Фразеологизмдерді, мақал – мәтелдерді аудару жолдары
Мазмұны
Кіріспе
1. Аударма нұсқалардағы фразеологизмдер
Негізгі бөлім
2.1. Фразалық единицалар семантикасындағы ұлттық - этникалық
ерекшеліктер
2. Фразеологизмдерді , мақал – мәтелдерді аудару жолдары
3. Аудармадағы тең баламалы фразеологизмдер
2.4. Орыс аудиториясында фразеологияны оқыту әдістемесі
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
1. Аударма нұсқалардағы фразеологизмдер
Ғылымда , соның ішінде тіл білімі ғылымына әрқашан
өзгеріс еніп отырмаса, ол әрі қарай дамымайды . Фразеологияның дамуы
лингвистикалық пән ретінде соңғы оңжылдықтарда ғана қолға
алынды . Бірақ оның тамырлары көптеген ғасырлардан бері
тілмен бірге кіреді . Зерттеулер бойынша , фразеологиялық бірліктер
тілмен бірге өмір сүреді. Фразеологизмдер тіл - тілдің бәрінде
бар құбылыс. Және тілдің бөлекше бір сипаттағы , шырыны мен сөлі
таусылмайтын дәмді элементтері деп айтуға болады . Тілдің
байлығы, сұлулығы , тілдің өткірлігі дегеніңіздің айрықша
көрінер жері осы фразеологизмдер маңы . Ойды әсемдеп айтуды
үйренудің мектебі - осылар . Сөзіңіз нақты , дәлелді болсын десеңіз
, өңменнен өтіп , қолқаны қозғайтын дәрежеде болсын десеңіз,
халықтың хас туындысы - айшықты тамырын басыңыз . Сонда ғана біз
тілдің қасиеті деген не , байлығы деген не сияқты сауалдарға
нақты жауап бере аламыз .
Қай елдің , қай жазушының шығармасын алсаңыз да тілдің
осы халықтық элементтерінің сан түрін табуға болады . Яғни
қаламгердің қай - қайсысы да сөйлеудің халықтық формасын
пайдалынуға бейім. Осының өзінен - ақ ғылымдағы фразеологизм
проблемасының мейілінше қызықты , мейілінше қиын екенін
байқау қиын емес .
Фразеология термині түптеп келгенде орам , сөйлемше деген
ұғымды білдіреді . Бұл phrasis - орам , сөйлемше ; logos -
ұғым , ілім грек сөзі . Фразеологияның көп мағынылығы
мазмұны күні бүгінге дейін сақталып келеді . Фразеология
терминінің екі түрлі
мәні бар тәрізді : біріншіден , белгілі бір тілдегі тұрақты
фразеологиялық сөз тіркестерінің жиынтығы дегенді білдірсе,
екіншіден , сол тіркестер жиынтығын ғылыми түрде зерттеп
талдайтын ілім мағынасында түсініледі . Мұнда тұрақты сөз
тіркес пен еркін тіркестің айырмасы нақты талданады .
Біріншіден, тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы
сөздердің орны , еркін тіркестің құрамындағы сөздердің орнына
қарағанда әлдеқайда тұрақты , бекем болады .
Екіншіден, тұрақты фразеологиялық сөз тіркестерінен
туатын бір бүтін мағына оны құрастырушы сөздердің орнына
қарағанда басым болады .
Үшіншіден , тұрақты фразеологиялық сөз тіркестері бір
тілден екінші тілге аударуға икемсіз келеді , әсіресе оларды
тікелей сөзбе - сөз аударуға болмайды .
Алғашқыға келтірілген мысалдар : сақалын сипап қалу ;
мұртын сипап қалды десек , мүлде басқа мағынаға ауысады .
Немесе
мұртын балта шаппайды дегендегі мұрттың орнына
сақалын десек , болмаса балта орнына пышақты пайдалынып
көрсек , тіркесіміздің тілім - тілімі шығар еді . Бұдан
шығатын қорытынды тұрақты сөз тіркестері жаңадан тіркесуді
қажет етпейтін әркімнің өз қалауынша өзгертуін қаламайтын ,
бұрыннан даяр өзінен - өзі тіркесіп әзір тұрған материал .
Екінші өзгешілікті танытатын мысалдар мыналар : қырғи
қабақ болу ашулану , ызылану , ыза кернеу санын соғып
қалу өкіну , т.б.
Үшінші аудару мәселесіне келсек , автордың бұл жөніндегі
пікірін бекіткен мыслдар мыналар : безгранично счастлив, очень
счастлив
( шексіз бақытты , өте бақытты деген мағынаға ) дегенді
сөзбе - сөз қазақшаға аударуға немесе қазақ тіліндегі - қырғи
қабақ болу ; үріп ауызға салғандай ; қой ауызынан шөп алмас
тәрізді тұрақты сөз тіркестерін сөзбе – сөз аударуға келеді .
Әйткенде де бұларды екінші тілде мүлде беруге болмайды
деп шорт кесіп тұжырымдауға болмайды . Бір халықтың санасы
мен ойлау жүйесінің басқа кез - келген халықтың ой -
өрісінен ешбір
кем еместігі белгілі . Сондықтан бұларды мағынасына қарай ,
балама боларлық тұрақты сөз тіркестерімен , егер ондай
тіркестер болмаса, мағынасын бере аларлық жеке сөздермен
немесе еркін сөз тіркестерімен аударуға болады .
Қ . Ғабитханұлы өзінің Наным - сенімге байланысты қазақ
тіліндегі тұрақты тіркестер атты кандидаттық
диссертациясында тіл тарихы арасындағы тығыз байланысты және
тіл мен мәдениеттің байланысын айқын көрсеткен . Мәдениет
тілге қатыссыз болмайды . Бір қырынан алғанда , мәдениет
пен тілдің байланысы мазмұн мен форманың байланысы
сықылды . Тіл - мәдениеттің өмір сүру формасы болса ,
мәдениет - оның ішкі мәні . Осы тұрғыдан қарағанда тіл мен
мәдениетті бір - бірінен бөліп қарауға болмайтын тұтас
құбылыс деуге болатындай . Дүниедегі белгілі ғалымдар өз
заманынан бері практикалық тіл ғылымында тарихи -
салыстырмалы зерттеу әдісін қолданып , ұлт тілі - ұлт
тарихының жанды суреті, дәлел - айғағы болады , бір ұлттың
тілінде сол ұлттың экономиклық құрылымы , заңы , салт- дәстүрі
, материалдық мәдениеті , тарихта басқа ұлттармен болған
түрлі байланыстары көрініп тұратындығын айтып дәлелдейді . Тіл
- адамзат өмірінің айнасы - деген пікір айтады.
Көне тарихқа сүңги түсіп , әрі барған сайын тіл
мен тілдің қарым - қатынасы , байланысы солғандай түсуін ,
бергі заманға келген сайын , оның күшейе , ұлғая түсуін
байқаймыз . Қазіргі өмір талабына сай өзге тілден келген
қат - қабат сөздер , өзге тіркестер қыруар .
Қазақ және орыс тілдеріндегі фразеологиялық жүйенің көлемі ,
оның единицаларының типтері туралы ғылыми тұжырымдар әртүрлі .
Фразеологиялық единицалар - арнаулы ақпаратты әдебиетте , көркем
әдебиетте кеңінен игерілетін , коммуникативтік – функционалдық қызметі
күшті , екінші тілге аударуды талап ететін ( көп ретте қалдырып
кетуге немесе алмастыруға болмайтын ) функционалды қызметі басым
элементтер. Аударылған әдебиеттің сапасын айқындап беретін негізгі
факторлардың бірі де - фразеологиялық единицалардың ерекшелігі .

Қазақ әдеби тіліндегі және орыс әдеби тілінің
құрамындағы фразеологиялық единицалардың құрылымы, құрамындағы
компоненттерінің кірігуі , тіркесуі , семантикалық байланысы жағынан
бір – бірінен айырмаланатын елеулі ерекшеліктері бар . Фразеологиялық
единицалар - аударма әдебиетті түпнұсқаның негізгі тақырыбына ,
автордың көздеген мүддесіне , түпнұсқадағы тіл мен стиль
ерекшелігінің сақталуына бір табан жақындата түсетін элемент . Екі
тілдегі фразеологиялық единицалардың мағыналық - семантикалық
құрамын , тіпті кей сәттерде фразеологиялық единицалардың және
оның компоненттерінің этимологиялық түп - төркінін білу аударма
процесі үшін айрықша маңызды.
Анықтамалық тұжырым тұрғысынан қарағанда , екі тілдегі
фразеологиялық единицалар - заттық – логикалық және прагматикалық-
компоненттерге ие , әрі ақпаратты жеткізе алатын біртұтас құрылым
. Сонымен қатар , әр тілде сол тілді иеленуші халықтың
қалыптасуына , дамуына, өзгерістерге ұшырауына себепкер болатын
экстралингвистикалық және этнолингвистикалық факторларға сәйкес
семантикалық , мағыналық құрылымы өзге сипатты және лексикалық -
грамматикалық тұрқы басқа фразеологиялық единицалар болады.
Көркем – бейнелеу тәсілдерінің ішіндегі ең пәрмендісі болуы
себепті аударма проблемалары әдебиеттануға ұштастырылып
қарастырылған еңбектерде мақал - мәтелдермен , қанатты сөздермен
қатар тұрақты тіркестердің де аударылуына айырықшы көңіл
бөлінеді . М. Горькийдің бірнеше туындысының екі тілдегі
нұсқасындағы фразеологизмдерді егжей - тегжейлі қарастырған ғалым
Ө. Айтбаев ғылыми салыстыру нәтижесінде төмендегідей қорытынды
жасайды : Фразеологизмдерді , мақал – мәтелдерді аударудың тәсілдерін
мынадай үш топқа жинақтап айтуға болады. Біріншіден , мақал –
мәтел құрамындағы сөздердің заттық мағынасын түгел беріп , дәл
аударуға болады . Екіншіден , кейбір сөздердің заттық мағынасын
өзгертіңкіреп аудару керек . Үшіншіден, аударылған тілдегі
фразеологизмдер , мақал – мәтелдерді пайдалану қажет.
Аудару тәсілдерінің елегінен өткізгенде , жоғарыдағы
принциптерден көрініп отырғандай , фразалық тіркестерді тәржімалау
үшін сөзбе – сөз, адекватты және еркін аударма амалдары
игерілетіндігі байқалады. Сөзбе – сөз , адекватты және еркін
аударылған фразеологиялық единицалардың стильдік қызметті жеткізуі
де әрқилы. Тіл - тілдердің фразеологизмдердің ең маңызды сипаты
фразалық тіркеске негіз болатын образдар жүйесінің сол
тілді иеленуші халықтың материалдық , әлеуметтік және рухани
мәдениетімен тығыз байланыста болатындығы . Қандай да бір
фразеологтялық единицалардың құрамындағы негізгі компоненттің
мағынасы , этимологиясы арқылы халықтың мәдени - ұлттық дәстүр –
дағдысын танып – білуге болады. Әр халықтың дүниетанымдық
тәжірибесінен туындаған фразеологиялық единицалардың , олардың
құрамындағы өзек компоненттердің екінші тілде мағынасы жақын -
жуық немесе теңбе – тең баламасы бола бермейді. Мәселен , мағына
арқылы белгілі бір символдық қызметті білдіруге болатын , ұлттық
характериологиялық белгісі бар символ сөз тіркестері ( черный
день ; черная зависть ) ; теологиялық - діни таным - сенімдерге
байланысты фразалар ( чаша терпения , соль земли ) ; идиомалар (
седьмая вода на киселе , вертеть козьи рошки , сосать лапу );
ұлттық - тұрмыстық , философия негізінде туған фразалар ( женский
ум , девичья память ) ; салт - дәстүрдің ерекшелігінен жасалған
фразеологиялық единицалар ( забрить лоб ) ; түптеп келгенде орыс
халқының ұлттық мәдени болмысына тікелей қатысты
фразеологиялық единицалар ; олардың қазақ тілінде мағыналық жағанан
тұспа – тұс эквиваленттері болмауы - заңды жағдай .
Екі тілдегі фразеологиялық единицалардың мағыналық ара
алшақтығы бірқатар себептерге байланысты :
1. Фразалық тіркестердің құрамындағы тірек компоненттері бірдей
болғанымен , екі тілдегі фразеологиялық единицалардың бағалауыштық
қызметі ( жағымды – жағымсыз) әр басқа болады . Қазақ тілінде төрт
түлік мал атаулары өзек болатын фразалық тіркестер ( құлын -
тайдай тебісу , ботадай тату , егіз қозыдай , қойдан қоңыр ,
ақ түйенің қарны жарылу ) жағымды бағалауыш қызметке ие ; ал орыс
тілінде жан - жануар , мал атаулары арқылы жасалатын
фразеологиялық единицаларға ( глуп как сивый мерин , идет как
корова на льду , мокрая курица , мерзлый баран , пустить козла в
огород ) жағымсыз бағалауыш қызметі тән .
2. Фразеологиялық единицалар құрамындағы компоненттер ұлттың тарихынан
, мәдениетінен хабар береді , этимологиясы көмескі болады. Мысалы ,
қазақ тілінде қара қылды қақ жару ; құйрық – бауыр жеу ; сүйек
жаңғырту ; бет моншағы үзілу ; орыс тілінде : бить баклушы ; пройти
огонь , воду и медные трубы ; водить хлеб – соль с кем- то ...;
десятая вода на киселе және тағы басқа .
3. Фразеологиялық единицалардың құрамындағы компоненттер мағынасы ,
этимологиясы жағынан өзге халықтың ұлттық – мәдени , діни танымына
тікелей қатысы бар : встать с левой ноги деген фраза В .
Маслованың пікірінше , азғырушы , адал жолдан тайдырушы күш
адамның сол жағында тұрады деген мифтік түсініктің ықпалымен
жасалған . Сондай – ақ қай тілде де үш , жеті сандарының сыртқы
тылсым күшке байланысы бар деп есептелінеді ; алайда қазақ және
орыс тілдерінде үш , жеті сандарының фразалар құрамындағы
номимнациялық , образдылық бірдей емес : гнуть в три погибили ,
тридесятое царство – государство , в три ручья , семь пятниц на
недели, дегендер бір басқа да : үш қайнаса сорпасы қосылмайды ,
үш ұйықтаса түсіне кірмеу , үш қайтара сұрау , жеті қараңғы түн ,
жеті қабат жер асты деген қазақ тілі фразалары бір басқа .
Егер тілдегі фразеологиялық единицалардың осындай сипаттары
аудармашының лингвоэтникалық құзіретін талап етеді . Көркем әдебиетті
аударудың қазіргі дейінгі тәжірибесінде мәдениет пен тілдің
өзара ықпалын бойына жинаған фразеологиялық единицалардың
қазақшалаудың төмендегідей амалдары тиянақталған:
- Өзге тілдегі жағымсыз бағалауыш реңкті фразеологиялық
единицалардың мазмұндық құрылымын адекватты бере алатын
фразеологиялық единицаларды пайдаланылады . Орыс тіліндегі
прикидываться мерзлым бараном дегеннің мағыналық құрылымы жағынан
сәйкестігі және қазақ ұғымына жарайласатыны – жаураған ешкідей
бүрісу .
- Сөзбе – сөз аудару амалын қолданады : черный день - қара күн
- Ауыспалы мағынадағы балама жасайды : соль земли - жер құтты.
- Құрамындағы образға тірек болатын компонент сөзі қазақ
ұғымына айқын емес идиомалар үшін түсіндермелі баламалар алынады
:
Этот хлам не годился Бұл қоқыс темекі
орауға
Вертеть козьи рожки да жарамайды ( ауд
Т.Ахтанов)
( Л. Толстой , Хождения
по мукам , 1, 302)
- Аталушы ұғымның негізгі концептісі ( яғни бұл фраза нені
білдіреді деген сұраққа жауап беріледі ) алынады ; мәселен , девичья
память дегеннің концептісі - ұмытшақ .
- Құрамындағы образ - компонентінің семантикалық – стильдік қызметін
дәл жеткізу мақсатында трансформациялаудың бір түрі - нақтылау
қолданылады: мысалы , лоб забрить дегеннің мағынасы толық
түсіндіру қажеттігі туады :
Племяннику моему лоб Менің бір немеремді
забрили ( И. Тургенев , шашын сыпыртып,
солдатқа
Записки охотника, 52 ) жіберіпті ( ауд. О.
Оспанов ,43)
- Жанрлық ерекшеліктерге қарай түсіндірмелі окказионалды
қолданыстар жасайды :
Отец и старшая дочка не Екуіміз де ораза
боп тұра
очень –то между собой тұрармыз. Бұл алманың
сіз
ладят, нам с Вами придется жағы да , біз жағы да
піспей
слюнки пускать , покуда тұрғой әзірше ( ауд.
О.Оспанов)
пирог наш не подрумянится
( В . Шекспир , Укрощение
сторптивой,30)
Қазақ тіліндегі теңбе - тең мағыналы фразеологиялық
единицаларды пайдалану барысында да фразеологиялық единицаларға тән
жалпы сипатты - бағалау ( жағымды немесе жағымсыз ) белгісін есте
ұстау қажет болады . Өйткені екі тілдегі қайсыбір фразеологтялық
единицалардың жалпы мағынасы жақын болғанымен , субъектіге немесе
объектіге баға беруі , ұғымға , құбылысқа сөйлеушінің қарым -
қатынасын білдіруі жағынан бір - бірінен алшақ түсуі мүмкін .
Орыс тіліндегі яблоко от яблони далеко не падает деген мақал
мен қазақ тіліндегі алма алмаға қарап рең ашады деген мақал
жалпы семантикасын салыстырғанда , ортақ ұғымды білдіреді (
алдыңғының кейінгіге әсері , ықпалы бар ; үлкеннің үлгісі кішіге
әсер етеді дегенд мағыналар беріледі ). Алайда аударма нұсқада
аталған мақалдар бірінің орнына бірі жүре алмайды; өйткені орыс
тіліндегі мақалда мәтін ыңғайына қарай негативті бағалау , ал
қазақ тіліндегі мақалда керісінше , жағымда бағалау реңкі бар .
2.2. Фразеологизмдерді , мақал – мәтелдерді аудару жолдары
Бертіңгі жылдардан бері тіл ғылымында зор дүмпу
үрдіс салып зерттеу объектісіне айналып отырған сала -
салыстырмалы - салғыстырмалы фразеология еді . Әлемдегі түрліше
тілдерді, әсіресе жүйесі бөлек туыстас емес тілдерді өзара
салыстыру арқылы олардың шығу тегі , тарихы ,
этномәдениеттік негіздерін нысана етіп, тіларалық қарым -
қатынастағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды мүмкіндіктің
барынша ашып көрсету арқылы бүгінгі таңда көкейтесті
мәселелердің біріне айналған аудармаға жаңа жол салынып ,
орасан зор қолайлық тудырып отыр .
Айта келгенде қазақ тілінде тиянақты тіркестер
( фразеологизмдер ) - тіл ішінде өз заңдылықтарына сәйкес
өмір сүретін айырықша категория . Олардың әр алуан ірілі -
ұсақты ерекшеліктері мен айырым белгілерін саралай
зерттейтін пән - фразеология .
В . Виноградов , Смирницкий , А.В. Кунин тағы басқалары да
тура осы пікірді ұстанған болатын . Ал Я. Н. Арнольд аталған
орыс ғалымдарының фразеология тіл ғылымының жеке саласы деп
анықтама берген . ол тұрақты сөз тіркестері тек лексикология
тұрғысынан зерттеленетіндігін айтады . Сол үшін ол өз
еңбегінде тұрақты тіркестерді
phraseology деп атаудың орнына set expression (
тұрақты сөз тіркестері ) деп атауды жөн көрген .
Тілімізде фразеологияға жататын барлық тіркестердің
жалпы атауы ретінде фразеологиялық бірлік деген термин
жиі қолданып келеді . Бұл терминді алғаш академик В.В. Виноградов
атаған екен . Виноградов жалпы фразеологиялық бірліктерді 3 үлкен
топқа бөліп қарастырған, яғни: 1)фразеологиялық тұтастықтар ; 2)
фразеологикалық бірліктер; фразеологиялық тізбектер;
Ал Н. Г. Шадрин фразеологиялық бірліктерді аударудың 8
түрлі тәсілін көрсетеді , олар : 1. эквивалент ; 2. аналог ; 3.
синонимдік балама ; 4. тұрақты лексикалық балама ; 5. контекстуалды
аналог ; 6. калька ; 7. тұрақты тіркес емес , өзгермелі
лексикалық балама ; 8. суреттеу . Автор алғашқы 3 категориясын
тілдегі дайын баламаның дәлме - дәл эквивалент , не ұқсас
синоним болып кездесетін жағдайда қолданылатынын айтады .
А. В . Кунин ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді орыс
тіліне аудару мәселесіне 6 жолды алға қояды : 1 . эквивалентпен
аудару ; 2 . аналогпен аудару ( екі тілдегі мағынасы сәйкес
келетін фразеологиялық тіркестер м.: - a drop in the
bucket - капля в море ) ; 3. сипаттама аударма ( фразеологиялық
тіркестің мағынасын еркін тіркестер арқылы түсіндіріп
сипаттау ) ; 4. антоним тіркеспен аудару ( м.: keep one’s
pecker up - не падать духом т.б. ) 5. калькалау ( бұл
жол фразеологиялық тіркестерді өзге тілге берудің басқа амалы
қалмағанда ғана қолданылады м.: the old lady of
threadneedlestreet - старая леди с Тренидл. стрит ) ; 6 .
аралас аударма ( бұл әдіс орыс тіліндегі тіркес ағылшын
тіліндегі тіркестің мағынасына толық бере алмаған жағдайда
қолданылады . м.: carry coals to Newcastle тура аудармасы -
Ньюкастлға көмір апару деференция - белгілі бір затты ,
атау бұл зат ағыл - тегіл болып жатқан жерге апару
салыстырмасы орыс тіліндегі Ехать а тулу со своим самоваром )
деп беріледі екен .
Сонымен фразеологизмдердің жалпы сипаттары , өзіндік ерекшелігін
ұзын – ырғасын санамалап шығуға болады :
1. Фразеологиялық бірліктер белгілі бір дәрежеде лексикалық
бірлікке ұқсап тұрады , номинативтік , көпмағыналық , ауыспалы
мағынаға ие бола алады ;
2. Фразеологиялық бірліктер контекстен тыс тұрғанда еркін
тіркестермен омонимдес болып тұрады . Мысалы, контекст болмаса
бұл кісінің көзі ашылды деген сөйлемдегі көзі ашылды
фразеологиялық тіркесінің мағынасын түсіне алмаған болар едік ;
3. Көптеген фразеологиялық бірліктердің тууында тарихи себеп,
ұлттық салт - дәстүрлік негіз болады . Сондықтан аудармада
фразеологизмдердің ұлттық бояуын жеткізу елеулі қиындық тудырады .
Бұл тұрғыдан фразеологизмдер ұлттық религия сөздерге ұқсас жатады
;
4. Фразеологиялық тіркестің компоненттерінің мағынасы олардың тұтас
мағынасына тікелей қатысты болмауы мүмкін . Бұл аудармашыны
адастыруға ықтимал .
5. Фразеологизмдер стилистикалық тұрғыдан әр түрлі топтарға
қатысты болады .
Фразеологиялық орамдар тіл білімінде әр тұрғыдан едәуір
дәрежеде зерттеленеді . Алайда оны жіктеуде , шегін айқындауда
тоқтамды түрде келесілген пікір пәтуасы бола қойған жоқ. Мәселен ,
оның құрамына күрделі сөздер де , метафоралық қолданыстар да,
тіпті, қос сөздер де жүрген жайттар кездеседі .
Фразеологиялық бірліктер лингвистикада соңғы кездерде
тұтас шығатын мағынаға компоненттерінің қатысы жағынан ,
компоненттерінің тұрақтылығы жағынан дәлелді түрде жіктеліп тұр .
Көпшілік жүгінетін В.В.Виноградовтың фразеологиялық бірлік,
фразеологизмдер, фразеологиялық тұтастық , фразеологиялық бірлік ,
фразеологиялық тізбек болып бөлінсе , Шанский бұған фразеологиялық
сөйлемше дегенді қосады . Қазақ фразеологизмдердің бірегей
зерттеушісі ғалым І . Кеңесбаев бұл бірліктерді негізінен екі
арнаға - фразеологиялық түйдек ( идиом сипатындағы тіркес ) ,
фразеологиялық тіркестерге бөледі . Сонымен қоса фразеологиялық
орамдардың мақал – мәтелдерден елеулі айырмасы болатынын ескерте
отырып , мақал - мәтелдерді де тұрақты сөз тіркесіне жатқызады .
Сонымен жоғарыда көрсетілген классификацицялардың қай -
қайсысын алмасақ та Құрылымдық - семантикалық тұрғыға - идиомдық
және тұрақтылыққа сүйенетінін байқауға болады . Мәселен ,
тұтастықтар мен бірліктер құрастырушы сыңарлары өзінің
номинативті мағынасынан түгелдей немесе жартылай айрылып , ол
тіркесті тұтас алғанда жеке сөзге бара – бар болып тұрады .
Мысалы , қас пен көздің арасында - жылдам ( әңгіме қас пен көз
туралы болып тұрған жоқ ), сол сияқты жүрек жұтқан - батыл,
бос белбеу - былжыр , түйе үстінен сирақ үйіткен - ебдейсіз ,
пускать пыль в глаза - обманывать , намылить шею - поругать , во
всю Ивановскую - очень громко , лясо точить - болтать пустяки т.с.с.
Бұндай орамдардың сыңарларының тіркесуі нормадан өгеше болуы ,
құрамында мағынасы көмескі сөздердің кездесуі әбден мүмкін емес.
Ескерте кету керек , орыс тіл білімінде мақал – мәтелдерді
фразеологиялық бірлікке де жатқызады .
Тіл ғылымында дәлелденген тұрғы бойынша фразеологиялық
тізбектер мен сөйлемшелер сыңарлары өзінің лексикалық мағынасын
сақтайды да тек қана сөздердің тіркесу және қолданылу
тұрақтылығына қарай тұрақты тізбек құрайды . Бұл топтың құрамына
жататындардың қайсы бірі номинативтік қызмет атқарса, қайсы
бірі ( асқар тау , жерден жеті қоян тауып алғандай қуану ,
скалить зубы , құлақ қою , насупить брови т.с.с. ). Осы тұрғыдан
қарағанда тұрақты сөз тіркестерін аударғанда екіге бөлуге болады :
идиомдар мен фразеологиялық тіркестер
( соңғысына белгілі бір дәрежеде мақал - мәтелдерді де жатқыздыруға
болады ) . Мақал – мәтелдердің фразеологизмдерге ұқсастығы - оның
сөйлеуде дайын күйде қолданылуы . Әрине , бұл жіктердің аударылуын
бірдей тұрғыдан қарауға болмайды . Аударма үдерісінде
фразеологизмдердің ауыспалы мағынада жұмсалатындары өзгеше тәсіл
қолдануды , тіпті дайын , басқа тілдегі тізбектерді талап етуі
ықтимал
Аударма үшін керекті нәрсе фразеологиялық орамдардың
қорытынды мағынасы немесе соны құрастырушы сыңарлардың тұтас
мағынаға қатысы , сыңарлардың айқындық я көмескілік , ерекше
маңызға ие болады .
Аударма зерттеушісі Ө. Айтбаев ... фразеологизмдерді екі
топқа бөліп қарап олардың аудармасын соған орай тексеру қажет
. Біріншіден, мағынасы жағынан жеке сөздер мен сөз тіркесіне
бара – бар фразеологизмдер . Бұларға жататындар - идиомдар .
Екінішіден , синтаксистік құрамы бір тұтас , тиянақты аяқталған
ойды білдіретін фразеологизмдер . Яғни мақал – мәтелдер және
басқа түрлері . Бұлай бөліп қарауда мән бар . Зерттеу
нәтижесінде байқатқандай , фразеологизмдердің бұл екі түрінің
аударылғыштық сипаты осылай бөлек қарауды талап етеді - дейді .
Сол сияқты Р . Сәрсенбаев аталмыш мақаласында фразеологиялық
бірліктерді табиғаты жағынан әр түрлі екенін ескере отырып ,
аударуда стильдік қызметін сақтау мақсатымен фразеологизмдерді
екі топқа бөліп қарауды ұсынады : 1. Идиомдарды адару ; 2. Тұрақты
метафоралық тізбектер мен мақал - мәтелдердің аударылуы .
Байқап отырғанымыздай , бұл жіктеуде айырмашылық шамалы.
Өйткені идиом дайын , одан өзгелері - сөз құраудың нәтижесі . Міне
, осы тұрғыдан біз аудармаға қатысты фразеологиялық мәселелерді
екіге бөліп қарағанды дұрыс деп санаймыз : 1. Идиомдарды аудару ;
2. тұрақты фразеологиялық тіркестер мен мақал – мәтелдерді
( фразеологиялық сөйлемшелерді ) аудару .
Идиомдарды аудару жолдары . Фразеологияны зерттеушілердің
пікірінше , идиомдардың басқа фразеологиялық бірліктерден
айырмашылығы - олардың бір тілдегі бояуы , мағынасы келесі тілге
жетпейтіндігі , яғни басқа тілге аударылмайтындығы немесе дәлме – дәл
аударылмайтндығы . Ғалымдардың бұлай айтылуына себеп -
идомдарды құрастырушы сыңарларының өзінің тиесілі мағынасынан
айырылып , идиомды тұтас алғанда номинативтік іспеттес , сөз
сияқты бір ғана мағынаға ие болатыны . Осы тұрғыдан алғанда
идиомдардың компоненттерін бір тілден екінші тілге сөзбе – сөз
аударуға келмейді . Бір тілдегі идиомдық тіркестің орныққан
мағынасын келесі тілдің фразеологизмдерінен я сөздік құрамынан
түпнұсқадағы тіркеске балама ретінде ұғымы , мағынасы жағынан
жуық келетін бірліктерді таңдап алуға тура келеді . Өйткені бір
тілдің идиоманы аударма тілден қолданылу аясы , мағынасы жағынан
үйлесе келетін идиомдарды табуға болады. Мәселен , Р . Сәрсенбаев
екі тілдегі семантикалық жағынан ұқсас идиомдар ретінде сесть
в лужу , сесть в калошу тіркестерді түпнұсқаның ыңғайына
қарай мұзға отырғызып кету , сазға отырғызып кету , кебіске
отырғызып кету деп аударуға болатынын айтады . Байқап отырғандай
, бұл жерде идиомдар орыс тілінен қазақ тіліне сөзбе – сөз
аударылып тұрған жоқ , олардың компоненттеріне кейбір өзгерістер
еңгізіліп отыр . Бұл идиомдардағы образдық мағына қазақ
ұғымына сіңісіп кеткені белгілі . Ал компоненттердегі өзгерістер
контекст ыңғайына байланысты еңгізілген . Идиомды аударып
қолданудың бір мысалына Ғ . Мүсіреповтың Авгиевы конюшни деген
орыс халқының өзіне кірме фразеологизмді Авгийдің ат қорасы
деп аударып , оны контекспен түсіндіруін үлгі ете аламыз .
Ғ . Мүсірепов үлгісінен біз келтіріп идиомдарды қанша жерден
аударылмайды дегенмен , қалауын тапса , қарды да жандыруға
болатыны . Осындай калька тәсілімен аударуға келетін бір идиом
ит үреді , керуен көшеді - Собака лает , караван движется .
Бұған мысал ретінде Собака на сене деген идиомнан
жасалған шығарма атының Шөп қорған ит болып аударылғанын да
келтіруге болады. Алайда бұл - идиомдардың аударылғандағы
өнімді тәсіл деп айтуға болмайды . Өйткені басқа тілге бір
тілдің идиомдарын қайтсе де аударма деп орынсыз
талпынулардан шыққан жансақтықтар да аударма тәжірибесінде
баршылық .
Мәселен , белгілі лингвист Қ . Жұбанов А. М . Самойловичтың
қазақ тіліндегі қой үстіне бозторғай жұмыртқалау , тайға
таңба басқандай деген фразеологизмдердің заставить жавронка
нести яйца на овце , ясно , как то , на жеребенка положили
тавро деп аударғанын кешірімсіз оқылыққа санайды . Бұндай
жансақ аудармаға бір талай мысал келтіруге болады . Вот где
собака закрыта - иттің көмілеген жері – осы ; перегнуть
палку в вдругую сторону - таяқты басқа жаққа майыстырып
жіберу ; держать нос по ветру - мұрын желге тосу т.с.с.
Бұлардың мағынасы түсініксіз екені өзінен - өзі білгілі болып отыр
.
Тіл – тілдегі идиомдардың бәрі де құрастырушы сыңарлардың
жеке – жеке алғандағы мағынасынан тыс тұтас мағына беретін ,
жеке лексема тәріздес номинативтік мағынаға ие бірліктер
екені белгілі . Оның үстіне идиомда ұлттық колориттің қалың
болатыны тағы бір . Бұлар әуел баста шыққанда компоненттердің
жеке – жеке ауыспалы мағынада жұмсалып , қазіргі күйде қалыптасып
кеткен . Идиомдарда көнерген сөздердің жиі кездесетінін байқауға
болады . Осы тұрғыдан келгенде , идиомдарды басқа тілге дәлме –
дәл жеткізудің мүмкіндігі азая түседі . Бұған қоса бір тілдің
идиомасын басқа тілге тұрақты сөз тіркесі етіп аударудың
мүмкіндігі шамалы .
Тұтас адамзаттың бөлшегі ретіндегі кез келген халықтың
өміріндегі ұқсас тіршілік пен құбылыстар нәтижесінде туған
фразеологизмдерді бір – біріне дайын балама ретінде пайдалануға
болады . Өйткені ұлт – ұлттың ойлауы , елестетуінде ұқсастық
болуы - заңды нәрсе . Осы тұрғыдан алғанда , кейбір фразеологиялық
тіркесті аудару , тіпті , мүмкін емес . Сондықтан бұндай
жағдайдағы ұғымды да оңтайлы әдіс - дайын фразеологизмдермен
алмастыру . Мысалы : ағама жездем сай - два сапога пара ; из одного
теста ; на один порой . Малтасын езу - чесать языком , төбесі
көкке жеткендей болу - ( быть) на седьмом небе , кежегесі кейін
тарту - душа не лежит , зарубить себе на носу - жадында ұстау ;
попадать на седьмое небо - төбесі көкке жету , ақ түйенің қарны
жарылу - пир горой т.с.с. Бұл жерде , қадағалайтын құбылыс - тағы
да контекст .
Тұрақты фразеологиялық тіркестер мен мақал – мәтелдерді
( фразеологиялық сөйлемшелерді ) аудару . Қай тілде болсын
фразеологиялық тіркестер мен сөйлемшелер метафоралық жолмен
жасалатыны белгілі . Мұндай тізбектер идиомаларға қарағанда
құрамындағы компоненттерінің мағынасынан ажырау , жартылай
айырылу жағынан ерекшеленеді . Фразеологизмдерді кең де тереңдей
зерттеген І . Кеңесбаевтың пікірінше , фразеологиялық түйдек пен
фразеологиялық тіркестер тілдегі қолдану сәтіне қарай бағзы уақыт
бірінің орнына бірі жүріп , ауысып отырады . Бұл екеуінің кей
ретте шегін белгілеп , ажыратып алудың өзі қиын . Осы тұрғыдан
қарағанда , бұларды аударуда идиомаларға байланысты қолданылатын
тәсілді назарда ұстауға да тура келеді . Өйткені фразеологизмдердің
бұл түрлерінде де ұлттық бояу болатыны анық , сондықтан оны
дәлме – дәл аудару көздеген мақсатқа жеткізе бермейді . Мысалы :
слона – то не приметили дегенді көрмес - пілді де көрмес деп
аударғаннан гөрі көрмес - түйені де көрмес деп қазақшалаған
тиімді болар еді . Сол сияқты палец об палец не ударить
деген тіркесті сөзбе – сөз саусағын саусағына соқпау дегеннен
гөрі қазаққа екі қолын қусырып отырудың немесе бұрау
басын сындырмау дегеннің , делать из мухи слона деген
тіркесті шыбынды пілдей ету дегеннен гөрі контекстке қарап
түймедей түйедей ету дегеннің бейнелік мәні күшті болады .
Метафоралық тұрақты тізбектердің құрамына еңген сөздер
беллгілі бір дәрежеде өзінің тура немесе ауыспалы мағынасын
сақтай алады . Сондықтан бұларға дайын балама іздеу түпнұсқаның
стильдік реңін , контекстік мәнін бұрмалауы да мүмкін . Осы
тұрғыдан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz