Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің өзіндік ерекшеліктері


Жоспар
Кіріспе
І-тарау. Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің басты тақырыптары:
1. 1. Өлең болып өрілген ақын өмірі
1. 2. Жасөспірімдерге арналған өлеңдер.
1. 3. Табиғат тақырыбындағы балаларға арналған өлеңдер. II - тарау. Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің өзіндік ерекшеліктері.
2. 1. Ақын өлеңдерінде кездесетін троптар мен фигуралардың түрлері.
2. 2. Ақын өлеңдері мен негізгі ерекшеліктері.
Қорытынды . Әдебиеттер тізім.
Кіріспе
Әдебиет өнері - қызықты әрі күрделі өнердің бірі. Олай дейтініміздің себебі әдебиет өнерімен танысу оқу қызық та оны зерттеу ісі қиын. Бір қарағанда шашыраңқы материя секілді елестейді. Сондықтан болар белгілі бағытты ұстана отырып жұмыс жасамасаң, өз бетіңмен лағып кетеуің мүмкін. Оның өзінде сонау түбі жоқ шексіз жиекті бағытқа ұстап ойыңдағы нысананы көздеп ерінбей, қажырлы еңбек етуің керек.
Т. Молдағалиевтің балаларға арнап жазылған өлеңдерінің ерекшеліктерін тану жолында жасаған еңбегіміз үстінде біз де осындай қиындықтарға жолықтық. Әрине бұл табиғи құбылыс. Дегенмен біздің тақырып әлі күнге дейін тың, қалам тартылмаған, бет қабыршағына дық түспеген тақырып болатын. Жұмыстың ерешелігіміне қызықтығы осында болды. Ақынның өмірі, шығармашылық жолы, оның басқа да өлеңдері жайында айтылған пікірлер жеткілікті болғанымен, оның балалар әдебиетіндегі орны туралы Ш. Ақметовтен өрелі пікір айтқан ғальімдарымызды кездестіре алмадық. Бұны біз кеңес дәуірінде қолға алынған әдебиеттің бір саласы ретінде қарасытырылған. Балалар әдебиетнің соңғы кездерде көзден тасалау, елеусіздеу қалып келе жатқандығынан болса керек деп ойлаймыз. Жеке пікірлер айтылса айтылып та жүрген болар. Ал жүйелі еңбек етіп ескіні жаңартып, сол кездегі көз қарастарға өзгертулер енгізіп жеке кітап етіп шығарған қазіргі балалар әдебиеті мен, оның өкілдері мен, олардың әдебиетке енгізіп жатқан ерекшеліктерімен немесе өзіндік таңбалары жөнінде жазып жүрген ешқандай ғалым ағаларымызды не әпкелерімізді кездестірмедік. Сондықтан да біздің жұмысымыз өзімізге көпқиындық туғызады. Жұмысымызға арқау еткеніміз «Қазақ Совет әдебиеті кітабы» мен оның хрестоматиясы. Ақынның балаларға арналған шығарылған өлеңдері болады.
Тақырып тың болғандықтан оның айтар пікірі де көп болуы да табиғи құбылыс. Біз оның жолында барымызды салдық. Диплом жұмысын екі тараудан құрап, бірінші тарауда ақынның балалар әдебиетіндегі орны, оның өлеңдерінің негізгі тақырыптары және сюжеттік желісін қарастыра отырып, көркемдік ерекшеліктері мен өлең құрылысына өлең бөліп отырдық. Ондағы мақсатымыз ақын өлеңдерінің тақырыптық жақтан талдап сюжет құрылымдығы тілдік қорындағы ерекшеліктерді танытып, көркем сөзге деген шеберлігімен жете таныстыру болды. Яғни ақын ұстанған бақыттың бетін ашып көрсету болды деп айтсақ та болады.
Екінші тарау - әдебилігінен гөрі, ғылымилылығы басым тарау. Онда біз ақын өлеңдерінің құрылымдық жүйесіне, оның өз өлеңдерінде көркемдік тэсілді қалай және қай дәрежеде пайдаланғанын, көркемдік тэсілдердің қайсысы ақын өлеңдерінен көп кездескенін және не үшін олай қолданылғанына өз пікірімізді айтуға тырыстық. Бұл оның поэтикасын айтуда жасалынған жұмыс. Екінші тарауда ақынның өлеңдерін өзімен үзеңгілес, дәуірлес үндес ақындар және балалар әдебиетінің окілдерімен салыстыра отырып қарастырдық. Ал ақынның өлеңдерінің өзіне тән ерекшеліктерін, жалпыға тән бірлігін көрсету мақсатында жүргізіледі. Бұнда да біз тың әрі айтылмаған ойларға баруға тырыстық.
Қорытынды бөлімінде курстық жұмыстың жалпы мақсатының орындалу барысындағы өзгешеліктер, кездескен қиындықтар мен жалпы тараулардағы айтылған ойлар қорытынды жасадық. Бұл тың тақырып жөнінде, балалар әдебиетіндегі жалпы жемісі оны дамытудағы негізгі қажеттіліктер өзіміздің пікірлеріміз бен ұсыныстарымызды ортаға салдық.
I - тарау. Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің басты тақырыптары. 1. Өлең болып өрілген ақын өмірі.
Балалық кез - әрбір амадзат ғүмырының умытылмас естен кетпес кезеңінің бірі. Өмірінің балалық бал дәурен кезі қандай болмасын, мейлі ол қиындық пен қасіретке толы болсын мейлі қуаныш пен еркеліктін құшағында өтсін, ол бәрібір адам өмірінің ұмытылмаста тәтті кезеңі болып қала бермек. Әрбір адам жасы есейе келе өткен күндерін есіне ала отырып, сол бір балалық шағы, бала болып ойнаған кездерін есіне ала отырып толғанысып: сағынышты ыстық леппен айтары сөзсіз.
Қазақ балалар әдебиетінен өз орнын алып, жалпы әдебиет деген «қазына аралында» ғасырдан - ғасырға жететін байлық қалдырып отырған көрнекті ақынымыз Тұманбай Молдағалиевта балалық шақ, оның қызығы, қала берсе балаларға тәрбие берерлік көптеген өлеңдер жазды. Сол өлеңдері жинақ болып, балалардың сүйікті кітаптарына айналып, жарты ғасырдай олармен бірге өмір сүріп келеді. Бұдан кейін де өмір сүре бермек. Оның басты себебі, ақынның түсінікті де жеңіл тілі, адам психологиясын жете түсінуі, балаларды үлкен адамдарша елеп олармен тез тіл табысып кетуінде сияқты. Себебі ол да бала болды. Артышылығы, өсе келе жұртына танымал ақын болып жетіледі. Оның өмірі туралы деректері көбінесе мынадай болып келеді. «Молдағалиев Тұманбай 1935 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Жарсу» совхозында туған. 1956 жылы қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. 1956 жылы 1959 жылдары «Жазушы» баспасында істеді. 1970 - 1973 жылдары «Балдырған» журналының жауапты хатшысы болды». (1, 221) . Ш. А.
Ақынның осы қысқаша өмір хронологиясына мән берсеңіз, балаларға жақын жүргенін аңғарту, соқырға таяқ үстанқандай-ақ белгілі болып отырады. Ол алғаш жұмысын сол кездегі балалардың сүйікті журналы «Пионерден» бастайды. Кейінен бұлдіршіндердің сүйіктісі «Балдырғанда» жауапты хатшы міндетін атқарады. Ал 1973 жылдан бастап «Жазушы» баспасы жанындағы балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясында қызмет істейді. Сол кездерден-ақ балаларға арналған көптеген өлеңдердің авторы болып саналады. «Менің есімім» (2-25) деген өлеңіне былай дейді.
Бірә бүйырмаған бір бала,
Жатыпты өтіп өмір - нала, жыл нала.
Қабағына бүрым орнапты әкемнің,
Құдайына жалыныпты мұңлы ана.
Жалыныпты: «Жалғыз шырақ бер!»- депті,
Күңің болып күн кешейін мен, - депті.
Біреу емес көріпті анам бес шырақ,
Бәрін бірақ әкем ерте жерлепті . . .
Дейді де, өзінің анасының тағдырын айта келіп, екі адамның оны калай күткенін анасының дәрменсіз жағдайы мен әкесініңқайғысын, өзінің алынғы туылған бауырларының жасқа толмай суық тиіп, көз тиіп өмірде өтіп кете бергендігін айтады. Онан соң:
Тағы анам зар қылыпты құдайға:
Бақытым аз сорымын ғой былай да
Ғұмырлы ғып бір перзент бер және
¥қсамай-ақ қойса қойсын түрі айға - . . .
деп анасының құдайға еткен зарымен жалғастырады. Анасының қатты күйзеліске түскенін, құдайға жалбарынып, «ғүмырлы етіп бір перзент бер» - дегенін айтады. Мейлі оның түрі әдемі, келісті болмай-ақ қойсын, аузы қисық болса да сенен сұрайтыным бір бала бер деп жалбарынады. Адам сезімін дір еткізетін мына шумақтарды қараңыз:
Нұр көтерген ана жаны қандай шат,
Құрметтейді оны жұрттың әрқайсысы-ақ.
Алатауға құстар қайтып жатқанда
Мен келіппін дүниеге айқайлап.
Ананың тілегі күстар келіп жатқанда орындалады. Бұл қуанышқа әке де ортақ. «Сонау қойлы ауылдан» әжесі де келеді. Қазақтың калыптасқан дэстүрі бойынша әжесі:
«Ұлықсат болса егер, жамағат
Бұл жанға ат қоямын мен!» - депті.
Оған ешкім әрине қарсы келмейді. Сонан соң ақынға өзінің айтуы бойынша «сәл ерсілеу» ат қойылады. Әжесі ақынның атын жай қоя салмайды. Ырымдап ескі дәстүр бойынша қояды:
Келінім сен талай құрсақ көтердің
Бала сай бір емес, сен екі өлдің
Бар балаңды жақсы құдай өзі алды,
Сол құдайға өкпелеуің бекерлік.
Сол құдай да бір жаңылыссыз құрпынан
Көріп тұрмын сыртта күн тұман
«Тұманбай» деп бұл жаманды атайық,
Құрдастары күліп жүрсін сыртынан - деп Тұманбай аты иесін табады. Әжесі өзі қойған есімі туралы:
«Әдемі емес қойған атым түсінем,
Кем болмасын заты жақсы кісіден.
Құдайдың көзі түспесін бұған.
Аңғармасын қою тұман ішінен» - дейді. Оған жиылған жұрт бір ауыздан қосылыпты. Сонымен өмірдің қанша басына салған қиындығы, бала Тұманның көңілін жамау етсе де, ол өсіп, ер жете береді.
Талай күліп, жолда талай мұңайдым,
Байқамаймын қанша өткенін күн - айдың.
Жүріп келе жатырмын ба әлде мен
Көңілі түсіп, көзі түспей «құдайдың» - дейді ақын өзінің өмір жолы туралы ақын тамаша шумағында. Өлеңнің жемісінде әжесінің мейірімін, оған деген шексіз махаббатын да қамти кеткен. Ақын өлеңнің соңғы шумағын әкесіне айтқан сөзі ретінде былай бітіреді:
Күндіз-түні жетпейді көп үміт,
Ой шаңына жүрем ылғи көміліп.
Сен айтпақшы, құдай мені көрмесін,
Жүрсем болды адамдараға көрініп. (2. 221)
Осы өлеңнің өзі ақынның өткен өміріне саяхаты ретінде жазылып, балаларға беретін тәрбиелік, танымдық әсері басымдығымен ерекшеленеді. Өзі туралы айта отырып, балалардың әрқайсысын өзінің қалай туылып, өздеріне қандай ат, оны қалай қойғандығы жайында ойланады. Білмесе сұрайды.
Т. Молдағалиев шығармалараның дені балалар әдебиетіне арналған десек қателеспейміз. Оның алғашқысы балаларға арналған өлеңдері мен дастандары. 1961 жылы «Құралай» атты балаларға арналған өлеңдер жинағы шықты. Содан кейін 1977 жылы «Бөбегімін Ильичтің» деген атпен керемет жинағы жарық көреді. Сонымен қатар бірнеше өлеңдері баспа жүзінде жарық көріп жүреді. Әсіресе «Пионер», «Балдырған» журналдарында көптеп жарық көреді. Біздің жұмысымыздың негізгі тақырыбы, ақынның балаларға арнап жазған өлеңдерінің денін көрсетіп оларды белгілі тақырыптарда топтап өлең жүйесі мен құрылысына, өзгелерден ерекшелігіне көңіл бөлу. Ең алдымен Т. Молдағалиевтің өлеңдерін, яғни балаларға арналған өлеңдерін тақырыптарға топтастырып қарастыруды көздеп отырмыз. Алдымен ақынның өзі туралы, өзінің балалық шағы туралы жазғанын жаза отырып жалпы оқырман қауымға балалық өмірі туралы түрліше ой салатын, күлдіріп бас шайқатып, жылатып еске алдыратын шығармаларына тоқталайық.
Т. Молдағалиевтің өмір жолы, әсіресе балалык шағы қиын -қыстау кезеңге тура келген. Әрине ол кездің балаларының барлығы дерлік қиындық көріп өсті. Соғыс кезі мен соғыстан кейінгі кезде барлық Кеңес Одағының балалары өз басынан сондай қиындықты өткізді деуге болады. Т. Молдағалиевтің әкеден, шешеден жетім қалғаны, оның өмірі одан әрі қиындата түседі. «Өзімде туралы сыр» деген өлеңінде ақын өзінің осындай қиындықпен өткен балалық шағын еске алады.
Екі әкенің, екі ананың ұлымын,
Екі ананың бірдей алдым жылуын
Екі әкенің өжеттігін алдым мен
Екі әкенің жығылмаған туымын, - деп ұрандата да жаздады. Одан кейін өзінің туған әкесінен, туған анасынан қайтіп айырылғанын былайша көрсетеді:
Туған әке күні бітіп ерте өлген,
Орын тапты менің туған өлкемнен.
Інісіне бала болып мен қалдым,
Сол інісі табыстырды ертеңмен, -
Туған анам, есімде әлі түр түсі,
Есімде оның сәл жымиған күлкісі
Мен көшеден шаң-шаң болып оралсам,
Маған құшақ жаятұғын бір кісі.
Онда кеткен бұл өмірден тым ерте,
Көз алдымда қалып қойды көлеңке.
Құшағына оны да алды кең өлке, - дейді. Өз анасы мен әксінен ерте айырылған ақын келесі шумақта өмірге деген назасын білдіреді:
Өмір қалай анашымды жатсынған,
Hereмені айырған жалғыз жақсымнан.
Көзін мэңгі ақырғы рет жүмарда,
Ол да мені келініне тапсырған, - дейді. Содан кейін өзінің қиын өміріне былай ұштайды. «Әкең кім?» - деп сұрай қалса кімде-кім, «Әкем менің жер суарып жүр», - дедім. Шын әкемді ұмытпасамда ұмыттым, Шын әкемді біле тұра білмедім.
«Апаң кім?» - деп сұрай қалса кімде-кім,
«Анам менің сиыр сауып жүр», - дедім.
Шын анамды ұмытпасамда ұмыттым,
Шын анамды біле түра білмедім.
Оның екінші әкесі мен анасының қамқорлығын да жасырмайды. Соғыс кезінде мерт болған аға, оның атын өшірмес қайнысына ана болып отырған жеңгей жайлы жазады. Келесі шумақтарында ақын өзінің әке болғанын, балалық шағының солай өткенінен кім кінәлі екенін, өмірге, оның сұрапыл тағдырға қарсы қояр өлеңінің «жәрдемі тиер» ме екен деген тармақтарымен түйіндейді.
Кәмідгідей мен де әкемін осы күні,
Көп тілеймін бөбегімнің өсуін.
Немересі өз атасын білмейді,
Естіген жоқ әкесінің есімін.
Шыдатпайды, шыдатпайды ар мені,
Тиер мекен өлеңімнің жәрдемі.
Айтсаңшы, апа, кінәсі не олардың,
Айтсаңшы, өмір, менде кінә бар ма еді?! (3. 45) Керемет келтірілген шумақтар. Осы өлеңнен оқырман өзіне қажетті көптеген материял алуы мүмкін. Мейлі оның тағдыры ақын тағдырымен ұштаспасын, мейлі ол балалық шағын бақытты өткізсін, бәрібір әр баланың көңіліне, жүрегіне өзінің ата-анасына деген махаббат отын лаулата түсетін өлең екенін тану қиын емес секілді.
Т. Молдағалиевтің көптеген өлеңдері негізінен бір жақта жазылып, балалардың жүрегіне, орнына жаңа жол, жаңа арна салуға арналған десек қателеспейміз. Оның өлеңдері кішілеу философиядан тұрады. Балалардың өз өмірі жайында ойлануына, болашағын кіші кезінен-ақ болжауына жағдай жасайды. Мэселен «Заманның ұлы болуды» (3. 30) деген өлеңінде:
Заманның ұлы болуды,
Ойлайды ітей әркім-ақ.
Тыңдай ма бірақ оныңды,
Тіршілік деген арғымақ - деп сегіз буынды, егіз өлең ұйқасымен өріп әркімнің-ақ арманын өз атынан ойлады да, «тіршілік деген арғымақтың» ол арманыңды тыңдай ма деген ой тастай кетеді. «Құлайсың қатты, Соңғы арман Тұншығып барып өледі. Coл кезде достар, анамнан мен қайта туғым келеді» - дейді де, өзінің көп көрген жерін, көп түңілген жағдайымен барлап, жастардың да тамырын басады. Әсіресе оның жетімдік күйі сол күндерді есіне алып, жастық кезіне «көңілсіздеу» саяхат жасататын өлеңдері де көпшілік. Оның бір жарқын көрінісін «Әпкеме» (4. 165) деген өлеңінен де көреміз.
Бақыт бастан тайған күн,
Екеуміз жетім қалғанда
Сен мен жайлы ойладың
Менде ойлайтын хал бар ма?
деп бірінші шумақтан-ақ оқырманды елітіп ала жөнеледі. Оқырманға одан әлгісі, «қандай күн» болған екен деген сұрақтың жемісінде болады.
Мен бес жасар бала едім,
Жазығым ешбір жоқ еді.
Үйренген ауыл әдебін,
Сен қыз едің әдемі.
Әкеміз жолда құлады,
Сүйрелеп ауыр жүкті өрге.
Сен мен үшін жыладың,
Ананың демі біткенше, - деп, ана мен әкенің, әпкесінің мейірбан сезімін еске алады. Әкесіз анасыз қалудың қиын екендігін өзі үшін әпкесінің де көп «жұмысқа», тағдыр өтіне қарсы тұрып жүргенін былайша келтіреді:
Артымнан ерген жалғызым,
Жарарма деп сүйуге.
Болсақ та үлгі бар қызғы,
Сен ерте шықтың күйеуге.
Жыладым жасып мен сонда,
Басыма түсіп жалғыздық.
«Қайтсін-ай» - деп ел сонда,
Айтып та жүрді аңыз қып.
Қалтама салдың барыңды,
Арқаңа жүрдің көтеріп.
Қинайсың қазір жанымды,
Түндерде ұзақ жөтеліп. Иә, өзінің әпкесін анасындай көреді, әпкесі болса өз інісіне деген махаббатын, туысқандық сезімінен де жоғары, әпке мен іні катынасынан да күрделі биігіне жеткізеді. Анасындай болған әпкесі ол қолына келгеннің барлығын істейді. Сондықтан да, оның әпкесі «түндер бойы» жөтеліп шығады. Оған бұның жаны ашып:
Көретін күнің бар ертең
Алатын сиың өмірден
Сен үшін ғана жан әпкем,
Дәрігер болсам дедім мен, - дейді. Әрине өз анасындай болған адамға кімнің жаны ашымасын. Кім өз анасын науқастыққа қиғысы келеді? . . . кім өз анасына еркелемейді:
Шықпайды рас таңсыз күн,
Менің де таңым бар екен.
Сен барда өзім қамсызбын,
Сен барда көлмін, жан әпкем!
Тірлікке бүгін ел ғашық,
Жыл менен өмір
Сен жүре берші жер басып.
Бақытты болсын десең мен.
Егер автордың өз туған анасы тірі болғанда, осы шумақтардың әпкесіне арналып жазылары екіталай еді-ау деген ой туады. Көп ақындар анасына арнайтын осындай жолдарды біздін авторымыз, әпкесіне арнап отырғандығы таңдандырарлық емес. Оның себебін осы өлеңнің жоғары шумақтарынан байқауымызға болады.
1. 2. Жасөспірімдерге арналған өлеңдер.
Жастардың ғүмыры айқын айнасы боларлықтай етіліп Т. Молдағалиев«Бала күннің достары» атты өлеңі жазылған. Өлең он бір буыннан тұрады да, қара өлең ұйқасымен жазылады. Ақынның алдынғы өлеңдері секілді бұл өлеңі де сюжетке құрылған.
Жалаң аяқ жүрген кезде доп қуып,
Шақырады алыс жаққа отты үміт.
Көп-ақ еді айналамда достарым,
Көңілімде болмаушы еді көп күдік, - деген сағынышпен басталатын өлең, негізінде сол балалық кездің достарын еске алу мақсатында жазылғанын көреміз:
Өткен жылдар сирепті сол көп досты,
Әркімді бір өз алдына жол тосты.
Балалықтың көші қалды кейінде,
Қазір кімдер бастайды екен сол көшті?
Coбір күндер кетуші еді ой салып,
Жақын едік, тату едік соншалық.
Бәріміздің қабағымыз түнерсе,
Екіншіміз қалушы едік томсарып, - дейді. Осынысымен сол күндегі балалар өмірінің қиын кездерден өткендігін, соның нәтижесінде қыл өтпес татулықты мейірім мен достық жылулығын көрсетеді. Оның себебі деп:
Ылғи бірге күрсінетін жүз кеуде,
Қиял бұлттың ар жағында жүзгенде.
Қатар жүріп соғысқан соң әкеміз,
Қатар жүріп жаттық біздер де, - дегенді айтады.
Әкелер үмітін ақтайтын етіп, солардың желек ұшпасын деп бір жүріп бір жатқан балалардың солай береді. Өлеңді қорытындылай келіп:
Бүгін, міне, көп ініге ағамын,
Бақытымды күн қойнынан табамын
Бала күннің досын көрсем бірақ-та,
Іштей үнсіз бір ойланып қаламын.
Бәріміз де күнге ғашық бір адам,
Уақыт өзі талай рет сынаған.
Менің бала күндерімнің достарым,
Жылатпаңдар, онсыз олар жылаған! - деп бітіреді. Бұл өлеңнен сол кездің балаларын, өмірін әрқайсысының образымен таныса отырып бала алатын тәрбиелік мәліметтері көп деп ойлаймыз.
Ендігі кезекте жеткіншектерге емес, балдырғандарға арналған өлеңдерімен танысайық. Бұл топта көбінесе, жеңіл тілменен, ұйқастар мен өлеңнің беретін өлеңнің балдырғандармен балдырған бола отырып жазған. Жас бүлдіршіннің үлкен қуанышы туған күн мерекесі екенін білеміз. Иә, туылған күні болатын ересектер де, сол күні көңіл күйде болады, ал балалар ше, балалар, оны бір үлкен мереке ретінде қабылдайды емес пе? Сол күнді бір апта бұрын асыға күтеді емес пе? Т. Молдағаливтің осы тақырыпта жазған «Туған күн» өлеңі де сол балалық шақтың тәтті күндерін есіне салады.
Туған күнім менің бүгін,
Күліп жүрмін, күліп жүрмін.
Достар түгел келіп жатыр,
Сыйлық әкеп беріп жатыр.
Жайраң қағып Ғаля келді,
Бір ойыншық ала келді.
Шолпан келді, Мәкен келді,
Бір-бір кітап әкелгені, - дейді біздің кейіпкеріміз. Үлкен апасының, әкесінің өзімен билеп жүргеніне оның мәз болып жүргенін біз шумақтан көрсек, ол апасы мен папасының мәз болғандарын қимылдарынан көріп жүр. Ол өзінің осындай күндерін көп бола берсе деп армандайды. Тез ержеткісі де келеді. Достары өзімен мәз болып жүргенін, осы қызықтың құмарын күнде болса деп ойлайды.
Алты жаста едім бұрын,
«Жетідесің, - дейді, - бүгін»
Туған күнім бола берсе,
Үйге достар тола берсе.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz