Оқушыларға білім беруде шетел мектептерінің білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін анықтау
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 тарау: Білім беру жүйесіне түсінік, Қазақстан және Ресей мемлекеттерінің
орта білім беру жүйесі
1. Білім беру жүйесі. Қазақстанның орта білім беру
жүйесі ... ... ... ... ... ... .5
2. Ресей мемлекетінің орта білім беру
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...9
2 тарау: Әр түрлі мемлекеттердің орта білім беру жүйесі
2.1 АҚШ-тың білім құрылымы, элементарлық
мектеп ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 11
2.2 Орта мектеп, білім бағалау жүйесі, орта мектепті бітіру туралы
диплом
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
3. Германия мемлекетінің орта білім беру
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..14
4. Иран Ислам мемлекетінің орта білім беру
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ..16
5. Сингапур және Финляндия мемлекеттерінің орта білім беру
жүйесі ... 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Пайданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .23
Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Халыққа білім беру және тәрбие мәселелері
дүние жүзінің дамыған және дамушы елдеріндегі көкейкесті мәселелердің бірі.
Олар әр елдің келешек өмірін ұйымдастырудың алғышарты.
Жалпы алғанда білім беру жүйесі деп сол не өзге елдегі қызмет
атқаратын білім-тәрбие беру орындарының жиынтығы, олардың арасындағы
байланыстарды және сол орындардың құрылуы мен жұмыс істеуінің ортақ
принциптері түсініледі, оның құрылымы, түрлі деңгейлері сапаларына
қойылатын талаптар артып отырады.
Білім беру жүйелерінің қоғамның дамуына ықпалы, оларға әсер ететін
факторлар проблемасына бірқатар педагог ғалымдар әдебиеттер жазып шығарған.
Мәселен Харламов И.Ф. өзінің “Педагогика” кітабында білім беру жүйесінің әр
елдегі даму ерекшеліктеріне қөп көңіл бөлген. Оның атап көрсеткен
ерекшеліктері мен даму тенденциялары көп тарамды және әр түрлі болып
келгенімен олар дүние жүзінің көптеген елдерінің білім беру жүйелерінің
дамуында көрініс табады. Ал Джуринский А.Н. өзінің еңбектерінде білім
берудің қазіргі заманғы проблемаларына тоқтала келе, әрбір елдегі, соның
ішінде Англия, Германия, АҚШ, Франция, Жапония т.б. елдеріндегі қазіргі
мектептік жүйелердің реформасы мәселесін көтереді.
Бұл мәселелер білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы, ондағы өзгерістер
мен жаңалықтар, оның түрлі елдердегі дамуы өзекті проблемалар екендігін
анықтайды және тақырыптың “Шетел мектептердегі білім беру жүйесі ” деп
белгіленуін қамтамасыз етеді.
Сонымен жұмыстың зерттеу объектісі – Шетел мектептердегі
білім беру жүйесі.
Зерттеудің нысаны – оқушылардың мектепте білім алуы.
Зерттеудің пәні – оқушылардың білім алуында шетел мектептерінің білім
беру жүйесін пайдалану үрдісі.
Зерттеудің мақсаты – шетел мектептердің білім беру жүйелерін сипаттап,
оның даму ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтап, салыстырмалы талдау
жасау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқушыларға білім беруде шетел мектептерінің білім беру жүйесінің
теориялық негіздерін айқындау;
2. Оқушыларға білім беруде шетел мектептерінің білім беру жүйесінің
мүмкіндіктерін анықтау;
3. Оқушыларға білім беруде шетел мектептерінің білім беру жүйесін зерттеу
және оны тәжірибелік- эксперемент жүзінде практикаға енгізу.
Зерттеудің ғылыми болжамы – егер бізідң білім беру жүйесіне шетел
мектептерінің білім беру жүйесін өолданса, онда біздің мемлекетіміздің
білім беру деңгейінің тиімділігі артады. Сонымен қатар, білім саласына
өзгерістер енгізу үшін оны елдің тарихи дәстүріне, мақсатына, өндірісі мен
мәдениет мұранысына бейімдеу керек.
Зерттеудің көздері: жүйесі, міндеттері, принциптері, мақсаттары,
әдістері.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша оқу әдебиеттерін (
ағылшын тілі, неміс тілі, орыс тілі, педагогика, психология), оқу – тәрбие
құжаттарына талдау жасау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, алынған
нәтижелерді өңдеу.
Негізгі бөлім тақырып мазмұнын ашып көрсетуге арналған. Ол екі
бөлімнен тұрады:
Білім беру жүйесіне түсінік, Қазақстан және Ресей мемлекеттерінің
орта білім беру жүйесі атты бірінші бөлімінде білім беру дегеніміз не, оны
мақсаты қандай екендігін, біздің мемлекетіміздің және көрші Ресей
мемлекеттің орта білім беру жүйесін, мақсаттарын айқындаймыз.
Әр түрлі мемлекеттердің орта білім беру жүйесі атты екінше тарауда
АҚШ, Германия, Иран Ислам, Сингапур, Финляндия мемлекеттерінің білім
жүйесі, міндеттері, әдістері мазмұндалады.
Қорытынды бөлімінде біздің мемлекетіміздің және басқа елдердің білім
жүйесінің ерекшеліктерін анықтап, салыстырулар жүргізіліп, ұсыныстар
беріледі.

1. Білім беру жүйесі. Қазақстанның орта білім беру жүйесі
Білім беру жүйесі – сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр
түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің,
сонымне бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында жетекші
рөл атқарады, сондай – ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің
қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі – рухтың
материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан басқа ғылыми теориялардан
түбірлі айырмашылығы – ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы
ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогы К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр
мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа
талапқа сай инновациалық технологияларда өз сабақтарында күнделікті
пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз, -
деген.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті
дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
Қазақстанды дамыған 50елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін –
білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жұйесінің алдында оқу
үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі
технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп,
мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – жан -жақты дамыған, рухани бай
жеке тұлға болып табылады. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім.
Мұғалім – өз кәсібін, өз пәнің барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін
адам.
Бүгінгі білім беруде нәтижелі жетілдірудің құралы ретінде практикада
жаңа оқыту технологиясын кіргізуге батыл шаралар қолдану. Оқыту
технологиясы – жүйелі категория. Оның құрылымы төміңдегідей болып келеді:
• оқытудың мақсаты;
• білім берудің мазмұны;
• педпедагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы ;
• оқушы, оқытушы;
• әрекеттің нәтижесі.
Оқыту технологиясы – оқыту процессін ұйымдастыру, басқару және бақылау
деп түсіну керек.
Қазіргі білім беру парадигмасы білікті адамға бағытталған білімнен
мәдениет адамына бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру
жаңаша ұйымдастыру – оның философиялық, психилогиялық, педагогикалық
негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Білім беру – бұл адамды ақыл – ой иесі және тұлға ретінде
қалыптастыратын ең маңызды шарт болып табылады. Білім беру тұжырымдамасы
ойлай білетін және шығармашылықпен жұмыс істейтін қабілеті бар тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған. Сол себептен де бүгінгі білім беру жүйесі
оқушылардың таным белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес белсенді
формалары мен әдістерін көптен еңгізуді қажет етуде.
Сонымен, білім беру жүйесі дегеніміз - қазіргі тарихи кезеңде
әлеуметтік – экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне және еліміздің негізгі
құрылған оқу – тәрбие мекемелері мен оны басқару органдарының жүйесін
айтады.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің негізгі мақсаты ол:
• Оқушылардың жалпы мәдени және жалпы ғылыми дайындығын құру;
• Қоғамда өмір сүруге оқушыларды әлеуметтік бейімдеу;
• Отанға деген махаббат пен азаматтық сезімдерді тәрбиелеу;
• Қоғамдағы квалификациялы мамандар мен жұмысшыларға деген қажеттілікті
қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің өзара – іс қимыл
жасайтын:
1. білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беретін оқу
бағдарламаларының;
2. меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының;
3. білім беруді басқару органдары және тиісті инфрақұрылымдар, оның
ішінде білім сапасы мониторингін жүзеге асыратын ғылыми және оқу –
әдісемелік қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын білдіреді.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері:
1. баршаның сапалы білім алуға құқықтарынын теңдігі;
2. білім беру дамытудың басымдығы;
3. әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық – физиологиялық және жеке
ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге
қолжетімділігі,
4. білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық
құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін
дамуының басымдығы;
5. адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
6. жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындыылығын дамыту;
7. білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру
процесінің үздіксіздігі;
8. оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
9. білім берудің басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі
қызметінің ашықтығы;
10. білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің
нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.
Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу
орындарында тегін білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
Жалпы орта білім үш сатылы оқу бағдарламаларын игеру арқылы алынады:
1. Бастауыш 1-4 сынып;
2. Негізгі 5-9 сынып;
3. Жоғарғы 10-11 сынып.
Жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жоғарғы орта
білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай – ақ оқушылар
мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске
асыратын оқу орны.
Жалпы орта білім барлық азаматтарға тегін және міндетті. Жалпы орта
білім жүйесінің алдында келесі мақсаттар тұр:
• Барлық мектеп жасындағы балаларды қамту;
• Жалпы орта білімге байланысты барлық мемлекеттік стандарттарды жүзеге
асыру;
• Мектептегі білім сапасын оқыту әдістері мен мазмұның дамыту арқылы,
мұғалімдер жұмысы мен оқушылар білімін бағалаудағы жаңа объективті
критерилер еңгізу арқылы көтеру;
• Оқушылар мен мұғалімдер денсаулығын сақтаудағы шараларды қадағалау.
Міндеттері:
• азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға,
елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу;
• білім сапасын түпкілікті бағалаудың субъективтік факторларының әсерін
азайту;
• оқушылардың сапалы білім алуға, функционалдық сауаттылыққа, ал
мұғалімдердің біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін дайы арттыруға
деген уәждемелерін арттыру;
• білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдай жасау;
• денсаулық сақтайтын және ақпараттық технологияларды енгізу;
• даму мүмкіншіліктері шектеулі балаларды оқытуға жағдай жасау.
Жалпы білімнің нұсқалығына, білім берудің ауқымды инфрақұрылымын
қалыптастыруға, жалпы орта білім беретін ұйымдардық әр алуан түрлері мен
үлгілерін дамытуға жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей және
басқаларды құру арқылы қол жеткіземіз.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Зақында
тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп,оның мәртебесі, құқықтық
негізі айқындалды.
Гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске
асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп,
салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске
асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге
асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны. Лицейлердің ең басты ерекшелігі
- ақыл-ой (интеллектуалдық) қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып,
оларды жоғары оқу орындарына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп болуында.
Лицейге жастарды қабылдау ең алдымен олардың табиғи мүмкіндіктерін,
интеллектуалдық ерекшеліктерін айқындау негізінде жүргізіледі, кейін де
бала дамуын қадағалай отырып, бірнеше іріктеу сатыларынан өткізеді. Ал оны
аяқтаған жастар жоғары оқу орнында білім алу құқығына ие болады. Бұл оқу
орындарының басты принципі баланы дәл болашақ мамандығына сәйкес қабілетіне
қарай іріктеу және сол мамандықты жоғары деңгейде меңгеруіне
көмектесетіндей бірнеше жыл бойы арнайы дайындықтан өткізу болып табылады.
"Мирас" халықаралық мектебінің білім беру қызметінде Қазақстан
Республикасының орта білім беру саласындағы ұлттық стандарт пен халықаралық
бакалавриат бағдарламасының талаптары орынды үйлесім тапқан. Көптеген
пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
"Арман" оқыту-тәрбиелеу кешені 1997 жылы ашылды. Оның оқыту-тәрбиелеу
тұжырымы негізінде "Оқу дегеніміз - әлемді ашу" тезисі жатыр. Педагогикалық
кешеннің мақсаты: өзіндік жіне шығармашылық жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыру, өзін-өзі іске асыра алатын тұлғаны тәрбиелеу. "Болашақ"
арнаулы орта мектебінде оқушылар екінші шетел тілі ретінде 3-сыныптан
бастап (ағылшыннан басқа) қытай және араб тілдерін оқиды. "Болашақ" - оқыту
қазақ тілінде жүргізілетін жеке меншік мектептердің бірі. Оқытудық негізгі
бағыттары - информатика және экономика. Сонымен бірге мектеп оқушыларға
барлық пәндер бойынша жоғары деңгейлі жалпы білім беруге бағытталған. Оқу
үрдісінде электронды оқулықтар қолданылады. "Болашақ" мектебінің түлектері
орта білімі туралы аттестатпен бірге экономикалық білім алғаны туралы
сертификат алады. "Дәулет" мектебінде ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға
байланысты бірнеше бастамалар бар, олар - " Лингвоелтану" оқулығы бойынша
қазақ және ағылшын халықтарының тарихын, мәдениетін, білім беру
құндылықтарын, рухани мұраларын зерттеу және олардың ерекшеліктерін
мәдениеттанымдық тұрғыдан салыстыру. Оқушылардың ағылшын тілі грамматикасын
меңгеруі мен тіл дамытуы компьютерлік бағдарлама бойынша беріліп,
тексеріледі. "Ақ жол" - оқу-әдістемелік орталық. Мақсаты - білім және
тәрбие беру үрдісінде балалардың дүниеге өзіндік жеке көзқарасын
қалыптастыру, шығармашылық ойлау қабілетін, логикасын, коммуникативтік
қасиеттерін дамыту. Қосымша білім беруде театр, хореография, қазіргі би,
ырғақты гимнастика, сурет-кескіндеме өнері, бағдарламалау, психология
пәндері және дене тәрбиесі қамтылған.
"Келешек" – республикалық физика-математикалық дарынды балаларға
арналған мектеп. Негізгі пәндер: физика, математика, информатика, ағылшын
және қазақ тілдері. "Стандартты емес олимпиадалық есептерді шешу" және
"Бағдарламалау негіздері" арнайы курстары бар.
Орал қаласындағы "Талап" акционерлік қоғамы жанындағы бірінші мектеп-
гимназия 1995 жылы құрылды. Гимназия жұмыс істейтін ата-аналарға ыңғайлы,
балаларға барлық жағдай жасалған. Әрбір сыныпта 5-8 оқушыдан білім алады.
Бастауыш сынып оқушылары үшін ұзартылған күн топтары ұйымдастырылған.
2015 жылға дейін еліміздің орта білім беру тұтас үздіксіз білім беру
жүйесінің базалық буыны ретінде жұмыс істейді. Балалардың орта білім алуға
деген құқығы жалпы білім беретін мектептердің желісімен қамтамасыз етіледі.
Оқытудың ерекше жағдайлары бойынша мектептер мектеп-интернаттар, дарынды
балаларға арналған мектептер, даму және оқу мүмкіндіктері шектеулі
балаларға арналған мектептер және т.с.с. болып бөлінеді. Мектептен тыс
мекемелер балаларға қосымша білім беру мен тәрбиелеуді қамтамасыз ете
отырып, орта білім беру жүйесіне енеді.
1.2 Ресей мемлекетінің орта білім беру жүйесі
1996 жылы Ресей Федерациясының Конституциясы "Білім туралы" Федеральдық
Заңы қайта өңдеумен азаматтардың құқығын бекітті, олардың академиялық
еркіндігін және ұйымдасқан өз еркіндігін кеңейтті. Білімнің бұрынғы
орталықтандырылған жүйеге оқушымен оқытушы қызығушылығын ескеретін, білім
беру бірлестіктер және жұмыс берушілер жүйесі енді.
Жалпыға білім беру баланың денсаулығын, жалпы мәдениетін, баланың
бейімделу қабілетін қалыптастыру, кәсіби бағдарда бейімділігін және оны
меңгеруге қабілеттілігін дамытуға, мамандандырылған білім бағдарламаларын
саналы түрде таңдауға және оны жақсы меңгеруге бағыттайды.
Оқытудың негізгі тілі - орыс тілі.
Ресей Федерациясының мемлекеттік тілі ретінде орыс тілінде оқыту. Ресей
Федерациясының азаматы өздерінің ана тілдерінде негізгі жалпы білім алуға
құқықтары бар және қабілетіне сай басқа тіл таңдауға да құқықтары бар.
Білім және оқыту тілдері мекемелерінің жарғысымен және оған қатысты
мекемелермен анықталады.
Жалпы білім оқу бағдарламаларының деңгейіне сәйкес үш сатыдан тұрады:
-бастауыш жалпы білім;
-негізгі жалпы білім;
-орта (толық) жалпы білім.
1. Бастауыш жалпы білім ереже бойынша, оқытудың стандартты ұзақтығы 4
жылды құрайды.
2. Негізгі жалпы білім оқытудың стандартты ұзақтығы 5 жылды құрайды.
3. Орта (толық) жалпы білім оқытудың стандартты ұзақтығы 2 жылдан 3
жылға дейін.
Бүгінгі уақытта жалпы білімнің бағдарламалық ұзақтығы 11 жылды құрайды.
Оқушылар ереже бойынша орта (толық) жалпы білімді 17 жасқа дейін алады.
Кешкі мектептер және өнер мектептерінде оқыту ұзақтығы 12 жыл. Бүгінгі
уақытта жалпы білім жүйесіне 66909 білім орындары кіреді. Онда 20 825 000
оқушы оқиды. Соңғы жылдары 607-дей жеке мектептер ашылған. Жалпы білім
мектептерінің ресми атауы - жалпы білім беретін орта мектеп. Соңғы жылдары
жаңа типті мемлекеттік және жеке (гимназия, лицей) мектептер салынуда.
Гимназия мен лицейлерде оқыту ұзақтығы жалпы білім беретін орта
мектептерден оқыту ұзақтығы жоғары, оларда білім беру бағдарламалары
жоғарғы деңгейде.
Жалпы білімнің оқу бағдарламасы жылына 34 оқу апталығын қарастырады.
Ереже бойынша оқыту аптасына 27-ден 38 сағатқа дейін. Оқу жылы 1
қыркүйекте басталады және маусымның басына дейін созылады. Мектептегі
емтихандар маусым айында өтеді.
Оқушылар жеке категориялары үшін белгіленген оқыту сатысы нақты
мемлекеттік білім стандартына сай өзгертулі (базалық) негізгі оқу
бағдарламасы жасалынды.
Негізгі оқу бағдарламасы міндетті пәндік көлемін -гуманитарлық бағыт,
онда орыс тілі, әдебиет, қоғамдық ғылымдар және денешынықтыруға ерекше
көңіл бөледі.
Жаратылыстану ғылыми бағыт, онда бірінші математика пәніне және
технология қатысты пәндер қарастырылады.
Қоғамдық ғылымға шет тілдері, ресей тарихы, әлем тарихы, экономика және
география, құқықтану, саясаттану, экономика және т.б.
Жаратылыстану ғылымына биология, физика, астрономия, химия, экология
т.б. пәндер кіреді. "Технология" деп аталатын біріктірілген пәндерге
бейнелеу, сызу және үй шаруашылығы, тігін, тағам даярлау, металл өңдеу,
ағаш ұсталық істерді қамтитын пәндер кіреді. Ал жоғарғы сыныптарда - нақты
мамандықтың базалық дағдылары жатады.
Негізгі оқу бағдарламасы көрсетілген міндетті пәндерден басқа қосымша
пәндер қатарына оқушының қызығушылығын есепке алып не болмаса мектептің
орналасу аумағын ескере отырып қарастырады. Әрбір мектеп тәжірибеде негізгі
оқу бағдарламасының базасында өздерінің жеке бағдарламасын жасайды.
Ресейде барлық білім деңгейлеріне бағалау жүйесі бірдей (жалпы білім
және жоғарғы білім):
"5" - үздік
"4" - жақсы
"3" - қанағаттанарлық
"2" – қанағаттанарлықсыз
2 бөлім. АҚШ және Германия мемлекеттерінің орта білім беру жүйесі.
2.1 АҚШ-тың білім құрылымы, элементарлық мектеп.
АҚШ-тың білім беру жүйесі өте бай тарихты иеленеді. Америка білім беру
жүйесін ең демократиялық, бәріне ашық, бірдей мүмкіндіктегі білім
жүйесі деп мақтайды.Ерекше мақтаныш ол жалпы білім беру жүйесі болып
табылады. Оны көбінесе әмбебап американдық шығарма дейді. Құрама, бәрін
қамтушы АҚШ-тың мектебі басқа елдерге үлгі ретінде жарнамаланады. Әр түрлі
тарихи,экономикалық және әлеуметтік факторлар әсерінен қалыптасқан АҚШ-тың
қазіргі білім беру жүйесі Батыс Европалық стандарттардан ерекшеленеді. АҚШ-
та біртұтас мемлекеттік білім жүйесі жоқ, әр штат оның құрылымын өзі
анықтауға құқылы.
АҚШ-тың білім жүйесіне кіреді:
• Мектепке дейінгі мекемелер, онда 3-5 жасар балалар тәрбиеленеді.
• Бастауыш мектеп (1-8 класс), онда 6-13 жасар балалар оқытылады.
• Орта мектеп (9-12 класс),14-17 жасар балалар оқытылады.
Басқа капиталистік мектептерге қарағанда американдық мектеп
демократиялылау көрінеді. Мысалы, Англия, Франция, Германия және т.б
европалық елдерде балаларды өте ерте 2-4 жыл оқығаннан кейін әр түрлі
типтегі мектептерге бөледі. Бір бөлігі, яғни азшылығы академиялық
мектептерге жіберіледі,онда оларды жоғарғы оқу орындарына дайындайды.
Осылайша 10-15 % бала Англияда грамматикалық мектептерге,Францияда
лицейлерге, Германияда гимназияларға барады. Ал қалған көпшілігі, қарапайым
халық балалары, жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндік бермейтін тұйық
мектептерге жіберіледі. Англияда ол совримендік, Германияда халықтық,
Францияда жоғарлатылған бастауыш мектептер. Академиялық мектептермен
салыстырғанды олардын алдында басқа мақсаттар мен жоспарлар қойылады. АҚШ-
та бұндай ескірген иерархиялық мектептер жүйесі жоқ. Мемлекеттік мектеп
демократиялыққа сай көрінеді. Мемлекетте біртұтас мектеп жүйесі
болмағандықтан, әр түрлі типтегі мектептерде әр түрлі мерзімдегі оқыту
қалыптасқан. Балалар мектепке 6 жастан бастап барады және 6-8 жыл
элементарлық мектепте оқиды. Содан соң 3 жылдық бастауыш орта мектепте 7-9
сыныпта оқиды. Келесі саты ол жоғарғы орта мектеп 10-12 сынып. Соңғы кезде
бастауыш сатыдағы оқу мерзімін қысқартып, ертерек пәндік оқыту жүйесіне
көшу тенденциясы байқалуда. Бұл тенденцияның мақсаты – оқушылардың
мектептің бастауыш сатысынан жоғарғы сатысына өтуді оптимизациялау.
Мемлекеттік мектептерден басқа оқушылардың 14% оқитын шіркеулік және жеке
меншік оқу орындары бар. АҚШ-та 3000 жеке меншік мектептер бар. Олар оқу
төлемдері негізінде өмір сүреді. Жылдық оқу ақысы 2000$ құрайды, бұл тек
қалталы адамдарға мүмкін. Осындай 3% бала оқитын жеке меншік мектептер
болашақ басшыларды, дипломаттарды тәрбиелейтіні таң қаларлықтай емес. Жеке
меншік аристократиялық мектепті бітіру жайлы дипломның өзі түлектерге
американдық қоғамның жоғарғы топтарына кіруге жол ашады. Бала бақшаны
бітірген 99% бала 6-13 жасар мектепке түседі, оның 94%-ы 17 жасқа дейін
оқуды жалғастырады, оның 29%-ы 18-24 жасар колледж бен университет
студенттерінің қатарына қосылады.
Элементарлы мектеп бұл өз бетімен өмір сүретін жеке мекеме,бұнда бір
мұғалім бүкіл сабақтарды оқытады. Оқытылатын пәндерді мідетті және
оқушылардың өздерінің таңдаулары бойынша оқытылатын пәндерге бөлінуі. АҚШ-
тың көптеген мектептерінде 9-12 сынып оқушыларына міндетті болып ағылшын
тілі мен дене тәрбиесі пәндері алынады. Бұл мектептерде оқу дәстүрлі жоспар
бойынша жүзеге асады, бұл жоспарға мынадай пәндер кіреді:
ана тілі – факультативтік курстар: аңызнама, ғылыми фантастика,
уағыздау және жарнама өнері, режиссерлік қызмет, бейнефильмдер құру және
т.б.;
шет тілдер – француз, испан, орыс, неміс, италия, латын, қытай;
қоғамдық ғылымдар – дүние жүзі тарихы, 1450-ші жылдан бастап қазіргі
кезге дейінгі Европа, ХХ-шы ғасырдағы Европа, Ежелгі Греция, заң және
қоғам, қазіргі қоғамның мәселелері, Қытай өркениеті, орыс тарихы, АҚШ
тарихы т.б.;
үй шаруашылығы – азық түлік және тағам даярлау өнері, жанұя, киім,
мода, бала бағу, интерьер негіздері т.б.
Ең көп уақыт ана тілі мен оқу сабақтарына бөлінген. Бұл мектепке
оқушыларды қабілетіне қарай әр түрлі класстарға бөлу тән. Мектепке енді
ғана түскен бүлдіршіндерді тесттің нәтижесіне қарап бөледі. Әдетте тест
бала берілген уақыт ішінде шешуі тиіс тапсырмалардан тұрады. Бұл тестке
алдын ала дайындалу мүмкін емес. Ол бала оқуы мен дамуын бейнелемейді. Тест
бұдан тереңірек ақпаратты алады, яғни баланың табиғи интеллект коэффицентін
математикалық нақтылықпен көрсетеді. Психологтар мен педагогтар баланың
ақыл ой зеректігін, икемділігін, тереңдігін анықтайтын тапсырмаларды ойлап
табады. ай-кью дәрежесін анықтағаннан кейін А - дарынды, В-
орташа, С- қабілетсіз деген топтар жіктелінеді. А және В
топтарына кірген балалармен жоғары талаптар қойылатын сабақтар өткізіледі.
Бұндай балаларды АҚШ-та колледжге бағыттанған деп атайды.
2. Орта мектеп, білім бағалау жүйесі, орта мектепті бітіру туралы диплом
алу.
АҚШ-тағы орта мектеп әдетінше екі сатыға бөлінеді—бастауыш және
жоғары,әр қайсысы 3 жылдан.
АҚШ – та төртжылдық орта мектептер де бар, олар 8 жылдық элементарлы
мектепке негізделген. Басқа оқу сатыларындағыдай бастауыш мектепте де
біртұтас, ортақ оқу жоспары, бағдарламасы, оқулықтары жоқ. Әр мектептік
аймақ дербес өз оқу жоспарын, пәндерге сағат бөлінісін өзі құрастырады.
Бірақ бұл көптеген ерекшеліктеріне қарамастан бәріне ортақ белгілер де бар.
Американдық мектептердің оқу жылы 170-186 күнге дейін созылады; балалар
аптаның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz