Тындап түсіну арқылы ағылшын тілін оқыту
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін оқыту. Ағылшын
тілін тындау арқылы
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..5
2. Тындап түсіну арқылы ағылшын тілін оқыту. Тындап түсіну арқылы
оқытуда кездесетін
қиындықтар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 8
3. Шетел тілін оқытуда техникалық құралдарды пайдалану. Шетел
тілін оқытуда бейнефильмдерді
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..25
Кіріспе
Тыңдау есітіп жатқан сөйлеушінің сөзін түсіну. Тыңдау қарым-қатынастың
негізін құрайды. Ол өз ішінде айтылып жатқан сөзді тыңдап - түсіну, оған
логикалық жауап беруді қамтиды.
Тыңдау шет тілін оқытуда өте жақсы құрал болып табылады. Ол оқылып
жатқан шет тілінің дыбысталу жағын үйренуге, яғни әуен, екпінді дұрыс қоюды
үйренуге мүмкіндік береді. Тыңдалым арқылы тілдің лексикалық құрамы мен
грамматикалық құрылымы үйреніледі. Және де тыңдалым оқу мен жазуды
меңгеруді жеңілдетеді.
Тыңдау қабілетінсіз адам оқып жатқан тілде қарым - қатынас жасай
алмайды. Тыңдалым оқушылардың айтылып жатқан сөзді назар сала тыңдауға
үйретеді. Тыңдалыммен бірге балада есте сақтау қабілетін дамытады. Оқушы
шет тіліндегі сөзді тыңдай отырып, сөздердің дұрыс оқылуына жаттығады, және
кейінгі кезде өзі сол сөзді айтқан кезде дұрыс айтатын болады.
Ағылшын тілін оқытудың алғашқы кезеңдерінде тыңдалымдар өте маңызды
роль атқарады. Тыңдалымдар ағылшын тілінде сөйлеушілердің шынайы сөзін
есітуге мүмкіндік береді.
Тыңдап түсінуге берілетін аудиомәтіннің тақырыбын таңдау өте маңызды.
Ол оқушылардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктері сай таңдалуы тиіс.
Төменгі сынып оқушыларына қызықты болатын тақырыптар түрлері: ертегі
сюжеттеріне негізделген тақырыптар, жан жануарлар туралы қызықты әңгімелер
т.б. Ал жоғары сынып оқушыларына саясатпен, техникалармен, бүгінгі таңда
ойлап табылып жатқан жоғарғы технология
жаңалықтарымен(роботтар,ұялысымтеті ктер,компьютерлер)және детективтермен
байланысты мәтіндер өте жоғары қызығушылықтарын тудырады. Сонымен қатар
махаббат, достық туралы, өзге елдің өмірі мен халқы туралы және табиғат
жайлы мәтіндер қызығушылықпен тыңдалады. Мектеп бітірушы сынып оқушыларына
болашақ мамандық таңдау туралы мәтіндер беру өте дұрыс шешім.
Курстық жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезде оқушылардың тыңдап-түсіну
қабілетін қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Қазіргі таңда тыңдап-түсінуді жақсарту әдістемесі әлі толық зерттелген жоқ.
Тыңдап-түсінумен жұмыс жасауды жеңілдететін мұғалімдерге арналған ғылыми
әдістемелердің аздығы зерттелу керек маңызды мәселе. Сол себепті де шет
тілін оқытудағы тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын табу
және практикада оның әдістемесін ұсыну бүгінде өзекті мәселе болып отыр.
Сонымен бірге шет тілін үйретудің мазмұнын жаңарту және тыңдау үрдісін
жаңаша ұйымдастырудың ғылыми негіздерін терең зерделеу қажет.
Курстық жұмысының мақсаты. Оқушылардың тыңдау қабілетін жетілдіру, шет
тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Шет елдік қоғам ортасында түрлі
ситуациялардан шыға білуді үйрету. Шет тілін оқытудағы тыңдауда кездесетін
қиындықтарды шешу жолдарын практика жүзінде көрсету. Тыңдап-түсінуді
ұйымдастырғанда дәстүрлі түрдегі мәтіндермен қоса, заман талабына сай жаңа,
қызықты,оқушыларда шет тілін оқуға деген мотивациясын қалыптастыратын
аудиоматериалдар түрлері қарастыру.
Курстық жұмысының міндеттері.
- Оқушылардың санасында тілдік ұғымдарды қалыптастырудың теориялық
негіздерін айқындау;
- Тыңдап-түсінуді меңгерудің тиімді әдістерін табу;
- Тыңдап-түсіну қабілеттілігін дамытудағы жаттығудың түрлеріне тоқталу;
- Тыңдап-түсіну қабілеттілігін дамытудағы жаттығуларды практикада
(cабақта) қолдануды меңгеру;
Курстық жұмысының нысаны. Шетел тілін оқыту үрдісі, шет тілін оқытуда
тыңдап-түсінудің рөлі және маңыздылығы.
курстық жұмысының теориялық маңызы. Тыңдап-түсінуге үйретуді дұрыс
ұйымдастыру, Тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын
меңгеру, дұрыс тыңдай-түсіне білуге үйрету,тыңдап-түсіну барысында берілген
тапсырмаларды шеберлікпен орындай білу біліктілігін қалыптастыру.
Курстық жұмысының практикалық маңыздылығы. Шет тілін оқу процесінде
тыңдап-түсіну дағдыларын қалыптастыратын жаттығуларды сабақта тиімді
пайдалану әдістемелері ұсынылады.
Курстық жұмысының зерттеу әдістері. Тыңдап-түсінуді тиімді
ұйымдастыруға керекті ұсынуда үнтаспаларды, дисктерді, әндерді, жиі
пайдалану және сұрақ-жауап, диалог және монолог құру, баяндау, сұхбаттасу,
интерпретациялау әдістерінің мүмкіндіктері артып отыр.
Курстық жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1. Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін оқыту. Ағылшын тілін тыңдау
арқылы үйрету.
Егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізген елімізде болып жатқан
өзгерістер білім алу саласына да елеулі өзгерістер әкеліп отырғаны
баршамызга мәлім. 21 гасыр - жаңа технологиялар гасыры болғандықтан, жас
ұрпақка тек білім беріп қана қоймай, сол арқылы әлем кеңістігіне енуді,
дамыған елдермен тең дәрежеде болуды мемлекетіміз мақсат етті. Ал болашақ
ұрпақ әлемдік білім кеңістігіне ену үшін білім жүйесі халықаралық деңгейге
көтерілу керек. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында:
Халқымыздың ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік
деңгейімен айқындалады - деген еді. Сондықтан бүгінгі күні елімізде дені
сау, рухы таза, өз білімін әр түрлі салада пайдалана алатын адамдар қажет.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру саласында шетел
тілдерін оқып үйренуге деген ықылас арта түсуде. Осыған байланысты қазіргі
қоғам шетел тілдерін меңгеру дәрежесіне күннен-күнге көтеріңкі талаптар
қоюда. Шетел тілін, әсіресе, ағылшын тілін оқу пәні ретінде оқытуды мектеп,
колледждер, жоғары оқу орындары, қоғам және уақыт қажет етіп отыр. Ол
әлеуметтік, экономикалық жайттардың қоғамның жалпы мәдени дамуының айғағы
болуда. Базалық білім мазмұны ауқымында шет тілін оқытудың мақсаты -
еліміздегі оқушылардың, жастардың шетел тілінде қарым-қатынас жасай алу
негіздерін меңгеру болып табылады.
Шетел тілінде қарым-қатынас жасаудың негізі тілдік білім мен
дағдылардан, лингво-елтану мен елтану туралы білімнен, білгірлік
шеберліктен тұратын шәкірттердің жеткілікті деңгейде коммуникативтік
біліктілікке қол жеткізуін көздейді. Осы мақсатта ұстаз өз шеберлігін
сабағында жаңа технологияларды қолдануынан, инноваңиялық әдіс-тәсілдерді
меңгеруінен көрсете білуі тиіс.
Сондықтан сондай озық әдістеменің бірі тақырыбымызға негіз болып
отырған - ағылшын тілін тыңдау арқылы үйрету. Жалпы шетел тілін үйренуші
оқушы немесе студент ең бірінші тыңдап алып, түсінуді меңгермей, сол оқып
отырған тілін терең игеруге мүмкіндік ала алмайды. Әдіскер З.А.Кочкина
Аудирование: что это такое? атты мақаласында: Шетел тілін үйрену және
сөйлеу дағдысын дамыту негізінен тыңдап-түсіну арқылы жүзеге асады, - деп
пайымдайды. Расында да ағылшын тілін тыңдау арқылы оқушы сол тілдің
фонетикасын, лексикасын, грамматикасын меңгере алады. Сабақты меңгерту
кезінде барлық назар сол тілдің қарапайым элементтеріне дейін аударылады.
Қабылдау бірлігі жеке сөздермен тікелей байланысты болғандықган, тілдік
тұлғаларды қабылдау үшін олардың санасында фонематикалық есту қабілетін
қалыптастыру қажет. Фонематикалық есту қабілеті дегеніміз – сөздердегі
дыбыстарды ажырату және оларды сәйкес фонемалармен ұштастыру. Содан кейінгі
ескерілетін нәрсе - иннотация. Сөздерді, ондағы дыбыстарды үйрену барысында
олардың фонетикалық ерекшеліктеріне байланысты қиындықтар туындап жатады.
Бұл жөнінде Н:В. Елухина: Оқушылар үшін ерекше қиындық туғызатыны шетел
тілдеріндегі дыбыстың ұзақтылығы мен қысқалығы, ашық және жабықтық
қасиеттерінің болуы. Сөйлем барысында таныс сөздер ілгері ықпалдың әсерінен
алғашқыдағы естілуін өзгертеді, - деп 3, 15 шетел тіліндегі дыбыстардың
ерекшеліктерін көрсетеді. Сонымен бірге ағылшын тілінің ырғақтылығы,
әуенділігі де бірқатар қиындықтар туғызады. Мәселен, ағылшын тілінде дыбыс
бәсең үнмен басталады да, соңына қарай үн не төмендейді, не жоғарылайды.
Сонда ғана түсінікті болады. Кей жағдайда әр түрлі жазылып бірдей
дыбысталатын сөздер кездесіп отырады. Мұндай жағдайда дыбыстардың айтылуына
ерекше мән беру қажет.
Мысалы; Тһіnk -sink.
Nat- hant.
Осындай дыбысталуы, айтылуы ұқсас дыбыстарды өткенде студенттердің қате
жібермеуі үшін жұмыстар жүйесін қалыптастыру қажет. Осыған байланысты
үнтаспа арқылы бірнеше рет тыңдата отырып, олардың қандай мағына
беретіндігін анықтату керек. Сондай-ақ қалай жазылатындығын да талап еткен
өте орынды. Әбден пысықтап, қайталанған тақырыпты, жаңағыдай сөздерді тіл
үйренушілер одан әрі шатыстырмайтын болады. Ағылшын тілін оқытуда ең басты
міндеттердің бірі – оқушыны ауызекі тілге үйрету екендігі белгілі. Ол үшін
олардың сөздік қорын байыту қажет. Бұл жерде әр жаңа сөзді жатқа сұрай беру
әдісі – әбден жауыр болған әдіс. Әрі ол тез жалықтырады. Осындай жағдайда
ойын әдісі қолданылса, оқушының сабаққа деген қызығушылығы артады.
Радиомен мәтінді тыңдау барысында жүргізілетін жұмысты үш кезеңге
бөлуді ұсынады:
- Тыңдауға дейінгі кезең;
- Тыңдау кезіндегі кезең;
- Тыңдаудан кейінгі кезең.
Тыңдауға дейінгі кезеңде адам хабардың не жайында болатынын шамалап,
енді қандай әрекет жүзеге асырылатыны анықталатын болса, оқу жағдайында
мұндай әрекет тек тыңдау барысында мүмкін болады. Одан кейін тақырып
бойынша қолданылатын жаңа сөздер, иллюстрациялар бойынша мәтіннің мазмұнын
болжам жасау ұсынылады. Тыңдауға дейінгі кезеңде жүргізілетін тағы бір
жұмыстың түрі оқытушының тақырып бойынша қысқаша мазмұндауы. Мұғалім бұл
мәселе төңірегінде не білетінін, не білгілері келетіні жөнінде шағын әңгіме
жүргізеді. Мұнда оқушылар мәтінді түсінуге қажетті жаңа сөздермен таныса
алады. Ағылшын тілін тыңдау арқылы игертудің түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану
арқылы, көздеген мақсатқа жетуге болады. Жалпы, оқытудың қандай
технологиясын пайдалансақ та, білімді ұрпақ тәрбиелеу - ортақ міндет.
Баламен тіл табысып, оның бойына білім нәрін себетін - ұстаз. Білімді ұстаз
ғана білімді шәкірт тәрбиелей алады. Қазіргі автоматика, техника, интернет
заманында ағылшын тілін жетік білу жас ұрпақтың қызығушылығын тудырары хақ.
Сондықтан жоғары сапада мамандар, жас ұрпақ дайындайтын болсақ, әлемдік
деңгейге мемлекетіміздің білімін де танытуға мүмкіндік болар еді.
2. Тындап түсіну арқылы ағылшын тілін оқыту.
Тындап түсіну арқылы оқытуда кездесетін қиындықтар. Аутенттік
материалдармен жұмыс.
Оқуға арналған аутенттік мәтіндердің сипаттамасы. Соңғы жылдары шетел
тілін оқыту методикасында берілуге тиіс материалдардың аутенттік, түп
нұсқалық мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Жалпы түп нұсқалық және мәтіндік
материалдардын тұп нұсқалық жайындағы мәселе бойынша пікірталас шетелдік
және отандық методикада 80-ші жылдың басынан бастап жүргізіліп келеді.
Шетел тіліне оқытудың түп нұсқалық мәселесіне ғалымдар мен педагог-
практиктер көп көңіл боліп, осы ұғымды әртүрлі тұрғыдан қарастырады.
Ағылшын тілінен аударғанда бұл сөз шын, нағыз, нақ дегенді білдіреді.
Көбіне бұл термин сабақта қолданылатын мәтіндерді сипаттауда қолданылады.
Х.Уиддоусон (9) айтқан пікірге келетін болсақ, шын деген ұғым тілдің оқу
мақсатында емес, басқа жағдайларда қолданылуы есептеледі, ал түп нұсқалық
оқу процесіндегі өзара әрекеттің ерекшелігі ретінде қаралады. Мысалы,
сыныпқа шетел газетінен бір үзінді алып келу жеткіліксіз. Газет мақаласымен
жұмыс істеуді түп нұсқалы ету керек. Оқушылар мәтінмен жұмыс істегенде оны
мұғалім аутенттік коммуникативтік қызмет үшін пайдалануы керек.
Х.Уиддоусонның пікірімен Л.Лиер келіседі. Л.Лиер (10) сонымен бірге оқу
процесінің түп нұсқалығына қажетті шарттар жүйесін зерттей келіп, түп
нұскалықтың ерекшеліктерін атап көрсетеді:
1. Материалдың түп нұсқалықты.
2. Прагматиканың түп нұсқасы.
3. Жеке адамдық тұлғалық түп нұсқалық.
Л.Лиер материалдың түп нұсқалығына төмендегідей пікір айтады. Ол шетел
тілін оқып-үйренушілерге арнайы құрылған мәтіндерді қолдануды мақұлдайды.
Дегенмен, аутенттік мәтіндердің негізгі сипаттамаларын (мысалы, орамдылық,
ақпараттылық, әсерлі, толықтық және т.б.) ескере отырып, шетел тілін оқып-
үйренушілерге арнайы құрылған мәтіндерді әдіскерлердің қолдануы мәтіннің
түп нұсқалы болып есептелуіне кедергі жасамайтынын Л.Лиер атап көрсетеді.
Ал прагматикалық түп нұсқалық мынадай сипаттарға ие болады: тіл
қолданылатын контекстің түп нұсқалық белгілі бір жағдайда тіл құралдарының
сәйкестілігі және мақсаттың түпнұсқалығы, яғни күтілетін сөз
әрекеттестігінің нәтижесі. Келесі түп нұсқалық жеке адамдық тұлғалық тұп
нұсқалыққа байланысты. Бұл жерде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру
маңызды, себебі, Л.Лиердің ойы бойынша адам өз іс-әрекеттеріне
жауапкершілігін жете түсінеді, жағдайға байланысты өз тәртібін (мінез-
құлығын, сонымен бірге сөз әрекетінің түрлеріндегі іскерлік пен дағдыларын)
түзетуге қабілетті.
Ал М.Брин (11) Л.Лиердің өңделген мәтіндерге байланысты ойымен
келіспейді. М.Брин түп нұсқалықтың төрт түрін атап көрсетіп, соның ішінде
мәтіннің түпнұсқалығын бірінші орынға қояды және аутенттік мәтіндердің
өңделген аутенттік мәтіндермен салыстырғандағы
айырмашылығын және оның тиімділігін атап көрсетеді:
1. мәтіннің түп нұсқалығы, 2. оқушылардың осы мәтіндерді қабылдау,
түсіну түп нұсқалығы, 3. оқу тапсырмаларының түп нұсқалығы, 4. сабақтағы
әлеуметтік ситуацияның түп нұсқалығы.
Шетел тіліне оқыту процесінде бұл түп нұсқалықтарды ескеру маңызды деп
ойлаймын. Ана тілінде сөйлеушілерге арналған түп нұсқалы мәтіндерді қолдану
пайдасын мына аргументтер дәлелдейді:
- өңделген, жеңілдетілген мәтіндер шынайы өмірден алынған мәтіндерді
түсінуді қиындатуы мүмкін;
- аутенттік мәтіндер тематикасына, стиліне қарай әр түрлі, олармен
жұмыс істеу оқушылардың қызығушылығын арттырады;
- аутенттік мәтіндер тілін оқып отырған елдің мәдениетіне үйретудің ең
жақсы, қолайлы құралы болып табылады.(11)
Осыны негізге ала отырып, біздің еліміздің орта мектептеріндегі шетел
тілін үйренуші оқушылардың жағдайын ескеруіміз қажет. Мектеп оқушылары
барлық аутенттік мәтіндерді толық, дәл түсіне бермейді, әсіресе бастауыш
сынып оқушыларына ол қиындау. Бұл орайда Ресейлік авторлардың ұсыныстары
көңіл аударарлық. Ресей әдіскерлері оқу мәтіндерін өңдеу қажет дей отырып,
өңделетін мәтіндердің белгілі бір талаптарға сәйкес болуына тоқталады:
• лексиканың, фразеология мен грамматиканың түп нұсқалықтың
сипаттамаларына сай келуі,
• мәтіннің логикалық қисындылығының, байланыстылығының сақталуы,
• берілген жағдайда қолданылатын тіл құралдарының сәйкестілігінің
болуы,
• ситуацияның шынайылылығының болуы,
• мәдени ерекшеліктердің және ұлттық менталитеттің анық бейнеленуі,
• ақпараттылық, әсерлі толықтық және т.б. болуы.
Осылайша, оқулық авторлары мен мұғалімдердің аутенттік мәтіндерді
жеңілдетуіне рұқсат етіледі, бірақ ол мәтін аутенттік мәтіннің негізгі
сипаттамаларын сақтауы керек, әсіресе аутенттік мәтіннің функционалды түп
нұсқалығын оқу процесінде ескеру маңызды. Әр түрлі стильдік формада
берілген аутенттік мәтіндерді Ресей әдіскері Г.И.Воронина екі топқа бөледі:
1-ші топта: күнделікті тұрмыстағы функционалды мәтіндер. Мұндай мәтіндерге
көрсеткіштер, жол белгілері, маңдайша жазу, жарнама, этикетка, карта,
схема, диаграмма, сурет, транспорт қозғалысының кестесі, театр, теледидар
бағдарламасы
және т.б.
2-ші топта: хабар беретін мәтіндер: мақала, хабар, интервью, сұрақ-
пікір, оқырмандар хаттары, өзекті, таңғаларлық хабар, хабарландыру, сонымен
қатар статистикаға, графикке, жарнамаға, түсініктеме, репортажға және т.б.
түсіндірмелер.
Р.Скарселл мен Р.Оксфорд (14) жұмыстарында редакцияланған аутенттік
мәтіндердіц жеңілдетілу жолдары төмендегідей көрсетіледі: күрделі
грамматикалық құрылымдардың жеңілдетілуі, негізгі идеяның қайталануы, таныс
емес сөздердің санын азайту, түсінуді оңайлататын жеке элементтерді қосу
және т.б. Аутенттік мәтіндерді оқыту мақсаттарына жету үшін жеңілдетуде
немесе өңдеуде төмендегі критерийлер ескерілуі керек:
1. Культурологиялық түп нұсқалық, яғни тілін оқып отырған елдің
мәдениетін тілден тыс (бөлек) оқыту мүмкін емес. Оқу мәтіндерінің
культурологиялық түп нұсқалыққа жетуі шетел тілі мұғалімінің алдында тұрған
екі маңызды міндетті орындауы, яғни тілге үйретуде мәдениетті біріктіре
алу.
2. Хабарлылық түп нұсқалық. Әрбір шынайы мәтінде бір жаңа хабар болады.
Ол оқушының нағыз қызығушылығын оятады. Мәтіндерді іріктеу барысында
хабарлылық түп нұсқалық басшылыққа алынуы керек.
3. Ситуативті түп нұсқалық. Бұл түп нұсқалық ситуациялардың
шынайылылығын көрсетеді. Бұл орайда мәтін күнделікті өмірден алынған болу
керек. Мысалы, елтанушылық, ғылыми мәтіндер, ертегі, жеке хаттар, жарнама,
анекдоттар.
4. Ұлттық менталитеттің түп нұсқалығы. Материалды іріктеуде сол елдің
өзгешелігін ұмытпау керек. Оқушыларды белгілі бір, айталық ағылшын тілінің
тіркестеріне үйрете отырып, оларға ол фраза қай жерде орынды, қай жерде
орынсыз екенін түсіндіру қажет.
5. Реактивті түп нұсқалық. Реактивті түп нұсқалық әртүрлі құралдармен
жасалынады. Мәтіндегі лепті сөйлемдер, риторикалық сұрақтар, бағалаушы
сөздер мәтінге мәнерлілік, эмоционалдық оң береді, оқушылардың
қызығушылығын туғызады.
6. Сырт пішіннің (бейненің) түп нұсқалығы. Қазіргі оқулықтарда мәтіндер
жиі дәл репродукцияда берілгенін көруге болады. (қолдан жазылған, тақтаға
ілінген хабарландырулар, кейіпкерлер суреттері, мәтіннің мазмұнына
байланысты суреттер: үйде, көшеде, почтада, кітапханада). Аудиомәтіндерде
дыбыстардың берілуі маңызды. Мысалы,
транспорт шуы, телефон шырылы, музыка және т. б.
1. Оқу мәтіндерінің түп нұсқалы түрлерінің оқушыларға шетел тілін
үйретуде алар орны ерекше.
2. Түп нұсқадағы мәтінді өңдеу қажет болған жағдайда, олар белгілі бір
талаптарға, критерийлерге сәйкес орындалуы қажет.
3. Аутенттік мәтінді оқу процесінде аутенттік коммуникативтік
қызмет үшін қолдану маңызды.
Аутенттік аудиоматериалдарды тыңдап түсіну дағдылары мен іскерліктерін
дамытуға бағытталған жаттығулар.
Шетел тілін оқушыларға үйретуде аутенттік аудиоматериалдарды тыңдап
түсіну дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру көптеген қиындықтармен
ұштасып жатады. Әсіресе ағылшын тілін үйретуде осы қиындықтармен
кездесеміз. Осы себепті бұл курстық жұмыста аутенттік аудиоматериалдарды
тыңдап түсіну дағдылары мен іскерліктерін тиімді түрде дамытуға бағытталған
жаттығулар қарастырылады. Аутенттік аудиоматериалдарды тыңдап түсіну
дағдыларын қалыптастыруда кездесетін қиындықтардың алдын алу және оларды
жеңу үшін тыңдап түсінуғе үйрететін арнайы жаттығулар кешені құрастырылуы
керек.
Әдістемелік әдебиеттерде тыңдап түсінуге үйрететін жаттығулардың екі
тобы көрсетілген:
1. машықтанудайындық жаттығулары;
2. сөзкоммуникативтік жаттығулар.
Дайындық жаттығулары - ауызша сөзді түсінуге қажетті тілдік
құбылыстарды қабылдау, мәнін ұғыну, мағыналық үзінділерге бөлу және оны
танып білу дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар. Ал сөз
жаттығулары - мәтіннің мазмұнын толық ұғыну және автордың түпкі ойын түсіну
қабілетін дамытуға арналған жаттығулар. Дайындық жаттығулары жаттығулар
жүйесінде маңызды орын алады. Ол тыңдап түсінудің техникалық жағын
қамтамасыз етуге, хабардың мағынасын түсінудің лингвистикалық,
психологиялық қиындықтарын жоюға бағытталады.
Дайындық жаттығуларын орындау нәтижесінде мынадай іскерліктерге жол
ашылады: тыңдап отырған хабардағы таныс емес құбылыстарды анықтау, оларды
бір-бірінен ажырату және түсіну іскерлігі;
- дыбыстық бейнелерді мағынамен ұштастыру іскерлігі;
- сөз жасау тәсілдеріне сүйене отырып, таныс емес сөздің мағынасын
анықтау іскерлігі;
- түрлі лексикалық бірлестіктер мен грамматикалық құрылымдардың
контекстегі мағыналарын анықтау іскерлігі;
- синоним, антоним құбылыстарын танып, олардың мағыналарын ашу
іскерлігі қалыптастырылады және тыңдаушының есту қаблеті мен қысқа
мерзімдік есі дамытылады.
Осы аталған іскерліктер мен дағдыларды дамыту үшін, оларды жетілдіру
үшін мынадай дайындық жаттығуларын орындаған жөн:
Есту қабілетіне үйрететін дайындық жаттығулары
- бірнеше жұп сөздерді тыңдап, оларды қайталау;
- берілген интонацияны сақтай отырып, синтагмалар мен фразаларды
қайталау;
- берілген қос сөйлемдерді тыңду. Егер ол сөйлемдер бірдей болса,
жауапта (+) таңбасын қойыңдар, егер сөйлемдер әртүрлі болса (-) таңбасын
қойу және т.б.
2. Алдын-ала болжалдау қабілетіне үйрететін дайындық жаттығулары
- бірқатар сын есімдерді (етістіктерді) тыңдап, олармен жиі тіркесетін
зат есімдерді атау;
- сөздеріне таныс элементтерден құралған сөздерді тыңдап, оларды қазақ
тіліне аудару;
- бірқатар сөз штамптарын тыңдап, олардың қандай жағдайда
қолданылатынын (қазақ немесе шетел тілінде) атау;
- таспадан мәтінді тыңдап, сол мәтіннің жазбаша нұсқасындағы қалып
қойған сөздерді толтыру.
3. Қысқа мерзімдік есті жетілдіретін дайындық жаттығулары бір топ
жекелеген сөздерді тыңдап, солардың ішінде белгілі бір тақырыпқа байланысты
сөздерді есте сақтап, қайталау;
- екі-үш қысқа фразаларды тыңдап, оларды бір сөйлем етіп бірікту;
он немесе одан да көп сөздерден тұратын, яғни ұзақтығы қысқа мерзімдік
ес көлемінен артық фразаларды тыңдап, оларды диктордан кейін қайталап
айтыңдар;
- фразаны тыңдап, оған мағына жағынан байланысты тағы бір фразаны қосу.
4. Сөз жасау және контекстік болжауды жетілдіретін дайындық жаттығулары
- төмендегі етістіктерді тыңдап, олардан зат есімдер жасау;
- өздеріңе таныс элементтерден жасалған туынды және біріккен сөздерді
тыңдап, оларды аудару немесе сөйлемде қалай қолданылатынын түсіндіру;
- контекст және дыбыстық формасына сүйеніп, интернационалдық сөздің
мағынасын анықтау;
- тірек сөздерді қарап шығып, аудиомәтіннің тақырыбын атау. Сосын
аудиомәтінді тыңдап, жауаптарды тексеріу.
5. Сөздердің мағынасын анықтауға арналған дайындық жаттығулары:
- сөйлемдерді тыңдап, олардың ішінде іс-әрекет иесін (қимыл атауын)
анықтау;
- сөйлемде ана тілінде аталған сөзге мағынасы сәйкес келетін сөзді табу
т.б.
Сөз жаттығулары ауызша сөзді қабылдап, оны дұрыс, терең түсіну
қабілетін дамытады және жетілдіреді. Бұл жаттығуларды орындау нәтижесінде
мынадай іскерліктерге жетуге болады:
- хабардың ақпаратқа ең қанық жерлерін анықтау;
- мәтін деңгейінде болжа арқылы кейбір түсініксіз жерлерді толық
түсіну;
- мәтінді коммуникация жағдайымен ұштастыра білу:
- тыңдауға арналған мәтіннің мағыналық бөлшектерін анықтау, олардың
әрқайсысының негізгі ойын анықтау іскерлігі және т.б.
Сөз жаттығуларының ішінде бізді қызықтыратын жаттығулар түрі
- қабылданған ақпаратты белгілеу және мағыналық жағынан қайта құру
іскерліктерін дамытуга арналған жаттығулар. Мысалы:
- мәтінді тыңдап, аннотация тезис құрастыру;
- мәтінді тыңдап, барлық нақты материалдарды толтыруға тырысу. Оларды
маңыздылығына қарай топтастырып, шешіміне негіздеме беру;
- тыңдалған аудиомәтінді тақырыбы ұқсас жазбаша мәтінмен салыстыру.
Мазмұнының ұқсастығын айырмашылығын салыстырып, дәлелді баға беру;
- тыңдалған мәтінде бар мәліметтерді қай жерде қолдануға болатынын
көрсет;
- мәтінді тыңдап, сөз болған тақырып бойынша проблемалы мәселелерді
талқылау;
- мәтінді тыңдап, оган төмендегі жоспарды қолдану арқылы рецензия
құрастыру: хабардың тақырыбы, негізгі кейіпкерлері, қысқаша мазмұны,
негізгі идеясы, тыңдаған хабарға баға беру.
Жоғарыда берілген жаттығулардың тыңдап түсінуде маңыздылығын айта келе,
басқа да тиімді жаттығуларға тоқталсақ. Өйткені бұл жерде жаттығуларды
іріктеуде жүйелілікті көреміз. Н.Д.Гальскова тыңдап түсіну дағдылары мен
іскерліктерін дамытуға бағытталған жаттығуларды 4 топқа бөледі:
1. Мәтінді қабылдауға арналған дайындық жаттығулары;
2. Аудиомәтінді тыңдай отырып қабылдауға арналған жаттығулар;
3.Тыңдалған мәтінге негізделген жаттығулар (репродуктивті-
продуктивті);
4. Тыңдалған мәтінге негізделген жаттығулар (продуктивті).
Мұнда, бірінші топтағы жаттыгулардың мақсаты – қабылдау мен түсінудегі
(әсіресе аутенттік мәтінді) лингвистикалық және психологиялық қиындықтарды
жою; ақпаратты есте сақтауын жеңілдету үшін және оның мазмұны мен құрылысын
болжау үшін белгілі бағыт-бағдар беру. Ол үшін:
- тыңдалатын мәтіннің түрін хабарлау;
- мәтіннің мазмұнын түсінуге өте қажетті таныс емес сөздердің
мағыналарын және контексте болжауға келмейтін сөздердің мағыналарын
хабарлау;
- мәтіннің мазмұны туралы ақпарат беретін суреттер, схемалар,
фотосуреттер т.б. көрсету;
- мәтіндегі негізгі ақпаратты хабарлау (Сендер... туралы мәтін
тыңдайсыңдар);
- сөйлеудің жылдам болатынын, бірақ одан қорықпай тек негізгі
ақпаратты түсіну қажеттігін айту;
- мәтіннің қысқартылған, жеңілдетілген нұсқасын немесе транскрипциясын
беру (соңғы жағдайда мәтінді тыңдай отырып, қалпына келтіреді);
- тірек сөйлемдерді, фразаларды беру;
- тыңдалатын мәтіннің тақырыбы мен мәселелері бойынша негізгі
түсініктерінің ассоциограммасын құрастыруды ұсыну.
Екінші топтағы жаттығулар - мәтінді тыңдау, бірақ ақпаратты қабылдау
алдында оқытушы нұсқау беріп, коммуникативтік міндетін: мәтінді қалай және
қандай мақсатпен тыңдау керектігін айтуы керек (мысалы, негізгі мазмұнын
түсініп, сұрақтарға жауап беру; тыңдау барысында таблицанысхеманы толтыру
т.б.);
Егер аутенттік аудиоматериалдарды тыңдасақ, онда мүмкіндігінше,
әсіресе бастапқы кезеңде мәтінді бірінші тыңдағанда тек негізгі мазмұнын
түсінуді немесе мынадай ақпараттарды анықтауды ұсыну керек:
- мәтіннің түрін (мысалы, интервью) анықтау;
- мәтіннің негізгі тақырыбын, идеясын анықтау және оны айтып беру;
- мәтіннің жалпы мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
(кім?, қайда? кіммен? не туралы? қалай?);
- жүйелілігін анықтай отырып, суреттің мәтінмен арақатынасын белгілеу;
- ұсынылған варианттардан мэтіннің мазмүнына сай келетін жауаптарды
табу.
Сонымен қатар мәтінді тыңдай отырып орындалатын жазбаша тапсырмалар
үлкен нәтиже береді:
- схема, таблица толтыру;
- берілген екі жауаптан мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін біреуін
табу;
- тірек сөздердіфразаларды белгілеу;
- талқылаудағы маңызды дэлелдерді жазып алу.
Тыңдап түсінуге үйретудің бастапқы сатысында мәтіннің жазбаша нұсқасына
сүйене отырып тыңдауға болады. Бұл тәсіл - оқи отырып есту дыбыс пен
әріптің арасындағы байланысты көруге үйретеді;
Мазмұнын түсінуді жеңілдетеді; Жақсы есте сақтап, тез меңгеруін
қамтамасыз етеді. Бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz