Ұлттық өнім территориялары және оны өлшеудің тәсілдері

Жоспар
Кіріспе
I тарау Ұлттық есеп – шотты жүргізу қоғамдық өндірістің
нәтижесі ретінде болуы.
1.1. Жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім және өзара
байланысқан көрсеткіштер жүйесі.
1.2. Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан
көрсеткіштер жүйесі.
1.3. Ұлттық байлық: құрамы, құрылымы және оны
өлшеудің тәсілдері.
II тарау Экономикалық іс - әрекеттердің нәтижесін өлшеу.
2.1. Ұлттық есеп жүйесіндегі басқа да көрсеткіштер. Тұтыну
Бағасының индексі және ЖҰӨ дефляторы.
2.2. Негізгі макроэкономикалық тепе – теңдіктер.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Ұлттық есеп – шот жүйесін жүргізу экономикалық ғылымда баланстық
тәсілді дамытудың бір бағыты болып табылады.
Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштерінің ең
маңыздысы: жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім, жалпы іщкі өнім, жалпы ұлттық
өнім, ұлттық табыс болып табылады.
Ұлттық өндірістің макроэкономикалық нәтижесіне алғашқы рет баға
беру Франсуа Кенэ бастаған физиократтардың үлесіне жатады. Ол осы туралы
өзінің көзқарасын Экономикалық кесте (1758 жылы) деген белгілі еңбегінде
баяндаған. Франсуа Кенэ Францияның XVIII – ші ғасырдағы экономикасын
негізге ала отырып, жай ұдайы өндірістегі балансты талдауды көрсетті.
Кейінірек, макроэкономикалық элементті талдауды Давид Рикардо
(1771 – 1823 ж.ж.) Саяси экономияның басталуы және салықты салу (1817
жылы), Т.Р. Мальтус (1766 – 1837 ж.ж.) Тұрғындар саны заңының тәжірибесі
(1798 жылы), Карл Маркс (1818 – 1883 ж.ж.) Капитал (1867 жылы) сияқты
жұмыстарында қолданды. Ұлттық есеп – шот жүйесін жүргізу неоклассикалық
мектептің өкілдері. У. Джевонс (1835 – 1882) пен Л. Вальрас (1834 – 1910
ж.ж.) белгілі үлес қосты. Ұлттық есеп – шот жүргізу теориясының дамуына Дж.
Кейнс (1883 – 1946) пен С. Кузнец (1901 – 1983 ж.ж) айтарлықтай еңбек
сіңірді.
Өнеркәсібі дамыған барлық елдерді шалқасынан түсірген Ұлы
тоқырау деп аталған 1929 – 1933 жылдардағы экономикалық дағдарыс
макроэкономикалық талдаудың қажеттілігін көрсетті. Сондықтан, ұлттық өнім
құрылуының факторларын, жұмыссыздық пен инфляция сауалдарын, экономикалық
өсу қарқынын және ұлттық өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық есеп
– шот жүйесін жүргізу арқылы шешіледі. Осы кезден бастап ғалымдар экономика
нәтижесіне баға беру мәселесін және ұлттық табысты есептеуді біліп –
зерттеумен қоян – қолтық айналыса бастады.
Қазіргі ұлттық есеп – шот жүйесін жүргізуді (ҰЕшжЖ) жасаудың
практикалық жұмыстарын ағылшын экономисі Р. Стоун (1913 жылы)енгізді.
Алғашқы рет оның ҰЕшжЖ схемасы 1953 жылы БҰҰ – ның статистикалық бөлімінде
басылып шықты. Қазір барлық әлемдегі елдерде ол стандарт ретінде
қабылданды. Ұлттық есеп – шот оның жүйесінде метрикалық түрде бейнеленген,
онда әрбір есеп – шот көлденең (табыс) және тік (шығын) матрицаларда
көрсетілген. Ұлттық есеп – шот жүйесін құрудағы ертеректегі талпыныстан Р.
Стоун ұсынған айырмашылық сол, ал алғашқы рет макродеңгейде екі еселей жазу
принципін қоғамдық матрицаларда қолданды. Стандарттық сипаттамалар –
ұлттық өнім, тұтыныс, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар
экономика құрылымы мен оның қызмет жасау процесіне толыққанды бейнеленгенін
көрсетеді. Мұнда, сондай – ақ қаржы балансы ұлттық есеп – шот жүйесі және
демографиялық есептеп шығару жүйесін құру енген.
Экономикалық әдебиетте және шаруашылық практикасында қоғамдық
өнімнің мөлшерін анықтауда екі ұдайы көзқарасты бөліп қарайды. Жиынтық
қоғамдық өнім мөлшерін анықтауда дәстүрлі көзқарас бойынша, қызмет
көрсетудің материалдық емес өндірісі оған енбейді. Бұл өнім жиынтық (жалпы)
қоғамдық өнім (ЖҚӨ) болып аталады. Дүниежүзілік шаруашылық практикасында
қалыптасқан келесі көзқарас бойынша, қоғамдық өнім мөлшерін есептегенде
мынаны ескереді: өндірілген өнім массасы материалдық өндіріс өнімнің ғана
емес, сондай – ақ қызмет көрсетудің материалдық емес өндірістің қызметін де
ендіреді. Бұл өнім жалпы ішкі өнім болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – ұлттық есеп – шот жүргізуді
қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде болуында. Оның ұлттық өнім
территорияларын және оларды өлшеудің тәсілдерін түсініп білу.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I тарау. Ұлттық есеп – шотты жүргізу қоғамдық
өндірістің нәтижесі ретінде болуы.
1.1. Жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім және өзара байланысқан
көрсеткіштер жүйесі.
Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық
(жалпы) қоғамдық өнімді жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда
құрылған материалдық игілігінің (өндіріс құрал – жабдығы мен тұтыну
заттары) жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖҚӨ) екі түрде
өндіріледі: натуралды – заттай және құндылық. ЖҚӨ натуралды – заттай
түрінде өндіріс құрал – жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы
тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс екіге бөлшектенеді: өндіріс құрал –
жабдықтар өндірісі (1 – бөлімше) және тұтыну заттар өндірісі (2 – ші
бөлімше).
ЖҚӨ құрылымы құн тұрғысынан тұтынылған өндіріс құрал – жабдығы
құнына бөлінеді: (C) шикізат, материалдар және машина, ірі жабдықтар,
зәулім үйлерге енгізілген құнның бір бөлшегі және жаңадан құрылған құн
немесе ұлттық табыс (V+M). Ұлттық табыс өз кезегінде қажетті өнімге (V) –
(жұмыс күшіне шығындар) және қосымша өнімге (M) – (қажетті өнімнен артық
өндірілген) бөлшектенеді.
Жиынтық қоғамдық өнімнің (ЖҚӨ) құн формуласы:
W = c + v + m
Мұндағы, W - жиынтық қоғамдық өнім немесе қоғамдық жиынтық өнім.
c - өндіріс құрал жабдығы өндірісіндегі тұтынылған
құн.
v – қажетті өнім.
m – қосымша өнім.
Осы экономикалық көрсеткіш қоғамдық өндірістің нәтижесін
көтеріңкіреп көрсетеді, себебі кейбір технологиялық процестерде шикізат пен
материалға шығындар қайталанады немесе қосақтала есеп – шот жүргізуге
болады.
Қоғамдық өндірістің нәтижесін дәлірек анықтауда басқа көрсеткіш –
түпкі өнім қолданылады және ол қайталану есеп – шотын жүзеге асырмайды.
Түпкі қоғамдық өнім жиынтық қоғамдық өнімнен шикізат пен материал
айналымын алып тастау жолымен құрылады, яғни олардың қайталану есеп – шотын
болдырмайды. Қоғамның экономикалық дамуының ең маңызды жиынтық көрсеткішіне
ұлттық табыс жатады. Ол барлық өндіріс факторлары иегері табысының
қосындысын (рента, жалақы, капиталға пайыз, меншіктен табыс, корпорация
пайдасы) құрайды. Шетел практикасында ұлттық табыс таза ұлттық өнім (ТҰӨ)
мен бизнеске деген жанама салық айырмасы ретінде анықталады:
ҰТ = ТҰӨ - жанама салықтар
Дәстүрлі тәсіл бойынша, ұлттық табысты жиынтық қоғамдық өнімнің
бір бөлігі ретінде өндіріс процесінде тұтынылған материалдық ресурстарды
қайтаруды шегеру арқылы анықтаймыз:
ҰТ = ЖҚӨ - МШ
Мұндағы: ҰТ – ұлттық табыс
ЖҚӨ - жиынтық қоғамдық өнім
МШ – материалдық шығындар
Өзінің қозғалысында ұлттық табыс төрт стадиядан өтеді: өндіріс,
бөлу, айырбас және қолдану (тұтыныс пен қорлану). Өндіріс стадиясында
ұлттық табыс барлық салада құрылатын таза өнім түрінде болады; бөлу
стадиясында (және қайта бөлу немесе үлестіру) - әртүрлі бірінші және екінші
табыс түрінде болады; айырбас стадиясында – тауардың өндіріс құрал –
жабдығы мен тұтыныс заттары түрінің жиынтығын құрайды; қолдану стадиясында
– қорлану мен резерв түрінде болып келеді.
Қолданудың түпкілікті фазасында ұлттық табыс екі қордан тұрады:
а) тұтыну қоры
б) қорлану қоры
Ұлттық табыс мөлшері тұрғындардың тұтыну деңгейі мен өсуі,
сондай – ақ өндіріс аумағы иен оның өсу қарқынына байланысты. Ұлттық табыс
жиынтық қоғамдық өнімнің шамамен 50 пайызын құрайды. Ұлттық табысты
қоғамның түпкілікті өнімінен амортизация сомасына кем, шамамен 8 – 10 пайыз
болады.
Егер ұлттық табыс көлемін елдегі тұрғындар санына бөлсек, онда
өте маңызды экономикалық көрсеткішті табамыз: тұрғындар өмір деңгейінің
айнасы – жан басына шаққандағы ұлттық табыс.
Әлемдік қауымдастыққа енетін елдер бойынша өнім деңгейін
анықтау үшін жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖҰӨ) көлемін қолдануға
болады. Көрсетіп отырған мәлімет шартты, әрі өзгермелі болғанымен, тартымды
екендігінде дау жоқ. Осы көрсеткіш қарастырып отырған елдердегі
тұрғындардың өмір деңгейімен ғана шектелмей, қоғамдық өндірістің
тиімділігін де байқатады.
Схема 1 – 1
Кейбір дамыған елдердегі жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі
Ең кедейлі деңгейКедейлі Орташа деңгей Орташадан Бай деңгей
деңгей жоғары деңгей
725 дейін $ 726- 1395 $ 1396 - 2895$ 2896 - 5055$ Жан басына
шаққандағы
5055$жоғары
Индия – 0,4 Гренада – 1,3Суринам Чили – 4,4 Біріккен Араб
Қытай – 0,6 Өзбекстан – (Оңтүстік Польша – 3,0 Әмірлігі – 16,7
Мозамбик – 80 960 Америка) – 2,3Малайзия – 4,2Сингапур – 28,4
Танзания – 0,1 Индонезия – Бразилия – 4,3Кувейт – 15,8
Қырғыстан - 30 1,0 Венесуэла – Израйль – 15,4
Қазақстан – 2,2 Иран – 3,5 Оңтүстік Корея
1,2 Турция – 2,7 – 10,2
Ресей – 2,5
Дамыған елдерде ЖІӨ өндірісі жан басына шаққанда 21 мың доллардан
асып кетеді.
1.2. Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі.
Ұлттық өндіріс көлемін өлшеу үшін ЖІӨ көрсеткіші қолданылады.
Ол барлық жылдық өнім құнының сомасын құрайды, сондай – ақ Қазақстандағы
шет ел және өзінің өндіріс факторларын қолдану арқылы құралады. Оны жалпы
ұлттық өнімнен (ЖҰӨ) ажырата білген жөн. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) жалпы ішкі
өнімнен (ЖІӨ) осы елдегі қолданылған ресурстар табысы сомасының шет елде
гісінен (пайыз, дивиденд, жалақы және т.б.) артық болады.
ЖІӨ = ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо.
ЖІӨ өзіне тікелей сол елде өндірген өнім мен қызмет көрсетуді және бұл
елдегі өндіріс факторын қолданғанда ғана енгізеді. Егер, жапондықтарға
жататын өндіріс факторын АҚШ – да қолданса, онда олардың құны ЖІӨ - ге
енгізілмейді.
Бұл жағдай мынандай кезде де ескеріледі: американдық өндіріс
факторы басқа елде қолданса, онда олардың құныны ЖІӨ - ге енбейді
(енгізілмейді). Елдегі барлық фирмалардың қосарланған құн сомасы ЖІӨ - ді
құрайды. ЖІӨ мемлекеттік барлық территориясында өндірілетін болғандықтан,
сондай – ақ ол өзіне тұтыну мен инвестицияны ендіреді.
Қазақстан Республикасында ЖІӨ - нің жылдық ағымдағы бағасы 1995
жылы 992,5 млрд. теңге мөлшерінде бағаланды немесе бір тұрғынғы 60,2 мың
теңгеден тиді. Өзінің экономикасының ауқымы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 1990
жылы 50 – орынды алды және ол Греция, Норвегия, Венгрия, Сирия, Марокконың
ЖІӨ - мен пара – пар келді. ЖІӨ - ді өндіруде Қазақстан жан басына шаққанда
1990 жылы Польша, Аргентина, Колумбия, Тайланд деңгейінде болды, ал АҚШ
деңгейімен салыстырғанда – 18,7 пайыз, бұрынғы Одақпен салыстырғанда – 69,3
пайыз деңгейін құрады.
Ұлттық есеп – шот жүргізу жүйесінің келесі ең маңызды
көрсеткіші ЖҰӨ болып табылады. Ол экономикадағы бір жылғы барлық тауар мен
қызмет көрсетудің түпкі өндіріс көлемінің жиынтық нарықтық құнынан тұрады.
ЖҰӨ тек қана сондай өнім енеді, кейде өндіріс процесін мәңгі тастап кетіп,
жеке және қоғамдық тұтынысқа түседі немесе өндіріс саласына инвестициялық
тауарлар (машина, ірі жабдықтар және т.б.) ретінде қайтады.
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) есеп – шотын есептеудің мақсаты мынада:
а) қоғам экономикасының жан – күйін бақылау;
б) экономикалық циклдың ағымдық фазасын анықтау;
в) мемлекеттік саясатты қалыптастыру.
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) БҰҰ – ның методология бойынша
статистикалық органдары есептейді және халықаралық салыстырулар үшін
қолданылады. ЖҰӨ өзіне мыналарды: негізгі өндірістік және өндірістік емес
қордардың амортизациясын, материалдық өндіріс саласының таза өнімін және
сыртқы экономикалық қызмет бойынша табыс енгізіледі.
ЖҰӨ - нің көмегімен еліміздің экономикалық даму деңгейі мен
пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік туды. ТМД елдері
мен Қазақстанда ЖҰӨ экономикалық есептеу практикасы 1988 жылы енгізілді,
сөйтіп ол қосымша жинақталған көрсеткіштерге (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық
табыс және т.б.) қосылды.
Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) жиынтық қоғамдық өнімнен (ЖҚӨ)
айырмашылығы сол, олеңбек заты мен жартылай фабрикаттар құнының қайталанған
есеп – шотын ендірмейді. Қайталанған есеп – шоттың енбеуін қосарланған құн
көрсеткіші қамтамасыз етеді. Ол дегеніміз кәсіпорынның жалпы табысы және
оның шикізат пен материалға кеткен шығындары арасындағы айырмасын
көрсетеді.
Халықаралық статистикада ЖҰӨ - ді өлшеудің негізінен екі тәсілі
қолданылады:
шығын немесе өндіріс бойынша
табыс немесе түсім бойынша
Екі тәсіл де бірдей болып бағаланады. Есеп – шоттың дәлдігіне қарай
соңғысын ерекшелеуге болады.
ЖҰӨ шығындар бойынша осы жылғы тауар мен қызмет көрсетуді сатып
алу шығындары көлемі ретінде анықтайды.
ЖҰӨ шығындар бойынша мынаған тең:
GNP = C + I + Y + X
мұндағы: GNP – жалпы ұлттық табыс
C – тұтыну шығындары
G – тауар мен қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып
алуы
I – жалпы инвестициялар
X – тауар мен қызмет көрсетуді таза экспорттау
ЖҰӨ табыстар бойынша осы жылғы өндірілген тауардың ақшалай табысы
және қызмет көрсетуді ұсыну ретінде анықталады.
ЖҰӨ табыстар бойынша мынаған тең:
Y = W + R + i + P
мұндағы: Y – жалпы ұлттық өнім
W – жалжамалы жұмысшының жалақысы
P – фирма мен корпорацияның пайдасы
R – ренталық төлемдер
i – қарыз капиталына пайыз
ЖҰӨ - ді номиналды және нақты деп айырады. Номиналды ЖҰӨ фактілік
немесе ағымдағы бағамен өлшенеді, ал реалды ЖҰӨ көрсеткіші инфляция немесе
дефляцияны (номиналды ЖҰӨ инфляция әсерінен тазарады, яғни баға индексін
қолдану қажет) есептеумен анықталады.
Нақты ЖҰӨ = номиналды ЖҰӨ баға индексі
Номиналды ЖҰӨ = нақты ЖҰӨ x ЖҰӨ дефляторы
ЖҰӨ 1990 жылдардың басында АҚШ – да ағымдағы бағада 5570 млрд.
доллар құрады, ал тұрақты бағада 1982 жылы 4254 млрд. доллар болды. Баршаға
белгілі жай, егер ЖҰӨ - нің жыл сайынғы нақты өсімі 4 пайыздан асса, онда
экономиканың жағдайын дұрыс деп санауға болады, ал ЖҰӨ - нің нақты өсімі 4
пайыздан аз болса, онда дабыл қағуға болады: бұл кезде өндіріс құлдырап,
жұмыссыздық өсіп, экономика дестабилизацияға ұшырайды.
ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ нақты ЖҰӨ
ЖҰӨ дефляторының көмегімен өндірістің нақты көлемі баға
динамикасында инфляциялық немесе дефляторлық іс - әрекет тенденциясы
элиминацияланады.
Тауар мен қызмет көрсетуге орташа баға пайызының өзгеруін – баға
индексі дейміз. Индексті белгілеуді бастаған жылды базистік жыл дейміз.
Базистік жылда әрбір бағаға индекс белгіленуі. Әр түрлі тауардың баға
индекстері жинақталып тауар санына бөлінеді. Базистік жылдың баға индексі
ылғи да 100 тең болады.
ЖҰӨ дефляторының есеп –шотын есептеуде нарық қоржыны тек тұтыну
тауарларын ғана емес, сондай – ақ мемлекет сатып алатын инвестициялық
тауарлар да қосылады.
Ағымдағы жылғы баға индексі = ағымдағы жылғы нарық қоржынының бағасы
базистік жылғы нарық қоржынының бағасы x 100.
Толық жұмыстылық кезінде өндірілген ЖҰӨ, яғни фрикциондық және
құрылымдық жұмыссыздық жағдайындағы ЖҰӨ-ді әлеуетті деп санаймыз.
Өндіріс көлемін өлшеу үшін таза ұлттық өнім (ТҰӨ) көрсеткіші
қолданылады. Әдетте ол жойылып кеткен ірі жабдықтарды ауыстырудан
тұтынуға қалған түпкі өнім мен қызмет көрсетудің сомасын көрсетеді.
ТҰӨ = ЖҰӨ - амортизация
Келесі ең маңызды көрсеткіштердің бірі өзіндік табыс. Ол салықты
төлегеннен кейінгі өзіндік шығындарға жұмсалатын жалпы табысты көрсетеді.
Өзіндік табысты анықтау Келесі ең маңызды көрсеткіштердің бірі өзіндік
табыс. Ол салықты төлегеннен кейінгі өзіндік шығындарға жұмсалатын жалпы
табысты көрсетеді. Өзіндік табысты анықтау үшін біз ұлттық табыстан
корпорация пайдасы салығын, бөлінбеген пайданы және әлеуметтік сақтандыру
жарнасын шегереміз, сосын таза трансферттік төлемдерді қосамыз.
Орнықтылған табыс тұрғындардың билігінде болатын табысты айтамыз.
Оның мөлшері жеке табыстан дара дербес салықты шегеру арқылы анықталады.
ЖҰӨ көрсеткішінде ресми емес және нарықтық емес қызмет түрлері
ескерілмейді. Бұған – наркобизнес, тұрмыстағы шарап жасау, жеке сабақ беру,
науқас адамға қарау, отбасында бала тәрбиелеу, өз үйінде ас дайындау, гараж
бен саяжайды салу және т.б. жатқызамыз.
ЖҰӨ тұрғындардың әл – ауқаттылығының өсуін сипаттайтын дәл
макроэкономикалық көрсеткіш болып табылмайды. Тұрғындардың әл – ауқаттылық
ұғымына қоршаған ортаның жай – күйі, қылмыстың ауқымы, еркін уақыттың
көлемі мен сапасы енгізіледі. ЖҰӨ есеп – шотын есептеуде бұл параметрлер
ескерілмейді. Жоғарыдағы аталған факторларды ескеру үшін таза экономикалық
әл - ауқаттылық (ТЭА) көрсеткіші қолданылады.
Бұл көрсеткішті ғылыми айналымға енгізген американ экономистері В.
Нордхаус пен Дж. Тобин еді. Ол төмендегідей формуламен анықталады:
ТЭӘ = ЖҰӨ + КЭ + ӨҚК + Д – Э
мұндағы: ТЭӘ - таза экономикалық әл – ауқаттылық
ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнім
КЭ – көлеңкелі экономика
ӨҚК - өз - өзіне қызмет көрсету
Д - демалыс
Э - экология
Жоғарыда көрсетілген макроэкономикалық көрсеткіштер бір –
бірімен өзара байланысты және қоғамдық өндірістің әртүрлі жақтарын
сипаттайды.
1.3. Ұлттық байлық: құрамы, құрылымы және оны өлшеудің тәсілдері.
Ұлттық байлық жинақталған, әрі нәтижелі көрсеткіштер санатына
жатады және мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнасы десе болады.
Ұлттық байлық – бұл материалдық және рухани игіліктердің
жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық
құрамына мыналар енеді:
а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар
б) айналмалы өндірістік қорлар
в) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры
г) айналым қоры
д) тұрғындар мүлкі
Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай – ақ
барланған табиғи ресурстар және олар натуралды түрде есептелінеді.
Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін
иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 222,5 млн. га мөлшерді
құрайды, оның ішінде 82 пайыз – ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда
21,7 млн. га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам
түрлерден тұрса, ал жануарлар әлемі болса алуан түрлі.
Ұлттық байлық өзінің қолдануы бойынша былай бөлінеді:
өндіріс құрал жабдығына (еңбек құрал – сайманы, шикізат, материал мен
табиғи ресурста) және
тұтыну заттарына (тамақ, киім, тұрғын – жай және т.б.), ал өзінің туу
тегіне қарай – қорланған еңбек өніміне (еңбек құрал – сайманына, шикізат,
материал мен тұтыну құрал – жабдығы қорларына) және табиғи ресурстарға
(жер, су байлығы, орман және т.б.). Қоғам аса дамымаса, онда оның
материалдық негізін табиғи байлықтар құрайды. Ал, қоғам тым дамымаса, онда
оның материалдық негізін адам еңбегімен жасалған байлық құрайды.
Ұлттық байлықты өзінің құрамы бойынша екі топқа бөлуге болады:
ұлттық мүлік және табиғи ресурстар. Елдегі материалдық игіліктердің заттай
жиынтығы ұлттық мүлікті құрайды. Онда бұрынғы кезеңдегі барлық ұрпақ
өміріндегі адамдардың қорланған еңбегінің бейнесі толық бар.
Табиғи ресурстар елдегі табиғат берген табиғи байлықтарды қамтиды.
Сондықтан, ұлттық байлық құрамына тек зерттелген, ескерілген және өндіріс
процесіне тартылған табиғи ресурстар қоры енеді (пайдалы қазбалар, орман,
су гидроэнергоресурстар мен жер көлемі және т.б.). Ұлттық байлыққа елдегі
ескеркіштер, архитектуралық ежелгі құрылыстар, сурет галереясы, мұражай
экспонаттары және т.б., алмаз бен валюталық қорлар жатады.
Ұлттық байлықтың ең маңызды элементіне өзінің құрамы мен жеке
салмағы бойынша ұлттық мүлікті айтамыз, оның үлесіне ұлттық байлықтың
жартысынан астамы тиесілі болды. Ол өз бойына халық шаруашылығының
өндірістік және өндірістік емес қорларын, оның резервті қорын,
тұрғындардың өз басының мүлкін енгізеді.
Өндірістік қорлар құрамына барлық еңбек заты мен құралдары енеді.
Олар процесс кезінде қалпына келген өндіріс құралдарын иегеру арқылы
материалдық игіліктер процесінде қолданылады немесе қолданылуы мүмкін.
Қызмет жасайтын еңбек заттары ғана ұлттық мүлікке енеді. Қоймада жатқан
машина, станоктар немесе бекіту процесінде олар әлі негізгі қорлар бола
алмайды және тек іске қосылған кезде ғана негізгі қорға айналады.
Халық шаруашылығының өндірістік емес негізгі қорларына тұрғын үй
қоры мен ұлттық байлық элементтері жатады және олар өндірістік емес
салаларда қолданылады (денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет және
т.б.). Бұл қорлар тұтыну сипатына ие болады және тұрғындардың алуан түрлі
тұтыныстары мен қоғамдағы барлық өндірістік емес қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған.
Халық шаруашылығы резервтік қорының құрамына өндіріс құрал –
жабдығы мен тұтыну заттары да енеді және олар кездейсоқ жағдайларды, халық
шаруашылығы кейбір салалары дамуының жекелеген диспропорциясын және т.б.
жою үшін резервтелген.
Ұлттық байлықтың элементіне тұрғындардың мүлкі де жатады және ол
барлық ұлттық байлықтың шамамен 15 бөлігін құрайды. Тұрғындардың өз
бастарының мүлкінің құрамына ұзақ мерзімге қолданатын заттар енеді – олар:
үй – жиһазы, картина, жеңіл машиналар және т.б. Тұрғын үй, саяжайлар және
басқа құрылыстар негізгі өндірістік емес қорларға жатады, ал ірі қора,
омарта, ауыл шаруашылығы құрал – саймандары - негізгі өндірістік қор
болып табылады.
АҚШ – ты мен бұрынғы КСРО – ғы ұлттық байлық құрамы, пайызбен
АҚШ КСРО
Барлық ұлттық байлық оның ішіндегі:
Негізгі өндірістік қорлар 32,4 44,2
Негізгі өндірістік емес қорлар 48,8 21,7
Тұрғындардың үй мүлкі 15,7 18,8
Басқалары 3,1 15,3
Жоғарыдағы көрсетілген мәліметтерге қарасақ, ұлттық байлықтың
басты элементіне негізгі қорлар (өндірістік және өндірістік емес) жатады
және олардың үлесіне елдің ұлттық байлығының көп бөлігі келеді.
Мынандай көзқарастар бар: ұлттық байлық ұғымы материалдық емес
құндылықтарды да – ақпарат, ғылым білім ауқымы, тұрғындардың мәдениет
деңгейін және т.б. қамтуы қажет. Шын мәнінде, ақпарат әлеуметтік –
экономикалық процестер мен құбылыстарды моделдеу мен болжаудың негізі болып
табылады. Нақты ақпарат көмегімен қоғамның экономикалық әлеуетін толық іске
асыруға болады – кәсіакерлік қызметті ақпаратсыз елестету мүмкін емес.
Кәсіпкерлік қызметте экономикалық ақпараттың құны шексіз, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz