Қазақтың ұлттық ойындарын антропологиялық тұрғыдан қарастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
 Жоспар.

I. Кіріспе
Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... 3-5 бет

II. Негізгі бөлім
2.1. Ойынның басқа салалармен байланысы ... ... ... ... ... ... 5- 8 бет

2.2. Ойынның берер тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9-14 бет

2.3. Қазақтың ұлттық ойындарын антропологиялық тұрғыдан қарастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14-18 бет

2.4. Қарагие және басқа ойын түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..19-24 бет

2.5. Ойынның тіл дамуындағы ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ..24-26 бет

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26-27 бет

Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі- ұлттық ойындар. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек. Адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан- жай емес.
Қазақ халқы – материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оны оқып
үйрене отырып, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата- бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарын саралап, жете білулерін, дәстүрлер жалғасын өрістете отырып, сөйтіп мәңгүрттік атаулыға тосқауыл қоюларына септігін тигізбек.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.Әуезов: Біздің халқымыздың өмір кешкен – ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін көтеру, шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған, - деп тегіннен тегін айтпаса керек. Мұхтар Омарханұлының бұл пікірін теориялық қағидаларға ғана сүйеніп айтылмаған, өзі өмір сүрген ортасының шындығынан және Семей қаласында тұңғыш отау көтерген Ярыш атты футбол командасының құрамында ойнаған белсенді өмір тәжірибесінен шығарған қорытындысы деп білеміз.
Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен де мәнді- мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені, ең алдымен ненің болсын бас алып, жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Ойынды біз бар өнердің бастауы деп білеміз. Ал қай өнер болса да кең арналы, сулы шалқар дариядай болып кемеліне келгенше жолында кездескен сандаған үлкенді – кішілі арналардан бас құрайтын өзен сияқты ғой. Сол алып өзеннің орта тұсынан шыққан адам, оның басы әуелде жылжып аққан бұлақтан басталып еді дегенге онша илана қоймас та еді.
Ұлт ойындары біздің көз алдымызға тап осы суреттерді елестетеді. Өйткені бір кезде ол бар өнердің басы, олардың нәр алатын бастауы болғаны анық. Шынында да, көне мәдениет пен әдеби туындылар, ең алдымен, сол халық жиналған думанды- сауықты, ойын – той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналған. Сөйтіп, бүгінгі және болашақ ұрпақ ұлт ойындарының өзі адам еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой кұбылысының көрінісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны ретінде өмірге келгенін, оның бар өнердің айнасы екенін білуге тиіс.
Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары жатады. Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оларға оқып үйреніп, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата- бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарына саралап, жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістетіп, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне, сөйтіп, мәңгүрттік атаулыға тосқауыл қоюларына ұлт ойындары септігін тигізеді. Ұлт ойындары халықтық әлеуметтік- экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Олай дейтініміз ойындардың көпшілігі сол көшпелі тұрмысқа негіздеп, арнайы материалдық әзірліксіз ойнала беретіндігіне ғана емес, сонымен қатар халықтың психологиялық ерекшеліктеріне байланыстылығында. Ойын барысында бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес, мақсатқа жетуге аударады. Ол ойын шартына бейімделіп, ептілік көрсетіп, сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсатты әрекет етеді. Балалар ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шындай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген. Сондықтан, халық оған тек ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қарамаған. Ең бастысы- ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тең еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған. Сондай-ақ талапты жас ойын өнеріне жасы үлкен, танымал ұстаздан үйреніп, жаттығатынын, аянбай тер төгетінін байқаймыз. Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі де, көрінісі де болған.
Ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, бірін-бірі толықтырып, байыта түседі. Ойын тек жас адамның дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке, т.б. ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізді. Ұлттық ойындар өзінің бастауын халықтық педагогикасының тұңғиығынан алады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті.тапқырлықты, табандылықты т.б. мінез-құлықтық ерекшеліктерімен бірге күш-қуатының молдығын, білек күшін, дененің сомданып шығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғарғы принциптеріне негізделген.
Қазақтың ұлттық ойындары елдің өмірі мен тығыз байланысты. Оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан, оның тәрбиелік мәні аса жоғары, әрі құнды. Қазақ халқының өмірінде ойын араласпаған бірде-бір тұрмыс шаруашылық саласы жоқ десе де болады.
Қазақтың ұлт ойындарының көбі дер кезінде қағаз бетіне түсіп үлгермегендіктен, бүгін ұмыт болған. Сәбит Мұқанов өзінің Өмір мектебі атты мемеруалдық еңбегінде ертеректе Орда атты асық ойыны болғанын бірнеше рет атап өтеді. Б. Төтенаев Қазақтың ұлттық ойындары деген кітапшасында аты ғана сақталып қалған ойындардың аса бір маңыздыларының бірі деп Абайдың алты алашы атты ойынды атап көрсеткен. Дер кезінде қағаз бетіне түспей, жинаушылардың көзінен таса қалған ойындар әлі көптеп кездеседі. Солардың арасында Сары құлан, Сарыала қаз, Ақ аю, Ағызбақ, Бақай пісті, Жылмаң, Топай, т.б. ойындар бар.
Бастауыш мектептердегі балалардың дене тәрбиесі барысында қозғалмалы ойындарға жетекші роль берілді. Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде көп қозғалыста ойындар сауықтыру және тәрбие, білім беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік ашады.
Ұлт ойындары сол халықтың әлеуметтік- экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныса отырып көзіміз әбден жетеді. Өйткені қазақ халқының ұлттық ойындары өте ерте туып, оның көші қоны тұрмыс жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Олай дейтініміз осы ойындардың көпшілігі тұрмысқа лайықталып, арнайы материалдық әзірліксіз ойнала беретіндігіне ғана емес, сонымен бірге халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланыстылығында екендігіне көзіміз жетеді.
Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет-ғұрыптары салттарының алуан түрлерін кездестіреміз.Ең бастысы – ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тең еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған. Сондай- ақ талапты жас ойын өнеріне өзінен жасы үлкен, танымал ұстаздан үйреніп, жаттығатынын, аянбай тер төгетінін байқаймыз.
Ұлт ойындары осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шары ашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі көрінісі де болған. Әрине ойын өнер ретінле әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін -бірі толықтырып, байыта түседі.
Өзінің жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамның дене күш- қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке, т.б. Ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіпөсуіне де пайдасын тигізеді. Манашыұлы Тұяқбай жырында:
Балалармен ойнайды,
Ойнап жүріп ол бала
Кеудеге ақыл ойлайды,-
деп түйіндейді.
Қазақтың ұлттық ойындарының тағы бір ерешелігі- оған өлең сөздің араласып келіп отыратындығында. Егер ойын барысында тақпақ, өлең жолдары кездеспесе, оны ойында жеңіліп, өз ұпайын өтеушілер орындайды. Олар тақпақ айтып, өлең оқып, ән салады. Кейде суырып салма өлеңдер деосы ойын үстінде өмірге келеді. Мақал-мәтелдермен, жұмбақтар орындалады. Ұлт ойындарына үзбей қатынасып машықталған адам үнемі ізденісте, толғаныста жүреді.Оның осылай іште толғануы ілгері ұмтылуға, ізденіске итермелейді. Сондықтанда да болар, ұлан ғайыр далада өз ойынан шығарып, бір ауыз өлең айтпайтын, мақал- мәтелдеп сөйлемейтін қазақты кездестіру қиын болған. Мүмкін, бұл бүгінгі күннің шындығына қайшы келер. Алайда, өткен ғасырдың өзінде біздің даламызға келіп қазақтардың тұрмысымен танысқан Европа халықтарының өкілдері, орыс зиялылары бүкіл қазақ даласы өлең айтып тұрғандай әсер алғандықтары жайында таңдана да, тамсана айтып та, жазып та кеткендері белгілі. Қазақ халқының ұлт ойындарымен таныса келіп, мұның растығына әркімнің – ақ көзі жетері анық.
Қазақтың ұлттық ойындары адам тәрбиесі үшін маңызы өте зор. Педагогикалық тұрғыдан қарасақ, адам ми қабілеті сәби шақтан бастап өте бір қимыл-қозғалыстар арқылы, соны көре отырып жетіледі. Қазақ ойындарының бір қыдыруы асық ойындарынан тұрады. Кезінде мән беріп, дұрыс бағасын ала алмаған бұл ойындар мүлде ұмыт болуға айналған. Олай дейтініміз асық ойыны деген жалпы атпен баспа беттерінен анда-санда шаң бергені болмаса, осы күнге дейін бір дебір асық ойынының нақтылы түрлері мен мазмұны жазылып, көпшілік назарына ұсынылмағанын айтсақ артық емес деп ойлаймын. Асық ойындары алдымен адамның нерв жійелерін шыңдап, ұстамдыққа, дәлділікке, тұрақтылыққа, тыныс мүшелерінің қалыпты дамуына, т.б. тәрбиелейді.
Совет педагогикасының классигі Н.К. Крупская өзінің Ұлт оқулығы деген еңбегінде ұлт ойындарын жоғары бағала, оның зор мүмкіншіліктеріне тоқтай келіп, былай деп жазды: Әрбір ұлттың аса қызықты тұрмыс ойындары бар.Дәл көздей білу, атқа шаба білу, нысанаға тигізе білу- осындай ойындарға жатады. Балалар дәл көздей білуді жоғары бағалайды, бала енді бұл жағынан артта қалып қойғанын көреді, ол өзі өте артта қалған ұлт деп санап жүрген ұлттан үйренуі керек екенін біледі... бірақ ойында тек осы ұлттың балаларына ғана емес, сонымен қатар басқа ұлттардың балаларына да жақын өте көп нәрселер бар. Осының өзі қазақ халқының ұлт ойындарына әдейлеп айтқандай әсер етеді.
Қазақтың ұлттық ойындарының бір қыдыруы Ойлануы қажет ететін ойындарға жатады. Олар негізінен олгикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға негізделіп жасалғандай. Солардың төресі- Тоғыз құмалақ. Тоғыз құмалақ ойынының фотосуреті мен ойнау тәртібін қағаз бетіне алғаш түсірген этнограф Н. Пантусов 1906 жылы: Бұл ойын өте көне және кім тапқаны белгісіз. Ол қазақтың үш ордасының барлығына тегіс тараған деп жазды. Қазір бұл ойынның тарихы жайлы Н. Пантусовтың көрсеткенінен гөрі анығырақ айтуға болатын тың деректерашылды. Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ғ. Мұсабаев жүргізген этнографиялық зерттеулері нәтижесінде Тоғыз құмалақтың тас бетіне қашалып салынған таңбалары табылды. Ғалым мұны біздің заманымыздан бұрын салынған суреттермен қатарлас қарап, көне дәуірге жатқызады.
Келесі ойындар жүйесі – оймен келетін ойындар. Оймен келетін ойындарды сөз еткенле шахмат, дойбы ойындарына тоқталмасқа болмайды. Өйткені Н. Пантусов жоғарыда аты аталған еңбегінде дойбы ойыны қазақтарда бар, бірақ ол біздікі, Европалық ойын дейді. Ал бұл пікір теріске шығатын деректерде баршылық. Мұнымен қоймай,- деп жазды Ғ. Мұсабаев,- шахмат (шатыраш), дойбы тақтасын таудың басына қашап сызғанын да көрдік. Шахмат, дойбы қазақтар мекендеген жерде ежелгі түрік заманынан белгілі екені көрсететін деректер де бар. Орта ғасыр жазушысы Юсуф Баласағұнның 1069 жылы жазған Құдатғу білік деген тарихи еңбегінде түрік батырларының білекті де білікті болуын шын тілеп: ... Ә, егер де ол дойбы мен шахмат ойынын жақсы білсе ғой,- деп жазғанын оқимыз.
Сайып келгенде, жоғарыда аты аталған ойындар қазақ халқының ғасырлар бойы рухани дамуына үлкен ықпал жасаған. Ұлт ойындары ата-бабамыздан жеткен тарихи қазынамыздың бірі еді. Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болып келеді. Бұл жинаққа біз тке ұлт ойындарын ғана кіргізіп отырмыз. Ұзақ жүргізіген жинау, зерттеу жұмыстарының нәтижесінде біз ұлт ойындарының тақырыбына, мазмұнына ондағы көзделген мақсатына байланысты негізінен үш үлкен салаға бөліп топтастыруды лайық деп таптық. Атап айтқанда: ойынөсауық, тұрмыс салт ойындары, дене шынықтыру,спорт ойындары және оймен келетін ойындар. Шындап келгенде, ұлт ойындарыө ауыз әдебиетінің бір саласы. Олай болса, ұлан- байтақ қазақ даласында ауызекі тарай келіп, ол түрленіп, өзгеріп отырған. Осыған орай халық арасында кең тараған кейбір ойындардың бірнеше түрлерін қоса беруді жөн көрдік. Өйткені олардың мазмұны кеңейіп, әсерлене түседі. Жан- жануарларды бейнелейтін ойындардың кейбіреуі тұрмыстық, ойын- сауықтық мақсатта берілсе, кейбірі дене шынықтыру, спорттық мақсатты көздейді.
Ұлт ойындарының басым көпшілігі тұрмыс – салтты, соған орай жануарлар әлемін, аңшылықты бейнелейді. Сондықтан ұлт ойындарын ойын-сауық, тұрмыс салт ойындарынан бастауды жөн көрдім.
Өйткені қазақ халқының ескі дәстүрі бойынша жыл басы наурыз айынан басталып, үлкен мейрам, ойын-той ретынде өтіп отырғаны белгілі. Осы Наурыз мейрамы күндерындегі ойын- сауықта көбінесе ұлт ойындары ойналатын болған. Әр ауылдың арасында бәсеке өнер жарысы ретінде алдымен ойын түрінде басталған. Соны бейнелейтін, бірақ бүгінгі жұртқа белгісіз, ұмыт болудың алдында тұрған Қолтырауық Қамыр кемпір және Ақ боран дәстүрлі ойынын бірінші кезекте ұсынуды жөн көрдік.
Қазақтың қай ойыны болса да айтыс өлең- жырлармен өріліп, көрермендер мен тыңдаушыларға өрелі өнеге беріп, қатты әсер етеді. Сөйтіп дүниені танып білуге арналған бейнелі, жүйелі оймен астасып, қабысып жатады.
Мұндай мақсатты, адамгершілік іс- әрекет, әдет ғұрыпқа қаныққан, белгілі бір жүйеге негізделген ұлт ойынларының бояуы қоюланып, баланың, жас жеткіншектердің дене, ақыл- ой жағынанда дамуына тамаша мүмкішілік туғызады. Ойын тегінде адам баласының коллективті творчествосы орындалуы да көбінесе коллективтік түрде болатындықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым қатынасқа әдеттенуге, тәрбиеленуге мүмкіншілік мол. Ойынның тіл дамуындағы рөлі ерекше. М. Горькийдің сөзімен айтар болсақ... Бала сөзбен де ойлайды. Осы сөзден ойлағанда, өз ана тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғынады. Сонымен нақтылай айтсақ, ұлт ойындары, тіпті жалпы ойын аталуы, біздің пікірімізше, тіл меңгерудің негізі құралдарының бірі болып табылады. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Олай болса ойын интернационалдың тәрбиенің балаларға жетпес құралы ретінде де айтарлықтай рөлі бар. Ойын үстінде бала тілдің ішкі иірімдерін, халықтың ойлау жүйелерін, сөз қолдану әдістерін, сойлеу дәстүрлерін, тілдік, психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп, білуге мүмкіндік алады. Біздің қос тілді республикамызда орыс тілінде, қазақ тілінде үйренуге, әр ұлт балаларының өз ана тілдерін басқа ұлт тілдеріне меңгеруіне ойынның тигізер пайдасы орасан зор.
Қазақ халқы ұлттық ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей ұиытболып кеткен. Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы дерктер XIII ғасырдан басталады. Оны алғаш жинап, Европа жұртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карпини болды. XIII ғасырда Европа халқына Монғол тарихын таныстыру мақсатыменсаяхатқа шыққан. П. Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірді мекендеген ру-тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинаған.
Одан кейінгі деректерді біз итальяндық Марко Поланың австралиялық С. Герберштейннің, итальяндық И.И. Новокамскийдің, орыс саяхатшысы П.И. Рычковтың, орыс ғалымы П.С. Паластың, венгер зерттеушісі А. Вамберидің, неміс этнографы Р. Картуцканың, неміс ғалымы А. Гумбольттың, поляк халқының өкілдері А. Янушкевич, С. Гросс, Б. Зеленскийдің,т.б. жазбаларынан кездестіреміз.
Қазақтың ұлттық ойындары туралы алғашқы пікір айтушылар мен оның жеке нұсқаларын жинаушылардың қай-қайсысы болмасын, оны жоғары бағалап, көшпелі халықтан мұндай өрелі өнерді күтпегендіктерін сөз етеді. Осындай жылы лебіз, құнды пікір айтқан неміс ғалымы А. Гумбольт өзінің достарына жазған бір хатында былай дейді: Мен қазақ аулында болған кезімді өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі деп есептеймін. Себебі, көшпелі халықтың біздерге көрсеткен сый-құрметі мен ойын-сауықтары естен кететін шаруа емес... Мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емеспін, бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болуы керек.
XIXғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын аралаған поляк халқының өкілі,революциялық күреске қатысқаны үшін Сібірге жер аударылып, кейін қазақ даласына тап болған, өзінің саяхаттары туралы "Күнделіктер мен хаттар немесе қазақ даласында жасалған саяхат туралы жазбалар" деген кітаптың авторы А. Янушкевич естен кетпейтін еңбектер жазды. Ол еңбегінде қазақ халқының тұрмысын әр қырынан суреттей отырып, олардың өнерінің, ойын-сауықтарының өзіне қатты ұнағанын айтады. Сонымен бірге А. Янушкевич халық өнерін жан-жақты сөз ете отырып, оның табиғатпен астасып, халық тұрмысымен, әдет-ғұрпымен, қоршаған ортамен байланысып жатқанын сөз етеді. "Кешкісін біздің үйде бір қазақ болды. Ол әр түрлі аңдар мен құстардың, әсіресе, түйенің, құланның, бүркіттің дауысын айнытпай салады. Бұны одан артық айнытпай салу ешкімнің қолынан келмейді"-деп тамсана сөз етеді.
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты, т.б. мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принципіне негізделген. Өйткені, ойынға қатынаспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Мысалы, бәйгені алайық. Ол үшін алдымен бәйгеге қосылатын атты таңдап алады. Ол атты баптап бағып, күтуге тура келеді, оның жейтін жемі мен ішетін суына дейін белгілі мөлшерде келтіріледі. Атты белгіленген уақытта күн сайын желгізіп, шапқызып, терін алады. Бәйгеге қосылатын атқа мініп шабатын бала күн ілгері осы сынақтарға қатысады. Атқа шабатын баланың жасы 11-12-ден аспауы керек. Бәйге шарты мүлтіксіз орындалуы үшін төреші тағайындалады. Бәйгеге қосылатын аттардың шабатын жерінің алыстығына қарай кейде ат айдаушылар біреу емес, бірнешеу болуы да мүмкін. Ол ат шабатын қашықтықтың өн бойына орналастырылады. Бәйгеге әзірліктің басы - қасында болған бала, осы өнердің сырларын жете біліп, үлкен шаруашылық мектебінен өткендей әсер алады. Сондықтан қазақтың ұлттық ойындары тек ойын-сауықтық жағынан ғана маңызды емес, ол - спорт, ол - өнер, ол - шаруашылық, тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату, тоғыз құмалақ, көк - бөрі, қыз - бөрі т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болады.
Үлкен мерекелердің қай-қайсысы болсын халықтың "Көк-бөрі"; "Қыз-бөрі" сияқты спорттық ойындармен жалғастырылып отырылды; бұл ойындар ерте заманғы төтемдік түсініктерден бері қуалап келген болатын. Жұрт неғұрлым көбірек қатынасатын ойындар; әскери мәнді спорттық ойын - ат жарыс, қаумалап аң ұстау (аба, қамарғы) болды.
Қазақ халқының XVI ғасырдағы өмірін суреттеуге арналған өзінің тарихи романында Ілияс Есенберлин: "Сарайшың бір түнде түлеп шыға келді. Қыз бозбалалар жаңбыр жауған қызғалдақтай құлпыра қалған. Керуен сарайлар, қала аулалары ән-күйлі, ойын -күлкілі думанға толып, екі жақтың әскерлері бейбіт бәсекеге шығып, әр жерде сайыс, күрес, көкпар, жамбы ату, ойындарына кіріскен"-дейді.
Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды.
Қазақ халқының өмірінде ойын араласпаған бір де бір тұрмыс, шаруашылық салалары жоқ десе де болады. "Бұл елдің ескі бір салты бойынша, көші-қон кезінде жастар әуелі үлкендердің үйін тігісіп береді. Одан соң жетім қалған үйлерді де тігіседі. Ең соңында отау үйлерді қалдырып, аяғын ойын-сауыққа айналдырып әкетеді",- деп жазды Ғабит Мүсірепов "Ұлпан" повесінде. Қазақ халқының фольклорын, ұлт ойындарын жинаушы этнограф Ә. Диваев өзінің"Қырғыз (қазақ) балаларының ойыны" деген еңбегінде оның бала тәрбиелеудегі маңызын айта келіп, сол кездегі қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша жас ерекшелігіне қарай жас өспірімдерді негізінен үш топқа бөледі: бір жастан жетіге дейін - нәресте, жеті жастан он бес жасқа дейін - бозбала, ал он бестен отызға дейін - жігіт. Осының негізінде қазақ ойындарында да сәбилер ойыны, бозбалалар ойыны және жігіттер ойыны деп негізінен үш топқа бөледі. Сонымен бірге Ә. Диваев мынаны атап көрсеткен: "...бұл жерде менің айтарым, егер қыз баланың қолдан жасайтын қуыршақтары менер баланың өздерінің балшықтан жасап алатын жылқы мен түйе сияқты жануарлар мүсіні болмаса, қазақтың балалар ойыншығы мүлде жоқ.
...Бірақ та антропологиялық көзқараспен қарайтын болсақ, олардың осы ұсқынсыз ойыншықтары баланың өз творчестволық қиялынан туғандықтан да құны болып есептеледі". Баланың әр түрлі ойындарымен ойнауы және өзі туып, өмір сүрген ортасына байланысты алған әсерлері мен түйсіктері олардың қиялын қозғап, творчестволық шабытын оятып, алғашқы іс-әрекетке жетелейтін, осы арқылы баланың өзін қоршаған дүниені танып білуіне алғашқы қадам жасайтыны туралы бағалы пікір болып табылады.
Біз кезінде қазақтың ұлттық ойындарын білетін ескі көз, көне құлақ қарттармен әңгімелесіп, солардың аузынан естіген көптеген ойын түрлерін жазып алған едік және ол ойындардың ойналу тәртібін айтып берулерін, ойын мақсатын түсіндірулерін өтінгеміз. Солардың ішінде Шығыс Қазақстан облысы, Глубокий ауданы, Глубочанка станциясының тұрғыны, 1885 жылы туған Исенов Нұрке; Семей облысы, Шар ауданы, Шалабай ауылының Мәртас бөлімшесінде тұрған, 1890 жылы туған Қисықов Асарбек, Семей облысы, Жарма ауданы, Ленин атындағы колхозда тұрған, 1889 жылы туған Омаров Қайса, т.б. қарттар болды. Ол кісілер өздерінің жас кездеріндегі ойнаған ойындарын кейінгі кезге дейін естерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этно-мәдени туризмді Қазақстанда дамыту болашағы
Қазақтың ұлттық ойындарын бастауыш сынып дене тәрбиесі жүйесінде қолдану
Қазақстан балалар мен оқушы жастарға дене тәрбиесін берудің тұжырымдамасы
Бастауыш сыныпта математика сабағындагы ұлттық және дидактикалық ойындарды қолданудың маңыздылығы
Қозғалу сапасының тәрбиелік әдісі
Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуда ұлттық ойынның маңызы
Ұлт ойындарын балалардың жас ерекшелігіне және қызығушылығына байланысты іріктей білуі
Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын дамыту негізі
«Этнология» пәнінен дәрістер
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер