Конституциялық құқық - құқықтың жетекші саласы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

I - тарау Құқықтық жүйе: ұғымы, мәні және Қазақстан Республикасының

құқықтық жүйесін одан әрі дамыту . . . 5

1. 1 Құқықтың ұғымы, мэні . . . 5

1. 2 Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы . . . 7

II тарау. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін одан әрі дамыту, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мемлекеттік кепілдіктерін нығайту . . . 10

2. 1 Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мемлекеттік кепілдіктерін нығайту . . . 10

2. 2 Қазақстан Республикасы сот жүйесінің дамуы . . . 21

Қорытынды . . . 25

Қолданылған әдебиеттер . . . 26

КІРІСПЕ

Курстық жұмысының өзектілігі: Көптеген құқық нормалары әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде бірімен-бірі келісімді байланыста болады. Құқық жүйесі объективтік сипатта болады, себебі шын мәнісіндегі бар қоғамдық қатынастар жүйесін көрсетеді және адамдардың субъективтік көзқарастарымен құрылмайды. Құқық жүйесі экономикалық, саяси, адамгершілік және басқа қоғамдық қатынастармен, сол елдің тарихи даму барысымен, оның ұлттық ерекшеліктерімен қамтамасыз етіледі. Осы фактілердің бәрі құқық жүйесіне объективтік сипат береді және оның бірлігін, келісімділігін белгілейді. Құқық жүйесі тұтас бірлікте құралады, ондағы құқық нормалары бір - бірінен келісімді және жеке қимыл жасамайды. Құқық нормаларының бірлігі және құқық жүйесінің бойындағы келісімділігі құқықтық принциптердің бірлігімен қамтамасыз етіледі және атқаратын функцияларымен құқықтық мақсаттарға сай болады. Құқық жүйесінің өзі, шын мәніндегі қоғамдық қатынастардың сипатына қарай, оларға мақсатты ықпал жасайды. Оның тиімді болуының өзі, қоғамдық дамудың қажеттілігін қалай көрсетуіне, белгіленген мақсаттарға жетуге қосқан үлесіне байланысты. Құқықтық реттеуде, кейбір құқық нормаларының бір-біріне қайшылығы көп зиян келтіреді. Заң шығарушының мақсаты - құқық жүйесінің жағдайына қарау, оны жетілдіру, дер кезінде жетімсіздікті, қайшылықтарды жою болып табылады. Құқық жүйесі құқық ережелерінің тұрақтылығына байланысты және сонымен қатар, өзінің жөнді динамизмінен айырылмауы қажет, дәлелденген өзгерістер және құқық жүйесін әрдайым толықтыру қажет, себебі коғамдық тәжірибе әр уақытта бір орында тұрмайтыны анық. Құқық жүйесі, өте қиын құбылыс, өзінің белгілі құрамы бар, өзін құрайтын шартты бөліктерден тұрады - құқық салалары және институттары, олар коғамдық қатынастардың жекелеген топтарын реттейді. Жекелеген құқық нормалары, басқа біржақты, нормалармен бірігіп, соған не болмаса басқа құқық институттарына жатады. Сондай қызметтеріне байланысты құқық нормаларының реттеу рөлі көрінеді, олардың әлеуметтік орны белгіленеді. Құқықтық институттар бірігіп, сол қоғамның құқық жүйесін құрайтын құқық саласына айналады.

Құқық жүйесі - құқықтың ішкі құрылымы, барлық құқық нормаларының бірлігімен, келісімділігімен, олардың сапарларға қосымша салаға, құқықтық институттарға бөлінуіндегі қисынымен көрінеді. Қоғамдағы құрылған құқық жүйесі осы елдің тарихи дамуындағы заңдылық ерекшеліктерін көрсетеді. Ол көптеген қоғамдық қатынастардың ықпалымен және қажеттілікпен құрылады, қоғамның көпжақты мүдделерін және даму болашағын қамтиды. Жүйе, философиялық түсінік ретіңде - бөліктерден (элементтерден) тұратын тұтас құбылыс, бір-бірімен қарым-қатынаста және әрекеттестік жағдайда болады. Біртұтастығына байланысты өзін құрайтындарынсыз болмайды, сол сияқты оны құрайтын жеке бөліктері де, жүйесінсіз өз еріктерімен жеке функцияларды орындай алмайды. Құқық жүйесі жалпы объективтік заңдылықтар негізінде құрылады және қызмет істейді. Ол өте күрделі және даму жағдайындағы әлеуметтік құбылыс, нормативтік нысанда қоғам өмірінің заңдылықтарын көрсетеді және бекітеді. Құқық - жүйе ретінде мынадай белгілермен сипатталады:

біріншіден, құқық - жиынтығы емес органикалық тұтас, құқықтық құбылыс. Құқық нормалары, объективтілігімен сипатталады. Ол адамдардың субъективтік пікіріне сай құрылмайды, себебі сол ортадағы бар жүйенің қоғамдық қатынастарымен қамтамасыз етіледі. Құқық бір жағынан, арнайы нысанда сол жүйенің қатынастарын көрсетеді, екінші жағынан, оларға реттеушілік ықпалын тигізеді. Егер, құқық өзінің нормаларында қоғам өмірінің қажетін дұрыс көрсетпесе, қоғам дамуына кедергі болады. Былайша айтқанда, заңдар немесе нормалар, қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білмесе, ол - өз мәнінде жүргізілмеген құқықтың шығармашылық нәтижесі.

Құқықтық жүйе - біртұтас және өзін құрайтын нормалар қарым қатынастығымен сипатталады. Олардың реттеу күші, жалпылама алға қойған мақсаттарына жетуге арналған бір-бірімен келісушілігінде. Құрамның әрбір бөлігі құқық жүйесінен алынбаса, жүйелік қызмет әрекетінен және әлеуметтік маңыздылығынан айырылады. Екіншіден, құқық жүйесі - көп салалы өзіне мазмұндары бірдей емес және көлемі жағынан да өзгеше, құрамдық бөліктерін қосып алады. Біртұтас құрылым болғандықтан, құқық жүйесі құқық нормаларына, құқық институтына, әр түрлі салаларға және сапа бөліктеріне бөлінеді. Ондай бөліну, құқық жүйесінің көрсететін және реттейтін коғамдық қатынастардың жан-жақтығына байланысты. Курстық жұмысының мақсаты. Құқықтық және мемлекеттік құрылыстарды олар тарихи дамуында және Құқықтық тенденциялар Ежелгі Грецияда және Римде сонымен қатар Ежелгі Тарихи қалыптасқан нәрсе Қазақстанның құқықтық мәдениетінің құрылымына шығыстық дәстүрлер құқықтық жүйенің тарихы жағынан қарағанда сол кездегі құқықтық актілер

Зерттеу пәні. Зерттеудің нақты пәнін қоғамның құқықтық жүйесі бойынша

Курстық жұмысының міндет: құқықтық жүйе құқықты қолдануға байланысты барлық тәсілдерді толықтай біріктіреді. Екіншіден, құқықтық жүйе барлық құқықтық құбылыстардың жаңа деңгейде бірігуін білдіреді. Құқықтық жүйе құқықтық мемлекеттің бір белгісі болып табылады. Профессор Н. И. Матузовтың пікірі бойынша: «құқықтық жүйе ұғымының құндылығы қоғамның құқықтық жүйесін талдаумен байланысты болады». Сондықтан кез-келген заң құқықтық жүйенің иерархиялық құрылымына қайшы келмеуі керек. Құқықтық жүйенің қалыптасуы салыстырмалы ұзақ кезенді алатын қиын іс болып табылады. Заңи әдебиеттерде құқықтық жүйе категориясын салыстырмалы түрде жаңартып отырады. Ол 80 - жылдардың аяғынан бастап енді. Бірақ та Батыс заңгерлері бұл ұғыммен бұрынғы кезден айналысуда. Құқықтық жүйе құқықтық материя құрылыммен жақын байланысты яғни, ол иерархиялық көп құрылымдық сияқты аспектілерден тұрады. Құқықтық жүйе динамикалық даму үстінде болады яғни, ол туралы ұғым үнемі өзгеріп отырады. Құқықтық жүйе басқа құқықтық терминдерден ауыстырмайды және өзгертпейді. Ол жеке ғылыми жүктемені яғни, барлық құқықтық құбылыстардың бірлігін білдіреді.

Зерттеу нысаны: Барлық қоғамның құқықтық жүйелерінің пайда болуы, қалыптасуы және дамуына байланысты туындаған әдеттік құқықтық қатынастар, олардың табиғаты, мәні мен мазмұны, негізгі өрбу кезеңдері мен ерекшеліктері құрайды.

Курстық жұмысының құрылысы: Кіріспеден, екі күрделі тараудан, оның ішінде тақырыпшадан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттен құрылады.

I - тарау. Құқықтық жүйе: ұғымы, мәні және Қазақстан Республикасының

құқықтық жүйесін одан әрі дамыту

1. 1 Құқықтың ұғымы, мәні

"Жүйе" ұғымын XX ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи (1901-1972) . Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде қарады. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса, барлық тұтастық өзгереді. Жүйе сыртқы дабылдарға және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына жауап қайтару арқасында дамиды. Кейін жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарда пайдаланыла бастады. Социологияда коғамды жүйелік түрде талдаған - Т. Парсонс. Ол қоғамды өзара байланыста болатын 4 жүйешіктен (экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани) тұрады деді. Жүйешіктін әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады, іштен және сырттан түсетін талаптарға құлақ асып, жауап қайтарады. Олар қосылып жалпы коғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді. Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады. "Кірістің" 2 түрі бар: талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың, қазына мен қаржының, қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің, мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және әр түрлі болады. Мысалы, еңбекақыны көтеру, жұмыс күнін қысқарту, әлеуметтік салаға қаржыны көбейту, білім алу мүмкіндігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау және т. б.

Мұндай талаптар көбейіп, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді. Егер де қоғамда маңызды экономикалық және саяси өзгерістер болып ж атса, оның құқықтық жүйесі де өзгеріссіз қалмайды. Өйткені қоғамның экономика лық және саяси жүйесі құқықтың қатысынсыз өмір сүруі мүмкін емес. Кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесі қоғамның дамуының заңдылықтарын, оның тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерін көсетеді. Әрбір мемлекет басқа мемлекеттің құқықтық жүйелерімен ұқсастықтары және өзіндік ерекшеліктері бар жеке құқықтық жүйесі болады. Құқықтық жүйе дегеніміз - белгілі бір елдегі, қоғамдық қатынастарды реттейтін бір бірімен тығыз байланысқан құқықтық құрылымдардың және сол елдің құқығының дамуының деңгейін сипаттайтын элементтердің жиынтығы. Құқықтық жүйе келесі элементтерден құрылады:

1. позитивті құқық, яғни заңдарда немесе басқа да нормативтік актілерде бекітілген мемлекет белгілеген жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі;

2. құқықтық идеология қоғамдағы құқықтық көзқарастар, идеялар, түсініктер жиынтығы.

3. құқықтық сана жеке адамдардың және әлеуметтік бірлестіктердің мемлекетте әрекет ететін және қоғам қалайтын құқыққа қатынасы;

4. сот тәжірибесі. Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 ; 4 статьяларының негізінде құрылады. Бұл статьяларда заң шығарудың, құқықтық тәжірибенің және үстемдік ететін құқықтық сананың демократиялық, гуманистік сипаты, яғни Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесінің құрылымының ерекшеліктері көрсетіледі. Егемендік алғаннан кейін ҚР әр түрлі факторларды ескере отырып өзінің жаңа ұлттық құқықтық жүйесін құрайды. Жалпы Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін көрсете отырып, оның роман - германдық құқықтық жүйеге жатқызуға болады.

Ең алдымен, Республикамызда құқықтың негізгі қайнар көзі - нормативтік - құқықтық акт. Конституцияның 4 - статьясында «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, оған сәйкес келетін заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттың және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республиканың Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» делінген.

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі құқықты қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей мінез - құлық ережелерінің жиынтығы ретінде түсінуге негізделеді.

Адамның табиғи құқығы мен бостандығын мойындау, конституция деңгейінде бекіту және ерекше мән беру - Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің тағы бір ерекшелігі болып табылады.

Сот органдарының заң шығаруға құқығы жоқ. Олар тек заңды қолданады және құқықтық нормаларға түсінік береді. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің тағы бір ерекшелігі - Конституцияның жоғарлылығы. Бұл принцип мемлекеттің Конституцияға бағыныштылығын білдіреді, яғни, барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды адамдардың жұмысы Конституцияға негізделуі керек. КР-ң негізгі заңы, барлық нормативтік құқық тық актілердің негізі.

Республикада қабылданған заңдар мен өзге актілердің Конституцияға сәйкестігін Конституциялық Кеңес қабылдайды.

KP-да құқықтың жеке салаларына жататын мемлекет заңдары бірыңғай жүйеге келтірілген.

Қорытындылай келе, ҚР-Ң ұлттық құқықтық жүйесінің роман-германдық құқықтық жүйеге сәйкес келетін көптеген белгілері бар. Олар:

1. құқықтың негізгі қайнар көзі - нормативтік-құқықтық акт;

2. заңдардың жүйеленуі;

3. Конституцияның тікелей қолданылуы;

4. құқықты қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде түсіну және тағы басқалары.

1. 2 Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы

Құқық ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық құбылыс ретінде түсінілетін философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек. Алдымен, субъективтік тұрғыдан қарастырсақ құқық қандай да бір тұлғаның мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету, демалу, өмір сүру, қорғану құқығы секілді тікелей субъектімен байланысты құқықтар. Объективтік мағынадағы құқық - нормативтік құқықтық актілерде белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді. Бұл орайда көрсетіп кету керек - субъективтік құқық объективтік құқықтың негізінде туындайды және тоқтатылады. Мәселен, 1999 жылдың 1 маусымынан бері "объективтік құқықтын11 негізінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық көлікте тегін жүруге деген "субъективтік құқықтары" тоқтатылып, жеңілдіктер алынып тасталған. Құқық бұл көрсетілгендерге қоса, оқу пәні ретінде де түсініледі (әкімшілік құқық, Азаматтық, құқық, Еңбек құқығы және т. б. ) Құқықтық объективтік және субъективтік мағыналардың біріктіріле түсінілетіндігі де жоққа шығарылмайды. Осыларға қарап құқықтың аса күрделі категория екенін білуге болады. Жалпы алғанда құқық дегеніміз - мемлекет белгілеп, мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде.

Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп, тиянақталған оның түп қазық бастауларында, негізгі принциптерінде ашылады. Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің тендігі; демократизм, интернационализм, гуманизм. Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы. Бұл ереже Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық болып табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық мемлекеттік билікті тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады.

Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі- мемлекеттің материалдық-техникалық базасын құрудағы маңызды шарт. Конституцияда Республиканың экономикасы мемлекеттік, сонымен қатар жеке меншік нысандарына негізделетіні, ал мемлекет меншіктің барлық субъектілерінің заң алдындағы мемлекеттер аумағындағы өзінің азаматтары мен заңды тұлғаларының өз мүліктеріне деген меншіктік құқығын қорғайды. Демократизм азаматтық құқықтар мен бостандықтардың кен. ауқымымен ұштаса отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге қатысу құқығын қамтамасыз ететін оның құқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді. Демократизм азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі айрықша орын алатыны - олардың мемлекеттік істерді басқаруға қатысуы міндеттерін орындауы арқылы мейлінше толық жүзеге асады. Қазақстан Республикасы қоғамдық, бірлестіктердің Конституция мен заңдар шеңберінде мемлекеттік істерді басқаруға, заңдарды талқылау мен қабылдауға, мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді шешуге қатысуына кепілдік береді.

Интернационализм - барлық ұлттар мен ұлыстардың өзінің саяси, шаруашылық және мәдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі тендікті тану және оны құқықпен қамтамасыз ету болып түсініледі. Республикамызда нәсіліне, ұлтына, тіліне және т. б. жағдаяттарға қарамастан құқық пен бостандық тендігіне кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан халықтары Ассамблеясы интернационалдық ұйым.

Гуманизм (латын тіліндегі һитапиз - адамдық, адамгершілік) - адамның жеке тұлға ретіндегі кұндылықтарын, оның еркін даму және өз қабілеттерін көрсету құқығын тану. Адамның қадір - қасиеті мен құқықтарын қадірлеуді қамтамасыз етуден тұратын басты құқықтық принциптердің бірі - оның игіліктеріне қамқорлық, жасау. Адамгершілік принципі Ата Заңымызда айрықша аталған. Онда әркімнің өмір сүруге құқығы бар екені, ешкімнің ез бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ екені, сондай-ақ адам мен азаматтың ар-ожданы мен абыройына қол сұғуға болмайтыны жөнінде баяндалған. Сонымен қатар адамның кінәлі екендігі сот үкімімен дәлелденіп, үкім заңды күшіне енбейінше, адам қылмыс жасады деп танылмайтындығы жөніндегі қағида орнықтырылған. Осылайша, кез келген күдік дәлелденгенге дейін айыпталушы тұлғаның пайдасына шешіледі. Құқық пен моралдың, өзара байланысы және өзара шарттастығының арақатынасы қандай? Біздің құқыққа моралдың жоғары принциптері тән. Мораль да, құқық та әлеуметтік нормалардың түрлері ретінде бір мақсатқа: әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлігі - мызғымас Қазақ мемлекеттілігінің құрылысына қызмет етеді. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал - демократиялық мемлекетті орнату. Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі - функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше үрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау, орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функцияны ішкі және сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда.

Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін - мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең - сатылары: функция - орган аппарат - мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде - мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:

- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және қатынастардың түрлері арқылы анықталады;

- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;

- мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;

- мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының әдіс-тәсілінен айыра білуге болады;

Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, еріксіз түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің құзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз етіледі.

Құқықтың саясатпен және экономикамен арақатынасын білудің құқықтың мәнін сипаттаудағы маңызы зор. Құқық пен саясаттың мазмұны қоғамдағы өндірістік қатынастармен айқындалады. Мемлекеттің саяси шараларының басты аспектілері құқықта бейнеленіп көрсетіледі.

Құқық экономикалық базистің қондырмасы деп саналады. Өмірдің материалдық жағдайы өзгерген сайын құқықта өзгеріп отырады. Қазіргі уақыттағы шаруашылық жүйесінің өзгеруіне байланысты заңдардың да тиісінше өзгеріске ұшырап, толықтырылып отыруы заңды құбылыс. Қоғамдық қатынастардың бұдан кейінгі дамуында да құқықтың рөлі арта түсуі керек. Конституциялық құқық дегеніміз - Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғамдық құрылысының негіздерін құрайтын қоғамдық қатынастарды, мемлекет пен жеке адамның қарым-қатынасын, принциптерін, сайлау жүйесінің негіздерін халықтың қолындағы мемлекеттік билікті іске асыру тетіктерін реттейтін және белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Конституциялық құқық - құқықтың жетекші саласы. Себебі оның басты қайнар көзі Конституцияның өзі болып табылады. Ол мемлекеттік билікті жүзеге асыру аясында қалыптасқан маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді. Оның нормалары басқа құқық салалары үшін бастапқы негіз қызметін атқарады. "Қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз" деген жолдармен Конституциямыздың қабылдануы ұлттық мемлекеттің дамуындағы маңызды кезең болды әрі республикадағы саяси, экономикалық, әлеуметтік дамудың бай тәжірибесін нығайта түсті.

Мемлекет және жеке адам Ата заңымызда Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары танылып, оларға кепілдік берілетіні жөнінде айтылған. Мемлекет өз қызметін азамат пен қоғамның мүддесінде жүзеге асырады. Біздің қоғамымыз - шынайы ізгілікті қоғам. Осыған байланысты бізде қоғам мен жеке адам арасындағы қарым-қатынас мәселесіне елеулі мән беріледі. Конституцияда жеке адамның құқықтық жағдайы, оның қоғамда алатын орны, яғни құқықтық мәртебесі баянды етілген. Құқықтық мәртебе (латынша status - орын, жағдай) - Республика азаматының құқықтық жағдайы (құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы) . Республикадағы әрбір адам азаматтық алуға, оны өзгертуге құқылы.

Азаматтық деген ұғым адамның белгілі бір мемлекетке құқықтық тиістілігін түсіндіреді. Азаматтыққа қарай адамға мемлекеттің заңдары, белгіленген азаматтық құқықтар мен міндеттер тарайды.

II тарау. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін одан әрі дамыту, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мемлекеттік кепілдіктерін нығайту

2. 1 Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мемлекеттік кепілдіктерін нығайту

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының конституция лық құқығы туралы түсінік және оның мәні
Конституциялық құқығының түсінігі, қоғамымызда қалыптасқан құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін талдау
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫМЫ
Қазақстан Республикасынаң құқығы негіздері
Конституциялық құқықтың ұлттық құқық жүйесіндегі рөлі, конституциялық құқық ғылымы
Конституциялық құқықтың түсінігі
Конституциялық құқықтық қатынастар түсінігі, түрлері, пайда болу негіздері, ерекшеліктері
Конституциялық құқық ұғымы
Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің жетекші саласы
Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz