Құқықбұзушылық, онымен күрес


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Құқықбұзушылық, онымен күрес»

Пән: Мемлекет және құқық теориясы

Мамандығы: 5B030100 - Құқықтану

Орындаған Хамитова Д., 15-400-11 топ студенті

Ғылыми жетекшісі Мукашева Г. К., аға оқытушы, з. ғ. м.

Курстық жұмыс

__ 201_ж. қорғалды

Бағасы

Қостанай 2015

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Құқықбұзушылықтың жалпы түсінігі және заңды құрамы . . . 5

2 Құқықбұзушылық түрлерінің жалпы сипаттамасы . . . 15

2. 1 Тәртіптік құқықбұзушылық . . . 15

2. 2 Әкімшілік құқықбұзушылық . . . 17

2. 3 Азаматтық құқықбұзушылық . . . 19

2. 4 Қылмыстық құқықбұзушылық . . . 21

3 Мемлекеттің құқықбұзушылықпен күресі: мақсаты, міндеттері, субъектілері, шаралары . . . 23

Қорытынды . . . 27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігін бұл тақырыптың мемлекет және құқық теориясы ғылымындағы ерекше орын алатындығы айқындайды. Өйткені, құқықбұзушылық мәселесі көптеген салалар ішіндегі мамандарды, соның ішінде философтар, биологтар, антропологтар, әлеуметтанушылар және әрине, заңгер ғалымдарын да бұрынғы заманнан бастап, осы күнге дейін толғандырып келгені сөзсіз. Олар құқықбұзушылық табиғатының жан-жақты қырларын зерттеп қана қоймай, олардың алдын алуының тиімді жолдарын іздеумен айналысып келді.

«Құқықбұзушылық» деген түсінік бүгінгі таңда кез келген адамға таныс ұғым болып табылады, өйткені, құқықбұзушылық кез келген қоғамның өміріне тән дерт және объективтік құбылыс болып табылады. Дегенмен, бұл құбылыс әрқашанда қоғам үшін жағымсыз болып табылатыны ешкімге күмән келтірмейді. Сондықтан да, әр мемлекет оларды жоюға тырысады. Жалпы, құқықбұзушылықтармен тиімді түрде күресу үшін, ең алдымен олардың пайда болу себептерін айқындау қажет.

Құқықбұзушылықтар өз табиғаты ішінде сан алуан болып келсе де, оларды біріктіретін жалпы құқықтық - теориялық белгілері бар. Осыған орай, жалпы құқық теориясы тұрғысынан құқықтық реттеу механизмінде құқықбұзушылық жаңа қатынасты тудырып өзгертіп, тоқтататын заңды себептің рөлін атқарады. Бұл жағдайда құқықбұзушы мен мемлекет арасында әрекет жасалғаннан бастап қорғаушы құқық қатынасы орын алады. Бұл құқық қатынасының заңды мазмұны оның катысушыларының субъективтік құқықтары мен міндеттерін құрайды. Мемлекет өз шегінде, құқықбұзушылық фактісін бекіткеннен кейін, кінәліге күштеу қолдануға құқылы.

Осылайша, құқықбұзушылық деп біз заңды, құқықтық нормалармен жүктелген міндеттерді бұзу, сондай-ақ тыйым салынған әрекеттерді жасау деп танимыз. Демек, құқықбұзушылықтар қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін, өйткені олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресу мемлекет тарпынан ұйымдасқан қызметті қажет етеді.

Бүгінгі таңда, құқықбұзушылықпен күресу Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында да мемлекетіміздің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады [1], Республикамызда кез келген саладағы құқықбұзушылықтың алдын алу үшін көптеген іс-шаралар өткізілуде, соның ішінде, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін біршама мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асумен қатар, ұлттық заңнаманың негізгі салаларының (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, банктік, салық, қаржы, кеден, экологиялық, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқарушылық заңнама) айтарлықтай жаңарып келе жатқанын байқаймыз.

Осының барлығы аталмыш тақырыптың өзектілігін айқындайтыны сөзсіз.

Зерттеудің объектісі болып құқықбұзушылық институтынан пайда болатын қоғамдық қатынастар болып табылады.

Зерттеудің пәні болып құқықбұзушылық институты жайлы қалыптасқан теориялық тұжырымдар мен оған сәйкес қоғамдық қатынастарды реттейтін қолданыстағы заңнама нормалары болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты - «құқықбұзушылық» түсінігі мен онымен күресу жолдарын зерттеу.

Аталмыш мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

- құқықбұзушылықтың жалпы түсінігін ашып, оның заңды құрамын анықтау;

құқықбұзушылықтардың тәртіптік, әкімшілік, азаматтық және қылмыстық түрлеріне жалпы сипаттама беру,

- мемлекеттің құқықбұзушылықпен күресудегі мақсатын, міндетін, шараларын және оны жүзеге асыратын субъектілерді айқындап қарастыру.

Зерттеудің әдістемелік негізін тарихи және жүйелі саралау секілді ғылыми әдістер құрады.

Зерттеудің теориялық және нормативтік негізін осы тақырып бойынша қазақстандық және ресейлік зерттеушілер мен заңгерлердің еңбектері, мерзімді басылымдар мен қолданыстағы ұлттық заңнама құрады.

Курстың жұмыс құрылымы жағынан, әдеттегідей кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмыс Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасында дайындалған.

1 Құқықбұзушылықтың жалпы түсінігі және заңды құрамы

Құқықбұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада құқықбұзушылық әрқашан орын алып келеді. Бұл объективтік құбылыс. Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп - құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл объективтік құбылыс.

Құқық бұзушылық адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталатын заңды, оның қағидаларын және құқықтық нормалармен жүктелген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау болып табылады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет - бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады [2, 190 б. ] .

Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады, құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға нұсқан келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда заңдылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың тұрмыс жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.

Құқық бұзушылықтың мәні - оның субъектісінің өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Ең алдымен барлық құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет - әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет - әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет - әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді.

Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгілерге мыналарды жатқызамыз. Құқық бұзушылық құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті, қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғамымен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері құқық бұзушылық болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатысуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Бұл дегеніміз, ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады [2, 192 б. ] .

Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері түрлі болуы мүмкін.

Коғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі:

- Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығына, қоғамдағы негізгі қарым-қатынасқа зиян келтіруді анықтау.

- Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.

- Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.

- Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды, фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.

Қалай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет, өйткені жоғарыда айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына? бас бостандығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру, мүгедектікке душар ету, жазылмайтын ауруға соқтыру және т. б.

Құқық бұзушылық әрқашан да құқық нормаларының талаптарына қайшы келеді. Сондықтан да оның құқық нормаларымен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастарға қарсы бағытталғандықтан, құқыққа қайшы әрекет деуге болады. Құқыққа келісті және ол рұқсат берген әрекет, ешқашан құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды. Заңның қорғауына алынған өзге тұлғалардың мүддесіне.

Дегенмен адамның барлық мүддесі заңмен қорғала бермейді, сондықтан да оларға нұқсан келтіру әр уақытта да құқыққа қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды. Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне залал келтіруі мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды. Яғни, құқық бұзушылықтың мәні мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы әрекеттермен байланысты болады.

Құқық бұзушылық құқық субъектісінің кінәлі әрекеті арқылы ғана жүзеге асады. Кінәлі деп танылу үшін заңды бұзған адамның ақыл-есі дұрыс болу керек. Есі дұрыс емес немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам (әрекет қабілеттілігінің жоқтығы соттың шешімімен анықталады) құқық нормаларының талаптарын қалай бұзса да жауапқа тартылмайды, себебі, ол өз әрекетінің мәнін түсінбейді, одан басқаға зиян келетінін болжай алмайды. Кінәлі болу үшін адамның есі дұрыс және әрекет қабілеттілігі шектелмеген болуы шартты жағдай. Әрекет қабілеттілік деген адамның өз еркімен саналы түрде іс-әрекет жасап, сол үшін жауап беру мүмкінділігінің болуы.

Кінә - құқық бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты психикалық қарым-қатынасы. Кінәнің екі түрі белгілі. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, әрекет тікелей ниетпен жасалған қасақаналық деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын-ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, әрекет жанама ниетпен жасалған деп танылады.

Абайсыздық. Ол менмендік және немқұрайдылықпен жасалады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе бұл менменшілдік деп танылады. Мәселен, жүргізуші көлігінің техникалық ақаулықтарын біле отырып жолға шығады, жеңілтектікпен жол апатын болдырмаймын деп ойлайды, ал нәтижесінде жол апатына кезігеді. Егер адам қажетті ұқыптылықпен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, әрекет немқұрайдылықпен сипатталады. Мәселен, жүргізуші жолға шығар алдында көлігінің техникалық жағдайын тексермейді. Ал, ол көліктің техникалық ақаулығы болған еді. Осының салдарынан жол апаты орын алады [3, 95 б. ] .

Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады.

Құқықтық жауаптылық үш белгісімен сипатталады: мемлекеттік мәжбүрлеу, құқық бұзушыны жауапқа тарту, құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру. Мәжбүрлеу шарасын мемлекет белгілейді. Құқық нормаларының қағидаларын бір ауыздан қорғау қажет болған жағдайда олардың сақталуы мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Егер құқықтық норманың қағидалары бұзылатын болса, мемлекет органдары тиісті шаралар қолдануға құқылы. Заң бұзушыны мемлекет жауапқа тартады. Мемлекет органдары заңсыз әрекетті айқындап, әшкерелеу үшін тиісті шаралар қолданады - тергеу жүргізеді, адамның кінәсі бары-жоғын анықтайтын дәлелдер, құжаттар жинайды. Жиналған деректердің барлығын жан-жақты тексеріп соның нәтижесінде шешім қабылдайды. Әркез құқық бұзушының өзіне катысты жағымсыз жағдай жүзеге асырылады. Ол оның мүлкіне немесе өз басының бостандығына келетін нұқсан. Яғни, кінәлі адам біреудің мүлкіне келтіретін зиянды төлейді немесе оның орнын толтырады. Көп жағдайда шара кінәлі адамның жеке басына қолданылады: оны бас бостандығынан айырады, жүріп-тұру еркіндігін шектейді. Әрекет - әрекетсіздіктің қоғамға зияндылығы және құқыққа қайшылығын анықтау оны құқыққа сай әрекеттен бөліп қарауға негіз болады [3, 97 б. ] .

Алайда, бұл ерекшеліктер құқық бұзушылықты түсінуге мүмкіндік бергенмен де, оның мазмұнды белгілерін нақтылау қажеттілігі туындайды. Осы мақсатта заң ғылымында құқыққа қайшы әрекет - әрекетсіздікті құқық бұзушылық ретінде саралауға негіз болатын элементтердің жиынтығы, яғни құқық бұзушылықтың заңды құрамы болады: объективтік жағы, объект, субъективтік жағы, субъект. Құқық бұзушылықтың объективтік жағының элементіне әрекет - әрекетсіздікпен келтіретін зиянның арасындағы себепті байланыс және келтірілген залал жатады. Заң теориясында себепті байланыс дегеніміз келтірілген зиянның басты және тікелей себебі құқыққа қайшы әрекет - әрекетсіздік болып табылатын, зиянды әрекет - әрекетсіздікпен пайда болған нәтиже арасындағы объективтік байланыс болып табылады. Мұнда зиян құқық бұзушылықтың теріс нәтижелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Қандай да бір игіліктің немесе құндылықтың жойылуы, оларды пайдалануға шек қою, азаматтардың бостандығына қол сұғу, олардың субъективті құқықтарын бұзу және т. б. Зиян материалдық, физикалық басқа да қасиеттерге ие болады, жеке мүддеге, сондай-ақ жалпы қоғамдық мүддеге де қауіп төндіреді. Іс-әрекеттің сипаты және одан келген зиян қоғамға қауыпшіліктің деңгейін анықтап, құқық бұзушылықты басқа құқық тәртібін бұзудан айырудың объективтік негізін қалайды.

Объект - құқық нормалары қорғайтын бұзылған мүліктік немесе мүліктік емес игілік. Яғни, құқықпен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастар. Құқық бұзушылық өз іс-әрекетінде құқық тәртібіне қарсы бағытталып, қандай да бір зиян келтіреді. Қоғамдық қатынастың, оның субъектілерінің құқықтары мен мүдделері көптүрлі болуына сәйкес нақтылы құқық бұзушылықтың объектілері де бірнеше болуы мүмкін.

Құқық бұзушылықтың субъективтік жағын адамның құқықбұзушылықты жасауға жол берген әлеуметтік-психологиялық механизмін сипаттайтын, элементтерді құрайды. Субъективтік жағынан алып қарағанда барлық құқық бұзушылық, ең алдымен кінәнің болуымен байланысты болады. Бұл тұрғыдан қарағанда құқықбұзушылық - құқық бұзушының еркі және санасы арқылы жол берген кінәлі әрекет болып табылады [3, 98] . Дегенмен, мұнда құқық бұзушылыққа жол берген психологиялық факторлар да ескеріледі. Барлық ерікті әрекет іштей реттелген және белгілі бір мақсатты көздейді. Осыған байланысты құқық бұзушылықтың субъективтік жағына әрекет - әрекетсіздіктің ниеті мен мақсаты да кіреді.

Субъект - әрекет қабілеттігі бар заңды бұзушы тұлға. Егерде субъект құқық бұзушылық кезінде өзге құқыққа сай жолды таңдау мүмкіндігіне Адам есінің кемдігі, жасының толмауы, физикалық немесе психикалық жетіспеушілігінің салдарынан жол берсе, әрекет - әрекетсіздік зиянды нәтижеге әкеліп соқса да құқық бұзушылық деп саналмайды. Құқыққа қарсы әрекеттерді құқық бұзушылық деп тану үшін заң оның субъектісіне белгілі бір талаптар қояды. Ең алдымен белгілі бір жасқа толу керек. Айталық, қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады, кейбір қылмыс түрлері үшін 14 жас, әкімшілік жауапкершілік 16 жас, азаматтық жауапкершілік 15 жастан есептеледі. Сонымен құқық бұзушылық - әрекет қабілеттілігі иеленуші субъектінің заңды жауапкершілікке тартылатын қоғамға зиянды немесе қауіпті құқыққа қайшы және кінәлі әрекет - әрекетсіздігі.

Құқық бұзушылықтың түрлері: Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді: 1) қылмыс; 2) теріс қылық. Объектінің құндылығы, құқыққа қайшы әрекеттің мазмұны, жағдайы, уақыты, әдісі, келтірілген зиянның көлемі мен сипаты, кінәнің нысаны құқыққа қайшы әрекеттің күшейе түскендігі, оның себебі, құқық бұзушының жеке мінездемесі арқылы анықталатын қоғамға зияндылықтың сипаты мен деңгейі негіз болады. Әрекет - әрекетсіздікті құқыққа қайшы деп тануға ықпал етуші субъекті фактор негіз болады [3, 104 б. ] .

Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет - әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктік және басқа да құқықтары. Қылмыстың заңды сипаты - оларға қылмыстық заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандық белгілерін иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса, қылмыс болып саналмайды.

Теріс қылық дегеніміз - қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық. Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен, әлеуметтік қауіпті болып табылады. Теріс қылық коғам өмірінің қай саласында жасалуы, келтірген зиянының сипаты және тиісті құқықтық санкциясының ерекшеліктеріне байланысты кеңінен осы үш түрге, яғни әкімшілік, тәртіптік, азаматтық құқықбұзушылықтарға жіктелінеді.

Әкімшілік құқықбұзушылық - мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін әкімшілік, қаржылық, жер және басқа құқық салаларының нормаларымен реттелетін, әлеуметтік қауіпті әрекет әрекетсіздік. Мұндай құқық бұзушылықтар атқару және билік етудің қалыпты кызметіне кедергі келтіреді, жалпы қоғамдық тәртіпті бұзады (жол ережесін бұзу, өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзу және т. б. ), азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар тек объектілерінің жалпы сипаты және мемлекеттік басқарудың құқық тәртібіне қарсы бағытталғандығымен ғана емес, жазалау сипатында қолданылатын санкциялармен де ерекшеленеді. Мәселен ескерту, айыппұл, жүргізу куәлігін алып қою және т. б.

Тәртіптік құқықбұзушылық қызметтік қатынас саласында бағынушылық тәртібін бұзуға бағытталатын, әлеуметтік қауіпті әрекет - әрекетсіздік. Ол өндірістің қызметтік, әскери және оқу тәртібін бұзып, олардың алдында тұрған шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, басқару және де мақсаттар мен міндеттерді орындауға кедергі болады. Бұл үшін мынадай санкциялар қолданылуы мүмкін: ескеру, сөгіс, жұмыстан шығару, оку орнынан шығару және т. б. [4, 212 б. ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаттамасы
Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт
Халықаралық қылмыстардың топтастырылуы
Қылмыстық құқықтағы жаза мақсаттары
Құқық бұзушылықтың субьектісі
Құқық бұзу - құқық нормаларының ұйғармына қарсы болатын адамның тәртібі
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқықбұзушылық іске тарту
Құқық бұзушылық
Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің жалпы негіздеріне жататындар
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының жағдайы және оның соңғы жылдардағы динамикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz