Бала тәрбиесіндегі салт - дәстүрлер


Мазмұны
- Халықтың салт-дәстүрлері рухани мұра . . .
- Атақты ойшыл ағартушылардың бала тәрбиесі туралы тұжырымы . . .
2. 1 Салт-дәстүрлердің түрлері, қайта жаңғыруы.
2. 2 Бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлердің маңызы. .
Тақырыбы: «Жаңа заман туғызған - салт - дәстүрлердің тәлім - тәрбиелік мәні»
Мақсаты: «Бала тәрбиесінде салт-дәстүрлердің алатын рөлі»
Міндеттері:
1. Бала тәрбиесінде салт-дәстүрлер туралы тұжырым.
2. Салт-дәстүрлерді бала тәрбиесінде қолдануда мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қажеттілігі.
3. Салт-дәстүрлерді сабақта тиімді пайдалану жолдары.
Зерттеу объектісі: «Бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлер».
Зерттеу пәні: Оқушылардың бойында салт-дәстүрлерді қалыптастыру әдістері, жолдары.
Ғылыми болжам: «Егер де даму ерекшелігіне сай оқу-тәрбие процесінде салт-дәстүрлердің құндылығын оқушы бойына дарыта білсе, онда жан-жақты дамыған тұлға өсіп шығады деген тұжырым жасауға болады».
Кіріспе
Өмірдің талай-талай белесі көп,
Ақылмен жүрген адам соған жетеді,
Қартайғанда сыйымды болу үшін,
Артта қалар үлгілі ұрпақ керек, - деп сөзімді бастағым келіп отыр. Бұл өлең шумақтарымның түйінін айтатын болсам, әр халықтың өз салт-дәстүрі, ырымдары, кәде, жоралғылары бар. Қай халық болмасын өз дінін, салт-дәстүрін ұстанады, өмірде жалғастырады. Ұрпақ-ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Сондықтан да әр халық өзінің өмірінің жалғасы ретінде баланы құрметтеп, асырап-бағып, қағып өсіріп, оған зор үміт артады. Келешек ұрпақты тәрбиелеуде біз ата-бабаларымыздың бізге қалдырған асыл мұрасы, салт-дәстүріне жүгінеміз, соларды тәрбие жұмыстарында орынды пайдаланудың арқасында ғана адамгершілігі мол, ибалы, инабатты адал ұл мен қыз тәрбиелеп шығарамыз.
Биылғы жылғы 18 мамыр күнгі елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында былай делінген: «Біз ұлтына және діни наным - сеніміне қарамастан, әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр, мәдениет пен дінді, таңдауға ерік беретін, еркін әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз».
Біз қазақ атаны, ананы пір тұтқан халықпыз. Сондықтан да тегімізді атадан, тілімізді анадан алған халықпыз. Қорқыт ата кітабында «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас» немесе «Қыз ақылды ескермес ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес әке үлгісін көрмесе» деп текке айтылмаған.
Ұлттық салт - дәстүрімізді білу, оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда әсіресе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. «Қыз тәрбиелей отырып - ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. Қыз баланың нәзік те қайратты, албырт та алғырт, ширақ та байсалды, сабырлы да төзімді болуына оның өте күрделі тәрбиесі ғана бағыт береді. «Қызым - үйде, қылығы түзде» дейді екен бұрынғылар. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен не болмаса «Қызды қырық үйден тыюмен» шектелмейді, мәселе қай кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып, белгілі бір кезеңді пайдалана білуде. Ата - ана қыз баланың бойындағы дара ерекшеліктерін жіті бақылап, ұлттық санасын оятып, ар-намысын қадірлеуге үйретуі міндетті. Қыздың бойындағы ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойына сіңеді. Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс-аяқты салдырлатпау, алдымен кіріп артымен шығу, есікті теуіп ашпау, босағаны керіп тұрмау, ұсынған кесені төмен қарап беру, үлкендерден жоғары отырмау т. б. тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, аяқ басысына, киім-киісіне, қимыл - қозғалысына, дауыс ырғағына дейін мән беріледі. Қыз жат жұрттық! Қыз - болашақ ана. Қыз бала оң жақта отырғанда - ақ келін болып түскенде атқаратын ауыр да ардақты міндеттерді, аттап өтеуге болмайтын әдеп инабаттылық талаптары жайында жақсы хабарлар болуы тиіс. Әсіресе қыз атасы, апа - жеңгелері үй шаруасына икемділік, іскерлік, жүріс - тұрыс сыпайлығы мен ширақтығы, әсемдігі жинақтылық пен тазалықты, өз бойын күту мен ашық қабақтылық, күйеуіне ілтипаттық пен қамқорлық, барған жерінің үлкендеріне ізеттілік, құрбыларымен татулық, сыйластық ықылас тәрізді келін инабаттылығының нәзік иірімдері туралы айтып қана қоймай, оларды білдіруге, меңгертуге күш салулары қажет. Киім тігу, дәмді тамақ пісіру, түйме қадап, жыртықты жамай білу сипатты істер келген жер үшін келіннің, күйеуі үшін - әйелдің қадірін асырады. Бұларды ұсақ - түйекке санаған адам қатты қателеседі. Өйткені отбасылық өмірдің сәнін кіргізіп, жылуын, қызығын молайтатын, мән -мәнісін арттыратын нақ осылар. Мұның ең маңыздысы - келешекте өзінің де ұл - қызын іске, өнерге үйрете алатын, өзі үлгі - өнеге көрсете алатын болуы.
Иә, әйел - отбасының ұйытқысы, бекересі, мейірі, шапағат көзі. Әйелдің еріне қарымқатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуы тиіс. Мұның өзі, бір жағынан үй ішіндегі әдептің бастау алатын көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс-қимылы, қас қабағы арқылы қалыптасады. Бүгінгі бойжеткен - ертеңгі асыл жар, аяулы ана. Қыз баланың ең құрметті борышы ана болу, бала тәрбиелеу. Баланың әдептілікке үйренуі алғаш оның ананы сыйлауынан, ана тілін алуынан көрінеді. Анасын сыйламаған бала халқын да сыйламайды, ол безбүйрек, қаныпезер, қайырымсыз болып өседі. Сондықтан, бұл тақырыпта от басында, балалар бақшасында, мектепте көп әңгіме болады, әсерлі тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Мектепте әдептілік (этика) туралы кеш жоспарлы түрде, арнайы дайындықпен өтеді.
Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер - білімді игеруі тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі - өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы», «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қонар» деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің текке кетпейтінін өсиет еткен. Өнер иесі күйшілер мен әшекей заттарды жасауды ұста - зергерлердің бәрі ұстазына еліктеп, өнер жолын қуған жандардан шыққан. Өз ұрпағының өнегелі, абзал азамат болуын өсуін армандаған ата-аналар балалары мен қолынан жетектеп тігінші, әнші, күйші адамдардың жанына апарып, солардың өнерін үйретуге зер салған. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, «Ұстазға қарап шәкірт өсер» деп халқымыз ұстазға үлкен жүк пртқан. Ұстазының өзіне ұқсаған талантты шәкірті болса, ол үлкен абырой, зор мақтаныш.
Мұның бәрі сергек, сезімтал, ақыл-ой парасаты мол жан - жақты білімді, өнегелі, өнерлі азамат болуын көксеуден туған. Халық педагогикасында тұрмыстық ереже болып, халықтық санасына сіңіп, салтына айналған әдет - ғұрыптардың тәрбиелік мәні арта бермек.
Ер намысы - халықтық салттың ең бір қалыптасқан заңы. Бала тәрбиеленіп, кісілікке жеткен соң, ол өз намысын қорғай алмаса ол азаматтық беделін жояды. «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді» деген мақал содан қалған. Ер бала әке жолын қуып, «әкеден де асып туып», қатарынан қалмай, алдына қойған мақсатарын абыроймен орындауға борышты: елін қорғау, еңбек ету, ата-анасын ардақтау, өнер үйрену, күш-жігерлі болу, айтқан сөзінде тұру, әділетті болу, біреуге жалынышты, кіріптар болмау, әйел адамды құрметтей білу, жасық болмау, т. б. ізгі қасиеттерді бойына сіңіру ер-азаматтың намысы, абыройлы ары. Әсіріесе, ұлттық дәстүрге сәйкес инабатты, иманды, ілтипатты болу ер жігітттің айнымас ары, бұлжытпай орындайтын заңды борышы. «Түрі жылыдан түңілме» деген сөз содан қалған. Халықтың үкімді заңын пір тұтқан ер - азамат «малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы» деп, арына адал болған.
- Халықтың салт-дәстүрлер рухани мұра
Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы-сырнай үнімен, асқақтата салған әсем әнімен, ғашықтық (лиро-эпостық) жырымен, мақал-мәтел, шешендік сөз, айтыс өлеңдерімен сан ғасыр бойы өз ұрпағын «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқой азамат тәрбиелеп келгені тарихи шындык.
Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын, екінші Аристотель атанған әмбебап ғұлама, ұлағатты ұстаз әл-Фараби бабамыздың да Қазақстан топырағында дүниеге келіп, артына ұлан-ғайыр рухани мұра қалдырып кеткенін бүгінгі ұрпақ зор мақтаныш тұтады.
Түркі тілдес халықтарға ортақ, өшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Жүгінеки, Иассауи трактаттары, сондай-ақ Алтын Орда дәуірінің ойшылдары: Хорезми, Сараи, Дулати, Жалайри, Әбілғазы т. б. еқбектерінің де қазіргі ұрпақ тәрбиесінен алар орны ерекше екендігін де оқырман назарына салғымыз келеді. Асан қайғы, Шалкиіз, Жиенбет, Ақтамберді, Бұқар, Шал, Дулат, Мұрат, Махамбет, Майлықожа т. б. қазақтың күміс көмей, жез таңдай ақын-жырауларының әр түрлі өмір құбылыстары, адам мен қоғам, жан мен тән, тыныс-тіршілік туралы терең толғаныстарының, ақыл-кеңес өсиеттерінің қазіргі жастарымыз үшін, олардың тәрбиесі үшін берері аз емес.
Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақтарының адал жанды, әдепті, иманды, батыл да батыр, инабатты, ізетті болып өсуі үшін, өсиет айтуды, өнеге көрсетуді, бата беруді, тілек айтуды әлеуметтік әдепке, ата-бабалық дәстүрге айналдырылған. Ата дәстүрін ардақтау- қазақ халқының ұлттық ұжданы. « Атадан бала тусайшы, ата жолын құсайшы » деп халқымыз атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиеленген. « Ат тұяғын тай басар » деп, кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын талап еткен. Осының арқасында әуелі отбасылық, содан кейін әулеттік, ұлттық тғылымдар ата дәстүріне айналып, ұрпақтардың санасына сіңіп, әдет-ғұрыпқа, салт-санаға айналған.
Данышпан ата-бабаларымыз кейінгі ұрпаққа өркениетті өсиет айтып, өнеге-ңұсқа қалдырған. « Ынтымақ болмай, іс оңбас » деп, бірлікке шақырған. « Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар » деп, кісілікті үйренуді өсиет еткен. « Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады » деп, білім алуды уағыздаған. « Еңбектің түбі-зейнет », « Жасыңда бейнет көрсең, қартайғанда, зейнет көресің » деп, өмір заңдылықтарын өсиет тұтқан.
Халық: « Қария, қарияның ақыл-ойы дария », « Қарты бардың ескіден қалған хаты бар » деп, ата-бабның айтқан сөзін ардақтай тыңдап, ерекше құрметпен есте қалдыруды әдетке, әдепке, дәстүрге айналдырылған. Қарттарды қадірлеп, оларға сәлем беру, қариялармен ақылдасу, қарт кісіні төрге шығару, қарт адамдарға сыбаға сақтап, сыйлық әзірлеу, сый-сыяпат көрсетіп, олардың батасын алу, қарт адамға қамқоршы болу-салтқа айналған дәстүрлер.
Ата-бабаларымыз өмір тәжирибелерінен, халықтық әдет-ғұрып болып қалыптасқан дәстүрлерінен үлгі-нұсқаларды өне бойы өнеге етіп, ұрпақтарына үйретіп отырған, тілек тілеп, бата беріп, жастарды жақсы жолға бастаған. Бата - адам баласына тек жақсылық тілеу, халық тарихында ертеден қалыптасқан дәсүр. Кейінен тілек айту, сол тілекке жету «құдіретке байланысты» деген сеніммен батаның ңұсқалары қалыптасты. « Үйің құтты болсын », « Сапарын оң болсын », « Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз » деген тілектер - қысқа да ңұсқа баталық сөздер. Бата қарт адамның ризалық сезімін, өсиетті ой-тұжырымдарын, жақсы тілектерін білдіреді: «Еліңнің елеулесі, халқының қалаулысыбол. », «Шырағың сөнбесін», «Отбасыңнан бақыт кетпесін», «Арманыңның асауына жет», «Берекелі тірлік, мерекелі бірлік бюерсін», деп, бата беруші жастарды халқын сүюге, бірлікке, тірлікке тәрбиелейді. Бата алу, бата сұрау, бата құлудың өз рәсімдері бар. Алдына көп мақсат қойып, қариядан бата алу үшін, бата алушы батаберушіге сый-сыяпат көрсетеді. Ас қайыру кезінде, біткен ас соңында қариялардан бата сұралады. «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер» деп, халық батаны «киелі сөз» деп, жоғары бағалайды, жастар жаттап, жадында сақтайды. Киелі сөз - батаның орындалуына үшіін бата алушы арман-мақсаттарының биігіне шырқайды, яғни арманға жету үшін, тірлік-тіршілік жасауға машықтанады.
Арттағы ұрпағына сөзімен де, ісімен де, ақылымен де, парасатымен де үлгі-өнегесін қалдырған ата-бабаларымыздың аруағын ардақтап, мұрасын мақтан тұтамыз!
«Ата сөзі-бата сөз» деп, ата-бабамыздың нақыл сөздері мен ақыл сөздерін - өрнекті өсиеттерін қастерлей қабылдап, жадымызда сақтаймыз. Елге бірлік, тыныштық тілеп, халқының қадірлі қасиетті болуын армандаған данышпан ата-бабаларымыздың жолын қуып, жоралғысын жасау - біз үшін міндет, парыз, ұрпақтық борыш. Бұл қасиет ұлттық әдептілік деп аталады. Ата-баба дәстүрлері ұлттық мәдениеттің бір негізі болып табылады.
1. 2. Атақты ойшыл ағартушылардың бала тәрбиесі туралы
тұжырымы
Ал әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздары: Шоқан, Ыбырай, Абай еңбектерінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі ез алдына бір төбе. Осы ғасырдың басында тәлімдік ой-пікірімен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Халел, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек, Міржақыптардың ұлттық дәстүрді өз туындыларының негізгі арқауы еткен педагогикалық, психологиялық тұжырымдары қазіргі заман талабымен үндесетін өмір-шеңдігімен жұртты қайран қалдырады.
Бала тәрбиесі туралы сөз қылғанда бұдан бұрын өмір сүрген ағартушылардың отбасы тәрбиесі жөніндегі ой-пікірлерін еске түсірейік.
Көптеген атақты ойшыл ағартушылар, Абай Құнанбаев баланы жанұядан бастап дұрыс тәрбиелеу керектігін айтты. Осы үшін толып жатқан үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие дәстүрлерін ұсынып, жақсылыққа, адамшылыққа жеткізетін ақылдар айтты.
Абай баланы ата-анасы дұрыс тәрбиелеуі тиіс, қылжақбас етпей тәрбиелеуді, өтіріктен, қулық-сұмдықтан, тағы басқа тұрпайы мінездерден аулақ ұстауға ақыл берді. Сонымен қатар: «Адамға үш адамнан мінез жұғады. Ата-анадан, ұстаздан, құрбысынан. Әсіресе кімге жақын, кімді жақсы көрсе, содан көп жұғады» - дейді. Мұны-мен бірге Абай өзінің «Оныншы сөзінде» қазақтың үй ішіндегі тәлім-тәрбиесін сынға алды. Баланы жасынан ғылымға, оқуға үйір қылып тәрбиелеуді жөн көрді. Абай ескі феодалдық санада тәрбие-леніп, жастарды бұзып жатқан теріс тәрбиеге қарсы шығып, жас нәрестенің таза көңілін кірге шалдырмай, таза сақтауды, халықтың бала тәрбиесі жөніндегі бай тәжірибесінің үлгі-өнегесіне сүйенуді дұрыс деп санады.
Осы орайда ХХ ғасырдың басындағы жарық жұлдыздардың бірі Мағжан Жұмабаев келер ұрпақтың қамын ойлап былай деген: «Әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі. Қай ұлттың болмасын балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданылып келе жатқан тақта жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті», - деп ұлттық тәрбиенің балаға ықпалы зор екенін атап айтты. Ал жанұя тәрбиесі туралы ол былай деген: «Үйдегі тәртіп құбылмалы болмасын, яғни ата-ананың күйіне қарап тәртіп өзгеріп отырмасын. Тәртіп өзгер-мейтін ізгі құлық заңдарына негізделген болсын. Болмаса бүгін жараған іс ертең жарамайтын болса, балада сенім қалмайды»- деген ізгі ұсынысын тұжырымдады. Ата-ананың жанұядағы бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуін жөн көрді.
Сондай-ақ халықта: «Баланы бес жасқа дейін патшадай сыйла, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, одан соң өзіңе ақылшы дос сана» - деген даналық қағидалары баланың әр жастағы тәрбиесі мен іс-әрекеттері туралы айтылған.
Сонымен қатар қазақтың тұңғыш ағартушысы - Ыбырай Алтынсарин ата-ананың тәрбиесінің маңыздылығы жайындағы пікірлеріне көңіл бөліп, жоғары бағалағанын байқаймыз. Яғни ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін, мейірімін, баланың ата-ана алдындағы борышы туралы пікірлері осы күнде өте құнды. Ал А. С. Макаренконың да бала өнегесі, келешек жарқын өмірі жайлы қозғаған ұсыныстары бар. «Балалық жаста ойын - норма және бала барлық уақытта, тіпті шындап іс істегенде де ойнауға тиіс. Балада ойынға деген құштарлық бар. Мұнымен бірге орыстың ұлы педагогі В. А. Сухомлинский өз ой-пікірін айтқан, бала тәрбиесінде әке де үлкен рөл алатынына көз жеткізген.
Жанұя тәрбиесінің жас ұрпаққа ететін ықпалы өте зор, оны өмірде басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Қазіргі заманда халықтық салт-дәстүрді пайдалана отырып, баланы кішкентайынан дербес әрекет жасай білуге, өзіне-өзі қызмет көрсетуге үйретуден бастау керек.
Совет дәуірінде ақыл ойдың локомотив қызметін атқарған А. С. Макаренко, Н. К. Крупская, В. А. Сухомлинскийлердің еңбегінде отбасы тәрбиесіне айтарлықтай еңбек еткені белгілі. Аса көрнекті педагогтардың айтып кеткені әр кезде елдің есіңде сақталып, ұрпақ тәрбиесіне қызмет етеді анық. Десекте, қоғам өмірі бір орнында тұрмайтын өмір өзгеруімен адам санасында өсіп өзгереді. «Заманына қарай амалы» деп халқымыз тегін айтпаған деп білеміз. Сондықтан оларды орынды пайдалану ләзім.
А. С. Макаренко кезінде мынадай кеңес берген, ал бұл кеңесті бүгінде теріс деп айту қиын. «Балаңыздың тәрбиесі жөнінде
біреу-ден ақыл сұрауыңыз, өз балаңызды жақсы танымағаныңыз. Алды-мен жақсы танысыңыз, содан кейін кеңес алыңыз» дейді.
Кезінде ұлы Абай былай деп жазып кеткен. «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі - ата-ана, екінші - ұста-зынан, үшіншісі - құрбысынан. Солардың ішінде қайсысын жақсы көрсе, содан көбірек жұғады».
Адам сүйген адамның ақылын ұғады, содан тағылым алады. Қорқытып, ұрсып жатқан ақыл адамға дарымайды. Отбасында «әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» болып есептеледі. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Сондықтан да баланың әдепті, арлы азамат болып қалыптасуын армандайды.
Халқымыз қыз баланы ерекше құрметтеген. Қыз ел мен елді, ру мен руды, жүз бен жү. зді достастырушы, табыстырушы дәнекер, жаңа ұрпақты дүниеге әкеліп, тәрбиелуші - ана деп, оны гүлге, нұрға, жұлдызға, Ай мен Күнге теңеп, төрінен орын берген. Нәрес-телік шағынан бастап нәзіктікке, биязылыққа, сұлулыққа, әсемдік-ке тәрбиелеген. Ал ұл баланы ел қамын ойлаушы ер азамат, қыздар мен ананың намысын қорғаушы, батыр, батыл, өткір, еңбекқор етіп баулыған.
- Негізгі бөлім
2. 1 Салт-дәстүрлердің түрлері, қайта жаңғыруы
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиелеу келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени- ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы- пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұзтаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz