Сұхбат түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ.
1.КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..3
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1. Телевидениедегі сұхбат жанры және тікелей эфир ... ... ... ... ... .5
1.1.Сұхбаттың стильдік ерекшелігі және сұхбат алу әдістері ... ..10
1.2. Сұхбат
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...12
2.Сұхбат жанрының тележурналистикада алатын орны ... ... ... .15
2.1.Публицистикадағы сұхбаттың
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.2.
Телесұхбат ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .21
3.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе.

Журналист қай кезеңде де қоғамды толғантып, көпшілікті ойландырып
отырған мәселелерге үн қосады және оларды шешудің оңтайлы жолдарын
іздестіреді. Әңгіменің өн бойындағы ойлар мен пікірлерді ұлттық мүддеге
негіздеп, елдің ертеңіне қызмет жасауға икемдейді. Жүректерді мазалаған
жалынды ойлар көкіректі жарып шығып, мейлі ол президент болсын не премьер
министрлер болсын, сол биік дәреже иелеріне құлаққағыс болып және
журналистің сөз майданындағы айқасына алып келеді.
Тақырыбымның өзектілігі: Қазіргі кезде, тіпті бұрын да көгілдір
экранда, радиода, баспасөзде де ең көп тараған жанр – сұхбаттың әлі күнге
дейін өз ерекшелігімен көрермендерін таң қалдырып, өзектілігін жоймай,
заман талаптарына сай өзгеріп жаңа қырымен танылуында. Біріншіден, әрі
жанр, әрі ақпарат алу әдісі ретінде дуалистік сипат алған бұл жанр өз еңбек
жолын теледидардан бастаған. Жас мамандар таңдайтын бірден бір жетекші жанр
болып отыр.Себебі, өзге жанрлардың да құрамында кездесетін сұхбат болып
көрінеді. Мен айтар едім сұхбат – жүргізушіден табиғи талантты ететін өнер
жанры. Сұхбатты терең зерттеп, оның қыр-сырына үңіле берсек, оның қыр сыры
көп сыршыл жанр екенін аңғарамыз. Уақыт талабына сай сұхбатқа қойылатын
талап пен талғам өсуде.
Бүгінгі ақпарат ғасырында көрермен талғамы зор. Көңіліне жақпаған,
көкейіндегіні тамыршыдай дөп басып, талғамына сай болмаған болмаған хабарды
көрмейді, себебі, қазіргі кездегі көрермендердің алдында таңдау бар.Ендеше
эфирде, әсіресе, тікелей эфирде сұхбат жүргізу қиынның қиыны. Неге сұхбат
жүргізу өнер деймін? Себебі, сұхбат жүргізушіден тек қана кәсіби білікті
ғана емес, сонымен қатар табиғи талантты да талап етеді. Сұхбат жүргізетін
журналистің бойында суырып салмалық өнері болуы шарт. Студиядағы қонақтың
журналистке деген сенімділігі- ең маңызды нәрсе. Журналист осы биікке шығу
үшін өзінің таланты мен дарынымен қатар білімі мен парасат-пайымын әрекетке
қосады. Бұл жерде шеберлігі деген нәрсе шығады. Оның бір қыры-
сұхбаткезінде өзінді көрерменнің орнына қоя отырып, олардың қандай жайларды
білгісі келетіндігін үнемі назарда ұстау. Экран алдындағы адамдардың көңіл-
күйімен ойнауға да, оларды жасанды әрекеттермен алдауға да болмайды.
Теледидарда көп жылдар жұмыс істеп төселген, өзіне сенімді
жүргізушілер көпшілігінде, тікелей эфирге не кейіпкерімен еркін, батыл, әрі
нақтылы сұрақтар төңірегінде ой бөліскенді қалап тұрады. Мен осы жұмысымды
жазу барысында эфирдің қатаң заңдылығын ескере отырып, тікелей эфирде
сұхбат жүргізудің әдіс- тәсілдерін үйрендім.
Қарап отырсақ тікелей эфирде сұхбат жүргізу- қиын да қажырлы еңбекті
қажет ететін процесс. Эфирде соншалық шапшандықпен жұмыс істеп, шешім
қабылдау үшін қаншама білім мен біліктілік, интелектуалдық ауқымдылық
керек.
Тікелей эфирдегі сұхбат- шындықтың қазаны деймін. Тынымсыз әрі сан
реңке толы, қайнаған өмірді өзінің бар шындығымен, сол қалпында көрсету де
туындыны өмірге әкелетін топтан білгірлік пен білімпаздықты қажет етеді.
Кино өнерінің аса көрнекті қайраткері Михаил Ромм: Тікелей интервью
жүргізу, өмірді тікелей барлау- міне бұл документальды телевидениенің
документальды кинодан артықшылығы. Бірақ интервью бізде алдын-ала
дайындықтар барысында жүргізіледі. Ал осыған қарама-қарсы дайындықсыз
интервью бәрінен де көрнекті, шынайы шығатыны белгілі. Осы сияқты адам еш
ескертусіз сөйлер кезде де әуелі ойланады,есіне түсіреді, содан кейін барып
айтар ойын тауып алады, немесе таба алмай қиналады- міне телевидениеге тән
табиғат осы . Осыдан-ақ тікелей эфирдегі сұхбаттың шынайы дүниеге екенін
ұғамыз. Эфирде айтылған сөз-атылған оқ дегенді есте ұстаған жөн.
Жүрек түкпірінен бұлқына шыққан шынайы ойлардың , табиғи, әсірелеусіз
күйінде көрермендерге берер әсері мол. Көрікті ой бар асылымен қопарыла
көтеріліп, мөлдір таза күйінде ұсынылса ғана жасандылық пен жаттандылықтан
аулақ болады. Боямасыз шынайылық қана өмірді сол қалпында көрсетеді.
Менің жұмысым сұхбат жанрының қыр-сырына талдау жасай отырып, тақырып
таңдау мен проблема көтеру мәселелерін қамти отырып, сол сұхбаттың сәтті
шығуын өз қолына ұстаған жүргізуші рөліне де тоқталып, сұхбаттың эфирдегі
шынайы өнер екенін дәлелдеуді мақсат етеді.
Сұхбат бұрынғыдай емес, қазір оның бет бейнесі өзгерді. Жүргізушілер
көрермен талғамына сай оны басқаша жүргізетін болды.
Жұмыстың мақсаты: Біріншіден, тікелей эфирде жүргізілетін сұхбаттың
сырына терең үңіліп, теориялық және тәжірбиелік талдау жасау. Екіншіден,
сұхбат жүргізудің өзіндік әдіс-тәсілдерін зерттей отырып, көтерілетін
проблемаларды тақырыбына қарай жіктеу. Үшіншіден, ең оңай деп есептелетін
сұхбат жанрының өзіндік қиындығы бар екенін көрсету және оның кәсіби
шеберлікті талап ететін қиын да күрделі жанр екенін теориялық тұрғыдан
негіздеу.
Тақырыптың зерттелу негіздері: Осы кунге дейінгі телевизиялық жанрлар
туралы жазылған еңбектерді қарастырып, солардан өзіндік қорытынды шығару.

1. Телевидениедегі сұхбат жанры және тікелей эфир.

Сұхбат алдымен ақпараттық жанр. Ақпараттық жанрлар белгілі бір оқиға,
факт жөнінде хабарлау, қоғамды ақпараттандыру, ол хабарлама немесе репортаж
түрінде берілуі әбден мүмкін. Оған қойылатын талап дәлдік, ақпараттың
қысқалығы. Барлық ақпараттық жанрға ортақ қасиет бар, факті өзектілігі,
оның берілу жеделділігі. Бақылау, тәжірибе, сұхбат- бұл ақпараттық
жанрлардағы материал дайындаудың негізгі әдістері.
Алдымен сұхбаттың тарихына тоқтала кетсек, 60 жылдары сұхбат жанры
сол кезең үшін тиімді болып, әрі ол студияда көп шығынды қажет те етпеді.
Екіншіден, аудитория талабын дер кезінде терең сезінген режиссер студиядағы
сұхбаттың жауапкершілігін өз мойына алатын комментатор проблемасын да күн
тәртібіне орынды қойып отыр.
Телеэкранда сұхбат айрықша орынды иемденеді. Жаңалықтардың бірде-
біреуінде журналист сұрақ қоймаған, не оқиғаға қатысушымен тілдеспеген
деректі кездестіруге қиын . Сұхбат- теледидардан сан алуан түрлерінде
үздіксіз кездеседі. Теледидарда осы жанрда арнайы хабар да жасалады. Оған
С.Орзалиновтың ақын жазушы, өнер қайраткерлерімен жүргізген Сұхбат хабары
дәлел.
Сұхбат ағылшынның беседа деген сөзінен шыққан. Мағынасы баспасөзде
жарияланып, радио мен теледидарда берілуге арналған саяси, қоғам
қайраткерінің баспасөз, радио, теледидар қызметкерлерімен болған әңгімесі
дегенді білдіреді.
Сұхбат- журналистің саясаткер немесе қоғам қайраткерімен өзекті сұрақ
төңірегінде өтетін публицистикалық жанр. Сұхбат-дуалистік жанр, бұл бір
жағынан журналист үшін адаммен қарым-қатынас арқылы ақпарат алу түрі,
екінші жағынан диалог, беседа түріндегі жанр. Сұхбаттың құрамында екі
жанрлық элемент бар: 1)журналистің қояр сұрағы;
2) сұхбат берушінің қайтарар жауабы.
Біріншісі- құралды иеленуші, екіншісі- ақпараттың қайнар көзі. Сұхбат
берушіні кейде журналист өзі тандайды, бұл ретте сұхбат беруші сөзге шешен,
салмақты ой айтатын, халыққа танымал, әйгілі адам болуы мүмкін. Кейде
журналист болған оқиғаға, күн тәртібіндегі жағдайға байланысты соған қатысы
бар кез-келген адамнан сұхбат алуға мәжбүр болады. Эфирдегі сұхбат
журналистің сұрағына жауап беріп тұрған адамның көңіл-күйін, ішкі сезімін,
көзқарасын, мәдениеттілік деңгейін бейне аясында толық қамтиды. Сондықтан
да, әсіресе, тікелей эфирдегі сұхбат өмірімдегі шынайы сәт болып табылады.
Сұхбат жанры туралы зерттеушілер арасында күні бүгінге дейін ортақ
пікір жоқ. Т.Амандосов: әңгіме,анкета, сұрақ-жауап,дөңгелек үстел
басындағы әңгіме сұхбат десе, Т. Қожекеев: хабарлама,
түсіндірмелі,мазмұндама суреттеме, сын, ресми сұхбат, М.Барманқұлов
сұхбат жанрын төрт шағын топқа (сұхбат-пікір, сұхбат- ақпарат, ақпарат-
эмоция, социологиялық сұхбат), ал сұхбат алушының сипатына қарай екіге
(тікелей журналистің өзі алатын және оқырман, телекөрермен мен
радиотыңдарман алатын сұхбат ) бөледі. Сонымен бірге М.Барманқұлов
жанрлардың диалогтық тобы деп оған сұхбат, баспасөз-конференциясы және
дөңгелек үстел басындағы әңгімені жатқызады.. Журналист анықтамалығы
кітабында сұхбаттың монолог, диалог,суреттеме, анкета және ұжымдық
түрлері болатындығы айтылған. Авторлар дөңгелек үстел басындағы әңгімені
сұхбаттың ұжымдық түріне жатқызса, енді бір оқулықтарда сұхбаттың
монолог, хабарлама, диалог, суреттеме, форум, анкета, баспасөз маслихатынан
есеп түрлері болатындығы айтылған. Сондықтан да сан алуан пікірді қоғамның
дамып, өзгеріп, жаңарып отыратындығығымен байланыстыра қараған орынды.
Бұрын Қазақстан-1 телеарнасы бойынша берілген Республика алаңы, 4
хабарының ерекшелігі- тікелей эфир барысында келіп түскен көрермен
сауалдарына білікті адамдардың жауап беруі бұл сұхбаттың тиімді әдістерінің
бірі.
Сұхбат жанрын зерттеген В.Ворошилов, М.Барманқұлов.Т.Қожекеев сынды
ғалымдарымыз сұхбат жанрын бірнеше түрге бөледі. Мәселен, М.Барманқұлов
сұхбат түрлерін сұраушы мен сұралушы көзқарастарына қарай бірнеше түрге
бөледі. Түріне қарай сұралушының сұхбатын төрт түрге бөлуге болады: 1)
Сұхбат-көзқарас; 2) Сұхбат-хабарлама; 3) Сұхбат-эмоция; 4) Сұхбат-
әлеуметтік зерттеу.
1. Сұхбат көзқараста көрнекті, танымал, атақты адамдар қатысады.
2. Сұхбат- хабарламада жоғарғы лауазымды, бірақ аты жөні көпшілікке
таныс емес кісілер қатысады.
3. Сұхбат- эмоцияға кездейсоқ оқиғаның куәгері , көпшілікке танымал
емес адамдар қатысады.
4. Әлеуметтік зерттеу сұхбатында жауап беруші тұлға екінші жоспарға
ысырылады, жауап беруші бүркеніштік атпен де шығуы мүмкін. Біріншіден-
тұлға, екіншіден- қызмет, үшіншіден- оқиға куәгері, төртіншіден-бүркеніштік
арифметиканың орта биіктігі болып табылады.
Ал ТВ репортер жинағында сұхбаттың 5 типі берілген: 1. Хаттамалық.
2. Ақпараттық. 3. Сұхбат-портрет. 4. Сұхбат-дискуссия. 5. Сұхбат-сауалнама.
Хаттамалық пен ақпараттық сұхбаттарды біріктіріп жіберуге болады.
Сұхбат-портрет немесе сұхбат- дискуссияны жанрдан гөрі тәсіл деп қарауға
болады. Сұхбат барысында халықтың сеніміне кірген, көпшілікке танымал
адамдардың пікірі қызықтырады. Халық бұл хабарламадан лауазымды адамның сол
мәселе туралы пікірін білгісі келеді. Мұндай сұхбатты бедел сұхбат деп
атауға болады. Бұл жағдайды Әл-Фараби өзінің философиялық трактатында
ескерткен еді. Осындай беделді адам сұхбат-пікірге де қажет. Олардың
пікірлері беделді болғандықтан да тексеруге жатпайды, бірден қабылданады.
Теледидарда қосақталған сұхбат қолданылады. Оған бір-біріне
кереғар пікірдегі екі адамды қатыстырады. Оған телекөпірлерді алуға болады.
Бұл бағдарламаға қатысушылар әр қаладан болады. Мұндай сұхбаттар жер-жерден
көптеген көрермендер қызығушылығын арттырып отыр.
Ақпараттық сұхбатты лауазымды адамдармен жүргізеді. Мәселен, Эйр
Қазақстан ұлттық компаниясын құру туралы үкіметте шешім қабылданған.
Көптеген кісілер өз пікірлерін айтуға тырысты.
Сұхбат алған кезде жауап берушінің типтерін ескеру керек. Француз
социологтары Р.Пенто және М. Гравицаның кітабынан сұхбат алу кезіндегі
адамдар туралы мінездемені табуға болады:
1.Жасқаншақ адам өз ойын жеткіліксіз айтам ба , -деп қорқады;
2. Қорқақ жауап беруден сақтанып отырады, саяси сұрақтардан
қашқақтайды;
3. Мылжың адамдар болады, әңгіме барысындамұндай адамдардан басқа
проблема туындайды. Ол адамды бастапқы тақырыпқа оралта отырып, оның алға
қарай кетуіне кедергі жасап, тақырыптан ауытқымауын қадағалап отыру керек;
4. Бәстескіш. Ол сұхбат алушымен диалогты өзі құрастырғысы келеді, оны
дәлелдеп көз жеткізуге тырысады;
5. Ойынпаз. Өкінішке орай бұл тип жазбаша сауалнамада кездеседі, ал
сұхбатты сирек кездеседі;
6. Өзіне сенімді адам. Бұл сұхбат берушімен журналистің жұмысы жеңіл
өтеді. Ол барлық сұраққа сенімді түрде нақты, жинақы жауап береді.
Сұхбат жанры қалай дамыды дегенге тоқталсақ. Жалпы теледидар
тарихына, оның алтын қорына Сұлтан Оразалин қосқан жаңашылдық мол. Соның
жарқын бір дәлеліндей Сұхбат циклын атауға болады. Сұхбат циклы әу
баста үлкен сөз зергерлері мен өнер адамдарыңың шығармашылық портреттерін
жасау ғана емес, сонымен бірге олардың өзін , әңгімесінің тарихы үшін
табиғи жасалған бейнелі фильмдерден тұрады. Үлкен сөз зергерінің не өнер
адамының кескін- келбеті болмыс-бітімі ең алдымен оның азаматтық ажары мен
адамгершілік тұлғасынан, творчестволық өзіндік ізденісінен, келелі ой
пікірлерінен көрінеді ғой. Ал оны жан-жақты ашу оңай емес деп ой
түйіндейді, белгілі тележурналист Марат Тоқашбаев . Соған қарамастан
Сұхбат арқылы халқымыздың мақтан тұтар бірқатар перзенттерінің өзіндік
портреттергалериясы жасалды. Әдебиетіміздің қадірменді ақсақалдарының бірі
болған Сапарғали Бегалинмен, атағы айдай әлемге әйгілі Шыңғыс Айтматовпен,
академик-жазушы Ғабит Мүсіреповпен, көркем сөздің ұланғайыр шебері Ғабиден
Мұстафинмен әңгімелердің қай-қайсысы да шоқтықты дүниелер. Жалпы жанрлық
тұрғыдан алғанда Сұхбат фильм-диалог формасындағы публицистикалық
телетуынды. Мұндағы әр хабардың иірімді ойдан, сыршыл сезімталдықтан,
творчестволық ізденістен туатындығы сөзсіз. Сұхбат- синтезделген
творчестволық әдістер арқылы суреткердің телекамера алдында жан-жүрегімен
ашылу сәті. Кейіпкердің белгілі бір мәселеге, оқиғаға жеке көзқарасын,
айтылмаған ойларын ортаға салғызу айрықша икемділікті, шынайы шеберлікті,
үлкен білгірлікті қажет етеді.
Қазіргі кезеңде көрермен дер сұхбат жоқ демейді, оның жауабының
ұзақтығына, кей кезде жауаптар тақырыпқа сәйкес келмей жататынына көңілдері
толмайды. Сұхбат бұл баспасөзде кең қанат жайған жанр. Радиохабар шықты,
одан кейін теледидар, соңынан олардың табиғаты туралы пікірталастар
басталады. Сұхбат көптеген жаңалықтарға жол ашты. Радио арқылы берілген
сұхбат көп адамдарды таң қалдырды. Газеттерде, баспа беттерінде жаңа
рубикалар жарияланды, яғни белгілі бір адамдармен өткізілген радиосұхбат
олардың қығушылығын арттырды. 1927 жылғы Журналшы журналында
Е.Дмитриевтың Радио-сұхбат және радио-арман мақаласы жарық көрді. Ол бұл
мақаласында Бұл жаңа айдар француз баспасөзіндегі бірден-бір жаңалық,
алғашқылардың бірі, -деп атап көрсетті.
Сұхбат туралы әртүрлі пікір айтуға болады. Газеттегі сұхбат пен
радиодағы сұхбаттың бір-бірінен айырмашылығы жоқ екенін аңғаруға болады.
Көптеген теоретиктер сұхбат пен әңгімені теңестіруге ге тырысты. Бұл
туралы Л. Рукавишникова Телевизиялық әңгіме мен сұхбаттың ерекшеліктері
атты мақаласында былай деп тұжырымдайды: Телевизиялықсұхбат екі
әңгімелесушінің арасында болатын әңгіме( Жүргізуші мен сұхбат беруші)
түрінде немесе бірнеше мүшесі бар ұжымдық қысқа монолог түрінде болуы
мүмкін . Журналистикадағы жанр мәселелері деп аталатын бұл жинақта
сұхбат әңгімелесуге немесе дөңгелек үстел басындағы әңгімеге жақындатылған
. Содан бергі өткен 30 жылдай уақыттан кейін де әңгімелесу мен сұхбат
жанрларының ара жігі ажыратылмай келеді.
Әңгімелесуде оған қатысушылар бір-бірімен тең түрде пікір, ақпарат
алмасады. Ал сұхбатта жауап берушіден ақпарат алынады. Сұхбатқа
қатысушылардың рөлдері мынандай: журналист немесе сұхбат алушы сұрақ қояды,
екінші адам жауап береді.
Біз жоғарыда айтып өткендей телесұхбат тек жанр ғана емес, ол бір
мезгілде очерк, корреспонденцияға қажетті өзге де материалдарды алу әдісі
болып табылады. Сұхбатқа қатысушылардың рөлдері мынандай: журналист немесе
сұхбат алушы сұрақ қояды, екінші адам жауап береді.Сұхбат сан алуандығына
қарай мынандай түрлерге бөлінеді: оқиғалы, проблемалық, портреттік, сұхбат-
диалог және сұхбат-монолог. Сұхбат-монолог (бұған мысал Елбасымен
теледидарда болған Президенттік сағат хабары); сұхбат-хабарлама (мұнда
аса мәнді деген әңгімеге жауап қысқаша түрде хабарланады); сұхбат-диалог
(әңгіме толық күйінде беріледі); сұхбат-суреттеме (әңгіме мазмұнынан бөлек,
журналист оқиға жағдайын хабарлайды, кейіпкердің өмірі мен ісі жайлы
әңгімелейді); сұхбат-пікір (проблема, оқиға, түсініктеме ), көпшілікпен
сұхбат (баспасөз конференциясы, брифинг ). Сұхбат сұраққа орай стандартты
(формальды ) және стандартты емес (еркін ) болып бөлінеді. Осы ерекшелігіне
сай сұхбаттың композициялық құрылымы түзеледі. Еркін сұхбаттың өзгеден гөрі
құрылымдық- композициялық түзілімі күрделілеу болып келеді. Оған себеп ол
таңдалынған сұраққа емес , тақырыпқа байланысты өрбиді. Журналист әңгімеге
бағыт бере отырып, кейіпкермен еркін тілдесуге енеді. Көрерменді хабардар
етудің мұндай әдісі, бүгінгі журналистикада мынандай бағыттарға ерекше
эволюция береді. Біріншіден, әңгіме кезінде жүргізушінің мазмұны мен ойының
рөліжоғарлайды. Екіншіден, ақпарат көзі ретіндегі кейіпкерге деген
қызығушылық пайда болады. Үшіншіден, әңгіме құрғақ ақпараттың түсініктеме
түрінен де кең түрде проблема қойылған пікірталасқа ұласады.
Сұхбат сырт көзге ең қарапайым жанр болып көрінгенімен, сұхбат
жүргізу қиынның қиыны, әсіресе бұл тікелей эфирде өтетін болса, мылтықсыз
майданға түстім дей бер. Алдымен тікелей эфир дегініміз не, оның қандай
қиыншылықтары бар дегенге тоқталсақ.
Тікелей эфир тележурналистикадағы уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар
таратудың кәсіби әдісі, шығармашылық-техникалық сипаттағы технологиялық
процесс. Бұрынғы тікелей эфирдің функциясы толық мәнге ие болған жоқ.
Сондықтан болу керек, көбінесе пішін ретінде қарастырылады. Ал цензура
жойылып, журналистердің сөз бостандығын иеленуі шын мәнінде жүзеге асқан
кездегі тікелей эфирдің ауқымын пішінмен қамту әсте мүмкін емес.
Журналистикадағы бұл жаңа құбылыстың негізгі ел өміріндегі саяси маңызы бар
өзгерістермен бірге орныққаны мәлім. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 20-бабында Сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндікке
кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады деп, тайға таңба басқандай
анық айтылған. Осындай заң аясындағы нақты мүмкіндіктер
радиожурналистикадағы жаңаша әдістің кең қанат жаюына жол ашты. Оның үстіне
қазіргі тікелей эфир бұрынғыдай бір жақын сипат алмайды.
Тікелей эфир- журналистикадағы соңғы жылдардағы жаңа түрлерінің бірі.
Мұны авторлары өз алдына көркемдік мәселелерді, эститикалық ойларды
хабарлауды қойған болса, онда олардың өз үрдінен шаққандығы. Бірде
В.Листьев Час пик тікелей хабарын жүргізіп отырып былай деген еді:
Тікелей хабарды мен неліктен жақсы көремін? Себебі, мұнда өтірік айта
алмайсың. Тыңдай білу, тек тыңдау ғана емес, адамды түсіне білу де. Тікелей
эфирде хабар жүргізу өте қиын.
Тікелей эфирдегі сұхбатта, эфирдегі сұрақтар- осылардың барлығы
журналистен сауатты жауапты талап етеді. Газет тілшісі мұндай сағаттар бойы
ойланып, бір жүйеге келтіріп, өзгертулер енгізіп, қағазға жазып, сонан соң
тереді. Ал теледидар журналисі өз мәтінін эфирде тереді. Сондықтан ол
тікелей эфирге жиі шығуы қажет. Оны эфир кезінде ешқандай қате жіберуге
болады.
Тіл сөйлеген сайын жетіледі, жазған сайын қалыптасады. Ал бұл-эфир
жүргізушісінің өз қолында. Себебі, тікелей эфирдің заңы қатал. Онда
жіберген қателікті түзете алмайсыз. Аузыңыздан шыққан сөз сол сәтте-ақ
көгілдір экран алдында телміріп отырған миллиондаған көрерменге тарап
кетті.
Сұхбат жанр ретінде бір орынды тоқтап қалмайды, ол ағымына қарай
жаңаша түрге ене отырып, теледидарда дами түседі. Онда сынақ бастамалары
күшейе түседі. Сатира, юмор саласында көптеген мысалдары келтіре отырып
В.Пельт сұхбаттың жаңа түрін енгізді:
Тарауымды түйіндей келе мен мынаны айтар едім, сұхбат жанры әлі күнге
дейін толық зерттеліп бітпеген жанр, ол жанрда бағдарлама жасаған
журналистер өздерінше құлпыртып, сұхбатты жаңаша түрге айналдыруда. Алайда
сұхбат, әсіресе тікелей эфирде жүретін сұхбаттың шынайы да, сәтті, көрермен
талғамына сақадай-сай болғаны жөн.

1.1 Сұхбаттың стильдік ерекшеліктері.
Жанры ретінде сұхбаттың ерекшелігі. Сұхбаттың әлеуметтік
маңыздылығы.Тілдік ерекшеліктеріне байланысты Розенталь,В.Т.Бобылевтың,
т.б. ғалымдардың ғылыми пікірлеріне тоқталып өту. Сұхбат тілінде әдеби
нормадан ауытқу,кәсіби,диалекті,термин сөздермен қоса жаргондардың көп
кездесетін жанр екендігі.Сұхбат жанрының түрлеріне қарай қолданатын
тілдік,стильдік ерекшеліктер.Шағын формалы сұхбат: (жедел) сұхбат,блиц-
интервью,телефон-сұхбат т.б. әр түрлі басылымдардағы тілдік ерекшеліктері.
Дөңгелек-стол, пресс-конференция, диалог, монолог сияқты пішіндерінің
баспасөздегі тілдік, стильдік ерекшеліктері. Сұхбат жанрының ресми және
бейресм и газеттеріндегі тілдік қолданыстың өзіндік белгілері.
Cұхбат әдісі - әлеуметтік психологияны зерттеу әдістерінің бірі. Мұнда
зерттеуші (сұхбаттасушы) сыналушымен (респондент) әңгімелеседі, жол-жөнекей
оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, ілтипатына зер салып отырады.
Әңгіме белгілі сұрақтың айналасында, зерттеуші көздеген мақсатқа орай,
арнаулы жоспар бойынша жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының ниетін қас-
қабағынан біле алатындай әдісқой тәсілшіл, білгір кісі болуы қажет. Сөйлеу
әдісінде анкетаарқылы анықталуы қиын, ұсақ-түйек детальдармен мәселенің түп-
төркінін аша түсуге мүмкіндік туады. Осы әдіс арқылы жиналған материалдың
объективтілігіне -ерекше мән бермейінше болмайды, өйткені зерттеушінің
әнгімесіне ықыластанған адам кейде жаңсақ, екі ұшты мәліметтер беріп қоюы
да ықтимал. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай сұхбат бірнеше түрге
бөлінеді. Ол жеке адамдармен (жеке сұхбат), сондай-ақ арнайы ұйымастырылған
топтармен де (отбасы әулеті,дос-жарандар тобы т.б) жүргізіледі. Сұхбаттың
стандарттық (алдын ала жасалған нақты бағдарлама бойынша), үлкен тақырыптық
төңірегінде құрылған түрлері де бар.
Әңгімелесушініңаты-жөнін, лауазымын, деректер мен цифрларды тексеріп
алыңыз.
Егер жөнсіз қатежіберсеңіз, беделіңіз түсіп, әңгімелесушімен
ынтымақтаса алмайсыз. Мәселен, саясаткерсіздің қолыңызда бар статистикалық
дерекке күмәнмен қарауы мүмкін. Сол себептен қазіргі кезде бұл мәселе
бойынша бар статистиканы біліп алғаныңыз жөн. 
Сұхбат алушыны әзірлеу
Әңгімелесетін адамға неге оны таңдағаныңызды айтып, бұл сұхбатты қайда
жариялайтыныңызды айтуыңыз керек. Сұхбаттасушыға әңгіме тікелей эфир арқылы
жазылатыны немесе алдын ала жазылып, өңделетіні туралы ескертуіңіз керек.
Бұл интервью қай аудиторияға арналғанын және ұзақтығы туралы айтқаныңыз
абзал. Себебі ол кімге арналғанын біліп, түсінікті жауап беру арқылы
көзделген мақсатқа жетуге болады.

Сұрақтарды қысқа әрі нұсқа, орынды қойып отырыңыз

Әр сұрақ сұхбат сияқты фокусталуы тиіс. Сұрақ қысқа болуы керек.
Себебі оқырман немесе тыңдарманға ең алдымен сізге сұхбат берушіні тыңдаған
қызықты. Бұл жерде сіз тек тыңдарман немесе оқырман атынан сұрақ қоюшы
ғанасыз. Ұзақ сұрақ қоймаудың бір әдісі – сұрақты алдын ала жазып алу.
Алайда, егер алдын ала жазып алсаңыз, онда әңгіме барысында болған кейбір
сәттерде ескермей қалуыңыз да мүмкін. Сол себептен алдын ала өзекті
сұрақтарды ғана жазып алуыңызға болады. Жазып алған сұрақтарыңыз алаңдап
отырып, қоятын сұрақтарыңызды ұмытып қалсаңыз керек болады. Мұндай жағдайда
тізімге бір қарап алсаңыз болады. Иә, Жоқ деген жауап беретін жабық
сұрақтарды қоймауға тырысыңыз. Сұхбат беруде тәжірибесі жоқ немесе
жақтырмай отырған сұхбаттасушыңыз қысқа жауап қайтаруы ықтимал. Мәселен,
бір тілші бір төтенше жағдай болғанда осы салаға жауапты министрден сұхбат
алған. Алайда бұл сұхбатты жария ете алмайды. Неге дейсіз ғой? Себебі жедел
түрде сұхбат алу барысында журналист жабық сұрақ қойған. Сіздер кешеден
бері жұмыс жасап, жер көшкіні астында қалған азаматтарды құтқарып
жатырсыздар ма? – деген сұрақ қойған. Төтенше жағдайлар жөніндегі министр
тек иә деп жауап қайтарған. Бұл жауапты эфирге шығарайын десе, оның реті
келмейді. Сұхбат барысында не, кім, қашан, қайда, қалай деген сөздерден
тұратын сұрақтардан бастаған жөн. Екі бөлімнен туратын сұрақ қоюдан
қашыңыз. Себебі әңгімелесуші әдейі бұл сұрақтарға жауап бермеуі мүмкін.
Болжам жасамаңыз, өйткені әңгімелесуші сізді бір тақырыптан екінші
тақырыпқа әкетуі ықтимал.

Сұхбаттасушыны тыңдаңыз

Интервью кезінде сұхбат беріп отырған адамды мұқият тыңдап отырыңыз.
Керек кезінде оған өз толықтыруларыңызды қосып отырасыз. Тыңдамаған
жағдайда қызықты сәттерді жіберіп алуыңыз мүмкін. Кейде сіз ойламаған жәйт
болып, интервью беруші өзге деректерді айтып кетуі мүмкін. Немесе сіз
жоспарламаған, сізге керек емес әңгіме айтып кетуі ықтимал. Сұхбат беруші
белгілі бір терминмен сөйлеуі ықтимал, сол кезде бұл сөздерді анықтап,
оқырманға, көрерменге, тыңдарманға түсінікті болу үшін анықтап алу керек.
Мұқият тыңдамасаңыз осының барлығы назардан тыс қалуы мүмкін. Кейде сұхбат
беруші сіз күтпеген әңгіме айтып, сұхбаттың тақырыбы өзгеріп кетуі де
мүмкін. Демек, алдын ала жасалған жоспардан өзге әңгіме болуы әбден
мүмкін.Мәселен, қазақстандық бір журналист діндарлардың көп әйел алуына
байланысты матариал жазу барысында теологтан сұхбат алады. Сұхбат барысында
теолог көп әйел алушылар халал жезөкшелікті насихаттап отырғанын айтады.
Нәтижесінде журналист жазған материал көп әйел алушылар емес, халал
жезөкшелік туралы болып кетті.
Ишарат тілін пайдаланыңыз
Ишарат тілін пайдаланыңыз: көзбе-көз қарап, басыңызды иіп, күліп
отырыңыз. Мұның барлығы сұхбат беруші адамның көңілін өзіңізге аудару үшін,
ол сізге қысылмай бар әңгімесін айту үшін, сіздің айтқан сөздеріңізге құлақ
асу үшін, онымен болатын сұхбат қызық болатынын білдіру үшін қажет. Алайда
телеарна немесе радио хабарларға сұхбат алу барысында басыңызды иіп тыңдау
барысында дыбыс шығармауыңыз керек. Мәселен, иә, угу хммм... деген
дыбыс шығарсаңыз, оның барлығы таспаға жазылып қалады немесе дыбыс сапасына
кері әсер етеді. Бұл тыңдарман немесе көрерменнің көңілінен шықпауы
мүмкін. Егер сұхбат беруші әдейілеп күлдірсе, онда дыбыссыз күлсеңіз
болады. 

Журналистің тәуелсіздігі

Сұхбат алушы журналист белгілі дәрежеде қатал, тәуелсіз, табанды,
батыл, сонымен қатар өте сыпайы, әділ болуы керек. Журналист сұхбат беруші
адамға басымдық бермеуі керек. Журналист сұхбат беруші адамның алдында
орынсыз кішіреймей, тең дәрежеде сөйлесуі керек.Сұхбаттасушымен
әңгімеибарысында қандай тақырыпты қозғайтыныңызды айтып, талқылап алауыңыз
керек. Осы арқылы өзіңізге керек сұрақтарда дұрыс жауап беруге мүмкіндік
туғызады. Әңгімелесуші жаңа бір деректер мен ақпаратты айтып, толықтыруы
мүмкін. Бірақ сұхбаттасыңызға нақты қандай сұрақ қоятыныңызды айтпау керек.
Әңгімені алдын ала айтып, жаттықпаңыз. Себебі берілген жауап шынайы шықпауы
мүмкін. 
Сұхбат алу екінің бірінің қолынан келе бермейтін жанр. Сұхбат алушы
тележурналистиканы жақсы меңгерген қыр сырын білетін журналисттер ғана ала
алды. Себебі алдына келген Сұхбаттансушының көңілін таба білу, сұхбат жақсы
өту үшін сұхбаттасушы мен жақсы байланыста болу өте маңызды болып келеді.
Сұхбат берушінің сұрақтан қиналған жағдайда, тығырықта шығуға жол таба білу
журналисттін шеберлігіне байланысты. Сұхбаттың қызықты өтуі, көркермен
көңіліне жол таба білуі Сұхбат берушінің емес сұхбат алуыша , яғни
журналистке көбірек байланысты болады.

1.2. Сұхбаттың түрлері.
Телевизиялық сұхбаттың ең кең тараған түрі – ақпараттық сұхбат. Көп
жағдайда мұндай сұхбаттар бірден екі міндет атқарады: әлеуметтік маңызы бар
ақпарат алу және осы ақпаратқа жауап бере алатын тұлғалардың ерекшеліктерін
ашу. Сұхбаттың бұл пішіні бірдей сұраққа жауап беруді талап ететін сұхбат-
сауалнамадан біршама ерекшеленеді. Ақпараттық сұрақта әр сұрақ жеке-дара
беріледі, себебі, ол сұрақтар журналист әңгімелесіп отырған адамға
бағытталады.Портреттік сұхбат –әңгімелесушінің тұлғасын мүмкіндігінше жан-
жақты ашу мақсатында алынатын телевизиялық сұхбаттың ерекше түрі. Маңызды
басымдықты қоғамдық-психологиялық эмоционалдық сипатын, сұхбат берушінің
құндылықтарын ашу көзделеді. Бұл түр экрандық очерктің құрамдас бөлігі
ретінде кездеседі.Проблемалық сұхбаттың (дискуссия) міндеті – қоғамдық
маңызы бар.Мәселе туралы әртүрлі көзқарастарды айқындау және шешу жолдарын
табуды көздейді. Анкеталық сұхбатта бір-бірімен өзара әрекеттеспейтін
әртүрлі әңгімелесушілердің арасында нақты сұрақ бойынша пікірлері
анықталады. Әдетте, бұл барлық қатысушыларға бірдей сұрақтар қойылатын бір
үлгіге салынған сұрақтар топтамасы. Жұмысын жаңа бастаған репортердің
алғашқы өз бетімен істелген тапсырмасы анкеталық сұхбат болуы мүмкін.
Анкеталық сұхбат, ережеге сәйкес, студиядан тыс жерде алынады. Осы
тапсырманы орындауда, репортер адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатып,
сұхбат берушіні бауырына тартып, қойған мақсатына жетуі тиіс. Анкеталық
сұхбатта қоғамдық пікірдің объектісі мына белгілерге жауап беруі тиіс: 1)
пікірталасқа жақын болуы; 2) қоғамдық қызығушылық туғызуы; 3) қойылатын
сұрақ маңызды мәселеге арналуы тиіс. Анкеталық сұхбатты өткізу үшін болашақ
әңгімелесуші туралы толық ақпарат пен сұхбаттың болатын жері белгіленіп,
негізгі сұрағы бар сценарийлық жоспар құрылады. Мысалы: Сіз келе жатқан
жылдан не күтесіз? - бұл сұрақ қала тұрғындарына және қала қонақтарына
қойылады. Олардың ішінде оқушы, әскербасшы, сатушы, жас жұбайлар, шетел
қонағы болуы мүмкін. Жауаптар монтаждалғанда, қарапайым кӛрінген
жауаптардың өзі қызықты болып шығады.Портреттік сұхбат телехроникада сӛз
сӛйлейтін адамнан, құжаттағы суреттен ерекшеленеді. Портреттік сұхбат
болмыс түсінуінің эстетикалық заңдары арқылы жасалған телеӛнердің туындысы
фильм-очерктің негізгі құрамы болуы мүмкін. Мұндай телевизиялық портрет көп
қырлы. Сұхбат беруші өзі туралы айтпаса да, оның тұлғасы, кӛзқарасы мен
рухани құндылықтары көрінеді. Телевизиялық тәжірибеде портреттік сұхбаттың
өзгеше уақыт дерегіне айналып, бір адамның бейнесін ғана емес, бүкіл
ұрпақты көрсеткен жағдайлар кездеседі. Мәтін өз-өзінен адамды
таныстырмайды, кейіпкер бетіндегі шынайы эмоция көрерменді бірге
қиналдырады және бұл портреттік сұхбат жанрының мол мүмкіндіктерін
көрсетеді.Егер портреттік сұхбатта журналист ақпарат табушы болса,
проблемалықта журналист өз көзқарасын мәлімдеуге мүмкіндігі бар. Журналист
белгілі бір мәселенің соңғы нүктесін қоя алмайды. Ең маңыздысы, проблемалық
сұхбат әр адамға қатысы бар, маңызды сұрақты демократикалық ұстанымға
сәйкес талдайтын, қоғамдық пікірді қалыптастыратын публицистикалық туынды.
Проблемалық сұхбатты алуда автор алдын-ала әңгіменің негізгі тезистерін
ойлайды, қағазда болашақ бағдарламаның драматургиясын құрастырады. Өзінің
сұрағы мен пікірін,әңгімелесуші тарапынан туындайтын қарсы дәлелдер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұхбат жанрының техникасы
Журналистикадағы сұхбат жанры
Ашық сауалнама
Журналистикадағы сұхбаттың орны
Сұхбат жанрының енуі
Тележурналистика жүйесіндегі сұхбат жанры
Жаһанданудың негізгі теориялары
Сұхбат жүргізу
Сұхбат негізінде ақпараттық жанр
Стандарттау және маркетингтік зерттеулер
Пәндер