Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың жалпы мінездемесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

I ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ. 4

1. 1 Экологиялық қылмыстарға жалпы сипаттама және олардың түрлері 4

1. 2 Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар 6 1. 3 Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар 8

II ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН БАЙЛАНЫ СЫ 11

2. 1 Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың жалпы мінездемесі 11

2. 2 Суды, жерді және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар. 16

2. 3. Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар 22

ҚОРЫТЫНДЫ 24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда қоршаған экология мәселесі дүниежүзілік проблемалардың қатарына еніп отырғаны мәлім. Көптеген мемлекеттер экология қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік ортасына әсер ететін стратегиялық сала екендігін түсініп отыр. Солардың бірі Қазақстан Республикасы.

«1997 жылдың маусым айында коршаған ортаны қорғауға арналған БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының XIX арнайы сессиясында Елбасы Н. Ә. Назарбаев «XXI ғасыр күн тәртібі Қазақстанның түрақты дамуы» тақырыбына баяндама жасаған болатын. Осы сәттен бастап қауіпсіз және түрақты экологиялық дамуға көшу еліміздің дамуындағы басымдық бағытқа айналды. Бұл, әрине, Қазақстан Республнкасыпың 2030 жылдарға дсйінгі дамуының ұзақ мерзімді Стратегиясында, Қазақстанның бәсекеге кабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясында, ҚР-ның тұрақты дамуға көшу Тұжырымдамасында өз көрінісін тапқан болатын»

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-ші бабында Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi және 38-бабында мемлекет адамның өмiр сүруi мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етiп қояды, және адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады делінген» Яғни бұл мемлекеттің және кез келген азаматтың міндеті қоршаған ортаны (экологияны) қорғау қасиетті борышы екенін және экология аясындағы мәселелер адам әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде туындайтындығын көрсетеді. Оларды жою мен алдын алу жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қолында.

Тақырыптың өзектілігі: Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Экологиялық қылмыстар » бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады, өйткені елдің экологиясы, барлық экологиялық талаптарды сақтау адамдармен, сондай-ақ заңды тұлғалармен, кәсіпорындармен еліміздің басты мақсаты болып табылады.

Тақырыптың мақсаты: Экологиялық қылмыстар және олар үшін қылмыстық жауапкершіліктің мәнін ашу, экологиялық қылмыстардың мысалдарын келтіру, экологиялық (табиғатты қорғау) заңнаманы қолдану жүйесі мен механизімін көрсету, өзекті экологиялық мәселелерді алға қою болып табылады.

Бұл курстық жұмыста алғаш жалпы экологиялық қылмыстарға олардың пайда болу көздерімен өзекті мәселелерінен бастап олардың жекелеген түрлеріне анық түсінік беріліп, олар үшін жауапкершілік түрлері мен негіздері көрсетілген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында соттармен қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды қолдану тәжірибесі толық көрсетілген.

Курстық жұмыстың құрылысы: Осы курстық жұмыс кіріспе, екі тараудан, қортынды, қолданылған әдебиеттер тізімі.

I ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ .

1. 1. Экологиялық қылмыстарға жалпы сипаттама және олардың түрлері

Жалпы экология табиғат пен қоғам қатынастарын, адам мен табиғаттың тікелей байланысын, айналадағы табиғи ортаны қорғауды реттейтін құқық ережелерінің жиынтығы болып табылады.

Айналадағы табиғи ортаны қорғау ең алдымен адамның өмірі мен денсаулығын, болашақ ұрпақтың мүдделерін қамтамасыз етуге, табиғи ортаға қарсы зиянды іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге, табиғи тепе-теңдікті сақтау және қоршаған ортаны тиімді пайдалану мақсатын көздейді.

Осыған орай Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің 11-тарауы түгелдей экологиялық қылмыстарға арналған. Ескі кодексте мұндай арнаулы тарау болмаған, экологияға байланысты жекелеген баптар «Шаруашылық қылмыстары»деген тараудан орын алған еді.

Жаңа қылмыстық кодексте экологиялық қылмыс құрамдарының мүлдем мынадай жаңа түрлері тұңғыш рет көрсетіліп отыр:шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы (277-бап) ; ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы(278-бап) ; микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы (279-бап) ; жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу (289-бап) ; жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс--әрекеттер (290-бап) ; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы (293-бап) ; экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау (294-бап) ;

Жалпы Қылмыстық кодекстің бұл тарауында экологияға байланысты қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық жолмен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да көптеген баптар бар.

Экологиялық қылмыс дегеніміз қоршаған ортаға, оның ресурстарына, халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы іс-әрекеттер болып табылады.

Экологиялык кылмыстардың заты - нақты табиғат ресурстары: жер, су, ауа, жануарлар дүниесі, орман-тоғай, мал т. б. болады.

Экологиялық қылмыстардың топтық объектісі - қоршаған ортаны корғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, тірі орга-низмдерге қолайлы табиғи жағдайларды сақтау және адамдардың экологиялық кауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Қылмыстың тікелей объектісі - экологиялық қатынастарды реттейтін нақты қоғамдық қатынастар.

Тікелей обьектісінің ерекшеліктеріне байланысты Қылмыстық кодекстің 11-тарауындағы экологиялық қылмыстар мына төмендегі түрлерге бөлінеді:

Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар - шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы (277-бап) ; ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы (278-бап) ; микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы (279-бап) ; мал дәрігерлік ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы (280-бап) ; экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау (294-бап) ;

Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар: суларды ластау, бітеу және сарқу(281-бап) ; атмосфераны ластау (282-бап) ; теңіз аясын ластау (283-бап)

Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар: Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы (284-бап) ; жерді бүлдіру (285-бап) ; жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу (286-бап) ;

Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар: су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу (287-бап) ; жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу (289-бап) ; заңсыз аңшылық (288-бап) .

Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар: ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу (291-бап) ; ормандарды жою немесе зақымдау (292-бап) .

Ерекше табиғи - биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар: жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер (290-бап) ; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы (293-бап) .

1. 2Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар

Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы (277-бап) .

Қылмыстық кодекстің 277- бабында көрсетілген осы қылмыстың тікелей обьектісі шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар: табиғат обьектілерін сақтау, қоршаған ортаны жақсарту, халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатын көздейтін қатынастар болып табылады.

Қылмыстың обьективтік жағы табиғи ресурстарды пайдалану, кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де обьектілерді жобалау, орналастыру, салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсіп, энергетика, көлік пен байланыс обьектілерін, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация обьектілерін пайдалану, қалалар мен басқа да елді мекендерді салу кезінде, әскери және қорғаныс обьектілеріне, әскери және қорғаныс обьектілеріне, әскери және ғарыш қызметіне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы үшін жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуір ластануына, адамның денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғуы арқылы сипатталады.

Заңда осы көрсетілген шаруашылық немесе өзге де қызметті жүргізу үшін экологиялық қауіпсіздіктің мынадай талаптары сақталуы қажет: жобаны техникалық-экономикалық негіздеу, жобалауды қоршаған ортаны зиянды қалдықтармен ластауды жою шараларын қарастырумен бірге қоршаған ортаны пайдаланудың тиімді жақтарын есепке алу қажет; обьектілерді орналастыруда табиғат ресурстарын тиімді пайдалаеу жақтары, экологиялық, экономикалық, демографиялық процестердің даму ерекшеліктері еске алынуы, сондай-ақ обьектілердің құрылысы құзіретті мемлекеттік органның оны жүргізуге арнайы түрде берген рұқсатын алғаннан кейін жүргізілуі керек.

Обьектілер барлық экологиялық талаптар орындалғаннан кейін ғана пайдалануға берледі; әскери және қорғаныс обьектілері, әскери және ғарыш қызметіне қойылатын барлық экологиялық талаптар орындалғаннан соң іске қосылады.

Осы қылмыстың обьективтік жағы Қылмыстық кодекстің 277-бабының диспозициясында көрсетілген шаруашылық және өзге де жұмыстарды жүргізуге қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы, қылмыстың зардабы және олардың арсындағы себепті байланыс арқылы көрініс табады.

Талаптардың бұзылуын анықтау үшін арнаулы нормативтік құқықтық актілерге жүгінуді талап етеді: яғни бұл баптың диспозициясы бланкеттік. Экологиялық талаптарды реттейтін арнаулы нормалар біршама. Олардың қатарына: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы «Экологиялық сараптама туралы»; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы»; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі»Қоршаған ортаны қорғау туралы»; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 21 қарашадағы «Жануарлар дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану туралы»; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» заңдары, сондай-ақ жер қатынастары, атмосфералық ауаны қорғау туралы т. б заңдар жатады.

Экологиялық талаптардың бұзылуы орын алғандығы Қазақстан Республикасының «Экологиялық сараптама туралы» арнаулы заңымен реттеледі.

Қоршаған ортаның едәуір ластануы деп көптеген адамдардың денсаулығына, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің өмір сүруіне қауіп келтіретін залалдарды айтамыз.

Жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне олардың көптеген аумақтар бойынша сансыз қырғынға ұшырауы жатады.

Қылмыс субьективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істеледі.

Қылмыстың субьектісі - арнаулы, 16 жасқа толған, шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына жауапты лауазымды емес адамдар. Мысалы, экологиялық сарапшылар, жергілікті атқару органдарының лауазым адамдары, қадағалау немесе бақылау органдарының лаугзым адамдары т. б.

1. 3ᠠЖанугрлау дүнлесін тиімді пайдалану, сақтау және қоуғжу ережелерінеиқарсы қылмыстар

Су жануарлауы мен#өсімдіктерін заңсыз алу(287-бап)

1. Балықты, теңіз аңдарын және өзге де сужануарларын немесе әсімдіктерін
заңсыз алу, егер бұл әрекет ірізиян келтіре отырып, не өздігінен жүретін жүзгіш
көлік құралын немесе жарылғыш және химиялық заттарын, электр тоғын, не
аталған су жануарлары мен өсімдіктерін жаппай жоюдың өзге де әдістерін қол-
дану арқылы, не ұрық шашу орындарында немесе оларға бару жолдарында, не
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен төтенше экологиялық жағдай аумақ-
тарында жасалса, екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.

2. Адамның өз қызмет бабын пайданалып, не адамдар тобы алдын ала сөз
байласып немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекет бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. (ҚР ҚК 287 - бап) .

Қылмыстың объектісі болып, Қазақстан Республикасы суларында табыла-тын, су жануарлары мен өсімдіктерінің қалыпты экологиялық ортада өмір сүруін қамтам, асыз етудегі қоғамдық қатынастары табылады.

« Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алудың тікелей объектісі болып, қоршаған ортаның бір бөлігін құрайтын су ресурстарын тиімді пайдалану мен оларды қорғаудағы қоғамдық қатынастары табылады. Су жануарлары болып, яғни олардың күнелтетін, өмір сүретін ортасы су болып табылатын (су жағалау-ларын қолдануға мүмкінді болуы мүмкін) андар танылады. Оларға: тюлень, нерп, дельфин және осыларға ұқсас т. б. жатады. Өзге де су жануарлары туралы айтыл-ғандықтан, оларға судың үстінде немесе құрлықты пайдаланатын (мысалы, он-датра, бобр, нутрия, құндыз т. б. бағалы терілі) аңдар танылуы мүмкін. Су өсімдіктері - су флорасы, яғни сумен тығыз байланысқан олардың үздіксіз құра-мының бірін құрайтын су асты өсінділері (мысалы, су шөптері) » .

Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алудың орны болып, ҚК 287-бабы 1-бөлігімен сәйкес, балық аулауда қолданылатын немесе балық қорын сақтауда мәні бар барлық су қоймалары (ішкі теңіздер, өзен, көл, көлшіктер, су сақтағыш

Қылмыстың объективтік жағы - Қылмыстық Кодексінің 287-бабында белгіленгендей, су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу төмендегі шарттары бойынша сипатталады:

а) балықты, теңіз аңдарын және өзге де жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу, егер бұл әрекет ірі зиян келтіре отырып жасалса;

б) өздігінен жүретін жүзгіш көлік құралын немесе жарылғыш және химиялық
заттарды, электр тоғын не аталған су жануарлары мен өсімдіктерін жаппай
жоюдың өзге де әдістерін қолдану арқылы жасалса;

в) егер су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу, ұрықшашу орындарында
немесе оларға бару жолдарында жасалса;

г) егер су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу, ерекше қорғалатын таби-
ғи аумақтар мен төтенше экологиялық жағдай аумақтарында жасалса (осы анық-
тама туралы түсінікті Қылмыстық Кодексінің 278, 281-баптары талдауын қараңыз) .

«Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу болып, тыйым салынған уақытта, рұқсат етілмеген орындарда, тыйым салынған әдістермен немесе қарулар қол-данумен арнаулы құзыретті органдардың келісімінсіз жасалуы табылады. Рұқсат етщген құжаттардың болуы, бірақ су жануарларын алу тыйым салынған уақытта немесе тыйым салынған орындарда және тыйым салынған қарулар мен әдістер арқылы жасалса, қылмыстық жауаптылықтың пайда болу орны жоғалмайды. Қылмыс құрамы материалды - формальды. Қылмыс аяқталған болып, ірі зиян келтіре отырып су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алуы сәтінен ескерілі-неді. Өздігінен жүретін жүзгіш көлік құралын немесе жарылғыш және химиялық заттарды, электр тоғын не аталған су жануарлары мен өсімдіктерін жаппай жою-дың өзге де әдістерін қоддану, тыйым салынған орындар мен уақыты бойынша заңсыз алуы қылмыстық жауаптылықтың формальды белгілерін құрайды, яғни қылмыс аяқталған болып су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алуы сәтінен ескерілінеді» .

Қылмыстың субъективтік жағы - қасақаналық болып танылады, яғни кінәлі адам су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алудың қоғамға қауіпті екенін ұғы-нып, оның зардаптарының болуын тілейді және оның болуына саналы турде жол береді.

Қылмыстың субъектісі - 16 жасқа толған есі дұрыс кез келген адам.

Қылмыстық Кодексінің 287-бабы 2-бөлігі су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу адамның өз қызмет бабын пайдаланып, не адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаған әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейді.

Адамның өз қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасауы болып, заңсыз су жануарларын алуға рұқсат алуы, қызметтік жұмыс барысында су жануарларын алуды ұйымдастыру, қызмет бойынша тәуелділікті, дәрежесін, қызметтік бабын пайдалануы және т. б. жағдайларды пайдалануы табылады. Егер лауазымды тұлға браконьермен сөз байласып, олардың көмектесушісі болыптабылса, ондай адам-дар аталған баптың және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың сәйқес баптары жиынтығы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Қылмыстың дәрежеленуші белгісі ретінде - алдын ала сөз байласқан адам-
дар тобы және ұйымдасқан топ қылмысқа қатысудың ерекше нысаны ретінде
Қазақстан Республикасы ҚК 31-бабында көрсетілген.

Заңсыз аңшылық (288-бап)

Қылмыстың обьектісі - жануарлар дүниесін қорғау және тиімді пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастар .

Қазақстан Республикасының аңшылықтың заңдылығы мына құжаттармен Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы» Заңымен; Қазақстан Республикасының аңшылық және аңшылық шаруашылық тар жөніндегі Ережемен, басқадай нормативтік - құқықтық актілермен, арнаулы нұсқаулармен реттеледі.

Қылмыстың заты-табиғи бостандық жағдайында мекендейтін жануарлар дүниесі болып табылады.

Қылмыс обьективтік жағынан заңсыз аңшылық әрекетін жасау арқылы көрініс табады.

Қылмыстық кодекстің 286-бабына сәйкес:

а) ірі зиян келтіріп;

б) механикалық көлік құралын немесе әуе көлігін, жарылғыш заттарды, газдарды және құстар мен аңдарды жаппай қырып-жоюдың өзге әдістерін қолданып;

в) аулаға толық тиым салынған құстар мен аңдарға қатысты.

г) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен төтенше экологиялық ахуал аймақтарында жасалған әрекет заңсыз аңшылық деп саналады.

Аңшылықта қолдануға тыйым салынған қарулар мен әдістердің тізбегі аңшылық ережелері туралы нормативтік актілерде көрсетілген.

Аңдарды қырып-жоюдың өзге әдістеріне-улы химикаттарды қолдану немесе өрт қою, басқа дақауіпті тәсілдер қолданулар жатады.

Аулауға тыйым салынған құстар мен аңдардың тізімі ҚР-ң арнаулы нормативтік актілерінде көрсетілген. ҚР-ң қызыл кітабына енгізілген.

Қылмыстық кодекстің 288-бабының «а» тармақшасында көрсетілген құрам материалдық, ал қалған тармақшалардағы (б, в, г) қылмыс формальдық құрамға жатады.

Қылмыс субьективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен істеледі.

Қылмыс субьектісі - 16-ға толған адам.

Қылмыстық кодекстің 288-бабының 2-тармағында осы қылмыстың қауіптірек түрі: адам өзінің қызмет бабын пайдаланып немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекет үшін жауаптылық көзделген.

II ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН БАЙЛАНЫСЫ

2. 1 Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың жалпы мінездемесі

«Экологиялық қылмыстардың құрамы қылмыстық заңнамада қарастырылған өзге қылмыс құрамдарынан екі негізгі белгілері бойынша - объектісі және қоршаған ортаға келтірілген залал бар болуы бойынша біршама ерекшеленеді. Экологиялық қылмыстың тікелей объектісі - қоршаған табиғи әлеммен органикалық байланысты табиғи ортаның компоненттері болып табылады. Экологиялық қылмыстардаға табиғи объектілер мәніне маңызды үш ерекшелікті жатқызуға болады олар - табиғи обиектілері, меншік объектілер және шаруашылық объектілері. Экологиялық қылмыстардың өзге де ерекшеліктеріне қоршаған ортаға залал келтіру болып табылады. Сондықтан қылмыс деп сараланған, алайда - тікелей табиғатқа залал келтірмейтін әрекет, экологиялық қылмыс деп қаралуға жатпайды» . Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде экологиялық қылмыстардың 18 түрі қарастырылған.

Нақты қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіндегі барлық қылмыс құрамдарын табиғатты қолдану және қоршаған ортаға қатыстылығына байланысты олардың орындау функцияларын үш катигорияға бөліп қарастыруға болады, олар: арнайы экологиялық құрам, жанама және қосымша құрам.

Арнайы экологиялық құрам Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінде «Экологиялық қылмыстар» жайлы келтірілегн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы қылмыс туралы түсінік
Экологиялық қылмыстар және жауапкершілік негіздемелері
Қылмыстың объективтік жағының ұғымы
Заңды мінез-құлық түрлері және қалыптасу ерекшелігі
Қылмыстың объективтік жағы
Теріс - мінез құлық социологиясы
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жағдайы мен кезеңдері
Қылмыстық жазасын өтеген тұлғалардың әлеуметтік ортаға бейімделуінің ұғымы мен негіздемесі
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативтік белгілері
Қылмыстың арнайы субъектісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz