Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Қабілет және дарындылық: мәселесі, ұғымы, өлшемі.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .: 1) Қабілет пен дарындылық психологиясы . . .
3: 5
Кіріспе . . .: 1. 1 «Қабілет» және «дарындылық» психологиялық ұғым ретінде . . .
3: 5
Кіріспе . . .: 1. 2 Дарындылықтың психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау . . .
3: 10
Кіріспе . . .: 1. 3Қабілет пен дарындылықтың жанұяда дамуының маңыздылығы . . .
3: 12
Кіріспе . . .: 2) Балалар дарындылығының ғылыми-теориялық негіздемесі . . .
3: 15
Кіріспе . . .: 2. 1Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру және оның әдістері . . .
3: 15
Кіріспе . . .:

2. 2 Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту . . .

2. 3 Қабілет пен дарындылықты анықтайтың шығармашылық

тапсырмалардың күрделілік деңгейі . . .

3:

24

28

Кіріспе . . .: Қорытыңды . . .
3: 30
Кіріспе . . .: Пайдаланған әдебиеттер . . .
3: 31

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі: Дарындылық пен қабілет дегеніміз деген не? Сирек кездесетін жеке-дара қасиет пе немесе әлеуметтік шындық па? Және дарынды балаларға қалай қарау қажет? Олар ерекше бағыт пен ерекше даму, көзқарасты қажетсіне ме? Дарындылық пен қабілет көптеген балалар үшін, ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема болып, ең алдымен оңын шынайы байқаулары, анықталу тәсілдері, дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы болып табылады. Дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық -бұл ертенгі ғылым, мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамқорлық. Қазіргі таңда мұндай ерекше балаларды, анықтау тәсілдері, өз қабілеттерін жүзеге асыруда көмек беру бағдарламалары бар. Дегенменен, дарынды және қабілетті балаларды анықтау және дамыту проблемасы бүгінгі күні де бар, балалардың өз дарындылығы мен оны шығармашылық тұрғыда жүзеге асыруда жеке жауапкершілікті түсінуде әлі де проблема бар.

Қазақстан Республикасындағы білім беруді жаңғырту жағдайында дарынды балалар тұлғасының ішкі әлеуетін дамыту ең көкейтесті мәселе болып табылады. Дарынды балаларға бүгінгі қамқорлық − бұл Қазақстан Республикасы ғылымының, мәдениетінің және әлеуметтік өмірінің болашақ дамуына деген қамқорлық. Жоғары деңгейдегі жеке жетістіктер әдетте тұлғаны өзін-өзі қолға алуға ықпал ететін және қоғамды алға жылжытатын қозғаушы күш. Бала дарындылығын дамыту жүйесі мұқият ойластырылуы, шынайы дараланып және оны жүзеге асыру қолайлы жас кезеңдеріне сай болуы тиіс. Дарындылықты дамытудың осындай қолайлы кезеңі мектепке дейінгі балалық шақ болып табылады. Заманауи білім беру тәжірибесі көрсеткендей балалар арасында айтарлықтай айырмашылықтар болады. Құрбыларына қарағанда шығармашылық қабілеттерімен, жіктей білетін, жалпылай білетін, өзара байланысын таба білетін біліктіліктерімен неғұрлым дамыған зайырлы балалар айырықша көзге түседі. Олар үнемі өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша ізденіс үстінде болады, зеректік, дербестік, белсенділік танытады. Тұлғаның шығармашылық әлеуетін іске асыру мәселелері ажырамас бөлшегі болып табылатын дарынды балалармен жұмыс мектепке дейінгі ұйым жұмыстарындағы басым бағыттардың бірі. Мектеп жасына дейінгі балаға жоғары танымдық белсенділік, көтеріңкі әсершілдік, ақыл-ой жүктемесіне деген сұраныстар тән. Оларда сезімталдық, жарқындық, үлгілерді нақты ұсыну және оларды жеңіл қолдана білу жақсы дамыған. Мектепке дейінгі жастың ерешеліктері қиялдау, шығармашылықпен елестету, стандарттан тыс ойлай білу болса, мұнан басқа айырықша сезімталдығы, айналасына сергектікпен қарайтындығы анық байқалады. Бұдан шығатын қорытынды, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін дарындылықтың алғышарттары байқалған балаларды уақытында анықтау, олардың қабілеттерін сақтау және одан әрі дамыту үшін, балалардың жеке белсенділіктеріне сүйене отырып, педагог-психологтардың, тәрбиешілердің, арнайы мамандардың, ата-аналардың күшін біріктіретін арнайы жұмыстар жүргізілуі қажет. Тұлғаның даралық құқығы жүзеге асырылатын нақты нұсқалардың бірі дарынды балалармен жұмыс. Бұл «Мектеп жасына дейінгі дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыру» бағдарламасының көкейтестілігі жоғарыда айтылғандардан анық көрінеді.

Мақсаты: Зияткерлік, шығармашылық дамытуға бағытталған мектеп жасына дейінгі дарынды балалармен жұмыстар жүргізуге жағдай туғызу.

Объектісі: Қабілет және дарындылық.

Пәні: Қабілет пен дарындылық ұғымдарынын салыстырмалы сипаттамасы.

Міндеттері:

1. Дарынды балаларды жан-жақты, эмоциялық және әлеуметтік дамытуға ықпал ететін жағымды заттық - кеңістіктік дамытушы орта құру. 2. Дарынды балалалармен жұмыстар ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктерін оқып үйрену.

3. Мектеп жасына дейінгі балалар дарындылығын диагностикалауды жүргізу. 4. Дарынды балалаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жасауға ұсыныстар.

5. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері мен атааналардың бірлескен қызметтерін үйлестіру.

  1. ҚАБІЛЕТ ПЕН ДАРЫНДЫЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫ.

1. 1 «Қабілет» және «дарындылық» психологиялық ұғым ретінде

Күнделікті ауызекі сөзде қабілет деген атау жиі қолданылады. Мәселен мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенің айтады. Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктелгенде олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық, үшіншінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырады. Бұл мысалдар әр адамның әрекетінің бір түріне жарамдылығын көрсете тетін дара ерекшелігі болатының байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс - әрекеті орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мысалы біреу алған бұрқыратып тез бітіріп тастайды және жұмысты өте нәтижелі етіп шығарады. Ал, екінші біреу өте баяу қимылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілетігі екіншіге қарағанда әлде қайда жоғары екенді айдай анық көрініп тұр. Қандайда болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келеді. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екеннің дәлелдейді дегенде тендік деп адамдардың қабілеттерінің тендігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттерінің бірдейлігін түсінеді. Сыншылдығы, материалды еске тез қалдыру, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т. б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады. Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп аталады. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спорттың, математик-ғылымның ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырғышты, педагогтық, консруктивті-техникалық қабілеттерді жатқызамыз. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты салаларынағылым, өнер, практика болып бөлінеді. Адам қабілетінің жан-жақты жетілуі еңбектің ескі бөлінісін, ой еңбегі мен дене еңбегі болып бөлінуін, сөйтіп адамның белгілі бір кәсіпке немесе мамандыққа танылып қоюын бірте-бірте жоюды көздейді. Әрине бұдан еңбектің түрлі салалары жойылып кетеді деген мағына тумайды. Еңбектің сан алуан түрлерінің ұштасуы адамның дене күшінін де, рухани күшінің де дамуына себепші болады, адамның білімі, шеберлігі, іс-әрекетінің түрлі саласындағы айрықша дамыған тәжірибе мен білім икемі дұрыс ұштасқанда ғана ғылым, техника, әдебиет пен өнер саласындағы адамның қабілеті, дарыны, таланты дамып оның ойдағыдай өрістей түсуіне, дамуына кең мүмкіндіктер жасалды. Адамның кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мәселен, баланың ата-анасына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Нерв жүйесінің, кейбір анализаторлардың ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді. Нышанның соңғы түрі қабілет пен дарындылықтың дамуы мен жетілуінде белгілі бір орын алады. Мысалы, баланың естуі анализаторлардың жетіле дамуы музыкалық қабілет үшін, көру анализаторларының өзгешелігі сурет қабілетінің көруне септігін тигізеді. Бірақ нышан қабілет дамуының бірден-бір шарты бола алады. Ол адамның ішкі мүмкіндігінің көрсеткіші. Егер адамның туысынан нышаны болсада дұрыс тәрбие көрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті айтарлықтай дамымайды. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп адам өмірінің жан жақтылығына қарай түрлі қабілет пен дарындылық қалыптасады. [1]

Күнделікті ауызекі сөзде “қабілет” деген атауды біз жиі қолданамыз. Мәселен, мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады. Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық, үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырылады. Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс- әрекетті орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолға алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды ал екіншісі оны өте баяу қимылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр. Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Қабілет, ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді - дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттерінің бірдейлігін түсіндіреді. Бұдан біз адамдардың тең емес екенін білеміз. Қабілеттіктік өлшем - белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының үлгеріміне көңілі онша тән қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе, іс келетінін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бойын жөнде ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын кабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т. б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады. Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті, арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының ақын-жазушының т. б. қабілеттерін жатқызуға болады. Адам қабілеттінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады. Мәселен капитализм қалыптасып келе жатқан дәуірде, ғылымның сан алуан салаларының дамуына буржуазия қоғамы кең өріс беріп отырды. Өйткені қауырт дамып келе жатқан капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми білімдерді талап ете бастады. Мұның өзі білімді адамдардың көбейе түсуіне қолайлы жағдай туғызды. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейді. Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса ол ерте көзге түсетін болады. Дарынды баланың қабілеті әдетте ерте ашылатынын біз зерттеу жұмыстарынан байқап жүрміз. Дарынды балалар мектептің оқу бағдарламасын ерте меңгереді. Бес-алты жаста ондай балалардың білгенінен, өзінен екі есе үлкен балалардың білгенінен артық болады. Кейде олар тіпті мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері де кездеседі. Қабілеттің ең жоғарғы дәрежесін - талант деген сөзбен белгілейді. Талант - бір әрекетті творчестволықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада т. б. әрекеттерде көрінеді. Таланттың дамуы еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты. Қабілет адамның әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайда бірге болады. Өйткені адамның белгілі әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар бейімділік әрекеттің бір саласына, әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады. Балалық кезде ерекше көзгетүсетін бейімділіктер оның келешек қабілетінің көрсеткіші болып та табылады. Мәселен, екі-үш жасар баланың музыка үніне қулағының елеңдеуі, онда музыкалық кабілетке байланыстн табиғи негіздің бар екендігін көрсетеді. Адамның әрекетке тек құштарлығы ғана емес, оны тәжірбелі етіп орындауында. Меселен, бала сабақ үлгеруде, қатарындағы баладан көп ілгері озып кетіп отырады. [2]

Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөсіпірімдік шақ- бұл ізденіс, үміт, күмәндану, мазасыздану кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді, музыкалық инструменттерде ойнайды, ән айтады т. б. ) . Бірақ уақыты келе, бұл қабілеттіліктердің көрінісі бәсеңдеп, жас адамның мамандығының негізіне айналмайды, ол адам жай ғана «орташа» кәсіпкерге айналады. Қазіргі кездегі жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдай бойынша, кәсіпкерлік іс-әрекетте табысқа жалпы және әдейі қабілеттің ең болмағанда аз ғана бөлігімен, білімділікпен, шығармашылықпен қамтамасыз етілгенде ғана жетуге болады. Сондықтан, балалар алдында, сонымен қатар, ата-аналар, мұғалімдер алдында да жаңа міндет тұр, яғни жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін зерттеу, дамыту және осының негізінде баланың болашағын анықтау. Әр түрлі іс-әрекеттерге байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдында, қайталанбас көрінісін жеке адам қабілеті деп атаймыз. Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәттілігінен не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық - адамда обьективтілікті жан-жақты бейімділік - нақты іс-әрекетті орындауға талпыну, қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер түрлерімен шүғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады. Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен - еңбек сүйгіштік, табандылық, батылдық. Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтарлықтай өнімге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетін, жеке басына сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек. Адам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.

Дарынды балалар - жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға т. б. ) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл-ой дамуының қарқыны бойынша басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарының озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарындылығы тестері осыған негізделген) . Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өйткені ақылдық шығармашылық жағының бірінші дәрежелі маңызы бар. Басқалардан бұрын балалардың көркемдік дарындылығын (музыка саласындағы, одан соң сурет салуда) байқауға болады. Ғылым саласында бәрінен гөрі математикаға дарындылық тезірек байқалады. Баланың жалпы ақыл-ой деңгейі мен неғұрлым арнайы қабілеттіліктің көркемдігі арасында алшақтық болатын жағдайлар аз емес. Ақыл-ой қабілеті тым ерте дамыған, ерекше айқын жетістіктерге жеткен балаларды вундеркиндтер деп атайды. Алайда, баланың тіпті ең үздік деген жетістіктерінің өзі болашақ таланттың жеткілікті кепілі бола алмайды. Туа біткен бейімділіктер индивидумдық психологиялық ерекшеліктердің қалыптасуының күрделі процесінің бір шарты ғана, оның бәрі қоршаған ортаға байланысты. Балада ерекше қабілеттіліктер болуының нышандары оның жасынан ажырағысыз: олар көбіне кемелдену қарқынына және жастық өзгерістерге байланысты. Дарындылықтың бағалануы тестілеуге ғана негізделмеуі керек -оның дәрежесі мен өзіндік ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеу барысында, балалардың белгілі бір мазмұндағы іс-әрекетті атқаруы кезінде байқалады. Ерте бастан мамандандыру күн ілгері және шамадан тыс болмауы керек. Дарынды балалардың анықталып кемелдендірілуі мектептер (мысалы, музыка, математика мектептері) факультативтік сабақтар, алуан түрлі үйірмелер, студиялар, мектеп оқушыларының олимпиадаларын, балалардың көркем өнерлерінің конкурстарын өткізу және т. б. жағдай жасайды. Дарынды балалардың дамуының теңелуіне жол беруге болмайды. Мұндай балалардың оқу жүктемесі, оқыту және тәрбиелеу нысандары олардың мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс. Дарынды балалар туралы қамқорлық қабілеттердің дамытылуын жалпы білімдік дайындықпен және тұлғаны кемелдендірумен ұштастырылуын көздейді. Баланың дарындылығы деп - бірдей өмір шартында, өз құрбыларымен салыстырғанда оқуға қабілеттілік және шығармашылық құбылыстары жоғары болып табылуы түсіндіріледі. «Дарындылық» - бұл «дарын» сөзінен шыққан және ол дамудың аса қолайлы, сыртқы алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда бұған келесі түсінік беріледі: «Дарындылық» - бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. «Дарындылық» түсінігі «қабілет» түсінігіне өте жақын. «Қабілеттілік» сөзі орыс тілінде кем дегенде екі мағынаны қамтиды. [6]

Д. Н. Ушаковтың талқылау сөздігі бойынша:

- табиғи дарын

- бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі

Дарындылық - бұл бірдей өмір шартында, қатарларымен салыстырғанда үйрену мен оқытуда аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылықтың ерекше көрініс беруі. Дарындылық - бұл тек ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір ішкі талап-мақсаттар. Сонымен қатар, дарындылық - бұл әлеуметтік құбылыс. Өйткені, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік сферада жетістіктерге жетуі туралы сөз болып отыр. Әлеуметтік ортаның дарындылыққа байланысты жүргізілген әр түрлі зерттеулерінің нәтижесі (әлеуметтік-экономикалық қатынастар, қаржылық қамсыздандыру, әлеуметтік - күнделікті шарттар т. б. ) әр түрлі. Осыған байланысты келесідей тұжырым жасауға болады: әлеуметтік -экономикалық шарттар дарындылықтың дамуына әсер етеді, өйткені, олар адамның өмір деңгейін анықтайды. Қоғам экономикалық дамыған сайын, ол адам дамуы үшін қолайлы болып келеді. [2]

  1. Дарындылықтың психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау.

Дарындылықтың психо-физиологиялық ерекшеліктерін айқындауда педагог-психологтердің ұйғарымы төмендегідей:

- дарындылық-оқушының жоғары нәтижеге жетудегі ерекше қабілеттілігі, жасампаздық мүмкіндігі(В. Шадриков, Л. Выготский, С. Рубинштейн) ;

-Д. Ж Рензули бойынша дарындылық дегеніміз -үш байланыстың үйлесімдігі; жоғары интеллектілік, креативтілік және нәтижеге жетудегі ынталылық. Осы үш қасиеттің біреуі болмаса, адам дарын ретінде қалыптаспайды. Интеллектіліктің жетіспеуінен адам жақсы нәтижеге жете алмайды;

-дарындылықтың психологиялық құрылымы-шығармашылықтың негізгі құрылымдық элементтерімен және адамның шығармашылық дамуымен сәйкес келеді. ( А. Матюшкин) ;

-дарындылық дамуының бастауы-оқушының танымдық қабілеті (А. Матюшкин, В. Юркеевич) .

Дарынды оқушыда басым болатын танымдық түрткі жаңалыққа ынталанудың, жаңалықты жағдайды туындатудың, жай нәрседен жаңалықты байқаудың төменгі баспалдағында пайда болатын ізденушілікке, зерттеушіллікке белсенділік формасында көрінеді. (Е. Соколов, Хорн, ДжБернлайн, Э. Голубева, Н. Данилова. )

Дарындылық ұғымы шығармашылық, талант, данышпандық, қабілеттілік, дарынды бала ұғымдарымен байланысты:

Шығармашылық -өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы. Бұрын болмаған жаңа, соны өнім өндірудегі адамның танымға және шындықты түрлендіруге бағытталған саналы мақсатты іс-әрекеті(Б. Коротяев, Я. Пономарев, О. Тихомиров), онда шығармашылықты ізденушілікпен, зерттеумен орындалатын іс-әрекет формасы деп нақты айтуға болады. [8]

Талант -қабілеттілікті кең жоғары деңгейі.

Данышпандық- қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.

Қабілеттік- адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасқан қасиет. Нақты адамға топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарынды балаларды анықтау
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру
Дарынды балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту
Мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Вундеркинд оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру туралы ақпарат
Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қабілетін деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту
Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz