Aidana tour турфирмасы қызметтері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Түсінік
хат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3

I. Aidana tour турфирмасының
анализі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Фирманың қысқа
мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.2 Құрылтай құжаттың
дайындығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Туристік қызметке лицензия алу үшін материалдың дайындығы... 10

II. Aidana tour турфирмасының
объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1 Туристтік объектілердің
байқауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
2.2 Туристік-экскурсиялық маршруттың
зерттемесі ... ... ... ... ... ... . ... .. 16

III. Aidana tour турфирмасы
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... . 20
3.1 Ақпараттық-жарнамалық
қызмет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 20
3.2 Тур өнімін асыру үшін серіктестіктермен жұмыс істеу ... ... ... ... ...
23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қолданған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 28

Түсінік хат.

Бизнес жоспар - бұл сіздің келешек бизнесіңізді жан-жақты толық
сипаттау. Бизнес-жоспарда бизнестің идеясы туралы әңгімелеп, қаржылық
талдау жүргізіп, макетингілік жоспармен қызметкерлер жоспарын құру қажет.
Сол кезде жеке меншік кәсіпкерліктің картинасы айқындала бастайды. Бизнес
жоспарды әзірлеу кезінде келешек кәсіпкердің өзі үшін көп нәрсені ашып және
анықтауы да үлкен мәнге ие болады.
Бизнес жоспар сізге де, сіздің бизнес бойынша потенциалды
серіктестеріңізге де, сіздің өз ісіңізге арнап несие алуды көздеп отырған
банкіңізге де қажет.
Бизнес жоспардың мазмұны оның қандай мақсатпен жасалып отырғандығына
қарай әр түрлі болуы мүмкін. Біздің ойымызша, кәсіпкерге ең алдымен бизнес-
жоспарды өзіне арнап жасап алу керек. Алайда егер несие алып немесе
инвесторды тарту мүмкіндігі болып отырса, онда бизнес-жоспардың мазмұны осы
топтардың мүддесіне де сай болуы тиіс.
Бизнес жоспардың стандарты жоқ. Бизнес-жоспардың құрамы және оның
толық берілу дәрежесі келешек жобаға және соның өзі жататын салаға
байланысты болады. Мысалы, егер қайсы бір жаңа өнім түрін әзірлеу көзделіп
отырған болса, онда өнімнің өзінің күрделі құрылымымен және сол өнім
нарығының күрделі құрылымымен негізделіп отырған аса толық түрдегі жоспар
әзірленуі тиіс. Егер де әңгіме қайсы бір өнімнің бөлшек саудада сатылуы
жайлы болып отырса, онда бизнес жоспар анағұрлым қарапайым болуы мүмкін.
Бизнес жоспардың құрамы сонымен қатар көзделіп отырған өткізу
нарығының ауданына, бәсекелестердің бар-жоғына және құрылып отырған
бизнестің өсу келешегіне байланысты болады.
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау
жетекші орынға ие болады. Әсіресе, қазіргі экономикалық жағдай фирма
ішіндегі жоспарлаудың жаңа прогрессивтік тәсілдерін қолдануды талап етеді.
Ал бизнес жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады және ол
ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды талдауға мүмкіндік береді.
Әр кәсіпкер өзінің қызметін бастай отырып, қаржылық, материалдық,
зияткерлік және еңбектік ресурстарын ескеру қажет. Сондай-ақ оның фирма
жұмысындағы ресурстарын тиімді қолдынуын есептеу керек.
Бизнес жоспар экономикада процестерді түбегейлі қалпына келтіреді.
Қаржылық жоспарлау халыққа салынатын салықты, халыққа бөлінетін қаржыны
жоспарлап, ретті де кезекті жерінде қалыптасуына әрекет етеді. Қаржылық
жоспарлаудың қаржылық процестердегі рөлі өте үлкен болып келеді.
Нарықтық экономикада кәсіпкер өзінің қызметін нақты және тиімді
жоспарламаса, әрдайым мақсатты нарық туралы ақпаратты жинамаса, және
олардың қарсыластары мен өзінің меншікті болашағы мен мүмкіндіктерін
білмесе, тұрақты табысты шығара алмайды.
Нарықтық экономикада бизнес жоспар барлық кәсіпкерліктің негізгі
қызметтік құрал-жабдық болып табылады.
Нарық және маркетинг компаниялардың барлығы үшін шешуші факторлар
болып табылады. Сол себептен бұл бөлімді жазу аса қиын шаруа болып
табылады. Сізге өз-өзіңізді және ықтимал инвесторларды өнім үшін нарықтың
бар екендігіне және өзіңіздің сол нарықта өніміңізді сата алатыныңызға
сендіру қажет. Ол үшін сізге басты болып табылатын нарықтың сегментін
анықтау қажет.
Нарықтың бәсекелес сегментін анықтаудан кейін сол сегменттің ішіндегі
сатып алушылардың сипаттамасы келтіріледі. Кез келген бизнес және, атап
айтқанда, өнімді жетілдіру жөніндегі жақсы идеяларға ие бизнес ерте ме кеш
пе бәсекелестік проблемасына кез болады. Сол себептен тікелей
бәсекелестерді, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, әр
бәсекелестің нарықтағы потенциалды үлесіне баға берген өте маңызды. Сіздің
өніміңіз сапасы, бағасы, таратылу, жарнамалау және өзге көрсеткіштер
жағынан бәсекелесе алатынын көрсету қажет.
Бизнес жобалардың тиімділігінің жалпы көрсеткіші ретінде алынған
пайдамен қатар, оның бастапқы инвестицияларды ескере отырып, бүкіл әрекет
ету кезеңіне есептелген таза дисконтталған құнын алуға болады. Егер оның
шамасы оң болатын болса, онда бұл әрекеттегі нарықта ұсынылатын
инновациялық бизнес жобаның тиімділік критерийі бола алады, ал бұл оны
белгіленген жоспарлық мерзімдерде жүзеге асыру қажеттілігін растайды.
Бизнес жоспар алынған бақылау көрсеткіштерінің негізінде түзетіледі.
Тіпті ең жақсы деген бизнес жоспар уақыт өте келе сыртқы және ішкі
факторлардың ықпалымен ескіруі мүмкін болатындығы белгілі. Сол себепті
кәсіпкерлер ішкі фирмалық және жалпы экономикалық өзгерістерді ескеруі және
өз іскерлік жоспарына тиісті түзетулерді енгізуі тиіс. Бизнес жоспарға
түзетулер енгізу бизнес жобаның жалпы стратегиялық мақсатын өзгертпестен
жаңа нарық жағдайларында оперативтік жоспарлау мен өндірісті басқаруды және
жоспарланған ақырғы нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету мүмкіндігін
береді.

I. Aidana tour турфирмасының анализі
1.1. Фирманың қысқа мінездемесі

Aidana tour туристтік компаниясы - солтүстік Қазақстан өлкесінің
бастаушы туроперация жасаушыларының бірі, 2000 жылдан жұмыс істейді.
Қызметінің басынан бастап ішкі туризмді дамытуға аса көңіл бөлінді.
Турфирманың меншігінде Шалқар көлінің жағасында орналасқан Родники
демалыс үйі, Көкшетау қаласының маңындағы Елікті таулы-шаңғы орталығы,
Щучинск қаласындағы Ностальжи қонақ үйі бар. Фирма өкілдіктері Астана
және Көкшетау қалаларында орналасқан.
Бүгінде Aidana tour турфирмасы жаңа турларды жылжыту және өңдеу
төңірегідегі концептуалды шешімдерді алға тартады, турөнімнің сапасы
талғағыш клиенттердің талаптарына жауап береді. Негізгі мақсат биік
деңгейлі сервисі бар жайлы демалыс ұйымдастыру болып табылады. Маусымнан
маусымға бөлімшелердің жұмысы үздіксіз жақсарып отырады, туристік
ұсыныстардың спектрі кеңиеді.
Aidana tour туристтік фирмасының директоры - Ержан Айтжанұлы жас,
зиялы, қызықты, спортшы адам. Оның арқасында компания креативті динамикалық
тәртіпте жұмыс істейтін абыройды жаулап алды.
Aidana tour компаниясы - көптеген туристтік жарыстардың жеңімпазы,
AstanaLeisure Халықаралық көрмесі мен КІТҒ Халықаралық көрмесінің
тұрақты қатысушысы, сонымен бірге басқа да Халықаралық көрмелерге қатысып
ғаламшардың әртүрлі бұрышынан сенімді әріптестер тауып, туристтарға қызмет
корсету сапасын өзгеріссіз жақсартып отырады.
Қазіргі уақытта Aidana tour турфирмасында шетелдік турлар бойынша
екі менеджер, жергілікті курорттар бойынша бір менеджер жұмыс істейді.
Жұмыстағы негізгі екпін ішкі туризмге бағытталған. Фирмада олардан басқа
екі дизайнер жұмыс істейді. Біреуі жарнамамен, екіншісі -туристтік жиһазды
өңдеумен (қонақ үйлер мен кеңсе үшін) айналысады.
Aidana tour турфирмасының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 74-ші үй.
Aidana tour туристтік фирмасы келесі қызмет түрлерін ұсынады:
- Щучинск пен Бурабай, Зеренді курорт аймақтарында орналасқан
санаторийлар мен демалыс үйлерінде демалу және ем алу;
- Турпан демалыс базасы, Шалқар көлінің жағасында орналасқан
Родники демалыс үйі;
- Ностальжи қонақ үйі және Бурабай кентіндегі 3 бөлмелі пәтер;
- Елікті таулы-шаңғы орталығы;
- Туркия, Таиланд, Қытай, БАЭ, Египет және басқа елдер;
- Экскурсиялар;
- Авиа және автобус билеттерін сату және броньдау;
- Транспорттық қызмет көрсету;
- Виза ашу;
- Қазақстан санаторийларында демалу.

Қосымша қызметтер:
- Көкшетау, Астана, Бурабай қалаларының аэропортарынан, теміржол және
автовокзалдарынан қарсы алу;
- Көкшетау қаласындағы қонақ үйлерді броньдау;
- Көкшетау мен Бурабай қалалары бойынша экскурсиялық қызмет көрсету.
Трансферлер:
- Омск - Көкшетау - Омск.
Жақын уақыттан бастап Aidana tour турфирмасы саясатын аздап өзгертті
- жарнамалық кампанияларды көбірек өткізе бастады. Турфирманың
қызметкерлері роликпен сырғанай отыра, жарнамалық кітапшаларды таратты.
Фирма қай газеттегі жарнама қаншалық тиімді екенін бекіте бастады, қай
газет клиенттерге біз туралы мәлімет көзі болып табылатынын анықтады.
Aidana tour туристтік фирмасы - демалыс орнын таңдаудағы өте жақсы
көмекші. Бұған Елікті таулы-шаңғы орталығына ең болмаса бір рет жолдама
алып, содан соңалыс өлкелерден ұмытылмайтын әсер алып келген барлық
клиенттердің көзі жетеді. Бұл жерде сіз табиғаттың ғажайып түрлерімен
ләззат аласыз және жай ғана қысқы ширақтандыратын, шипалы ауамен демала
аласыз. Ормаңды және, таулы шаңғы трассалары мен шанада сырғанау, сіздерге
қызмет көрсетуге дайын. Дәмханада сізге маңызды оқиғаны атап өтуге, бос
уақытты жағымды өткізуге және сізге ұнайтын тамактарыңызға тапсырыс беруге
болады.
Aidana tour туристтік фирмасы Шалқар көлінің жағасында орналасқан
Родники демалыс үйі мен Елікті таулы-шаңғы орталығының меншік иесі бола
тұра, халыққа қызмет көрсетіп және олар денсаулықтарын нығыздап, рахаттанып
көптеген адреналин алатындарына кепілдік береді. Жаз маусымында мектеп
оқушылары үшін велосипедтердің жалға беруін ұйымдастырады.
Aidana tour турфирмасының меншігіндегі барлық нысандар несиеге
алынған.
Көкшетау қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан Елікті таулы-шаңғы
орталығы салауатты және белсенді өмір салтын ұстанатын адамдардың қысқы
демалысын өткізетін өте танымал жер. Барлық инфрақұрылым бір үлкен мақсатқа
- мінсіз экологиялық ортада белсенді және маңызды демалу үшін барлық жағдай
туғызуға бағышталған.
Тау етегінде орналасқан тұтас сопақ бөренелерден құрастырылған қонақ
үй ғимараты сіздің демалысыңызға жайлы жағдай жасап және айтқысыз әсер
береді.
Қонақ үй 35-40 орынға есептелінген, 2 және одан да көп, 9 адамға дейін
орналастыру мүмкіндігі бар нөмірлер. Нөмірлер төсектермен, дивандармен,
төсек жанында тумбалармен, шифоньерлермен жабдықталған.
Тау шаңғы құрал-сайманның жалға беруі және шаңғы ұстаушылармен
жабдықтаған, бірінші қабатта орналасқан жеке есігі бар асхана, түскі
тамақты немесе көтерулердің арасында ыстық кофені, жалға алған құрал-
сайманды тапсырмай-ақ ішуге мүмкіндік береді.
Асханада белсенді ересек адамға үйлестірілген тағамы барлық талапқа
сай, шығыс және еуропалық стильде үш мезгіл дайындалады. 7 жасқа дейінгі
балалар үшін 50 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылған.
Қонақ үйдің екінші кабатында сауна және камин залы орналасқан. Саунада
бу бөлмесі, душқа түсетін бөлме, демалыс және массаж бөлмесі бар;
асханадатағамға және сусындарға тапсырыс жасауға болады - оларды демалыс
бөлмесіне тікелей әкеліп береді.
Кешке қарай достарыңмен каминнің алдында отырып, жағымды музыка
тыңдауға, қызықты фильм қарауға немесе күн бойғы өздеріңнің спорттық
жетістіктеріңді талқылауға болады.
Елікті тауы кешеннің ең басты назар аударарлық орны (теңіз деңгейінен
500 м. биіктікте орналасқан). Бұл жерде әр түрлі дәрежедегі күрделі
бұрылыстары бар, 200-ден 1300 метрге дейін созылған, биіктігі 130-дан 200
метр аралығында алмасып отыратын трассалар бар.
Елікті тауында ұзындығы 1300 метр болатын бугельді канатты көтергіші
жұмыс істейді.
Орташа және кәсіби деңгейде әзірленген шаңғышылар күрделі трассадан
астамға көтеріле ала алады.
Баурайлар арнайы қар тығыздағыш техникаларымен тапталынады. Тау
шаңғысы спортының тәжірибелі нұсқаушылары, кемеңгерлері кішкентай балалар
және ересек шаңғышыларға да қарайласуға әрдайым дайын. Олар шаңғыда немесе
сноубордта қалай тұруы керек екендігін, қалай бөгелу керектігін және
шаңғышыға соқа не үшін керек болатынын айтып береді.
Сирек кездесетін ұсыныс: Елікті таулы-шаңғы орталығында - кайтинг.
Спорттың экстрималды түрі шаңғышылардың жүрегін жаулап алуда. Жазықтықтағы
мұндай көрмеген жылдамдықпен сен өзіңді ұшқан құстай сезінесің!
Елікті таулы-шаңғы орталығында туристтік қызметтерді көрсету
саласында жеңілдіктер жасау саясаты жүзеге асырады.
Aidana tour туристтік фирмасының басты тапсырмасы: клиенттерге жақын
және алыс шетелдерге әр түрлі туристтік жолдамаларды алу мүмкіндігін беру.

1.2. Құрылтай құжаттың дайындығы

Кәсіпорындағы құрылтай құжаттарға келесілер жатады:
- кәсіпорынның жарғысы
- құрылтай келісім (егер де кұрушы екі немесе одан да көп болса)
немесе кәсіпорынды құру туралы шешім қабылданса (егер де құрушының атынан
бір адам болса)
- мемлекеттік тіркеу үшін құрушының атынан берілетін өтініш.
Құрылтай құжаттарды дайындау - бұл кәсіпорынды ашуға алғашқы "қадам"
болып келеді. Құрылтай құжаттың мазмұны, кәсіпорынның ақпараттық-құқықтық
формаларды таңдаудан тәуелді болады.
Жарғы ұйымның құрылтай құжаттарының бірі болып табылады. Ол ұйымның
құқықтық мәртебесін, меншік нысанын, қызметінің мақсаты мен міндеттерін,
басқару, тарату және қайта құру тәртібін анықтайды. Бұл құжатты кәсіпорынды
ұйымдастырушы адамның өзі немесе тапсырыс арқылы арнайы фирмалар
дайындайды. Құрылтайшылар бірнешеу болса, құжат құрылтайшылардың жалпы
жиналысында бекітіледі, олардың қолдары қойылып, нотариат куәландырады.
Содан кейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден
өтеді. Осынау рәсімдер тізбегі тиісінше орындалғаннан соң заңдық күшке ие
болады. Енді акционерлік қоғам жарғысының үлгісін қарастырып көрелік.
Жеке кәсіпорынның жарғысында келесі ақпарат болу қажет:
- кәсіпорынның атауы, оның ұйымдық-құқықтық пішінінің, дүние-мүліктің
және атаудың, меншік иесінің фамилиясының нұсқауымен;
- деректорлер туралы
- кәсіпорынның мекенжайы
- мақсаттары және қызметтің көріністері
- дүние-мүліктің білімінің тәртібі, соның ішінде құқықтар меншік
кәсіпорынның дүние-мүлігі
- пайданың және шығынның жабындысының тәртібі
- басқарма кәсіпорынмен және басқарма органының құзыры
- кәсіпорынның қайта құру және таратуының шарттары.
Сондай-ақ жарғыда кәсіпорын құрушының міндеттерін талқылау керек.
Жарғы парақтың жоғарғы оң жақ бұрышында құрушының қолы мен күні жазылады.
Мемлекеттік тіркеуге тапсыру алдында жарғы тігілуі қажет.
Құрылтай келісімі - регламенттеу шарты және құрушының бірлескен
қызметінің тәртібі мен келесі ақпарат болатын құжат:
- өлшем және жарғы қорының құрамы туралы;
- пайда табудың тәртібі;
- жарғы қорындағы әр қатысушылардың акция, жарна, және үлестерінің
өлшемі және өзгеру тәртібінде;
- өлшемде, құрамда, мерзімнің және енгізудің тәртібінің үлес
қатысушылары;
- үлес енгізудегі бұзушылыққа қатысушылардың жауапкершілігі туралы;
Егер құрылтайшылар бірнеше болса, онда құрылтайшы келісімі жазылады.
Құрылтай құжаттарын дайындау алдында атаудың талғамы туралы сұрақ туу
мүмкін.
Фирманың атауы кез келген бола алады, және де ол құрушының фантазия
мен таңдауына сәйкес. Бірақ та болашақта табыстың болуы үшін бірнеше
принциптерді білу қажет.
1. Атаудың қалыптығы. Атауға үйренеді, және ол жай ғана есте калады.
Бұл процесс іскер байланыстарды жеңілдетеді. Фирма атауын таңдаған кезде
оның қалыптығын ескеру қажет.
2. Шыгу өнімінің қауымдастығы, оның мінезінің сүйкімді сипаттарымен.
Атаудың сәтті таңдалуы, әдемі мен өзіндік эмблеманы жасауға мүмкіндік
береді.
3. Қысқалық, әуенділік, эстетикалылық. Егер атаудағы әріптерді
ауыстыру немесе қосу керек боған кезде, оның естілуі құлаққа жағымды болуы
қажет. Көбінесе фирманың атауы бір немесе екі сөзден құрылғаны ыңғайлы
болып келеді. Және халық оны жақсырақ қабылдайды.
4. Фирма атауының қайталанбауы. Мысалға алғанда, бір фирманың жағымсыз
әсердің болуы, сіздің фирмаңызға да әсері тиюі мүмкін.
Фирманы ашу кезіндегі негізгі принциптердің бірі - оның орналасуы.
Сонымен, құрушы өзінің кәсіпорнын қай жерде орналасуын білу қажет.
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым
шаруашылық серіктестік деп танылады. Құрылтайшылардың салымдары есебінен
құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген
және алған мүлік меншік құкығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.
Жарғы бір адам құрған шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты болып
табылады. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарын нотариат
куәландыруға тиіс. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарында әрбір
қатысушының үлес мөлшері туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына олар
салатын салымның мөлшері, құрамы, мерзімі және тәртібі туралы;
серіктестіктің жарғылық капиталына салым салу жөніндегі міндеттерді бұзғаны
үшін қатысушылардың жауапкершілігі туралы ережелер, сондай-ақ заң
құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуға тиіс. Шаруашылық
серіктестік басқа шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы болуы мүмкін.
Құрылтай шартының қолданылуы шаруашылық серіктестігіне қатысушылар
тізілімі қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Шаруашылық
серіктестігіне қатысушылар тізілімінен үзінді-көшірме қатысушылар тізілімін
жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының
кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестігінің жарғылық
капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.
Пошталық мекенжай - мекенжай (индекс, қала, көше, үй, бөлме),
мемлекеттік тұлға арқылы жүзеге асатын байланыс. Пошталық мекенжай туралы
ақпарат құрылтай құжаттардың арасында болуы мүмкін.
Пошталық мекенжай ретінде мемлекеттік тұлға (бастапқы атқарушы орган)
және құрушы (қатысушы немесе акционер) тұратын тұрғын бөлмелерді қолдануға
мүмкін.
Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу кезінде, мемлекеттік тіркеуде құрылтай
құжаттардың өзгеруі тіркеу органға пошталық мекенжайды жазбаша түрінде
беруі қажет. Егер пошталық мекенжайда тұрғын бөлме көрсетілсе, онда Жазбаша
хабарландыру хатта меншік иесін немесе бөлмені жалдаған адамды көрсету
керек. Хабарландыру хаты кәмелет жасқа толған адаммен қол қойылады. Және де
хабарландыру хатпен бірге үй кітапшасы қоса тіркеледі.
Құжаттарды сақтау тәртібі туралы мәлімет жарғыда жазылады. Жарғыда
құжаттардың сақталуы нақты мекенжайда көрсетілген. Осындай нұсқау жарғыда
көрсетілмесе, онда мемлекеттік тіркеудің қабылдамауы белгілі. Құжаттарды
сақтау орны өзгерілсе, жарғыда да мәліметті өзгерту қажет.
Офистің мекенжайын анықтап алғаннан кейін, құжаттарды дайындау қажет.
Ондай қркаттарға келесілер жатады: жалдаудың алдын ала келісімі, жалға
беруге немесе бөлмені сату үшің меншік иесінің жазбаша растамасы.

1.3. Туристік қызметке лицензия алу үшін материалдың
дайындығы

Туристтік лицензия мемлекеттік құжат болып келеді. Және туроператорлық
пен турагенттік қызметті Қазақстан Республикасының территориясында 5 жыл
аралықта жүзеге асыруға рұқсат береді. Туристтік лицензия жеке кәсіпкер мен
заңды тұлғаға Заң негізінде беріледі. Туристтік лицензия түсінігі бойынша,
турагенттік және туроператорлық қызметті немесе саяхатты ұйымдастыру
қызметін іске асыруы заңды болып келеді.
Туристік операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтің осы
түріне лицензиясы бар заңды тұлғалардың өздерінің туристік өнімдерін
қалыптастыру, ұсыну және туристік агенттер мен туристерге өткізу жөніндегі
қызметі.
Туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) - қызметтің осы түріне
лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың туристік өнімді ұсыну және
өткізу жөніндегі қызметі.
Яғни, туроператор мен турагенттің айырмашылығы - туроператор турды
жасауға және сатуға құқылы, ал турагент турды тек қана сатады.
Туристтік қызмет, осы турды қолданған адамдар үшін жауапты болады.
Турфирмаға лицензия берілгеннен кейін оны спорт және туризм туралы
мемлекеттік комитет тексереді. Егер де құжатта дәлсіздік немесе дөрекілік
болса туристтік лицензия берілмеуі мүмкін. Көрінген құкық бұзушылықтар
немесе лицензия талаптарын сақтамаса, айып пұл ретінде немесе қылмыстық
жаза беріледі.
Туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық және
туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығы үшін берілетін
лицензия болып. табылады. Лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық
аумағында жүреді. Өтінуші лицензия алғаннан кейін лицензия берілген кезден
бастап жеті ай ішінде көрсетілетін туристік қызметтерге сертификат алуға
міндетті, содан кейін олардың көшірмелерін лицензиарға тапсырады.
Лицензия мынандай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:
-туроператорлық; -турагенттік;
-экскурсиялық;
-туризм нұсқаушысының қызмет көреетуі.
Лицензия субьектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде
беріледі. Лицензия бір данада беріледі, лицензия жоғалған жағдайда,
лицензиаттың жазбаша өтініш бойынша төл құжат алуға құқығы бар. Бұл ретте
лицензиат туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым
(бұдан әрі-лицензиялық алым) төлейді. Тұлғаның аталуы Заңды, орналасқан
жері өзгерген жағдайда, ол бір ай ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын
құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиар он күн
ішінде лицензияны қайта рәсімдейді.
Лицензия Лицензия туралы Заңмен белгіленген мерзімге беріледі.
Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам лицензияға қол қояды және
лицензиардың мөрімен куәландырылады.
Туристтік лицензияны алу.
Құжаттарды дайындау, беру, тоқтату немесе туристтік лицензияның
ұзартылуы Қазақстан Республикасының Заңнамасы реттейді. Ең негізгі шарттың
бірі - талаптарды бұзбау. Егер де талап бұзылса туристтік лицензияны
тоқтату немесе айырылу мүмкін. Туристтік лицензия, Лицензиатам өтініш
жазғаннан кейін және құжат пакеті толығымен болғаннан кейін беріледі. Егер
құжат пакеті толығымен болса, онда туристтік лицензияны ойдағыдай аласыз.
Сіз туристік бизнеспен айналассаңыз, онда туристтік қызметке лицензия
қажет болады.
Лицензия алу үшін бірнеше талаптарға сай болу керек.
Туроператорлық лицензия алу үшін, сіз туризм қызметімен 5 жыл жұмыс
істеуіңіз керек.
Лицензия заңды тұлғаларға облыстық атқарушы органдармен оның әділет
органдарындағы тіркеу орндарына байланысты, ал жеке тұлғаларға -салық
органдарына тіркелген орны бойынша беріледі. Лицензияны алғаннан кейін 7 ай
ішінде ҚР Үкіметінің бекіткен туристік қызмет көрсетуге сәйкес сертификат
алуы тиіс, оның көшірмесін лицензиарға береді.
Лицензияны қайта жасау: Заңды тұлғаның атауы, орналақан жері өзгеретін
болса, қажетті мәліметтер көрсетілген құжаттармен бірге бір ай ішінде
лицензияны қайта жасау туралы өтініш беруі тиіс. Лицензиар 10 күн ішінде
өтініштегі мәліметтерге сәйкес лицензияны қайта толтырады. Лицензия бір
данамен беріледі, егер лицензиат оны жоғалтып алса, көшірмесін алу туралы
өтініш беруі тиіс.
Лицензияны беруден бас тарту мына жағдайларда жүзеге асады:
• туроператорлық, турагенттік және туризм инструкторы қызметімен
айналсуға аталған тұлға категорияларына заңнамалық актілермен тыйым
салынса:
• лицензия алуға қажетті құжаттар толық ұсынылмаса;
• лицензиялық жинақ төленбесе;
• өтініш иесі біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;
• өтініш иесіне аталған қызмет түрлерімен айналсуға сот шешімімен
тыйым салынса.
Лицензия мына жағдайларда қызметін тоқтатады:
• лицензия қайтарылса;
• азаматтың жеке кәсіпкерлігін тоқтатқанда, қайта құрғанда немесе
заңды тұлғаның таралуында.
Туроператорлық қызметке лицензия алу үшін:
• бекітілген формасындағы өтініш;
• лицензиялық жинақ төлемін анықтайтын құжат;
• заңды тұлғаның тіркелуі туралы куәлігінің, жарғының және
статистикалық картаның нотариуспен бекітілген көшірмелері;
• офиске қажетті жеке -иелігіндегі немесе жалға алынған кеңістікті
анықтайтын құжат;
• туристердің, туристік жабдық-тұрмандар мен көлікті орналастыратын
материалды-техникалық базасы бар жалға алынға материалды-техникалық база
немесе өз иелігіндегі материалды-техникалық базасын анықтайтын құжат;
• жұмысшылардың білімі туралы және еңбек өтілі туралы құжат
көшірмесінің қосымшасы бар жұмысшылар тізімі;
• туристік қызмет келісім-шарты бойынша азаматты-құқтық
жауапкершілікті сақтандыратын келісім-шарт көшірмесі;
• тасымалдаушымен келісім – шарт көшірмесі;
• туристік жолдама мен туриске арналған жадуал көшірмелері;
• психикалық денсаулық жағдайы туралы меданықтамасы, жоғары оқу орнын
бітіргені туралы құжаты бар экскурсоводтар мен гидтер тізімі бар туристік
ұйымдармен келісім-шарт көшірмесі;
• жарнамалық-ақпараттық материал (даңғылдар, буклеттер,
видеоматериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);
• туристік маршруттер реестрі;
• туристерге қызмет көрсету бағдарламасы;
• Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңның 17
бабындағы талаптарға сәйкес туристік қызмет көрсету келісім-шартының
үлгісі;
• туристреге елден шығу мен елге кіру туралы ақпарат беру.
Турагенттік қызметке лицензия алу үшін:
• бекітілген үлгідегі өтініш;
• лицензиялық жинақ төлемін анықтайтын құжат;
• жеке кәсіпкердік немесе патенттің жарғысының, мемлекеттік тіркеуі
туралы куәлігінің, жеке куәлігінің нотариалды бекітілген көшірмесі (жеке
кәсіпкер үшін);
• офиске қажетті жалға алынған немесе өз иелігіндегі кеңістікты
анықтайтын құжат;
• өз иелігіндегі немесе жалға алынған материалды-техникалық базаны
аныктайтын, немесе туристерді көліктерді орналастыруға қажетті материалдық-
техникалық база қызметі бар ұйыммен жасалған келісім-шарт құжаты;
• білімі туралы және еңбек өтілі туралы қосымшамен жазылған жұмысшылар
тізімі;
• туристік қызмет көрсету келісім-шарты бойынша азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті сақтандырудағы келісім-шарт көшірмесі;
• тасымалдаушымен келісім-шарт;
• туристік жолдама және туриске берілетін жадуал көшірмелері;
• жарнамалық-ақпараттық материал (даңғылдар, буклеттер, +
• Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңның 17
бабындағы талаптарға сәйкес туристік қызмет көрсету келісім-шартының
үлгісі;
• туристреге елден шығу мен елге кіру туралы ақпарат беру.
Туризм инструкторы қызметіне лицензия алу:
• бекітілген үлгідегі өтініш;
• лицензиялық жинақ төлемін анықтайтын құжат;
• туристік маршруттарда тәжірибеден өту мен біліктілік, кәсіби
дайындыққа сәйкестігін анықтайтын құжаттар;
• жасалған туристік маршруттардың сипаты және карта-сызбасы;
• психикалық денсаулық жағдайы туралы меданықтама

II. Aidana tour турфирмасының объектілері
2.1. Туристтік объектілердің байқауы

Туристік объект - мекеме, өз қызметін белгілі бір ауданда көрсетеді.
Мысалы, паб, мейрамхана, қонақ үй, театр, кинотеатр, музей, клуб және т.б.
Тоқсан сайынғы және жылдық негізде Орналастыру объектілерінің қызметі
туралы есеп жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны
бойынша орналастыру орындарын сипаттайтын көрсеткіштер қалыптасады:
• орналастыру объектілерінің саны;
• нөмірлер саны;
• бір реттік сиымдылық;
• қонақ үйлердің толуы;
• бөлінген төсек-орын тәулік саны;
• төсек-орын-тәуліктің орташа құны;
• орналастыру объектілерімен көрсетілген қызметтер көлемі;
• орналастыру объектілерімен қызмет көрсетілген келушілер саны. Қонақ
үй кәсіпорындарымен түнеуді (төсек-тәулікті) ұсыну нөмірлер мен орындарды
брондауды қоса пайдаланылған тұрақты және уақытша орындар санын білдіреді
және тұратындарды есепке алу кітабының негізінде анықталады.
ДТҰ- ұсынистарына сәйкес барлық орналастыру орындарын екі санатпен
ұсынуға болады: ұжымдық және жеке. Туристерді ұжымдық орналастыру құралдары
мыналарға бөлінеді.
1) қонақ үйлер және туристерді орналастырудың ұқсас құралдары (қонақ
үйлер, ұқсас ғимараттар);
2) мамандандырылған мекемелер (сауықтыру мекемелері);
3) өзге де ұжымдық мекемелер
Нақты жабдықтар мен көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктеріне қарай
қонақ үйлер құрамында кең профильді - қонақ үйлерді, пәтерлік типтегі қонақ
үйлер, мотельдер, жол-жөнекей қонақ үйлер, курорттық қонақ үйлер, тұруға
болатын клубтарды және өзгелерін ерекшелеп алады.
Қонақ үйлер іспеттес мекемелер тобы нөмірлік қорға ие, міндетті
қызметтер тізімін ұсынады. Бұл тәріздестер пансиондар, жиһазбен
жабдықталған бөлмелер, туристік жатақханалар және сол сияқтылар.
Мамандандырылган мекемелер (бірыңғай басшылығымен) сондай-ақ
туристерге қызмет көрсетуге арналған. Олардың нөмірлері жоқ. Мұнда бастапқы
бірлік тұрғын-жай, ұжымдық жатын бөлме, алаң болуы мүмкін.
Туристерге қонуы үшін мекеме орын ұсынғаннан басқа қызметтің өзге де
түрлерін көрсете алады. Мұндай мамандандырылған мекемелер мысалы ретінде
сауықтыру мекемелері (сауықтыратын орындар, курорттар, санаторийлер,
сауықтыру фермалары және т.б.), лагерьлер, қоғамдық көліктердегі, конгресс-
орталықтарындағы орналастыру құралдары (пойыздар, кемелер) қызмет етеді.
Сауықтыру орындарында, курорттарда түнеу үшін орындар беру қызметі
бастысы болып табылмайды. Бұл жерде ең алдымен келушілердің ауруларын
табиғи факторларды тарту жолымен (климат, теңіз, минералды су және
өзгелері) емдеу және алдын алу қажет. Адам ағзасына материалдық және рухани
эсер ету еңбек пен дем -алудың әдеттегі жағдайларын жоюды қосады. Емдеумен
қатар тамақтандыру, демалу, спорт, тұрмыс және, әрине, тұратындардың түнеуі
ұйымдастырылады.
Өзге де ұжымдық орналастыру құралдарының құрамына кемпингтерге
арналған алаңдардағы, шағын кемелерге арналған айлақтардағы нысандар
(біркелкі басқарумен) кіреді. Клиентке түнеу және ақпараттық, сауда, бос
уақыт түріндегі қызмет көрсетулер қатары ұсынылады.
Туристік жатақханалар, жастар қонақ үйлері, мектеп және студенттер
жатақханалары, қарттарға арналған демалыс үйлері және әлеуметтік маңызы бар
осы іспеттес нысандардың, сондай-ақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік индустрияның құрамдас бөліктері
Туризм индустриясы. Ren- tour
Туризм мамандығы жайлы
Туризм индустрия құрылымы
Туризмдегі маркетингтік басқару
“TOUR TRAVEL” туристік фирманың “бизнез-жоспары”
Туризм мамандығы
ШҚО туризмнің даму жағдайы және болашағы
Туристік қызметті жоспарлау мен ұйымдастыруда территорияның табиғи және мәдени әлеуетін пайдалану
Туристік индустрия кәсіпорындарында баға қалыптастыру саясаты
Пәндер