Қарым - қатынастың ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1 Психологиядағы қарым-қатынас категориясы 4
1.1 Қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы 4
1.2 Қарым-қатынастың ерекшеліктері 10
1.3 Қарым-қатынастың мән-жайын зерттеу кезеңдері және
тәсілдері 14
2 Қарым-қатынас құрылымы 16
2.1 Қарым-қатынас жасау - ақпарат алмасу әрекеті 16
2.2 Қарым-қатынас, өзара әрекет ету және адамдардың бір-бірін
қабылдауы 17
2.3 Ұжымдағы жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың
ерекшелігі 19
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 26

Кіріспе

Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы
түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы
адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен
белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады.
Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу
мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас
еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға
ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола
алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның
онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта
өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-
қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады.
Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл онтогенезде пайда
болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады.
Қарым-қатынас деп аталатын процесс - аса кең және сиымды түсінік. Бұл
саналы және саналанбаған вербалды байланыс, ақпарат алу мен беру, оның өзі
барлық жерде және үнемі байқалып отырылады. Әлемнің кең алқабында
коммуникация алып аспан денелерін бір-бірімен байланыстырады деген жорамал
бар және Лермонтовтың жұлдыз жұлдызбен тілдеседі деген метафорасы
осылайша жаңа күтпеген мағынаға ие болады.
Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар.
Педагогикалық қарым-қатынас адамдар карым-қатынасының жекеше түрі. Оған осы
өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән
қасиеттері де лайық. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынасты анықтамас
бұрын, алдымен қарым-қатынасты жалпы феномен ретінде сипаттаушыларды қарап
шығайық.
Зерттеу өзектігі: қарым-қатынастың жеке тұлға өміріндегі орны
тақырыбының маңыздылығы және күрделілігі.
Зерттеу пәні: қарым-қатынас құрылымы.
Зерттеу объектісі: қарым-қатынас.
Зерттеудің мақсаты: қарым-қатынас құрылымы аспектісін толық жүйелі
түрде анықтап тақырыптың шымылдығын ашу. Қарым-қатынас құрылымын жалпы
түрде қарастыру болып табылады.
Зерттеудің міндеттері: тақырыпты ашу барысында өзіме келесі міндеттерді
қойдым:
- зерттеу объектісінің анықтамасына тоқталып өтіп тақырыпты ашу;
- қарым-қатынастың жеке тұлға өміріндегі орнын қарастыру арқылы
тақырыпты ашу.

1 Психологиядағы қарым-қатынас категориясы

1.1 Қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы

Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен,
адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл адаммен
қызмет немесе оқу орнындағы, сондай-ақ, өмір сүретін ортасындағы адамдардың
топтары да болуы мүмкін. Ал ұстаздар мен мектеп оқушылары белгілі бір
мерзім ішінде мақсат мүдделері топтасқан ұжым құрып, ресми топқа айналады.
Бұл топтағы шәкірттер мен жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік-психологиялық
жағдайда мақсатты түрде істес, пікірлес болып, қарым-қатынасқа түседі.
Сондықтан, оның өмір тіршілігіндегі әрбір қимыл әрекеті, ісі қоғамдық
өмірдің көрінісі болып табылады. Бұл адамның қызмет немесе оқу орнындағы,
сондай-ақ, өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары болуы да мүмкін. Ал
ұстаздар мен мектеп оқушылары белгілі бір мерзім ішінде мақсат мүдделері
топтасқан ұжым құрып, ресми топқа алынады. Бұл топтағы шәкірттер мен
жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік-психологиялық мақсатты түрде істес,
пікірлес болып, қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан оның өмір тіршілігіндегі
әрбір қимыл-әрекеті, ісі – қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады.
Дегенмен, олар белгілі бір ерекшеліктеріне орай осы топтық қатынаста
тұрады. Шартты топқа, мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар жатады деп
есептеліп, сол жастағы бірнеше бала іріктеліп алынып зерттеледі. Мұндай
зерттеу әлеуметтік психологиялық обьектіге жатады.
Шартты және байланысты топтар - әлеуметтік-психологиялық топтың екі
түрі. Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты
қасиетіне орай ажыратады. Бұл топтарға адамдардың, мәселен, жас
ерекшеліктеріне, жынысына, ұлттық белгісіне не мамандығына т.б. сәйкес
бөлінуі мүмкін. Дегенмен, олар белгілі бір ерекшеліктеріне қарай осы топтық
қатынаста тұрады. Байланысты топ - белгілі кеңістік пен мерзім арасында
мақсат-мүдделерінің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы. Мәселен, бір
сыныптағы оқушылар, мектептегі ұстаздар мен тәрбиешілер ұжымы, жұмысшылар
бригадасы, әскери бөлімдер, отбасының құрамы - мұның бәрі байланысты топтар
деп аталады [1, 53].
Ұжымдық топ. Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі – ұжым, ұжымның
міндеті – адамдардың ұйымдасқан тобы. Ұжымның түпкі мақсаты – адамдардың
игілікті мұрат-мүдделеріне сәйкес істерді атқарып, қоғамның дамуына өз
үлесін қосу. Ғылыми тұрғыдан алғанда, әрбір жеке адам өз қауымдастығында
ерікті болғанда ғана пайдалы істермен шұғылдана алады. Сөйтіп, қоғамға өз
пайдасын тигізеді. Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынас түрлері.
Психология пәні адамдар арасындағы жаңама қатынастардың түрлі өзгерістерге
ұшырайтынын ерекше атап көрсетіп, оларды мынадай деңгейлерде қалыптасып
отыратындығына мән береді:
A) дифорузиялық топ - бұл аралас топ деп те аталады,
мұндай топтағы адамдардын, өзара қарым-қатынасы топтың негізгі іс-әрекетіне
байланыссыз-ақ жүзеге асады;
Б) ассоциация - бұл күрделі топ, топтың іс-әрекеті әрбір адамның
мүддесіне сай келетін болғандықтан, топтар ішіндегі карым-қатынас жандана
бермек;
B) корпорация, мұнда жеке мүдделерге сәйкес қатынас ассоциациялық
негізінде дами бермек;
Г) ұжым - топтың ең жоғарғы деңгейде ұйымдаскан формасы, мұнда топ
ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып,
әрбір адамның қоғамдық мақсат мүддесімен ұштасып жатады.
Қарым-қатынас — бұл бірыңғай іс-әрекеттің қажеттіліктерінен туындайтын
адамдар арасындағы байланыстың дамуының жан-жақты үрдісі.
Қарым-қатынас оның қатынасушыларының арасында ақпарат алмасуды қамтиды,
ол қарым-қатынастың коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Қарым-
қатынастың екінші жағы — қатынасушылардың өзара әрекеті, сөйлеу үрдісінде
тек сөздермен емес, сонымен қатар әрекеттермен, қылықтармен алмасады. Ең
соңында, қарым-қатынастың үшінші жағы — қарым-қатынас жасаушылардың бір-
бірін қабылдауын карастырады. Қарым-қатынас және іс-әрекет бірі мен бірі
байланысты. Бірлескен қызметінде адам басқа адамдармен қажеттілігіне қарай
бірігеді, қарым-қатынас жасайды, жақындасады, өзара түсінісуге қолы жетеді,
акпарат алады және т.б. Шын мәнінде, қарым-қатынас үрдісінде қатысы
болмайтын адамға тән психикалық құбылыстарды табу қиын. Қарым-қатынас, іс-
әрекетпен бөлінбес байланыста, жеке тұлға адамзаттың жасақтаған нәтижесін
меңгереді[2, 45].
Қарым-катынас — адамдардың бір-бірімен байланысы, оның барысында
психикалық байланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, өзара әсер ету, өзара
көңіл білдіру, өзара түсінісу түрінде аңғарылады.
Соңғы жылдары ғылымда "қатынас" ұғымымен қатар "коммуникация" деген
ұғым колданылады. Коммуникация көлемі жағынан кең мағынада қолданылады.
Қарым-қатынас — адамдар арасында ақпарат алмасу. Адам өзінің іс-әрекетінде
және күнделікті тұрмысында басқа адамдармен әруақытта да қарым-қатынаста
болады. Бұл қарым-қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске
асады.
Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады
және өзі басқа адамдардың ойларын түсіне алады, олардың сезімдері мен
ұмтыластары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-
қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады.
Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқьггу үрдісі жатады,білімді
беру және алу негізінен тіддің көмегімен іске асады.
Сонымен, сөйлеу — бұл тілдін көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынас
үрдісі.
"Сөйлеу" және "тіл" ұғымдары кей жағдайда бір мағынада колданылады.
Бірақ бұл ұғымдардың мағыналарын шатастыру дұрыс болмас. Сөйлеу мен тіл бір-
бірімен тығыз байланысты, бірақ бұл екеуі бір ұғым емес.
Сөз, сөйлеу, елдің алдына шығып сөйлеу, сөйлеушінің тыңдаушыға әсер ету
өнері, екі ғасырдан астам байырғы тарихқа ие екені белгілі. Осы проблеманың
көптеген маңызды сұрақтарын, жалпы түрде, тіпті Цицеронның өзі қойып,
қарастырған. Дәл осы Цицерон сөйлеушінің негізгі коммуникативтік
міндеттерін (оларды қазір солай атайды) анықтайды: не айту керек, қай
жерде айту керек және қалай айту керек. Осы міндеттердің әрқайсысын
қарастыра отырып, Цицерон сөйлеудің орындылығы сияқты сапасын атайды,
себебі небір лауазым, небір шен, небір абырой, небір жас, небір орынды
тіпті санамағанда, уақыт пен жұртшылық барлық жағдайлар үшін бір ғана ойлар
мен лебіздер түрін ұстануға жол береді [3, 10 б.].
Біздің заманымызда бұл қарым-қатынастың негізгі ережелерінің бірі -
сөйлеудің формасы мен мазмұнының нақты аудитория ерекшелігіне тәуелділік
ережесі. Шешеннің үш міндетті - не, қайда және қалай сөйлеуді сақтауының
негізінде, Цицерон шешендер түрлерін анықтаған, кімнің сөзі орынды болса,
сол шырқау шегіне жеткен шешен болған.
Сонымен бірге, қарым-қатынас - XX жүз жылдықтың проблемасы. Өйткені,
егер Көне Греция мен Көне Римде шешендік өнер риторика, эвристика және
диалектика шеңберінде зерттелінсе, ал біздің уақытымызда тілдік қарым-
қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынас, бірқатар басқа ғылымдар
көзқарасы тұрғысынан зерттеледі: философия, әлеуметтану, социолингвистика,
психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика және
педагогикалық психология, олардың әрқайсысы осы жалпы кешендік проблеманың
қандай да бір қырын қарастырады [3, 13 б.].
Тілдік қарым-қатынас бүкіл дүние жүзінде кеңінен зерттелінеді. АҚШ-тың
өзінде ғана осы проблемамен ондаған мың ғылыми қызметкерлер айналысатынын
айту жеткілікті. Қарым-қатынасты зерттейтін арнайы орталықтар құрылған
(мысалы, Карнеги орталығы). Соның өзінде, осы уақытқа дейін қарым-қатынас
түсінігінің өзін, оның салаларын, механизмдерін түсіндіруде бірлік жоқ.
Әрине, зерттеушілердің түрліше, түрлі көзқарас бойынша осы процеске
түсініктеме беруі, оның түрлі моделін жасаулары, оны зерттеуде
коммуникативтік-ақпараттық, интерактивтік, іс-әрекеттік, т.б. түрлі
келістерді ұсынулары орынды. Қарым-катынас іс-әрекеттік келісі тұрғысынан
бұл - бірлескен іс-әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын және ақпарат
алмасуды, өзара әрекеттің, басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ
стратегиясын өндіруді қамтитын, адамдар арасында байланыс орнату мен оны
дамытудың күрделі, көп жақты процесі. Қарым-қатынастың мұндай түсіндірмесі
келесі әдіснамалық жағдайларға сүйенеді.
Біріншіден, ол қоғамдық, тауар-ақша және тұлғааралық қатынастардың
ажырамастығын мойындаудан туындайды да, олардың құралдары немесе өзара
әрекеттесу құралы ретінде ... тіл және ақша болады [4, 92 б.]. Бұл - бір
жағынан, қарым-қатынастың өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып
кеткендігін білдірсе, екінші жағынан, осы қатынастардың сипаты мен
мазмұнының қарым-қатынастың өзінен көрініс табуын білдіреді. Бұл жерде, осы
вербалды қарым-қатынастың күрделілігі мен кемеліне жеткендігі оны келесі
форма түрінде қарастыруға мүмкіндік береді, мұнда қарым-қатынас процесінің
жалпы заңдылықтары зерттеуге неғұрлым жеңіл, неғұрлым жалаң және неғұрлым
оған тән түрінде беріледі [5, 15 б.].
Екіншіден, бұл процесті осылайша түсіну қарым-қатынас пен іс-әрекет
бірлігіне негізделеді, ол қарым-қатынастың кез-келген формалары бұл
адамдардың бірлескен іс-әрекетінің ерекше формалары деп ұйғарады [5, 93
б.]. Берілген жағдай педагогикалық процесс үшін ерекше болып табылатын
қарым-қатынасты субьектілердің бірлескен оқу іс-әрекетінің формасы ретінде
санауға мүмкіндік береді.
Іс-әрекет пен қарым-қатынас бірлігі жайлы пікір, сонымен бірге, осы
құбылыстар байланысының сипатын түсіндірулерінің біржақтылығын ұйғармайды.
Олар адамның әлеуметтік болмысы жағынан (Б.Ф. Ломов), қарым-қатынас іс-
әрекет түрі сияқты тек (род) - түр (вид) қатынасында болатын құбылыс
ретінде қарастырылуы мүмкін (яғни, Г.П. Щедровицкий, А.А. Леонтьев, В.В.
Рыжов, Г.В. Гусев және т.б.). Соңғы жағдайда ол қандай іс-әрекет, даралық
па әлде ұжымдық па деген сұрақ туындайды. Біз іс-әрекеттің екі формасы да
мүмкін дегенді негізге аламыз, бірақ қарым-қатынастың өзі іс-әрекет емес,
ол қоғамдық-еңбектік катынаста әр түрлі іс-әрекетпен айналысатын адамдардың
өзара әрекеттесу формалары болып табылады. Мұндай түсіндірме Б.Ф. Ломовтың
жалпы позициясымен сәйкес келеді, бұл позиция бойынша қарым-қатынас - бір-
бірімен қатарлас (симметриялы) дамушы іс-әрекеттердің бірінің үстіне бірі
қосылуы, жапсырылуы емес, ол оған серіктестер ретінде қатысушы
субьектілердің өзара әрекеті [12, 52 б.]. Алайда, түсіндірмелердегі
айырмашылық мынада: Б.Ф. Ломов үшін қарым-қатынастың өзі өзара әрекеттесу
болса, оқулықта келтірілген анықтама бойынша қарым-қатынас оның формасы
болып табылады.
Өзара әрекеттесу формасы, адамның қоршаған ортамен, басқа адамдармен
өзара әрекеттесуінің үш жоспарының бірі ретіндегі адамдар іс-әрекетінің
қоғамдық коммуникативтік аясында пайдаланатын құалдарына тәуелді.
Адамзаттың іс-әрекетінің аясы, ең алдымен, адамның өмірлік іс-әрекетінің
мақсаттарының бағыттылығының өзгеруіне байланысты жіктелінеді. Мысалы, өзі
өзі үшін, өзінен тыс нәрсені басқалар үшін және өзі үшін жасау, жарату
сияқты адамның іс-әрекетінің негізгі мақсаттарының ішінде мақсаттардың үш
тобы бөлінуі мүмкін: материалдық және рухани мәдениет өнімдерін жарату;
білімдерді қабылдау, жинақтау, меңгеру және ой алмасу, мақсаттардың алғашқы
екі тобын қарым-қатынастағы рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін
жүзеге асыру. Осыған сәйкес, шартты түрде іс-әрекеттің өзара байланысты
және өзара шартталған үш саласын реттеуге болады: қоғамдык-өндірістік
(еңбек), танымдық (танып білу) және қоғамдық-коммуникативтік (қарым-
катынас). Іс-әрекеттің осындай формаларын Б.Г. Ананьев оған субъект
құрылымы тұрғысынан келу негізінде бөлгені маңызды. Бұл келіс бойынша,
адамда еңбек, таным мен қарым-қатынас субъектілері қасиеттерінің үйлесуі
адамның жалпы іс-әрекет субьектісі және тұлға ретінде ұйымдасуын анықтайды.
Іс-әрекеттікпен қатар басқа да келістер бар. Мысалы, вербалды қарым-
қатынасқа деген келістердің бірі байланыс теориясы мен ақпараттар
теориясымен ара қатынаста және өз көрінісін Ч. Осгуд, Дж. Миллер, Д.
Бродбенттің жалпы психология бойынша еңбектерінен, Г.Гебнердің, Д. Берлоның
және т.б. коммуникация бойынша жұмыстарынан табады. Бұл келіс Г.
Лассвелдің, қарым-қатынасты зерттеу міндеттерін кім, нені, қай арна
бойынша, кімге, қандай әсермен берді формуласымен анықтаған еңбектеріне
дейін өрлей отырып, негізінен, ақпарат алудың (қабылдаудың) психологиялық
ерекшеліктерін, коммуникатор мен аудиторияның сипаттамаларын, қарым-қатынас
шарттарын, құралдарын және т.б. зерттеуге бағытталған. Коммуникация
модельдерінде оларды зерттеу компоненттері (жалпы түрде: бастау - хабар -
арна - алушы) мен аймақтары қарастырылады (коммуникатор мен аудитория
ерекшеліктері, жағдайлары, ситуациялар, құралдары және т.б., қарым-
қатынастың тілдік құрылымы, ұйымдасуы және стилі, оның мәндік және
семантикалық мазмұны т.т.). эксперименталды зерттеулерден алынған
қорытындылар негізінде аудитория реакцияларының әсерлері мен формаларына
қатысты, яғни кері байланыс әсеріне, аудиторияның өзінің сипатына және де
коммуникацияның реципиенттерінің әлеуметтік ұстанымдар жүйесіне, мысалы
олардың конвергенциясына әсер ету аймағына қатысты. Ақпарат, жүйе,
кері байланыс түсініктері осы келісте орталық түсініктер болып табылады.
Жүйелік-коммуникативтік-ақпараттық келіс, ақпараттарды байланыс
арналарымен беру жағдайында психикалық процестер барысының өзгешелігін
есепке алу негізінде коммуникация тиімділігінің критерийлерін, жағдайларын
және тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жерде жүйе ретінде өзара
әрекеттесуші субъектілер түсінігі нақтыланады. Ю.А. Шерковиннің
көрсетуінше, жүйелерді коммуникациялық тізбекке біріктіру кезінің өзінде ол
олардың күйлерінің тәуелділігін білдіреді. Бұл жағдайда функционалды
келісімделген жүйелер - коммуникатор психикасы мен реципиент психикасы
(немесе реципиенттердің) өзара әрекеттеседі. Коммуникация арқасында
осындай жүйелер бірдей күйде болып және әрекеттене алады - эмоционалдық
қозу немесе салмақты байыптылық, мазасыз сенімсіздік немесе біліміне
сенімділік күйлері. Олар бағыттылығы мен қарқындылығы бойынша ұқсас
ұстанымға ие болуға, ойлау материалы ретінде ұқсас таптаурындарды
пайдалануға қабілетті [7, 26 б.]. Осы жағдай педагогикалық қарым-қатынасты
сипаттау үшін едәуір маңызды.
Коммуникацияның екі жағы ретінде, оның субъектілерінің
интерпсихологиялық өзара әрекеттесулерінің ішінде тілдік хабарды қабылдау
мен өндірудің осы жүйелердің әрқайсысының ішінде, күрделі
интрапсихологиялық өзара әрекеттесу болады. Коммуникативтік келіс, бүгінгі
күнгі педагогика қолданатын педагогикалық өзара әрекеттесу схемасын, оған
енетін буындардың бүкіл алуан түрлілігімен (бастау, ситуация, байланыс
арнасы, кері байланыс, т.б.) көрнекті көрсетуге мүмкіндік береді. Бірақ
берілген келіс бойынша осы өзара әрекеттесудің ішкі табиғатын, оның
объектілерінің екі жақты белсенділік сипатын және т.б. ашпайды. Осы
табиғатты ашу үшін сөйлеуші мен тыңдаушы байлансы сын орнататын ғана емес,
сонымен бірге оның психологиялық механизмдерінде анықтай алатын келіс
қажет.
Қарым-қатынас мәнін анықтау үшін, соңғы он жылдарда дамытылған, оның
функционалдық және деңгейлік ұйымдасуы жайлы ұсынулар маңызды болып шықты
(Б.Д. Парыгин, Г.М. Андреева, А.А. Бодалев, А.А. Брудный, А.А. Леонтьев,
Б.Ф. Ломов, Л.А. Карпенко, В.Н. Панферов, Е.Ф. Тарасов, Я. Яноушек және
т.б.). мысалға, қарым-қатынасты мазмұны бірлескен іс-әрекет үшін қолайлы
түрлі қатынастар көмегімен ақпарат алмасу мен өзара түсіну болып келетін
адамдардың өзара әрекеттесуі ретінде анықтай отырып, В.Н. Панферов қарым-
қатынастың төрт сәтін бөлген: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара қатынас
және осыған сәйкес қарым-қатынасты зерттеуде төрт келісті ұйғарады:
коммуникативтік, ақпараттық, гностикалық (танымдық) және реттеуші. Б.Ф.
Ломов қарым-қатынастың үш жағын (функцияларын) сипаттайды: ақпараттық-
коммуникативтік, реттеуші-коммуникативтік және аффективтік-коммуникативтік
және де өзіндік коммуникативтік компоненттің хабарды алу мен беру ретінде,
мінез-құлықты реттеу мен қабылдаудың, бастан кешірулердің болуы ретінде,
яғни аффективті компонент ретінде міндеттілігін атап көрсетеді.
Қарым-қатынас субъектілері өзіндік функционалды жүктемені алып жүреді
және бұрыннан бері қарым-қатынастың түрлі функцияларын жүзеге асырушылар
ретінде қарастырылады.
Мысалға, А.А. Брудный бойынша, коммуникацияда (қарым-қатынаста) үш
бастапқы функциялар: активациялық - әрекетке түрткілеу; интердиктивті -
тыйым салу, тежеу (болады-болмайды); дестабилизациялаушы - қоқан-лоққы,
қорлау, т.б. және де қарым қатынастың төрт негізгі функциялары бөлінуі
мүмкін: инструменталды - іс-әрекеті қарым-қатынас жолымен үйлестіру;
синдикативті - қауымдастықты, топты жасау; трансляциялық. Соңғысы
педагогикалық қарым-қатынас үшін ерекше қызықты, себебі бұл функция оқыту
негізінде жатыр: қарым-қатынас арқылы тұлға оқытылуы жүзеге асады, мемлекет
тарапынан институционалдық, санкцияланған және ұйымдастырылған да,
қайталана беретін адамдармен контакт процесінде болатын, берілген кісіге өз
білімдері мен дағдыларын беруге қабілетті, өзіндік даралық, формалды емес
те.
Қарым-қатынас функциясының неғұрлым жете талдауы контакттілік,
ақпараттык, түрткі болушы, үйлестіруші, түсіну функциясын, қатынастар
орнатудың эмотивті функцияларын және әсер ету функцияларын саралап жіктеуге
мүмкіндік береді (Л.А. Карпенко).
Л.С. Выготский, Б.Н. Ананьев еңбектерінде қарым-қатынасты өмір
әрекетінің бір формасы, адам дамуының әлеуметтік жағдайы, жеке адамның
қалыптасуының түрткісі деп қарастырды.
А.В. Петровский Қарым-қатынас біріккен іс-әрекет туғызатын, адамдар
арасындағы қатынасты дамытатын көп жоспарлы үрдіс.
Р.С. Немов бойынша қарым-қатынас барлық тірі жанға тән, бірак адамда
күрделі формада, саналы түрде болады[1, б. 516-518].

1.2 Қарым-қатынастың ерекшеліктері

Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек
қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет
тәрбиелілік – осылардың барлығы; және басқа адамдарды түсіну, яғни
психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына
адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке
даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба
білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның
басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін
қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші
адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлық қатігездік тұрпайылық
сыйламсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал, егер тілек, өзара сұрақтар, өзара
келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға қажетті
психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей адамның өзара
түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке
даралығы, бір-біріне ұксамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір
кедергісі қабылдаудың стереотиптілігі. Кейбір адамдар басқаларды терең
білмей өз ойларын айта салады. Мысалы; ол – дәрігер, ол – сатушы, сонымен
бәрі түсінікті, себебі олардың моделі, шаблоны бейнесі сол адамға беріледі.
Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік
қайталанбас жеке даралық көріінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез-
құлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен
бірге өзіндік ойы, әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер
әсер етеді. Қарым-қатынас басқа да іс-әрекет сияқты белгілі бір нәтижемен
аяқталады Қарым-қатынас нәтижесін оның өнімі ретінде қарастыруға болады.
Өнімі әр түрлі болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас және
өзінің образы. Өзара қарым-қатынас қатынас үрдісіне өзінің әсерін тигізеді.
Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам
қажеттілігіне байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік іс-
тәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады: жеке даралық әрекет тәжірибесі
және қарым-қатынас тәжірибесі бала дамуындағы шешуші фактор – баланың өзіне
қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту және әлеуметтік тарихи сипат
алады. Өз образын біз аффективті – когнитивті комплекс ретінде
қарастырамыз. Оның аффективті жағын өзін-өзі бағалау ал, когнитивті жағын,
баланың өзі туралы ойы деп айтуға болады. Бала өмірге келісімен алдымен
үлкендермен, одан кейін құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды.
Осының нәтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады.
Қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы және жағдайы.
Қарым-қатынаста адамдар өзін-өзі және басқаларды тану қажетттілігін
қанағатандырады. Өзін-өзі тану және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз
байланысты [2, б. 84-95].
Қарым-қатынаста адамдардың әлеуметтік қатынасы жүзеге асады. Қарым-
қатынастың бір-бірімен байланысты үш жағын қарастыруға болады.
Коммуникативті жағы, мұнда – қарым-қатынас адамдар арасындағы ақпарат
алудан тұрады; интерактивті жағы – адамдар арасындағы өзара әсер етуді
ұйымдастырудан тұрады; перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түскен адамдардың
бір-бірін қабылдау негізінде өзара түсінушіліктің пайда болуы.
Коммуникация ортақ түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу.
Коммуникация терминін латын тілінен аударғанда, жалпы, барлығымен
бөлісу дегенді білдіреді. Егер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да
болмайды. Коммуникация жетістігін білу үшін, кері байланысты білу керек,
яғни адамдар сізді қалай түсінді, қалай қабылдады тағы сол сияқты
сұрактарға жауап берілуі тиіс. Коммуникациялық компентенттілік – адамдармен
керекті контактіні құру және ұстай алу қабілеттілігі. Коммуникативті
қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мәдениетіне, психологиялық даму
деңгейіне, өмірлік және кәсіби тәжірибесіне байланысты ерекшелінеді [3, б.
393-401].
Қарым-қатынас ол ортақ қажеттілгі және әрекеттері бір адамдар ара
қатынасының көп қырлы даму үрдісі.
Б.Д. Ломов қарым-қатынас деңгейлерін қарастырады:
1) Макродеңгей – индивид басқа адамдардың қалыптасқан қоғамдағы
қатынастарға, дәстүрлерге, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауынан көрінеді.
2) Мезодеңгей – тақырып мазмұнымен анықталады.
3) Микродеңгей – мазмұны мен сыртқы көрсеткіштері арқылы көрінетін
контактілік байланыс. [4, б. 124].
Адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде араласатын
объективті қарым-қатынас негізінде жүзеге асады. Объективті қарым-қатынас
және байланыстар (біреуге тәуелді болу, бағыну, бірлесу, өзара көмек
көрсету т.б.) кез-келген топта болуы мүмкін. Бұл субъективті жеке адамдар
арасындағы қарым-қатынас. Бұны әлеуметтік психология зерттейді. Ең негізгі
қарым-қатынас құралы - тіл. Ал қарым-қатынастың вербальді емес тәсілін
келесі ғылымдар зерттейді:
1) Кинестика – адам сезімдері мен эмоциясының сыртқы көрінісін, мимика
беттің бұлшықеттерінің қозғалысын, жестика дененің әр бір бөлігінің жестік
қозгалысын, пантомимика дененің барлық моторикасын, поза, жүріс-тұрысын,
иілуді зерттейді.
2) Таксика қарым-қатынас жағдайындағы жанасуды, қолды қысуды, сүйісу,
сипау, итеру және тағы басқалаларды зерттейді.
3) Проксемика қарым-қатынас кезіндегі адамдардың кеңістікте орналасуын
зерттейді.
Қарым-қатынаста келесі аралық кеңістікті көрсетеді; интимді зона (15-45
см), өте жақын, таныс адамдар қарым-қатынасынан көруге болады; жеке немесе
дербес зона (45-120 см), достарға бірге істейтін қызметкерлерге арналған
кеңістік; әлеуметтік зона (120-400 см) көп таныс емес адамдар арасындағы
қарым-қатынаста көрінеді; көпшілік зонасы (400 см артық), адамдардың көп
тобымен қарым-қатынаста көрінеді, мысалы дәріс бергенде немесе жиналыстарда
көрінеді.
Қарым-қатынас түрлері:
1) Маска контактісі – формальді қарым-қатынас, онда әңгімелесушінің
жеке даралық ерекшеліктері ескерілмейді, яғни бастапқы маска қолданылады
(кішіпейілділік, салмақтылық, қатысушылық және тағы басқа). Әңгімелесушіге
деген шын қатынасын, әмоциясын көрсетпей, жестер, мимика қолданылады.
2) Жабайы қарым-қатынас – басқа адамды керекті және бөгет жасайтын
объект ретінде бағалау – егер әңгімелесуші адам керек болса, қарым-
қатынасқа белсенді түрде түседі, ал егер бөгет жасаса, агрессивті, ұнамсыз
қылықтармен жауап береді.
3) Формальді-рольдік қарым-қатынас. Қарым-қатынастың тәсілі мен мазмұны
алдын-ала белгіленіп қойған, және де әңгімелесуші туралы пікір оның
әлеуметтік орнына қарай анықталады.
4) Іскерлік қарым-қатынас – онда әңгімелесушінін мінезі, жеке өзіне тән
ерекшеліктері, жасы, оның көңіл күйі ескеріледі, бірақ іс мәнді болып қала
береді.
5) Рухани, жеке адам аралық достық қарым-қатынас – мұнда кез-келген
тақырыбта әңгімелесуге болады және тек ғана сөзбен емес, бір-бірін бет
әлпеті, қозғалысы, интонациясы арқылы-ақ ұғады. Мұндай қарым-қатынас егер,
қарым-қатынасқа түсушілер бір-бірінің көзқарасын, қызығушылығын жақсы білсе
ғана жүзеге асады.
6) Манипулятивті қарым-қатынас – әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы
әңгімелесушіден пайда табуға бағытталған қарым-қатынас турі [2, б. 396-
408].
Қарым-қатынастың көп қырлығы және көп сапалығы. Бұл тұрғыдан алып
қарайтын болсақ, қарым-қатынас адамдардың бір-біріне қатынасы, ақпарат
алмасуы. Жеке адамның өзара қатынас аспектісі – бұл құбылыстың бір ғана
компоненті. Адамдық қарым-қатынастың ғылыми-технологиялық революцияның
әсерінен ең кең тараған формасы – рухани коммуникация.
А.А. Леонтьев өзінің бір жұмысында Қарым-қатынасты тек ғана жеке
даралық деп түсінбеу керек, оны әлеуметтік феномен ретінде, оның
субьектісін бөлек индивид емес, әлеуметтік топ және тұтастай коғам ретінде
қарастыру керек деген.
Осы айтылғанға анализ жасай отырып, Б.Ф. Ломов өз көзқарасын былай
білдірген: Біздің ойымызша әлеуметтік және интер жекедаралықты бір-біріне
қайшы қою заңды емес, олардың арасындағы қатынас – жалпылық пен бірліктің
көрінісі.
Қарым-қатынас және жеке адам. Қарым-қатынас және жеке адам ұғымдары бір-
бірімен тығыз байланысты. Суретте көрсетілгендей 3 әр түрлі зона туралы
айтуымызға болады.

А – дербес емес функионалді-рольдік қарым-қатынас;
Б - қарым-қатынас, адамның коммуникативті іс-әрекеті мен коммуникативті
жағдайы;
В – психикалық қасиеттер, жеке адамның үрдісі мен күйі.
Сурет 1. Қарым-қатынас және жеке адам
А зонасында қарым-қатынас ұғымы көлемінің ерекшелігі көрініп тұр. Ол
жеке адам феномені мазмұнына кірмейді. Қарым-қатынастың мынандай
формаларымен байланысты: мысалы жекелік емес сипатта. Бұл жағдай қарым-
қатынасқа түсушілер бір-бірін тек ғана берілген функцияны орындаушы ретінде
ғана қабылдайды. Мысалы автобустың жүргіншілеріне жүргізушінің жеке бас
қасиеттері, профессионалдығына қарағанда көп мәнді емес.
Б зонасында қарым-қатынас мазмұны мен жеке адамның өмірлік іс-әрекеті
бір-біріне дәл келіп тұр. Бул жерде карым-катынас бір жағынан топтық емес
сипатта және сонымен катар, өзара әрекет, жеке адам аралық формада
көрінеді. Ал екінші жагынан алып қарасак, жеке адамның коммуникативті
белсенділігі әр түрлі формада көрінеді – коммуникативті мінез-құлық,
коммуникативті іс-әрекет, қарым-қатынас жағдайындағы психикалық күй [8, б.
28-35].
Қарым-қатынас және іс-әрекет. Біріккен әрекетте адам өзге адамдармен
қажет болғандыктан ғана бірігуі керек, олармен араласуы керек, яғни ара
қатынасқа түсіп, түсінушілікке жетуі және ақпарат алмасуы керек. Бұндай
жағдайда қарым-қатынас іс-әрекеттің бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым-қатынас психологиясы (дәрістер)
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ӘДІСТЕРІН ПРАКТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Оқытушылар МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒА АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСЫНЫҢ психологиялық ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тұлғаның танымдық іс-әрекетінің қарым-қатынас арқылы дамуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың құрдастары мен қарым-қатынасына ата-ананың тәрбие ықпалын зерттеу
Жоғары оқу орны студенттерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми- практикалық негіздері
Қарым-қатынас психологиясы пәнінен дәрістер
ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Педагогикалық қарым - қатынас технологиясы
Балалардың көру қабілетінің бұзылуы
Пәндер