Тәрбие әдістерін таңдау
Мазмұны
I. Кіріспе бөлім
1. Тәрбиенің жалпы әдістері
II. Негізгі бөлім
1. Тәрбие әдістерінің түрлері, оларды топтастырудағы қажеттілік
2. Тәрбие әдістерін таңдау
3. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері
4. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру
әдістері: үйрету, жаттықтыру, ойын, тапсырма
5. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау
6. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері
7. Педагогикалық қатынас
III. Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиетер тізімі
№1 қосымша
№2 қосымша
Кіріспе бөлім
Тәрбиенің жалпы әдістері
Тәрбие әдісі – бұл педагогикалық
жұмыстың тәсілдері мен жолдары
арқылы тәрбие мақсатына жету.
Т.Е.Коникова
Тәрбие әдістері әлі зерттеліп бітпеген мәселе. Оған дәлел ретінде 1950
жылы жарық көрген Б.П.Есипов пен Н.К.Гончаровтың педагогикалық училищелерге
арналған педагогика оқулығында бұл тақырыптың қарастырылмағанын айтуға
болады. Ғалымдар тәрбие әдістерін кейінгі жылдары ғана зерттеп, оқу
бағдарламаларына енгізіп отыр. Солардың айтуы бойынша тәрбие әдістері,
педагогикалық қатынас біртұтастықта қарлып, жалпы педогогикалық процестің
бір бөлігі ретінде зерттеледі.
Тәрбие әдісі әр түрлі оқулықтарда әр түрлі тұрғыдан қаралады. Бұған
көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі-ақ дәлел.
Мысалы, Т.Е.Коникованың анықтамасы бойынша Тәрбие әдісі – бұл
педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына
жету. И.С. Марьенконың анықтамасы бойынша Тәрбие әдісі – бұл жеке адамға
тікелей және жанама түрде ықпал жасау. В.И.Сластенин: Тәрбие әдісін
тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетін өзара байланыс тәсілдері
тұжырымдайды, - дейді.
Тәрбие әдісі туралы анықтаманы өзінше Ю.К.Бабанский, И.Ф.Харламов,
Б.Т.Лихачев, Т.А.Ильина, Ж.б.,Р.М. Қоянбаевтар, Б.Р.Айтмамбетова,
А.А.Бейсенбаева, т.б береді.
Шамасы әрбір автор тәрбие әдісі туралы анықтаманы өзінің зерттеу
жұмысының нәтижесіне сүйеніп түсіндіретін сияқты. Бірақ, әр түрлі
анықтамалар бір мақсатты көздейді. Негізінен бұл сананың дамуына, баланың
мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасуына, әдістің тәрбиелік ықпал етуіне
байланысты болғандықтан ғой деп ойлаймын.
Сонымен тәрбие әдісі – бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара
байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың адамгершілік, еңбек және басқа
қаситтерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай
анықтама ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді.
Тәрбие әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына,
балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың өмірден алған
тәжірибесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбиенің мақсаттары және
мазмұнымен анықталады, ал мақсат - әдістің бас критерийі (грекше, қазақшасы
- белгісі).
Тәрбие әдістері тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-
құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және
олардың іс-әрекеттеріндегі құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы
қажет. Әдістерді іске асыру барысында ұстаз, тәрбиеші, ата-ана, аға ұрпақ
оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын
қолданады.
Әдіс - тәсілдің құрамды бөлігі. Әрбір әдістің тәсілі болады. Мысалы,
үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау, көрсету,
машықтандыру, тапсырма, т.б.
Осы көрсетілген тәрбие әдістері, тәсілдерінің іс-әрекет арқылы
жүргізілуі тәрбие құралдары болып табылады.
Сонымен тәрбие құралдарына іс-әрекеттің түрлері (еңбек, ойын, оқу,
спорт, т.б.), көрнекті байланыс құралдары, педагогиалық ықпал (ұстаздың
өнегесі, өсиеті) жатады.
Осы құралдарды тиімді пайдалану қажет.
Тәрбие әдістері өте көп, сондықтан оларды жіктеп және топтап көрсету
керек, яғни классификациялау қажет. Педагог-ғалымдар сондай классификацияға
бөлген.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерінің 11-ден астам жіктелгені бар.Солардың
кейбіреуіне ғана тоқталайын:
а) Болдырев Н.И., Гончаров Н.Н., Королев Ф.Ф. тәрбие әдістерін төрт
топқа бөледі:
1. Сенім арқылы
2. Жаттығу арқылы
3. Мадақтау арқылы
4. Жазалау арқылы
б) Ильина Т.А., Огородников И.Т. тәрбие әдістерін екі топқа бөледі:
1. Балардың іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері
2. Оқушының мінез-құлқын мадақтау арқылы қалыптастыру әдістері
в) Марьенко И.С. төрт топқа бөледі:
1. Түсіндіру
2. Проблемалық жағдай туғызу
3. Үйрету, тоқтату, тежеу
4. Өзін-өзі тәрбиелеуге басшылық жасау
г) Бабанский Ю.К. үш топқа бөледі:
1. Сана-сезімді қалыптастыру әдістері
2. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және қоғамдық тәрбиені қалыптастыру
әдістері
3. Оқушылардың мінез-құлқын көтермелеу, бақылау, өзін-өзі бақылау әдістері
д) Конникова Т.Е., Щукина Г.И. ұш топқа бөледі:
1. Тәрбиеленушілердің іс-әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-
құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері
2. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері
3. Мадақтау және жазалау әдістері
е) Сластенин Б.А. төрт топқа бөледі:
1. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері
2. Қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекетін
ұйымдастыру әдістері
3. Іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері
4. Бақылау, өзін-өзі бақылау және тәрбиеде өзіне-өзі баға беру әдістері
ж) Харламов И.Ф. бес топқа бөледі:
1. Сенім
2. Жағымды іс-әрекет
3. Жаттығу, үйрену, машықтану
4. Құптау, айыптау
5. Бақылау
з) Лихачев Т. төрт топқа бөледі:
1. Балалардың тәрбие ұжымын ұйымдастыру және өздігінен ұйымдасу әдістері
2. Қатынастық, іскерлік, жолдастық, сенімді қарым-қатынастық әдістері
3. Балалардың өздігінен тәрбиелену әдістері
4. Педагогикалық ықпал
Тәрбие әдісінің классификациясын әр түрлі тұрғыдан жасаған себебі
әдістің қатып қалған нақты қағидасы жоқ. Тәрбие әдісі – құбылыс ал құбылыс
әр түрлі көзқараспен танылады.
Негізгі бөлім
Тәрбие әдістерінің түрлері, оларды топтастырудағы қажеттілік
Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілетін білім
– адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі деп әл-
Фараби айтқандай, тәрбие адамның тағдырын ойластырады, болжайды, алдын ала
адамның рухани өмірінің көптеген негіздерін сақтайды.
Бүгінгі өскелең ұрпаққа отансүйгіштік, ұлттық сана-сезім қажет. Бұл
қасиеттер ұрпақ бойына біліммен, оқумен, үйренумен, талаптанумен бітеді.
Осы ұлы қасиеттерді ұрпақ бойына дарытатын ұстаз, ата-ана, тәрбиеші
қоршаған ортасы екені дау туғызбайды. Қазақстан Республикасының Білім
туралы заңында 8-бап: білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – жеке
адамның шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілікпен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке
басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту болып табылатын жан-
жақты қамтылған тәрбие жоспарын құру. Әрине осындай құрылған жоспардан
күтетін нәтиже көп:
- балалармен оқушы жастардың бойында қазақстандық патриотизмді,
азаматтық өзіндік сана-сезімді, ой-пікірге төзімділікті, жалпы
мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыруы, шығармашылық
қабілетін іске асыру, өзінің кәсіптік орнын айқындау, балалардың бос
уақытын қамтамасыз ету үшін тиімді тәрбие жүйесін;
- білім және тәрбие беру үрдістерін жүзеге асыруда ата-аналарды
бірлескен шығармашылыққа тарту;
- сынып жетекшілерінің сыныппен жұмыс жасауда тәрбие жүйелерінің
инновациялық тәжірибесін қолдану;
- тұлғалық өсудің тағы бір қызықты үлгісі бар, ол - өзінің өмірлік жолын
табу болып табылады. Тұлғалық өсудің әдістері мыналар болып табылады.
1. Ішкі дүниемен қарым-қатынас:
Өзін-өзі қабылдау, ішкі күйзелу тәжірибесінің анықтығы, өзін түсіну,
жауапты бостандылық, біртұтастық, динамикалық.
2. Сыртқы дүниемен қарым-қатынас:
Басқаларды қабылдау, түсіну, әлеуметтендірілгендік, шығармашылық
бейімділік.
Қазақта Тамыздығын тапсаң, тас та жанады деген қанатты сөз бар,
мектептің мән-мағынасы мен философиясы осы сөздермен үндеседі. Өйткені,
оның мақсаты - әрбір балаға терең білім мен тәрбие беріп қана қоймай, әр
баланың бойындағы табиғи қасиетін ашып, жеке тұлға қалыптастыру.
Тұлғаның сезім мүшелері арқылы оның ақыл-ойы, санасына ықпал ете
отыра, оның өмірлік ұстанымын, көзқарасын, сенімін қалыптастыру. Ол үшін
жас өспірімдерге жағымды мінез-құлық нормалары мен ережелерін түсіндіріп,
адам, қоғам өмірінен тәжірибе, үлгі келтіре отыра, олардың жан-жақты,
әрекеттерін ұйымдастыру қажет. Себебі, тұлғаны қалыптастыруда ең алдымен
оның ішкі жан дүниесінің, санасының дамуы ерекше орын алады. Бұл тәрбие
әдістеріне негізінен әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, дәріс, өнеге жатады.
Олар мазмұны жағынан танымдық, саяси, этикалық, эстетиалық тақырытарды
қамтиды.
Бүгінгі таңда мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген тәрбие
әдістерінің біріңғай жүйесі қалыптасқан. Әдістердің алуан түрлілігі, оларды
тиімді падалану және тұлғаға жасалған ықпалдың нәтижелі болуын қамтамасыз
ету мақсатын көздеп, оларды топтастырады. Әрбір әдістің өзіне тән
белгілері, ерекшелігі, міндеті, бір-бірімен байланысы да топтастыруды,
жіктеуді қажет етеді.
Педагогика оқулықтары мен ғылыми зерттеу еңбектерінде тәрбие
әдістерін жіктеуге байланысты ортақ пікір жоқ. Дегенмен де қалыптасқан
тәжірибе бойынша әдістерді негізінен үш топқа жіктейміз.
Г.И. Щукинаның Педагогика оқулығында тәрбие әдістерін:
1. Жеке адамның санасын қалыптастыру;
2. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру;
3. Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру деп жіктесе, В.А.Сластенин
бойынша оған қосымша:
4. Мінез-құлық, іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру
және өзіне-өзі баға беру әдістері деп те қарстырылады.
Ғалым педагогтар Н.И.Болдырев, Н.Г. Гончарев, Ф.Ф. Королев
еңбектерінде тәрбие әдістерін ендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау деп
қарастырады.
Жоғарыда келтірілген тәрбие әдістерін жіктеу түрлерінің қайсыбірін алсақ
та, олар негізінен жеке тұлғаның қалыптасуындағы оның мәні мен іс-әрекетін
ұйымдастырудың маңыздылығына байланысты дәлелдейді. Сол себептен де тәрбие
әдістерін топтастыру немесе жіктеу тәрбиенің мақсат пен міндеттері және
мазмұнына байланысты анықталады.
1. Жеке адамның санасын қалыптастыру немесе сендіру әдісі:
Ереже ұсынғанша өнеге ұсын - демекші, сендіру әдістерін қолданғанда
балаға шектен тыс мораль айтудан аулақ болған жөн. Оның ссанасы мен мінез-
құлқын қалыптастыруда өзін қоршаған ортаның ықпалы зор. Бұл орайда өнегенің
жеке бастың үлгісі негізінде тәрбиелеудің маңызы ерекше. Бұлар өзін
қоршаған ортадағы үлкендерге, жолдастарына, ұлы адамдарға, батырлаға, өнер-
мәдениет адамдарына ұқсауға еліктейді.
Сендіру тәсілі ретінде үлгінің тәрбиелік мәні балалардың мінез-
құлқындағы жақсылыққа еліктеушілік, бейімділік қасиеттерін дұрыс баулу,
үлгі бола алатын адамдармен олардың қарым-қатынасын орнату.
Қорыта айтқанда, тәрбиенің сендіру әдістері тәрбиеленушілердің санасы
мен мінез-құлқын қалыптастыруда, өзара байланыста тәрбие процесінің аса
маңызды міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
2. Қоғамдық мін ез-
құлықты қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру немесе жаттықтыру әдісі:
Тұлғаның тек әрекетте ғана жеке басының жан-жақты қалыптасып және
дамитындығында. Бұл топтағы әдістерге талап қою, жаттықтыру, тәрбиелік
жағдай туғызу, тапсырма беруді жатқызуға болады.
Бізге мәлім болғандай, тәрбие процесі баланы пайдалы іс-әркетті
орындауға, жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру тәсілдерін
меңгеруге үйретуден басталады. Үйрету – тапсырма беру, оны орындауға
жаттықтырудың негізінде атқарылады. Үйрету – қоғам нормалары мен ережелерін
орындауға баулу. Бұл мақсатты процесс.
2. Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру немесе мадақтау және
жазалау әдісі:
Тәрбиелеу шарларының сапасы мен тиімділігін арттырады, оларға баға
беруде, бала мінезіндегі жақсы қылықты көтермелеп, теріс қылықтарын тежеуді
көздейді. Тәрбие әдістерінің ішінде бұл әдістің түрі ықпалды әрі нәтижелі
болып келеді. Мысалы, мадақтау баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің
нәтижесін дұрыс бағалау және көтермелеуді, яғни ынталандыруды мақсат етсе,
жазалау оған жағымсыз қылықтары мен іс-әрекетіндегі келеңсіз жағдайларын
түсіндіру, айбын ұғындыру, оны шынайы сезінуі және өзіне-өзі бақылау
жасауына көмектесуді көздейді. Жазалау әдісінің ерекшелігі – жазаны
қолдануда әділетсіздікке жол бермеу, кек алу, баланың жеке басының
адамгершілік қасиетін төмендету, намысын қорлау секілді жат қылықтарды
болдырмау жажет. Керісінше, тәрбиешілер тарапынан оның жақсы қаситттеріне
сүйеніп, әдептілік сақталса, тәрбиелік ықпалдың нәтижесі табысты болмақ.
Тәрбие технологиясына келетін болсақ, бұл – тәрбие үрдісіне
қатысушыларды барынша жақсы жағдайлармен қамьамасыз ету барысында нақты
нәтижелерге жету мақсатымен түзетулер, бағдарлылық, ұйымдастырулар,
жоспарлау бойынша тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен
қызметінің үрдісті жүйесі.
Жаңа технологияны ендіретін мұғалім мынаны тиіс:
- тәрбие технологиясының мәні, оның тұжырымдамалық негізі, оның жасалу
тарихы, жасаушы автор;
- жоспарланған нәтижелердің теориялық негіздемелері;
- жаңа технологияны меңгеру кезеңдері;
- жаңа технология бойынша тәрбие үрдістерінде пайдаланылатын әдістер мен
тәсілдер.
Жаңа технологиялар арқылы біз өте тығыз байланыс барысында жалпы
адамзаттың құндылықтарымен субъектінің пайда болуы жүреді де тәрбиеші мен
тәрбиеленуші арасында қарым-қатынас орнатады, сондай-ақ мақсатқа қол
жеткізетін ғылыми негізделген әдістемелер мен тәсілдер жүйесін түсінеміз.
Тәрбие технологияларының бірнеше түрлері бар. Олар:
- Ұжымдық шығармашылық жұмыстар технологиясы
- Тұланы әлеуметтендіруге бағытталған бағытталған ойын технологиясы
- Нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу технологиясы
- Жоба технологиясы
- Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы технологиясы.
Соның ішіндегі Жоба технологиясына толығырақ тоқталатын болсақ, бұл
технологияның мақсаты:
- әрбір оқушыны шығармашылық тұлға ретінде дамыту, олардың әр түрлі
құралдармен тәжірибе жасау білу қабілетінің болуы;
- оқушылардың санасында әлемнің толық бейнесін қалыптастыру;
- ақпараттармен сауатты жұмыс істей білу.
Жоба технологиясы – жеке тұлғаны әлеуметтендіруге ықпалы зор. Сонымен
қатар оқушылардың білім алуы мен тәрбиеленуін ұйымдастыруда да тәжірибелер,
тапсырма-жобаларды жоспарлау және орындау негізінде білімдерін толықтырады.
Бұл технологияның мәні оқушы өздерінің қызығушылығына қарай мұғаліммен
бірге белгілі бір тәжірибелі міндетті шешуді жобалауға болады.
Бұл технологияны тағы да ынтымақтастық құралы ретінде қарастыруға
болады. Білім берудің тұлғалық бағытталған тәсілін тәсілін жүзеге асыру
әдісі болып табылады. Ол тапсырушы жобалау қызметінің субъектісі ретінде
сараптаушы ретінде бола алады. Жобалау қызметінде өзінің Менін көрсету
қажеттілігімен келесі жағдайларда кездеседі:
- қажет болса өзінің жеке мақсаттарын жобалау нысанасы және пікірталаста
ез ұстанамын сақтап қалу;
- қажет кезде өзінің қиындықтары туралы ашық айту, олардың себебін
талдау;
- өзін-өзі шығармашылыққа жұмылдыру.
Нәтижесі:
Жоба технологиясының тиімділігі белгілі бір нәтижеге жету емес, жобаға
қатысушылардың біртұтас оқу-тәрбие үрдісіне қамту және жобаға
қатысушылардың шығармашылық күштерін жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер
береді. Бұл технологияда үрдістің өзі құнды. Жоба жеке болуы мүмкін емес,
бірақ көбіне оқушы мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекетінің нәтижесі болып
табылады, яғни бұл жерде мұғалім тек бағыттаушы, бағдар беруші.
Пайдалану үлгілері:
Жобалау технологиясының міндеті оқушылардың аталған сұрақ бойынша
білімін тереңдету, оқыту үрдісін бағалау, баланың тұлғалық қасиеттерін
дамытуға ықпал етеді. Жобалар тақырыбы көп жағдайда практикалық өмірде
маңызды бір мәселемен байланысты болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, білім мен
білік осындай шығармашылық шеберханаларда кіріктірілуі ммкін оқыту мен
тәрбие әдістері мен түрлерінде оқушының оқушының тұлғалық қасиеттерін
шыңдауға бағытталған.
Жоба технологиясымен жұмыс істеу барысында тәрбиеші келесі қызметтерді
орындауы қажет.
- Жобамен жұмыс істеу кезінде көмек беретін білімнің қайнар көздерін
іздеуге көмектеседі.
- өзі ақпарат көзі болып табылады.
- Барлық үрдісті үйлестіреді.
- Оқушыларды қолдайды және мадақтайды.
- Жобамен жұмыс кезінде оқушыларға көмек көрсету мақсатында үздіксіз
кері байланысты қлдайды.
Жоба технологиясын басшылыққа ала отырып, бірнеше жобалар жүйесімен
жұмыс жасауда оң нәтижесін берері хақ.
1. Құндылықты бағдарлы құзіреттілік.
2. Мәдениеттанымдық құзіреттілік.
3. Коммуникативтік құзіреттілік.
4. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі. (№1 қосымша)
Тәрбие әдістерін таңдау
Әдістердің жақсы, жаманы болмайды, тәрбиелеу жолын алдын-ала оның қандай
жағдайда қолданғанын ескермей тұрып, жемісті-жеміссіз деп жариялауға
болмайды.
Әдістерді таңдау көптеген жағдайларға байланысты. Бірақ факторлардың
саналуандығына қарамастан әдістерді таңдау детерминатты, яғни себепті
байланыста болып келеді. Тәрбиеші қолданған әдістерінің себептерін
қаншалықты терең түсінсе, әдістің өзіндік сипатын біліп, қолдануды білсе,
соншалықты әдістің өнімдісін, тәрбиелеу жолының дұрысын таңдағаны.
Тәжірибеде үнемі тұратын міндет - әдістің біреуін ғана қолданбай,
тиімдісін, нәтижелі болатынын таңдау. Тиімді деп – қойылған мақсатқа көп
күш-қуат жұмсамай жететін неғұрлым пайдалы жолды айтамыз.
Кейбір жағдайларды жете ескерген, өзіне тиімді педагогикалық іс-әрекетті
пайдаланған тәрбиеші тәрбие жұмысында әрқашан жоғары жетісікке жетеді.
Тәрбие әдісін таңдап – жоғары өнер. Ал бұл өнер ғылымға сүйенеді.
Тәрбие әдістерін таңдауда анықтайтын жалпы принциптерді қарастырайық.
Бірінші кезекте төмендегілер ескерілуі қажет:
1. Тәрбие мақсаттары мен міндеттері .Мақсат әдісті тек жақтап қана
қоймай, оны белгілейді. Қандай мақсат болса, оған жетудің нақты
тәсілі болуы керек.
2. Тәрбие мағынасы. Бір міндет бірнеше мағынаға ие болатынын естен
шығармау қажет. Сол үшін әдісті мазмұнмен емес, нақты мағынамен
байланыстыру тиімді.
3. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері. Тәрбиеленушілердің жас
ерекшеліктеріне қарамай, міндет әртүрлі әдістермен шешіледі.
Тәрбие процесінің әрбір кезеңінде белгілі бір сапалар
қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы
тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні, үшінші сыныптағыларға сәйкес
келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамуы мүмкін.
4. Ұжымның қалыптасу деңгейі. Ұжымның өзін-өзі басқару формасының
дамуына қарай педогогикалық әсер әдістері өзгеріссіз қалмайды:
басқарудың ыңғайлы болып келуі тәрбиеші мен тәрбиеленушінің
бірігіп қызмет етуінің табысты шарты ретінде қажет.
5. Тәрбиеленушілердің жекелік және тұлғалық ерекшеліктері. Жалпы
әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі бастама
ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер (корректировка) қажет.
Инабатты тәрбиеші өз әдістерінде әр тұлғаның өзіне тән
қабілеттерін дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына,
мендік белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді
жасайды.
6. Тәрбиелік жағдайлар. Мұндай жағдайларға психологиялық-
физиологиялық, санитарлық, сонымен бірге сыныпта болатын қарым-
қатынастар, яғни ұжымның көңіл-жайы, педогогикалық жетекшіліктің
стилі және тағы басқалар жатады. Абстракты (дерексіз) жағдайлар
болмайды, жағдайлар әрдайым нақты келеді. Олардың үйлесуімен
жасалатын тәрбиелік шара-істер – педогоикалық ситуация деп
аталады.
7. Тәрбие құралдары. Тәрбие әдістері тәрбие процесінің бөліктері
ретінде көрінеді. Олар педагогикалық құралдар бірлігін құрайды.
Әдістерден басқа да тәрбие құралдары баршылық, олар әдістермен
тығыз байланыста, бірге қолданылады (көрнекі құралдар, өнер
шығармалары, бұқаралық ақпарат құралдары). Тәрбие құралдарына
олармен бірге, әртүрлі іс-әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек),
педагогикалық техника (тіл,ым қимыл т.б.), мұғалім мен оқушының
қалыпты өмірлік іс-әрекетін жасауға көмектесетін құралдар
жатады. Егер аталған жабдықтар белгілі бір деңгейде
пайдаланылмаса, олардың маңызы еленбейді. Алайда осы жаңа
жабдықтар әсері тәрбие әдістерін таңдауға негізгі ықпал жасайды.
8. Педагогикалық дәреже деңгейі. Тәрбиеші өзі білетін, жеке
меңгерген әдістерді таңдайды. Көптеген әдістер қиын, әрі көп күш
жұмсауды талап етеді: кейбір педагогтар бұл мәселені айналып
өткісі келеді. Осыдан болатын кемшілік – тәрбиенің жетімсіздігі.
9. Тәрбие уақыты. Уақыт аз болып, мақсат ауқымды болған жағдайда
ықпалды әсер ету әдісі қолданылады. Бұл әдіс әсіресе қысқа
мерзімде қайта тәрбиелеу үшін қолданылады. Мектеп уақытының,
тұлғаның тұрақты қасиеттерін қалыптастыруға жеткілікті болатынын
мойындайтын біртұтас көзқарас жоқ. Кейбір педагогтар уақыттың
жеткіліксіздігін алға тартып, ықпалды әсер ету әдістеріне
бағытталғанды жөн көреді. Қалай болғанда да, уақыт факторы
тәрбие әдістерін таңдауда және жоьалауда маңызды рөл атқарады.
10. Күтілетін қорытындылар. Тәрбиеші әдістерді таңдай отырып, оның
табысқа жеткізетініне сенімді болуы қажет. Бұл үшін ол
қолданылған әдістердің қандай қорытындыға әкелетінін алдын-ала
болжай білуі шарт.
Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістері
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау – пікірін
айту, баға беру, сендіру):
• этикалық әңгіме
• әңгімелесу
• пікірталас
• лекциялар
• өнеге
• көндіру (суггестия)
Сананы қалыптастыру әдістерінің синонимі – сендіру әдісі арқылы
тәрбиеші оқушыға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбектің, басқа басқа
адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланың
көзін жеткізуге ұмтылады. Баланы жақсы сөз бен іске сендіру үшін мұғалім
тілді қолданады. Беделді, мәдениетті, тәжірибелі мұғалімдердің сөзі оқушыға
өтімді болады.
Этикалық әңгіме – этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату.
Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады,
ынтымақтаса жұмыс ісиеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын
талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға
себепші болатын балалардың теріс қылықтары. Этикалық әңгіменің жақсы өтуіне
әсер ететін жағдайлар:
• бір мәселе төңірегінде бірнеше пікірлердің айтылуы;
• оқушы сұрақтарын мұғалімнің мақұлдауы, оған өзінің жауап беруіне
көмектесу;
• әңгіменің дайын жауаптарының болмауы;
• баланың өз ойын айтып, басқалардың пікірлерін тыңдауы;
• қарым-қатынас мәдениеті, мұалімнің оқушы дәлелдеді пікір айтқанша
шыдамдылық көрсетуі;
• әңгімені лекцияға айналдырмау;
• әңгіменің жылы шырайлы жағдайда өтуі;
• баланың ішкі сырын айтуға көмектесуі;
• әңгіме материалдарын баланың өмірінен алу;
• түрлі пікірлерді біліп, оларды бір-бірімен салыстыру, дұрыс пікір
шығару;
• жас ерекшеліктеріне сай болуы;
• тартымдылығы, қызықтылығы;
• мұғалімнің артық сөздер айтпауы.
Мұғалім тәртіп бұзған оқушылармен жеке сөйлесіп, оның қателігін өзіне
әдепті түрде түсіндіреді.
Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар қолданылады.
Әңгіме мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады. Ол оқушыларға мәселені
сипаттағы сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды.
• Пікірталас. Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып,
ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарстарымен күресуге
үйретеді.
Пікірталас оқушылардан ақыл-ой қызметін, сезім белсенділігін талап
етеді. Мұғалім пікірталасты өткізбес бұрын оның тақырыбын, сұрақтарын
тұжырымдап, жүрзізушіні белгілеп, қолданылатын әдебиеттерді ұсынып,
оқушыларды пікірталас ережелерімен таныстырады.
• Түсіндіру. Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер (басқа дамады
құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б.) түсіндіріледі. Партаны
сызу, дөрекілік жасау теріс қылық еенін түсіндіре берудің қажеті
болмағандықтан басқа әдіс қолдану керек. Мұғалім адамшылық қасиет туралы
баланың пікірін сұрап, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп,
баланы теріс қылығы үшін ұялтып, түзелуге бағыттайды.
• Өнеге. Мұғалім оқушыларға әдебиеттегі және өмірдегі түрлі кейіпкерлерді
үлгі еткенде оқушы өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіле бастайды. Бала басқа
адамға еліктегіш. Бастауыш сынып оқушылары бардық адамдарға еліктейді.
Жеткіншектер өздері таңдаған адамдарына еліктейді.
Балалар әдеби және тарихи кейіпкерлерге, құрбыларына, ересектерге,
ата-аналарына, мұғалімдерге, бұқаралық ақпарат құралдарының, өнердің жас
ұрпаққа үлгі ететін адамдарына еліктейді.
• Сендіру. Мұғалім өз пікіріне баланы сендіргісі келіп, оған былай дейді:
Ақымақ – жаман адам, себебі ол өз ісіне есеп бермеді.
Оқушыға сабаққа кешігудің зияндығын дәлелдеу үшін: Бәріміздің
ойымызды бөліп жіберетіндіктен, адамдардың кешіккені ұнамайды, , - дейді.
Мәдениеттіліктің пайдасына оқушының көзін жеткізу үшін, мұғалім:
Суды стаканмен іш, шишаның аузынан ішуге болмайды, - дейді.
Мұғалім балаға қарым-қатынастың маңызын ашу үшін: Сен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz