ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА МОРАТОРИЙ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. Өлім жазасы . . . 5

1. 1 Қазақстандағы өлім жазасын жою: қазіргі жағдайы және болашағы . . . 5

1. 2 Шетелдегі өлім жазасы . . . 17

ІІ. ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА МОРАТОРИЙ . . . 21

2. 1. Адам - мемлекеттің ең қымбат қазынасы . . . 21

2. 2. Халықаралық ұйымдардың өлім жазасына мораторийге көзқарасы . . . 23

Қорытынды . . . 25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 26

Кіріспе

1990-жылдары Қазақстан Республикасы егемендікке қол жеткізген кезде президенттік басқару жолы елімізді экономикалық және саяси күрделі жағдайда дағдарыстан абыроймен шығарды. Сол кезде халықтың болашағы мен қауіпсіздігіне кепіл беретін сауатты көшбасшыға мемлекет мұқтаж болды. Даму нәтижесінде біз саясатымыздың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, бүкіл әлемге Президент басқарып отырған республикамыздың жан-жақты дамығанын көрсете білдік.

Қазір Елбасымыз жүргізіп отырған саясатының арқасында тәуелсіз Қазақстанды жер жүзі танып, мойындады. Мемлекетіміздің алдында дүние жүзі бойынша бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына ену міндеті тұр. Ол үшін қазақстандық даму моделін халықаралық стандарттарға жеткізу қажет. Демократиялық реформалар бағдарламасын жүзеге асыру барысында бүгінгі таңда Ата Заңымызға өзгерістер енгізу қажеттілігі қайта туындады.

Әртүрлі қоғамдық ұйымдардан Ата Заңымызға енгізу үшін көптеген ұсыныстар түсті. Өзгерістер енгізу барысында көптеген мәселелер ашық талқыланды, ой-пікірлер айтылды. Олардың ішінде елімізде мемлекеттік басқару жүйесін бекіту, орталық атқарушы органдардың жетекшілерін, ұлттық компаниялар басшыларын тағайындау және қызметтерінен босату рәсіміне өзгерістер енгізу, Парламент Мәжілісінде халық өкілдерінің санын арттыру үшін және Астана қоғамдық бірлестіктердің ұсынуымен депутаттардың санын көбейту, саяси партиялардың маңыздылығын арттыру және т. т.

Сот жүйесінде де өзгерістер орын алды: өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар және соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді. Сондай-ақ, Жоғары Сот Кеңесі әділет біліктілік алқасының аудандық және оларға теңестірілген соттар төрағалары мен судьяларының лауазымына үміткер адамдарды конкурстық іріктеу және аталған мемлекеттік лауазымдарға тағайындау үшін ұсыным беру жөніндегі өкілеттіктерін алатын болды. Депутаттардың саны көбейеді. Парламент алдында Үкіметтің есеп беру міндеті бекітілді. Мәжіліс депутаттарының өкілеттіктері кеңейеді: Конституциялық кеңес, Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесін қызметіне тағайындау үшін депутаттар кандидатураларды ұсынатын болды. Ал Конституциялық Кеңестің құзырына Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Конституцияға сәйкестігін қарастыру рәсімі берілді. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астана әкімдерін қызметке Президент тиісті мәслихаттардың келісімі бойынша тағайындайтын болды.

Бұл өзгерістер қоғамымызды өркендетіп, экономикамызды арттыруға көп септігін тигізеді. Әрине, мемлекетті басқарудағы шынайы демократиялық қағидаттарды қолдауымыз керек. Өкілетті органдар арқылы барлық деңгейдегі басқару үдерісіне азаматтарды қатыстыру қажет. Бұл сыбайлас жемқорлықпен, басқа да жағымсыз құбылыстармен күресудің нақты механизмі болады.

Өлiм жазасы-ату жазасы адамның өмiрiне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшiн, сондай-ақ соғыс кезiнде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттiк сатқындық, бейбiтшiлiкке және адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшiн ғана ең ауыр жаза ретiнде қолданылуы мүмкiн. Өлім жазасы үстіміздегі жылдың мамыр айында Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты кісі өліміне соқтырған лаңкестік және соғыс уақытында жасалған ауыр қылмыстар үшін ғана белгіленетін болды. Сонымен қатар, бұл үкімге кесілген жандарға рақымшылық сұрау құқығы да беріліп отыр. Аталған түзетулерді жүзеге асыру үшін заң жобасы дайындалды. Бұл жайында Әділет министрлігі дайындаған заң жобасында Қылмыстық кодекстегі кейбір баптарға және Қылмыстық-процессуалдық кодекстегі қылмыстық заңмен өлім жазасы көзделетін қылмыстарды облыстық немесе оған теңестірілген соттардың аталған істердің сотқа жататындығын қайта қарау бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Сөйтіп, террорлық қылмыс аталған заң жобасы бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабында қарастырылып отыр. Өлім жазасы да осындағы бірқатар баптарда көрсетілген. Бұларға өзгерістер енгізілмейді. Сондықтан жиналған комиссия мүшелеріне өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқық жөніндегі халықаралық пактіге қосымша Екінші факультативті қаулы мен еліміздің Конституция нормаларын басшылыққа ала отырып көрсетілген баптардағы өлім жазасын алып тастау немесе қалдыру қажеттігі талқыға түсті. Бірақ қазіргі уақытта өлім жазасына мораторий енгізілген. Қазақстан Республикасының Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген кезде, өлім жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады. Бұл - демократиялық мемлекет қалыптасуына игі ықпал ететін үдеріс. Елдің дамуы мен демократия бір-бірімен тығыз байланысты екені бәрімізге мәлім. Осындай конституциялық реформалар елімізді демократияландыруға оң әсерін тигізетініне күмәнім жоқ.

1. Өлім жазасы

  1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЛІМ ЖАЗАСЫН ЖОЮ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

Өлім жазасы тақырыбы жүздеген жылдар бойы бүкіл әлем халқын толғандырып келуде. Бұл адамзат баласын бітіспес екі лагерге: өлім жазасының жақтастары мен қарсыластарына бөліп тастаған, ғасырлар бойы оның ой-санасын сергелдеңге салып келе жатқан мәселе. Олардың алғашқылары елде өлім жазасының жоқтығы - оның өркениеттілігінің көрсеткіші деп бізді сендіріп бағады. Ал екіншілері болса, қоғам өркениеттілігін онда өлім жазасының мүлде болмауы емес, қайта керісінше өлім жазасы тағайындалатын рақымсыз да қатыгез қылмыстардың болмауы ғана айқындайды деп есептейді.

«Қанға-қан, жанға-жан» деген қанды кек қағидасы бойынша жазалау, қорқыту - бүгінгі таңда өлім жазасына кесу туралы үкімдердің пайдасына айтылып келе жатқан дәлел болып тұр. Енді сол үкімдердің қаншалықты тиімді екенін және алдын-алу шарасы ретінде өзін-өзі қаншалықты ақтайтынын қарастырайық.

Бәрінен бұрын, кінәсіз адамды өлім жазасына кесу қаупі әр кезде де болғанын есте сақтаған жөн. Әлемде қылмыстық сот ісін жүргізудің әбден жетілдірілген жүйесі жоқ және олардың ешбірі де, заңдарда қарастырылған процедуралық кепілдіктердің санына қарамастан, білместікпен немесе әдейі жасалған қателерден сақтандырылмаған. Қателік жасау, соның ішінде орны толмас қателік жасап, кінәсіз адамды өлім жазасына кесу - бүгінгі күннің ащы шындығына айналып отыр.

Адам құқы жөніндегі халықаралық Хельсинк федерациясы 2005 жылы желтоқсаннан бастап Орта Азия елдерінде өлім жазасын алып тастау жөніндегі екі жылдық жобаны орындауға кірісті. Оның негізгі мақсаты - халықты ақпараттандыру және өлім жазасын қолдану мәселесін талқылауды құқық қорғау проблемасы ретінде қарастыру. Жобаны орталық-азиялық аймақтың төрт мемлекетінде - Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда жүзеге асыру көзделген.

Қазіргі уақытта Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда өлім жазасын қолдануға мораторий жарияланған. Ал Өзбекстанда президент жарлығына сәйкес, өлім жазасы 2008 жылдың 1 қаңтарынан кейін ғана алынып тасталмақ, қазіргі кезеңде елде өлім жазасы қолданылып отыр. Ал Түркіменстанда өлім жазасы 1999 жылы алынып тасталған.

Қазақстанда мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, 2003 жылдың желтоқсан айынан бастап өлім жазасының орындалуына мораторий жарияланғаны белгілі. Ал 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикада жазалаудың ең жоғары шарасы ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген.

2007 жылғы 2 қаңтарда Италия Республикасы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына өлім жазасына жалпыға бірдей мораторий енгізу туралы ұсыныс жасады. Қазіргі уақытта Италия Республикасының Сыртқы істер министрлігі мораторийді бекіту туралы қарар жобасын БҰҰ Бас Ассамблеясының күн тәртібіне енгізу үшін халықаралық консультациялар жүргізуде. Осы бастамашылықты 85 мемлекет қолдады.

Бүгінде әлемдегі 120 мемлекет заңнамалық тәртіппен өлім жазасының күшін жойды немесе оны іс жүзінде қолданбайды. Бұл мәселе бойынша әдеттегідей еуропалық өңірдің ұстанымы мейілінше жоғары: Еуропа Кеңесіне мүше елдерде соңғы 10 жыл ішінде бірде-бір өлім жазасы орындалмаған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес, адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы болып табылады. Өмір сүруге құқық адам құқықтарының бірінші және олардың ішіндегі ең маңыздысы ретінде қарастырылады. Осы құқықты қамтамасыз етуді Ата Заңымыз мемлекеттік саясаттың басты қағидаты ретінде белгілейді. Жазалауды қолдануды ізгілендіру саласындағы әлеуметтік-экономикалық реформалар мен өзгерістер осы қағидаттың мемлекет қызметіндегі маңыздылығының және адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды ұстанатынымыздың дәлелі. Сондықтан жүргізілген либералды реформалардың қорытындыларына негізделе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі Италия Республикасының ұсынысын қолдауға және одан басқа Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қосылу арқылы өлім жазасының күшін жою жөніндегі әрекеттерін жалғастыруға дайындығын білдіруге тиіс деп ойлаймын.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардың өзінде-ақ, елде құқықтық реформа басталуымен бір мезгілде өлім жазасын кезең-кезеңмен жоюға бағыт алынды, Қазақстан оны қатаң ұстанып келеді.

Әуелі ұрлық, жалған ақша жасағаны, валюталық операциялар туралы ережені бұзғаны үшін тағайындалатын өлім жазасы заңнама арқылы жойылды. Кейінірек қарақшылық жасағандарға, түзеу мекемелбрінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғандарға, кісі зорлаґандарға және пара алғандарға қолданыл0тын өлім жазасынан бас тартылды. Өлім жазасын қолданудың аясын шектеу үрдісі 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Қылмыстық кодексте де жалғасын тауып, ол осы жаза тағайындалуы мүмкін әрекеттердің санын екі есеге қысқартты. Нәтижесінде өлім жазасын соттар ауырлататын мән-жайларда қасақана кісі өлтіргені үшін ғана тағайындайтын болды. Кодекс өмір бойы бас бостандығынан айыруды өлім жазасының баламасы ретінде белгілеп, сондай-ақ өлім жазасын қолданудағы жаңа шектеулерді және осы жазаға кесілген тұлғалар құқықтарының қосымша кепілдіктерін бекітті. Өлім жазасын әйелдерге, сондай-ақ 18 жасқа толғанға дейін қылмыс жасаған тұлғаларға, және үкім шығарылатын кезде 65 жасқа толған ер кісілерге тағайындауға тыйым салынды. Кінәліге өлім жазасы барлық судьялардың бірауыздан қабылданған шешімі бойынша тағайындалатыны, ал үкім оның қолданысқа енгізілгенінен кейін кемінде бір жыл өткен соң орындалатыны туралы ереже заңнама арқылы бекітілді. Адам құқықтары мен демократияны алға бастыру дүниежүзілік таңғажайып құбылысы болып табылады. Сонымен бірге, бүкіл дүние жүзінде демократия мен демократиялық билікпен қорғалатын жалпыға бірдей құндылықтар жайлы пікірталас қызуда. Демократиялық билікке сұраныстың өсуі адам құқықтарының ең сенімді кепілі болып табылатын өкілеттілік, үкіметтің жауапты институттары, заң алдында бәрінің теңдігі, мықты азаматтық қоғам, саяси плюрализм мен тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары демократияның ырғақты дамуын мойындаудың белгісі. Құрама Штаттары мен басқа да азат елдерінің адам құқықтарын қорғап, демократияның жақсы жақтарын көбейтуге көмек көрсету міндеті бар. Біз елдерге ұзақ уақыттан бері қадірленіп келген адам құқықтарын қамтамасыз ететін демократиялық институттарды дамытуға көмектесуге тиіспіз. Біз әлсіз демократияларға өз азаматтарына жақсы өмір құруға көмектесуге міндеттіміз. Біз елдерді өздерінің адам құқықтарын сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін бұзғанда, жауап беруге шақыруға міндеттіміз.

Өлім жазасын жақтаушылардың басты уәжі - ол қылмыс жасаудан қорқытудың, соны тежеудің факторы болып табылады. Алайда көптеген зерттеулер өлім жазасы қылмыс деңгейіне қалай әсер ететінін, ол жойылған жағдайда салдары қандай болатынын әлі күнге дейін ғылыми түрде дәлелдеп бере алмады. Қылмыс жасауды ойластыра отырып, қылмыскер әдетте тағайындалатын жазаның қатаңдығын емес, жауаптылықтан құтылу жолдарын ғана іздестіреді. Егер ол қылмысы ашылмауына сенімді болса, онда оны ең қатаң жаза да тоқтата алмайды. Осыдан туындайтын қорытынды: егер біз ықтимал қылмыскерді қорқыту факторы туралы айтар болсақ, онда бұл фактор ретінде жазаның қатаңдығы емес, оның бұлтартпастығы болуы керек. Қылмыстың уақтылы ашылатынына, ал айыптылардың сотқа тартылатынына қоғамның сенімі қылмысты тежеудің шешуші факторы болып табылады. Өйтпеген жағдайда өлім жазасы қылмыс деңгейінің төмендеуіне әсер ету құралына айналмай, құқық қорғау жүйесінің тиімсіздігін көлегейлейтін қатал бет перде болып қала береді.

Өлім жазасының тежеуші ролі туралы аңыз қоғамның санасына да тікелей әсер етеді. Әр елде жүргізілген әлеуметтанушылық сұраулар көрсеткеніндей, халықтың көпшілігі бұл жаза түрін қолдайды. Өлім жазасын жақтайтындар сондықтан оны өздерінің басты уәжі ретінде кеңінен қолданады. Бұл тұрғыда Қазақстан да шетте қалған жоқ, бізде сұралғандардың 70 пайызға жуығы өлім жазасын қалдыруды жақтап отыр. Сұрау салу қорытындылары біршама қызық жәйттердің бетін ашты. Өлім жазасына қарсы шығушылардың көпшілігі жазаның осы түрінен бас тарту қажеттілігін дәлелдей алатын сауатты адамдар екен. Соның негізінде, халықтың пікірін тыңдап қана қоймай, өлім жазасынан бас тарту тиімділігінің аргументтері, адамның түбегейлі құқықтары және аболиционисттік қозғалыстың мақсаты туралы толық ақпарат беру қажет деген ұйғарым жасалды. Тағы бір айта кететін ерекшелігі, өлім жазасынан бас тарту мүмкіншілігі туралы мәселені қарастыруды парламентшілер емес, Республика Президенті ұсынды. Бұл ретте өлім жазасын қолдануды шектеу алда тұрған мақсат емес, қылмыстық құқық саласын ізгілендіруге бағытталған ауқымды бағдарлама элементтерінің бірі ғана еді, оны жүзеге асыру мемлекетке жазалау құралдарын үнемдеп, қылмыскерді жазалаудың басқа тәсілдерін кеңінен қолдануға мүмкіншілік беретін, қылмыстық санкциялардың саралаулы және икемді жүйесін құруға әкеп соқтырды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардың өзінде-ақ, елде құқықтық реформа басталуымен бір мезгілде өлім жазасын кезең-кезеңмен жоюға бағыт алынды, Қазақстан оны қатаң ұстанып келеді. Бұл еліміздің халықаралық ұйымдарға кіруі үшін өлім жазасынан бас тартуы міндетті шарт ретінде қарастырылатын халықаралық-құқықтық міндеттемелеріне немесе оларға мүшелігіне байланысты емес еді. Әуелі ұрлық, жалған ақша жасағаны, валюталық операциялар туралы ережені бұзғаны үшін тағайындалатын өлім жазасы заңнама арқылы жойылды. Кейінірек қарақшылық жасағандарға, түзеу мекемелерінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғандарға, кісі зорлағандарға және пара алғандарға қолданылатын өлім жазасынан бас тартылды. Өлім жазасын қолданудың аясын шектеу үрдісі 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Қылмыстық кодексте де жалғасын тауып, ол осы жаза тағайындалуы мүмкін әрекеттердің санын екі есеге қысқартты. Нәтижесінде өлім жазасын соттар ауырлататын мән-жайларда қасақана кісі өлтіргені үшін ғана тағайындайтын болды. Кодекс өмір бойы бас бостандығынан айыруды өлім жазасының баламасы ретінде белгілеп, сондай-ақ өлім жазасын қолданудағы жаңа шектеулерді және осы жазаға кесілген тұлғалар құқықтарының қосымша кепілдіктерін бекітті. Өлім жазасын әйелдерге, сондай-ақ 18 жасқа толғанға дейін қылмыс жасаған тұлғаларға, және үкім шығарылатын кезде 65 жасқа толған ер кісілерге тағайындауға тыйым салынды. Кінәліге өлім жазасы барлық судьялардың бірауыздан қабылданған шешімі бойынша тағайындалатыны, ал үкім оның қолданысқа енгізілгенінен кейін кемінде бір жыл өткен соң орындалатыны туралы ереже заңнама арқылы бекітілді. Осылайша, біз БҰҰ-ның Қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен қарым-қатынаста болу жөніндегі жетінші конгресі бекіткен «Өлім жазасына кесілгендердің құқықтары қорғалуына кепілдік беретін шараларды» ескеріп қана қоймай, жекелеген позициялар бойынша, мәселен өлім жазасын әйелдерге қолдануды толығымен жою бөлігінде алға шығып кеттік. Өлім жазасының қолданылу аясын одан әрі тарылтуда жасалатын келесі маңызды қадам - ол өмір бойы бас бостандығынан айыруды практика жүзінде енгізу болатын. Тек осы жаза ғана өлім жазасының шын мәніндегі баламасы бола алатын еді. Бұл сенімділік сот практикасының материалдарына негізделген еді. Жаңа Қылмыстық кодексте қасақана адам өлтіргені үшін берЖлетін ең ұзақ жаза - өмір бойы бас бостандығынан айыру 15 дылдан 20 жылға дейін, ал үкімдер жиынтығы бойынша - 30 жылға ддйін көбейтілгЕннен бері, өлім жазасы шығарылған өнімдердің саны екі кезеңге азайды. Судьялар бас бостандығынан айырудыУ жаңа, одан да ұзақ мерзімдеріне көңіл аудара бастады. Осыдан келіп, өмір бойы қамауда ұстау институтының пайда болуы өкім жазасына кескен үкімдер шығарылАтын жағдайларды мейлінше азайтады, ал бұл болса өлім жазасынан толықтай бас тартудың алғышартын жасайды деп пайымдауға мүмкіндік береді. Өлім жазасының баламасы ретінде өмір бойы қамауда ұстауды енгізу туралы мәселені талқылай отырып, сотталғандар үшін, жағдайы нашар түрмеде ұзақ уақыт қамауда жатқаннан гөрі, өлім жазасы артығырақ деген екіұдай пікірлерді де еңсеруге тура келді. Мұндай пікірлер өлім жазасы секілді өмір бойы тұтқындау да мейлінше үрейлендіретінін дәлелдейді. Егер тұтқындалғандар өздері ұсталатын жағдайдан гөрі өлім жазасын артығырақ деп тапса, онда бұл «ешкімді қинауға немесе адамгершілікке жатпайтын және абыройын түсіретін қарым-қатынас жасауға немесе жазалауға болмайды» делінетін халықаралық міндеттемелер мен ұлттық заңнаға нормалары сақталмауынан айғақ береді. Өлім жазасын жақтайтындардың көп тараған тағы бір уәжі - экономикалық уәж. Олардың пікірінше, өлім жазасын өмір бойы бас бостандығынан айырумен алмастыру мемлекет бюджетіне қымбатқа соғады. Шынында да, «Халықаралық түрме реформасының (PRI) » есебі бойынша түзету мекемесінде тұтқындалғанның халықаралық стандарттарға толық жауап беретін бір орнының құны жылына 20 мың АҚШ долларын құрайды. Сонда, адамды қамауда ұстағаннан гөрі өлім жазасына тарту арзанырақ болғаны ма? Бірақ бұлай деп ойлау, сыпайы айтқанда, имандылыққа жатпас еді, ал екінші жағынан алғанда, бұл проблеманы толығымен ысырып тастай салу да қателік болар еді, бірақ бұдан шығар жол бар. Ол - жеңіл және орташа қылмыстар жасайтын тұлғаларға қатысты қылмыстық-құқықтық саясатты өзгерту. Жазалау мерзімін азайту есебінен тұтқындалғандардың жалпы санын қысқарту, шартты түрде мерзімінен бұрын босату институтын тиімді қолдану, бас бостандығынан айыруға байланысы жоқ жазаларды кең көлемде пайдалану, қамауға алуға балама болатын бұлтартпау шараларын енгізу - міне бюджет қаржысын үнемдеудің нақты көзі осылар. Баста айтып кеткенімдей, Қазақстанда қылмыстық саясатты ізгілендіру бағдарламасын іске асыру барысында бұл мақсатқа қол жеткізілді. Нәтижесінде елімізде тұтқындалғандардың саны екі есе азайып, Халықаралық түрме зерттеулері орталығының мәліметі бойынша, Қазақстан 100 мың тұрғынға шаққанда тұтқындалғандардың саны бойынша әлемдегі 3-ші орыннан 24-орынға жылжыды.

Ел Президентінің өлім жазасын қолдануға мерзімсіз мораторий жариялау туралы 2003 жылғы 17 желтоқсанда Жарлық қабылдауы жүргізілген реформаның шарықтау шегі және заңды түрдегі нәтижесі болды, сол арқылы жазаның бұл түрінің іс жүзінде күші жойылды. Жарлықта соттардың өлім жазасына кесу туралы шығарған үкімдерінің орындалуын тоқтату, сондай-ақ Жарлықты жүзеге асыруға және өлім жазасының баламасы болып табылатын жазаның жаң түрін - өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын енгізуге бағытталған заң жобасын Парламентке енгізу туралы Үкіметке жүктелген тапсырмалар көзделген болатын. Бұл заң қабылданды. Заңнамалық актілерге осы заң енгізетін түзетулер мораторийдің күші қолданылатын сотталғандардың құқықтық мәртебесін және құқықтарына, соның ішінде, сотталғанның бұдан бұрын өтініш бергеніне қарамастан, өлім жазасына кесу туралы үкімді қайта қарау және рақымшылық жасау туралы өтініш беру құқығына берілетін кепілдіктерді бекітті. Сонымен қатар Үкіметке және басқа да мемлекеттік органдарға еліміздің криминогендік жағдайына үнемі мониторинг жүргізу және қоғам пікірін зерделеп отыру тапсырылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлім жазасын қолдану
Өлім жазасының түрлері
Өлім жазасын қолданудың ғаламдық үрдісі
Өлім жазасын қолдану туралы
Өлім жазасы
Өлім жазасы сол қасиетті адам өмірін жойғандықтан берілетін бүгінгі таңда өлім жазасынан бас тарткан елдер саны
Жазалар жүйесі ұғымы және оның маңызы
Өлім жазасы өте ауыр жаза
Қазақстан Республикасындағы өлім жазасы: құқықтық, саяси және ұйымдық ерекшеліктер
Қазақстанда өлім жазасын жою қазіргі жағдайы және болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz