Ұжымның даму перспективалары
Жоспар:
I
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II Негізгі бөлім
2.1.Оқушылар ұжымы және оның
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.2. Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір-бірімен
сабақтастығы ... ... ... ... 10
2.3. Ұжымның даму
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...12
2.4. А.С.Макаренконың ұжым туралы
тағылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.5. И.П.Ивановтың ұжым өмірін ұйымдастырудағы
идеялары ... ... ... ... ... ..19
2.6. Ұжымдық шығармашылық іс және оны ұйымдастыру жолдары ... ... ... .22
2.7. Оқушылар ұжымын ұйымдастыру, ондағы дәстүрдің
маңызы ... ... ... ... 27
III
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Қолданылған әдебиет тізімі
Кіріспе
Ұжым мәселесі қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан,
педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр. Ұжым - латын тілінен
енген ұғым. Ол бізге әр түрлі түсінікті ұғындырады: жиылған жұрт, жиын,
топ, бірлестік т.с.с. Дегенмен, қандай да бір топты ұжым деп айтуға бола
ма? Әрине, ол олай емес. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымды екі
түрде түсіндіреді. Біріншісі, қандай да бір ұйымдасқан адамдар тобы
(мысалы, өндірістегі еңбек ететін адамдар тобы), екіншісі, тек жоғары
деңгейде ұйымдасқан адамдар тобы немесе бірлестік. Жеке адамның ұжымға өз
еркімен кіру құқығын қолдай отырып, ұжым осы адамнан сөзсіз бағынуды талап
етеді. Ұжым егер ол адамдарды қоғам үшін сөзсіз пайдалы іс-әрекет
мақсатында біріктірсе ғана ұжым болуы мүмкін. Адамды ұжымда тәрбиелеу
идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді. Аристотельдің айтуынша, адам
баласы қоғамның тірі организмі болғандықтан, тек қоғамда ғана ол өзінің
табиғатын дамыта алады. Олай болса, ол қарым-қатынас жасау барысында өмір
сүруге және ғылымға қатысты білімдерді алады, әр түрлі әрекетке қатысты
білік пен дағды қасиеттерін меңгереді, қоршаған ортаның тылсым құбылыстарын
түсіне бастайды және соған өзі де бейімделеді. А.С.Макаренко: ең бастысы –
адамдарға деген жаңа қарым-қатынас адам ұжымындағы жаңа позициясы, оған
деген жаңа қамқорлық... - деп ұжымдағы ең маңызды мәселе деп осыны атап
кеткен болатын. Оның көрсетуінше, ұжым – адамдардың жай ғана жиынтығы
немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет
етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылардың тобы. Сондықтан
педагогтың ойынша, нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары
болсын, қандай жағдай болса да олар қоғамның бір бөлшегі болып есептеледі.
Осыған байланысты қоғамның бір бастапқы ұясы болып саналатын оқушылар ұжымы
да басқа ұжымдармен байланысты болуы тиіс, оның алдында да қоғам мен ел
алдында қойылған міндеттер тұрады. Макаренко жалпы, ірі,
3
тұтас ұжымдарының бөлімдері болып есептелетін бастауыш ұжымдардан
тұратындығын көрсетті. Жеке бала бастауыш ұжымның мүшесі, сынып оқушысы
бола отыра, ол ірі ұжым өмірімен, бүкіл мектеп мақсатымен бірге өмір сүруі
тиіс деген. Көрнекті кеңес педагогы В.А.Сухомлинский ұжым, жеке адам
теориясы мен тәжірибесінің көптеген проблемаларын жан-жақты зерттеді. В.А.
Сухомлинский Азаматтың қалыптасуы, Коллективтің құдіретті күші
еңбектерінде жас ұрпақты тәрбиелеудегі педагогтың сан-алуан сырларын ашып,
жасөспірімдердің рухани жан дүниесінің және адамгершілік бейнесінің
қалыптасуында ұжымның зор роль атқаратындығын тұжырымдаған. Ұжым теориясына
Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский,
т.б. ұлы педагогтар өз үлесін қосты. Н.К.Крупская, А.С.Макаренко балаларды
ұжымда тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің негізін жасай отырып,
жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір сүруге, еңбек етуге
үйрету керек деп ой түйеді. Н.К.Крупская 1926 жылы Көркемдікке
тәрбиелеудің міндеттері туралы атты еңбегінде: Қазіргі тәрбие ісінің
көлемді міндеттерінің бірі – балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым
болып өмір сүруге үйрету, - деп атап көрсетті. Надежда Константиновна
оқушыларда ұжымдық сезімін тәрбиелеуге үлкен мән берді, жаңа адам, қазіргі
қоғамның азаматы ұжым мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды, ұжым пікірімен
санасады, өз еңбегімен ұжым атына кір келтірмеуге тырысады деп көрсетті.
Ұжымда қарапайымдылық пен кішіпейілділік қасиеттерін ол өте жоғары
бағалады, оларды адамның көркі деп санады. Ұжымды тәрбиелеу принципін
кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог А.С.Макаренконың
еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің әдістемелік
мәнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеді. Ол
ұжымның нақтылы әдісін зерттеді және ол әдістерді қолданудың шарттарын
анықтады, ұжымның даму заңдылықтарын және құрылысының ерекшеліктерін ашты.
А.С.Макаренко көпжылдық педагогикалық тәжірибені қорытып-талдау негізінде:
егер балалар ұжымының нағыз ұйымы болса, онда ғажайып нәрселер жасауға
болады, -
4
деген. Педагогика ғылымында балаларды ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу идеясы
1920-1930 жылдардан бастау алып, бүгінгі күні ол толық зерттеліп, мектеп
тәжірибесінде жүзеге асып отыр. Қазіргі қоғамды реформалау, нарық
жағдайында бұл идея жиі-жиі сынға алынуда. Ондағы негізгі себеп, ұжымдық
қатынас тұлғалық ерекшелікті басады, оның пікірін көпшіліктің пікіріне
бағындырады. Соның негізінде тұлғаның өзінің белсенділігі азайып, ұжымға
жалтақтау, яғни комформизмнің тууына ықпал етеді. Демократиялық, жариялылық
тұлға дамуындағы еркіндік идеяларымен үйлеспейді деген көзқарасты
дәлелдейді. Мұндай көзқарас кейбір мектептердегі мұғалімдердің өктемшілдік
әрекетінен туындайды. Себебі 80 жылдардың орта кезеңіне дейін мұғалімдер
оқушылардың нақты өмір жағдайына қатысты қызығушылығын, талап-тілектерін
көбінесе ескермей, біржақты қатаң жүйемен оқу-тәрбие процесін ұйымдастырып
келді. Бүгінде жағдай бөлек көптеген мұғалімдер педагогикалық әрекеттегі
тұлғалық-бағдарлық көзқарасқа сай сыныптың көңіл-күйі мен психологиялық
жағдайын жақсартуға көңіл бөле бастады. Олай болса нағыз оқушылар ұжымын
қалыптастыруды нәтижелі ұйымдастыру, шынайы әлеуметтік өмірге сай
балалардың қажеттілігін ескеріп, мұғалімдермен өзара әрекеттесуінде
ынтымақтастық сипат орын алған жағдайда ғана өз жемісін берері анық. Ұжым
проблемасын түсіндіруде қазіргі әр түрлі ғылыми ұжымдардың зерттеу
жұмыстарында түрліше ғылыми тұжырымдардың барлығын білеміз. Міне, солардың
ішінде Л.И.Новикованың осы бағытта жүргізген ғылыми зерттеу жұмысын ерекше
атауға болады. Ол әрбір оқушыны жан-жақты дамудың құралы ретінде
қарастырып, балалар ұжымын басқарудың тиімді жолдарын зерттейді. Профессор
Л.Н.Новикова және оның ғылыми мектебінің бағыты ұжымның жеке адамды жан-
жақты дамыту әсерінің негізгі бағыттарын ашып береді. Ұжым және жеке адам
проблемасын зерттеуде екінші бір бағыт – профессор Г.Е.Конникова
басшылығымен жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары. Бұл ғылыми бағыт негізгі
функцияны оқушылардың адамгершілік қарым-қатынастарының дамуымен
байланыстырады.
5
2.1. Оқушылар ұжымы және оның белгілері.
Тәрбиелеудің жаңа шарттары мектепте тәрбие қызметінің жаңа формасы оқушылар
ұжымын тудырды. Ол жеке адамның жан-жақты дамуына мейлінше жақсы жағдайлар
жасайды. Дені таза және топтасқан оқушылар ұжымына тән сипаттар: идеялық
нысаналылық, оның іс-әрекетін жалпы ұйымдастыру, оқушылардың өзара тығыз
әрекет етуі, жалпыға бірдей жауапкершілік, ұжымның жеке мүшелеріне жоғары
талап қоюшылық. Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі
міндеті – оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл
міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады. Жақсы
ұйымдасқан ұжымның маңызды белгісі – дені таза қоғамдық пікір, сенім мен
жоғары талаптың болуы. Сондай-ақ топтасқан оқушылар ұжымы үшін онда игі
дәстүр, алға жетелейтін тартымды перспектива қою, сергек көңілді күй,
жоғары тәртіп орнату, сын мен өзара сынды дамыту тән. Оқушылар ұжымы – бұл
өзіндік әрекетке ие ұйым. Ол оның барлық мүшелері әр түрлі іс-әрекет
ұйымдастыруда дербестік және инициатива көрсеткен жағдайда өсіп, дамиды.
Оқушылар ұжымдарының тәрбиелік ролін көтеру – мектептің даму тенденциясының
бірі. Жақсы ұйымдастырылған ұжымда үш негізгі қызмет: ұйымдастыршылық,
идеялық-тәрбиелік және әр алуан іс-әрекетті ынталандыру қызметі ойдағыдай
орындалып отырады. Тәрбие процесін ұйымдастыру жайында сөз қозғағанда, оны
жарақтауды есте тұтудың маңызы үлкен. Тәрбиеші оқушыға тікелей әсер жасай
алады, бірақ оған жолдастары арқылы, оқушылар ұжымы арқылы да әсер жасай
алады. Қазіргі қоғам жағдайында жеке адамға тәрбиелік ықпал жасаудың
негізгі формасы, негізгі құрал-жарағы оқушылар ұжымы болады. Оқушылар ұжымы
– оқушылардан жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен
топтасқан тұрақты бірлестігі. Оқушылар ұжымына тән қасиет: мақсаттылығы,
ауызбірлігі, іскерлігі, жауапкершілігі т.б Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын
жоспарлағанда оның ең басты, шешуші саласы балалардың достығы жарасқан
6
тату-тәтті, іскер ұжымын құру екендігін ұмытпауы тиіс. Оқушылар ұжымының
өмірін қызықты ұйымдастырмайынша мектеп алдында тұрған міндеттерді орындау
мүмкін емес. Сыныптағы оқушылардың өзара дұрыс қарым-қатынасы – тұрақты
көңіл-күйді, бір-біріне сенім мен сыйласымдылықты қалыптастырады. Дұрыс
қарым-қатынас - өмір құбылыстарын бағалау өлшемін және ақиқат, жақсылық,
әсемдік туралы көзқарасты тәрбиелейді. Сондықтан, тек адамдармен шынайы
іскерлік, достық қарым-қатынаста ғана адамның өзін-өзі дамуына мүмкіндік
туады. Ол үшін адамға қолайлы жағдай жасау қажет. Оқу-тәрбие процесінде
мұндай жағдай негізінен оқушының жолдастары арасында өзара достық қарым-
қатынастағы балалар тобын – оқушылар ұжымы деп атауға болады. Мектеп ұжымы
құрылымындағы ең тұрақты ұжым болып – сынып ұжымы есептеледі. Соның
негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жүзеге асады. Тек сынып ұжымында
ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым-қатынастың алғы шарттары
пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының
іргесі қаланады. Олай болса, оқушылар ұжымы деп – ортақ әлеуметтік маңызы
бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ
сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей
және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын атаймыз. Кез келген
мектеп ұжымына мақсат, міндеттің және ұжымдық іс-әрекеттің ортақтығы,
сыртқы ортамен байланыс, басқару органының және өзін-өзі басқарудың
болатындығы, ұжымдық байланыс пен қарым-қатынастың іске асуы сияқты
белгілер тән болып табылады. Бұл белгілердің дамуы және іске асуы әр түрлі
себептерге байланысты, ең алдымен, нақтылы мектептің педагогикалық жұмыстың
дәрежесіне байланысты. Тәрбие мақсаты деген мақаласында А. С. Макаренко
ұжымға тән бірнеше негізгі қасиеттерді атады. Ұжым өз мүшелерін тек
бірыңғай мақсатпен, ортақ іске қатысумен ғана емес, сонымен бірге еңбекті
жаппай ұйымдастырудан бастайды. А.С.Макаренконың пікірінше, әр оқушының
қимылы, оның сәттілігі немесе сәтсіздігі деп бағалануы тиіс. Сынып ұжымы
жалпы мектептік ұжымнан бөліне,
7
тұйықтала және мектеп өмірінен бөлек өмір сүре алмайды. Оның қызметі жалпы
мектеп ұжымының алдында тұрған міндеттермен анықталады. Мектеп
тәжірибесінде бастауыш ұжымдардың жалпы мектеп ұжымымен байланысының
мынандай түрлері қалыптасып, қолданылады: мектепте және одан тыс қоғамдық
пайдалы еңбекке қатынасу, жалпы мектептік жарыстар, мектеп бойынша
кезекшілік, мерекелерге бірлескен дайындық, мектеп бойынша оқырмандар
конференцияларын, диспуттар, тақырыптық кештер өткізу т.б. Сынып ұжымы ең
алдымен оқушылардың өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.
Сыныпта да өз-өзінен шағын топтар (микроұжымдар) пайда болатыны аз емес.
Олар әдетте ортақ мүдде, ортақ іс негізінде (маркаларды жинау,
көгершіндерді бағу, модельдер жасау т.б.) құрылады. Олардың жұмысын дұрыс
арнаға бағыттау керек. Осы топтарға біріккен мектеп оқушыларының жалпы
сыныптық, жалпы мектептік істерден тыс қалмауына, өз мүдделері шеңберінде
тұйықталып қалмауына ұмтылу керек. Бірқатар жағдайларда қоғамдық орта мен
микроұжымның әсер етуі арасында қайшылық пайда болады. Өкінішке орай, соңғы
әсер ешқашанда жақсы бола бермейді. Жалпы мектеп ұжымы, - деп жазды
В.А.Сухомлинский, - бұл ондаған бастауыш ұжымдар, олар мейлінше әр түрлі
қарым-қатынастар арқылы, рухани өмірдің, тұтынудың, мүдденің мейлінше бай
сарындары арқылы құрылады. Оқушылар ұжымына дербестік беру педагогикалық
бағыттаушы ролін төмендеткендікті білдірмейді, керісінше, олардан көбірек
икемді және әдепті басшылық талап етіледі. Н.К.Крупская Мектепте
балалардың өзін-өзі басқаруы деген мақаласында өзін-өзі басқару формалары
дайын тұрған күйінде сырттан әкелінбеу және қайдағы бір өзгермейтін
нәрселер болмауы тиіс. Өзін-өзі басқару формалары мектеп өмірін тиімді
түрде ұйымдастыру талаптарынан шығуы және даму процесінің қажеттеріне қарап
қана қалыптасуы тиіс екенін айтқан болатын. Оқушылар ұжымының өзіндік
белгілері бар. Атап айтсақ:
1. Жалпы әлеуметтік маңызы бар ортақ мақсаттың болуы. Мақсат қандай да
болмасын топта болады. Мысалы, көлікке отырған жолаушыда, балалардың
8
тұрғын жайындағы жолдастары ортасында, тіпті қылмыскерлер ортасында да
болады. Ал, біздің әңгіме қозғап отырған оқушылар ұжымына келсек, ондағы
мақсаттың сипаты олардан тіпті бөлек. Ол қоғам және мемлекет тарапынан
қолдауға ие болып, басымдылық танытатын мемлекеттік идеология және заңдар
мен Ата заңға қайшы келмей, солардың шеңберінде әрекет жасайды. Себебі,
ондағы мақсат міндетті түрде қоғамның мақсатымен сәйкес келеді. Мәселен,
адамның тағдыры үшін қандай мақсат нәтижелі әрі дұрыс бағытталған, соны
айыра білу қажет.
2. Әрекет етуде өзара бірлескен іс-қимылдың болуы. Балалар ортақ мақсатқа
жетуде бірле,се іс-қимыл жасайды. Ол үшін оның әрбір мүшесі бірлескен өзара
әрекетке белсенді қатысуы міндетті.
3. Өзара қарым-қатынаста жауапкершіліктің болуы. Яғни, өзара әрекеттесу
барысында, оның әрбір мүшесінен жоғары жауапкершілік талап етіледі. Соған
сәйкес, ұжымның әрбір мүшесінің өзара ерекше қарым-қатынасы белгіленеді:
көңіл-күйдегі әсерленушілікте, моральдық межеде, өзара пікір алмасуда,
белгілі бір мәселеге қатысты бірыңғай ортақ көзқарастың болуы.
4. Ортақ сайланған басқару ұйымның болуы. Ұжымда демократиялық қатынас
орнайды. Соған сәйкес белгілі бір басқару ұйымы құрылады. Ол тікелей және
ашық сайлау негізінде қалыптасады. Ұжымды қалыптастырудың жоғарыда аталған
белгілерінен басқа тағы да өзгелері болуы мүмкін. Бұл белгілер ұжымның ішкі
қалыптасу құрылымы мен психологиялық жай-күйдің және оның әрбір мүшесінің
бір-бірімен өзара қарым-қатынасының көрінісі немесе өлшемі ретінде
сипатталады. Сондықтан, жақсы ұйымдасқан ұжымда өзара көмек және өзара
жауапкершілік, бір-біріне тілектесті және адал ниеттілік, сын және өзара
сын орнығады. Сонымен қатар, еңбекке, қоғамдық пайдалы жұмыстарға,
жолдастарына, тіпті өзінің міндетіне жауапкершілігі қалыптасады. Татулық
пен достығы жарасқан ұжымдағы өзара қарым-қатынас жеке басының
мүддесін
9
қоғамдық мүддеге бағындырумен анықталады. Мұндай көзқараста белгілі бір
әлеуметтік объективтік және субъективтік құбылыстарға ұжымның әрбір
мүшесінің айқын да сенімді қатынасының қалыптасуына оң ықпалын тигізеді.
2.2. Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір-бірімен сабақтастығы.
Ұжым дамуы өте күрделі процесс. Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның
даму кезеңдерін А.С.Макаренко балаларұжымы дамуының мақсатына, іс-
әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне
байланысты ажыратты. Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз
ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыратын жұмысты
талап қоюдан бастайды. Талап баланың іс-әрекетінің барысында орындалуға
тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету,
әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін
құбылыс. Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген
оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін. Бұл кезеңде мұғалім ұжым іс-
әрекетінде белсенді, ынталы оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріндегі мұндай
тәсіл сыныпта белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар
мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін. Бірінші кезең
аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн: 1) ұжымды нығайтуға
бағытталған мақсаттарды анықтау; 2) ұжым іс-әрекетінің дамуы; 3) жеке адам
арасындағы қарым-қатынас, іскерлік пен гуманистік қатынастардың пайда
болуы; 4) барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі. Бұл
кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін
ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымда балаға
педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру. А.С.Макаренко ұжымды
нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет
дейді. Ұжым дамунының екінші кезеңі
10
күрделі міндеттерді шеше отыра одан әрі дами түседі. Ең алдымен, ұжымды
ұйымдастыру тәсілі жағынан күрделене түседі. Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі
басқаруға, сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым
органдарына көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор.
Осы кезеңнің ерекшелігі – оқушылардың практикалық іс-әрекетінің күрделене
түсуі. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек
тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін
бақылау, т.б. Мұғалімнің қызметі – коммуникативті, балалармен байланыс
жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді
орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту. Ұжымның бұл даму кезеңінде
қатар ықпал жасау принципі қолданылып, тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге
асырылады. А.С.Макаренконың Параллельді әрекет ету педагогикасы деп
аталатын принципі бойынша тәртіп бұзған кінәлі оқушыларға әр уақытта
педагогтың тікелей араласуы міндетті емес. Мұндай жағдайда педагог балалар
ұжымының көңілін болған оқиғаға аудара білуі тиіс және жеке оқушыға ұжым
ықпал ете білерліктей дәрежеге көтерілуі керек. Сонда ғана ұжымның әрбір
мүшесі бүкіл ұжым үшін жауап бере алады. Үшінші кезең – белсенді топтың
және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, қоғамдық өмірдегі деректерді,
құбылыстарды бағалауда қоғамдық пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу
кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың
арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамып, ұжымда тілектестік, бір-
біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына , мұқтаждығына үн қатуға
дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты қасиеттер
пайда болады. Үшінші кезеңде оқушыларды зерттеу ерекше роль атқарады. Оның
себебі оқушылардың идеялық-адамгершілік жағынан тез қарқынмен қалыптасуына
тікелей байланысты. Бұл оқушылар ұжымының өзінің дамуында жоғары дәрежеге
жеткендігінің көрсеткіші бола алады. Бұл күш – адамның адамға қамқорлығы.
Адамның адамға деген жауапкершілігі. Адамның ұжым алдындағы, қоғам
11
алдындағы жауапкершілігі, - деп жазды В.А.Сухомлинский. Ұжым қоғамдық
пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір – бұл ұжым мүшелерінің талаптарды,
пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым одан әрі дамытып, кейбір
ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе теріске
шығарады. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялылық әрекеттілігі –
қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.
2.3. Ұжымның даму перспективалары.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі –
ұжым алдындағы мақсатты – перспективаны таңдау. Перспектива – ұжымның
барлық мүшелерінің қол жеткізуге талпынатын, олар жүзеге асыру үшін
күресетін жарқын, қызық және қуанышты оқиға. Оқушылар алдына қызықты
перспективалар қою туралы А.С.Макаренко ерекше тоқталған болатын. Осыған
орай оның теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты
перспективаларын еске түсірген жөн. Ертеңгі күннің қуанышы адам өмірінің
ақиқат демеуі болып табылады. Педагогика техникасында осы ертеңгі қуаныш –
жұмыстың ең маңызды обьектілерінің бірі. А.С.Макаренко бұл туралы мынандай
пікір айтқан: Егер балалар алдында қуанышты, қызықты істер болмаса, онда
олар өмір сүре алмайды. Адам өмірін шын ынталандыру – ертеңгі қуанышты
сезіну. Ең алдымен, қуаныштың өзін ұйымдастырып, өмірге келтіріп, оны
ақиқат етіпқою керек. Екіншіден, қуаныштың анағұрлым жай түрлерін,
анағұрлым күрделі және адам баласы үшін маңызды түрлеріне жеткізіп,
табандылықпен іске асыру керек. Мысалы, тіпті жақсы жабдықталған балалар
мекемелері, егер олар болашақ жобасын ұйымдастырмаса, жұмысты жақсы
істеуге, тәртіпті болуға жете алмайды. Жақын перспектива – бұл күнделікті
өмірдегі әр түрлі іс-әрекетке жеке тұлғаны ынталандыру, қызықтыру. Өзінің
ынтасы мен мүддесін алдағы ұзағырақ мерзімге белгілеуге әлде де болса
қабілеті жоқ адамдардан құралған балалар ұжымында ертеңгі күн
бүгінгіден
12
міндетті түрде тәуір болып көрінуі керек. Баланың жасы өскен сайын оның
таяудағы болашағының (перспективасының) шегі кеңейе түседі. 15-16 жастағы
баланың көздеген жақын болашағының 12-13 жасар жасөспірімнің көздеген
болашағындай үлкен маңызы болмайды. Жақын перспективаға жарыс, саяхат,
жексенбілік серуен, цирк, мұражай және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты
жұмыстар жатады. Біздің міндетіміз – жеке бастың перспективасы мен ұжымдық
перспективаны ұштастыра жүргізу, біздің тәрбиеленушіде осы болашақтар
арасында ешқандай қарама-қарсылық сезілмецтін ету керек. Ұжым өмірі қазіргі
қанағаттану, серігу қуанышына емес, жоғарыда айтылған мағынадағы қуанышқа
ертеңгі күннің қажырлы еңбегі мен табысы қуанышына толы болуға тиіс. Жақын
перспективаны ұйымдастыру жөніндегі жұмыс үнемі алуан түрлі формада
жүргізілуі қажет. Бұл жұмыс өте жеңіл және қызықты, мұнда ешқандай ерекше
қулық-сұмдықтың қажеті жоқ. Егер сіз ұжымға шын мәнісінде қамқорлық
жасасаңыз, егер шын мәнінде оның өмірін анағұрлым қуаныштырақ еткізіңіз
келсе, егер сіз кейін іс жүзіне аса алмайтын алдамышты перспективаны
көрсете отырып ұжымды алдамасаңыз ғана болашақ жолдарының ақиқатқа
жеткізетіні өзінен-өзі түсінікті. Орта перспектива ұжым өміріндегі
оқиғалардың ілгерірекке белгіленген жобасында бейнеленеді. Балалар үшін бұл
өте-мөте қажет нәрсе. Орта перспективаның жолында мыналар болуы мүмкін:
мерекелі демонстрациялар мен бүкілхалықтық науқандарға қатысу, балалар
лагеріне бару, жыл сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет,
эстетикалық және этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу, балалар
мекемелері ашылған күнді, мекемеге есімі берілген құрметті адамдардың
мерейтойларын, оқу жылының басталуын және аяқталуын, балалардың мектеп
бітіріп шығуын, мекеменің бірінші орынға ие болғанын, жазғы демалысты атап
өту. Мұндай күндерге ерте бастан әзірленсе, оған ерекше мән беріп, оның
негізгі мазмұнына: есеп беру, қонақ қабылдау, сыйлық беру, жаңа үйлер мен
жабдықтар, жылдық жарыстың нәтижелерін шығару сияқты алуан түрлі
тақырыптарды қосса ғана орта перспективаның маңызы болады. Бұл
13
күнге даярлану бастапқы кезде ұжым болып ойластыру, әңгімелесу, пікір алысу
түрінде ғана жүргізілуі керек. Қашық перспектива балаларды үлкен іске күш
жұмсауға жұмылдыра алады,олар үшін шын мәнісінде қуанышты болашақ жасай
алады. Қашық перспективаға келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп
бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе
кәсіптік оқу орындарына түсу сияқты мақсаттар жатады. Әрбір тәрбиеленуші
мекемеде уақытша болады, ерте ме, кеш пе бұл мекемеден кетеді, бұған
қарамастан мекеменің келешегі оның анағұрлым бай және анағұрлым мәдениетті
өмірі ұжымның алдында әрқашан бүгінгі өмірдің көптеген жақтарын айқындайтын
елеулі және жоғары мақсат ретінде тұруы керек. Егер балалар үшін мекеме
жақсы болса және балалар оны сүйетін болса, олар өз мекемесінің болашағына
қалай болса солай қарамайтындығын тәжірибе көрсетті. Мұндай перспективаны
қойып тәрбиелеу, кең саяси тәрбие беруісінде өте маңызды кезең болып
табылады. Себебі, ол анағұрлым кең болашаққа – біздің бүкіл мемлекеттің
болашағына өту болады. Мемлекеттің болашағы , оның алға ілгерілеуі болашақ
жолын ұйымдастыру ісінде ең жоғары саты болып табылады. Осы болашақ жөнінде
біліп, айтып және оқып қана қоймай, еліміздің алға басуын, оның жұмысын,
жетістіктерін мақтаныш етіп, халықтың келешегі жайын да ойлау керек. Қоғам
адамдары қашық перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда
келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта перспективалармен мызғымас
байланыста іске асырылады. Балаларға кинофильмдер көрсетудің, олармен
мемлекеттегі елеулі оқиғалар жайында әңгімелесудің, бұл оқиғаларды
мекемедегіоқиғалармен салыстырып отырудың, жеке адамдармен хат жазысып,
басқа да балалар және үлкендер мекемелерімен хат алысып тұрудың зор маңызы
бар. Әрбір мұғалімнің міндеті – перспективаларды оқу және тәрбие барысында
тиімді пайдалану, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін
таңдап ала білу, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық
дәрежесін еске алу.
14
2.4. А.С.Макаренконың ұжым туралы тағылымы.
А.С.Макаренко тағылымы ұжымды сатылы қалыптастырудың егжей-тегжейлі
технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді:
қозғалыс – ұжымның өмір сүру формасы. Әйгілі педагог ұжымның даму
принциптерін анықтады (ашықтық, жауапты тәуелділік, перспективалық,
бірлікті әрекет). Ұжым болу үшін, топ сапалы жіктелу жолынан өтуі қажет.
Мектепте педагогикалық тұрғыда ойластырылып шешілген оқу-тәрбие үрдісін
шебер жүзеге асыру үшін әрбір мұғалімнің, тәрбиешінің, мектеп директорының,
сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушылардың мектеп ұжымының тәрбиесі жөніндегі
негізгі ұстанымдарды басшылыққа алатын ғылыми негіздерді білуі керек.
Өйткені, ұжымда идеялық бірлік болғанда ғана іс-әрекет, ой-күші болады. Ал
бірлік - әрбір адамның табанды идеялық сенімдерін қалыптастырудың түп
негізі және ең маңызды ұйтқысы. Педагогика мәдениетінің, бүкіл оқу және
тәрбие жұмысының дәрежесі төмен болған жерде ұжым туралы сөз қозғау мүмкін
емес. Ұжымға басшылық ету үшін және оның жұмысына дұрыс бағыт беру үшін
мектеп басшысы және барлық тәжірибелер әрбір баланың психикалық, рухани,
интеллектуалдық ерекшеліктерін өте жақсы білуі тиіс. Мұғалімдер мектепте
баланың тек оқып қана қоймайтынын ұмытпау керек. Мектепте ол өмір сүреді.
Егер тәрбиешілер осы ақиқатты ұмытса, оқушы үшін оқу ең ауыр азапқа
айналады. Оқу – сан қырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі. Егер
ұжым ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық
қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылар толық мәнді рухани өмір сүре
алады. Ендеше мектеп өзінің қызғылықты, мазмұнды өмірімен ғана оқушыларды
өзіне тарта алады. Адам – ұжым – қоғам - өзара қарым-қатынас жүйесі, міне
осының арқасында ұжым қоғамның белсенді қайраткерін, азаматтық, қоғамдық
мәселелерге өте сергек қарайтын, ел мүддесімен, ел тілегі мен өмір сүретін
жауапкершілігі мол, саналы азаматты тәрбиелейтін күшке айналады. Тәрбиеде
ұжым теориясы мен тәжірибесін жасауда ол ерекше орын алады.
А.С.Макаренко ұйымдасқан ұжымдағы жеке
15
адамды қалыптастыру жүйесінің тиімділігін теориялық жағынан негіздеп,
практикалық тұрғыдан дәлелдеді. Жеке адамды ұжымда тәрбиелеудің бір жүйелі
теориясын жасап берді. Оның идеясы тәрбие практикасында жан-жақты
дәлелденіп іске асты. Күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Ынтымақты,
ұйымшыл да пәрменді мектеп ұжымдарын құру және соның негізінде қоғамдық
белсенділігін арттыру – тәрбие жұмысын жетілдірудің аса маңызды
бағыттарының бірі. Ұжымның жеке адамға әсерін А.С.Макаренко 3 тұрғыдан
қарастырады: әлеуметтік, педагогикалық және методикалық. А.М.Горький
атындағы колония мен Ф.Э.Дзержинский атындағы коммуна тәрбиеленушілерімен
тікелей жүргізген жұмыс тәжірибесінде жеке адамды жан-жақты қалыптастыруда
ұжым ролінің ерекше екендігін атап өтті. Антон Семенович тәрбие жұмысын
жүргізуде балалар ұжымының ертеңгі күні бүгінгісінен өзінің мәні және
шеңбері жағынан жоғары және кең тұратындай болып құрылуын талап еткен.
Өзінің тәжірибелік тәрбие жұмыстарында бірімен –бірі байланысты түрде
құрылатын, жоғарыда атап кеткен, үш түрлі (жақын, орташа және қашық)
болашақ жолдарды (перспективаларды) пайдаланған. Мектеп бітіргенне кейін
іске асуға тиісті балалардың бүкіл ел өміріне араласуға ұмтылушылығын
тәрбиелеуді Антон Семенович болашақтық жолдардың ең
жоғарғы басқышы деп бағалаған. Ол болашақ жолдардың балалар ұжымының тек
қана қуанышы мен жақсылықты сезуінен құрала бермейтіндігін ескертті, ұжым
мүшелері болашаққа жетуде өздерінің алдында кездесетін қиыншылықтарды
меңгеріп, жеңе білуге тәрбиеленуі тиіс деді. Ол қоғамдық гуманизм
идеясымен сусындаған ұжым теориясын жасады. Адамның жеке басын қоғамнан
тыс, ұжымнан тыс алып қарауға болмайды деп айтып кеткен. Сондықтан ұжым
ішінде, ұжым үшін, ұжым арқылы тәрбиелеу Макаренконың тәрбие жүйесінің
негізгі және орталық идеясы болды. Өзінің шығармаларында ұжым ішінде
тәрбиелеу мәселесін тәрбие жүйесінің негізгілерінің бірі ретінде, ол ұжымды
тәрбиенің ең бастысы, тәрбиенің бірден-бір, негізгі құралы деп бағалаған.
А.С.Макаренко ұжымды сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді
16
анықтады, олар: айқын түрде мақсатқа талпынушылық, ұжымның барлық
мүшелерінің іс-әрекет жасауы, бірлігі, ұжым мүшелерінің өз арасында
міндеттерін анықтауы, бұл міндеттерін әрқайсысының ұқыпты орындауы; қатаң
түрде орнатылған тәртіптің болуы, оны ұжым мүшелерінің сөзсіз орныдауы; өз
мүшелері үшін ұжымның жеке адамдарының бүкіл ұжым алдындағы жауапкершілігі,
өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім; өзара бағына білу. Ол оқушылар
ұжымын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ең басты формасы ретінде қарастырды.
Балалар ұжымының негізінде жатқан педагогикалық принциптерді жасады. Ол
ұзақ жолдар, параллельді (қатар) әрекет ету принциптері. А.С.Макаренко
тәрбие процесінде тәртіп бұзушы тәрбиеленушілерге қарсы кең түрде балалар
ұжымының осы мәселеге байланысты параллельді (қатар) әрекет ету әдісін
шебер қолданған. Бұл әдіс бойынша, тәртіп бұзған кінәлі оқушыларға әр
уақытта тікелей педагогтың араласуы міндетті емес. Мұндай жағдайда педагог
балалар ұжымымың көңілін сол болған оқиғаға аудара білуі тиіс және әр жеке
оқушыға ұжым ықпал ете білерліктей дәрежеге жеткізілуі керек. Сонда ғана
ұжымның әрбір мүшесі бүкіл ұжым үшін және бүкіл ұжым өзінің жеке мүшелері
үшін жауап бере алады. Оқушылар ұжымы тәрбие беруде қатар әрекет жасау
педагогикасын ойдағыдай қолдануды қамтамасыз етеді. Ұжым неғұрлым
топтасқан болса, педагогтар мен оқушылар ұжымы органдарының қатар әрекет
жасауы соғұрлым күшті және тиімдірек болады. Мұның өзі ұжымды тәрбиелік
ықпал және оқушылардың өмірін ұйымдастыру объектісінен тәрбиелеу, тәрбиелік
қарым-қатынастарды дамыту субъектісіне айналдыруға жәрдемдеседі. Тіпті, өте
талантты педагогтың бір өзі, ол оқушылар ұжымына сүйене отырып қол
жеткізерліктей табысқа жете алмайды. А.С.Макаренконың тәрбие беретін
мекемелердегі көпжылдық тәжірибесі негізінде дұрыс, ұлттық тәрбие тұтас,
күшті, әсерлі ұжымдар құру жолымен ұйымдастырылуы тиіс деген қорытындыға
келуі тегін емес. Антон Семенович ұжымды тәрбиелеуде сол ұжымнан шыққан
ең алдыңғы топ – мықты активтің роліне үлкен мән берген,
17
активті ол педагогтардың ең жақын тірегі ретінде қараған. Мектеп ұжымы –
типі жағынан әр түрлі ұжымдар мен бірлестіктердің ең күрделі жиынтығы.
Сынып, шығармашылық ұйымдар, жоғары сынып оқушыларының клубы мен үйірмесі,
спорт секциясы, еңбек бригадасы, туристік команда т.б. балалардың
бірлестіктері бір ғана жалпы мектеп ұжымының шеңберінде өмір сүреді және
жан-жақты дамиды. Оқушы бір уақытта бірнеше ұжымға мүше болып табылады,
олардың әрқайсысында белгілі роль атқарады. Белгілі педагог атап көрсеткен
ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол
міндеттер:
- ұжым алдындағы айқын мақсат;
- ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;
- ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;
- өз арасында міндеттер белгілеуі;
- белігіленген міндеттерді орындауы;
- қатаң тәртіптің болуы;
- өз мүшелері үшін ұжымның жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау,
жолдастық сезім, қайырымдылық қарым-қатынастың болуы. Ұжымдық рухта
тәрбиелеу педагогикалық тәрбие мақсатындағы негізгі принцип. Бұл мақсатқа
жетудің жолдары мен формалары ұжымға байланысты. Кеңес мектебі әлемде
бірінші болып жеке тұлғаға бағдарланған тәрбиеден бас тартып, тәрбие іс-
әрекетінің негізіне ұжымды қалады. Сөйтіп, тәрбие тәжірибесі мен
теориясының дамуына деген көзқараста үлкен қадам жасалды. Ұжым тәрбиелік
талпыныстар орталығына айналды, оны қалыптастыру мектептің негізгі міндеті
ретінде қабылданды. Бірақ кең көлемде көзделген тәрбие жұмыстары
жақсынәтиже бере қоймады, жақсы ойлар іске аспады. Көптеген жылдар бойы
үстемдік еткен ұжымдық тәрбие біздің мектептерде елеулі үлесін қоса алмады.
Бұл нені көрсетті – идеяның нашарлығын ба, әлде оның өмір қажеттігіне сай
келмегенінен бе? Өткенді ойлай келе, бүгінде адамның жеке табиғатын жасау
идеясы нақты да қарапайым болып шықты. Бұдан мынадай қорытынды шығады:
18
жекелей дамуды кесіте не ұжымдауды әсірелеп, тәрбие ісін біржақты қателікке
апаруға болмайды. Ұжымдық және тұлғалық үйлесім көп жағдайда тәрбие туралы
дұрыс көзқарастар негізіне алынуы шарт.

идеялары.
А.С.Макаренко идеясын И.П.Павловтың Коммунар әдісі дамытты. Коммунар
әдісінің мәні – ұжым өмірін айқын, бейнелі ұйымдастыру. Онда барлық іс-
әрекет ізгілік принципіне, шығармашылыққа негізделеді.Ұжымдық шығармашылық
біріккен іс-әрекетінің әдістері: ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру,
күделікті іс-әрекеттердіұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру.
Бұл әдістер И.П.Ивановтың Коллектившілерді тәрбиелеу атты еңбегінде
жазылған. Ұжымдық шығармашылық іс мына кезеңдер бойынша жүзеге асырылады: 1-
кезеңде ұжымның атқаратын жұмыстары әңгімеден басталып, шешуге тиісті
мәселелер ұсынылып, талқыланып, міндеттер белгіленіп, сұрақтар қойылады, іс
жобасы жасалады. 2-кезеңде ұжымдық іс жоспарланып, жалпы жиналыста
талқыланады. Әр ұжым мүшесі өз пікірін айтып, мәселеге байланысты сұрақтар
қойып, ұсыныстарын енгізеді. 3-кезеңде ұжымдық шығармашылық іс анықталады
және дәлелденеді. Іс жобасы әр бөлімде талқыланып, жұмыс басталады. 4-
кезеңде ұжымдық шығармашылық іс өткізіліп, дайындық қорытындысы шығарылады.
Мұны барлық ұжым мүшелерімен бірігіп, жетекшілері, тәрбиешілері
ұйымдастырады. Бұл іске қатысушылар үшін ең бастысы – сергектік, өзі үшін,
қабілетінше, жолдастарына және басқа адамдарға қуаныш әкелуге сенімділік. 5-
кезеңде ұжымдық шығармашылық іс аяқталып, қорытындысы шығарылады. Ұжым:
Қандай жұмыстар жақсы атқарылды? Себебі неде?, Не істелмеді? Неліктен?,
Келешекке нені ұсынамыз? деген сұрақтарға жауап алады. 6-кезеңде ұжымдық
іске қорытынды жасалғаннан кейінгі жиында айтылған ұсыныстарды жүзеге
асыру, келешектегі іс-әрекеттерінің мақсатын, мазмұнын және бағыттарын
белгілеу. Ұжымда балалардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы
19
процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және
тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына
әсер етеді.
Өскелең ұрпақтарды қоғам талаптарына және оның мүдделерімен өмір сүруге
тәрбиелеу – мектептің аса маңызды міндеті. Н.К.Крупскаяның, С.Т.Шацкийдің,
А.С.Макаренконың және тәрбие беру жөніндегі кеңес теориясы мен
методикасының басқа да ізбасарларының еңбектері - әрбір ұстаздың тәрбие
беретін ұжымды құрудың және оны ныңайтудың мейлінше тиімді жолдары мен
құралдарын шығармашылықпен іздестіруге шабыттандыратын ой-пікірдің
сарқылмас қайнар көзі. Мұндай ұжым өзінің ең басты парызын: әр адамның
түлеп өсуін қамтамасыз етуі тиіс. Басқа адамдардың игілігі жөнінде пәрменді
қамқорлық жасау өзінің негізгі қажетіне айналған жеке адамды тәрбиелеуге
тиіс. Көп жылғы тәжірибелерінен көріп отырғандай, тек өзге адамдардың
қуанышы мен игілігіне арналған іс қана әрбір адамның өз бойындағы жақсы
атаулыны аша және өрістете алатын тәрбиешілер мен шәкірттердің біртұтас
ұжымын туғызады және нығайтады. Бірақ бұл өздігінен емес, керісінше
тәрбиешілердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz