Туристік фирманың қысқа мінездемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Түсінік 3
хат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...

I. "Nur.kz" туристік фирмасының жалпы сипаттамасы ... ... ... 6
1.1.Туристік фирманың қысқа 6
мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.Құрылтай құжаттарының 8
дайындығы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .
1.3.Туристік қызметке лицензия алу үшін материалдың дайындығы 11

IІ. Туристік объектілері туралы 17
мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.Туристік объектілердің 17
байқауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
2.2.Туристік экскурсиялық - маршруттық 18
зерттемесі ... ... ... ... ... ... ...

III.Ақпараттық - жарнамалық 23
қызмет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.1.Жарнама туралы 23
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..
3.2.Туристік өнімді іске асыру үшін серіктестіктермен жұмыс 24
істеу.

Қорытыңды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...27
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..

Қолданылған 28
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..

Түсінік хат
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын
Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан 2030 Бағдарламасы негізінде
халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін
өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті
салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және
тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де
кірген.
Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі,
өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға
болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және
ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін
негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет
көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік - мәдени және т.б.
факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани
құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға
қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін
болатын өзгерістерін қадағалап отырылуы қажет.
Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде
ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазірғі уақытта
туризмнің экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды
қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету
жолымен алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда.
Жұмыстың мақсаты:
Туристік фирманың бәсекелестік стратегиясының қалыптасуы мен дамуын
қарастыру болып танылады. Атаулы қойылған мақсаттан келесі міндеттер
анықталды:
✓ Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктерін
қарастыру;
✓ Туристік фирманы ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау,
✓ Туристік фирманың ұсынатын қызмет ассортиментінің ерекшеліктерін
қарастыру.
Туристік кәсіпорын - бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде
өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін
заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек
ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті
меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған
шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады.
Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты
ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен туысқандарына
баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға
бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады. Әрбір жеке кәсіпорынның туристік
саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып
көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу
және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік
қызметтің рентабелділігін арттыру болып табылады.
Туризм - демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан
бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс
жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.
Туристік операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтің осы
түріне лицензиясы бар заңды тұлғалардың өздерінің туристік өнімдерін
қалыптастыру, ұсыну және туристік агенттер мен туристерге өткізу жөніндегі
қызметі.
Туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) - қызметтің осы түріне
лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристік өнімді ұсыну
және өткізу жөніндегі қызметі.
Тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша
жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені.
Туристік жолдама туристік қызмет көрсету кешенін алуға құқықты
растайтын құжат.
Туристік өнім - саяхат барысында туристің қажетін қанағаттандыру үшін
жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы.
Туристік қызмет көрсету - туристік саяхат кезеңінде және осы саяхатқа
байланысты туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін маңызы зор
қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм
нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар
мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).
Туризмнің ұйымдық нысаны - халықаралық және ішкі туризм. Халықаралық
туризмге:
Келу туризмі - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын
адамдардың Қазақстан Республикасы шегіндегі саяхаты;
Шығу туризмі - Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.
Ішкі туризм - Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында
тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегіндегі саяхаты
кіреді.
Туристік қызмет сферасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың
маркетингтік аспектілері нарықты зерттеу, тұтынушылардың сұранысы мен
талғамын анықтау, ассортименттік, баға, өткізу, жылжыту саясаттарын
әзірлеуді қамтиды. Мысалы, туризмі жақсы дамыған мемлекеттер бюджеттен
жарнамаға қаражат бөле отырып тур өнімді жылжыту саясатын жүргізеді.
Түркияда туристік компаниялардың персоналды оқыту және әлемдік нарыққа
фирмалық марканы жылжыту шығындары бюджет есебінен қайтарылады. Қазақстанда
кіру туризмін дамыту үшін ҚР-ның шетелдегі елшіліктерінде, ірі әуежайларда
ақпарат орталықтарын құру, отандық туризмді насихаттайтын видеороликтер
шығару керек.
Туристік қызметтер бағасы бағалардың өзгеруі туралы ақпараттарды жинау
Алматы қаласында барлық облыс орталықтарында және қалалар мен аудан
орталықтарының іріктелген шеңберінде жүзеге асырылады.

I. "Nur.kz" туристік фирмасының жалпы сипаттамасы.

1.1. Туристік фирманың қысқа мінездемесі.

"Nur.kz" туристік фирмасы Қазақстандық туристік нарыққа 1997 жылы
қосылды.
"Nur.kz" туристік фирмасы мына мекен-жай бойынша орналасқан: Қазақстан
Республикасы, 050010, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі 37, тел. (716) 284
94 49, тел.факс: (327) 246 64 68, e-mail: sultan@.kz http:www.sultan.kz
Туристік фирма өзінің негізгі қызметінің сипаттамасы және мазмұны
бойынша туристік қызметті тұтынушылар (туристер), орындайтындар (қонақ үй,
транспорт, тамақтандыру орындары), туристік жолдаманы сатушылар
(турагенттер) арасындағы делдал болып табылады.
Туристік фирма кешенді турларды, жеке туристік қызметтерді құру және
сатумен, жол жүру құжаттарын сатумен, туристерді сақтандырумен, жол
көрсеткіштері мен ескерткіштерді сатумен айналысады. Туристік фирмаларды
құру және олардың қызметі әр елдің заңымен реттеліп отырады. Туристік
фирмалар қызмет көрсету түрі бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік
(ЖШС) болып табылады.
Негізгі қызмет көрсету бойынша туристік фирмасының бағыттары:
• Элитарлық туризм
• Экстремалды туризм
• ІІІетелдерден білім алу
• Әлемнің әрбір елінде жеке демалу
• Теңіздік круиздер
• VIP - қызмет көрсетулер
• Корпоративті қызмет көрсетулер
• Іскерлік туризм: көрмелер, семинарлар, конференциялар
• Шетелдерде емделу
• Барлық бағыттардағы әуе билетерін және теміржол билеттерін брондау
және сату
• Визалық қолдау
• Шетелдіктерді қабылдау, тіркеу
• Қонақ үйлерді брондау
• Автомобильдерді жалға беру.
• Экскурсиялық қызмет көрсету
туристік фирма менеджмент және маркетинг қызметіне байланысты өз құрылымын
құрайды:
1. Туристік фирма құрған кезден бастап алдағы жылға өзінің нақты
бағдарламасын дайындайды. Өзінің әр қадамын мұқият бағалай отырып, ол
табыстарға қол жеткізуге тырысады.
2. Туристік нарықта болған уақыт аралығында туристік фирма басқа
фирмалар арасында өзінің қызметкерлерінің нақты жоспарланған жұмысы,
әсіресе менеджментінің арқасында алдағы қатарларға шығуға тырысады.
3. Фирмада квалифицирленген кадрлар жұмыс істеп - әр қызметкердің
туризм саласында жоғарғы білімі немесе турбизнесте жұмыс тәжірибелерін
жинақтайды.
4. Фирманың басшылығы менеджмент және маркетинг жұмысына үлкен көңіл
бөлуге тиісті. Бұл бөлімнің зерттеулері нақты сатып алушыларды табуға,
клиенттердің барлық сұраныстарын ескере отырып турларды дайындауға, негізгі
бағдарламалардан тұтынушылар арасында көп сұранысқа ие турларды бөліп,
жолдамалардың бағасын көтермей, сапасын жоғарылатуға, кәсіпорынды дұрыс
басқаруға, жұмыс уақытын тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.
5. Туристік фирма әлемдегі тіл дамыту орталықтарымен қарым-қатынас
жасап, өзіне сенімді серіктес фирмаларды табуға тырысады.
6. Фирма жарнамаға үлкен көңіл бөлуі керек: жарнамалық каталогтар,
тарифтік буклеттер жасап, көпшілік газеттерге жарнама беруге тиіс.
Туристік фирма қаржылық - шаруашылық қызметті талдауды жүргізуге тиіс.
Экономикалық талдау - экономикалық теорияның өнімі емес, ол қаржылар
мен өндірісті басқару аясының кажеттілігі. Кәсіпорынның қаржылық -
шаруашылық жағдайы нарықтық экономика жағдайында оның әртүрлі өндірістік,
қаржылық, инвестициялық қызметтерінің аспектілері әртүрлі себептермен
экономикалық және әкімшілік қатынастың көптеген субъектілерін қызықтырады.
Бірақта, бұл қызығушылықты тудыратын себептер, қаржылық - шаруашылық
қызметті талдауға қоятын талаптары мен тапсырыстары да әртүрлі болады.
Қаржылық - шаруашылық қызметті талдау процесінің нақты мазмұны, оның
уақыт кезеңі, қаржылық ақпаратты талдау кезеңіндегі қолданылатын
ұсыныстардың мазмұны мен түріне талаптар, есептелетін көрсеткіштердің
жиынтығы - осының бәрі бұл талдау кімге және қандай мақсатпен істеліп
жатқанын анықтайды.
Экономикалық талдаудың құрамы:
• бизнес - жоспардың талқынысы мен негізделгендігін бағалау;
• алдағы кезеңге жорамал жасау үшін негізгі көрсеткіштерді анықтау;
• шаруашылық қызметтің нәтижесін бағалауды орындамау себептерін
объективті және субъективті көрсететін ұйымның жоспарды орындауын
тексеру ;
• жеке бөлімшелер мен қызметкерлердің жалпы нәтижеге ықпалын анықтау
негізінде ұйымның қызметіне қорытынды жасау;
• ұйымның бәсеке қабілеттілігін жоғарылату резервтерін табу;
• инновациялық қызметті қосқандағы күтілетін нәтижені жорамалдау;
• тиімді басқару шешімдерін таңдау үшін нұсқаларды дайындау.
Қаржылық - экономикалық сипаты бар шешім қабылдау процестері бәрінен
бұрын бухгалтерлік есеп берудің мәліметтері негізінде есептелетін қаржылық
жағдайдың өлшенетін көрсеткіштерімен, ұсынылатын нақты ақпаратпен жұмыс
істеуге бағытталады. Бұл мәліметтер қаржылық-шаруашылық қызметтегі орын
алған жағдайларды көрсететін, өлшенетін құндылық көрсеткіштер болып
табылады.
Қызмет көрсету деңгейінің жоғары болуы және көптеген елдерде тұрақты
серіктестіктерінің дәстүрлі қонақжайлығы Nur.kz туристік компаниясымен
демалысты жайлы және есте сақталатын етіп етеді.
Сондай-ақ, Nur.kz бизнестін әр түрлі саласындағы бірлескен
клиенттерімен көпжылдық жемісті жұмыс тәжірибесі бар, Қазақстан және шет
елдері бойынша бірлескен және іскерлік сапарларды ұйымдастырады.
Бүгінгі таңда Nur.kz клиенттер талаптарына, серіктестіктерінің
ұсыныстарына сай келетін, туризм индустриясы және қонақжайлығы үлгісінің
өскелеңі ширақты дамиды және уақытпен бірге үйлеседі. Компания агенттері
жұмысты тиімді тұрғызады, клиенттік аймақты жоғарлатады және әр маусым
сайын жаңа туристік жобаларды жетілдіреді.
"Nur.kz" компаниясы туризмнің көптеген түрлерімен айналысады, соның
ішінде Қазақстандық оқушылармен студенттердің АҚШ, Ұлыбритания, Ирландия,
Канада, Бразилия, Франция, Германия, Швейцария, Қытай, Австралия, Италия
сияқты елдердің мемлекеттік мектептерінде оқуға мүмкіншіліктерін туғызады.
"Nur.kz" компаниясы шетелдегі ең танымал оқу орындарының және тіл
дамыту орталықтарының негізгі серіктестігі.
"Nur.kz" туристік фирмасының шетелдік ұйымдардан, агенттіктерден,
операторлардан, тіл дамыту мектептерінен, тіл академияларынан көптеген
сертификаттары, алғыс хаттары бар.
"Nur.kz" туристік фирмасында өзінің "Галлилео", "Габриэль", "Ама-деус"
әуе билеттерді глобалды брондау желісі орналастырылғандықтан фирмаға
телефон арқылы және электронды түрде тапсырыс беруді қамтамасыз етеді,
сапардың ең тиімді маршрутын ұсынады, баға, бос орын, ұшу кестесі,
маусымдық шегерім туралы тегін ақпарат береді. Жылына 10000 дай адам
"Nur.kz" туристік фирмасының әуе билеттерін брондау және сату бөлімінде
шығарылған әуе билеттерімен ұшуларды іске асырады. Сонымен қатар компания
өзінің клиенттерін танымал маршруттармен және курорттармен таныстырады, әр
клиентке жеке, кәсіби және ұқыпты қарайды.

1.2. Құрылтай құжаттарының дайындығы.

Құжаттарды дайындау өте маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс болып
табылады. Осы жұмысты орындаған кезде шектік ықыласты талап етеді, өйткені
шетелдік құжаттардың кейінге қалдыруы бланкті немесе баспа беті нақты және
дұрыс толтырмағандықтан болады. Жұмыстың мақсаты - турфирманың туристік
құжаттарын рәсімдеу. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі шешімдерді қажет
етеді:
- туристік қызмет көрсету бойынша келісім шартты қарастыру;
- туристік жолдама мен туристік ваучерді қарастыру;
- жол сапарға шығатын құжаттар мен туристтің ескертпе кітапшасы.
Зерттеу объектісі - тұтынушыға арналған құжаттар жинағы.
Зат - туристік фирмадағы құжаттар жинағы.
1. Туристік қызмет көрсету бойынша келісім шарт
Туристік қызмет көрсету - туристік саяхат кезеңінде және осы саяхатқа
байланысты туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін маңызы зор
қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм
нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар
мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).
Туристік сапарлардың саны көп болғасын, туристерді сақтандыру туралы
сұрақ туындайды. Біріншіден бұл туристік қызмет көрсету бойынша келісім
шартпен байланысты болады. Келісім шарт жазбаша түрде құрылады. Жеткілікті
қызмет көрсету туристік өнімнің бөлшектеп сату мен сатып алу келісім шарт
арқылы жасалады. Егер келісім шарт жасалса, онда белгілі бір уақыт
аралығында сатып алушы келісім шартты бұзып, сатып алған өнімнің қаражатын
қайтадан қайтарып алуды және басқа да қарыздарды қайтаруға құқылы. Сонымен
қатар сатып алушы өз құқығы бойынша нақты және жеткілікті ақпараттың
болмағаны өміріне, денсаулығына, мүлігіне зиян келтіретін болса, онда
бұлардың барлығын жауапкершілік тартуға құқығы бар. Белгілі бір өнімді
бөлшектеп сату бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын туроператор
(турагент), туристік өнімің бөлшектеп сату мен сатып алу келісім шарт
бойынша кәсіпкерлік қызметпен байланыссыз етіп, белгілі өнімді жеткізуді
міндеттеледі.
Туристік жолдама - туристік қызмет көрсету кешенін алуға құқықты
растайтын құжат.
2. Дәл есептелмелі бланк пішіні Туристік жолдама екі парақтан
тұрады. Бланктың бірінші парағы тур өнімді сатып алған тұлғаға беріледі, ал
екінші парақ туристік жолдаманы рәсімдеумен айналысатын заңды тұлғада
немесе жеке кәсіпкерде қалады. Туристік жолдама парақтың кез келген
форматында басылады. Соған қоса жалған жолдамадан сақтық шараларды
қарастырады. Бланк алты таңбалы номерді мен әріптік ырғақтағы топтаманы
құрайды.
Туристік операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтің осы
түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристік өнімді
қалыптастыру, оны туристік агенттер мен туристерге ұсыну және өткізу,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес қалыптастырған туристік
өнімді ұсыну мен өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі (бұдан әрі -
туроператор);
Туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) - жеке және (немесе)
заңды тұлғалардың (бұдан әрі - турагент) туроператор қалыптастырған
туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
Турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға
дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде)
сауықтыру, танымдық, кәсіби - іскерлік, спорттық, діни және өзге де
мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға.
Туристік өнім - саяхат барысында туристің қажеттіліктерін
қанағаттандыруға жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы.
Туристік ваучер - турдың құрамына кіретін қызметтерге туристің құқығын
және олардың ақысы төленгенінің фактісін растайтын құжат.
Ваучер фирманың жекешіл туристтерге немесе топтың жетекшісіне аталып
кеткен қызмет көрсетулерге деген құқықтарды дәлелдейтін ресми құжат болып
табылады.
Туристің немесе туристтердің келу пунктіне келген күнде туристік
ваучер қабыл алатын жаққа тапсырылады.
Туристік ваучер екі данада құрылады. Бір данасы туристік қызметті
сатып алған заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға, ал екінші данасы туристік
кәсіптің субъектісінде қалады.
Туристік ваучер келесі реквизиттерден тұрады: ваучердің номері мен
топтамасы; туристік қызметті көрсету күні мен орны. Айқындауыш туристік
ваучердің ажыратылмайтын бөлімі болып табылады.
3. Жол жүру құжаттары - туристтер үшін дайындалған және белгілі
көлікпен орын ауыстыру құқығын дәлелдейтін көліктік қағаздар (билеттер,
туристік жолдамалар және т.б.)
Жол жүру билеті - бұл кез келген көлікпен орын ауыстыру құқығын
растайтын құжат. Жол жүру билеттері қолдану бойынша бір реттік және көп
реттік болып бөлінеді.
Ескертпе кітапшасы - бұл әрбір турға тіркелетін сипаттама немесе
кепілдеме болып табылады. Мұнда турист үшін керекті маңызды ақпарат бар.
Мысалы: ескертпе кітапшасында маршруттың төлемдеріне нені жатқызамыз, көлік
тұрақтарындағы қызмет көрсету, тұрушылықтың түрі мен тамақтанудың түрі.
4. Паспорт -
1. азаматтың жеке басын куәландыратын және оның жасы, жынысы,
отбасының жағдайы, тұрғылықты жері, оны берген күні, мекеме көрсетілген
ресми құжат;
2. машинаны, шаруашылық жабдықтары заттарын және т.с.с. тіркеу құжаты.
5. Виза (лат. visus - қаралған) - адамның паспортына не өзге
төлқұжатына қойылатын белгі. Ол құжат иесіне мемлекеттен кетуге не осы
мемлекеттің шегіне келуге немесе оның аумағы арқылы өтуге рұқсат
етілетіндігін айғақтайды. Ол белгілі бір мерзімге беріледі.
ҚР визасын алу үшін шетел азаматтары өзінің отырған елінде Қазақстан
Республикасының дипломатиялық консулдық мекемесіне төлқұжатын (немесе
халықаралық жол жүру құжатын), толтырылған визалық сауалнамасымен (осы
жерден алуға болады) және фотосуретімен ҚР СІМ КҚД визалық қолдау нөмірінің
белгісімен шақыру хатының көшірмесін беріп хабарласуы керек. Төлқұжаттың
қолданылу мерзімі сұралатын визаның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін 6
айдан кейін бітуі керек. Өзге құжаттарды ұсыну қажеттігін консул орында
анықтайды.
Құжаттарды өңдеу және визаларды беру үшін консулдық қызметтерге төлем
көлемі АҚШ долларында немесе өзара тану негізінде шетелдік мекеменің
аккредиттелген елінің валютасында бекітілген консулдық алым сомасынан және
нақты шығындарды өтеу сомасынан жинақталады.
Визалық қолдауды рәсімдеу үшін ҚР СІМ Қазақстан Республикасына келетін
шетел азаматтарға шақырушы ұйым ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне
мынадай құжаттарды береді:
1. Белгіленген нысандағы шақыру хат, (№ 1 нысаны бойынша);
2. Консулдық алымдарды (бюджеттік ұйымдар үшін талап етілмейді) және
нақты шығындарды төлеу туралы төлем тапсырмасы немесе түбіртегі.
З. ҚР СІМ КҚД үстіміздегі жылы бірінші рет хабарласқан ұйым
үстіміздегі жылы нотариалдық расталған жарғы көшірмесін, ҚР ӘМ тіркеу
туралы куәлік, статистикалық карточка, салық төлеушінің куәлігінің
(туристерді шақырған жағдайда туристік қызметке арналған лицензияны)
көшірмелерін, салықтық қарызының жоқтығы туралы анықтама түпнұсқасын
береді, қаладан тыс орналасқан ұйымдар жоғарыда көрсетілген құжаттарды
белгілі мекен-жайға жібереді.

1.3. Туристік қызметке лицензия алу үшін материалдың дайындығы.

Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруін ең алдымен
атаулы салада қызмет етуші субъектінің қызмет түлеріне лицензия берілуіне
негізделеді.
Лицензия мынадай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:
• туроператорлық;
• турагенттік;
• экскурсиялық;
• туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі.
Лицензия субъектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде
беріледі және бір данада беріледі; лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың
жазбаша өтініш бойынша төлқұжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат
туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым (бұдан әрі —
лицензиялық алым) төлейді.
Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол бір ай
ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны
қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша
өтініш берген күннен бастап лицензиат он күн ішінде лицензияны қайта
рәсімдейді.
Лицензия " Лицензия туралы" Заңмен белгіленген мерзімге беріледі.
Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам лицензияға қол қояды және
лицензиардың мөрімен куәландырылады.
"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына (бұдан әрі -"Қазақстан
Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заң), "Лицензиялау туралы"
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі -
"Лицензиялау туралы" Заң), өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес
әзірленді және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
атқарушы органдардың - лицензиардың туристік қызметті (туроператорлық,
турагенттік қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге
асыру құқығына мемлекеттік лицензия беру тәртібін, шарттарын, есебін
жүргізуін белгілейді.
Туроператордың қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай
құжаттар қажет:
• белгіленген нысан бойынша өтініш;
• лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;
• жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
• кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін
растайтын құжат;
• меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар
екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік
жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар
ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;
• білімі және жұмыс өтілі туралы құжаттардың көшірмелерін қоса отырып,
қызметкерлердің тізімі;
• туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;
• тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;
• туристік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;
• экскурсиялық қызметке лицензиясы бар туристік ұйыммен шарттың
көшірмесі немесе оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын
құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық
анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы - аудармашылар), экскурсия
жүргізушілер тізімі;
• жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер,
бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);
• туристік бағыттардың тізілімі;
• туристерге қызмет көрсету бағдарламасы;
• "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңның 17-
бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың
үлгісі;
• туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.
Турагенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар
қажет:
• белгіленген нысан бойынша өтініш;
• лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;
• жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
• кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін
растайтын құжат;
• меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар
екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік
жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар
ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;
• білімі және жұмыс етілі туралы құжаттардың көшірмесін қоса отырып,
қызметкерлердің тізімі;
• туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;
• тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;
• туристік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;
• жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер,
бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);
• "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңның 17-ба-
бының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;
• туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.
Экскурсиялық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар
қажет:
• белгіленген нысан бойынша өтініш;
• лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;
• жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
• кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін
растайтын құжат;
• штаттағы немесе шарт негізінде тартылатын кәсіби даярланған адамдар:
оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және
денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар
жолбасшылар (жолбасшы - аудармашылар), экскурсия жүргізушілер тізімі;
• әзірленген бағыттар мен экскурсиялар тақырыптары;
• туристерге қызмет көрсетуге арналған меншікті немесе жалға алынған
көлігі бар екендігін растайтын құжат.
Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыруға лицензия алу үшін
мынадай құжаттар қажет:
• белгіленген нысан бойынша өтініш;
• лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;
• тиісті кәсіптік дайындығын, біліктілігін және туристік бағыттармен
жүріп ету тәжірибесін растайтын құжаттар;
• әзірленген туристік бағыттардың карта - сызбалары және
сипаттамалары;
• денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтама.
Өтінуші ұсынылған құжаттардың анықтығына Қазақстан Республикасының
заңнамасымен белгіленген жауаптылықта болады. Өтінушінің өткізген
құжаттарында қамтылған мәліметтерді тексеру қажет болған ретте, лицензия
беру туралы шешім тексеруден соң қабылданады. Тексерудің нәтижелері бойынша
туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді, сондай-ақ туризм
нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы
қорытынды шығарылады.
Сонымен қатар стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіру
кезінде талаптар қамтылуы тиіс:
• жарғыда туристік қызметті негізгі ретінде бекіту;
• кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін
растайтын құжат;
• туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық - құқықтық
жауапкершілікті сақтандыру шарты;
• туристік білімі немесе туризм саласында кемінде бір жыл нақты жұмыс
тәжірибесі бар қызметкерлер;
• туристік бағыттардың тізілімі;
• туристерге қызмет көрсету бағдарламалары;
• меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар
екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды;
• туристік жарақтар;
• көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар
ұйыммен қызмет көрсету шарты;
• экскурсиялық қызметке лицензиясы бар туристік ұйыммен шарт немесе
оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және
денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар
жолбасшылар (жолбасшы - аудармашылар), экскурсия жүргізушілер;
• тасымалдаушымен шарттар;
• туристік жолдама, турист жаднамасы;
• туристке арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат;
• жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер,
бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар).
Турагенттік қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын
біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
• жарғыда туристік қызметті негізгі ретінде бекіту (заңды тұлғалар
үшін);
• кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін
растайтын құжат;
• туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті сақтандыру шарты;
• туристік білімі немесе туризм саласында кемінде бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Aidana tour турфирмасы қызметтері
Мода және тауар болашағы факторлары
Шығындар құрылымы
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА БАҒАНЫҢ ҚҰРАЛУ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ
Лидер өндірістік аясындағы шығындар құрылымы
Complete-service негізгі қызметтері
Туристік мекемедегі PR технолоиялар
Туристік бизнесте баға белгілеу саясаты
Кәсіпкерлік [ дәрістер ]
Туристік қызметтің теориялық мәні
Пәндер