түрде педагогикаға жаңа бағыт, жаңа жол сала білді, сондықтанда ол «тәрбиенің гамелейі» деген әділ атаққа ие болды.

Славян халқының ұлы педагогы Ян Амос Каменскийдің еңбектері дүние жүзінің барлық елдерінің педагогикалық ойы мен мектеп тәжірибесіне күшті әсерін тигізді. Ол жаңа өмірді байқай білген практик - оқытушы, өз дәуірінің мектептері мен мұғалімдерінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін дарындылықпен қорыта білген жаңашыл - педагог болды.

Бірнеше елдің тілдерінде аударылған Каменскийдің оқулықтары XVII ғасырдың өзінде көп елдерге кеңінен тарады, олар жүз елу жыл бойы бастапқы оқудың ең жақсы оқу кітаптары ретінде басқа прогрессшіл педагогтарға үлгі болды.

Каменскийдің еңбектерін орыстың алдыңғы қатарлы өкілдері педагогика ғылымына қосылған асыл қазына ретінде қабылдады.

Бірақ орта ғасырлық дәстүрлерлің ұзақ уақыт тәрбие мен мектеп өміріне кең түрде қатаң үстемдік құруына байланысты, Каменскийдің жаңашыл педагогикалық идеялары мектеп тәжірибесіне тым шабан, ескі мектеппен тірескен күрес үстінде еніп жатты. Каменский жаңа заман педагогикасын қалыптасуында, әсіресе дидактиканы дамытуда, өте зор тарихи роль атқарды.

XVII ғасырдағы мектептегі білім беру жүйесінің кемшілігін жақсы түсінген Каменский Европадағы оқу-ағарту ісін мүлде қайта құрумен айналыса бастады. Ол оқудың жаңа әдістерімен әдістемелігінің қажеттілігін айтып, білім беру жүйесінің оқудың прогресивтік жүйесін оның барлық адамға бірдей және тиімді де түсінікті болуын, өзіне мақсат етіп қойды. Оның дәлелдеуінше - «балаларды оқыту қажет, біртіндеп қарапайым, элементарлық ұғымдардан күрделіге көшіп отыру педагогикалық талаптардың негізі деп көрсетті. Каменскңий бастауыш оқуды ана тілінде жүргізуді ұсынды.

Каменский мектепке арнап бірнеше оқулықтар жазды, оның мақсаты балаларға өмірдіің тұтас картинасын беру. Оның ғылыми еңбектері, оны бүкіл Еуропаға және жер жүзіне танытты. Ол іс жүзінде оқуды ғылымға айналдырды. Оның педагогикалық әдістері революциялық маңыз алды. Оқуды түбегейлі өзгертті. Каменский педагогика тарихында аса көрнекті алды. Оны ғылыми, теориялық маңызын жоғалтқан жоқ. Оның принциптері, әдістері мен әдістемеліктері, оқыту формалары, мысалы, сынып - сабақ жүйесі - педагогиканың теориялық негізі болып сақталып қойды.

Каменский дәуірінде мектепке білім беру жүйесі бытыраңқылық күйде болды. Мысалы; ер балалар ғана білім алуға құқықты болды. Алайда кедей отбасының балалары мектепке қабылданбады. Сабақтарда латын әрпімен балалардың басын қатырды. Орта ғасырда көптеген мектептер католиктік шіркеудің қызыметі латын тілінде жүргізілді. Мақсат мектепті латын тілінде оқытып дін иелеріне орын толтыру еді.

Ян Амос Коменский 28 - наурызда, 1592 жылы Морави қаласыңда дүниеге кедді. Германияда білім алып, 24 жасыңда ол туыстар общинасының дін қызметшісі міндетін атқарды. 1618 жылы Коменский 240 километрге орналасқан Праганың шығысындағы Фульнекеге келді. Сол жылдары Еуропада протестангазмге қарсы күш - католикгік конитрреформация құрылды. 10 жыддық соғыстан кейін Римдік католиктік дін Моравидда занды түрде жеңіп билік алды. Жоғары сославия өкілдері Коменскийге соған мүше больш кіру немесе отанын тастап кету үйғарылған. Коменский соның әсерінен жер аударылып, семьясымен бірге Лешноға келді. Бұл Поль-шаның белгілі Обшиналық орталығы болатын. Осыдан бастап, ол қуғын көріл 42 жыл бойы айдауда жүрді. Отанына қайтып орала алмады. 1656 жылы Лешнода оның қолжазбаларын өртеді. Бүл жылдары ол бала-шағасынан айырылды. Өмірінің соңы ксзін ол Амстердамда өткізді. Голландия да ол өзінің көптеген еңбектерін шығаруға мүмкіндік алды. 1657 жылы латын тіліңде "Үлы дидактика" басылды. Я. А. Коменский өмірінің соңғы төрт жылы ішінде -"Адам ісін түзетудің бүкіл-жалпылык; Кеңесі" атгы еңбегін жариялады. XVII ғасырда педагогика статус алып, өзінше ғалым болып бөлініп шыққаннан кейін Чехияның ұлы педагогі Я. А. Коменскийдің (1592-1670) беделі және еңбекгерімен әрі қарай бекіп, дами түсті. Осы кезден бастап Коменский-дің теориялық ой-пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан бастап, ол дүние жүзілік аренаға шығып педагогикаға әлем жұртшылығының назарын аударды, қолдау тапты. Коменский дәуірі Еуропада буржуазиялық формацияның үстемдік етіп тұрған кезі болатын, ол соған соқтығысып өзінің философ-гуманист, қоғам-қайраткері, асакөрнекті педагог екенін таныта білді.

XVII ғасырдағы мектептегі білім беру жүйесінің кемшілігін жақсы түсінтен Коменский Еуропадағы оку-ағарту ісін мүлде қайта құрумен айналыса бастады. Ол оқудың, жаңа әдістері мен әдістемелігінің қажеттілігін айтып, білім беру жүйесін, оқудың прогрессивтік жүйесін - оның барлық адамға бірдей және тиімді де түсінікті болуын, өзіне мақсат етіп қойды. Оның дәлелдеуінше - "Балаларды оқыту қажет, біртіндеп қарапайым, элементарлық ұғымдардан күрделіге көшіп отыру педагогикалық талаптардың негізі деп көрсетті. Коменский бастауыш оқуды ана тіліңде (тек латын тіліңде емес) жүргізуді ұсынды.

Ол тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту оқудың ең басты міндеті - деп есептеді. Тәрбиенің рөлін жоғары бағалаған педагог "Адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады", "Адам болу үшін ол білім алуы тиіс", "Білімділер нағыз адам" - деді. "Ілім - нравтылықтың спутнигі" - деді педагог. Оның жүйесінің негізі - ақыл-ой, нравтық, діни тәрбиені жүзеге асыру. Оның айтуынша, ақыл-ой тәрбиесі ақылды еңбектің жемісі. Коменский білім алу тек жастардың ғана міндеті емес, барлық адам оқуы, үйренуі қажет - деді.

Коменский мектепке арнап бірнеше оқулықтар жазды, оның мақсаты балаларға өмірдің тұтас картинасын беру. Оның ғылыми еңбектері, оны бүкіл Еуропаға және жер жүзіне таньпты. Ол іс жүзінде оқуды ғылымға айналдырды. Оның педагогикалық әдістері революциялық маңыз алды. Оқуды түбегейлі өзгертті. Коменский педагогика тарихында аса көрнекті орын алды. Оны ғылыми, теориялық маңызын жоғалтқан жоқ. Оның принциптері, әдістері мен әдістемеліктері, оқыту формалары, мысалы, сынып-сабақ жүйесі - педагогиканың теориялык негізі болып сақталып қалды.

Оқытудың жаңа әдісінің қажеттілігі. Коменский дәуірінде мектепте білім беру жүйесі бытыраңқылық күйде болды. Мысалы, ер балалар ғана білім алуға құкықты болды. Алайда кедей отбасыньң балалары мектепке қабылданбады. Сабақтарда латын әрпімен балалардьн басын қатырды. Орта ғасырда көптеген мектептер Католикгік шіркеудің бақылауында болды. Шіркеудің қызметі латын тілінде жүргізілді. Мақсат мектепті латын тілінде оқытып дін иелерінің орнын толтыру еді. Педагогтар оқыту мақсаты мен міңдетін ешбір ойламады. Жайдан күрделіге көшу ешкімнің есіне келмеді. Тәртіп қатаң болды. Мектептердегі нравтық климат - ұрып, соғу мақсатын көздеді.

Бұл дәуірдегі мектепті Шотландия ағартушысы Саймон Лори - "Ешбір ойластырылмаған", "Ешбір қызықтырмайтын" деп атады. Ал, Коменский одаңда ауыр етіп "Ақыл соғысы" -деп атады. Аңглияда Фрэнсис Бэкон латын окуын айыптады, қайтадан жаратылыс пәнін үйретуді ұсынды. Вольфганг Ратке, Иоганн Валентин Авдреэ - Германияда т. 'б. оқу жүйесін өзгергуге өз беттерінше жұмыс істей бастады. Демек, XVII ғасыр азабы - оқуды өзгерту туралы олардың ешқайсының оку туралы ойларын, ұсыныстарын қабылдамады.

Каменскийдің педагогика туралы алғашқы еңбегі 1630 жылы отбасында тәрбиелейтін аналар мен бала күтетін адамдарға арналды. 1631 жылы "Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі" атты еңбегі жарық көрді. Бұл латын тіліндегі оқуға революциялық дәстүрде соққы берген еңбек болды. Кітапта екі колоннаға белінген - Чех тілі мен латын тілін салыстыра оқытудың мән-жайы түсіндірілді. Еңбекте латынша оқытудың, кемшіліктерін баса көрсетті. Бұл кітаптын кұндылығы сонда, ол 16 елдің тіліне аударылды.

Коменскийдің көпке, оқушылар қауымына таныс жұмыстарының бірі - "Картинада бейнеленген әлем заттарының көрінісі" атты еңбегі. Бұл жас өспірімдерге арналған еді. XX ғасырда педагогика профессоры Элвуд Кабберли былай деді. "Бұл кітап Еуропада бастауыш оқуда 150 жыл орнына 200 жыл пайдаланылды, бұған теңдес кітаптың болмағанының куәсі" - деп, жазды. Қазіргі кітаптар мен окулықтар Коменский еңбектері негізінде иллюстрацияланып жарық көруде. 1657 жылы Коменский латын тілінде "Улы дидакгика" атты еңбегін жариялады. Бүл кітап, оны дүние жүзіне таньпты. Кітап Коменскийдің педагогакалық жүйесін толык және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды.

Я. А. Коменскийдің кейбір педагогакалық принциптері:

Мұғалім материалынын көлемі. "Мұғалім материалды қаңша, білгенінше үйретуі қажет емес, оны оқушылардың менгергенінше үйретуі тиіс" - деп көрсетті. Окыту әтістері. "Барлық уакытга практикалық, өр кезде қызығатын тартымды, осының нәтижесінде мектепте шын мәнінде өмірдің барлық үлгілерін көрсетіп тамаша шығармашылық өнер - бастауы болуы тиіс"

"Жақсы оқу - біреуге жай ғана көмек сияқты болмауы керек, ол аса бір ғанибеттілік пен шын мәнінде білімді меңгеру"-деді Коменский.

"Қабілетті мұғалім деп соларды ғана атауға болады, кім - өте шыдамдылықпен балаға білім бұлағын егетін, қиыншылыкпен оны жеңе білетін адамды айтамыз" (Коменский Я. А. )

"Оқыту жай ғана көрсету емес: бір заттың пайдаланатын орнына байланысты, екінші заттан айырмашылығын, формасын, шығу тегін т. б. кім жақсы айыра, талдай білсе, сол ғана жақсы оқыта алады" (Коменский Я. А. )

Логикалық байланыстар. "Мағынасыз нәрсені қанша айтсанда, түсіне алмайсың, бағалайда алмайсың, дәлірек айтсақ, оны еске түсіруде мүмкін емес" (Коменский Я. А. )

"Бір бөлшегі жоқ дүние - түсініксізде, материалды талдайда алмайсың, алайда оны есіңе де түсіре алмайсың" (Коменский Я. А. )

Түсіну. "Түсіну көп жағдайда адамдар арасындағы ұғынысқа және қарым-қатынасқа байланысы. Неге, ол кіммен, немен байланысты, қаңдай жағдайда, қалай бірінен-бірінің айырмашылығы, ұқсастығы неде?

"Өте жақсы айтылған, алғаш рет біз текстіні окуымыз қажет, демек, оның мазмұнымен танысу үішн, екінші рет - оны түсіну үшін, үшінші рет оны өзінің есінде жаңғырту үшін, төртінші рет біз оны өзімізше қайталауымыз қажет, мақсат оны қалай игергеніміз де".

"Оқудың негізі айнала затты және құбылысты таным процесімен байланыстыру, басқалар байқағаңда жене зат туралы куәлікті жаттаудың қажеті жоқ".

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезеңдегі кітапханада еңбек ұжымын басқару
Мектептің даму жоспарының жобасы және бастапқы нәтижелерді талдау туралы рефлексиялық есеп
Кітапхана – ғылым, мәдениет және руханият орталығы
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНДЕ
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды отбасында тарбиелеу ерекшеліктері
Я. А. Коменский - Еуропа педагогикасының негізін салушы
Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы
Аффект
ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ 12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕП ЖӘНЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Әңгіме жанрын оқытудың негізгі әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz