Қазақ тілін көрнекі құралдар арқылы оқытудың педагогика-психологиялық негіздері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2-3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
I . Тіл сабағында көрнекі құралдарды пайдалану әдістемесінің
ғылыми-теориялық негіздері 4-12
Тіл сабағында көрнекі құралдарды пайдалану әдістемесінің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 12-15
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
1.2 Көрнекіліктердің 15-18
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .. 19
1.3. Қазақ тілін көрнекі құралдар арқылы оқытудың 20-21
педагогика-психологиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Курстық жұмысының өзектілігі: Мектеп реформасы оқу пәнінің мазмұнын,
оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін одан әрі жетілдіру, мектептің
өмірімен байланысын нығайту мәселелерін өзара тығыз бірлікте қарастыруды
міндеттеп отыр. Сондықтан да орта мектептің жетілдірілген бағдарламасы
сабақ барысында тиімді әдіс – тәсілдерді кеңінен қолдануға айрықша маңыз
береді.
Сондай әдістердің бірі – оқушылардың байқау, есту, тыңдау, көру
қабілетінің ерекшеліктерін ескеретін көрнекі құралдар.
Кейбір мектептердегі оқыту сапасының төмен болуы осы көрнекілік
құралдарға тиісінше мән бермеуге байланысты екенін тәжірибе көрсетіп жүр.
Көрнекілік құралдар мұғалімдердің шығармашылық ізденісін, әдістеме
жаңалықтарына сергектікті, оны сабақ өткізу барысында шебер пайдалана
білуді талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 8-бабында айтылғандай:
Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру,
жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту және
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау, азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан
Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық
дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу -деп көрсетілгендей көрнекілік құралдар
арқылы оқыту баланың шығарма мазмұнын көз алдына елестету, қайта жаңғырту
қабілетінің дамитынын, бейнелі ойлау, ой дербестігінің пайда болатынын
көрсету. Көрнекілік құралдар арқылы оқытылған білім мен тәрбиені оқушы
көру, есту қабілеті арқылы бірден зейін аударып, есінде ұстап қалады,
байқағыштыққа төселеді және баланың қабылдауын жеңілдетеді, ойының айқын
болуын қамтамасыз етеді, естіген, көрген және оқығандарын ұмытпауға,
берілген білімді саналы меңгеруге баулиды. Сонымен қатар көрнекілік
құралдар арқылы оқыту оқушылардың эстетикалық талғамын шыңдайды, қызығу,
сүйсіну, еліктеу сезімдеріне үлкен әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде мектеп реформасы талап етіп отырғанындай, білім беру
құрылымын жетілдіру, оқытудың тиімді формалары мен әдістері, көрнекілік,
техникалық құралдарды неғұрлым кеңінен қолдану міндеті қойылып отыр.
Сондықтан жеткіншек ұрпаққа ғылым негіздерінен терең де тиянақты білім
беруде, оларды тәжірибелік істерге жаттықтыруда көрнекілік, техникалық
құралдардың орны айрықша деп айтуға болады. Осы жоғарыда айтылған
мәселелердің бәрі орта мектепте көрнекілік, техникалық оқу құралдарын
қолдану мәселесін ғылыми тұрғыда жан – жақты зерттеудің өзектілігін
айқындайды.
Зерттеудің нысанасы: Курстық жұмысы орта мектептерде көрнекілік
құралдар арқылы оқыту – ең тиімді әрі жемісті әдістердің бірі екендігін
зерттеуге арналады.
Зерттеудің мақсаты:
- 5-6 сыныпта көрнекілік құралдарды қолданудың тиімділігін
анықтау;
- 5-6 сыныпта көрнекілік оқу құралдарын қолданудың кейбір ұтымды
жолдарын көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- 5-6 сыныпта көрнекілік оқу құралдарын қолданудың оқыту сапасын
арттырудағы маңызын көрсету;
- 5-6 сыныпта оқытуда қолданылатын ұтымды көрнекілік оқу
құралдарынының түрлерін анықтау;
- көрнекілік оқу құралдарды сабақтың мазмұнына, қажетіне қарай қолдану
мен оларды сабақ үшін таңдай білу жолдарын көрсету.
Еңбекте қойылған міндеттерді шешу үшін келесі зерттеу әдістері
қолданылды: талдау, жинақтау, сипаттау, салыстыру, қорыту, тәжірибеден
өткізу, бақылау,зерттеу.
Зерттеудің әдістанымдық негіздері: Еңбекте психология, педагогика,
орта мектепте оқыту әдістемесі салаларында жазылған ірі зерттеу жұмыстары
негізге алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Көрнекілік оқу құралдарын тіл сабағында
қолданудың психологиялық, педагогикалық негіздері нақтыланды. Көрнекілік
оқу құралдарын тіл сабағында қолдану барысында жүргізілетін тапсырмалардың
түрлері анықталып, ерекшелігі айқындалып, тиімділігі тәжірибе арқылы
дәлелденді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курс жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері,
жұмыстың ғылыми-практикалық негіздері, жаңалығы берілген.
Бірінші тарау Тіл сабағында көрнекілік құралдарды пайдалану әдістемесінің
ғылыми-теориялық негіздері деп аталады. Бұл тарауда көрнекілік құралдарды
пайдалану әдістемесінің зерттелуі мен даму тарихы, қазақ тілін көрнекілік
құралдар арқылы оқытудың педагогика-психологиялық негіздері мәселесі сөз
болды.
Екінші тарау көрнекілік құралдарды сабақта пайдалану жолдары және
ұтымдылығын эксперимент арқылы тексеру мәселесіне арналады. Бұл тарау үш
бөлімнен тұрады: көрнекілік құралдардың түрлері және оны сабақта пайдалану
әдіс-тәсілдері, оларды ұйымдастыру жолдары және көрнекілік құралдарды
қолданудың ұтымдылығын эксперимент арқылы тексеру мәселесі.
Курстық жұмысының қорытынды бөлімінде жалпы жұмыс мазмұны тиянақталып,
ондағы негізгі ой-пікірлер дәлелденді.

ғылыми-теориялық негіздері
1. Тіл сабағында көрнекі құралдарды пайдалану әдістемесінің зерттелуі.
Қазақстан педагогика тарихы, сондай-ақ қазақ тілі мәселелері
Ы.Алтынсарин есімімен байланысты. Ол мектептегі оқу процесінің ғылыми
негізінде құрылуын, халықтың жаппай білім алуын, халқымыздың мәдениетінің
ілгері дамуын аңсады.
Тіл мамандары кеңес үкіметі тұсындағы ең алғашқы зерттеулерді мектепке
керекті оқулықтар мен оқу құралдарын жасаудан бастады. 20-30 жылдарда тіл
мамандары тек алфавит, орфография, пунктуация, ана тілі оқулықтары,
грамматикалар, сөздіктер және басқа құралдар жасаудың айналасында еңбек
етті. 1935 жылға дейін қазақ тілі оқыту әдістемесіне арналған мақалалар
ғана жарық көрді. Олар Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдісі атты
жинақ.
Қазақ тіліндегі тыныс белгілерін оқыту әдістемесін жан-жақты зерттеген –
Ш.Әуелбаев. Ш.Әуелбаев Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясын оқытуға
арналған құрылымдық схемалар атты еңбегі жарық көрді. 1965 жылдан бастап
қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына үлес қосушылардың бірі –
Б.Кәтенбаева. Оның Грамматикалық кестелер және т.б. еңбектері жарық
көрді. Көрнекілік әдісі - оқушылардың тілін дамыту, қисынды ойлау қабілетін
жетілдіру, өткен материалдарды қайталап, бекіту үшін маңызды әдістердің
бірі. Оқушылардың материалдарды саналы түрде меңгеріп, есінде берік
сақтауын қамтамасыз ететін көрнекіліктің мәні өте зор. К.Д.Ушинский
көрнекілік жайлы: Бірнеше сезім мүшелері қатысуы арқылы жаңа ұғым адам
санасына тез қонады және берік сақталады[1,372], - деп оның ұтымды әдіс
екенін естен шығармауды ескертеді. Көрнекілік оқушының белсенділігін
арттырып, жан-жақты сөйлеп үйренуге бағыт береді. Оқыту үрдісінде
көрнекілік принципін жүзеге асыру - қазақ тілі сабағына қойылатын басты
талаптардың бірі. Тиісті затты көзбен көру, қолмен ұстау немесе суретін
көрсету арқылы жүргізілетін сабақ есте жақсы сақталады. Сабақты құрғақ
сөзбен түсіндіргеннен гөрі, көрнекі құралдарды пайдаланып түсіндіру
тиімділігін мұғалім әрқашан есте ұстауы қажет.
Демек қазақ тілінің әрбір сабағын көрнекі құралдарды пайдалана отырып
өткізген жөн. Олардың түрі, көлемі, мөлшері әр сабақ тақырыбына байланысты
алынады. Кей жағдайларда оқулықтың өзіндегі материалдарды үлкейтіп
пайдалануға да болады. Ал енді осы көрнекілік құралдармен өткізілетін
сабақтардың тиімділігіне көз жүгіртейік:
Оқушының таным қабілеттерінің барлығы (елестету, ойлау, жады, қабылдауы,
зейіні) қатысады.
Оқушының таным қажеттіліктерін қанағаттандырады (Тілдік карым-қатынас,
шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, т.б.).
Оқушының белсенді сөздік қорын дамытады, оқуға, білімге деген
қызығушылықтарын қалыптастырады.
Оқушы жаңа сабақты, материалды оңай қабылдап, тез меңгереді.
Сыныпта басы артық шу, әңгіме болмайды, материалдарды түсіндіруде мұғалім
көп қиналмайды.
Көрнекілік пайдалану жеке сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлемге
әрі сұрақ-жауап жасап, қарым-қатынас жасауға көп көмек береді.
7. Сюжетті суреттерді колдану - оқушыларды жүйелі сөйлеуге баулиды.
8. Оқушының тілін дамытып, тіл ұстартуға тиімді.
Жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілін түрлі әдіс-тәсілдермен
оқытатын ұстаздар үшін бірден-бір тиімді жол - көрнекі құралдарды пайдалана
отырып, оқушыларды коммуникативтік тілдік қатынас деңгейіне жеткізу.
Оқыту үрдісінде көрнекілік принципін жүзеге асыру — мектептердегі қазақ
тілі пәніне қойылатын басты талаптардың бірі. Кез келген жаңа сөзді көзбен
көру, мүмкіндік болса, қолмен ұстап көру оқушының санасында берік орын
алады. Оқулықта берілген материалдардан көрнекілік жасап алу өте тиімді.
Олардың түрі, көлемі әр сабақ тақырыбына байланысты болмақ.
Ал көрнекіліктің бір түрі - кесте, сызбалар модульдік технологиямен
жазылған оқулықтарда басты орын алады. Жыл мезгілі туралы мына сызба арқылы
жүйелі таным қалыптастыруға болады.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда тірек- сызбаларын пайдалану
оқушылардың танымдық қабілеттерін, тіл шеберлігін ұштайды.
Тірек сызбасын үздіксіз жүйелі қолданудың нәтижесінде қазақ тілінен
оқушылардың білім деңгейінің жоғарылағаны байқалады.
Тірек сызбасын сабақта кеңінен пайдалану- мұғалімнің жан жақты
пайдалануына, уақытты ұтымды өткізуіне әсері зор.
Уақыт талабы мұғалімнен сабақты қызықты, тартымды өткізе білуді көп
шығармашылық ізденісті, білімділікті, тапқырлықты қажет етеді.Оқушылардың
белсенділігін, жеке дара жұмыстануын ынталандыру, жеке көзқарастарының
қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегініңнәтижесі тиімді болуын талап етеді.
Тірек сызбасы 6-11сыныптардың бағдарламасы бойынша жасалады.Жеке-жеке
тақырыптар бойынша беріледі. Тірек схема оқушылардың алған білім дағдыларын
тексеруге, өтілген материалды одан әрі тануға, жаңа материалды түсіндіруге
бейімделіп жасалады.Әрбір тірек схема үлгісін сыныптағы оқушыларға
жететіндей молшерде көбейтуге болады, не болмасатақтаға ілініп қойылады.
Мектептегі оқыту ісі сабақ мазмұнына байланысты алуан түрлі әдіс-
тәсілдерді кеңінен қолдануды қажет ететіні мәлім. Соңдай әдістердің ең
ұтымдыларыньң бірі — оқушылардың байқау-көру қабілеттерін дамыту үшін
сабақта қолданылатын көрнекі және дидактикалық құралдарды пайдалану. Бұл
негізінен мұғалімдердің ізденісіне, әдістемелік жаңалықтарды іске асыра
білуіне байланысты болып келеді. Мысалы, оқушыларға көрнекі құрал ретінде
заттың өзін пайдаланған тиімді. Бұл оқушылардың қабылдауына жеңіл болып,
олардың сабаққа деген белсенділігін арттырады.
Оқушыларға ғылым негіздерінен алғашқы мағлұматтар берілуі,
бағдарламада көрсетілген оқу материалдары бойынша пайдаланылатын
көрнекіліктер оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейіне сәйкес болуы
қажет. Сабақта оқушылар өздеріне берілетін білімді қабылдау белсенділігін
арттырумен бірге, ойын да (салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау,
жүйелеу) жетілдіруі, яғни қабылдау мен ойлаудың себеп-салдарлық байланысы
қатар дамиды. Сондықтан негізгі мақсат — оқушыларға бағдарламалық оқу
материалдарын сапалы, жүйелі меңгерте отырып оларды ғылыми негіздерімен
қаруландыру. Соңдай-ақ оқушылардың қоғамдық өмір жөніндегі ғылыми
көзқарасын қалыптастырудың, өздігінен еңбек ете білуге үйретудің, алған
білімін тәжірибемен ұштастыра білу дағдыларын жетілдірудің, пәнаралық
байланыс жүйесін сақтаудың мәні өте зор. Мәселен, оқу материалының
тақырыбына сәйкес мұғалімнің көмегімен оқушылардың өздері дайындаған
көрнекі құралдарды сабақ үстіңде пайдалануы олардың танымдық қабілетін
арттыратынына дәлелдеудің қажеті жоқ. Бұл бағьтта, әсіресе, қазақ тілі
сабағы үлкен рөл атқарады.
Ұяң дыбыстар Ұяңмен келген сөздерҰяң дыбыстармен келген сөйлемдер
Б Байлық Ел байлығы жылдағыдан арта
В Вагон түсті.
Д Дала Бұл вагонда Асқардың ағалары бар
З Зейін еді.
Ж Жаппар Дала гүлге бөленді.
Г Гүлсім Айша сабақты зейін қойып
Ғ Ғұмар тыңдады.
һ Аһ, уһ Жаппар ағасының сөзін тыңдады.
Гүлсім оқуға жүріп кетті.
Ғұмардың жолдасы Павел болатын.
Аһ, - деп демімді алдым.
Бұл кестедегі материал бойынша ұяң дауыссыз дыбыстардың фонетикалық
заңдылықтарын, ерекшеліктерін (қатаң мен сонор дауыссыз дыбыстарға
қарағанда) салыстырып байқайды.
Ал грамматикалық кесте меңгеруі қиын сөздерді түсіндіру мақсатында
пайдаланылады дедік. Мысалы, сын есім, зат есім, сан есім, есімдік,
етістік жалғау, жұрнақ категорияларын, сондай-ақ құрмалас сөйлемңің жасалу
жолдарын меңгеруге орай жасалатын кестелерді қолдану тиімді.
Морфологияны оқытуға байланысты кесте.
Қосымша
Жұрнақ
Жалғау
сөз тудырушы сөз түрлендіруші көптік, тәуелділік, септік,
жіктік
Жұрнақ
Сөз тудырушы Сөз түрлендіруші
ім ар
Біл — гіш Айт - қан
гір қыз
Сондықтан бұл кестенің құрылысы V сынып оқушыларының жас ерекшелігіне
лайықты. Кестеде негізгі мәселе дараланып берілген, яғни жұрнақ
жалғанғандағы өзгеріс қандай, жалғау жалғанғанда қандай айырмашшылық
болғанын оқушының саналы түсінуіне көмектесетінін көруге болады.
Кесте-схема қазақ тілі сабақтарында жиі пайдаланылады. Әсіресе ол жаңа
материалды бекіту кезеңінде көбірек қолданылады. Оқулықты өздігінен
байқауға, салыстыруға, белгілі тілдік материалдың көлемімен таныстыруға,
абстрактілік қабылдау сезімдерін дамытуға үлкен әсері бар.
Қазақ тілі әдістемесінде құрылымдық схема-кестенің негізін
жасаушылардың бірі - әдіскер Ш.Әуелбаев. Кестелерден мысал
келтірелік [4,50].
а) Ыңғайлас салалас
Кілемдей жерім түрленді,
қызғалдағым гүлденді. (Ж.Ж:)
жерім қызғалдағым
кілемдей
ә) Іліктес салалас
Екі тайым бар: бірі ақ, бірі қара.(Ы.А.)
Екі тайым бірі
бар: ақ,
бірі,
қара
б) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
бағыныңқы сөйлем -п,-ьш,-іп...басыңқы
сөйлем
-а, -е, -и...
(-қан,-кен) (-дай, дей-)
Жапырағы судырлап, тал сұлуша таранды. (І.Ж.)
Жапырағы тал
судырлап, сұлуша таранды'.
Мұндай құрылымдық схема-кесте арқылы оқушыларға қазақ тілінен негізгі
синтаксистік құрылымдарды таныту арқылы пунктуациялық білім негіздерін жан-
жақты меңгертуге болады.
Мұндай схемалармен түрлі практикалық жұмыстар жүргізу нәтижесінде
оқушылар қазақ тіліндегі тыныс белгілердің қойылмайтын сөйлем құрылымдары
мен сөйлемдердің синтаксистік негізгі және қосымша желілерін, тыныс
белгілерін тудырушы түрлі синтаксистік байланыс түрлері мен тәсілдерін
сөйлем мүшелерін саналы меңгеретін болады.
Қазақ тілі сабағында графикалық көрнекілік белгілі орфограммаларды
дұрыс жазып үйрену үшін пайдалы. Мысалы, жалғау-жұрнақ жалғанғандағы
өзгерістерді графикалық схема арқылы көрсетуге болады. Оқушыларға таныс
тілдік материалдарды схема арқылы иллюстрация жасап отыру да тиімді. Схема
арқылы оқушылардың сөз немесе сөз тіркестерінен жіберген қателерін түзетуге
болады.
Кейбір грамматикалық тақырыптарды оқытуға байланысты динамикалық
көріністі қолдану да пайдалы. Мысалы, сөз тудыру, синтаксистік синонимдер
тақырыбына байланысты жылжымалы кестелерді кодоскоп арқылы көрсетуге
болады. Ол мөлдір, жылтыр пленкаға жазылады да, кодоскоп арқылы жылжытылып
көрсетіледі. Мысалы, бас-бас-шы, бас-тық, бас - қар-ма, бас-шы-лық. Сөзді
осындай түбір арқылы өрбітіп жасалатын жылжымалы дииамика арқылы көрсету
мұғалімдерге
үлкен жеңілдік жасайды.
Үлестірме карточка да көрнекіліктің бір түріне жатады. Бұл жеке
оқушымен жұмыс істеуге өте ыңғайлы. Әсіресе суретпен берілген карточкаларды
Лексика, Сөз құрамы тақырыптарын оқытуға байланысты қолдануға болады.
Суретпен берілген карточка арқылы сын есім, зат есім, етістік, үстеулердің
нақты лексикалық мағынасын түсіндіру тиімді.
Берілетін материалдағы тапсырмалар суретке сай болуы қажет.
Мүмкіндігіне қарай ол тапсырмаларды орфографиялық жәнә пуңктуациялық дағды
беруге, тіл дамытуға байланысты, кұрмалас сөйлем синтаксисін қайтадау
мақсатында қолдану кереқ.
Қазақ тілі сабағында сурет көрңекілігі де ерекше орын алады. Бұл
көбіне оқушылардың; тілін дамыту мақсатында қолданылады. Суретке ат
қойғызу, суреттің астына оның мағынасын жазып көрсету оқушылзадың дұрыс
сөйлеп, сөздік қорларының баюына ықпал жасайды.
Қазақ тілі сабақтарында кесте, альбом, лото сияқты көрнекіліктер де
қолданылады. Бұлар белгілі біртақырыпқа (тұтас қамтитындай) немесе бір
сыныптың тақырыбын түгелі.{қамтитындай мақсатта жасалады. Мысалы, зат
есімнен жан-жақты мәлімет беруге байланысты кесте-альбом жасауға болады.
Ал лото көрнекілігі оқушылардың орфографиялық және грамматикалық
білімдерін бекіту үшін пайдаланылады.
Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген ықыласын арттыру мақсатында қазақ
тілі сабақтарына открытка және түрлі түсті сериялы суреттер пайдаланылып
жүр. Открытка және түрлі түсті сериялы суреттер сабақты қызықты
ұйымдастыруға ғана емес, сондай- ақ оқушының белсенділігін арттырып,
танымдық қабілетін дамытады. Түрлі түсті сериялы суреттер магнит тақталары
арқылы көрсетіледі. Сурет бойынша сөйлем құрату, мазмұндама, шағын шығарма
жаздыру да тиімді.
Қазіргі мектептегі оқу-тәрбие ісінде мындаған мұғалімдеріміз
техникалық құралдарды өте орынды пайдалануда. Ауылдық мектептерден
магнитофон, телевизор, оқу диафильмдері, кодоскоп, эпидаскоп,
грампластинка, телевизор, кинопроекторлар, ЛЭТИ, СВЕТ-терді жиі
кездестіруге болады.
Мұғалімдер қазақ тілі сабақтарында диаграммалар, диафильмдер,
диапозитивтер, магнитофондық жазбалар, кинофильмдерді кеңінен пайдалануда.
Дыбысты жазып алатын, оны қайта естіртетін аппаратты (магнитофонды)
қолдану оқу процесін жетілдіретін, оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыратын
жетекші құралдардың бірі деп есептеледі.
Қазақ тілі сабақтарында әмбебап проекциялық аппараттарды пайдалану кең
жолға қойылып отыр. Солардың бірі — диаскоп. Бұл проекциялық фонарь сияқты
аппарат. Фотографияға түсірілген суреттерді, схемаларды, кестелерді көрсету
үшін ыңғайлы құрал. Қазақ тілі сабақтарында эпидаскоп та пайдаланылады. Бұл
құралмен кез-келген грамматикалық тақырыпқа орай схема, кестелерді
көрсетуге болады. - Қазақ тілі сабағында ЛЭТИ, Орбита сияқты отандық
диапроекторларды пайдаланады. Бұл арқылы мұғалім кинофильмнің қажетті
бөлімдерін көрсете алады.
Табиғаттағы түрлі дыбыстардың сырын білуге адамзат қашанда болсын
құштар болды. 1589 жылы атақты физик Джам-Батист Порт, кейін астроном
Иоганн Кеппер (1634 ж) дыбысты сақтауға болатындығын дәлелдеді. Ал 1807
жылы бірінші рет дыбысты қабылдаған ағылшын ғалымы Томас Юнго болды. Ол
барабанның үстіне қапталған майлы, күйелі қағазға дыбыстық қозғалыстарды
жазып алды. 1857 жылы жарты ғасырдан кейін, француз Леон Скотт дыбысты
жазып алатын фоноавтограф жасады. Бірақ бұлардың жасаған аппараты дыбысты
жазғанымен, оны қайыра естірте алмады [5,12].
1877 жылы атақты американ электротехнигі Т.А.Эдисон дыбысты жазып, әрі
оны қайыра естіртетін аппаратты ойлап тапты. Оны фонограф деп атады. Бұл
фонографтың кемшілігі жазылған дыбыстың көшірмесін алуға болмайтын болды.
1888 жылы Эмиль Берлинер граммофон жасап шығарды. 1889 жылы
А.Ф.Рикшелеский дүние жүзінде бірінші рет жарықты өткізетін материалға
оптикалық дыбысты жазып алатын аппаратты, 1888 жылы Ресейде орыстың атақты
физигі А.Г.Столетов дүние жүзінде бірінші рет фотоэлементті ойлап тапты.
1900 жылы И.Л.Поляков фотоэлементті пайдаланып фотографиялық фонограммаға
дыбысты жазып алды. 1929 жылы Ресейдің атақты ғалымдары Т.Г.Тагер мен
А.Ф.Шорин оптикалық дыбысты кинопленкаға жазып алудың әдісін ұсынды.
1898 жылы даттың атақты физигі В.Паульсен дыбысты магниттік жолмен
болат сымдарға жазуды ұсынды. Міне қазір дыбыстық аппараттар дүниеге
осындай жолдармен келген.
Қазір техникада, ғылымда әр түрлі дыбысты жазу қолданылады:
1) механикалық дыбыс, бұл өндіріске граммофондық пластинкалар үшін
пайдаланылады;
2) оптикалық дыбыс, ол кинода ғана пайдаланылады;
3) магнитті дыбыс, ол радиоторабы, дыбыстық кино т.б. мақсаттарда
қолданылады.
Дыбыстық аппараттарды оқу-ағарту жұмыстарында оқу құралы ретінде
пайдалану керектігін ұсынған орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой болған. 1908
жылы Т.Эдисон сыйлаған фонографқа жазушы оқушылар үшін бірнеше мәтіндер
жаздырған.
1930-40 жылдар аралығында алғаш рет грамжазу орта мектептердегі оқу-
тәрбие ісінде пайдаланыла бастады. 1935 жылы ағылшын тілін үйренуге
байланысты ең бірінші оқу грампластинкасы жоғары оқу орындарында
қолданылды. 1964 жылы Оқу министрлігінің шешімінде 5-8 сыныптардың
бағдарламалық материалдары бойынша грампластинкаларды кешенді шығару
ұйғарылды.
1972-73 оқу жылдарында грампластинкалар қазақ тілінде шығарылды. Онда
Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми
қызметкері Ажар Асқарбаеваның мәнерлеп оқуындағы мәтін грампластинкаға
бірінші рет жазылған болатын. Қазір оны мектеп мұғалімдері оқу-тәрбие
ісінде пайдаланып жүр.
Сондықтан өндіріс орындарында оқу ісіне пайдаланатын дыбыстық
аппараттарды көптеп шығарылуда. Ресей Педагогикалық ғылым академиясының
ғылыми қызметкерлері З.С.Харьковский, Л.Ц.Цесарский, Д.П.Василевский және
Ф.Р.Шлейснер оқу ісінде қолданылатын магнитофондардың құрылысын өзгертуде
көп еңбек етті. Олар магнитофонды пайдалану талаптарын белгілеп, бұл
жөнінде ғылыми жұмыс жүргізді. Осы бойынша жаңадан ұсынылған магнитофондар
мұғалімнің немесе оқушының сөзін сапалы жаза алатын болды. Радиоторабынан
дыбысты дұрыс қабылдап, қайта жазуға мүмкіндік ашылды. Ал дыбыстық
аппараттардың құрылысы техникалық жағынан барған сайын жетілдіре келіп, оқу-
тәрбие ісінде қолданылатын магнитофондар осындай талаптар негізінде жұмыс
істейтін болды.
Дыбыстық аппараттарға магнитофон, радиола, грамжазулар, пластинка
ойнатқыштар жатады, ал фонофаф, граммофондар XX ғасырдың басында оқу-ағарту
жұмыстарында пайдаланыла бастаған.
Қазіргі заманғы оқу құралдарының бірі, ең жетілгені деуге болатыны –
кино. Киноның да дыбыстық аппарат сияқты тарихы ертеден басталады. Ең
алғашқы проекциялық аппарат XVI ғасырда жасалған, оның жұмыс істеу
принципін алғаш рет дәлелдеген Италияның атақты ғалымы Леонардо да Винчи
болды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғалымдар мен педагогтар проекциялық
аппаратты оқу құралы ретінде кеңінен пайдаланды. 1858 жылы Петербург
аудиторияларында оқылған ғылыми-көпшілік дәрістерде олар жиі қолданылды.
1894 жылы француз өнертапқыштары ағайынды Луи мен Август Люльерлер
киноматограф деген аппаратты ойлап тапты да, бір жыл өткен соң алғашқы
кинофильм Париж академиясының ғылыми қоғамы мәжілісінде көрсетілді.
1895 жылы 28 желтоқсанда дүние жүзі бойынша бірінші кино Парижде
көрсетілді. Онда қысқа метражды он шақты ғана кинофильм 20 минут
шамасындай көрсетілген еді.
Ал кеңестік кино өнері революциядан кейін қанат қақты. 1927 жылы Кеңес
Одағында педагогтар тілегі бойынша тұңғыш рет оқу киносының маман педагог-
әдіскерлерін даярлайтын киноконкурсы ұйымдастырылды. 1930 жылы бірқатар оқу
фильмдері шығарыла бастады.
1960-65 жылдары оқу кинофильмдерінің қарқындылық жоспары жарияланды.
Қазақстанда да киноматографияның дамуына зор көңіл бөлініп, көптеген
шаралар белгіленді. 1923 жылы Алматыда Восток кино тресі құрылды.
1929 жылы "Бүліншілік", 1930 жылы "Түрксіб", 1931 жылы "Жұт", 1932 жылы
"Қаратаудың сырлары", 1938 жылы "Аманкелді" киноленталары жарыққа шығып,
көрермендер ықыласына бөленді.
Қазақстанның кейбір мектептері мен жоғары оқу орындарында 1954-56
жылдары Қазақстанның кейбір мектептері және оқу орындарында оқу киносы
қолданыла бастады.
1964 жылы 6 мамырдағы мемлекеттік қаулыда оқу-тәрбие процесінің сапасын
арттыруда телевизор, радио сияқты техникалық құралдарды кеңінен пайдалану
керектігі ерекше аталды.
Алматы қаласында 1965 жылы Республикалық ғылыми-практикалық конференция
шақырылды. Онда республика мектептеріндегі педагогикалық еңбек шеберлерінің
іс-тәжірибесі кеңінен талқыланды. Оқу-тәрбиесі ісінде техникалық құралдарды
пайдалану жолдары сөз болды. Конференция материалдары екі тілде (орысша,
қазақша) жинақ болып жарияланды.
Техникалық құралдарды оқу ісіне пайдалануға ғалымдар да едәуір үлес
қосты. Бұл салада техника ғылмдарының докторы Мәулен Құдайқұловтың Оқу
киносы, Оқу киносынының практикумы деген еңбектері мұғалімдердің
күнделікті дидактикалық оқу құралдарына айналып кетті.
Қазақ тілінде оқу диафильмдерін жасау 1970 жылдардан бастап қолға
алынды. Бұл салада қазақ тілінде шыққан 15-тен астам оқу диафильмдерінің
тәрбиелік мәні зор болды.
1990 жылдардан бастап оқу-тәрбие жұмысында қолдануға болатын күй
таспалар, бейне таспалар және компьютерлік таспалар қазақ тілінде шығарылуы
қолға алынды.
Техникалық құралдарды сабақта пайдалану туралы орыс ғалымы Н.М.Шахмаев
былай деген: “Урок с применением технического средства – это качественно
новый тип урока, на котором учитель вынужден согласовать методику своего
объяснения учебного материала с той методикой, которая принята в
телевизионной передаче кинофильма, звукозаписи, радиопередаче”[5,5].
Бiздiң елiмiзде техникалық құралдарды оқу тәрбие жұмысында қолдану
1960-1970 жылдары басталды. Ал тiл сабағында техникалық құралдары
пайдалану жолын алғаш рет Б.Құлмағамбетова зерттеп, өзiнiң мақалаларында,
оқу құралдарында көмекшi оқу құралдарында жазған, мынадай құнды пiкiр
айтқан: “... Техникалық құралдарды пайдаланып өткiзген сабақта оқушылар
жалықпай тыңдаған жаңа оқу материалын қабылдау процесiнде олардың әр түрлi
сезiм мүшелерi көру, есту тағы басқалары қатысатындығын, соның
нәтижесiнде оқушылардың қызығушылығы артып, түсiндiрiлген материалдардың
бәрiн қабылдауға мүмкiндiк туғызады,” – дедi [4,22].
Ал, 1994 жылы қазақ бөлiмi оқушыларына орфографияны оқытуда жаңа
техникалық құрал – компьютердi қолдану тиiмдiлiгi туралы Г.Бектұрова
диссертациялық еңбек жазып қорғады [6,47]. Бұл еңбек те қазақ тiлiн оқыту
әдiстемесiнде құнды жұмыстардың бiрi болып есептеледi.
Әдiскер-ғалым оқытудың тыңдап-түсiну, естiп-байқау құралдарының
концепциясының негiзгi құралы туралы былай дейдi: оқыту былайша орналасады:
тыңдау‚ сөйлеу‚ оқу‚ жазу. Оның iшiнде ауызша қабылдау тыңдау мен сөйлеу
әрдайым iлгерi шығып отырады [7,279].
Видео арқылы жаңаша жаңғырту әдiстемесi өзге тiлдi оқыту процесiнде
үлкен рөл атқарады. Мысалы:
-естiп-байқау материалдарының түп-нұсқасын түсiнуге бейiмдейдi;
- үйретудегi уәждеменi кеңейтедi;
- сөйлеу iс-әрекетiнiң сөйлеу және тыңдаудағы ролiн күшейтетiн және оны
басқа түрiмен ешқандай ауыстыруға келмейтiн тәсiл;
- үйренушiнiң сөйлеу тiлiн тереңдетуге қызмет етедi;
- тiлдi тудыратын және дамытатын қорғаушы күш ретiнде қолданылады;
- видеоны сабақта қолдану үйретушiнiң сөйлеу дағдысы мен шеберлiгiн аса
үлкен жылдамдықта шапшаңдатады;
- үйренушiнiң танымдық әрекетiн күшейтедi;
- үйренушiнiң ой-өрiсiн ұлғайтады [7,279].
2. Көрнекіліктердің түрлері.
Ең алғаш оқытудағы көрнекілікке анықтама беріп, құнды пікір қалдырған
Я.А.Каменский болатын. Оның көрнекілік туралы айтқан Алтын ережесінде:
... бала сезімі қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін
туғызып білдірген жөн. Көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын
нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына
ұстап нәрсенің қатты, жұмсақтығын т.б. байқасын ... [1, 361],- деген
болатын.
Көрнекілік түсінігі соңғы жылдары айтарлықтай тереңдеп, өзгерістерге
ұшырады. Кезінде көрнекілікпен айналысқан В.Т. Балтянский (1970ж.):
Изоморфизм плюс қарапайымдылық деген болатын[2,11]. Ал А.Н. Леонтьевтің
еңбегінде Ішкі тірек қызмет атқаруы тиіс делінген. П.Я. Гальперин, Т.В.
Кудрявцев және т.б. зерттеулерінде практикалық қызмет процесінде көрнекілік
абстрактілі деңгейлі ретінде қарастырылады. В.Г. Балтянский, Э.Г.
Мингаузев, В.П. Стрекозин және т.б. бірқатар ғалымдар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz