Мезгіл устеулері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Тіл және әдебиет теориясы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Үстеу және оның лексика грамматикалық категорияларының зерттелуі

Пәні: Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

Мамандығы: 5В020500- филология қазақ тілі

Орындаған: Жүрсін Ж.Б.,

2 курс студенті, күндезгі бөлім

Ғылыми жетекшісі: Абубакирова Г. Н.,

аға оқытушы

Курстық жұмыстың қорғалуы

20 ж.өтті.

Бағасы

Қостанай 2015

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Қазақ тілі білімінде үстеу сөз табының
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Үстеу сөз табының
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 5 2 Үстеулердің лексика - грамматикалық
топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1Үстеудің морфологиялық белгілері, түрлері және жасалу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2Үстеудің мағыналық
топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17
2.3 Үстеулердің сөйлемдегі
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.4 Ғ. Мұстафинның Қарағанды романындағы үстеулердің синтаксистік
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 25
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің әр түрлі
сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй –жайларын
және сынның белгісін білдіреді. Ал, қимылдың белгілері пысықтауыш мүше
ретінде қолданылатын басқа есім сөздер мен етістік формалы мысалы,
көсемшелер арқылы да білдіріледі. Бірақ белгілі жағдайда ғана пысықтауыш
болып қызмет атқаратын ондай есім, сөздер мен етістік формалары өздерінің
бастапқы қасиеттерін жоймайды. Осы себептен пысықтауыш мүше болған
сөздердің барлығы бірдей үстеу болуы шарт емес. Мысалы: Осылар тәрізді
бірден бірді кемітсе, ноль қалады; Қуаныш, қайғы бірден қысқан Жамалдың
көзі, бұлаудай (Ғ.Мұстафин) дегендегі бірден деген сөз алғашқы сөйлемде
шығыс септіктегі зат есім (толықтауыш) болады да, екінші сөйлемде үстеу сөз
(пысықтауыш) болады. [1, 333-334 б]
Қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов,
Н.Т.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев үстеудің грамматикалық құрылымы туралы әр түрлі
ғылыми пікірлер айтқан, ал онын ілгері зерттелуі А.Ысқақовтың "Қазіргі
қазақ тіліндегі үстеулер" (1950 ж.) деп аталатын еңбегінен басталады. [2,
258 б]
Осылайша мағына жағынан әуелі төркіндерінен (мысалы: зат есімдердің,
сын есімдердің, есімдіктердің қатарларынан) бөлініп лексикалық мазмұны
жағынан қимылдың алуан түрлі күй – жайларын білдіретін сөздер үстеуге
жатады. Тіліміздегі бірге, бірде (кейде деген мағынадағы), бірден,
кенеттен, лажсыздан, кейде, шалқасынан, жүресінен, зорға, жатқа, басқа
текке, қапыда, абайсызда, жөнімен, ертемен, алға, артқа, алда, артта,
мұнда, сонда, осында сияқтанған үстеулердің барлығы да жоғарыдағыдай
көнелену жолымен қалыптасқан үстеулер.
Қазақ тілінде үстеулер осындай көнелу тәсілі арқылы біржолата үстеуге
айналғаны, немесе мағынасы жағынан екі жарылып, сараланып, демек, бір
жағынан, үстеуге айналса, екінші жағынан, өздерінің әуелгі лексикалық
топтарының да (мысалы: өздерінің әуелгі лексикалық топтарының да мысалы:
есімдердің де) қатарында қалып жүрген сөздер көп. Мұндай сөздер, әсіресе,
жатыс, шығыс, барыс, көмектес септіктердің формаларында жиі ұшырайды.
Есімдерден көнелену арқылы туған үстеулер сияқты, етістік формаларынан
көнеленіп шыққан үстеулер де бар. Етістік түрлерінен көнеленіп шыққан
үстеулер де көбінесе көсемше формалармен түрлес келеді.
Сондай көсемше тұлғада (формада) қосарлану арқылы жасалған үстеу
сөздерге жата – жастана, сүріне – жығыла, ішпей – жемей, жатпай – тұрмай,
тиіп–қашып, билеп – төстеп, сасып – пысып т.б. сөздер жатады. Формасы
жағынан азды көпті ерекшелігі бола тұрса да, үстеу сөздерге жүр – жүрлеп,
айт - айттап, тез – тездеп, кес – кестеп сияқты көсемше формалы қос сөздер
де жатады. Мысалы: Әубәкір оны жүр – жүрлеп сүйрей бастады (Ғ.Мұстафин).
Ал аздап, аз – аздап деген сөздерден сөйлей, сөйлеп деген сөздердің
қасиеттері табылмайды. Өйткені аздап, аз – аздап деген сөздерге тікелей
жіктік жалғаулары жалғанбайды; олар жай сөйлемде де, құрмаластың
бағыныңқысында да баяндауыш қызмет атқармайды; бұл сөздерде етістіктерге
тән шақтық және басқа қасиеттер де жоқ. Бұлар (аздап, аз-аздап) сөйлемде
пысықтауыш болып қана қызмет атқарады да, аздап, азғана, аз –аздап,
аздан–аздан, азғана–азғанадан деген сияқты мағынаны білдіреді. Оның бер
жағында етістікке жалғанатын болымсыздық жұрнағы – ма (ме), -па (пе), -ба (-
бе) бұларға қосылмайды (мысалы: сөйлемеп ем деп айтуға болса, аздамап, аз-
аздамап деп айтуға болмайды). Сөйтіп, бұл сөздер (аздап, аз -аздап)
көсемшелерге тек форма жағынан ұқсас, бірақ ол ұқсастық тек сыртқы
тұлғасында (пішінінде) ғана. Осындай аздап, аз – аздап сияқты көсемше
түрлес үстеулерді етістіктермен төркіндес үстеулер деп есептейміз.
Сонымен, үстеу сөздер деп морфологиялық жағынан түрленбейтін (некен –
саяқтап қана түрленетін) лексика - семантакылық жағына өз алдына топ болып
қалыптасып, сөйлемде қызметінде жұмсалатын сөздерді айтамыз. [1, 334-336 б]

Зерттеу мақсаты: Ғ.Мұстафин романдарындағы үстеу сөз табының мағыналық
топтарының қолданысының шымылдығын ашу.
Зерттеу міндеттері: Үстеу туралы жалпы сипаттамасын қарастыру;
– Үстеудің зерттелуін анықтау;
– Үстеудің мағыналық топтарын зерттеу;
– Ғ.Мұстафин шығармаларындағы үстеудің мағыналық топтарының қолданысын
анықтау;
– Зерттеу құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қазақ тілі білімінде үстеу сөз табының зерттелуі
1.1 Үстеу сөз табының зерттелуі

Ең бір күрделі, әрі даулы сөз таптарының бірі – үстеулер. Сондықтан да
тілде үстеулер мәселесі назардан тыс қалды деуге болмайды. Бұл жайында
айтылған пікірлер мен бірнеше ғылыми зерттеулерді кездестіреміз. Үстеулер
мәселесі өткен ғасырдағы түркі тілеріне арналған грамматикаларда көрініс
тауып жүрді. Мәслен, үстеулер туралы пікірлер И.Гиганов, М.А.Казем-бек,
Г.М.Мелиоранский, А.М.Щербак, А.Н.Харитонов, А.Н.Кононов, И.И.Мещанинов,
А.Н.Боровков, Н.А.Баскаков еңбектерінен орын алады. Осы уақытқа дейін қазақ
тіл білімінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны, шырай
категориясы, семантикалық топтары, субстантивтенуі, синтаксистік қызметі,
олардың синтаксистік тіркесу қабілітіне біршама көңіл бөлінді.
Ал қазақ тілінде көрнекті ғалым А.Байтұрсынов үстеу сөздерді о баста
шылау сөдердің құрамында демеу, жалғаулық, одағай сөздерінің қатарына
қосып, оған: ...сөз үстіне қосылып сөздердің мағынасын толықтыратын
сөздерді үстеу дейміз - деген анықтама береді. [3, 195 б] Ғалым кейінірек
үстеуді жеке сөз табы ретінде бөлек атап, оған былайша анықтама береді:
Үстеу дейміз - сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру,
күшейту үшін айтылатын сөздерді. Байтұрсынов үстеуді бес мағыналық топқа
бөледі. Олар:1) нықтаулық; 2) сынаулық; 3) өлшеулік; 4) мезгілдік; 5)
мекендік; [3, 256 б]
1) Нықтаулық үстеу дейміз - басқа сөздердің мағынасын нығыздау үшін
айтылатын сөздерді, мәселен, ең жақсы, бек нашар, әбден қанды, тым шабан,
өте тығыз, тіпті қысқа, тап өзі, нақ сол, нағыз арзан, дәл тиді, дөп келді,
дәлме-дәл он кісі, қас жаман, қасақанa айтты, әдейі айтпады, жәдә шаршады,
тікелей қоя берді, әсіресе мақтағаны.
Сөздердің мағынасын күшейтетін, нықтайтын сөздер нықтаулық үстеу
болады.
2) Сынаулық үстеу дейміз - істің сынын көрсететін сөздерді. Сынаулық
үстеу болатын - зат есім, сын есім, есімдік, етістік сөздер. Бұлардың үстеу
екен - еместігін сұраудан айырамыз. Сынаулық үстеу сұрауы: қалай? қалайша?
Осы сұрауға жауап болмаған сөз үстеу болмайды.
Жақсы окиды, жаман жазады, сыбай қонады, жаяу журеді дегенде, сөздер
қалай? деп сұрағанға жауап болып тұр (оқиды қалай? - жақсы. Жазады қалай? -
жаман, қонады қалай? - сыбай, жүреді қалай? - жаяу). Бұлар үстеу орнына
жүретін сын есімдері.
Шалқасынан түсті, етбетінен құлады, орысша айтуы, адамша сөйледі
дегендегі сөздер қалай? деген сұраққа жауап болып тұр (түсті қалай? -
шалқасынан, құлады қалай? - етбетінен, сөйледі қалай? - адамша). Бұлар
үстеу орнына жүретін зат есімдер.
Екі - екіден бөлді, үш - үштен алды, төрт - төрттен койды, он - оннан
санады, жиырмадан үлестірді дегендегі сөздер қалай? деген сұраққа жауап
болып тұр (бөлді қалай? - екі-екіден, алды қалай? - үш-үштен, койды қалай?
- төрт-төрттен, санады қалай? - он-оннан, үлестерді калай? - жиырмадан).
Бұлар үетеу орнына жүретін сан есімдер.
Олай айтпады, солай сөйледі, бұлайша етпелік, сеніңше болсын, біздерше
ойламапты дегенде ірі жазылған сөздер қалай? қалайша? деп сұрағанға жауап
болып тұр (айтпады қалай? - олай сөйледі қалай? - солай, етпелік қалайша? -
олайша, болсын қалайша? - сеніңше, ойламапты қалайша? - біздер ше). Бұлар
устеу орнына жүретін есімдіктер.
Саулап жанды, жантайып жатты, еңкейіп қарады, еңіреп жылады дегенде
ірі жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға жауап болып тұр (жанды қалай? -
саулап, жатты қалай? - жантайып, қарады қалай? - еңкейіп, жылады қалай? -
еңіреп). Бұлар үстеу орнына жүретін етістіктің көсемше түрлері.
3) Өлшеулік үстеу дейміз - сынның я істің шамасын көрсететін сөздерді.
Өлшеулік үстеу болатын зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік
сөздер. Бұлардың да үстеу екен-еместігін сұраудан айрамыз. Өлшеулік үстеу
сұраулары: қанша? неше есе? Осы сұрауларға жауап болмаған сөз өлшеулік
үстеу болмайды.
Түске шейін ұйықтады, кешке дейін жатты; ауылға шейін қуды дейміз.
Түске шейін, кешке дейін, ауылға шейін деген сөздер қанша? деп
сұрағанға жауап болады (ұйықтады қанша? түске шейін, жатты қанша? - кешке
дейін, қуды қанша? - ауылға шейін). Бұлар үстеу орнындағы зат есім сөздер.
Аз берді, көп алды дейміз. Аз, көп деген сөздер қанша? деп
сұрағанға жауап болады (берді қанша? - аз, алды қанша? көп) Бұлар үстеу
орнындағы сын есім сөздер.
Екі есе артық; бес есе кем дейміз. Екі есе, бес есе деген сөздер
неше есе? деп сұрағанға жауап болады (артық неше есе? - екі есе, Кем неше
есе? - бес есе). Бұлар үстеу орнындағы сан есім сөздер.
Сонша әдемі, мұнша кешікті, онша шапшаң емес дейміз. Сонша, мұнша,
онша деген сөздер қанша? деп сұрағанға жауап болады (қанша әдемі? - сонша
әдемі, кешікті қанша? - мұнша, шапшаң емес қанша? - онша). Бұлар үстеу
орнындағы есімдіктер.
Тойғанша жеді, қанғанша ішті, жеткенше шапты дейміз. Тойғанша,
қанғанша, жеткенше деген сөздер қанша? деп сұрағанға жауап болады (жеді
қанша? - тойғанша, ішті қанша? - қанғанша, шапты қанша? - жеткенше). Бұлар
үстеу орнындағы етістік сөздер.
4) Мезгілдік үстеу дейміз - істің мезгілін көрсететін сөздерді.
Мезгілдік үстеу болатын зат есім, есімдік, етістік сөздер. Бұлардың үстеу
екен-емесін сұраудан айырамыз. Мезгілдік үстеу сұраулары қашан? қашаннан?
Бұл сұрауларға жауап болмаған сөз мезгілдік үстеу болмайды.
Атам заманнан солай, күн сайын толады дейміз. Атам заманнан, күн
сайын деген сөздер қашаннан? қашан? деп сұрағанға жауап болады (қашаннан
солай? - атам заманнан, қашан толады - күн сайын). Бұлар үстеу орнындағы
зат есім сөздер. Мұнан басқа туынды Һәм түпкі үстеулср бар. Mәселен бүгін,
кеше, ертең, биыл, бүрсі күн (бұрнағы күн), бұрынғы жыл, алдыңғы күн,
соңыра, қашаннан (бұлар туынды үстеу), бұрын, мана, әлі, тағы, дәйім, береу
(бұлар түпкі мезгілдік үстеулер).
5) Мекендік үстеу дейміз - істің мекенін көрсететін сөздерді. Мекендік
үстеу болатын зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздер.
Бұлардың мекендік үстеу екен- емесін сұраудан айырамыз. Мекендік үстеу
сұраулары: қайда? қайдан? Бұл сұрауларға жауап болмаған сөздер мекендік
үстеу болмайды.
Тыста жатыр, қалаға барды, жайлаудан қайтты дейміз. Тыста, қалаға,
жайлаудан деrен сөздер қайда? қайдан? деп сұрағанға жауап болады (жатыр
қайда? - тыста, барды қайда? - қалаға, қайтты қайдан? жайлаудан). Бұлар
үстеу орнындағы зат есім сөздер.
Онда бармады, мұнда келді дейміз. Онда, мұнда деген сөздер қайда?
қайдан? деп сұрағанға жауап болады (бармады қайда? - онда, келді қайда? -
мұнда). Бұлар үстеу орнындағы есімдіктер. [3, 357-359 б]
Ал Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынұлы ұсынған "үстеу" терімсөзінің қолданысына
қарсы пікір білдіреді, бұл сөзді жұрнақ мағынасында қолдануды ұсынған:
"Сөйтіп қосымша екі түрлі болатын болды да, оның бір түрін жалғау, екінші
түрін үстеу деп атадық" деп жазады. [4, 237 б]
Профессор С.Аманжолов Үстеу дегеніміз – істің қимылын, белгісін,
мезгілін білдіретін сөз - деген түсінік береді. Ғалым оларды қызметіне
қарай екі топқа бөледі: етістікпен тіркесетін етістік үстеулер және
есімдермен тіркесетін есім үстеулер. С.Аманжолов етістік үстеулерге қолма-
қол, дәл, кеше, бүгін т.б үстеулерді жатқызса, ал есім үстеулерге орасан,
тым, тіпті т.б сөздерді жатқызады. [4, 194 б]
Үстеу туралы арнайы еңбек жазған-профессор А.Ысқақов. А.Ысқақовтың
Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер атты еңбегі бар. Бес тараудан тұратын
бұл еңбектің I тарауында үстеулердің зерттелуі мен оқытылуы, II тарауда
үстеулердің сөз табы ретіңдегі өзіне тән белгілері, сын есім мен үстеудің
ортасында жүретін аралық сөздер мен үстеу құрамындағы кейбір көнерген
қосымшалардың қолданылуы қарастырылған. III тарауда үстеудің мағыналық
топтарына тоқталса, IV тарауда үстеулердің морфологиялық белгілерін, туынды
үстеулердің жасалу жолдарын, үстеудің шырай формаларын, үстеу жасайтын
басқа да сөз таптарының қызметі туралы сөз етеді. V тарауда үстеулер
синтаксисі деп атап, оны үш салада қарастырады: 1) үстеулердің сөйлем
мүшесі қызметінде жұмсалуы, 2) үстеулердің басқа сөз таптарымен тіркесу
дәрежесі, 3) үстеулердің сөйлемдегі орны. Ғалым біріншіден, үстеулердің
сөйлемде пысықтауыш, анықтауыш, баяндауыш қызметте жұмсалатының дәлелдейді.
Екіншіден, үстеулердің басқа сөз табымен тіркесу қабілеті қандай деген
сұраққа олардың етістіктер, сын есімдер, есімдіктер және зат есімдермен
тіркесін айтады. Сондай-ақ үстеулердің мағыналық топтарының аталған сөз
таптарының қайсысымен тіркесе алатынына да тоқталды. А.Ысқақов үстеулердің
сөйлемдегі орны туралы былай дейді: үстеулер сөйлемде көбінесе пысықтауыш
пен анықтауыш қызметін атқарып, өзі қатысты болып тұрған сөздің алдында
тұрады. [5, 121 б]
Үстеулерді арнайы зерттеген ғалымдардың бірі – Е.Саурықов. Е.Саурықов
Адвербиалдану процесінің құрлымдық - семантикалық сипаты тақырыбында
кандидаттық диссертация жазды. Онда үстеу сөз табының лексика-семантикалық
сипаты, морфологиялық белгісі, синтаксистік қызметі сияқты белгілерің жалпы
түркі тілдерінің материалдары негізінде сипаттайды. Еңбекте үстеулердің
пайда болуы мен тарихи қалыптасу жолдарын диахрондық әдіспен зерттеу
нәтижесінде олардың тілдік жүйедегі орны, даму деңгейі көрсетіледі.
Үстеулер мәселесін арнайы қарастырған – Ә.Ыбрайым. Ол үстеулердің
тілдік қолданысқа байланысты ішінара морфологиялық өзгерістерге ұшырау
құбылысының грамматикалық ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Жалпы үстеу сөз
табының бойында болып жатқан әр түрлі лексика - семантикалық,
морфологиялық, синтаксистік қасиеттері туралы ғылыми түсінік береді. Ғалым
сондай - ақ үстеулердің барлық есім сөз таптарына тіркесе беретіндігін жан
- жақты дәлелдейді. [6, 363 б]
Тілдік құрылыстағы болып жатқан өзгерістер үстеулерге де әсерін
тигізбей қалған жоқ. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулердің сөйлемдегі
қызметіне қарай көптік, септік, тәуелдік жалғауларын қабылдап заттанып,
кейде жіктік жалғауын қабылдап, предикаттық қызмет атқаратынын кездестіруге
болады. Бұл айтылғандардан үстеулер өзінің үстеулік мағынасынан мүлде
алшақтап кетеді деген ұғым тумауға тиіс. Үстеулер өзінің семантикалық
мағынасын сақтайды, олар белгілі бір контексте ғана заттық немесе
предикаттық мағына береді.
Ғылымда үстеудің түрленуі туралы пікірлер әр түрлі. Мәселен, ғалым
Ә.Төлеуов үстеулердің көпшілігін түрленбейді деп, оның себебін былайша
түсіндіреді: Үстеулердің көбі түрленбейді, өйткені олар көне септік
формалар қосылуынан жасалған сөздер: бірге, босқа, текке, абайсыздан,
лажсыздан, түнде, қырынан, кенеттен т.б..
Соңғы уақыттардағы зерттеулерге қарағанда үстеулер барынша молынан
түрленетін сөз табын құрап отыр. Мәселен, ғалым Ә.ЬІбырайым: Морфологиялық
жағынан еш түрленбейді деп келінген үстеу сөздер қазіргі қазақ тілі мен
түркі тілдерінде коммуникативтік қызметі мен мағынасына қарай түрлі
формаларға ие болып қолданылып жүр. Мәселен, кейбір үстеулердің сөйлемдегі
қызметіне қарай көптік, тәуелдік, септік жалғауларын қабылдап заттанып,
жіктік жалғауын қабылдап предикаттық қызмет атқаруы көркем әдебиет пен
баспасөз беттеріндегі тілдік сөз қолданыстарда жиі кездесетін процесс болып
отыр - деп жазады.
Үстеудің пысықтауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеудің ең негізгі
синтаксистік қызметі - сөйлемде пысықтауыш болу. Сөйлемде үстеулер қашанда
өздерінің пысықтайтын сөздерінен бұрын тұрады. Үстеулердің ішінде орын
талғамайтындары да бар. Сондай орын талғамайтын үстеулердің бірі - мезгіл
үстеулері. Мезгіл үстеулері баяндауыштан басқа мүшелерді пысықтаса, онда
пысықтайтын мүшенің алдынан келеді. Ал баяндауышты пысықтаса одан алшақ
тұра береді.
Үстеу қимылдың, амал - әрекеттің әр алуан сын бейнесін, белгісін
білдіреді. Осымен байланысты мекен, мезгіл, сын - қимыл, мақсат, себеп
пысықтауыш бола береді. Үстеу мен үстеу, я үстеу мен зат есім тіркесіп
келіп күрделі пысықтауыш болады. Мысалы, Құр кимелеудің зардабын тартқан
жұрт енді еппен етіп жатыр. Таң қараңғысында еркек атаулы жұмысқа кетеді.
Жоғары - төмен үйрек - қаз ұшып тұрса сымпылдап. Алынған сөйлемдерде еппен
сын-қимыл пысықтауыш болып тұрса, таң қараңғысында мезгіл пысықтауыш болып,
жоғары - төмен мекен пысықтауыш ретінде жұмсалып тұр.
Үстеудің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер субстантивтеніп
бастауыш қызметінде жұмсала береді. Нөлдік тұлғада көптік жалғаулары арқылы
субстантивтеніп бастауыш болады. Кей жағдайда көмекші сөздермен тіркесіп
бастауыш қызметін атқарады. Еріншектің ертеңі бітпес. Бүгін деген қорқыныш
пен үміттің екіұдай аралығы.
баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер сөйлем соңында жіктеліп
баяндауыштың қызметін де атқарады. Мысалы, Киім формасы өзгешелеу екен
өзінің. Мен сенімен біргемін.
Үстеудің толықтауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер заттанып тура
толықтауыш та, жанама толықтауыш та бола алады. Тура толықтауыш қызметінде
жай септікпен бірге тәуелдеулі септік формасында да жұмсала береді. Жанама
толықтауыш болып барыс, шығыс және көмектес септіктерінде келе береді.
Мысалы, Соншаны көріп, біліп келіп, ішке тығып Үстеудің тастағандай едіңіз
(Бұл да).
Үстеудің анықтауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеу зат есіммен, сын есіммен
тіркесіп, анықтауышта болады. [7, 108-112 б]
Сөздерді топтастыру ұстанымдарына сай, лексика - семантикалық
сипатына, морфологиялық белгісіне, синтаксистік қызметіне қарай бөлінетін
сөз таптарының бірі – үстеу.
Үстеулер - қимылдың, іс - әрекеттің мекенің, мезгілін, жай - күйін,
мақсатын, сын - бейнесін, себебін білдіріп, грамматикалық жағынан
түрленбейтің сөздер. Кеше ғана шуақ өріп жамырап, тірлік біткен қалып еді
жадырап. Қарағым -ай, бұл өмір осылай өтеді екен, Сүймесен дүние бекер
екен. Берілген мысалдардағы кеше, осылай сөздері үстеу болып келеді. Осы
сөйлемдегі кеше сөзі қимылдың мезгілін білдіріп, қашан? деген сұраққа жауап
берсе, осылай сөзі қимылдың сын - бейнесін білдіріп, қалайша? деген сұраққа
жауап беріп тұр. Үстеулердің ішінде бірде үстеу, бірде септеулік шылау
болып қолданылатын сөздер бар. Ондай сөздерге мынадай сөздер жатады: бері,
кейін, соң, бұрын т.б. Бұл сөздер амал - әрекеттің мезгілін, мекенін т.б
белгілерін білдірсе ғана үстеу болады.
Үстеулерді көпшілік ғалымдар түрленбейтің сөз табы деп қарастырса,
кейбір ғалымдар оларды аз түрленетің сөз табы деп таниды.
Сөйлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалатын есімдер мен көсемше тұлғалы
етістіктер бар, бірақ олар үстеулер емес. Бұл туралы А.Ысқақов: ...
қимылдың белгілері пысықтауыш мүше ретінде қолданылатын басқа есім сөздер
мен етістік формалары (мысалы, көсемшелер) арқылы да білдіріледі. Бірақ
белгілі жағдайда ған пысықтауыш болып қызмет атқаратын ондай есім сөздер
мен етістік формалары өздерінің бастапқы қасиеттерін жоймайды. Осы себептен
пысықтауыш мүше болған сөздердің барлығы бірдей үстеу болуы шарт емес -
дейді.
Үстеу сөздер іс - әрекеттің, қимылдың мезгілін, мекенін, сын -
бейнесін білдіретіндіктен негізінен есімдіктермен тіркеседі. Бірақ үстеу
сөздердің есім сөздермен тіркесі де тілімізде жиі кездесетін құбылыс деуге
болады.
Осы айтылғандар негізінде үстеулерді сөздерді топтастыру
ұстанымдарына сай, лексика - семантикалық сипаты, морфологиялық
ерекшеліктері, синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке дербес сөз табы
деп тануға болады. Сол себепті үстеулерді мынадай үш блокқа бөліп беруге
болады:
1. Үстеудің лексика - грамматикалық топтары;
2. Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері;
3. Үстеудің синтаксистік қызметі. [6, 362 б]

2Үстеулердің лексика - грамматикалық топтары

Үстеудің сөз табы ретіндегі бір белгісі - оның лексика - семантикалық
сипаты. Үстеу амал - әрекеттің әр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік,
сындық, ceбeптік, мақсаттық сипаттарын білдіреді. Осымен байланысты, олар
мынадай мағыналық топтарға бөлінеді: 1.Мезгіл устеулері. 2.Мекен үстеулері.
3.Мөлшер үстеулері. 4.Сын - қимыл (бейне) үстеулері. 5.Күшейткіш үстеулер.
6.Мақсат үстеулері. 7.Себеп - салдар үстеулері. 8.Топтау үстеулері.
1. Мезгіл үстеулері амалдың, іс - әрекеттің жүзеге асу мезгілін,
уақытын білдіріп қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл
үстеулері аса көп. Мезгіл үстеулерге мына сөздер жатады: бүгін, ертең,
қазір, биыл, енді, таңертең, кешке, күндіз, кеш, қытай, жаздай, қыстыгүнi,
жаздыгүні, әзірше, жаңа, кеше, бұрын, ерте т.б.
- Бүгін шелпек нан пісіртіп, ағаңа тие берсін қылдыртып едім. Ділдә
кетуге ыңғайланып тұрып: - Ертең біздікіне келесіз бе? деді (Бұл да). Бұрын
ішіп көрмеген нәрсесі болса да, бай тартына алмады, ішпесе қонағының
көңіліне келетін секілденді (Бұл да). Мезгіл үстеулер құрамы жағынан
негізгі, туынды түбір және күрделі түбір болып бөлінеді. Негізгі үстеулерге
бұрын, ерте, қазір, кеш, кеше сияқты морфемаларға бөлшектеуге келмейтін
сөздер жатады.
Ал туынды үстеулер басқа сөз таптарынан сөзжасамдық жұрнақтар жалғану
арқылы жасалады:
1. -ша (- ше) жұрнақтары арқылы: бүгінше, әзірше, биылша.
2. Көлемдік септіктердің көнеленуі арқылы жасалған мезгіл үстеулер:
жазда, қыста, күнде, түнде, бағанадан, бүгіннен, әуелден, таңертеңнен,
ертемен т.б.
З. Күрделі үстеулерге бүгін (бұл күн), биыл (бұл жыл), әуел баста,
бүгін - ертең, бұрын - соңды, ала жаздай, таң сәріде, жаз бойы сияқты
бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалған сөздер жатады.
2. Мекен үстеулері қимыл - әрекеттің орнын, мекенін білдіріп, қайда?
қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері мыналар: алға,
артқа, артта, жоғары, төмен, әрі, бері, кер і, ілгері, әрмен, тысқары,
осында, мұнда, әрі - бері, жол - жөнекей, жолшыбай т.б.
Мекен үстеулер де құрамына қарай негізгі, туынды, күрделі түбір
үстеулер болып бөлінеді.
Негізгі мекен үстеулеріне жоғары, төмен, әрі, бері сияқты морфемаларға
бөлшектенбейін сөздер жатады
Tyыды мекен үстеулер сөз тудыратын жұрнақтар мен көлемдік септіктердің
көнеленуі арқылы жасалады.
Туынды мекен үстеулерінің жасалу жолдары:
1) -қары (-кері), -ғары (-гері) жұрнақтары арқылы: ілгері, ішкері,
тысқары, сыртқары т.б.
2) Көлемдік (барыс, жатыс) септіктердің көнеленуі арқылы жасалған
мекен үстеулері: алға, артқа, артта, жоғарыда, мұнда, төменде т.б.
Күрделі түбір мекен үстеулері негізінен сөздердің қосарлануы арқылы
жасалады. Мәселен, жол - жөнекей, әрі - бері т.б.
3. Мөлшер үстеулері амалдың, қимылдың мөлшерін, көлемін білдіріп,
қанша? қаншама? қаншалықты? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер
үстеулерге мына сөздер жатады: онша, сонша, оншалық, соншалық, мұншама,
едәуір, анағұрлым т.б.
Тоқты желініп, үйдің жатқанына едәуір уақыт болған.
Мөлшер үстеулердің барлығына жуығы туынды үстеулер, мөлшер үстеулері
негізгі түбір бола алмайды.
Мөлшер үстеулер құрамына қарай туынды және күрделі болып бөлінеді.
Мөлшер үстеулері -ша (-ше); -шама (-шалық; -дайлық) жұрнақтары арқылы
жасалады. Мысалы, онша, мұнша, мұншама, соншама, осыншама, мұншалық,
соншалық, осыншалық, мұндайлық, ондайлық, сондайлық т.б.
Күрделі түбір мөлшер үстеулері сөздердің бірігуі, қосарлануы арқылы
жасалады: Мысалы, анағұрлым, недәуір, неғұрлым, бірталай, бірен - саран,
азды - көпті т.б.
4. Сын - қимыл үстеулері қимылдың сан алуан бейнесін, орындалу амалын
білдіріп, қалай? қалайша? деген сұрақтарға жауап береді. Сын - қимыл
үстеулеріне мына сөздер жатады: бірден, тез, жылдам, бірте - бірте, лезде,
әрең, үнемі, қолма - қол, менше, құсша, емін - еркін, ақырын, шалқасынан,
оқыс, дереу, зорға, қапыда өзінше, ерекше, ретімен, жүрісінен, жасырын,
бірден, бір жала, шала - пұла, бетпе - бет, жападан - жалғыз т.б.
Құрамынa қарай негізгі түбір, туынды түбір, күрделі түбір қимыл - сын
үстеулері болып бөлінеді.
Негізгі түбір үстеулерге тез, әзер, дереу, оқыс, үнемі сияқты
морфемдік жағынан бөлшектенбейтін сөздер жатады.
Туынды түбір сын - қимыл үстеулерінің жасалу жолдары мынадай:
1) -ша (-ше) жұрнақтары арқылы: қазақша, орысша, ауызша, жазбаша,
қысқаша т.б.
2) -шаң (-шең) жұрнақтары арқылы: көйлекшең, етікшең т.б.
З) -лай (-лей), дай (-дей) арқылы: жартылай, шикілей, тікелей, осылай
т.б.
Күрделі түбір сын - қимыл үстеулері сөздердің бірігуі, қосарлануы арқылы
жасалады.
1) Сөздердің бірігуі арқылы жасалған сын - қимыл үстеулері: ауызекі,
бір жола.
2) Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған сын - қимыл үстеулері: қолма -
қол, бетпе - бет, бостан - босқа, жападан - жалғыз т.б.
5. Күшейткіш үстеулер заттың сындық белгісін, қимыл іс - әрекеттің
сапасын, мөлшерін, көлемін күшейтіп я болмаса солғындатып көрсету үшін
қолданылады. Күшейткіш үстеулер қашан? қандай? деген сұрақтарға жауап
береді. Күшейткіш үстеулерге ылғи, кілең, тіпті, нақ, нағыз, нық, әбден,
мүлде, дәл, орасан т.б. сөздер жатады. [8, 170-171 б]
6. Мақсат үстеулері қимылдың мақсатын білдіреді. Мақсат үстеулерге
жататын сөздер сан жағынан көп емес.
7. Себеп - салдар үстеулері қимылдың себебін, нәтижесін білдіреді.
Себеп - салдар үстеулері не себепті? неге? деген сұрақтарға жауап береді.
Себеп - салдар үстеулері құрамы жағынан туынды түбір болып келеді. Олар
көлемдік септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалады. Мысалы, бекерге,
босқа, текке, амалсыздан, шарасыздан т.б.
8. Toптay үстеулері қимылдың жасалуының топтық сипатын білдіреді.
Топтау үстеулері нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді.
Топтау үстеулеріне жататын сөздер төмендегідей: біреулеп, екеулеп, көптеп,
қос - қостап, топ - тобымен т.б.
Топтау үстеулері морфологиялық құрамына қарай туынды түбір және
курделі туынды тубір болып келеді.
Топтау үстеулерінің жасалу жолдары мына төмендегідей:
1) -лап (-леп), -дап (-деп), -тап (-теп) жұрнақтары арқылы жасалады:
екеулеп, көптеп, аздап, қостап т.б.
2) Қосарлану арқылы жасалады: он - оннан, топ - тобымен, бір - бірлеп,
қос - қостап т.б. [6, 366-367 б]
Сонымен дәстүрлі грамматикалық бөлініс бойынша морфологиялық құрылымы
жағынан екі топқа бөлінеді: 1) негізгі үстеулер; 2) туынды үстеулер.
Негізгі үстеулер қазіргі кезде құрамы жағынан бөлшектеуге келмейтін,
тек белгілі бір тұлғада қалыптасқан сөздер. Мысалы: әрен, әзер, әдейі,
жорта, қасақана, нағыз, мейлінше т.б.
Туынды үстеулер әр түрлі сөз тудырушы тәсілдер негізінен екіншілік мағына
иеленген үстеулер. Сонымен қатар үстеу синтетикалық және аналитикалық тәсіл
арқылы жасалады. [2, 262 б]

2.1 Үстеудің морфологиялық белгілері, түрлері және жасалу жолдары

Үстеу сөздерді морфологиялық құрылысы мен құрамы жағынан екі топқа
бөлуге болады: 1) негізгі үстеулер 2) туынды үстеулер.
Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге
келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз.
Негізгі үстеулерге мынадай сөздер жатады: әрең, азар (әзер), әдейі,
жорта, қасақана, ұдайы, үнемі, дереу, шапшан, бағана, қазір, енді, ілгері,
жоғарғы, төмен, әрі, бері, кері, әрмен, бермен. ерте, кеш, нақ, дәл, нағыз,
сәл, тек, мейлінше, (лық (а), қақ, дәйім, Һаман, әншейін, тым, тіпті, өте,
аса, ең, әбден, мүлде (м), төтенше, ерекше, орасан. т.б.
Қазіргі кезде мүшелеуге келмейтіндіктен ғана, шартты түрде негізгі
үстеулер деп атап отырған сөздердің өздерін де іштей екі топқа бөлуге
болады. Олардың бір тобына әстілі, әуелі, қазір, дәйім, Һаман, мүлде,
орасан, ересен, (ере), кілең сияқты түбір сөздер жатады. Екінші тобына
жататын үстеулерді ғылыми жолмен салыстыру арқылы мүшелеп, олардың басқа
сөздерден шыққандығын дәлелдеуге әбден болады. Мысалы, ішкері, сыртқары,
ұшқары, тысқары деген үстеулер іш, сырт, ұш, тыс деген түбірлерден және
-қары, -кері деген қосымшалардан құралған. Әрмен, бермен үстеулерінің әрі,
бері сөздерінен және тамам (әрі таман - әрмен, арман; бері таман, бермен)
шылауынан (соңғы шылаудын өзі де басында мағыналы сөз болған) ықшамдала
бірігуінен пайда болған. Ал, төтенше, керегінше, керісінше, мейлінше сияқты
үстеулердін төркіні төте, керек, кері, мейлі дегендер болған.
Сонымен, негізгі үстеулердің көпшілігі тарихи жағынан ерте кездерде әр
түрлі формаларда көнеленіп қалыптасқан туынды сөздер болған. Негізгі
үстеулердін мынадай үш түрлі ерекшеліктері бар:
1. Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады. Демек,
оларға -рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтары жалғанады, алдынан (бұрын) шырай
туғызатын өте, аса, тіпті, мейлінше, қабағат сияқты күшейткіш үстеулер
қолданылады. Мысалы:
бұрын бұрынырақ бұрындау тым бұрын
кейін кейінірек кейіндеу өте кейін
ілгері ілгерірек ілгерілеу аса ілгері
әрі әрірек әрілеу тым әрі
әрмен әрменірек әрмендеу тіпті әрмен
былай былайырақ былайлау тым былай
2. Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып та, плеонизм жолымен
қабаттаса да қолданылады. Мысалы: құр босқа, жай босқа, текке босқа, бос
бекерге, құр бекер, бекерден - бекер, бастан - босқа, тектен - тек, бостан
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үстеу
Сөйлемнің пысықтауыш қызметі мүшесі - үстеу сөз табының негізгі синтаксистік қызметі
Үстеудің қалыптасу тарихы, үстеу түрлері
Қазіргі мезгіл үстеулер
Мөлшер үстеулері
Үстеу жайында
ҮСТЕУЛЕРДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Үстеулердің үстеулер тіркесі
Түркі жазба ескерткіштері тіліндегі үстеу сөздердің даму ерекшеліктері
Үстеу. Еліктеу сөздер
Пәндер