Ойдың тілі сөз


Мазмұны.
Кіріспе . . . 3
I-тарау. Тілді дамытудың мақсаты мен оған қойылатын
талаптар және негізгі міндеттері . . . 5
1. 1. Тілді дамыту салалары, тіл психологиясы саласындағы зерттеулер
( Л. С. Выготскийдің, М. Мұқановтың тіл психологиясы саласындағы
зерттеулері) . . . 9
1. 2. Тілді дамытудың негізі- танымдық үрдістердің, зейіннің, ойлауды
дамытудың жолдары . . . 10
II-тарау. Тілді дамытудың әдіснамалық негізі . . . 15
2. 1 Оқушылардың тілін дамытудағы ата-ананың, бала-бақшаның,
мектептің алатын орны . . . 18
2. 2. Қазақ тілі оқыту әдістемесінде тіл дамыту кезеңінде
қолданылатын оқу әдістері . . . 23
Қорытынды . . . 28
Қолданылған әдебиеттер . . . 31
Кіріспе.
Қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы»заңы 1989ж 22-қыркүйекте, Жоғары кеңестің сессиясында қабылданған. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін, ана тіліміз қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітілді.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы күшіне енді. Ана тілінсіз іс өрге баспақ емес. Болашағымызды баянды етер қаруымыз- тіліміз.
Тіл- ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасуын тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы- тілдің дамуына, оның қоғамдық қызыметінің кеңеюіне тығыз байланысты.
Тіл ана сүтімен бойымызға сіңіп, атадан балаға жетіп отырған ұлы күш. Ол талай дәуірді, қоғамды, кезеңді, сынды басынан өткеріп келеді. Ана тілі арқылы тараған халық мұраларын өзімізге өнеге етеміз.
Қазақ тілі әрі бай, әрі көркем тіл. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, кең тіл.
Қазақ тілі- мемлекетімізді өркендетуге себепші болатын қуатты күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтеретін құрал. Адамды мұратына жеткізетін-ана тілі мен ата дәстүрі.
Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойында ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы- әр елдің мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Сондықтан да әр адам ана-тілін қадірлеуге міндетті.
Оқушылардың өз тілін дұрыс меңгеріп ана тілінде сөйлеуін, өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін құрметтеуге, қадірлеуге үйрету қажет.
Тілін білмеген адам қанатсыз құспен тең, сондықтан өз тіліңді дұрыс меңгеріп, таза сөйлей білу керек.
Ана тілі- бұл атаңнын, анаңнын тілі, туған халқыңнын тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізге, әжеміз бен атамызға, айналадағы ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз. Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өзіміз өскен сайын халықтан, мектептен, кітаптан, газет-журналдан, радио-телидидар мен кино-театрдан үйреніп, ана тілін тереңірек білуіміз керек. Ол біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын негізгі қатынас құралымыз.
Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз-ертегілері, шығарған өлең-жырлары, жазған кітаптары, табиғат пен қоғам құбылыстары атаулары, көрген-білген жалпы дүние жайындағы ұғымдары, ойы, сезімі- бәрі-бәрі де ана тілінде сақталады, ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады . Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру, олардың халқына деген, тіліне деген махаббатын арттыру керек.
Туған тілдің абыройын асыру- әрбір Қазақстан азаматының борышы. Тіл- адам қатынасының аса маңызды құралы. Тіл- адам ойын сыртқа шығарады, екінші біреуге жеткізеді. өйткені адам ойы сөз арқылы, сөздерді тіркестіру арқылы, сөйлемдер арқылы, яғни тіл арқылы құрастырылып, екінші біреуге жеткізіледі. Сондықтан тіл- адамның ойын жарыққа шығаратын құрал.
I-тарау. Тілді дамытудың мақсаты мен оған қойылатын талаптар және негізгі міндеттері.
Тілді дамыту жұмысы негізінен мынадай мақсаттарды көздейді:
- Оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүние танымын дамыту, әр нәрсені салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды ажырата білу және оларды жинақтап, өз беттерімен қорытынды жасай білу;
- Оқушылар тіл нормасына сай өз сезімін, ойы дұрыс айтып және жазып бере алатындай дәрежеге жетуі тиіс.
- Тіл ғылымының зерттеу жұмыстарының негізінде оқушылардың жазу тілін дамытуға, сөйлеу шеберліктерін жақсартуға септігі тиетін жұмыстарды, әсіресе мазмұндама мен шығарма жазу жұмыстарының оңай да тиімді жолдарын іріктеп ұсынып, оларды орындату;
- Тіл дамыту жұмыстары арқылы балаларды өз Отанына шын берілген
патриот, бір-біріне достық, бауырластық сезімге белсенді еңбек етуге
тәрбиелеу;
- Оқушыларды ана тілін сүюге, оның алатын орынын тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп құрметтей бі- ілуге тәрбиелеу.
Тіл дамыту жұмысына байланысты қойылатын талаптар да балаларға білім беру, іскерлікке үйрету және олардың білімін дамыту мақсаттарын көздейді.
Осындай мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалім белгілі бір әдістемелік талаптарға сүйенеді.
Ол талаптарды негізгі бастылары мынадай:
- Берілген тақырыптың мазмұнын ашып көрсете білу. Оқушы өзінің жинаған материалын, берілген тақырыптағы негізгі ойды анықтайтындай етіп іріктеу қажет;
- Жазылған жұмыстың мазмұнды болуы. Жұмыстың мазмұнды болуы да материалды жинап оның ішінде негізгілерін түсініп, іріктеп ала білуге байланысты;
- Оқушы түсінгенін ешбір қайшылықсыз, белгілі бір ретпен жүйелі түрде баяндауға тиіс. Алдын ала синтездеу жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, саналы түрде өткізілуі қажет. Оқушы әуелі не жөнінде, одан кейін нені айтатыны толық синтездеп, жоспар жобасын жасап алуға тиіс. Сөз, сөйлем қалдырып кетіп, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан сақ болған жөн;
- Оқушылар сөзді, айтатын ойын дәлме-дәл анық білдіретіндей етіп іріктеп, таңдап қолданғаны дұрыс.
Тіл дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық процесс. Бала тілін дамытуда басты назар аударылатын олардың орындаған жаттығуларының мазмұндылығы, жүйелілігі, анықтығы, тазалығы. Бұл күшті эмоцияны, сезімталдықты талап етеді.
Тіл дамыту- ойдың жұмысына негізделіп, ойлауды іске асырады. Балалар тілді үлкендермен және басқа балалармен қарым-қатынас жасау барысында, сөйлеу
әрекеті арқылы меңгереді. Баламен сөйлесуде мұғалімдердің, ата-аналардың тіл шеберлігі, бала тіліне үлкен ілтипатпен қараушылығы орасан зор роль атқарады.
Сөйлеу арқылы бала тек басқа адамдармен қарым-қатынас жасап қана қоймайды, сонымен бірге айналасын да таниды.
Тіл дамыту балаға тек жаттығулар мен мазмұндама шығарма жұмыстарын орындау арқылы ғана емес сонымен қатар сөйлеу баланың өзін көрсететін құралына айналып, оны қуантып көңілін шақыртатын болуға тиіс. Егер оқушы сөйлеуге мұқтажданса, оны сөйлеуге немесе жазуға итермелейтін түрткі туса, тіл дамыту жұмысын да ойдағыдай нәтижеге жеткіліксіз деп есептеуге болады.
Балалардың сөзі шындыққа негізделуін, мазмұнды болуын мұғалім үнемі қадағалап отырады.
Тіл дамытудың негізгі қайнар бұлағы- баланың өзін қоршаған ортасы, өзінін басынан өтіп жатқан түрлі оқиғалар, өз тәжірибелері; оның ішінде әсіресе белгілі бір мақсатты түрде әдейлеп қабылдаған, яғни бақылау жүргізген бөлігі.
Сөйлеу-пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдаланылуы. Тіл- ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал. Сөз өнернің сұлулығынан халықтың жан сұлулығы туындайды. Тіл-ұлттың жаны. Тіл-идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі. Сөз- ойдың көрінісі, ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр болады.
Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланылады.
Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организімі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалады. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болады. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты.
Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды роль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі болуы тиіс.
Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады.
Тіл-дегеніміз сөздік белгілердің жүйесі. Ал белгі-шындық пен болмысты біл-діретін бөлшек. Осы белгінің қасиеттеріне орай әр алуан іс-әрекеттер орындалып, жүзеге асады. Белгілердің немесе тілдің екі түрлі мәні бар. Жалпы тілдік белгілерді психологиялық фактор әрі құрал деуге болады. Тілдік белгінің бірінші мәні- оның қоғамдық-әлеуметтік мәні. Адамзат тарихында бұл белгілер қоғам арқылы қабылданып, әртүрлі нәрселердің мән-жайын түсіндіреді. Мысалы, көшелерде жүріп-тұру мен жол белгілері. Бұл белгі, ал сөз- қару. Тілдік белгілердің екінші мәні-олар арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасап,
пікір алысатындығы. Соған орай дара адам үшін әрбір белгінің мәні бар, олар оның саналы түрдегі іс-әрекетіне әсер етеді.
Тіл үш түрлі қызымет атқарады:
1. Адамзаттың қоғамдық тәжірибесі. Бұл қызымет адамның тіл арқылы білімді меңгеріп, дүниені танып білуін қамтамасыз етеді.
2. Тілдік қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір-бірімен түсініседі. Тілдің мұндай қызыметін ғылыми атауларда коммуникативті қызымет деп атайды.
3. Әрбір адамның өз мінез-құлықтары мен іс-әрекетіндегі даралық тәжірибе-
лерді күнделікті тіршілікте қолданып отыруы, сөйтіп сыртқы жағдайлардың өзгеруіне бейімделуі. Адам өзінің ғана емес, өзгелердің де тәжірибелерін қол-
данады, алға қойған мақсат-міндеттерін шешеді. Мұндай әрекеттер адамның ақыл-ойымен байланысты.
Ақыл-ой не интеллекті әрекет ең алдымен, іс-әректтер жоспарлайды, екіншіден, оны жүзеге асыруды көздейді, үшіншіден орындалған іс-әрекеттердің жемісін алға
қойылған мақсат-мүдделерімен салыстырады. Осындай ақыл-ой нәтижесінде әр адамның мінез-құлқындағы даралық ерекшеліктері қалыптасады. Және әрбір адамның тәжірибесі, оның іс-әрекет түрлері, өзгелердің ісі қоғамдық тәжірибелер арқылы байып, жаңа сипаттарға ие болып отырады.
Адам өзінің іс-әрекеттерін жоспарлайды, ойлау арқылы оларды тиісті міндеттерді шешуге қолданудың жолдарын іздестіреді, жүзеге асыру тәсілдерін қарастырады. Мұның бәрі де тіл, сөйлеу әрекеті арқылы дамиды. Тіл адамның ақыл-ой әрекетіндегі қатынас құралы.
Адамдар өзара қарым-қатынас жасау нәтижесінде болмыс пен оқиғалар туралы жаңа мағлұматтарды меңгереді, білімін өсіреді, өздерінің әлеуметтік-тарихи тәжірибелерін дамытады.
Адамның қарым-қатынастарында субьектіні (сөйлеуші адам) және обьектіні(басқа адамдар, ал оның мәнін білдіретін құрал-тіл) ажыратып қараймыз.
Қатынас әрекетіндегі обьект- өзге адамдар және олардың санасы мен ниет-тілектері, сезім күйлері мен эмоциясы. Қатынас жасаудағы негізгі әрекет түрлері ең алдымен, білулік маңызы бар жаңа хабарларды алмасу болса, екіншіден, сол қарым-қатынас жасау нәтижесінде адамдардың ниет-тілектерінің бағалы болуы, үшіншіден, белгілі іс-әрекеттер жасауға түрткі болып себептер. Қарым-қатынас жасауда бұл жайттардың бәрі психологиялық жағынан түрліше мазмұнда болуы мүмкін.
Тіл арқылы адамдардың қарым-қатынас жасауы жеке адамдар (3-4 адам) арасында, не көптеген адамдар тобымен де болып отырады. Мұндай қатынас қоғамдық қатынас деп аталады. Бұлардан өзге топтар арасында қатынастар болады.
Қарым-қатынас сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асып отырады. Бұл ретте сөйлеу әрекетінің бірнеше сатылардан тұратын заңдылығы бар. Мұны сөйлеудің фазалары не сөйлеу әрекетінің сатылары деп атайды.
Бұлар-
а) Сөйлеуге даярлық;
ә) Жоспарлау;
б) Жүзеге асыру;
в) Бақылау сатылары.
Сөйлеудің көптеген сипаттары ойлау әрекетіне ұқсас. Ойлау әрекеті адамның танып білу мақсатын көздейтін болса, ал сөйлеу әрекеті арқылы қатынас жасау (коммуникация) мақсаты көзделеді.
Ерте замандардан бері адамдар арасындағы қарым-қатынастың кең тараған түрінің бірі- зат алмасу қатынасы болып саналады. Этно психологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрге байланысты әдет-ғұрпы, мысалы, абысын-ажын арасында ер-тоқым алмасу, сәлемдеме жолдау тәрізді қарым-қатынастың басқа да сан алуан түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қарым-қатыныстың бір түрі болып саналады. Қатынас жасаудың ым-ишара білдіру, бет құбылысы мен көзқарас арқылы түсінісу сияқты түрлері де бар. Сонымен, қатынас-дегеніміз белгілі мәні бар, айтылатын ой-пікірді, сезім күйімен эмоцияны басқа адамдарға білдірудің тәсілі болып саналады.
Сөйлеу арқылы іс-әрекет пен қарым-қатынас жасау тілді құрал етіп пайдалану нәтижесінде жүзеге асады. Сөйлесу арқылы әрқилы істер мен мәселелердің түйіні
шешіледі. Адамдардың тіл арқылы сөйлесуі, тілдік құрал етіп пайдалану әрекеті күрделі психологиялық процесс. Мұндай жағдай сөйлесу әрекетін тек психология ғылымы тіл білімінен ерекшеленіп, оның түрлі жағдайда қолданылуы мен атқаратын қызыметін, адамның мінез-құлық бағытын белгілейді. Соңғы 30-35 жыл ішінде тіл білімі мен психологияның түйісуінен психолингвистика (тіл психологиясы) деп аталатын ғылым саласы пайда болды.
Сөйлеу әрекеті психология ғылымындағы өзекті мәселелер қатарына жатады.
Соған орай сөйлеу әрекетінің атқаратын қызыметтері ғылыми тұрғыдан мынадай
3-түрлі салаға топтастырылып қарастырылады:
1. Сөйлеудің коммуникативтік қызыметі;
2. Сөйлеудің сигнификатциялық қызыметі. (латын сөзі- белгі, таңба) .
Сигнификативтік қызымет бойынша сөйлеуде адамдар бір-бірін белгілер мен
таңбалар арқылы түсінетін болады. Мәселен, қауіпті жағдай туғанда берілетін
белгі, адамдардың түрлі қимыл-қозғалыстары мен ым-ишаралары, зат алма-
сулары арқылы қарым-қатынас жасау- сөйлеудің сигнификативті қызыметін
білдіреді.
3. Сөйлеудің экспрессивтік қызыметі- әр алуан хабарлар мен жай-жапсарлар-
дың мәнерлі сөзбен, құлаққа жағымды үнмен дауыс ырғағымен адамның жан
дүниесін тебірентіп, өзгелерге жеткізу тәсілі. Экспрессивті сөйлеуде әрбір
сөзбен сөйлем адамның сезіміне әсер етіп, тұла бойын шымырлатып жібере-
ді. Сондықтан сөйлеу әрекетінің бұл түрі сөздерді нақыштап айту мен ой
жүйесінің қисынды болуын талап етеді. Сөйлеген сөз, айтылған ой- адам пси-
хикасына күшті әсер ететін тітіркендіргіш.
Тіл- дүниеде адамзатқа ғана тән баға жетпес қасиет, ұлттың ең бірінші, ең қа-
сиетті сипаты, халықтың ғасырлар бойы жинаған руханы қазынасының жиынтығы, рухани байлығын сақтайтын қоймасы.
1. 1. Тілді дамыту салалары, тіл психологиясы саласындағы зерттеулер ( Л. Выготский, М. Мұқановтың тіл психологиясы саласындағы зерттеулері) .
Л. Выготский баланың психикалық дамуының негізі оның жан дүниесінде емес, ересек адамдармен қарым-қатынасында деп көрсетуі психология ғылымы үшін маңызды және де бірегей идеяларының бірі болды.
Баланың психикалық дамуындағы ересек адамдардың ролін батыс және отандық психологтардың басым бөлігі мойындаған. Алайда ересек адамдармен қарым-қатынас психикалық дамудың бастауы емес, оған әсер ететін сыртқы фактор болып есептеледі. Ересек адамның (оның сезімталдығы, ашық жарқындығы, бірге болуы, т. б. ) баламен қарым-қатынасы әлеуметтік әсер етуші факторларға бағынуды үйретеді. Мұнда психикалық даму процесі біртіндеп әлеуметтену процесі ретінде қарастырылады. Яғни, бала оған сырттан келетін әлеуметтік әсер етуші факторларға бағынуды үйретеді. Мұнда психикалық даму процесі біртіндеп әлеуметтену процесі ретінде қарастырылады. Яғни, бала оған сырттан келетін әлеуметтік шарттарға жүре-келе үйренеді. Адаптация процесін жүру механизімі де әр түрлі болады. Бұл туа біткен инстинктік қабілеттерін жеңу (психоанализдегідей) немесе әлеуметтік қажет тудыратын тәртіті негіздеу, кейде тіпті баланың эгоцентристік, ассоциалдық ағымдарын бағындыратын когнитивті құрылымдарының қалыптасып жетілуі. Бірақ барлық жағдайларда әлеуметтану және адаптация нәтижесінде баланың жеке табиғаты, болмысы өзгеріске ұшырайды, қоғамға орайласады.
Л. Выготскийдің ұстанымы бойынша, әлеуметтік орта мен айналасындағы ересек адамдар баланың табиғи болмысын түпкілікті өзгертпейді, кері әсер тигізбейді, бірақ адманың жетілуіне қажетті басты шарт болып табылады. Бала қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, ол басынан бастап қоғамдық қатынастарға түседі және де кішкентай күнінен бастап қоғамның мүшесі болып табылады.
Баланың психикалық дамуындағы проблемалық мәселені түсіну үшін ең алдымен ересек адаммен қарым-қатынасын қарастыру қажет. Балаға мәдениетті жеткізуші- оның ең жақын адамы. Л. Выготский және оның із басарлары интероризация процесін қарастырғанда қарым-қатынас түріне және де ересек адамның балаға әсеріне тәуелсіз етіп көрсетеді. Онда ересек адам белгілері, сенсорлық эталлондарды, интеллектуалдық операцияларды, тәртіп ережелерін абстрактілі және формальді тасушы ретінде қарастырылады. Яғни, ол түрлі жан болып есептелмейді. Ересек адамның психикасының дамуындағы әсері мойындалмағанмен, процестің өзі мәдени-тарихи салада зерттелмеген.
Қазақстанда ұзақ жылдар бойы жоғары оқу орындарында дәріс беріп, ғылыми мамандар даярлауда айтарлықтай еңбек етіп, психология ғылымы саласында үздіксіз зерттеу жүргізіп, мол мұра қалдырған ғалым Мұқанов Мәжит Мұқанұлы елімізде психология ғылымының докторы болған тұңғыш тұлға еді.
Тіл психологиясы саласында профессор М. Мұқанов зерттеулері 1926- жылы жарық көрген « Психолгия очерктері » деген еңбегінен бастау алып, мектеп
оқушыларының тіл пәнін меңгеру үрдісінде ақыл-ойы мен білімін дамытудың психологиялық негізін арнайы жүргізген зерттеулері арқылы тұжырымдайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz