Студенттерді табиғат қорғауға даярлау туралы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І.Экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері ... ... ... 6
1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2. Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие
берудің ұлттық бағдарламасы жобасына негіздеуші
анықтама ... ... ... ..17

ІІ. Жергілікті материалдарды пайдаланып, оқушыларға экологиялық білім
берудің
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.1. Қазақстан Республикадағы экологиялық білім мен тәрбие беру
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.2.Жергілікті материалдарды іріктеудегі педагогикалық ұстанымдар...25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .30

Кіріспе.

Жұмыстың көкейстілігі. Қоршаған ортаның бүлінуі тереңдеген қазіргі
кезеңде мұғалімдерге, саясаткерлерге, т.б. экологиялық білім беру және
насихаттау қажеттігі туындауда. Әлеуметтік экологиялық жағдайдың
шиеленісуіне байланысты мұны қоғамның барлық құрылымын қолдап, экологиялық
жан-жақты іс әрекет жасауға әзір ХХІ ғасырдың жаңа адамын қалыптару қажет.
Білім беру және игеруді қамтамасыз ету арқылы сана мен іс әрекетті
түбірлі жаңарту тұрақты экономикалық даму жолына түсудің басты кепілі болып
табылады.
Экологиялық апатты болмырмаудың бір шарты – білім берудің мақсаты мен
мазмұнына жаңа бағыт беру, үздіксіз экологиялық білім беру арқылы ғана әр
түрлі деңгейлердегі мамандардың экологиялық сауатсыздылығын жоюға болады.
Осы жұмыста – Қазақстан – 2030 стратегиясына сәйкес экологиялық
қауіпсіздікті жүзеге асыру шараларының тұжырымдамасы және үкіметтің
қаулысы (3.03.1998 ж.№137,8) бойынша экологиялық білім берудегі негізгі
құжат.Бұл құжаттың көкейтестілігі Қазақстан Республисының (Айналадағы
ортаны қорғау) бағдарламасы және соған сәйкес жасалған білім берудің ұлттық
жүйесінің жаңа моделі тұрғысынан арта түседі.
Экологиялық білім және тәрбие беру үздіксіздігі мен сабақтастығының
және оның жеке кезеңдері мен деңгейлерін кешенді түрді жетілдіретін шаралар
қажет. Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін қалыптастыру және дамыту
үшін теориялық жағынан негіздейтін ғылыми зерттеулер жүзеге асырылу қерек.
Олардың нәтижелері мектепке дейінгілерден бастап жоғары оқу орнынан кейінгі
деңгейде арналып жасалған жалғаспалы бағдарламаларында жүзеге асады. (Ол
үшін экологиялық білім беру саясатын жүзеге асыратын мамандардың ұлттық
бірлестігі құрылады).
Үздіксіз экологиялық білім және тәрбие берудің стратегиялық мақсаты –
білім мекемелері мен Қазақстан Республикасы басқа құрылымдарын анықтаған
бағыттарын және жобаларын үйлестіру және қолдау.
Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық
проблемаларды толғандруда және оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде
.Бұл ізденістерде айналадағы орта туралы білімнің берері мол.
Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі мәселе адамның табиғатқа тигізетін
әсері қандай және одан қалпына келмейтін қандай тізбекті өзгерістер
туындайтынын анықтауда болып отыр.Бұл мәселені бір жағынан ғылым, екінші
жағынан ғылымның ашқан жаңалықтары негізінде іс-әрекет жасауға бастайтын
білім ғана шешіп береді.
Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық
білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Бұл проблемалар Президент
Н.Ә.Назарбаев ұсынған 2030 стратегиясы бағдарламасында басты орында тұр.
Қоршаған орта бүлініске ұшырап ауқымды экологиялық проблемалар
туындаған қазіргі жағдайда білім мен насихат барлық адамдардың –
мұғалімдердің, дәрігерлердің, ғалымдардың, бизнесмендердің, өндірушілердің,
саясаткерлердің назарына ілініп отыр. Қоғамның іргелі құрылымынан қолдау
тапқан экологиялық білім мен насихат қана жаңа адамды – ХХІ ғасырдың
азаматын қалыптастырады және аса күрделі, әрі шиеленіскен әлеуметтік-
экологиялық жағдайда іс-әрекет жасауға үйретеді.
Экологиялық білімнің тиімділігі жүйелілік тәсілге негізделіп үздіксіз
жүзеге асырылғанда ғана артып табысқа жетеді. Үздіксіз экологиялық білім
беру жүйесін құрудың мақсаты – ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі
негізінде оқушылардың экологиялық қөзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаға
жауапкершілікпен қарайтын құндылықты, мінез-құлықты, іс-әрекетті
қамтамассыз ету.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі экологиялық білім және тәрбие беруді қолма-
қол өмірге енгізіп жетілдіру керек. Өйткені табиғаттағы апатты жағдайлар
жасынан Экологияландырылған ұрпақтың өсіп жетілуін күтуге, ұзақ мерзімді
эксперимент жүргізуге уақыт қалдырмайды.
Экологиялық білім көпшіліктің санасына айналадағы ортаны сақтаудағы
жауапкершілік идеясын ұялатып, қоғамның әр мүшесіне табиғатқа аялдай
қарауды қалыптастыруы тиіс. Мұны тездету үшін іс-әрекеттің нақтылы
бағдарламасы және үздіксіз экологиялық білім беруге қатысатындардың істерін
үйлестіріп отыруы қажет.
Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған
ортаны қорғау тәсілдерін жастарға ұғындыру, экологиялық жаппай және
үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асырылады.
Осы орайда, елімізде жас өспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді
ұйымдастырудың бүгін күн тәртібіне қойылуы – орынды жағдай. Оның өзіндік
объективті және субъективті себептері бар. Олар:
- туған еліміздің табиғаты мен оның табиғи ресурстарының ұзақ жылдар
бойы орынсыз пайдалану нәтижесінде азаюы, ластануы және есепсіз
сарқыла бастауы;
- республиканың көптеген аймақтарында экологиялық апатты жерлердің
көбее түсуі;
- өндіріс пен өнеркәсіп кешендерінің зиянды қалдықтары, ғарыш
айлағының сақталуы, полигондар зардаптары, жердің жарамсыздануы,
адам денсаулығының нашарлауы;
- экологиялық білім, тәрбие және мәдениеттің қалыптасуы мен
тұрмыстық қажеттілік мақсатындағы табиғатты пайдалану сипаты
арасындағы алшақтықтардың ұлғаюы.
Аталған проблемаларды шешу үшін экологиялық білім алу ауадай қажет.
Мектеп, гимназия, колледжтер және басқа оқу мекемелері үздіксіз экологиялық
білім берудің қайнар көзі және ұйымдастырушы ордасы болуы тиіс.
Әр оқушы ең алдымен өзінің тұрған жерінің проблемаларын, яғни
жергілікті аймақтардың экологиялық жағдайларын білуге тиіс. Жергілікті
материалдарды пайдаланудың негізгі мақсаты – оқушыларға жергілікті
материалдарын пайдалана отырып, оларға экологиялық білім мен тәрбие
беру.Жалпы оқу процесінде жергілікті материалдарын қолданудың маңыздылығын
көптеген педагог-ғалымдар бұрынғы кездерде атап көрсеткен болатын. Атап
айтқанда : К.Д.Ушинский, А.Я.Герц, Д.Д.Семенов, В.В.Половцев, В.П.Вахшеров,
Л.С.Севрух, И.И.Полянский. Қазақстан Республикасы ғалымдарының арасынан
Қ.О.Шайхеслямова, К.А.Аймағанбетова, Ә.Бірмағабетов, К.Жүнісова,
И.Нұғыманов және т.б.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық-практикалық сапасын
көтеру жағдайында өлкетану сабақтарын, өткзудің маңызы өте зор. Жергілікті
материалды пайдаланған кезде оның ең үлкен жетістігі – айналаны, қоршаған
сыртқы ортаны қорғау қажет екендігі бала санасында қалыптасып отырады.

І.Экологиялық білім және тәрбие берудің теориялық негіздері.

1.1 Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздері.

Қазақстан Республикасы географиялық жағынан Еуразия құрлығының орталық
кіндігіне орналасқан. Еліміздің құрлық жүйесінің ауқымды көлемін орманды-
далалы, шөл және шөлейтті жерлер алып жатыр.
Қалыптасқан табиғи-тарихи жағдайлар және табиғатты пайдаланудағы жәйсіз
күйлері жұртшылықты ойландыруда. Қасиетті жердің ресурстық-шикізаттық
қорларын өндіруші кәсіпорындарындағы ала берсем деген ниет, өнеркәсіп
аймақтарынада қоршаған ортаға немқұрайлы қараушылық, әскери объектілердің
экологиялық талаптарды сақтамауды, т.б. жағдайлар табиғатқа және оларда
тұратын халықтың әлеуметтік жағдайын шиеленістіріп отыр.
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері-аймақтық
техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы,
атмосфераның ластануы, ормандардың селдіреуі, табиғаттың генетикалық
қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен
өнеркәсіп апаттарының белең алып әрі улы қалдықтардың жинақталуы айналаны
қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде.
Кейбір аймақтарда жағдайдың ауырлығы соншалық ауа, су, және жер
ресурстары ластанып, бұрың-соңды болмаған күйзеліс кешуде. Еліміздің
қолайсыз экологиялық ахуалы қазіргі кезде біліне бастаған экономикалық
дағдарыс одан әрі тереңдетіліп, әлеуметтік шиеленістің ұшығуына итермелеп
отыр. Ал халықтың экологиялық және әлеуметтік проблемаларын шешуде
экономикалық қиындықтыр туып отыр.
Демек, экологиялық ахуалдың нашарлауы халықтың денсаулығына залалын
тигізумен қатар, әлеуметтік қиындықтар туғызып, халық шаруашылығы тұрақты
дамуының бірсыпыра маңызды бағыттарын тікелей тежеуге әкеліп соғуы ықтимал.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабында Қазақстан
Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына
ұқыпты қарауға міндетті - делінген.
Ата Заңымызда көрсетілген талаптарды іс жүзіне асыру жоғары, орта және
арнаулы білім беруде оқушылар мен студенттерге экологиялық білім мен тәрбие
беруді дұрыс ұйымдастыруға байланысты екендігі баршамызға аян.
1997 жылдан бастап Республикамызда табиғат қорғау туралы жаңа заң
қабылданып күшіне енді. Заң әр адамның өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы
ортаның барынша қолайлы болуын қамтамасыз етіп, табиғатты қорғаудың
экономикалық, практикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеп берді. Ол
мынадай тармақтардан тұрады:
1. Республикада халыққа білім беру орындары табиғат қорғау жөнінен халықтың
барлық топтарын қамтитын тәрбие және білім беру жүйесіне жүзеге асыру.
2. Жалпыға бірдей кешенді түрде және үздіксіз экологиялық тәрбие иен білім
берудің жоғарғы және арнаулы оқу орындарында маман кадрларды кәсіптік
жағынан даярлау, олардың біліктілігін арттырудың, барлық мүмкіндіктерін
жасау.
3. Құжатта 64-бапта айтылғандай оқу орындарында міндетті түрде экологиялық
білім берудің қажеттңлңгң айтылып, ол бойынша азаматтардың экологиялық
мәдениетін қалыптастырудағы қажетті экологиялық білім мазмұнын ашу үшін,
оқу орындарының ұстаған бағдарына қарамастан, барлық жоғары және арнаулы
оқу мекемелерінде экологиялық білім негіздерін міндетті түрде оқыту.
4. Арнаулы оқу орындарының бағытына сәйкес айналадағы ортаны қорғау және
табиғатты ұтымды пайдалану жөнінде арнаулы курстар.
Қазіргі кезлегі білім беру ошақтарының алдында тұрған міндеттерінің
бірі – жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын қалыптастыру, оларды
табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасы
мен еңбектенетін жерінде жоғары, саналы, экологиялық білімді пайдалана
білетін азамат ретінде тәрбиелеу. Сөйтіп, әрбір адамның экологиялық білім
дәрежесі мен тәрбиесі орта және арнаулы білім беру ордаларында қалыптасып,
келешектегі өмірге деген көзқарасын анықтайды.
Әлемдік ғылымдар саласына ғылыми-техникалық үрдісі әлдеқашан
қалыптасқан экология, табиғаттану, табиғат қорғау ғылымдары өзіндік орын
алуда. Олар мазмұндық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты.
Соңғы кезде экологияны биология ғылымының саласы бөлімі ретінде емес,
жеке ғылым тұрғысынан қарастырып жүр.Сондықтан, әр түрлі экологиялық
мәселелерді жаратылыстану ғылымына енетін пәндердің барлығы қамтиды да,
бірақ оларды әрқайсысы өз ілімі зерттеп қарастырады. Мысалы, биологиялық
пәндер бойынша тірі организм және табиғат ортасы, биосфера туралы ілім,
экожүйе, биоэкология қоршаған ортаның экологиялық дағдарысы туралы зертесе,
ал география сабағында географиялық қабатты тиімді пайдалану мен қорғау,
географиялық орта мен геожүйе, табиғи кешенге адамдрдың шаруашылық
қызметіне тигізетін әсерін зерттейді.
Табиғат қорғаузаңына байланысты елімізде жалпы білім беретін мектепдің
тұжырымдамасында:
Жаратылыстану және техникалық пәндер мазмұнын экологиялық маңызыбар
фактілермен толықтыру рақылы жас ұрпақтарға экологиялық білім мен тәрбие
беру үрдісін жетілдіріп жүзеге асыру - деп көрсетеді. Осыған байланысты
республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесінде, яғни балабақшадан бастап
жоғары оқу орындарына дейін жанжақты экологиялық білімдер беруді жүйелі
және мақсатты түрде ұйымдастыруды міндеттейді.
Міндетті іске асыру мақсатында мектеп оқушылары мен жоғары оқу
орындарының студенттеріне Экология негіздері курсы оқытыла бастады. Адам
мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болған экологиялық қарама-
қайшылықты шешу қажеттілігі қазіргі кезде бүкіл прогресшіл адамзатты
байыпты ойлануға итермелейді Бұл әлемдік проблеманы шешуге үлес қосу ғылым
мен техниканың міндеттері ғана болып қоймай сонымен бірге педагогика
ғылымдары мен мектептердің де басты және игілікті борышына айналуда.
Ғасырлар бойы өзін табиғаттың қожасы, әміршісі ретінде сезініп келген
адам, бойындағы оған деген тұтынушылық, пайдакүнемдік қатынасын
психологиялық тұрғыдан қайта құру қажеттігі туып отыр. Бұл проблеманы алдын
алудың бір жолы – көпшілікке экологиялық білім беру.
Өйткені қоғам мен табиғаттың өзара бірін-бірі әсер ететіндігі туралы
көпшілікке білім беру, адамның практикалық іс-әрекетінде басшылыққа алатын
табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастырады. Жас ұрпаққа экологиялық білім
және тәрбие беруде мектептің алатын орны өзгеше. Экологиялық білім жалпы
және арнаулы білім берудің бір компоненті ретінде шәкіртті жан-жақты
дамытуға, оның азамат ретінде қалыптасуына бағыт алған.
Табиғатты зерттеушілер К.Линей, Ч.Лайель, Ч.Дарвин, Э.Геккельдің
еңбектерімен танысқанда, оларды ыждахаттылықпен зерттеп оқығанда белгілі
бір қорытындыларға келеміз. Мысалы, Ч.Лайельдің Геология принциптері
деген еңбегінде Табиғаттың экологиясы, Өмір сүру үшін күрес деген
ұғымдар қолданылған. Ал, бұл ұғымдарды К.Линейдің идеяларының ықпалы
бойынша түсіндірген Ч.Дарвин Түрлердің шығуы деген еңбегінде органикалық
дүниенің дамуына байланысты көптеген экологиялық байқауларының сырын ашады.
Қазіргі уақытта экология деген ұғым, үлкен теориялық және практикалық
маңыз алған ғылымның барынша тез дами бастаған саласының біріне айналды.
Экология дегеніміз – табиғатты пайдаланудың ғылыми-теориялық негізі. Ол
жастарға білім мен тәрбие беру ісін жаңа жолға салғанда ғана өз міндетін
атқара алады.
Бұл тарихи тұрғыдан алғанда, адамның табиғаттағы және әдеуметтік
ортадағы болмысында кездескен алғашқы проблемалары еді. Сондықтан,
әлеуметтік-экологиялық тақырыптар байланысты пайымдауларымыз ежелгі
замандардан бергі қоғамдық сананын элеметтері болып келіп және олардың
байлығын молайта түсуге байланысты әр адамның іс-әрекеттерінен көрінбек.
Экологиялық білімді тереңдету, экологиялық тәрбие беру, болашақ ұстаздардың
экологиялық мәдениетін қалыптастыру, ол үшін арнайы мамандар дайындау –
жалпы білім беру жүйесінің алдыңғы шарты.
Кезінде орта ғасыр ғұламалары да табиғатты қорғауға байланысты өз
қөзқарасын білдірген. ІХ-ХV ғ.ғ. қазақ топырағынан шыққан ғұлама ғалымдар
Әл-Фараби, Ж.Баласұғын,Қожа ААхмет Иасауи, М. Қашқари, С.Бақырғани, т.б.
метафизика, тіл ғылымы-логика, психология, география, этика, т.б. ғылымдар
жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше. Соның ішінде, Әл-Фараби медицина,
биология, география ғылымдарын теориялық философиялық тұрғыдан негіздеуге
көп күш жұмсады.
Мәселен, Адам организмі жайлы, Жануарлар организмі жайлы,
Темпераменттер туралы, т.б. еңбектер жазған. Онда: ...адам баласы
жаратылыстың, бүкіл жан иесі атауларының бүкіл шоқтығы, сондықтан оны
құрметтеу, қастерлеу керек,- деп түсіндіреді.
Ал, М.Қашқаридің қайсы бір бәйіттерін алмаңыз, үлкен әлеуметтік-
этикалық ой-тұжырымдар, парасат, табиғат көріністерін, білімділікті арқау
етіп алған. Мұнда ауыз әдебиеттің үлгілері табиғат көріністерін бейнелейтін
пейзаж лирикасын мен жыл маусымының ауылына арналған өлең жырлар көптеп
кездеседі. Мысалы, біздер оның аңшылық жайындағы өлеңдерін оқи отырып,
табиғаттың әсемдігін, сұлулығын танып-білудегі сана-сезімдерін, ой-
пікірлерін, сол кездегі аңшылық дәрежесін байқаймыз.
Қорыта келгенде, әл-Фарабидің, М. Қашқаридің бұлардың басқа көптеген
философиялық және натурафилософиялық, әлеуметтік-этикалық тұжырымдарында да
жаратылыстану жайында айтқан бағалы пайымдаулар мен ғылыми қорытындылар
кездеседі.
Оқушыларға, студентерге экологиялық білім және тәрбие беру
проблемаларын XVI-XVIII ғғ. Ұлы педагогтар: Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо,
Г.Песталадци, Ф.Дистервег, А.Гумбольдт, т.б. прогресшіл ой-пікірлері
класикалық педагогикада баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру,
тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді. Олар баланың
бойына игілікті имангерлікті дарытушы табиғат сезімін тәрбиелеу туралы
айта отырып, оның адамгершілік-эстетикалық дамуындағы табиғаттың маңызын
ашты. Прогресті педагогика және тұлғаны қалыптастыруда табиғаттың ролі зор
екенін жоғары бағалай келіп:
...адамның бүкіл рухани тіршілігі табиғатпен берік байланыста болған
деген басы ашық пікірді тқжырымдай түседі.
ХІХ ғасырдың демократ-ағартушылары: В.Г.Белинский, А.Н.Герцен,
Н.А.Добролюьов, Д.И.Писарев мектепте табиғатты немқұрайлы оқытуға және оған
мейірімсіздік қатынаста қарацуға қарсы шықты. Орыс ағартушылары табиғат
туралы саналы білім беру және адамның табиғаттағы мінез-құлқын айқындайтын
моральдік санасының қалыптасуына әсер ететіндігіне ерекше мән береді. Бұл
пікірлер, олардан кейінгі педагогтарға табиғи құбылыстар мен объектілерді
түсінудегі білім мен сезім арқылы қабылдаудың өзара байланысын негіздеуге
үлгі болды.
Сонымен қатар, қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнекті
орын алатын ұлы қайраткерлері, халқымыздың ұлы ағартушылары: Шоқан
Уалиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин шығармаларында табиғатқа деген
сүйіспеншілік көзқарастарының негізі – көшпенді елдің өміріне, ата-ананың
шаруашылығына бейімделген егін жинау, шөп шабу, жайлауға шығу, қыстауға
қайту, аң аулау кездерін еске ұстап, табиғаттың тепе-тендігін сақтауға ақыл-
кеңестер берген.
Халқымыздың мақтанышы, ғалым Ш.Уалиханов туған халқының табиғатпен
қарым-қатынасындағы әдет-ғұрып, дәстүрін зерттей отырып, өз ұрпағын
табиғатпен қатынас жасауда ізгілікке баулитын халық педагогикасының
тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды. Ол: Табиғат! Өзіңіз айтаңызшы тіршілікте
одан ғажап одан құпия не бар екен? – дей келе, қазақтар киелілігіне үлкен
мән берді. Табиғаттағы ... кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа
қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы атағандарды құрметтеу, ырым-
жарасын жасап тұру адам баласына бақыт пен байлық, құт әкеледі, - деп
көрсетті.
Ш.Уалихановтың табиғат жайында қалдырған бай мұрасы қазіргі уақытта жас
ұрпақты табиғат қорғауға тәрбиелеуде бірден-бір тапсырмайтын көмекші
құралға айналып отыр. Ш.Уалихановтың туған халқының табиғатпен
қатынасындағы әдет-ғұрпын, дәстүрлік-этикасын зерттеп, қазақтар арасындағы
жақсылық сенім олардың Табиғатты шексіз қадірлеуінен туған - деген ой
түйіндейді.
Ал, Абай өлеңдерінде табиғатпен адам өмірін, тұрмыс-тіршілігін бір-
бірінен ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін бір тұтас дүние ретінде
қарастырды. Ұлы ақынның табиғат көрінісін суреттейтін табиғат құбылыстары,
соның ішінде жыл мезгілдерін суреттейтін Қыс, Көктем, Жас және Күз
өлеңдері жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламасына енгізілген.
А.Құнанбаевтың 18-ші қара сөзіндегі табиғат туралы философиялық ой-
пікірлері мен табиғат заңдылығын пайымдай алумен бірге оған байланысты
ғылыми көзқарастарын да танытады. Ол табиғаттың бар байлығы адам баласына
азық болып отырғандығын көрсете келіп, Кім өзіне махаббат қылса, сен оған
махаббат қылмағаның парыз - деп өскелең ұрпақты табиғат ананы аялап сүйе
білуге шақырады.
Асан қайғыдан бастап, Ақтамберді, Қазтуған, Шал, Бұқар, Жиембет,
Махамбет, Базар және т.б. ақын-жыраулар шығармаларында заман жайындағы ой-
толғаныстары, тіршілік, табиғат сырының мән мағынасы, адам әмірінің әр
кезеңі, олардың іс әрекеттері сөз болады. Осы асыл ой-толғаныстары әдемі
жыр маржанмен термелеп айтылатын мақал-мәтелге, шешендік сөз тіркестеріне
ұқсас болып келеді.
Халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оның көзінің
қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа үлгі өнеге боларлық дана
ұғымдар, мақал-мәтелдер, нақыл сөз, аңыз әңгімелер арқылы жетіп отырған.
Сондыұтан әрбір ұстаз, әрбір тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысында халықтық
педагогиканың асыл маржанына үнемі көңіл бөліп, оны тиімді пайдалана білуі
тиіс.
Бүгінгі жер тағдыры – ел тағдыры болып отырған кезде, табиғатта болып
жатқан дағдарыстан туған зардаптар әбден асқынған уақытта біз өзіміз
қаласақ та ата-бабаларымыздың атамекен, туған жер топырағы туралы
түсініктеріне, таным-тағамдарына ой жүгіртеріміз сөзсіз. Халқымыз қасиетті,
қастерлі жер-суларды Әулие бұлақ, әулие ағаш, дегендей құрметтеп, қорғап,
көздің қарашығындай сақтай білген, әсіресе, Бұлақ көрсең көзің аш, Суын
ішкен құдыққа түкірме сияқты ұлағатты сөздер немесе Қаратауларың
бұзылмасын, саялы ағаштың сынбасын, қанаттарың қайырылмасын - деген туған
жерін, елін, табиғатын аялау жайлы айтқан қасиетті сөздер жас
өспірімділерді тәрбиелеудегі алатын орны ерекше. Халық даналығы
балабақшадан бастау алып, табиғат туралы өнегелі, ұлағатты аталы сөздер,
жыр-аңыздар айтыстарда айтылған ойлы пікірлер, қысқа айтқанда халықтың
рухани мол мұраларын жастарға экологиялық тәрбие берумен экологиялық
мәдениеттерін тәрбиелеуде тұғырлы негіз болады.
Болашақ ұстаздарға экологиялық білім беруде белгілі педагогтар, ғалым-
әдіскерлер В.П.Вахтеров, Е.Н.Водовозова, Д.Н.Тихомиров, т.б. табиғат жайлы
білім берумен қатар, табиғи құбылыстарды сезіне білуге, өзіндік
ерекшеліктерін ажыратып қорытынды жасауға үйретуі, сөйтіп олардың
бақылампаздық әдет-дағдыларын, іс-әрекеттерін ұйымдастыруда мұғалімдердің
басшы рольдерін анықтап барген еді.
Жиырмасыншы-отызыншы жылдары табиғатты қорғау, аялау, сақтау
қажеттіліктерін жастардың бойына сіңіру жолдарын, онымен қарым-қатынас
жасау қажеттілігін баса айтқан Кеңес мемлекеттің педагогтары: Н.К.Крупская,
А.Д.Луначарский, СТ.Щадский бұл мәселеге ерекше көңіл бөлді. Мысалы,
Н.К.Крупская мектептерге оқу бағдарламаларын құрғанда жаратылыстану
пәндерінің кейбір мазмұндары қоршаған табиғатты дұрыс түсінуге негіз
қаланатын оқулықтар жазу керектігін және мұғалімдерге ақыл-кеңес бергенде
оқушылардың өмір тәжірибелерін ескеруді талап еткен.
Отызыншы жылдары биология, география пәндерінің оқу бағдарламаларына
табиғат қорғау жайлы білімдерді Кеңес мемлекетінің оқу жүйесіне енгізу
тарихында, экологиялық білім мен тәрбие беру ісіндегі алғашқы жұмыстары
метеп оқу-тәрбие үрдісінің бір қадам алға жылжуы деп есептейміз. Сол
жылдары табиғатты қорғау түсініктерін қалыптастыру, табиғатты қорғауға
тәрбиелеу идеяларын П.В.Островский, П.Ф.Каптерев, М.М.Рыбников, т.б. өз
еңбектерінде кеңінен өрбітті.
Сонымен, өмірдің өзі көрсеткендей білім беру жүйесінде Табиғатты
қорғау шаралары біртін-біртін Табиғатты қорғауға байланысты жұмыстармен
сабақтасып, алдымен білім берудің керектігін, содан кейін табиғат қорғау
тәжірибелерін дамыту ітерімен ұштастыруды талап етті.
Ал, 1950-60 жылдар аралықтарында экологиялық білім беру табиғат
қорғауға тәрбиелеу мәселесінің құрамында құрастырылды.
Алпысыншы жылдардың соңында Кеңес мектептерінде жаңа бағдарламалар
негізінде оқулықтар жазылып, Табиғатты қорғау шаралары, Табиғатты қорғау
жөніндегі білім беру туралы ұғымдар енгізілген болатын. Бірақ, жаңа
оқулықтар мен бағдарламалар мазмұндарындағы айтылып отырылған ұғымдар,
түсініктер адам және қоғамның табиғатпен қарым-қатынастары жайлы беретін
мағлұматтар байланыссыз, жүйесіз беріле бастады.
Әрине, ондай экологиялық білімдер қазіргі өмір талабына сәйкес емес,
ғылыми негізде құрылмаған еді.
Солай болса да, мектеп практикасында экологиялық тәрбиенің қажеттілігі
жайлы Ресей педагогы В.А.Сухомлинский балардың бойына да табиғатқа
сүйіспеншілік сезімін дамытуды еш нәрсеге айырбастауға болмайтынын
тәрбиенің негізі деп есептеген. Табиғат, жер табиғаты – бұл жәй кішкентай
өсетін және жер бетінде алғаш қадамдарын жасайтын орта ғана емес, он
мыңдаған өте жіңішке тамырлары қуат алып, шырынын бұтақтары мен
жапырақтарына тарататын құдыретті адам – ағаштың өркен жаятын ортасы - деп
эмоциялық тұрғыдан анықтама берген.
Жоғарыда айтылып кеткен ұлы ағартушылр мен педагог-ғалымдардың
табиғатты қорғау, оған деген жанашырлық сипаттағаным-сенімдерін
қалыптастыру мәселері Кеңс үкіметі кезеңінде, бүгінгі күннің өзекті
мәселесіне айналмаған болатын. Сонда да болса олар, табиғат арқылы
жасөспірімділердің табиғатты қорғап аялау, соның барысында ішкі жан
сұлылығын дамыту, ізгілікті ұлтжандылық ниеттерін қалыптастыру мақсат
міндеттерін көкейкесті мәселе ретінде қоя білді.
Табиғат қорғау және оның ресурстарын тиімді пайдалану көп аспектілі
(тарихи, саяси, әлеуметтік-экономикалық, медициналық, және т.б.). Солардың
ішіндегі ең маңыздысы-педагогикалық аспекті. Алғаш рет ғылыми әдебиеттерде
табиғат қорғауды педагогикалық проблема деп көрсеткен профессор В.Н.Скалон
Гүлденген, бай табиғат-арман емес, бұл шындық, бірақ оны сақтау көбіне
бізге, біздің балаларымызды тәрбиелеу іскерлігімізге байланысты - деген
болатын. Сол сияқты Баланы жастайынан тірі затты аяушылыққа дағдыландыру,
мейлі ол жануар болсын, мейлі ол өсімдік болсын - деген еді. Ғалымның бұл
ойы К.Н.Благосклоновтың, Н.А.Гладковтың, А.Н.Захлебныйдың, А.Н.Зверевтің,
Б.П.Иоганзеннің, И.С.Матрусовтың, Е.С.Салестенинаның, И.Т.Суравегинаның
еңбектерінде тереңінен жалғасын табады. ХХ ғасырдың 70 жылдардың басы
студенттерге экологиялық білім берудің жаңа әдістерін ұйымдастырудың кезеңі
болды. Осы кезеңге дейін, Е.С.Салестинаның көрсетуі бойынша: мұғалімдерді
даярлаудағы экологиялық білім беру жүйесі көп жылдар бойы эмпирикалық сипат
алып келді. Студенттерге экологиялық білім арнайы курстарда, арнайы
семинарларда, факультативтерде оқу процесінде беріледі.
Тек, 1970 ж бұрыңғы Кеңес одағының жоғары оқу орындарында биология-
химия және жаратылыстану-география факультеттерінде Табиғат қорғау
лекциялық курсы енгізілді. Студенттерді табиғат қорғауға даярлау туралы
Еуропаның табиғат қорғау ағарту саласының жұмысшылар конференциясы мынандай
қорытындыға келді: Мұғалімдерді даярлау қоршаған орта туралы
бағдарламасының негізгі аспектісі екенін мойындаймыз және мынандай
ұсыныстар ұсынамыз, олар:
1. Мұғалімдерді даярлау өзінің бағдарламасына экологиялық негізгі
түсініктерді және мұғалімдерге әлеумет және оның адам экологиясымен
байланысты туралы білімді жеткілікті түрде беруді енгізу;
2. Мұғалімдердің оқушыларға қоршан ортаға деген жауапкершілік сезімін
қалыптастырудың сезімін қалыптастырудың дағдыларын игеруі;
3. Қоршаған ортаны сақтау мұғалімдерді даярлаудың негізгі аспектісі болып
табылады және ЖОО алынған білім одан әрі профессиональдық іс-
әрекеттерінде жалғасып табуы;
4. Барлық болашақ мұғалімдердің педагогикалық әдістерді қолдана және
бағалай білуі болып табылады.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің кешенді зерттеу жұмыстары
жүргізіліп, оның теориялық негізін талдауда – И.Д.Зверев (1974),
А.Н.Захлебный (1981) табиғат қорғау туралы білім берудің мақсат-міндеттерін
анықтаса, орта білім беретін мектептердегі биология, география, табиғаттану
пәндерінің И.С.Матрусов (1976), Л.П.Саллево (1978), И.Т.Суравегина (1980)
табиғат қорғаудан білім беру ерекшеліктері мен құрылымын сараласа,
география пәні арқылы экологиялық білім берудің әдісі мен түрін
Н.Н.Родзевич (1994) т.б. қаратырды.
Сондай-ақ, болашақ мұғалімдерді табиғат қорғауға даярлаудың негізгі
міндеттерін И.Д.Зверев қалыптастырды. Ол: педагогикалық ЖОО студенттерінің
азаматтық парыз туралы санасы мен сезімін қалыптастыру, қоршаған ортаны
қорғау-жалпы мемлекеттік іс екенін, халықаралық маңыз алатындығын айқын
түсінуі мұғалім – оқушылардың табиғатты қорғау адам пайдасы үшін керек
деген сенімін қалыптастыру, екнін айта келіп:
Болашақ мұғалімдерді табиғат сүюші және қорғаушы, оны сақтау үшін
күресуші және оның байлығын көбейтуші ретінде тәрбиелеу деп көрсетеді.
Болашақ мұғалімдердің оқушыларға экологиялық тәрбие беру ісінің білімі,
іскерлігі мен дағдыларын меңгеруін талап етті.
Е.С.Салестина болашақ мұғалімдерді оқушыларға экологиялық білім мен
тәрбие беру ісіне даярлауда қоғамдық-саяси, арнайы және психологиялық-
педагогикалық даярлаудың бірлігін анықтады.
Ендігі бір еңбектерде, табиғат қорғауда білім берудің негізгі
принциптері мен формаларын Б.Г.Иоганзен, Н.А.Рыковзерттеп келген.
Б.Г.Иоганзен психологиялық клаикалық жағдайына сүйене отырып, адам іс-
әрекеті мотив, мақсат және амал тәсілдерімен іске асады, және осының
негізінде студенттерге экологиялық даярлауда оқытудың құндылық-себеп
тәсілінің негізін қалады. Оның зерттеуіне сай, мұғалімдердердің экологиялық
класификациясы табиғат қорғау мотивтерін басқару іскерлігімен анықталады.
Олар: гуманистік, эстетикалық, ғылыми-танымдық, экономикалық.
Ал, мұғалімдер іс-әрекетінің қызықты профессиограмасын Н.А.Рыков пен
А.И.Щербаков дайындады. Оның негізінде педагогикалық әрекеттердің жетекші
функциялары – информациялық, дамытушылық, ұйымдастырушылық, зерттеушілік
өзара байланысқан біріңғай құрылым болашақ мұғалімдерді экологиялық
даярлауда пайдаланылады.
А.Е.Янушевский: мұғалімдер квалификациясы табиғат қорғау облысындағы
қоғамдық-саяси және профессионалды-педагогикалық белсенділіктерімен
сипатталады - дей келіп, студенттерге экологиялық үздіксіз білім берудің
схемасын былай көрсетеді:
Абитуриент-педагогикалық ЖОО түлегі.
Студенттерге экологиялық және табиғат қорғау туралы білім берудің ең
келісімді жолдары Я.И.Рабаевтің зерттеулерінде ашылады. Ол болашақ
мұғалімдерді табиғат қорғауға даярлаудың маңызды компонентерін төмендегідей
анықтайды: а) студенттердің қоғамдық пәндерді оқу барысында қоршаған табиғи
ортаны қорғаудың идеологиялық аспектілерін меңгеру; б) жаратылыстану
пәндерін оқу барысында табиғат қорғаудың ғылыми негіздері мен практикалық
дағдыларын меңгеру; в) студенттерді табиғат қорғауға даярлауда оқытылатын
арнаый курстардың тереңдетілуі, жүйелілігі және интеграциялау; г)
студенттердің қоғамдық табиғат қорғау қызметтері; д) табиғат қорғау
саласындағы зерттеу жұмыстары және табиғат қорғау туралы білім.
М.Д.Зверев, И.Т.Суравегина, А.Н.захлебный, Т.В.Кучер, М.Н.Сарыбеков
және басқалары экологиялық білім беру мәселесін жеке пән ретінде оқытуды
оқушыларға берілетін білімдер мектепте бірдей шешілуі мүмкін емес, қайта
интегралды түрде пәнаралық байланыстарды ғана біршама алда тұрған
міндеттерді іске асыруға болады деп есептейді. Яғни, әр түрлі пәндерді
оқытуда табиғатты қорғауға қатысты көзқарасты, экологиялық мәдениетті
қалыптастырудың мүмкіндіктерін ашуға талпынады.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жолдары, мүмкіндіктері
және пәндер бойынша зерттелгенін айта кету керек. Мысалы, табиғаттанудан –
Е.Д.Гринева (1983), М.Н.Сарыбеков (1984), химиядан – В.М.Назаренко (1985),
физикадан – Н.М.Маисмов (1988), географиядан – Э.А.Тұрдықұлов (1982),
М.К.Хакимова (1987), Т.В.Кучер (1990), биологиядан – И.Т.Суравегина (1986),
Ә.Қарамергенов (1980), қазақ тілі мен әдебиетінен – О.Танабаев (1992), орыс
әдебиетінен – В.М.Санкеевич (1993), сабақтан тыс жұмыстарда (1997) т.б.
экологиялық білім берудің ғылыми-әдістемелік жолдарын, мазмұндарын,
мүмкіндіктерін зерделеген.
Мәселен, жекелеген ғалымдардың пікірлерін сараласақ И.Д.Зверев
экологиялық білім мен тәрбие беруде ғылыми білімдер беру арқылы көз
қарастарын, сана сезімдерін тәрбиелеп, табиғи ортаға деген сүйіспеншілік,
жауапкершілік қатынастарын қалыптастыру мақсатын ашады.
Ал, А.Н.Захлебный, И.Т.Суравегина әрбір жастың санасына, мінез-құлқына
экологиялық мәдениетті қалыптастыру, соның негізінде құқық нормалары мен
моральдық ұстанымдарды сақтай білуге үйрету міндетін қояды.
Ойымызды түйіндей келсек, ғалым-педагогтар мен ғалым-әдіскерлер
экологиялық білім мен тәрбие берудің мәнін ашқанда табиғатқа саналы қарым-
қатынас жасап, оны қорғайтын, табиғи қорды тиімді пайдаланатын, Отанын,
елін сүйетін болашақ жастарды адамгершілікті-эстетикалқы, эмоциялық-
моральдық тұрғыдан тәрбиелеуді мақсат етіп, орта мектептердің оқу-тәрбие
үрдісі мазмұнын және болашақ мұғалімдерді экологиялық білім беруде жоғарыда
аталған дағдыларға оқушыларды тәрбиелеуге дайвндауды ұдайы жетілдіріп,
ұйымдастыруды талап етеді.
Жоғарыда талғадан экологиялық білім мен тәрбие берудің мәселелеріне
арналған педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді,
диссертацияларды талдау жасаған қорытындымыз экологиялық білім мен тәрбие
беру балалар бақшаларынан бастап орта мектептерде, арнаулы орта және жоғары
оқу орындарында жалғастыру керектігін өмір көрсетіп отыр.
Қазіргі педагогикалық теорияда экологиялық білім мен тәрбие берудің
ғылыми негізін, мақсаттары мен міндеттерін, принциптерін толық, әрі тұтас
анықтауға зерттеушілер ұмтылады.
Педагогикалық әдебиеттерде экологиялық білім мен тәрбие берудің
мазмұнын айқындауға және оны орта білім беру мектептерінде қай сыныптан
бастап және оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруге болашақ
мұғалімдердідаярлауға экологиялық материалдарды басымырақ беру керектігі
жайлы ғылыми нұсқалар мен озат тәжірибелер әлі де болса дәлелдене қойған
жоқ.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен таныса және талдай отырып,
экологиялық білім берудің мақсаты – жастарды айналадағы табиғи ортаға
жауапкершілікпен қарауға үйрету екенін анықтадық .
Педагогикалық тұрғыдан алғанда жауапкершілікпен қарау ұғымына
жататындар:
а) табиғи ортада адамның өзін қалай керектігін түсіну;
б) табиғатты халық қазынасы екендігін сезіну;
в) табиғатқа тигізетін өз әрекетінің салдарын көре білу;
г) табиғатпен қарым-қатынасын жаратылыстану және ізеттілік білім
тұрғысынан негіздеп алатындығын түсіну қажет.
Сонымен, экологиялық білім мен тәрбие берудің әдіснамалық және
теориялық жағынан зертелу жәйін қарастырудан туындаған тұжырым экологиялық
білім мен тәрбие беруде мынандай басты ұстанымдарды ескеру қажет. Олар:
1. Экологиялық оқу материалдарын оқытуды бір жүйелілікпен үздіксіз
жүргізу.
2. Оқу үрдісінде экологиялық білім мен тәрбие беруде пәнаралық
байланыстардың болуы.
3. Экологиялық оқу материалдары әлемдік, ұлттық және өлкелік өзіндік
мәселелін айқындап, оны ұғындырып түсіндіруде өзара байланыстығын ашу.
4. Жастардың қоршаған табиғи ортаны танып білуде және оны қорғауда,
аялауда, көркейтуге интеллектуалдық және еріктілік-эмоциялық тұрғыдан
жасайтын іс-әрекеттері мен қызметтері біртұтастықпен бір-бірімен
ұштасуы тиіс.
Бүгінгі таңда, көптеген мемлекеттер экологиялық білім беру және
табиғатты қорғаудың жалпы стратегиясын жасап белгілеуі, осыған байланысты
іс-шараны үйлестіріп отыруы Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым мен
мәдениет (ЮНЕСКО) жөніндегі мәселелер деңгейінде жүзеге асырылып келеді.
1968 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның биокеңістік қорын қорғау және оны
тиімділікпен пайдалануға байланысты Үкіметаралық конференциясы шақырылып,
онда Адам және биосфера деп аталатын бағдарламасы қабылданды. Бұл
бағдарламада алғаш рет экологиялық білімнің жалпы мазмұны, ең үздік
қасиеті мен мән-маңызы көрініс тапты.
1971 жылы желтоқсан айында Швейцарияда табиғат қорғауға байланысты 1-ші
Еуропалық жұмысшы конференциясы өтіп, онда ең алдымен қоршаған ортаны
қорғау және табиғатты қорғау түсінігі егіз ұғым ретінде танылды.
Юнеско-ның ЮНЕП-пен (БҰҰ-ның қоршаған орта туралы бағдарламасы) 1977
жылы Тбилисиде бірлесе өткізген қоршаған орта жөніндегі білім беруге
байланысты бірінші Үкіметаралық конференциясы экологиялық білім беру
жүйесін одан әрі жетілдірудің елеулі кезеңі болды. Мұнда қоршаған ортаны
оқылытуды ұлттық деңгейде кеңейте жүргізудің жалпылама көлемдегі
стратегиясы қабылданды.
Сондай-ақ, экологиялық ағарту ісін жетілдірудің әр түрлі білім жүйесі
мен түрлі категориядағы тұрғындарына қатысты 40-тан астам ұсыныстары
назарға алынды.
Экологиялық білім жүйесіндегі Халықаралық өзара байланыс Найроби
(1982), Беч (1983), Москва (1987) және басқа да конференцияларда одан әрі
жалғасып тапты.
Жалпы, кең көлеміндегі білім жүйесін қалыптастыруды ЮНЕСКО өзінің
стратегиялық міндеті деп санайды. Барлық білім беру жүйесінде адамзатқа
қатер туғызып отырған қауіпті жағдайды, кең көлемдегі проблемаларды жеткізе
келіп, адамның және қоғамның тығыз байланыстылығын әлемдік деңгей дәрежеде
ұғындыруға қол жеткізуі тиіс.
Осы ретте адамзаттың барлық табиғатпен үндестігіне жан-жақты түсінікпен
қарайтын әр түрлі дінге және рухани саланың оқымыстыларының ролі ерекше,
мұның өзі Е.П.Блаватскаяның:
Қандайда бір ерекше жаратушы яғни құдайдың бар екнін мойындаудың
тіптіде қажеті жоқ. Тек қана жанды табиғатқа бас иіс, сонымен үндесе өмір
сүруге тырысу керек - деген сөзімен астарласып жатқандай.
ЮНЕСКО-ның бас директоры ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту технологиясы нені қарастырады
Қоршаған ортаға және тұрақты дамуға қатысты рио-де-жанейро декларациясы
Қазақстанның туризмін дамыту туралы ұлттық бағдарлама
Қазақстанда туристік саланың қалыптасып даму кезеңдеріне сипаттама беру
Қ.р-ның білім және ғылым министрлігінің экологиялық білім және тәрбие беру басындағы жасалып жатқан идеялары
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Экология сабағында жергілікті материалдарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Лабораториялық жұмыстар
Оқу-жобалық іс-әрекет процесінде болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Экология ғылымының даму кезеңдері
Пәндер