Нормативтік шығындардың ауытқуы арқылы шығыстарды бақылау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

I – тарау: 1.1. Нормативтік шығындар туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.2. Бөлімшелер қызметін басқарудағы бақылау
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ..5

II – тарау: 2.1 нормативтік шығындардың ауытқуы арқылы шығыстарды
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2. Материалдар бойынша нормативтерді жасау
қағидалары ... ... ... ... ... ...11
2.3. Материалдық босалқылар мен шығындарды
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.4. Трансфертті
бағалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .16
2.5. Материалдарды пайдалану және сату шығындарының сметасы ... ... ...19
2.6. Жұмыс күшін пайдаланудағы нормативтерді
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... 20

III – тарау: 3.1. Шығындардың есеп
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Кіріспе.
Нормативтік шығындар түсінігі ғылыми негізде үстеме шығындар, жұмыс
күші және материалдарға кеткен шығынның нормасын есептеумен байланысты. Ол
шегі келісілген, белгілі шығын деңгейін көрсетеді. Бәрінен бұрын
нормативтік шығындар кәсіпорынның болашағын бағдарлайды және сонымен қатар
пайдаға әсер ету көзқарасы тұрғысында өндірістік қызметте болатын
өзгерістерді бағалау құралы болып табылады.
Нақты жағдай нормативтік шығындар бизнесті басқарудың негізі болып
табылатынын дәлелдейді. Әрбір өнімнің тұтынушылық сапасын анықтайтын,
шығарылатын өнімге қатысты қойылған нақты талаптар стандарттар деп аталады.
Әйтсе де егер өнім стандартқа сай болса, бұл кәсіпорын шығындарды бақылауды
қажет етпейді дегенді білдірмейді.
Норма негізінде шығындарды баскару кездейсоқ шығындардан сақтайды,
өндірістің тиімділігін арттырады, сату саясатын жақсартады, өндірістік
ресурстардың шығысын анықтап, олардың келешекте пайдалануына жағдай
жасайды. Шығыстарды есептеуде кәсіпорын өзінің негізгі мақсаты етіп
басшыларды, бөлімше жетекшілерін нормадан (стандарттан) ауытқулар туралы
мәліметті беруге аса көңіл бөледі.
Өндірістік процесс барысында басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті,
оперативті ақпараттар мен өзіндік құнды қалыптастыруда басқару жағынан
шығындарды нормативті басқару аса күшті әсер етуімен дәстүрлі әдістен
айрықша екені білінеді.
Жоспарлау жүйесі табыс алуды және шығынды бақылауды ұйымдастыруға,
сонымен қатар ұйымның барлық жоспарын іске асыруға (үйлестіруге)
бағытталған.

I – тарау. 1.1 Нормативтік шығындар туралы түсінік

Нормативтік шығындар түсінігі ғылыми негізде үстеме шығындар, жұмыс күші
және материалдарға кеткен шығынның нормасын есептеумен байланысты. Ол шегі
келісілген, белгілі шығын деңгейін көрсетеді. Бәрінен бұрын нормативтік
шығындар кәсіпорынның болашағын бағдарлайды және сонымен қатар пайдаға әсер
ету көзқарасы тұрғысында өндірістік қызметте болатын өзгерістерді бағалау
құралы болып табылады.
Нақты жағдай нормативтік шығындар бизнесті басқарудың негізі болып
табылатынын дәлелдейді. Әрбір өнімнің тұтынушылық сапасын анықтайтын,
шығарылатын өнімге қатысты қойылған нақты талаптар стандарттар деп аталады.
Әйтсе де егер өнім стандартқа сай болса, бұл кәсіпорын шығындарды бақылауды
қажет етпейді дегенді білдірмейді. Норма негізінде шығындарды баскару
кездейсоқ шығындардан сақтайды, өндірістің тиімділігін арттырады, сату
саясатын жақсартады, өндірістік ресурстардың шығысын анықтап, олардың
келешекте пайдалануына жағдай жасайды. Норма негізінде шығындарды басқару
жүйесі бірнеше процедуралардан тұрады. Жүйе мыналарды қарастырады:
* әкімшіліктің өндіріс алдына қойған міндеттерін қамтамасыз ететін, норма
негізінде шығындарды жоспарлау;
* нормамен сәйкестендірілген, өндіріс мақсаты үшін өндірістік ресурстарды
пайдалануға рұқсатының міндетті көрсетілуімен шығындарды құжаттау;
* норма негізінде бухгалтерлік есептің шоттарында шығындарды есептен
шығару; нормативтік толық және жартылай өзіндік құн бойынша
аяқталмаған өндіріс жэне дайын өнімді бағалау; өндірістік нәтиже түрінде
бейнеленетін, ағымдағы шығыңдардың нормадан ауытқуы;
* өндірісті басқарушылардың тез және тиімді әрекеті арқасында
оларды пайдалану үшін оперативті жолмен нормадан ауытқуды анықтау;
басқару деңгейіне сәйкес, әрбір менеджер ақпараттарды алып отырады.
Сондықтан да өндірістік процесс барысында басқару шешімдерін қабылдау
үшін қажетті, оперативті ақпараттар мен өзіндік құнды қалыптастыруда
басқару жағынан шығындарды нормативті басқару аса күшті әсер етуімен
дәстүрлі әдістен айрықша екені білінеді.
Стандарттық норма - жабдықтарды дұрыс таңдау, әртүрлі жағдайдағы өнімге
баға, каралған технологиялар, операцияларды орындауға кеткен уақыт шығыны,
өнцірістік технологиялар, қажетті материалдарды есептеу және алдау
нәтижесінде алынған, ғылыми негізделген өлшем.
Өнімге нормативтік шығындарды қою (орнату) үшін, үстеме шығыстарға,
еңбекке, материалдарға кеткен шығындарды жинақтау (шығару) қажет.
Тәжірибеде нормативтік шығындарды анықтаудың екі тәсілі қолданылады.
Бірінші нұсқа бойынша еңбек пен материалдық құндылықты нақты пайдаланғанын
талдайды, анықтайды, екіншісі бойынша техникалық талдаудың көмегімен
есептеу жолымен нормалар койылады.
Нормативтік шығындарды әзірлегенде норманың мәніне сәйкес бірнеше
проблемалар туындайды - жеңіл жүргізілетін жағдайда, қатесіз жұмыс
жағдайында, оң жағдайда қызметтің нәтижесін жоспарлау. Осыдан келіп,
нормалар былай бөлінеді:
- негізгі;
- оң;
- ағымдағы.
Шығынның негізгі нормасы - үнемі, ұзақ мерзім ішінде өзгермейді. Өндіріс
көлемі, техологиялар, баға өзгеруі жағдайында негізгі нормалар ағымдағы
жоспарланған шығындарда көрсетілмейді, сондықтан да ол шығындарды басқару
үшін жарамсыз болып табылады, яғни шығынның негізгі нормасын қолданудың
өзіндік шегі бар.
Шығынның оң нормасы өндірістің оң жағдайындағы қызметі үшін, аз
шығындар. Тәжірибеде оң нормалар сирек кездеседі. Әйтсе де, шығындарды
төмендетуде, реттеу, ынталандыру жүйесін орнату үшін менеджерлерге пайдалы
болуы мүмкін. Мұндай нормалар сирек қолданылады.
Шығынның ағымдағы нормасы - өндірістің жоспарланған тиімділігін
қамтамасыз ететін, уақыттың қысқа бөлігіндегі қол жететін шығындар. Олар
алдарына тиімді қызмет жағдайында нақты орындалатын мақсаттарды қояды. Оның
мәні нақты және нормативтік шығындарды салыстыру қызметін атқарумен
анықталады. Осыған байланысты кәдімгі өндірістік жағдайлардағы ресурстар
мен уақытты жоғалтумен байланысты, жіберілетін ауытқулар жағдайында
жоспарланған тиімділікті қамтамасыз етеді.
Басқару және өндіріске қызмет көрсетуде кеткен шығыстар, еңбек шығыны,
энергия, отын, алынған бұйымдар, материалдар, шикізаттар шығысының сметасы
және нормативтер, нормалардың ағымдағы жүйесі кәсіпорынның нормативтік
шаруашылығы деп аталады.
Кәсіпорындарда нормативтік шаруашылықтың құрамы мен құрылуы әртүрлі
болуы мүмкін.
Нормативтік шаруашылық ұйымы шығындар нормасының негізін, тізімін
тексеруді, жеткіліксіз нормаларды және жаңасын жасауды, пайдаланып
отырғандарды қайта қарауды қажет етеді. Нормативтік шығындар ауытқу
анықталмайынша (мәнді болмаса) өзгеріссіз қала береді.
Әрбір кәсіпорын үшін нормативтерді пайдалану уақыты жеке болады.
Кәсіпорын өнім ассортиментін жиі өзгертсе немесс технологияларды
жетілдірсе, сонда оларға пайдалы бизнесті жүргізу үшін, нормалауды қайта
қарауға және өңдеуге тура келеді.

1.2. Бөлімшелер қызметін басқарудағы бақылау жүйесі
Кәсіпорындағы бақылаудың жалпы жүйесінде кәсіпорында қалданған
келешектегі дұыс әректтердің негізінде олардың тәжірибеде жүргізілуін,
шешімдердің сәйкес келуін қамтамасыз ету көмегімен, басқару есебінің
коммуникациялық жүйесі түсіңдіріледі. Ішкі басқаруды бақылау кәсіпорынның,
бөлімшелердің және оның ішкі шаруашылық қызметі үшін жоспарлау және
бақылау, басқаруға көмектесетін әдістер мен тәсілдерден тұрады. Бұған шығын
есебінің нормативтік әдісі қорытынды есеп беру, бюджеттендіру мысал бола
алады.
Ішкі басқаруды бақылау кәсіпорнның элементтері болып саналатын бөлімдер,
бөлімшелер, цехтар, қызметтер, топтарға аса көңіл бөлінеді. Олар өз
кезегінде жауапты орталықтар ретінде белгіленеді. Әрбір орталықтың өз
мақсаттары болғандықтан, оны жүзеге асыру үшін өздерінің стратегиясын
жасайды. Кей жағдайда басқарудың бұл жолдары (процедурасы) стратегиялық
жоспарлау деп аталады. Жалпы алғанда стратегиялық жоспарлау ішкі басқаруды
бақылау жүйесіне қірмейді оның себебі стратегия кәсіпорында жасалады және
көп жағдайда тұрақты болады. Кездейсоқ жағдайлар алға қойған мақсатқа
жетуге кедергі бола алмайды. Сондықтан да, басқаруды бақылау негізінен
кәсіпорын қызметкерлерін ұйымдастырушылық стратегиясының орындалуына
жұмылдырады.
Басқару бақылауына қоршаған ортаның факторлары да әсер етеді: ұйымның
мүшелері, ұйым мүшелерінің қызметті басқару тәртібі және бағыттары,
ережесі, ұйымның атқаратын қызметі, сыртқы орта.
Ұйым мүшелері - бір немесе бірнеше мақсатқа жету үшін бірігіп жұмыс
істейтін адамдар. Ұйым мүшелерінің жұмысына бақылаудың екі жүйесі
қолданылады: механикалық және сметалық бақылау.
Бақылаудың механикалық жүйесі көбіне ағымдағы кезеңде әсер етеді және
төмендегідей жүргізіледі:
1) Қол астындағы жұмысшылардың жұмысын үнемі тексеру;
2) Жұмысты жүргізгеннен кейін алынған нақты нәтижелердің негізінде
реттеу.
Сметалық бақылау жүйесінде механикалық бақылау және кері байланыс
элементтері пайдаланылады. Ол жоспарлаумен үздіксіз байланыста, сондықтан
да ағымдағы кезеңде де, ұзақ мерзімді перспективада да қолданылады.

Кері байланыс Кері байланыс

1.1.-сурет. Механикалық бақылау жүйесінің схемесы.

Механикалық жүйе және бақылаудың сметалық жүйесі басқарудың түріне
байланысты әртүрлі ұйымдастырылады: кері немесе тікелей байланыспен. Кері
байланыс кіру және шығуды қарастырады. Кірумен мынадай ресурстар
түсіндіріледі (жатады): материалдық, еңбек, қаржылық.
Шығу - сатылатын тауарлар, қызмет көрсету және оларға кеткен шығындар.
Мұндай байланысқа ауытқуларды анықтағанда жоспарлы мәліметтерге түзету,
жоспар мен нақты мәліметтерді салыстыру жолымен бақылауды жатқызады, мысалы
шығындарды бақылағанда

1.2 - сурет. Кері байланыс принципіне негізделген сметалық бақылау
жүйесінің схемасы.
Бұл жүйеде нақты көрсеткіштер сметалықпен салыстырылады және
болашақ нәтижеге сметалық көрсеткіштерді сәйкес келтіру мақсатында
түзетеді.
Тікелей байланыспен басқару. Ауытқуларды анықтаған жағдайда, оны төменгі
деңгейге жеткізу үшін белгілі әрекеттер жасалынады. Негізгі мақсаты - алға
қойған міндеттерді шешу және қателіктерді ескерту.
Тікелей байланыспен басқаруда бірінші болып смета қарастырылды. Сметалар
алдағы уақыттан күтілетін нәтижеге жасалады. Жоспарланған нәтижелерді
сметада көрсетпейінше, баламалы шешімдер қабылдауда толықтырулар, түзетулер
енгізіле береді
Басқару бақылауы жүйесінің әрекеті ұйымның саласы өздерінің нормалы
бағыты, дәстүрі, қоғамдық ұйымдармен қатынасымен анықталады.
Ішкі бақылау жүйесінің сипаты сыртқы ортаға байланысты. Тапсырыс
берушілер, жабдықтаушылар, бәсекелестер, қоғам, мемлекеттік органдар және
басқа да сыртқы жақтағылар кәсіпорынмен өзара байланысқа түседі, бұл тек
сыртқы пайдаланушыларға жасалған ақпараттық жүйе ғана емес, ішкі бақылау
жүйесінің құрылуына да әсер етеді.
Күнделікті бақылауды басқаруды төменгі буындағы жетекші жүргізеді.
Осыған байланысты оған жауапты орталық бойынша басқару есебінде жиналған,
талданған, нақтыланған ақпараттар қажет.

II – тарау. 2.1. Нормативтік шығындардың ауытқуы арқылы шығыстарды
бақылау

Шығыстарды есептеуде кәсіпорын өзінің негізгі мақсаты етіп басшыларды,
бөлімше жетекшілерін нормадан (стандарттан) ауытқулар туралы мәліметті
беруге аса көңіл бөледі.
Бәрімізге белгілі, егер жетекшілер өз уақытында ауытқудың пайда болу
орнын анықтаса, онда оларды түзету шаралары қолданылған болар еді. Осы
жерде шығындарды басқару тәртібін тексеріп отыратын есеп жүйесі, шығындарды
нормалау және жоспарлаумен, олардан ауытқуларды анықтаумен тығыз байланыста
болады.
Норма және нормативтерді жасауды арнаулы бөлімдер мен мамандар, жауапты
адамдар жүзеге асырады. Жоспарлаудың оларға қолданылатын толық әдістер
жиынтығы екі топқа бөлінеді: өткен мерзімде нақты көрсеткіштерді талдау
негізінде смета есептеу және ішкі стандарттар негізінде смета есептеу.
Бірінші тәсілде өткен мерзімнің нақты нәтижесінен әртүрлі шығындарды
шығарады; жоспарлы кезең шарттарының мүмкін болатын өзгерістерін есепке
алады, атап айтқанда, өнім ассортиментінің өзгеруі, жабдықтардың құрамы,
қызмет көрсету, материалдар, шикізаттардың бағасы, өндіріс технологиясы
және қолданылатын материалдардың номенклатурасының өзгеруі, өндіріс
айналымының, өндірудің және бюджеттік жұмыс уақытының ұзақтығы, басқару
саясатының, өндірісті ұйымдастырудың өзгерістері.
Жоспарлаудың екінші тәсілі тікелей шығындар бойынша стан-дарттарды
жасаудан тұрады - аналитикалық (талдамалық) баптар бойынша смета. Мұнда
өндірістің қалыпты деңгейін есепке алады, яғни өндірістік қуатты толық
пайдалану. Өндірістік қуатты толық пайдалану дегеніміз оның 100% есептік
шамадағы қуатымен немесе қабылданған тапсырыстар көлемі және күтілетін өнім
сату көлемімен анықталады.
Жоспарлау жүйесі табыс алуды және шығынды бақылауды ұйымдастыруға,
сонымен қатар ұйымның барлық жоспарын іске асыруға (үйлестіруге)
бағытталған.
Шығындар есебінде ағымдағы кезеңнің норма мен нормативтен ауытқулары тек
қана көрсетіліп қоймайды, олардың пайда болу себептері көрсетіліп,
түсіндіріледі; өнім көлеміне - өндірістен өндірілетін өнімнің түрін
алмастыру, өнімнің бағасы, өндіріс тиімділігін жоғарылату мақсатында
өнімнІң ассортиментін өзгерту; жаңа технологиялар мен жабдықтарды
пайдалану, шығындар - шикізат және материалдарды сатып алғаннан бастап,
өндіріс қалдықтарының көлемі, еңбек тиімділігі, жаңа өнімді өндіргенге
дейінгі өндірістік және жалпы шаруашылық үстеме шығындары.
Басқару бухгалтериясы өткен жылдың есебі мәлеметтерінсіз нақты және
жоспарланған көрсеткіштер берілген, салыстыру кестелерін жасайды.
Осындай есеп берулер жоспарлау, пайданы талдау және өнім мен нормативтік
шығындар есебін біріктіруге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа есеп берулер жауапты орталықтар бойынша жасалынады және пайда
алуда әрбір бөлімшенің үлес салымын дұрыс бағалауға, ауытқуды толық
анықтауға мүмкіндік туғызады.
Нормативтік есептің өзгеше тәртібінің бірі - өнімнің нормативтік өзіндік
құнын талдау. Оны стандартты өзіндік құн карточкасында нормативтерді
қорытындылау кезінде жүргізеді. Карточкадан мәліметтер Нормативті өзіндік
құнды алдын ала талдау есебіне жібереді.
Талдаудың мәліметтерін басқару бухгалтериясында әрбір менеджер өнімнің
табысын көбейтуге және кәсіпорынның жетекшілеріне баяндама жасағанда
пайдаланады. Осыдан келіп мыналар қарастырылады: өткен жылмен
салыстырғандағы сатып алу бағасының өзгеруі; сатып алу саясатының
болашақтағы бағытын анықтау; сатып алу саясатының баламалы бағытын анықтау;
жаңа жеткізушілердің тиімді бағасы (шығындар - жеткізу -материалдардың
сапасы); жабдықтарға жаңа салым; саясаттың басымдылығы өндіріс немесе
сатып алу; материалдар бағасын бағалау бағытымен
материалдар сыйымдылығының бағасы; өнімнің сапасы мен бағасы бойынша
бәсекелестігін бағалау өлшемі және шығындарды талдау, кейбір жеткізушілерде
жоғары бағамен сатып алу үрдісі бар ма; жеке өнімге қатысты нормативті
жұмыстарды жүргізу, ақауы бар материалдармен жұмысты бағалау, белгілі бір
өнім бойынша жеке жұмыс операциясының тиімділігі; материалдарды сатып алуға
кеткен шығында, өткізу бағасының төмендеуін, өнім асортиментінің мүмкін
болатын өзгерістерін тексеру; өндрістің зиянды еместігіне талдау жүргізу;
кәсіпорын бойынша толығымен өткізу көлемін азайтпай өнімді алмастыру
мүмкіндігі. Осылайша өнімнің нормативтік шығындарын жоспарлы шығындармен
салыстырғанда нормативтердің белгілі бір деңгейі тұрақтанады. Нақты
мәліметтерді нормативпен салыстырғанда өзіндік құнды қалыптастыру
процесінде және шығындарды бақылау жүйесін қатаң қадағалауға басқарушылар
жағынан әсерін күшейтеді.

2.2.Материалдар бойынша нормативтерді жасау қағидалары
Кәсіпорындарда өнімнің өзіндік құнында материалдық шығындар едәуір үлес
алады. Сондықтан да шығындарды басқару жүйесінде материалдық шығындар
нормасы мен нормативтерін жасауда бірінші мән беріледі. Материалдық
ресурстардың нормативті шығындары кәсіпорынның міндетті шығындарының
көлемін анықтайды.
Соңғы (дайын) өнім бірлігіндегі тікелей нормативтік материалдық шығындар
шамасы материалдық бірлігіне (кірерде) төленуге тиіс, бағасын, дайын өнім
бірлігінде қаралған (шығарда) материалдардың санына көбейтумен анықталады.
Мысалы, бөлшекке нақты болат маркасының шығын нормасы 2 кг құрайды,
болаттың бұйымға кіретіні А-10 дана, 1 кг болаттың бағасы 2 теңге
мөлшерінде қойылған, онда соңғы өнім бірлігі мынаған тең: 2 кг х 10 дана х
2 теңге = 40 теңге.
Есепті кезеңдегі материалдар бойынша жалпы нормативтік шығындар шамасы
соңғы өнім бірлігіне кеткен тікелей нормативті материалдық шығындар
жиынтығы осы есепті кезеңде шығарылған өнім бірлігі санына көбейтумен
есептеледі. Мысалға, 1000 дана бұйым шығарылды десек, онда жалпы
нормативтік материалдық шығындар шамасы мынаны құрайды: 40 теңге х 1000 д
40 мың теңге.
Нормативті шамаларды есептеудің негізі болып заттай түрдегі материалдық
шығындар нормасы кіреді. Өнімге қатысты материалдық шығындар нормасы 5
топқа: операциялық бойынша, бөлшек бойынша, торап бойынша (стандарт
бойынша), әрбір бұйым жасалғаны бойынша және функционалдық болып бөлінеді.
Операциялық бойынша норма жеке операцияға кеткен материалдық шығынды
белгілейді. Бөлімшелер бойынша материалдық шығындар сметасын өндірістік
бірлік бойынша материалдарға кеткен операция бойынша шығындар нормасын
ведомстан бұл нормаларды жүйелей отырып алуға болады. Материалдар шығысының
операциялық бойынша нормасы нормативті-технологиялық карта, материалдық
шығындар сметасын және нормативті калькуляция жасау үшін пайдаланылады.
Материалдар шығысының бөлшек бойынша нормасы бөлшектің жеке атауына
қатысты, операция бойынша нормалардың нәтижесінде қорытындысын алатын шама.
Жүйелеуді бөлшек бойынша нормалардың арнаулы ведомостында жүргізеді.
Бөлшек бойынша нормалар өз кезігенде 2 түрге бөлінеді: көне массаның
нормасы және таза массаның нормасы (салмағы немесе көлемі). Норманың
бірінші түрі технологиялық қалдықтар және таза масса бойынша есептеледі.
Норманың екінші түрі пайдалы (тиімді) шығысты көрсетеді және құрастырушылық
құжаттары (чертеждер және т.б.) мәліметтері бойынша есептеледі. Норманың
бұлай бөлінуі өндіріс технологиясымен анықталатын, өндірістің салаларында
технологиялық шығындар мен қалдықтарды жоспарлауға мүмкіндік технологиялық
шығындар мен қалдықтарды жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл жерде нормативті
өндірістік шығындарға материалдық шығындарды басқару үшін тиімді
нормаланған шығындар мен қалдықтарды қарастырады.
Функциональдық норма бөлшектің тораптарында жеке бұйымдар өндірісінде
топталған әдістерді пайдалануда және серияларын көбейтуде, өндіріс
технологиясын және оның ұйымдастырылуын жетілдіруге есептелген материалдық
шығындар шамасы.
Функциональды нормалар толығымен өндірісте пайдаланылатын материалдардың
жұмсалу процесін сипаттайды. Мұндай нормалар нақты өнім түрлері өндірісінде
технологиялық процесстерді жетілдіруде және құруда, конструкциялық
өзгерістерде қолданылады.
Өндіріс дайындығының технологиялық және конструкциялық құжаттары бас
конструктордың, бас технологтың бас механиктің, бас электриктің
бөлімдерінде жасалады. Бөлімдер кәсіпорынның бөлімшелері мен қызметтеріне
өз уақытында өзгерістерді хабарлау және қажетті жағдайда көмектесу,
ақпараттармен қамтамасыз ету жауапкершіліктерін мойнына алады.

2.3. Материалдық босалқылар мен шығындарды бағалау

Босалқыларды бағалауға қойылатын талаптар. Материалдық
босалқыларды бағалау әдісін таңдау мына талаптарға сай келуі қажет;
- мүлікті бағалауға қатысты, кәсіпорынның есеп саясатын көрсету;
- "сатып алу немесе өндіру" шешімін қабылдауда негізгі элемент болу;
- өндірістік шығындарды бақылау жүйесімен байланысты болу.
Жоғарыда көрсетілген талаптар қарама-қарсы болып табылады
және бағалаудың бірде-бір жүйесі оны қанағаттандыра алмайды. Қарама
қайшылық босатылатын материалдық бағалыларды бағалаудың әртүрлі
мақсаттарымен анықталған.
1. Босалқыларды бағалау және пайданы есептеу үшін материалдарға кеткен
қаржылық есеп берудегі өткен шығындар шығынның баптары бойынша
қорытындыланады. Сосын олар өткізілген өнімнің өзіндік құнына кіреді және
сатылмаған (қоймадағы, жолдағы) өнімнің босалқыларды бағалау бөлігін
құрайды.
2. Өнімге баға қоюға және шешім қабылдау үшін болашақ мерзімде
материалдарға кететін шығындарды болжау керек. Болашақта басқару есебі үшін
материалдық шығындар туралы ақпараттар қажет.
Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:
1. Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі;
2. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі;
3. ФИФО әдісі;
4. ЛИФО әдісі.
Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі
Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте бірімен бірін алмастыруға
болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл
металдардың, асыл тастардың т.б.) нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын
есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелінген
жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл
есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне
қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын
есептеуге арналған.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған
әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша
бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар
тобының (түрінің) орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың
басындағы қалған өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың
басындағы қалған қалдығының кұнымен ай бойы кіріске алынған материалдар
құнының жиынтығын (қосындысын) материалдардың ай басындағы сандарының
қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының
қосындысына бөлу арқылы анықталады.
ФИФО әдісі
ФИФО есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте
кіріске алынғандарының өзіндік қүны бойынша бағалау әдісі болып табылады.
Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске
алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп
жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған
материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс
етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында
қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың
бағасымен бағаланады.

ЛИФО әдісі
ЛИФО әдісі кәсіпорынға ең соңғы кезекте кіріске алынған материалдар тобы
бірінші болып шығыс етіледі немесе жұмсалады деген қағидаға негізделген,
яғни алғашқы жұмсалатын немесе шығыс етілетін материалдар кәсіпорынға ең
соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша
бағаланады. Ал ай соңында кәсіпорында қалған материалдар алғашқы кіріске
алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады.
Өндіріске босатылған және материалдардың қоймадағы қалдықтары ФИФО және
ЛИФО әдістері бойынша мына түрде есептелінеді.
Мысалы: А - түрлі материалдар тобы.
Саны Бағасы Сомасы
(дана) (теңге) (теңге)
А) Қаңтар айының бірінші жұлдызына 50 100 5000
кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың
қалдығы
Қаңтар айында кіріске алынған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік шығындар есебі мен өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі
Басқару есебіндегі қолданылатын шығындарды реттеу
Өндіріс шығындарын жіктеу
Өндірістік шығындар есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Көмекші өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыру
Калькуляциялау принципі
Шығын есебімен калькуляциялау тәсілдерінің түрлері
Шығындар обьектісін дұрыс белгілеу
Жоспарлау мен бақылау үшін шығын классификациясы
Шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құның калькуляциясының нормативтік әдістері
Пәндер