Тері түйсіктері


Тақырыбы: «Түйсік және қабылдау психологиясы»
ЖОСПАР
І Кіріспе бөлім: Түйсік және қабылдау психологиясына жалпы түсініктеме
1. 1. Түйсік жайлы жалпы сипаттама
1. 2. Қабылдау туралы жалпы ұғым
1. 3. Түйсік жайлы ғылыми көзқарастар
ІІ Негізгі бөлім: Түйсік пен қабылдаудың негізгі ерекшеліктері
2. 1. Түйсіктің физиологиясымен түрлері
2. 2. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері
2. 3. Практикалық жұмыс
ІІІ Қорытынды:
Бала түйсіктері мен қабылдаудың дамуы мен қалыптасуы
Қолданылған әдебиет тізімі
I Кіріспе
Түйсік - материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі.
Түйсіну дегеніміз - дүниені танып білудегі бейнелеу процесінің алғашқы баспалдағы. Түйсік себепсіз болмайды. Ол - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Сол шындық пен болмыстың адам сезім мүшелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік - сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі. Адамның дүние тануының алғашқы баспалдағы - осы түйсік. Нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәліметтердің бәрі де адамға осы баспалдақ арқылы жетеді.
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т. б осы сияқты қасиеттерін ажыратылады. Ол білім атаулыларының алғашқы көзі. Мысалы: жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигіссең, содан соң оның не екенін сұрасаң, ол:”қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылтыр, кедір-бұдырлығын не нәрсе екенін” жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады.
Адамның дүние шыңдығы мен болмысын танып білуі - диалектикалық жолмен дамитын аса күрделі процесс. Түйсік, қабылдау, елес бейнелері адамның «нақты пайымдау» не «тікелей таным процесі» деп аталатын дүниетанымдық сатысына жатады. Мұндай таным процестері сыртқы заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер етуінен пайда болып, шындықты, ақиқатты бейнелеудің сезімдік сатысы делінеді. Түйсік - тікелей танымдық процесс. Адамның дүниені танып білуінің жоғары сатысына жататын процестер - ойлау, қиял, ес те түйсікке сүйене отырып дамиды. Сонымен қоршаған орта мен өз тәніміз жөніндегі біліктердің негізгі көзі - біздің түйсіктеріміз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөніндегі ақпараттардың миға жетіп, адамның төңіректегі дүние ортасы мен өз тәніне байланысты бағыт-бағдар түзуіне қажетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер осы өзектер жабық болып, сезім мүшелері керекті ақпараттарды жеткізіп тұрмағанда, ешқандай саналы өмір жөнінде әңгіме ету мүмкін болмас еді. Деректерден белгілі болғандай, тұрақты ақпарат көзінен айрылған адам мүлгіген кейіпке түседі. Мұндай жағдай адамда кенеттен көру, есту, иіс сезу қабілетінен айрылып немесе сана-сезімі қандай да сырқатқа байланысты шектелсе, көрініс береді. Бұл кейіпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына шырмалып, кейін төзіп болмас күйзеліске ұшырайды.
Түйсік дегеніміз - заттар сезім мүшелеріне тікелей әсер еткенде олардың жеке қасиеттерінің бейнеленуі.
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Түйсіксіз қабылдаудың болуы мүмкін емес. Дегенмен қабылдау құрамына түйсіктен басқа адамның өткен тәжірибелері елес және білім түрінде енеді. Айнала қоршаған дүниедегі белгілі заттар мен құбылыстардың біздегі сезім мүшелеріне әсері нәтижесінде қабылдаудың заттылығы қалыптасады және қабылдаудың тұтастығымен сипатталады.
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т. б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мұнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т. б. осындай қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де, миымызда тұтас зат бейнесі пайда болады.
Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бұлардың бәрін бірдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау. Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.
Қабылдау - ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы (яғни тітіркендіргіштердің бір-бірімен байланысы) заттың түрі, түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді.
Сөйтіп, қабылдау - түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен, киноны көру екі анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс істеуінен болады.
Ғылыми көзқарастар.
Түйсіктер адамға қоршаған орта мен өз тәнінің сигналдарын қабылдап, олардың қасиеттері мен белгілерін бейнелеуге мүмкіндік береді. Олар адамды төңіректегі дүниемен байланыстырып, негізгі таным көзі ретінде қызмет етеді, солар арқасында адамның даму мүмкіндігі ашылады. Бірақ аталған тұжырымдардың айдан-анықтығына қарамастан, философия тарихында олар бірнеше рет күмәндікпен сынға алынды.
Идеалист философтар:« Түйсікті біздің саналы өміріміздің емес, ол табиғаттан берілген, сыртқы әсерлерге тәуелсіз санамыздың ішкі қалпы, ақыл-ой қабілетіміз», - деп топшылаған.
Рационализм философиясының негізіне алынған мұндай көзқарас мәні: психикалық процестер күрделі тарихи дамудың жемісі емес, сана мен ақылдың қоғамдық болмысқа қатысы жоқ, олардың бәрі адам рухының түсіндіріп болмас, тума берілген қасиеті.
Идеалистік тұжырымдарды қолдаушы философтар мен психологтар түйсіктердің адамды сыртқы дүниемен байланыстыратыны жөніндегі күмәнсіз ережені жоққа шығарып, олардың адамды қоршаған дүниеден бөлектеп, екі араға ажыратшық дуал болып түседі деген қисынға келмейтін пікірдің дұрыстығын дәлелдегісі келеді. Бұл көзқарасты кезінде философ-идеалистер (Д. Беркли, Д. Юм, Э. Мах) ұсынып, ал оның негізінде психологтар (Мюллер, Г. Гельмгольц) «Сезім мүшелерінің ерекше энергиясы» деген теорияны нақтылады. Бұл теорияның астарында сезім мүшелерінің әрқайсысы (көз, құлақ, тері, тіл) сыртқы дүние әсерлерін бейнелемейді, нақты шындық процестерден хабар бермейді, болғаны - сырттан өзіндік процестерді қоздырушы ықпалдарды ғана қабылдайды деген пікір жатыр. Субъектив идеализм негізіне алынған бұл қорытынды адам тек өзін ғана тануға қабілетті, ол өзінен басқа болмыс барлығын дәлелдейтін ешқандай дерек көзіне ие емес деген кертартпа теорияға арқау болды. Субъектив идеализм теориясы адамның сыртқы дүниені объектив бейнелеу мүмкіндігі жөніндегі ғылыми көзқарасқа тікелей қарсы. Сезім мүшелерінің эволюциясын зерделі зерттеу нәтижесінде ұзаққа созылған тарихи дамудың жемісі ретінде объектив болмыстағы материя қозғалысының формаларын қабылдайтын органдардың (рецепторлар), дыбыстық тербелістерге жауап қайтушы тері рецепторларының, сондай-ақ белгілі диапазондағы электромагниттік толқындарды бейнелеуші көру рецепторларының қалыптасқаны белгіліп болып отыр. Организм эволюциясын зерттеу арқылы ғылым адам психикасы сезім органдарының өзіндік ерекше энергиясымен қатынас жасамай, әрқандай сыртқы энергияларды қабылдап, оған жауап беретін ерекше сезім мүшесімен байланысқа келетінін дәлелдеді. Ал, құлақ не көзде қандай да әсерден ызың не жарқылдың пайда болуы сол қабылдаушы аппараттың жоғарғы «мамандандырылғанын», сонымен бірге өздерінің жұмыс атқару сипатына тура келмеген әсерлерге жауап қатпайтынын көрсетеді. Әртүрлі сезім органдары қызметінің жоғарғы дәрежеде жіктелуі олар негізінде ерекше құрылым - «рецепторлардың» болуынан ғана емес, сондай-ақ шеткі сезім органдары қабылдаған сигналдарды орталық жүйке аппаратына жеткізуші жоғары дәрежеде «маманданып», жетілген нейрондарға да байланысты.
XIX ғасырдың басында түйсікті идеалистік түрғыдан түсіндіруге тырысқан И. Миллер сезім мүшелерінің ерекше энергиясы деген заң шығарып, әр сезім мүшесі кез-келген тітіркендіргішке осы мүшеде бар энергия арқылы жауап береді дейді. Ол түйсік зат пен тітіркендіргіш қасиетін бейнелемейді, бұл - сезім мүшесіне тек энергияның еркіндік алу нәтижесі және соған ғана тәуелді болады-мыс деген қорытынды жасайды. Миллердің мұндай тұжырымы «физиологиялық идеализм» деген атқа ие болып, ол философиялық идеализмнің «түйсік организмді сыртқы дүниемен байланыстырмайды., қайта тірі организмді қсршаған ортадан бөлетін қабырға болып саналады» деген қате тезисіне сай келді.
Мұндай көзқарастардың шындыққа жанаспайтындығын В. И. Ленин материалистік ілім түрғысынан дәлелдеп, сынға алды.
ІІ Негізгі бөлім
Түйсіктің табиғи-физиологиялық негізі организмнің арнаулы жүйкелік механизмі-талдағыштар арқылы іске асады. Кибернетика ғылымының анықтауынша, адам өзін-өзі басқаратын аса күрделі жүйе болып саналады. Ал талдағыштарды сол жүйенің негізгі хабарлау кызметін атқаратын мүшелері деуге болады. Адам организмі сол талдағыштардан келіп жатқан сигналдардың, ыңғайына сәйкес орталық жүйке жүйесіндегі функцияларын реттеп, бірде жаңа әсер тудырып, бірде бұрыннан өтіп жатқан әрекеттің барысына өзгеріс кіргізіп, оны түзетеді, бағыт береді. Сөйтіп, ми қабығында үздіксіз өтіп жататын күрделі кызметі: талдағыштар арқылы жүзеге асып отыратын кері байланысқа сүйенеді. Талдағыштар үш бөліктен құралады: а) шеткі (перифериялық) орган - бұл сезім мүшелері, рецепторлар деп аталады; ә) өткізгіш бөлім - рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар; б) мидағы орталықтар. (19 сурет)
Бірінші бөлік - рецепторлар - түрліше құрылған жүйкелік аппараттар. Олардың атқаратын қызметі-сырттан келген физикалық, химиялық тітіркендіргіштердің күшін жүйкелік қозуға айналдыру. Талдағыштардың бұл сатысында әсерді тек қарапайым түрде ғана талдау іске асырылады. Екінші бөлік - өткізгіш-бөлім - сыртқы қуаттың сезімтал жүйке талшықтарының
19-сурет. Ми қабығынын локализациясы, яғни ' орталықтардың функционалдық кызметтерге бөлінуі. - көру орталыкта- рының бөлімі. АДДД- қозғалыс, ©0© - иіс, дәм. ООО-тері, Ч- + +- есту. @®ФФ~ ішкі. I. Жұлын мен ішкі ми аймағы, 11. Көру темпешігінін аймағы, III. Ми жерты шарлары.
I. Қөз, 2. Қүлак, 3. Тері, 4. Иіс мүшесі, 5. Дәм мүшесі. 6. Бұлшық еттер мен сіңірлер, 7. Ішкі орган рецепторлары.
Орталыққа баратын талшықтар арқылы қозуды бірінші жолмен жұлын мен ми бағанасында және ми қабығындағы алқаптарға жеткізеді. Орталықтар төбедегі талшықтар арқылы мидағы қозу толқынының екінші жолмен әр түрлі органдарға өткізеді. Жүйке талшықтарынынң бойымен қозу бір секунтта 120 метрдей жылдамдықпен өтіп жатады. Үшінші бөлік - мидағы орталықтар.
Жүйке жүйесіндегі басқа бөлімдер клеткаларының құрылысымен салыстырғанда осы орталықтағы клеткалар құрылысы әлдеқайда ерекше әрі күрделірек. Организмнің тиісті ортаға, жағдайға икемделіп әсерленуін дәлірек қамтамасыз етіп, нәзік талдау жасай алатын мүше - мидағы осы орталықтар.
Функциялардық динамикалық орналасуы мидың бір жерінде бұлжымай қалған алқап емес, олар күрделі түрде. бір-бірімен қарым-қатынаста өзара тығыз байланыста болады . Ортаның әсері мен талабына орай ми алаптары бірінің орнын бірі басып отыруға, сөйтіп, бір нейрондардың қызметін екіншілері атқаруға қабілетті екендігін көрсетеді. Ми қабығынының мұндай қызметі психология ғылымында компенсаторлық әрекет деп аталады.
Түйсіктің түрлері және оларды топтастырып жіктеу.
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі, есту түйсігі, дәм түйсігі, иіскеу түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнеше түрге бөлінеді. Ерте кезден бастап адамның сыртқы бес сезім мүшесіне орай көру, есту, сипау, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецепторда бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бар деп саналады. Түйсіктер бірнеше топша жіктеледі.
Көру түйсігі. Дүние тануда көру түйсігінің маңызы зор. Зерттеу нәтижелерінің адамға әсері жеті спектрлі түсті және соның негізінде 10 000-нан аса реңкті ажырата алатыңдығы анықталған. Бұдан біз көру түйсігінің ересі мен диапазонының өте кең екендігін айқын аңғарамыз. Халық мақалындағы «Мың рет естігеннен бір рет көрген артық» деген түсінік осындай тәжірибеден туындаған. Көз арқылы жарыстың қуатын, түр-түсін, үлкен-кішілігін, алыс-жақын тұрғанын, оның қозғалысын көріп білеміз. Заттар мен қүбылыстардың жеке сипаттарын айнытпай толық бейнелеу, ең алдымен, көру түйсігі арқылы іске асады.
Көру түйсігі біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Көру түйсігінің ұзындығы - 390-780 миллимикрон (миллиметрдің миллионнан бір бөлігі) .
Заттар мен нәрселердің, түстері хроматикалық (қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық яғни бояусыз (ақ, қара және барлық сұр түстер) болып екіге бөлінеді. Хроматикалык түстер үш түрлі сапамен (түстік ашық болуы, реңкі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек ашық болуымен ғана ажыратылады. Түстің ашық болуы - түстердің кара түстен айырмашылық дәрежесі. Мәселен, ақ түс - ең жарық түс, қара түс жарықтығы ең төменгі түс болып саналады. Түстердің өңі дегеніміз - бір түстің екінші түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы. Түстің қоюлығы - жарықтығы бірдей сүр түстерден жеке түстердің айырмашылығы. Ең қою түс - кызыл түс.
Көру мүшесі - көз. Оның негізгі бөлімі - көз-алмасы (20-сурет) .
20-сурет. Көз алмасының кұрылысы.
1-кірпікті дене, 2 - нұрлы қабық, 3 - ылғал сұйықтығы,
4-5 көру осі, 6 - қарашык, 7 - касад қабықша, 8 - кез бұршағын бекітетін байлам, 9 - коньюнктив, 10-көз бұршағы, 11-шынылы дене, 12-дәнекер тканьді кабықша. 13 - тамырлы қабык, 14 - тор қабық, 15 - ортаңғы ойыс, 16 - соқыр дақ, 17- көру нервісі.
Заттардың түстерін көру «үш түс теориясы» деп аталатын теорияға негізделеді. Бұл теорияны алғаш рет 1756 жылы ұлы орыс ғалымы М. В. Ломоносов ашқан болатын. 100 жылдан кейін оның көзқарасын неміс ғалымы Г. Гельмгольц жақтап шыкты. Бұл теория бойынша көздің тор қабығында үш түрлі жұмыр клеткалар бар, олар жарық сәулелерінің, әсерін түрліше сезінеді. Егер көзге ұзын толқынды сәуле әсер етсе, онда бірінші жұмыр клеткалар қозу күйінде келеді де, осының нәтижесінде адам кызыл түсті түйсінеді, екінші жұмыр клеткалар қозса, онда жасыл түсті түйсіну пайда болады. Ал үшінші жұмыр клеткалардың қозуы күлгін түсті түйсінуге мүмкіндік береді. Осы үш жұмыр клетка қатар қозатын болса, адам ак түсті түйсінеді, ал бұлардың қозу күші түрліше болса, аралык түстерді түйсінеді (21-сурет) .
Көру талдағышында ми қабығындағы көру орталықтары айрықша рөл атқарады. Көру орталықтары мидың желке тұсында орналасқан (19-суретті қараңыз) . Көз алмасында сыртқы әсерлерден пайда болған қозу осы орталықтарға жеткенде ғана көру пайда болады. Шындықты жоғары деңгейде талдау мен біріктіру талдағыштардың осы бөлімінде өтіп жатады.
Көру жүйкесінің торлы қабықта байланысқан жерін соқыр дақ деп атайды (22-сурет) . Торлы қабықтың бұл жерінде сезгіш элементтер кездеспейді, егер де карап түрған заттың сәулесі дәл сол жерге түссе, адам ештеңе көре алмайды. Мұны қарапайым тәжірибе жасап көрсетуге болады: 22-суретті қашықтығы 25-30 см. жерге қойып, сол көзді жұмып оң көзбен дөңгелекке қарап тұрып, суретті ілгері, кейін жылжытсақ, көрініп тұрған оң жақтағы дөңгелек бір кезде көрінбей қалады. Себебі, дөңгелектің сәулесі соқыр даққа түседі. Қағазды алыстата, жақындата қозғап тұрғанда, дөңгелек жоқ болып кетеді.
Қасаң қабықтың сезгіштік күші - сары дақ, ондағы шақшалардың жиналған жері - орталық шұңқыр деп аталады. Адам көру үшін қарап түрған объектісініқ сәулесін сары даққа түсіруге тырысады. Ол үшін көзімізді ылғи козғай береміз, сөйтіп, заттың барлық бөлшектерін бейнелеп аламыз. Затты айқын көру үшін көзімізді бір нүктеге бағыттау керек. Бұл заңдылықты конвергенция деп атайды. Көз конвергенциясы жаңа туған нәрестеде болмайды, алғашқы күндері оның екі көзі екі жаққа карап жатуы мүмкін. Көп ұзамай бөбек көзін бір объектіге тоқтата алады. Бір объектіні екі көзбен қарай отырып көру түйсігін бинокулярлық көру дейді.
Кейбір адамдардың көзінің түстерді айыра алмайтын кемістігі болады. Енді біреулер түстердің әр түрін жекелеп көре алмайды. Айналадағы заттардың бәрі ол адамға қоңыр болып көрінеді. Қөздің осындай кемістігін дальтонизм дейді. Ондай адам әсіресе, қызыл және жасыл түсті айыра алмайды. Ер адамдардың 4-5 процент дальтондық болса, әйелдер 0, 5 проценттей ғана.
Есту түйсігі. Есту рецепторына тітіркендіргіш болатын - ауаның толқындары. Ауа толкыны деп ауаның белгілі ырғақпен бірде тығыздалып, бірде селдіреп ыдырауын айтады. Сол толқындар әр тарапқа тарайды. Ауа толқындарының физикалық кұрылысы өте күрделі. Біз сол толқындардың жиілігін, амплитудасын (кұлашын) және формасын ажырата аламыз. Ауаның бір секундта өтетін толқынын герц деп атайды. Адамның есту рецепторы 1 сек. ішінде орта есеппен 16 000- 22 000 герцке дейін ауа толқынын түйсіне алады. 16 герцтен төменгі жиілікпен өтіп жатқан толқындарды құлағымыз түйсіне алмайды. Біздің талдағыштарымыз түйсіне алмайтын 12-16 герцтен теменгі дыбыстарды инфра дыбыстар деп атайды.
1 - құлақ калканы, 2- сыртқы есту жолы, 3- балғашык, 4 - төс, 5 - жартылай ирек каналдар, 6 - есту жүйкесі. 7 - иірім гүтік (құлақтың құрышы), 8 - үзеңгі, 9- Евста-хий түтігі, 10 - дабыл жарғағы.
Есту жолын көмкеріп тұрған терінің беті түкті келеді және онда бұлақ шығаратын бездер болады. Есту жолының ұзындығы - 2, 5 см.
И. П. Павлов лабораториясында иттің негізгі мембранасының, ұзын талшықтарын кесіп алып тастағанда, төменгі дыбыстарды түйсінуге иттің шамасы келмеген. Ал қысқа талшықтарды кесіп тастағанда, жоғары дыбыстарды түйсіне алмаған. Мүндай тәжірибе Гельмгольцтің жаңғырық теориясының дұрыстығын айқындайды.
Адам дыбыстарды ауа толқындары арқылы рецепторлармен түйсінеді. Бұл процестің екінші жолы - дыбысты сүйек арқылы есту. Мәселен, құлаққа мақта тығып қойып, дірілдеп түрған камертонды бас сүйегіне тақасаң, дыбыс айкын естіледі. Сондай-ақ, бұл камертонның дыбысын оны тістеп тұрып та естуге болады. Дыбысты сүйек арқылы берілуі ауа аркылы емес, дыбыс шығарып түрған зат пен сүйектің жанасуы нәтижесінде естіледі. Мысалы, қатты шыққан дауыстарды, жай сөздерді су астында бұғып отырып та ести аламыз.
Тіл есту талдағышының дамуына күшті эсер етеді. Ана тілінің дыбыс құрылымындағы нәзік айырмашылығын ажырату - адамның жастайынан бергі негізгі қажеті. Есту түйсігін дамытуға баланың жас кезінен бастап қамқорлық жасап, сөйлеуі мен естуінде мүкістікті болдырмау үшін дәрігерлерге қаратып тұру керек. Бала сезінің нақышты болуы мен оның әр сөзді дұрыс айтуы да есту түйсігінің қалыпты дамуына байланысты. Әдетте, бала ақыл-ойының дұрыс дамымай, көңілінің жабырқау болуын, сабақ үлгерімінің төмендеуін есту түйсігінің мүкістігінен деп санау керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz