Балалар ауыз әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері


Жоспар
- Kipicпe . . . 3
- Эпостық жырлардағы балалар ауыз әдебиеттіне жататын нұсқалар. 4
- Балалар ауыз әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері . . . 11
- ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиетінің қалыптасуы . . . 20
- Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі . . . 29
- Қорытынды. 32
- Колданған әдебиет тізімі. . 33
Кіріспе Қазақтың халық ертегілері ішінде дінге қарсы күресте елеулі роль атқарып келе жатқандары да аз емес. Көп заманнан бері қарай арқауы үзілмей келе жатқан ислам дінінің сарқыншақтары ел арасында елеулі орын алып, жеке адамдардың творчестволық күштерін толық көрсетуіне кедергі келтіріп отырған. Халық өз ұрпақтарын сондай жалған сенімге, дінге баулудаyн, олардың миын уландырудан аулақ ұстауға тырысқан. Бірақ жас өспірімдерді атеистік тәрбиеге баулитын ертегілердің ашық айтылуына үстем тап өкілдері ол кезде қатаң тыйым салған. Оны өріс алдырмауға тырысқан. Мұндай ертегілерді айтушыларды қуғындап, қатаң түрде жазалайтын болған. Әйтсе де халық өз дегенін болдырмай қалған емес. Дін құпиясын әшкере ететін ертегілерді өз ара жасырын айта беретін болған. Бұған: «Өтірікші дәруш», «Молда неге итке тұмар жазып берді?», «Молда мен бай», «Түлкі мен тауық» деген сияқты ертегілерді мысал етіп көрсетуге болады.
Міне, осыдан артық жеркенішті нәрсе болуы мүмкін де емес. «Ескі мешітке көкек азаншы, есі кеткен ауылға есек азаншы» дегендей, аңқау елге арамза молда болып, өтірікші дәруш осылай күн көрген. «Қисық арба жол бұзар, дүмше молда ел бұзар» дегендейін, ислам діні ғасырлар бойы балалар мен жас өспірімдердің миын уландырып, оларды адастырып, осы сияқты жалған нанымдарға сендіріп келді. «Әулие ишаиға, шайтан ханға, дуана нәзірге тоймайды», «Сопы сұмнан шығады» деген халықтың данышпандық ойлары осыған байланысты туғап. Діндарсыған адамдардың опасыз істеріне, әр алуан зұлымдықтарына түсінген халық соңынан оларды әжуә, мазақ етіп, солар жайлы мақал-мәтелдер шығарып, ел арасына таратып, бірден-бірге көбейтіп айта беретін болған. «Өлеңді жерде өгіз семірер, өлімді жерде молда семірер» дегеп халықтың данышпандық сездері жоғарыда көрсетілген сияқты діндарсыған молдалардың опасыздық істеріне байланысты өмірлік мысалдардан алынып айтылған. Әйтеуір ел білмесе болғаны, иттің өлімін де әулие санап, дәруштер соның есесінен өздері семіре берген. «Қожа, молда елді аздырады, қурай, құмай жерді аздырады» дегеннің керін келтірген. Дін иелері елді әрі аздырып, әрі тоздырып жіберуге дейін барған. Өз құлқынын тойдыру үшін олар халықты аямаған. Міне, осының бәрін қорыта келгенде, «Дін-қараңғы ін»- деп халық данышпандықпен өздерінің тұжырымды пікірімен дәлелдеген.
Балалар мен жас өспірімдерді діндарсыған адамдардың сиқырлы азабынан сақтандыру үшін және діншілдік көзқарастардың таралуына жол берілмеуі үшін балалар фольклорындағы осындай айқын да ашык, фактілердің идеялық бағытын ашып беріп, олардың алдарына тосып, дін кұпиясын әшкере етіп отыру ең басты міндеттердің бірінен саналады. Міне, осы сияқты ертегілерді орталау және орта мектеп оқушыларының талқысына салып отыру өте қолайлы нәтижелер береді.
Эпостық жырлардағы балалар ауыз әдеюбиетіне жататын нұсқалар
Ертегілер, өлеңдер мақалдар мен мәтелдерден басқа, халық шығармаларында ерлік істерді дәріптейтін эпос немесе батырлар жырлары бар. Халықтық шығармалардың ең көлемдісі, ең көбі, мазмұны мол ұзақ жырланатыны - осы батырлар жыры. Батырлар жырының оқиғасы, желісі, ондағы әр дәуірден құралып суреттелетін кейіпкерлер де ерте замандағы халықтың өткен өмірін, ерлік істерін баяндайды.
Халық өміріндегі әр дәуірден құралған батырлықты, ерлікті суреттеу эпикалық жырлардың ең басты ерекшелігі болып саналады. Ал батырлар образы - сол патриоттық идеяның көрінісі. Батырлар жыры - ауыз әдебиеті шығармаларының ішіндегі ең асыл, көлемді мұраларының бірі. Батырлар жырының оқиғасы кызық, мазмұны терең, тілі көркем, әсерлі келеді, ондағы кейіпкерлер қайтпас ер, жауына мейлінше қатал, өз еліне мейірімді, ар-намысқа берік, ұстамды, өнегелі ісі бар адамдар ретінде суреттеледі. Сондықтан батырлық жырларды балалар да аса қадірлеп сүйсініп оқиды. «Жастардың үйренуі, тәрбиесі және білім алуы бізге ескі қоғамның қалдырған материалынан басталуы тиіс», - деген болатын В. И. Ленин.
Іріктеліп алынып, балалардың оқуына лайықталған эпостық жырлар да басқа шығармалар сияқты жас азаматтарды батылдыққа, ерлік іске, табандылыққа, әділеттілікке, ақылды және парасаттылыққа тәрбиелейді. Халық эпостарындағы батырлар образы патриоттық идеяның көрінісі болғандықтан, ол балаларға күшті әсер етеді.
Эпостық жырларда оқиғаны еселеп, қайталап айту жағы көп кездеседі. Мұндай ерекшелік оқиға желісін ұмытпауға, есте тезірек сақтауға, тіпті жаттап айтуға мүмкіндік береді. Ондағы тамаша теңеулер мен тұрақты эпитеттердің мол болуы да балаларды әсерлендіріп отырады. Көркемдігімен қатар батырлар жырының тілі айқын да жеңіл. Осындай принциптерге сүйене отырып, Тайбурылдың шабысы мен «Қамбар батыр» жырының ерлікке, еңбекке баулитын эпизодтарын үлкендермен қатар балалардың да оқуына болатын, солардың қабілетіне, білімдік, жастық ерекшеліктеріне сай шығармалар деп бағалаймыз.
«ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР» ЖЫРЫНДАҒЫ ТАЙБУРЫЛДЫН ШАБЫСЫ
Ыбырай Алтынсарин өзінің 1879 жылы бастырып шығарған «Киргизская хрестоматия» деген кітабына «Қобыланды батыр» жырынан Тайбурылдың шабысы туралы үзіндіні тектентек енгізбеген. Бұл «Қобыланды батыр» жырының баспа бетінде бірінші рет көрінуі еді. Бұдан ұлы ағартушының көшпелі қазақ аулы баласының ұғымына жеңіл тиетін, кәсібіне, мал шаруашылығына байланысы бар, өздеріне таныс жайларға көңіл бөлгендігі байкалады.
Батырлық жырлардағы гиперболалық күшті суреттемелер балаларды қатты әсерлендіріп, олардың жігер-қайратын шыңдап, ойқиялын тасқындатып отырады. Мысалға Қобыланды батырдың Қазан шаһарына аттанғандағы Тайбурылдың шабысын алайық. Тайбурылдың шабысы өте әсерлі суреттелген. Ондағы әрбір гиперболалық өсірмелі теңеулер ат шабысын көз алдыңа келтіріп, Тайбурылдың тұлға кескінін көріп отырғандай әсер береді. Тайбурылдың шабысын оқығанда, оны бәйгеге косып алда келуін тосып, тілеулес болып отырған атбегілер сияқты, қатты сүйсінгендіктен жүрегің алып-ұшып отырады. Тайбурылдың шабысы ересек адамдарға осыидай әсер еткенде, ат құла-ғында ойнайтын, бәйгеге шабатын балаларға онан да күшті әсер қалдырып, олар Тайбурылдың үстінде өздері шауып бара жатқандай сезінеді:
«Шырағым Бурыл, шу!-деді,
Құбылып Бурыл гуледі.
Табаны жерге тимеді,
Тауменен тасты өрледі.
Төрт аяқты сермеді,
Құлақтың түбі терледі,
Тер шыққан соң өрледі.
Асқарды көзі көрмеді,
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі».
Тайбурыл өзін баққан Құртқаны ұятқа қалдырмайтындай, намысқа тырысқандай ерен шабысқа салады. Қобыландыны мұқатып алға кеткен Қараманды басып озып, қырық күншілік жолды бір-ақ күнде қусырып тастайтынына сүйсінбей тұра алмайсың. Адамның арман-тілегі орындалып, мұрадына жетіп отырса, ондайға кім қуанбайды. Айшылық жолды алты аттау адам баласының ерте ғасырдан бері қарай арман етіп келе жатқан эс-тетикалық идеалы, Міне, бұл балалардың әршіл талабын ұштап, бұрын қолдан келмегеннің қазірде орындалып жатқаиын да танытады.
Тайбурылдың шабысы бірден-бірге үдей түсіп, ұшқан құстай самғаған сайын, мұны тыңдаған кісіге қанат бітіп, өзі де аспанға көтеріліп, самғап бара жатқандай сезінеді.
Барлы, барлы, барлы тау,
Басы биік қарлы тау.
Хан жайлаған Қаратау,
Би жайлаған Алатау,
Онан да өтіп, жол шекті-ау! . . .
Қалбағайлы шелдерден,
Асқар-асқар белдерден,
Айдын шалқар көлдерден,
Қан сасыған жерлерден,
Тобылғылы нұрадан,
Сексеуілді жырадан,
Баялышты құмайттан,
Бүлдіргенді шыңайттан,
Жалғыз шауып жол шекті.
Астына мінген Бурыл ат,
Жауатын күндей күркіреп,
Жаңбырдай тері сіркіреп,
Құбылып, ойнап жер басты.
Бұл үзіндіде Тайбурылдың шабысына байланысты жан-жақты суреттеу бар. Онда ерте кездегі талай-талай географиялық атаулар да кездеседі. Сонымен қатар, оқушылар қазірде сирек аталатын өсімдіктердің аттарымен танысады. Ерте заманда малдың өрісіне, қонысына жайлы болған шұрайлы жерлер мен жазық жайлаулардың суреті елестейді.
Жырда әдемі қисын тапқан, әр нәрсенің өзіндік ерекше сыр-сипатын танытатын көркем суреттемелер мол. Жыршы поэтикалық суреттемелерді күшейту үшін қызықты эпитеттерді көп қолдану арқылы Тайбурылдың шабысын мүлде әсерлі етіп көрсеткен. «Барлы тау, Қаратау, Алатау, түйе мойын иір тау» дегенде соның әрқайсысының өзіндік заңғар сипатын білдіреді. Мұндай суреттемелер балаларды байқағыштық, әр нәрсеге зер салып, оның сыр-сипатын айыра білуге үйретеді. Сонымен қатар бұдан әрбір таудың сырт көрінісіне берілген ертедегі географиялық көне атаулар екенін біледі. Баланың сөз байлығы осындайларды білуге байланысты дамиды.
Қобыланды Тайбурылмен тек тау-тасты ғана кезбеген. Оның жолында ит мұрыны өтпейтін неше алуан қалың ормандар да кездескен: «Тобылғылы Нұрадан, сексеуілді жырадан, баялышты құмайттан, бүлдіргенді шыңайттардан» асып өтеді. Әрбір жердің асуы қиындығын айтумен байланысты, алдымен соның айқындауыш мүшелерін тауып, оның жазық жер емес екенін көрсетеді. Асуының қиындығы, алыстығымен қатар, бір жағынан, әлгі айтылған тобылғыға, сексеуілге, бүлдіргенге, баялышқа байланысты екені сипатталады. Екінші жағынан, жер байлығының молдығын білдіреді.
Эпостық жырларда соның ішінде «Тайбурылдың шабысы» деп аталатын үзіндінің өзінде де балаларды тәрбиелеуге маңызы зор патриоттық мотивтер сондай күшті. Бұл патриоттық мотивтер, біріншіден, балаларды өз елін, өз жерін сүйетін намысына берік отаншыл етіп үйретсе, екіншіден, отанына, еліне қастандық жасамақшы болған сыртқы жауларға мейлінше қатал болуға баулиды. В. Г. Белинский: «Балаларға жалпы адамзат-тық, дүние жүзілік асыл қазыналарды неғұрлым көбірек білдіріңдер; бірақ оларды көбінесе өзінің туған елінің, өз ұлтының көріністері арқылы таныстыруға тырысыңыздар» деген. Осы тұрғыдан алып қарағанда, эпостық жырлардағы балалар фольклорына тән мұралар жас өспірімдерді өз елдерінің нағыз патриоты етіп тәрбиелеуге баулитын асыл қазына деп бағалаймыз.
«ҚАМБАР БАТЫР» ЖЫРЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТЫ
Батырлар жыры жастарға эстетикалық тәрбие берумен қатар, оларды батырлық, ерлік, патриоттық рухта тәрбиелеуде көп қызмет атқарған деген академик М. Ғабдуллин.
«Қамбар батыр» жырындағы Қамбардың ерлік істері, халқына сіңірген еңбегі балаларды қажырлы, өжет іске бастайды. Олардың патриоттық рухын көтереді. Адамгершілік сапаны жоғары ұстаудың жақсы үлгілерін тәрбиелейді. Қамбардың бойындағы барлық іс-әрекет жастарға үлгі-өнеге. Қамбар тоқсан үйлі тобыр мен алпыс үйлі арғынды жалғыз бағып, ел-жұртына қайырымдылық істер істейді. Өзінің батырлық, ерлік әрекеттерін мақтан етпейді. Қөршілес басқа елге басқыншылықпен шабуыл жасамайды. Біреудің бақ-дәулетіне қызықпайды, оған сатылмайды. Өзін-өзі байсалды, сабырлы ұстайды. Аңғал емес, оның іс-әрекетінің бәрі де ел-жұртына қызмет етуге арналған.
«Қамбар батыр» жырының балалар ұғымына жеңіл тиетін енді бір езгешелігі мұнда өмірде кездеспейтін қиял-ғажайып оқиғалар да айтылмайды. Жырдағы барлық оқиға тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп отырады.
«Қамбар батыр» жырындағы келесі өзгешелік - ондағы аң аулау кәсібі сауықшылдықтан туған еріккеннің ермегі емес. Жарлы-жақыбайларды бағу үшін жасалған еңбек сапары. Ол қыз Назымның көркіне де, байлық салтанатына да қызықпайды. Ол - өз намысын қорғай білетін азамат. Қамбар қара бастың қамы үшін жүрген кісі емес. Артында қалың ел, қадірлейтін халқы барын ұмытпайды. Қыз Назым қандай айла-тәсілдер жасаса да, өзіне-өзі ұстамды. Қаз бен үйрек, тырнаны қара қасқа атқа қатарлап артып келе жатқан Қамбар қыз Назымның құрмет көрсетуі үшін әдейі жол тосып отырғанын біледі. Қамбар бұған да қызықпайды, көңіл бөлмейді;
Құдайдың, - деді, - ұрғаны, - »
«Осыған көңілім бөлініп,
Ұмытып кетсем жұртымды,
Құдайдың, - деді, - ұрғаны, -»
дейді де, тағы да бұрылмай өтіп кете береді.
Батырдың аузынан шыққан осындай жалынды сөздер біздің жас өспірімдерімізге үлкен ой салмай қала алмайды. Бұдан ел-жұрты, отаны үшін қызмет етуде кісінің өзіне-өзінің сондайлық берік болуының үлгілерін кереміз.
«Қамбар батыр» жырының біздің балаларымызға жақын болатыны, міне, осындай ерекшеліктерінде. «Қамбар батыр» жырының басқа батырлар жырынан гөрі біздің қазіргі өмірімізге жақын келетін жерлерін де осындай жақтарынан іздесек. керек.
Қыз Назым да өзінің сүйгеніне, теңіне қосылуды арман етеді. Қамбардың кедейлігіне де, жалғыздығына да мін тақпайды. Оның асылдығын бақ дәулетінен емес, адамгершілігінен іздейді. Бүкіл ел-жұртының ішінен кедей де болса, Қамбарды қалаған қыз Назымның алдыартын болжай білетін ақылдылығын, талғампаздылығын, сезімталдығын танытады. Сонда да болса Қамбар батыр қыз Назымды сынағысы, білгісі келеді. Бұл шын сүюме, әлде сүйіспеншілік ойына берілген әуестік пе деп, оған алғаш күдіктене қарайды. Жастықтың мастығына беріліп, абайламай қалып, түбінде опық жеудің, өкінішті болудың қажеті не дегенді аңғартады. Бұл жырдың осындай терең сыры, тәрбиелік мәні бар. Өзінің болашақ жеткіншектеріне, өмірінің жалғасына өмір тәжірибесің үлгі етіп көрсетеді. Атының жалына асылып, өтініш білдіріп тұрған қыз Назымға Қамбар батыр былай дейді:
Қатарыңа қарасаң,
Мен емес таңдап тиерің:
Істегенің асылық,
Ыңырсытып байлаған,
Қөшкенде топтап айдаған
Мастығы шығар биенің . . .
Қол ұстасып, қыз Назым,
Уағда қылсам сенімен,
Бір жаман келіп малы көп,
Алып кетсе айырып,
Абыройым ашылар,
Қайғыменен басылар,
Ат басындай жүрегім.
Бұл ескертулер тектентек айтыла салған емес, мұнда таптық сипат бар. Екеуінің қосылуына тосқауыл болатын үлкен қайшылық осында. Қамбар осыны ескертеді. Бұл «Қамбар батыр» жырының басқа батырлық жырлардан тағы бір үлкен өзгешелігі, жаңалығы деп білеміз. Қамбар жас болса да алды-артын болжай білетін, абайлап, ақылға салып қарайтын өнегелі азамат, ірі тұлға. Бұл - оған берілген халықтық сипат. Оның жас өспірімдеріміз үшін үлгі болатын тәрбиелік жақтары - батырлығымен қатар, ақылды, сабырлы, ұстамдылығында. Осындай қасиеттер жас еспірімдерге патриоттық рух беріп, оларды жігерлендіре түседі. Бұл - балалар үшін үлкен тәрбие.
Советтік патриотизм жайында Михаил Иванович Калинин былай деген: «Шынында, советтік патриотизм біздің халықты ілгері дамытқан ата-бабалардың творчестволық ісінің мирасқоры . . . Бұғаудан азат етілген халықтар өздерінің эпостық және тарихи батырларының образдарын асқан қуанышпен еске түсіруде. Олар - бұл қаһармандарын өздерінің таңдаулы көркем шығармаларында бейнелеп көрсетуде . . . Демек, советтік патриотизм өзінің кайнар көзін халық эпосынан бастап, ежелгі заманнан алады; ол халық жасаған қазынаның ең таңдаулыларының бәрін өзінің бойына жинайды және барлық жетістіктерін ардақтап сақтауды ұлт абыройы деп біледі». Міне, осының өзі жас өспі-рімдерімізді батырлық жырлармен таныстыру арқылы патриоттық рух беретінімізді дәлелдейтін маңызы аса зор пікір.
«Қамбар батыр» жырындағы оқиға біртіндеп шиеленісіп, өрістеген сайын оқушыларда да әр түрлі ойлар туып, оларды қызықтыра түседі. Қыз Назымның тағдыры не болар екен? Қалмақ ханы Қараман шынымен-ақ қыз Назымды тартып әкете ме? Өз елі бүліншілікке түсейін деп тұрғанда, Қамбар батыр қарап жата бере ме? деген ой тартысының орынды сұрақтары туады. Жырдың ең қызықты жері де осы. Мұнда өмір сүру тартысы да, тап тартысы да айқын суреттелген. «Қамбар батыр» жырындағы кейіпкерлер іс-әрекеттерімен де, мінез-құлықтарымен де, таптық сипатымен де бір-біріне ұқсамайтын, біріне-бірі әрқашан қарама-қарсы келіп отыратын типтік образдар. Алшыораз бен Келмембеттің қақтығысы, қалмақ ханы Қараман мен Қамбар арасындағы тартыстар олардың өзіндік кейіптерін, бейнелерін даралап көрсетеді. Қараман мен Келмембеттің озбырлығына бе-рілмей, жарлы да болса Қамбарды жақтап, соның етегінен ұстаған қыз Назымның қайсарлығы бас бостандығы үшін күрескен жастық арманын танытады. Оқиғасы қызық құрылған, кейіпкерлер арасындағы тартыстар айқын суреттелетін, осындай шығар-маларды балалар сүйіп оқиды.
«Қамбар батыр» жырындағы оқиға тартысының қызықтығын бұдан да гөрі айқындай түсу үшін, мынадай фактілерді ерекше атап көрсетуіміз керек. Келмембетті Алшыораз өлтірмейді. Жауды жауша мұқату үшін қалмақ ханы Қараманға сәлем айта бар деп оны өлімнен босатады:
«Жүр едің мас. боп, Келмембет,
Құдайдың берген бағына.
Басыңнан құлақ садаға,
Боласың адам тағы да.
Ішпесе тамақ өлер деп,
Қылмадым зиян жағыңа.
Кесілген жерің жайласып,
Шүкір ет қалған жаныңа.
Біз таласып бармаймыз,
Қыз-келіншек, бой жеткен,
Некелеп алған жарыңа!, -
дейді.
Озбырлық пен баскыншылық жасаудың, күш көрсетудің ақыры не болатынын айтады. Жел сұраған дауылға соқтығар дегенді ескертеді. Еліңе де, жеріңе де таласпаймыз, бармаймыз. Сендерге ұқсап қыз-келіншек, бой жеткендеріңе де, некелеп алған жарларыңа да соқтықпаймыз дегенді айтады. Бейбіт өмір сүруді, басқыншылық жасамауды, жәбірлемеуді халық ерте заманнан бері-ақ аңсап та, жақтап та келгенін осыдан айқын көруге болады. «Қамбар батыр» жырының мазмұныда, идеясы да біздің қазіргі өмірімізге жақын келетінін осыдан көреміз. Балалардың оқуына жеңіл, түсінуіне оңай болатыны да осындай ерекшеліктерінде.
Алшыораз Келмембетке қатаң ескертулер айтып қайтарса да, мұны көрген Қараманның ет жүрегі шошынып, айдаһардай ысқырып, зәрін шашып, өзінің барлық сарбаздарын жиып алады. Ноғайлының елін, Әзімбайдың аулын шауып алуға бараты-нын айтып, асығыс тапсырмалар береді. Әзімбай да қарап жатпайды. Қамбарға хабар айтып, өтініш білдіреді. Қамбар бұл өтінішті қабыл алады. Қамбар тек қана Назымның намысын қорғау үшін емес, Ноғайлы елін басқыншылардан азат ету үшін аттанатынын атап айтады:
Қамбар айтты: «Жәдігер,
Қылмаңыз көп уайым,
Жұрт үшін белді буайын,
Отыңды жанған өшіріп,
Асырып қырдан қуайын.
Халқыңыз қапа болмасын,
Есен барса жолбарысың,
Сындырам сағын дұшпанның, »- дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz