Оқу - баланың өзінің танымдық белсенді әрекеті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Жалпы психология пәні: Төменгі сынып оқушысының танымдық ерекшелігін
қалыптастыру барысын зерттеу.ы

Мазмұны :

Кіріспе
Бөлім І Төменгі сынып оқушысын оқыту барысындағы танымдық ерекшелігін
ескеру.
1.1. Төменгі сынып оқушыларының танымдық процестеріне
сипаттама
1.2.Оқушылардың психолого – педагогикалық дамуының
сипаттамасы
1.3 . Баланың танымдық процестерін жетілдіруде шығармашылық қабілетін
дамыту және мұғалімнің ролі.

Бөлім ІІ. Оқыту барысында төменгі сынып оқушыларының танымдық ерекшелігін
дамыту жолдары.
2.1.Қабылдау саласындагы айырмашылықтар және оны бала бойында қалыптастыру
2.2. Сабақ барысында оқушының ес процесін жетілдіру
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі қоғамдық - әлеуметік мәселелердің бірі- білім сапасын
арттыру екені белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынанан
көптеген жұмыстар жасалуда: оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық т.б
технологияларды енгізу, мұғалімнің білімін біліктілігін арттыру.Бұлардың
оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын көтеруге
тигізетін әсері мол. Сонымен қатар оқушылардың білімді менгеруіне зейіннің
алатын орны ерекше. Танымдағы елеулі алға қарай жылжулар бала мектепке
барғанннан кейін болып өтеді, өйткені өмір мен іс әрекеттегі жаңа жағдайлар
мектепке дейінгі балалық кезең жылдарына қарағанда баланың танымына
неғұрлым жоғары талаптар қояды. Мұғалімге сыныптың ықыласын қажетті
деңгейде ұстау үшін елеулі күй жұмсауға және шығармашылық пен іске кірісуге
тура келеді, бұған сабақтың эмоциялық толыққандылығы, бейнелеу материалының
үлкен көлемі, мазмұнның сан алуандылығы іс әрекет түрлері ықпал етеді.
Бала бастауыш мектепке арнайы психофизикалық және психикалық іс
әрекеттерді меңгереді, олар жазуға арифметикалық амалдарға, оқуға дене
шынықтыруға, сурет салуға, қол еңбегі мен оқу қызметінің басқа да түрлеріне
қызмет етуі тиіс. Оқу қызыметінің негізінде оқытудың қолайлы жағдайларында
және баланың ақыл ойының жеткілікті денгейінде теориялық сана мен ойлаудың
шарттары пайда болады. (Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов)
Кіші мектеп жасы кезенінде баланың адамдар мен қатынасының қайта құрылуы
болып өтеді. Л.В. Выготский көрсеткендей, баланың мәдени дамуының тарихи,
нәтижесіне қарай " мінез - құлқының жоғары формаларының социогенезі ретінде
анықталуы мүмкін, ұжымдық өмірдің қойнауында ғана дербес мінез құлық пайда
болады. Оқу қызметінің басталуы баланың ересектер мен және құрдастарымен
қатынасын жаңаша анықтайды. Нақты түрде әлеуметтік қатынастардың екі саласы
болады: "бала - ересек", және "бала - балалар". Бұл салалар бір бірі мен
иерархиялық байланыстар арқылы өзара әрекеттеседі. Бастауыш мектеп
оқушыларының психологиясы тек жас ерекшеліктеріне ғана байланысты емес,
сонымен қатар тұрған, өскен ортасына балабақшада бөлу болмауына, тұрақтылық
жағдайына табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға т. б. жағдайларға байланысты.
Балалар бастауыш мектепте оларға мұғалімдер ұсынған жаңа жағдайларды
қабылдайды және ережелерді бұлжытпай сақтауға тырысады. Мұғалім бала үшін
оның психологиялық ахуалын тек сыныпта ғана емес, сыныптастарымен қатынас
жасау денгейінде де анықтайтын тұлғаға айналады, оның ықпалы отбасыдағы
қарым-қатынасқа да бейнелейді. Отбасындағы бала мен дәстүрлі қарым-қатынас
мазмұнында оның мектептегі өмірінің бүкіл ікезендері енгізіледі. Жоғарыда
айтылып өткендей, қазіргі кезде оқушылардың әсіресе бастауыш сынып
оқушыларында зейіннің төмендеуі өзекті мәселеге айналып отырғандығы
белгілі.
Белгілі психологтар (Б.Г. Ананьев, Б.В. Давыдов, Қ.Б. Жарықбаев)
зерттеулерінде балалардың әлеуметтік және жеке бөлімдері мен өмір
тәжірибесінде адамзат қоғамының жетістіктерін, рухани байлықтарын
игеріп, мінез құлықтарына, дүниетанымдарын қалыптастырып отыру
қажеттігі айқындалған.Бастауыш мектептік кезең, кейінгі зерттеулердің
дәлелдеуі бойынша, адамгершілік дамуының, моральдық мөлшерді
меңгерудің қарқынды даму кезеңі. Адамгершілік дамуы өзіне
адамгершілік сана-сезімді, адамгершілік мінез-құлық және адамгершілік
қарым-қатынасты жинақтайды. Бұл кезеңде оқушыны тәрбиелеудің негізгі
бағыты - құлық мотивтері мен әдеттерді қалыптастыру. Сондықтан да
мұғалімдер мен тәрбиешілер, ата-аналар үшін өз іс-әрекеттерін
балалардың әрқайсысын жүйелі, тыңғылықты түрде зертеп, оларда
байқалатын темпераменттерінің белгілерін есепке ала отырып, оқыту,
тәрбиелеу, қарым-қатынас жасау—негізгі шарттардың бірі болған
жөн.Еліміздің экономикалық, әлеуметтік-мәдени саласы өскен сайын, қоғам
дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы
да өзгеріп жаңару үстінде. Бұрынғы кеңістік дәуірде туып-өскен адамдардың
түсіне кірмеген ақылы оқу жүйесі пайда болып, мемлекеттік және мемлекеттік
емес білім ордалары қатар дамып, өсіп өркендеу үстінде. Олардың барлығы да
қоғамның сұранысына сай ақыл-ойы кемелденген іскер де білімді шәкірттер
даярлап шығаруға ат салысады. Осы орайда білім ордасының табалдырығын жаңа
ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүние танымын қалыптастыру, жеке тұлға
ретінде қасиеттерін шыңдап тәрбиелеу барысында бастауыш білім сатысының
орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі. Дегенмен, бүгінгі дәстүрлі білім
жүйесі өзінің айтарлықтай нәтижелілігіне қарамастан, қоғамның өте жылдам,
тез қарқынмен өзгеріп жатқан үрдістерінің аясында дағдарысқа ұшырап
қалатыны да рас. Бұрынғы қолданыста жүрген оқу бағдарламалары мен оқулықтар
оқытудың негізгі мәні адам тәрбиесі, жеке тұлғаның қалыптасуы екеніне жеке
көңіл бөлмегенін де енді аңғарып отырмыз. Себебі дәл қазіргі уақыт, ең
алдымен адамның ақыл-ойы мен қабілетіне қойылар талапты өте күшейтіп
жіберді. Білім таяз адамдар бұдан былай өмір ағымына ілесе алмайтын өмір
тәжірибесі көрсетіп отыр. Ендеше бұдан шығатын қорытынды: мектепте оқушының
жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша
көзқарастарды батыл енгізу қажет. Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының
Білім туралы Заңында айқын көрсеткен: Білім беру жүйесінің басты мақсаты
– ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның
қалыптасуына қажетті жағдайлар жасау.

Қазіргі заманғы қоғам дамуының әрекеті, әлемдік және отандық
педагогика, психология ғылымдарының жетістіктерін, әсіресе, дамыта оқыту,
оқушылардың даму ерекшеліктері туралы проблемалар, ұзақ жылдар бойы екшеліп
жинақталған мектептің озық тәжірибесі негізгі мектептің бастауыш сатысында
білім беру мақсатының приоритеттерін түбегейлі өзгерту қажеттігін туғызып:
бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, білік, дағдыларының
белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру
негізінде оқушылардың жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылды. Білім
беруде оқушының тәрбиесі мен дамуына приоритет берілуі, сондай-ақ,
Қазақстан Республикасы Білім Заңы мен Қазақстан Республикасындағы Жалпы
білім беретін мектептердің тұжырымдамасына орай мектеп құрылымы мен оның
қызметіндегі өзгерістер оқушыларға сапалы білім беруді талап етеді.
Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекетін
дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне
байланысты болады. Оқушылар әректенің ең басты және жетекші түрі – оқу. Ол
алдын-ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен
жүйелі түрде іске асырылып отырылды. Сондықтан, оқу басқа іс-әрекеттерге
қарағанда, оқушылардың таным қабілетін дамытады, дүниеге адамгершілік
көзқарасын бірте-бірте қалыптастырады. Оқу – баланың өзінің танымдық
белсенді әрекеті.
Ғалым-педагог Л.В.Занков: Оқыту оқушының жалпы рухани дамуын
қамтамасыз етуі қажет, - дейді.
Көрнекті психолог Л.С.Выготский: Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуынан
ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады – деп тұжырымдайды.

Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны істей білуі мен танымдық
белсенділігін арттыру – қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын толғандырып
жүрген мәселелердің бірі. Бұл сабақта оқыту жүйесіне жоғары талап қоюды
қажет етеді.
Философия тұрғысынан танымға мынадай анықтама берілген. Таным – ойдың
білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай
ұмтылатын ой-өрісінің күрделі үрдісі. Адам танымы байқаудан нақты
аңғарудан заңдарды теория жүзінде ашуға, сонан кейін ол заңдарды теория
практикада қолдануға қарай жүріп отырады.
Практика тұрғысынан оқушылардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі
психикалық үрдіс. Оқушылардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі
күштер немес Бастауыш мектеп өскелен ұрпаққа білім берудің бастамасы.
Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп
өркендеуіне, ел талап- тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың
психологиясы да Бала

Бөлім І Төменгі сынып оқушысын оқыту барысындағы танымдық ерекшелігін
ескеру.
1.1. Төменгі сынып оқушыларының танымдық процестеріне сипаттама
Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы тек жас ерекшеліктеріне ғана
байланысты емес, сонымен қатар тұрған, өскен ортасына,балабақшада болу-
балмауына, тұрақтылық жағдайына, табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға тағы
басқа жағдайларға байланысты.
Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл кезеңде
баланың денесі едәуір дамып, бұлшық еттері мен шеміршектері, сүйектері
нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы барлық мойын, арқа бел бүгілістері
дамиды. Бұлшық еттері шапшаң өседі. Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі
баланың психикалық іс әрекеттері мен жүйке қалыптасуына үлкен рөл атқарады.
Жекеленген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш
мектеп шағында жүзеге асады. Бұл кезде қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен
есту қабілеті жоғары деңгейге ажырата алады. Қабылдаған заттардың
қасиеттері мен сапаларын менгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге
бақылампаздығы артып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай
алады.
Бала зейінін негізінен өздері тікелей қызығатын нәрселерге аударады. Бала
біртіндеп енді жай сырттай жартымды заттарға ғана емес, қажетті нәрселерге
зейінін бағыттап, оны тұрақтандыруға үйренеді. Ырықты зейіннің дамуында
сыртқы әсердің тартымдылығы, ұнамдылығы, көрнекілігінің мәні зор. Зейіннің
дамуы, сондай ақ оның әлемінің кеңеюі баланың қазіргі кездегі ойын
әрекетінің алуан түрлері мен танысып, оларды меңгере алумен байланысты.
Бастауыш
мектеп кезеңіңде негізгі іс әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық
психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс әрекет белсенділігін көрсете отырып,
ақыл ой еңбегіне зейін арқылы жүзеге асырады
Оқу іс әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді
мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір
Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі
күрт жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестету
үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш жігерді
керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады. Бастауыш мектеп
кезеңінде алған білімдері бала өз іс әрекетінде қолдануға машықтанады.
Баланың ақыл ой әрекетінің дамуы үрдісінде орындау практикалық әрекетінен
ішкі ақыл ой әрекетіне көшу көрінеді. Дегенмен, практикалық әрекет
жоғалмай, керісінше, оқушының жаңа, қиын тапсырмаларды орындау негізінде
байқалады. Ойлаудың ішкі жоспарға көшуі арқылы ізденіс, негізгі сипаттағы
практикалық әрекетті орындауды үренеді.
Оқу үрдісіне ой операциалары да іске асады. Елестету бойынша
заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Абстрактылы ұғымдарды салыстыру
байқалады. Логикалық ойлауының даму ерекшелігінде ой қорытындысын жасай
алу, себебі салдар анықтау, түсінік беру сияқты түрлері анық көріне
бастайды.
Оқушыларға жоғары дәрежеде, жүйелі түрде және нәтижелі ақыл ой әрекеті
дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа
техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы
баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады.
Бала тілінің дамуының мотивтеріне құрбыларымен, ересектермен қарым қатынас
жасау, қоғамның жаңа талаптарына сәйкес нәрселерді білгісі келетіндігі,
түсіндіруге тырысушылық, әнгімені эмоциялық тұрғыда жеткізе білу жатады.
Бала бойында кездесетін әр түрлі жағдайларда ішкі сөйлеу қалыптасады.
Сөйлеудің коммуникативтік, сигникативтік функцияларын қолдана алады. Өзін
қоршаған орта туралы, қоғам өзгерістері жайлы, бір қатар ұлттар арасындағы
өзара қатынастар мен өзгешеліктер туралы тыңдау, оқу, әңгіме, пікірталас,
талдау сияқты түрлерді меңгере бастайды.
Бастауыш мектеп жасындағы көркем жазу бала ойына едәуір ( көркем жазу
ойы) өзгешелік енгізеді. Көркем жазу сабағы ана тілінің граматикалық
табиғатын ашады және ана тілін еркін меңгеруге мүмкіндік береді.Баланың
алғашқы мектеп табалдырығын аттауы – оның бойында күрделі сезімдер
түғызады. Бұл балалар арасындағы, әр үйдегі, әр мектептегі жаңа талаптарға
негізделеді. Қоғамдық талаптарының өзгеруі баланың жеке басындағы
адамгершілік, жауапгершілік, әділдік, қайырымдылық, еңбектілік сияқты
қасиеттерді ашады.
Бастауыш мектеп оқушысының ерік сапаларының дамуы: бір бірінің,
жетістіктерге жету мақсаттарының мазмұны мен көлемінің ұлғаюына және
өзгеруіне, екіншіден, ішкі және сыртқы қиындықтарды жеңе алуына, үшіншіден,
ұзақ уақыт күщ жұмсай алуына, психологиясын, өзін ерікті тежеу барысында
өзін өзі менгеру, тоқтамға келуінде қалыптасады.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жеке басының дамуы- оқуы мен танымдық
әрекеттің қалыптасуында оқу іс әрекетіндегі белсенділігі мен адамгершілік
қасиеттерінің қалыптастырудағы қарқынды кезең. Олардың өзгелер мен қарым
қатынас жасау белсенділігінің күшті кезеңі деп аталады.
Бастауыш сынып оқушыларының недәуір мүмікншілігі бар. Себебі
олардың интелектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі дейтін Ж.
Пиаженің пікірі дұрыс болғанымен, қазірде бұрын анғарып көрмеген қабілеті
бар екені анықталып отыр.Осыған сүйеніп кеңес психологтары қазіргі күнде
беріліп жүрген оқу тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз дейді. Олар
мүмкіншілігін толық тауыса алмайды. Сондықтан бұлардың оқуға мүмкіншілігін
толық пайдалану үшін тапсырманы онан әрі қиындату қажет дейді. Егер осы
жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе оқуға кіргеннен кейін
оқу қызметі шешуші роль атқарады. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып
баланың психикалық дамуын ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге
ұшырауының себебі ойыеға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында.
Соңымен қатар оқуға жаңа түскен бала сыныптағы құрбылары мен қатынас жасап,
осының нәтижесінде өзінің психикалық байлығын дамытып, жаман жақсыны
ажырата бастайды. Деген мен әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала
әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстінде мына сияқты қиыншылықтар
кездеседі: біріншіден бала мектептің жағдайына бейімделе алмай қиналады.
Осының нәтижесінде тез болдырып шаршауы да ықтимал. Екіншіден мұғалымнің
өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым қатынас жасауға үйрене
алмағандықтан бала қиналады, сыныатың мұғалымі қанша жақсы болғанымен, бала
оған бата алмай, бірденені сұрау үшін сескенеді. Сол сияқты қасындағы
партада отырған кім, оған сыр айтуға бола ма, кіммен ойнауға болады, кіммен
болмайды, осыны білмейді. Бірақ көп ұзамай бала үйреніп жатырқауын
тоқтатады. Сонымен қатар бала оқуға кіргеніне мәз болып әке шешелеріне
еркелеп, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше
көңіл бөлуді талап етеді.
Үшіншіден бірінші сынып оқушыларға қойылатын талаптар тым жеңіл келеді.
Тапсырмалардың жеңіл болуы баланы қиыншылықпен күресуге жетелемейді,
дегенмен бала оқиды, оқығысы келуі мектептегі жағдайдың оған қызық
көрінуінен мектепке келу қызық болып көрінгенімен оқуға арналған баланың
қажеттілігін жөнді дамыт алмайды. Осының нәтижесінде мектептің жағдайына
қызығу балада бірте- бірте сенеді де, оқуға немқұрайды қарайтын болады.
немқұрайлықпен күресу үшін балагың оқуға ықыласын тудырып, тапсырмаларды
бірте- бірте қиындату қажет. Әдетте, оқу материалы жеңіл келсе, баланың іші
пысып, жалқаулыққа салынады. Ал тым қиын келсе, әлі жете алмағандықтан
үлгерем деуден күдеу үзіп, одан бас тартатың болады.Осы екі жағдайдың екеуі
де қолайсыз, сондықтан тапсырманың қиындығы оқушы үшін қолайлы дәрежеде
құрылуы тиіс. Егер қолайлы етіп ықшамдау қиын келсе, тапсырманың жеңіл
болғанынан гөрі қиынырақ келуі әлде қайда ұтымды. Себебі азды - көпті
қиындығы бар тапсырмалар баланың қиналуына, ақыл ойының алға қарай
өрістеуіне жағдай туғызады. Осы үш түрлі қиыншылықтардың кездесетінін
бірінші сыныптың бас кезінен бастап еске алу қажет.

1.2.Оқушылардың психолого - педагогикалық дамуының сипаттамасы
Баланың мектепке келуі және осымен байланысты өмірдегі жаңа
бейнелер оның әлеуметтік жағдайын түп - тамырымен өзгертеді.
Қоғамдық қатынастар жүйесінде ол енді жаңа тәртіп—оқушыны осыдан
шығатын барлық заңдар мен міндеттерді иеленеді. Мектеп
оқушыларының типтік қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері үшін,
орта мектеп жасына өтудің дайындығының негізгі қажеттілігі ретінде
оқушы позициясының ішкі қабылдауы жүйелі, бұған біртұтас жүйелі
факторлар себепші болады.

Ең алдымен қоғамдық қатынастар жүйесінде жаңа орынды
бала—оқушы алып отырғанын, оларға үлкендердің елеулі өзгерісті
қатынастары болу қажет екенін ескеру керек. Бала дамуының дәл
осы сатысында (этап) үлкендердің алатын орыны ерекше—бұл олардың
өмірін ұйымдастырушы, әсіресе білімді меңгеруде, оқу-әрекетіне
жұмылдыруда, жасаған істері мен жеке қасиеттеріне баға беруде аса
маңызды рөл атқарады. Үлкендермен қарым-қатынастары бастауыш,
орта, жоғарғы сынып оқушыларының дамуында негізгі фактор болып
қала береді.

Оқушылардың жеке-басының қалыптасуына, әсіресе оның
психологиялық дамуында негізгі шешуші рольді оқу-әрекеті атқара
бастайды, бұл жолда баланың ғылыми білімдерді қарқынды меңгеруі
жүреді, танымдық және ақыл-ой күштері дамиды. Белгілі психолог
Д.Б. Эльконин оқу әрекеті арқылы баланың үлкендермен қарым-
қатынастарының барлық жүйесі мен жеке қарым-қатынасы білінеді, деп
көрсетті.

Мінез-құлқы қиын балалар үшін рухани қажеттіліктер мен
қызығушылықтарының кедейлігі, адамгершілікке жат мінез-құлықтың
тәсілдеріне тән, мұндай балалардың басым көпшілігі сабақты нашар
оқиды, олардың танымдық қабылеттерінің дамуы қалыс қалған.

Оқушының ішкі позициясының балада қадыптасуы көбіне оның оқу
әрекетінің белгілі мөлшерде нәтижеге жетуіне байланысты болады.
Үлкен мөлшерде білімді жүйелі түрде биімделудің қажеттілігін
психикалық процестердің дамуын, қалыптасуын күшейте түседі. Бірақ
та бұл үлкендер тарапынан аталған процестерге басшылық жасауын
тақтатып тастамайды. Мұғалімдер, ата-аналар, тәрбиешілер дәл осы
кезде баланың психикасында қандай өзгерістер болып жатқанынан
хабардар болып отыруы керек. Психикалық процестердің жұмыс
істеуінің біршама жоғары қалыптасуын баладан ерікті мінез-құлық
түрінің дамуының негізін құрайды, баланың мінез-құлық актісінде
мотивациялық деңгейінің дамуымен байланысты барлық мақсатқа
бағытталған ниет, талаптары артады. Мотивациялық өрістегі өзгеріс
баланың жеке-даралығын маңызды түрде қайта құрады.

Өзімен бірге оқитын оқушылармен тығыз өзара қатынастарының
құрылуы, құрбыларының арасында өз орнын анықтау, әр түрлі
жағдайлардағы мінез-құлық ережелерін меңгеру, оларды өзіне талап
етіп қоюының қажеттігі, мектеп оқушыларының мінез-құлқы факторлары,
эмоцияналды және адамгершілік жүгін арттырады. Бұл уақытта
үлкендер баланың жанында болуы тиіс, өйткені дәл осы сәтте
оларды қолдау қажеті туып қалуы мүмкін болады.

Баланың психикалық дамуында өмірдегі өтіп жатқан өзгерістер
мектеп жасына дейінгі балаларда бұрыннан бар “психологиялық білім
байлығына” біртіндеп қосылмайды, олар баланаң мектепке келуінің
бірінші күннен бастап легімен құйылып жатады және бұл оларда
айқын түрде көрінетін стерсстік күйін туғызары анық.

Бастауыш мектеп жасын психологтар көбінесе білімді меңгерудің ,
жинақтаудың, сіңірудің, жоғары қабылдаудың, зейінділіктің жасы деп
санайды, яғни танымдық кабілеттерінің нағыз өркендейтін кезеңі деп
атайды, бірақ та бұл жастағы мінез-құлқы қиын балалардың зейіні
тұрақсыз, тез әлсірейді, қабылдаулары нашар, есі әлсіз, бірақ
қызығушылық тудыратын хабарлар есінде жақсы сақталады, ойлау жақсы
жетілмеген, төмендеу, сөздік қоры аз, ерік-жігері бұзықтық іс
жасағанда қайсарлық танытумен көрінеді, ал жағымды істер жасағанда
қажырысыздық көрсетумен көрінеді.

Мінез-құлқы қиын балалардан істеген істеріне, қылықтарына дұрыс
баға бере алмайтынын байқауға болады.

Бастауыш мектептік кезең, кейінгі зерттеулердің дәлелдеуі
бойынша, адамгершілік дамуының, моральдық мөлшерді меңгерудің
қарқынды даму кезеңі. Адамгершілік дамуы өзіне адамгершілік сана-
сезімді, адамгершілік мінез-құлық және адамгершілік қарым-қатынасты
жинақтайды. Бұл кезеңде оқушыны тәрбиелеудің негізгі бағыты - құлық
мотивтері мен әдеттерді қалыптастыру. Мектепке жаңа келген
балаларды қалыптастыру біршама қиындықтарды тудырып жатады, олар
әлі де болса моральдық жағдайларды біржақты қабылдайды, оларға
талдау жасауға қиналады: жасы өсе келе бұл жастағы балалардың
бағалаулары біршама бейімделіп, адамгершілік мінез-құлық ережелері
негізделе бастайды.

Баланың моральдық бейнесі, моральдық мінез-құлық психикасы,
оның іс--әрекеті үстінде дамиды, ал іс қимылдың алғашқы іргетасы
балалық кезде қалыптасады.

Мінез-құлқы қиын балалардың жеке-басының дамуында өзіндік
бағалау үлкен рөл атқарады, өкінішке орай бұл балаларда өте
төмен болады. Өзіндік бағалау сана-сезімнің компонеті бола отырып,
ол мінез-құлық регуляциясының жеке-бас факторы функциясын атқарады.

Жеті-сегіз жасқа дейінгі балаларда басқа адамды жақсы не
жаман деп қана бағалау болса, мектепке келген, жасы 7—12 жасқа
дейінгі балаларда басқа адамды бағалау біршама сараланып,
жоғарыланады, бірақ та әлі де болса қарама қарсы, теріс
қасиеттерінің, мінез-құлықтарының болу себептерін түсіндіре алмайды.

Бастауыш сынып оқушыларының жеке-басын қалыптастыруда үлкен
орынды эмоция алады. Оларда жарқын, күшті көңіл-күйлер басым
болады. Бірақ та кейбір жағдайларда, өзіне маңызды болып
саналатын іс--әрекеттер қанағаттандырылмаса, оларда жан-күйзелісі,
қайғырулар болуы мүмкін.

Мінез-құлқында қиындығы бар балалар үшін жоғары деңгейдегі
эмоционалды қозғыштық тән екендігін байқауға болады. Мінез-құлқында
айтарлықтай ауытқуы бар оқушылардың көпшілігінде тежелулері әлсіз,
өзінің талаптану, тілек-ықыласы, сезіміне деген төзімділігі нашар
дамыған, сол себепті көп жағдайларда олар ата-аналарының,
мұғалімдерінің, үлкендердің қоятын талаптарына қарсы шығып, дау,
жан-жал тудырып жатады. Бұл жастағы балалардың жеке-басының
дамуына ерекше көңіл бөлу қажет. Оларға айқайлау, белдікпен ұру
немесе желкеге ұру сияқты “көріністер” керек емес, оларға жан-
жақты көмек, адамдық сезімнің жылылылығы, шын көңілмен сүю, ұғу
қажет. Тіпті жай ғана бір мысалды алып көрейікші: егер де гүлді
күтсең, суарсаң, жақсы қарасаң, онда ол жайқалып өседі,
адамдарға өзінің әсемдігін, түсін береді, ал егер оны қарамасаң,
ол сарғайып, солып қалады. Міне, бұл қарапайым шындық. Бірақ та
осы шындық сырт көзбен бақылап қарасаңыз көп жанұяда ұмытылып
жатады немесе бұл туралы олардың ойлағысы келмейді. Әрине, мұндай
жанұяда тәрбиеленіп жатқан әр балада тыныштығы мен жанының
жайбырақаттығы, әлі қатып үлгермеген психикасы бұзылады, яғни
мінез-құлқы бұзыла бастайды. Жанұяның дұрыс құрылмауы, оның сәтсіз
болуы, ондағы жанжал, ұрыс-керістер мінез-құлықтағы қиындықтың
пайда болуына, оның тәрбиесіне елеулі әсерін тигізеді.

Бөлім ІІ . Оқыту барысында төменгі сынып оқушыларының танымдық
ерекшелігін дамыту жолдары.
2.1.Қабылдау саласындагы айырмашылықтар және бала бойында дамыту жолдары.
Адамдардың барлығы біркелкі қабылдай бермейді. Мұнда топ адамға тән
типтік өзгешеліктер де болады. Кейбір адамдар қабылдау кезінде заттың
өзіне, жеке тұрқына, сырт көрінісіне көңіл аударуға бейім болады, олар
көргенін баяндауды ғана мақсат етеді. Енді біреулер сол заттың мән-
мағынасына кез жібереді, қабылдағанын жан-жақты түсіндіріп беруді
қажетсінеді. Осы айтылғанға орай бірінші топтағы адамдарды қабылдаудың
баяндаушы типіне, ал екіншілерін түсіндіруші типке жатқызуға болады.
Қабылдау саласында адамдар объективтік және субъективтік типтер болып
та бөлінеді. Бірінші типтің өкілдері заттар мен қүбы-лыстарды дәл, айқын,
ешбір қоспасыз, сол қалпында қабылдайды, өз жанынан еш нәрсе қоспайды. Ал
субъективтік типтегі адамдардың қабылдауында долбарлау, қиялдап жаңа
образдар қосу жағы басым болады. Мұндайда қабылданатын затган гөрі адамның
сезім күйлері (үміт, үрей, елжіреу, алдану т. б.) ерекше әсер ететін
болады. Субъективтік типті кейде қабылдаудың эмоциялық типі деп те атайды.
Қабылдау синтездік (сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын үнемі
түтастай қабылдап, бірақ оның ұсақ-түйегіне жөнді мән бермейтіндер),
анализдік (мұндайлар керісінше заттардың ұсақ-түйектерінен шыға
алмағандықтан, оны тұтастай қабылдауға шорқақ болады) типтер де кездеседі.
Халық осылардың біріншісін көрмес түйені де көрмес десе, екіншісін
Түймедейді түйедей ететіндер дейді. Қабылдаудың өмірге өте икемді типі
анализдік-синтездік тип. Қабылдау саласындағы типтік ерекшеліктер бұл
айтылғандармен ғана шектелмейді. Сондай-ақ, бүлардың қай-қайсысы да
тұрақты, өзгермейтіні қажет емес. Тұрмыс, дағды-әдет, іс-әрекеттің мақсаты
мен мазмұны, адамның жас және дара ерекшеліктері т. б. белгілі жағдайларда
қабылдау саласындағы типтік ерекшеліктерді өзгеріске түсіріп отырады.
Балаларда қабылдаудың дамуы түйсік, ойлау процестерінің дамуымен бірге
жүріп отырады. Қабылдаудың дамуында тілдің шығуының маңызы зор. Өйткені
қабылдаған нәрсенің аты-жөнін атап отыру — оның мағынасын ұғынуға жөрдем
етеді. Мағынасын ұғыну арқылы ғана затты жақсы қабылдауға болады.
Уақытты дұрыс қабылдау да балаларға қиын. Бөбектер күн мен түнді,
жылдың төрт маусымын бір сыдырғы ажыратқанымен, бүгін мен ертеңді, кешегі
мен бүрсігүнді бір-бірімен шатастырып отырады. Олардың үзақ мерзімді, келер
шақ пен өткен шақты қабылдауы да өте мардымсыз.
Үшінші сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы осындай
қателері азая бастайды. Оқушы заттың негізгі белгілерін байқай алатын
болады. Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді. Бала өр заттың өзіндік
белгісін ұққысы келеді, оның меніне, ішкі, сыртқы құрылысына, жасалу
принципіне зер сала бастайды. Енді затты жан-жағынан байқап көргісі келеді.
Заттарды дұрыс қабылдай алу, мөніне түсіну барлық пәндер бойынша бірдей
болмайды.
Қабылдау процесінің күрделене түсуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу-танымдық іс әрекетінің негізгі мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Мектепке дейінгі балалардың оқу танымдық іс -әрекетін ұйымдастыруды теориялық тұрғыда негіздеу
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру жайлы
Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Мeктeпкe дeйінгі мeкeмe бaлaлaрының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды тeориялық тұрғыдан нeгіздеп, оны белсендетудің әдіс-тәсілдер жүйесін жасау
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін арттыруда оқу-танымдық әрекетті жетілдіру
ЕРКІН ОЙЫН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу үрдісінде тәрбие формаларын қолдану
Пәндер