Газ конденсатын өндіру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1 Қазақстан Республикасы экономикалық даму факторлары мен сатылары

1. 1. Сыртқы даму факторлары мен сатылары . . . 5

1. 2. Ішкі даму факторлары мен сатылары . . . 6

1. 3. Капиталдық салымдар Қазақстанның экономикалық өеуінің факторы ретінде . . . 12

2 Қазақстан Республикасының экономикалық өcуінің ерекшеліктері

2. 1. Жаңа стратегия - экономикалық жаңару мен тұрақты өсудің негізі . . . 14

2. 2. Экономикалық дамудың жаңа кезеңі . . . 15

2. 3 Экономикалық жағдайды талдау әдістер . . . 18

3. КР қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағы ттары

3. 1 КР қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру . . . 22

3. 2. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру . . . 24

Қорытынды . . . 25

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 27

Кіріспе

Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2009 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991, 4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жекетші салаларының қатарына түсті және қара метталургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы мен кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті. Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүниежүзі бойынша бұл көрсеткіш 1, 3 есеге жуық өсті. 2008 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61, 9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25, 2 млрд. текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн . тонна мұнай және 79 млрдтекше м. газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндірілетін болады. 2010 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.

Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болаып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтунышылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.

1998-2008 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1, 8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9, 1% болды. 1998-2008 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2, 5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2008 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 51 мың АҚШ долларын құрайды.

Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторының өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2008 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60 % Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2008 жылдың соңындағы 8 млрд. долларға қарағанда, 2009 жылы 14, 5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2009 жылғы 30 қарашада 15, 086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы процестерін көрсету;

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясының ерекшеліктерін және даму жолын қарастыру.

Жұмыстың міндеттері:

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы тақырыбын ашу;

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы тақырыбын жан-жақтан саралау және зерттеу.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімде Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасақан кезеннен бастап экономикалық дамуы қарастырылған.

1 Қазақстан Республикасы экономикалық даму факторлары мен сатылары

1. 1 Сыртқы даму факторлары мен сатылары

2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық, шетелдің ірі банктерінің банкротқа ұшырауына және биржалық баға белгіленімінің түсуіне әкелген әлемдік қаржы нарығындағы кезекті сілкініс толқыны әлемдік экономиканың баяулауына және іскерлік белсенділіктің төмендеуіне ауысып кетті. Бұл, өз кезегінде, сұраныс пен тұтьшудың қысқаруына себепші болды және мұнайға, металлдар мен басқа да ресурстарға әлемдік бағаның түсуіне алып келді. Тауар нарықтарынан алыпсатарлық капиталдың кетуі орын алды.

Орта мерзімдік кезеңде әлемдік қаржы дағдарысынан болған жарандық қаржы нарықтарын түзету, инвесторлардың шығындарын азайту мақсатында әлемдік капиталды қайта бөлу болады.

  1. жылы әлемдік экономиканының кұлдырауы болжанады. ХВҚ 2009 жылғы әлемдік экономиканың өсімі бойынша қаңтар болжамын 0, 5 %-дан (-1, 0) % - (-0, 5) % қүлдырау жағына қарай қайта қарастырды.
  2. жылдан бастап әлемдік экономиканың өсу қарқынының біртіндеп жоғарылауы болжануда. Әлемдік экономиканың даму перспективаларын ескере отырып әлемдік тауар нарықтарында бағалардың күрт өсуі күтілмейді.

АҚШ-тың Энергетика департаментінің болжамдық деректеріне сэйкес 2008 - 2015 жылдар кезеңінде табиғи газ бен көмірге әлемдік бағалар үлкен өзгеріске ұшырамайды. Мұнайға келетін болсақ, тұтастай алғанда бұл шикізатқа бағаның елеулі төмендеуі күтілмейді деп болжануда.

2009 - 2010 жылдары, халықаралық қаржы институттарының бағасы бойынша, әлемдік қаржы нарықтарында өтімділік тапшылығы мэселесі сақталады.

Әлемдік экономиканың даму жағдайлары және Қазақстан экономикасьшың сыртқы даму шарттары әлемдік экономиканың серпініне, мұнайға әлемдік бағаның деңгейіне және әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдайға байланысты дамудьщ үш нұсқасын қарастыруға мүмкіндік береді:

1-нүсқада орта мерзімдік кезеңде әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы жағдайдың нашарлауы бөлігінде тым пессимистік болжамдар болжанады. Бұл сценарий бойынша мұнайға (Вгепі) әлемдік баға 2009 жылы барреліне 25 АҚПІ доллары деңгейінде, ал 2010 - 2013 жылдары - 40 АҚШ доллары деңгейінде болады. Металлдарға әлемдік багалар 2008 жылдың деңгейінен 50 %-ға төмен болады. Әлемдік қаржы нарықтары сыртқы қарыз алу үшін жабық болады.

2-нұсқа әлемдік тауар және қаржы нарықтарында жагдай түрақталады деп болжайды. Мұнайға әлемдік баға 2009 жылы барреліне 40 АҚШ доллары, ал 2010 - 2013 жылдары - 50 АҚШ доллары деңгейінде болады. 2009 жылы металлдарға әлемдік бағалар орта есеппен 3, 0 - 4, 0 %-ға төмендейді, кейіннен 2010 - 2013 жылдарда әлемдік баға деңгейі 8-10 %-ға көтеріледі. Сыртқы қарыз алу -жағдайлары жақсарады. 3-нұсқа бойынша мұнайға әлемдік баға 2009 - 2013 жылдары барреліне 60 АҚШ доллары деңгейінде болады. Әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдай жақсарады, екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыз алуына кең жол ашылады. Әлемдік экономикадағы және әлемдік тауар нарықтарындағы ағымдағы жағдайды ескере отырып, 2-нұсқа ең ықтимал болып көрінеді. Экзогенді өлшемдердің негізгі мазмұны осы нұсқа бойынша дамудың қалыптасқан үрдісіне жақын.

Болжам бойынша 2010 жылы экспорт көлемі 45, 1 млрд. АҚШ долларын құрайды, бұл 2008 жылға қарағанда 26, 8 млрд. АҚШ долларына төмендеген. Импорт 3, 8 млрд. АҚШ долларына төмендеп, 34, 6 млрд. АҚШ долларын құрайды.

1. 2. Ішкі даму факторлары мен сатылары

Сыртқы даму жағдайларының әсерін ескере отырып 2009 - 2013 жылдары экономика мынадай факторлардың әсерімен дамитын болады деп болжануда:

мұнай мен табиғи газ өндіру салаларында және экономиканың мемлекеттік секторында экономикалық белсенділікті сақтау және 2009 жылдан бастап ірі инвестициялық жобаларды іске асырудың белсенді фазасына ену;

сыртқы қарыздарға қызмет ету бойынша негізгі соманы өтеу нәтижесінде банктік секторды сауықтыру және мемлекеттік қолдау арқылы оның активтерінің сапасын жақсарту, депозиттік базаның өсуін ынталандыру.

Өткен жылдары қалыптасқан даму үрдістері, байқалған «голландық ауру» белгілері мен экономиканың «қызып кету» белгілері, сыртқы жағдайлар өзгерген кезде макроэкономикалық тұрақтылық үшін қатерлерді сақтап қалады. Әлемдік тауар нарығындағы бағалардың өсуі, сондай-ақ тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың кеңеюі кезінде экономикаға инфляциялық қысым сақталады.

2009 жылы Қазақстан ғаламдық экономикалық дағдарыс және экономикалық белсенділіктің баяулау кезеңіне енді, бұл экономикалық саясатты түзетуді қажет етеді. Осы жағдайларда экономикалық өсу серпіні мен сапасы экономикалық саясат бағыты мен экономиканы мемлекеттік қолдау дәрежесін таңдауға байланысты болады.

Сыртқы күйзелістер әсерінен болған экономиканың секторларын қалпына келтірудің жоғары шығындарын болдырмау үшін қазіргі жағдайда мемлекет тарапынан оны басқара отырып түзету қажет болады. Бұл ретте, мемлекеттік реттеу саясаты теңдестірілген, макроэкономикалық тұрақтылыққа зиян келтірмей экономиканың дамуын ынталандырушы болуы қажет. Мұндай тәсіл экономиканың құлдырап кетпеуіне, экономиканы «сауықтыруға», келешекте оның қайта «қызып кетуін» болдырмауға, инвестициялар сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Экономикалық саясатты, экономиканың өсуін қолдауға, 2009 жылы экономиканың қүлдырап кетуін болдырмауға циклдық ауытқулардың эсерін қалыпқа келтіруді ескере отырып мүмкіндік беретін жылдамдатылған өсуден дамудың орташа қарқынына өту жолымёи экономиканың сапалы, теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге, экономикалық өсудің стратегиялық міндеттерін орындау үшін қажетті деңгейді қамтамасыз етуге бағыттау қажет.

«Экономикалық саясаттың мақсаты - экономиканың өсуін қолдау және келешекте монетарлық, фискалдық, сондай-ақ қүрылымдық саясаттардың қүралдарын тиімді пайдалану арқылы теңдестірілген және сапалы экономикалық өсуді одан әрі қамтамасыз ету».

Кен қазу өнеркәсібіндегі өндірістің өсуі негізінен 2010 жылы мұнай өндіру көлемінің 7, 5 %-ға артуымен қамтамасыз етіледі. Өңдеу өнеркэсібіндегі өндірудің қысқаруы негізінен металлургия өнеркэсібіндегі өндірудің қысқаруымен байланысты болып отыр. 2008 жылдың аяғында басталған әлемдік сұраныс пен тұтынудың елеулі қысқаруына байланысты, қара металлургия өнімдерін өндіру болжам бойынша 30 %-ға дейін, түсті металлургия 2 %-ға дейін төмендейді. Құрылыста 2009 жылы 2 %-ға дейін төмендеу болжамдануда. Іскерлік және тұтыну белсенділігінің төмендеуі 2009 жылы қызмет саласында өсу қарқынының, соның ішінде көлік қызметінің 1, 0 %-ға дейін, байланыс қызметінің 5, 0 %-ға дейін, сауданың 1, 0-ға дейін төмендеуіне ықпал ететін болады.

Теңгенің кұнсыздануы экономиканың өсуіне оң эсер етеді, бұл 2009 жьлы ЖІӨ-нің нақты өсуіне бағалау бойынша қосымша 0, 3 %ға ықпал етеді. 2009 жылғы кезеңнің соңында теңгенің құнсыздануын ескере отырып, инфляция 11 %-дық деңгейде бағалануда.

Жалпы әлемдік сұраныстың қысқаруы, қазақстандық экспорттың басты тауарлық құрамдас бөліктеріне әлемдік бағаның төмен деңгейі, және осының салдары ретінде Қазақстан экономикасы өсуінің төмендеуі экспорт пен импорт көлемінің төмендеуіне ықпал ететін болады.

1 %-ға дейін арттырылды, сондай-ақ көлік құралдарының салығын есептеу барысында автокөлік құралдарының түзету коэффициенттері алып тасталды.

Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында салықтық экімшілендіруді Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің болмысына сэйкес келтіру жөнінде міндет қойды. Салықтық реформалардың басқа бағыттарымен қатар жаңа Салық кодексі тікелей эрекет ету заңы болуы тиіс екендігі айқындалған, бұл ретте, экімшілендіру сапасы мен салық төлеушілердің мүдделерін үйлестіру қажет. Осыған байланысты, Салық кодексіне салық салу саласындағы нормативтік құқықтық актілер барынша қосылды, салық рәсімдері жеңілдетілді.

2009-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістері жаңа Салық кодексінің экономиканың шикізат секторына салық жүктемесін төмендетуді қарастыратын ережелерін есепке ала отырып, орта мезімді кезеңде макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды өлшемдері негізінде айқындалды. Кірістер есебінде мемелекеттік басқару және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақыларын 2009 және 2010 жылдары 25%-ға, 2011 жылы 30%-ға көбейту және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударымдарды 2009 жылы 3 %-дан 4 %-ға дейін және 2010 жылы 5 %-ға дейін ұлғайту нэтижесінде элеуметтік салық түсімдерінің төмендеуі және 2009 - 2013 жылдары ең аз жалақыны ұлғайту ескерілді.

2009-2013 жылдарға арналған Ұлттық қорға бағытталатын бюджетке түсетін түсімдер көлемінің болжамы макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдаған өлшемдері негізінде құралды: мұнай өндіру, мұнайдың әлемдік бағасы, АҚПІ долларына теңге бағамы, сонымен қатар өткен жылдарға түсімдер серпіні, ағымдағы жағдайды талдау. 2009 жылы ¥лттық қорға тікелей салықтар түсімі ЖІӨ-ге 7, 1 %>, 2010 жылы - ЖІӨ-ге 7, 1 %, 2011 жылы - 6, 7 %, 2012 жылы - 6, 1 %, 2013 жылы - 5, 6 % деңгейінде болжамдалады.

Орта мерзімді кезеңдегі бюджет саясаты макроэкономикалық түрақсыздық, күш пен ресурстарды жүмылдыру, барынша тиімділікті іздеу жағдайында Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларын іске асыруға, яғни елдің дамуының стратегиялық бағамын бақылай отырып орта мерзімді кезеңде мақсатқа жетудің барынша томен шығынды жолдарына бағытталған. Орта мерзімді кезеңде жүргізілетін шығыстар саясаты әлеуметтік-экономикалық саясаттың барынша басым бағыттарын іске асырылуға, бюджет шыгыстарының, олардың эрбір мемлекеттік органның стратегиялық жоспарлауының сапасын жақсарту есебінен түпкілікті нэтижелерге бағытталуы мен тиімділігін арттыруға бағытталатын болады. Шығыстар саясаты алдағы кезеңде мынадай бірқатар шектеулерді ескере отырып, анықталатын болады:

- бюджет шығыстарының теңгерімділігін қамтамасыз ету;

- ішкі нарықты жеткілікті деңгейде борышқорлық қүралдармен қамтамасыз - ететін көлемде бюджет тапшылығының орнын толтыруға бағытталған қарыз алуды жоспарлау;

- елдің элеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыггарының бірінші дәрежелі ролі.

Мемлекеттік бюджеттің ЖІӨ-ге қатысты шығыстар көлемі тұрақты қалпында қалады және орташа алғанда 20, 1 % құрайды.

2009 - 2013 жылдары инвестициялық саясат экономикаға және халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін қолдауға барынша мультипликативтік әсер корсететін жобалардың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғандағы барынша маңызды бағыттарға қайта бағдарлауды есепке ала отырып нақты басымдықтар аясында жүзеге асырылатын болады. Шығыстардың жоспардағы деңгейін қамтамасыз ету ¥лттық қордан кепілді трансферт мөлшсріи және бюджет тапшылығын реттеу үшін қарыз алу арқылы қамтамасыз етілетін болады. 2009 - 2013 жылдарга арналған кепілді трансферт көлемдерінің болжамы елдің макрожопомикалық дамуының негіздемелік сценарийіне және мемлекеттік шығыстардың болжамына сәйкес айқындалған, 2009 - 2011 жылдарға арналған Ұлттық қордан

кепілдендірілген трансферттер көлемі тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген. 2008 жьшы Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы ¥лттық банкінің, Қазақстан Республикасын Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің бірлескен іс-қимыл Жоспарының іс-щараларын қаржылық қамтамасыз ету үшін экономиканы және қаржылық жүйелерді түрақтандыру бағдарлары бойынша Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы № 682 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бес миллиард АҚШ доллары мөлшерінде нысаналы трансферт бөлінді. Бүдан бұрын ¥лттық қорға жіберілетін шикі сектордан түскен кірістер 2009 - 2010 жылдары Мемлекет Басшысының ағымдағы жылдың 6 наурызындағы «Дағдарыстан - дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауына сэйкес экономиканы жандандыру мен халықты жүмыспен қамтудың стратегиясын іске асырудың жаңа жоспарын жүзеге асыруға бағытталды. Бұл ретте 2009 жылдың басындағы жағдай бойынша бүдан бүрын жинақталған ¥лттық қордың активтері өзгеріссіз қалады. Аталған шара уақытша болып табылады және екі жылга енгізіледі. Келесі жылдары ¥лттық қордың қаражаттарын пайдалану Қазақстан Республикасы ¥лттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады. ¥зақ мерзімді перспективада Ұлттық қор активтерінің «сарқылуына» жол бермеу саясаты жалғасатын болады, соған сәйкес кепілді трансферт мөлшері республикгшық бюджет әзірленетін алдыңғы жылдың жыл соңына ¥лттық қор активтерінің үштен бір бөлігінен аспайды. Мемлекеттік бюджет тапшылығының өлшемдері мұнай емес тапшылықтың болжамды көлемдеріне сүйене отырып бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету қажеттігін есепке ала отырып айқындалган. Қазақстан Республикасы Үкіметінің саясаты елдің борышын басқарудың бірыңғай және тиімді жүмыс істейтін жүйесін құруға бағытталған.

Үкімет мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару тұжырымдамасына сәйкес Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдар мен ¥лттық Банктің борыштарымен бірге мемлекеттік сыртқы борышты басқару деңгейін арттыруға бағытталған шаралар қабылданады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының орта мерзімді перспективага арналған қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына сәйкес үкіметтік
қарыз алу саясаты ¥лттық қордың активтерінің нарықтық қүнына қатысты кепілді борышты есепке ала отырып үкіметтік қарыздың 50 - 70 пайыздық арақатынасына қол жеткізуге бағдарланған. Мемлекеттік қарыз алу мен борыш келемі жоспарлау бэрінен бүрын үкіметтік қарыз алудың, оған қызмет көрсету шығындары мен тәуекелдің оңтайлы деңгейін қалыптастыруды есепке алй, отырып мына мақсаттарға қол жеткізуге
бағытталған:

- кірістілік қисығын құру үшін қор нарығында тиісті бағдарды бекіту үшін айналымдағы қажетті құрылымымен мемлекеттік бағалы қағаздардың жеткілікті көлемін қолдау;

- қарыз нарығында, эсіресе, инфрақұрылымдық облигацияларда жинақтаушы зейнетақы қорларының және қор нарығының басқа да қатысушыларының -қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін баламалы құралдардың дамуы, бұл өз -кезегінде қайталама нарықта мемлекеттік құнды қағаздар секторында сауданың жандануына экелуге тиіс. Үкіметтік қарыз алу тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген үкіметтік борыш лимитімен шектелетін болады. Үкімет ірі инфрақүрылымдық және элеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін сыртқы қарыздарды тартатын болады. Сыртқы үкіметтіқ қарыздарды өтеу халықаралық қаржы үйымдары, шет ел мемлекеттерінің үкіметі, шетелдік коммерциялық банктер мен фирмалар берген қарыздар бойынша үкіметтік борышты өтеу кестесіне сэйкес жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттік бюджет шығыстарының болжамы жоғарыда белгіленген шектеулер мен мемлекеттік фискалдық мүмкіндіктерді ескере отырып алдағы бес жылдық кезеңге арналған негізгі басым бюджеттік саясатқа негізделген. Ұзақ мерзімді перспективада мемлекеттік бюджет шығыстары басым түрде мыналарға бағытталатын болады

- элеуметтік саланы және адами капиталға инвестицияларды элеуметтік саланы
дамыту және адами капиталға инвестициялар;

индустриалдық-инновациялақ даму және «серпінді» жобаларды іске асыру;

аграрлық-өнеркэсіптік секторды дамытуға көмек көрсету;

стратегиялық инфракүрылымды дамыту;

- экономикалық өсудің өңірлік орталықтарын қалыптастыру.

Орта мерзімді кезеңде мемлекеттің элеуметтік кепілдігін сақтауға және бүдан арғы
экономикалық өсуді дайындауга бағытталған бюджет қаражатын орынды жүмсау және
үнемдеу саясаты жүргізіледі. Мемлекеттік бюджет шығыстарын болжаған кезде Мемлекет басшысының «Қазақстан халқының эл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты», «Дағдарыстан - дамуға» Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыруға арналған шығыстар ескерілді. Алдағы орта мерзімді кезеңде мемлекеттік бюджеттің шығыстары басым түрде мынапарға бағытталатын болады:

жұмыспен қамту стратегиясының іс-шараларын қамтамасыз ету және кадрларды қайта даярлау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай-газ саласының бәсеке қабілеттілігінің техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қазақстан Республикасының мұнай-газ өндірісінің өркендеуі
ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
МҰНАЙ МЕН ГАЗ ӨНДІРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Экономикалық тәуекелділікті басқарудың теориялық негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ – ГАЗ САЛАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІМЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстанда мұнай қорлары
Этил спирті судан жеңіл
2008 жылдың деңгейіндегі мұнай өндіру қарқыны жағдайында қорлардың еселілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz