Баланы жан - жақты дамыту


ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
I. Қазақтың ұлттық ойын түрлері және оның маңызы . . .
1. 1. Қазақтың ұлттық ойын түрлері және оның маңызы . . .
1. 2. Қазақтың ұлттық ойындары халқымыздың мәдени асыл мұрасы . . .
1. 3. Ертедегі аңға байланысты және түрлі заттар мен ойналатын ойындар . . .
1. 4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар . . .
1. 5. Спорттық, той ойындары . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМША.
3
5
5
7
9
11
13
24
26
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды еңгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуына үлкен үлес қосады. Біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаев « Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында: « Біздің болашақ ұрпағымыздың өсіп жетілуіне әлеуметтік жағдайларын дұрыс қалыптастырып, балалардың білімді, дені сау, епті, күшті, сымбатты болып өсуіне көңіл бөлу қажет» деген.
Ұлттық ойындар туралы қағаз бетіне түскен алғаш деректер ХІІІ ғасырдан басталады. Оны алғаш жинап Еуропа жұртшылығына таныстырған Итальия саяхатшысы Плано Корпини болды. ХІІІ ғасырда Еуропа халқына Моңгол тарихын таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан. П. Корпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірді мекендеген ру -тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинаған.
Ұлттық ойындар елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы зор. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұндада баланың қабілеті, белсенділілігі байқалатынын А. С. Макаренко өте жақсы көрсетті. Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызымет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, -деп жазды ол, -балалар өмірінде ойында сондай үлкен маңызды.
Ойын - өскелең ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен тәрбие құралы. Бұл туралы көрнекті педагог В. А. Сухомлинский ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады дей келіп, былай деп жызды.
Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олайда болуы мүмкінде емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірімен ұштасып, айналасындағы дуние туралы түсінік алады. “Ойын дегеніміз- ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты”.
Шетел және біздің ұлттық педагогикалардың өзінде ойын тарихында бала тәрбиесінде мынандай бағыттар қолданылады .
- Баланы жан - жақты дамыту.
- Оқыту мақсатын бұл бірінші бағыттағы алғашқылардың бірі. Чех педагогы Ян Амос Каменский 1592-1670. Ол ойынды баланың ең қажетті іс-әрекеттің табиғатына және белсенділігіне ең жауапты түрі деп санайды. Ойын баланың барлық маңызды ақыл-ой әрекеті, онда баланың барлық қабілеттерінің дамуына, ойында айналасындағы дүние жайлы түсініктері кеңесіне, тілінің дамуына құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.
Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін өз мағынасында қолдануға, тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын бірден - бір таптырмайтын құрал . Оған А. М. Горькийдің бейнелі сөзі дәлел : Бала сөзбен де ойнайды . Осы сөзбен ойнағанда, өз ана тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің саздылығын ұғынады.
Қазақ халқының фольклорын, ұлт ойындарын, спорттық ойындарын жинақтаушы этнограф Ә. Диваев өзінің қазақ балаларының ойыны деген еңбегінде оның бала тәрбиелеудегі маңызын айта келіп, сол кездегі қалыптасқан әдеп-ғұрып жас ерекшелігіне қарай жас өспірімдерді негізінен үш топқа бөледі; бір жастан-жетіге дейін, жеті жастан-он бес жасқа дейін, он бестен-отызға дейін. Осының негізінде ойындарды сәбилер ойыны, бозбалалар ойыны және бозжігіттер ойыны деп негізінен үш топқа бөледі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары балаларды ұлтжандылыққа, икемділікке, қабілеттілікке, дене сапасын дамытуға тәрбиелейді.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Қазақтың ұлттық ойындары балалардың денесін шынықтырады. Басқа да спорт түрлері сияқты ұлттық ойындары да дене сапаларын арттырады. Балаларды салауатты өмір салтына баулыйды. Қазақтың ұлттық ойыны денсаулықты сақтау мақсатымен қоса, адамның бойындағы барлық қасиетін жетілдірудің негізі ойын түрлері болып табылады.
I . Қазақтың ұлттық ойын түрлері және оның маңызы
- Қазақтың ұлттық ойын түрлері және оның маңызы
Қазақтың ұлт ойындарының көбі дер кезінде қағаз бетіне түсіп үлгермегендіктен, бүгін ұмыт болған. Сәбит Мұқанов өзінің «Өмір мектебі» атты мемуарлық еңбегінде, ертеректе «Орда» атты есеппен аталатын асық ойыны болғанын бірнеше рет атап өтеді. Сондай-ақ Б. Тетенаев «Қазақтың ұлт ойындары» деген кітапшасында аты ғана сақталып қалған ойындардың аса бір маңыздыларының бірі деп Абайдың алты ағашты атты ойынды атап көрсеткен.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді:
Бесік жыры - адамзат даму үстінде. Ұрпақсыз ешбір халық, я жан дамымайды. Сондықтан ұрпағын өсірудегі халқымыздың жасаған тарихи - халық мұраларына зер салсақ, бұл салада істелген халық даналығы ұшантеңіз. Демек тәрбие ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып ұласып жатқан халық қазынасы деп білсек, онда халық тәрбиесінің тарихы ең әуелі ауыз әдебиетінен басталады.
Ертеден халықтың бойына сіңіп, ойына қялаған, жас ұрпақтың эстетикалық сезімін оятқан ауыз әдебиетінің үлгілерінде өлеңдету дәстүрі басым болатын. Жас өспірімнің алғаш дүние тануына көмектесетін осы бесік жырларының өзі ойнақы, ұйқасты тіркестермен айтылатын сөздерге негізделген.
«Бесік жырынан» бастап ұлт ойындарының барлық халық тәрбиесінің көзі. Қай дәуірінің ұрпағына болмасын тіршілік жолына бағыт сілтеп, өмірге аттандырады. Халық жырлары ата-ананың балаға қойған бірінші сенімі, тілек-талабы.
Көпір- ойын жақық алаңда, спорт залда өтеді. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынға көз байлайтын екі орамал керек. Ойын басқарушының нұсқауымен көпір жасайтын екі баланың көздері байланады. Олар біріне бірі қарама-қарсы тұрып қолдарын созып «көпір» жасайды. Олар көпір жасағанда тек саусақтарының ұштарып тигізіп қана тұрады, қолдарымен ұстаспайды.
Ойын ережелері: Қалған балалар осы қақпадан бір-бірлеп өтуге тиісті. Көпірден өткен кезде ұсталған бала өзін ұстаған ойыншымен орындарын ауыстырады. Ойын шарты бойынша басқа ойыншылар көпірдің астынан білдірмей өтуге тырысады. Ойын соңында көпірдің астынан көп өтіп, қолға түспеген балалардың аттары аталады.
Екі топқа бөлініп те ойнауға болады. Ойын барысында, қай топтың балалары аз ұсталса, солар жеңімпаз атанады. Бірақ ойын барысында екі команданың ойыншылары көпірдің астынан кезектесіп өтулері тиіс.
Асық ойындары: алшы, көтеріспек (атбақыл ), кетсін бір, құмар, омбы, хан (хан ату) .
Алтыбақан - ойыны көбінесе жаз күндерінде түнгі бетте ауыл сыртында өтеді. Алтыбақан құру үшін әрқайсысының ұзындығы 3-4 метрдей 6 салма мен жуандау бір бел ағаш жә не жуан арқан керек. Мосы құсатып үш-үштен алты ағаштың бір жақ басынан байлайды. Сөйтіп екеуін екі жерге тұрғызып, ортасынан көлденең бел ағашты жоғарғы ашасына салып байлайды. Ортадағы бел ағаштың екі жерінен арқан байлайды. Содан соң алтыбақан тебушілер отыратын, болмаса аяғымен тұратын орындық ретінде көлденең тақтай кигізеді. Екі арқанды алтыбақан тебушілер құлап кетпес үшін сүйеніп отыратындай, немесе түрегеп тұратындай етіп байлаған жөн. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Әдетте бір қыз бен жігіт әткеншектеп болған соң келесі жұп шығады.
Бәйге - ойын көгалда өткізіледі. Ойынға 3-5 жаяу, бір салт атты адам қатысады. Ойын жүргізушінің әмірімен 20-30 шаршы метр алаң белгіленеді. Осы белгіленген алаң ортасына ойынға қатысушы 3-5 жаяу мен бір салт атты жігіт шығады. Жаяу ойыншылардың мақсаты - ат үстінде отырған адамды жерге аударып түсіру. Ойынның шарты юойынша жаяудан қашқан атты осы белгіленген алаңның сыртына шығып кетуіне болмайды. Ойын жүргізуші жаяуларға аттыны аударып тастау үшін 10-15 минут уақыт белгілейді. Осы уақыт ішінде аттыны жаяулатпаса ойынға жігіттердің келесі тобы шығады.
ЕСКЕРТУ:жаяулар аттының атына тиісуіне болмайды, тек оның өзін ғана аударып алулары керек.
Бәйге ойындары: аударыспақ, аударыспақ (екінші түрі), ат омырауластыру, аламан бәйге, жорға жарыс, түйе жарыс, жамбы ату, жаяу тартыс, жігіт қуу, күміс алу, көкпар, қыз қуу, арқан тартыс, тұмақ ұру.
Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф - ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б. з. б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.
Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген. Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, - Алматы: «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан - балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т. б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған».
- Қазақтың ұлттық ойындары халқымыздың мәдени асыл мұрасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz