ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан
босату ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 6
1.1 Қылмыстың, қылмыстық жазаның және жауапкершіліктің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...6
1.2 Жаза мен жауапкершіліктен босату түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Жаза мен жауапкершілікті жеңілдететін негіздер. ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА МЕН ЖАУАПТЫЛЫҚТАН
БОСАТУДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.1 Қылмыстық жаза мен жауапкершіліктен босатудың түрлері ... ... ... ... ...13
2.2 Қылмыстық істі тоқтатудың түбегейлі негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

3 СОТҚА ДЕЙІНГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА МЕН
ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
3.1 Қылмыстық жауапкершіліктен алдын ала тергеу
барысында босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

3.2 Тергеушіге қылмыс жасаған адамды қылмыстық
жауапкершіліктен босатуға құқық беретін мән-жайлар ... ... ... ... ... ... ... ..21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

КІРІСПЕ

Бұл таңдалған тақырыптың өзектілігі: қылмыстық жауаптылық пен жазадан
босату мәселелері меніңше бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып
табылады, өйткені ол қылмысты бағалау, саралау мәселелерін қозғай отырып
адамның тағдырын шектеуге байланысты мәселесі сияқты өте күрделі мәселеге
ұштасуда. Себебі ол мәселе жеке адамның ғана емес бүкіл қоғамның мүдделерін
қозғап отыр. Сонымен қатар, қылмыс жасағаны үшін айыпталушыға қылмыстық
заңның айыпталушыға қатысты бас бостандығынан айыру сияқты қатаң жазалар
тағайындаудың, әрқашан құқық бұзушы үшін тәрбиелік не түзетушілік мәні
бола бермейді.
Қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған, бірақ қоғамға елеулі қауіп
келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстық жаза қолданбай-ақ, олардың
түзелетіндігі мен қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселені талқылап,
негіз болған жағдайда ондай адамдарды ҚК-тің 65-68-баптарында көрсетілген
негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тиіс. Соттың адамды
кылмыстық жаза шараларын қолданбай-ақ түзеуге болатындығы туралы тұжырымы
істің жан-жақты, толық және объективті түрде зерттелген мән-жайларына және
сотталушының жеке басы туралы мәліметтерге негізделуі қажет, — деп атап
көрсетілген. Осыған орай кейбір реттерде қылмыстылықпен күресте мақсатқа
жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай-ақ немесе оған жаза
тағайындап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жаза
өтеуден мерзімінен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек
жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін.
Қылмыс пен күрес және онымен бірге жауапкершіліктен және жазадан
босату мәселесі күн өткен сайын күрделеніп, оны біржақты шешуге келмей
қалды. Мемлекеттің құқық саясатын жүзеге асыру барысында қылмыс пен күрес
маңызды орын алғаны мен оның деңгейі төмен түсіп тоқтаған жоқ. Одан қалды
жаһандану үрдісінің тереңдеуі, ұйымдасқан қылмыстың көбейуі, адамзат
санасының төмендеуі, қылмыстың халықаралық сипат алуы онымен күресті
ауырлататын, әрі күрделендіріп жібереді.
Ол қылмыстық құқықтық қатынас қылмыстық жауаптылықтан кең әрі көлемді
екендігін айтып қана қойған жоқ, сонымен қатар оның айырмашылығын жіктеп
берді. Зертеуші екі ұғымның байланысын жоққа шығармай тұрып олардың
арақатынасын төмендегідей бағалады: қылмыстық жауаптылық өзіне мемлекет-
қылмыскер ал қылмыстық құқықтық қатынас сонымен бірге мемлекет – есі дұрыс
емес, ізбекті құрайды.
Қылмыстық-құқықтық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі құқығымен
қылмыскердің тиісінше қылмыстың жауаптылығын көтеру міндеттелігімен ғана
шектеліп қоймайды. Адамның қылмыстық жауаптылығы оған соттатпайтындығын
жазығын өтеумен жүзеге асырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: қылмыстық жауаптылықтан және жазадан
босатудың мәнін, қылмыстық жауаптылық пен жаза және олардан босату
негіздерін, олардың теориялық маңызын, қылмыстық жауаптылықпен жазадан
босатудың ұғымы және негізгі жүйелік функциялары мен құралын, қылмыстық
құқықтағы саралаудың кұқықтық негіздерін, қылмыстарды саралау белгілерінің
негізгі жүйелік функциясын, жауапкершілік пен жазадан босату мәселесінің
теориялық және тәжірибеде қолданудың заңнамалық мәселелерін ашу.
Осыған сәйкес көздеген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді алға
қоямыз:
- қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері мен мәнін
ашу;
- қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың теориялық негіздеріне
талдау жасау;
- қылмыстарды саралау белгілерінің ерекшеліктерін айқындау;
- қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың жекелеген түрлеріне
анализ жасау.
Зерттеу объектісі ҚР қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату
мен байланысты қоғамдағы қатынастар.
Курстық жұмысының ғылыми жаңалығы қылмыстық жауапкершіліктен және
жазадан босатудың алдын ала тергеу өндірісі барысында теориялық үрдістерді
түйіндей отырып қолданыстағы тәжірибиегі қолданудың жүйесіне талдау
жасайды.
Зерттеу жұмысы құрылысы бойынша кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде жаза мен жауапкершіліктің түсінігі, жаза мен
жауапкершіліктен босату түсінігі және жаза мен жауапкершілікті
жеңілдететін негіздернің теориялық жақтары талқыланады.
Екінші бөлімде қылмыстық жаза мен жауапкершілікттен босатудың түрлері
және қылмыстық істі тоқтатудың түбегейлі негіздері сипатталады.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ

1. Қылмыстың, қылмыстық жазаның және жауапкершіліктің түсінігі

Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі болып қылмыстың ұғымын
анықтау болып саналады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қатынастардың
қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған
осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қылмыстарды
реттеу – қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс - әрекеттің (әрекет немесе
әрекетсіздік) көрінісі болып табылады.
Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да
адамның нақты іс - әрекетінің, мінез – құлқының сыртқа шыққан көрінісі
екендігін атап көрсетеді. Яғни адамның құқыққа қайшы мінез - құлқы оның
ойлау жүйесінен өтіп, содан кейін барып оның әрекетімен сыртқа көрініс
береді [4].
Адамның құқыққа қайшы мінез – құлқы белсенді әрекет күйінде не
әрекетсіздік күйінде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз – адамдардың
заң тиым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз – адамның заң,
нормативтік актілер, нұсқаулар не арнайы жарғылар, бұйрықтар бойынша өзіне
жүктелген міндетін орындамауы болып табылады.
Адамдардың құқыққа қайшы немесе оған қайшы емес мінез – құлқы оның
ойлау жүйелері арқылы одан соң, белгілі – бір іс - әрекеттер арқылы көрініс
таппаған жүзеге аспаған ойлар, пікірлер, соншалықты қатерлі болғанына
қарамастан, қылмыс болып табылмайды.
Қылмыстың түсінігі ҚР ҚК-нің 9 – бабында берілген. Осы бапқа сәйкес
ҚК жазалау қатерімен тиым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет ( іс -
әрекет не әрекетсіздік ) – қылмыс деп танылады.
Осы анықтамадан қылмыстың бірқатар міндетті белгілерімен
сипатталатындығы көрініп тұр.
Бұлар әрекеттің қоғамға қауіптілігін, құқыққа қайшылығы, кінәлілігі,
жазаланушылығы.
Тек осы белгілердің жиынтығы болғанда ғана әрекет қылмыс болып табылуы
мүмкін. Қылмыстың бірінші белгісі – оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға
қауіптілік – қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынаастарға нақты қауіп
төндіретін немесе зиян келтіретін қылмыстың объективтік белгісі.
Қоғамға қауіптілік қылмыстың нақты түрдегі сапалық белгісі болып
табылады, яғни заң шығарушы қылмыстың тек осы – қоғамға қауіптілік белгісін
ғана анықтаумен әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жататын
жатпайтындығын дәлелдеп көрсетеді. Қоғамға қауіптілік әрекетінің қоғамдық
қатынастарға зиян келтіруі не зиян келтіру қаупін туғызу белгілерімен
сипатталады.
Заң шығарушы қандай – да болмасын бір әрекетке қылмыстық заңда тиым
салуды қажет деп тапқан кездің өзінде нақты әрекет не әрекетсіздік әрқашан
да қылмыс деп санала бермейді.
ҚК-тің 9 – бабының екінші бөлігінде сы Кодекстің ерекше бөлімінде
көзделген қайсыбір әрекеттің белгілері формальды болса да бар, бірақ елеулі
маңызды болмағандықтан қоғамға қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға
немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс -
әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып саналмайды делінген. Қоғамға
қауіптілікті тек қылмысқа ғана қатысты деп айтуға болмайды. Әкімшілік құқық
бұзушылық та жеке адамға қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіруі мүмкін.
Алайда олардың қоғамға қауіптілігі едәуір төмен [5].
Заң шығарушы қылмысты басқа құқық бұзушылықтан айырып көрсету үшін,
қол сұғушылық салдарын сипаттайтын белгілерді Қылмыстық Кодекстің ерекше
бөлімі баптарының диспозициясында көрсеткен.
Қоғамға қауіптілік зиянды әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, яғни
оны істеу уақыты, орыны, тәсілі, жағдайларына байланысты әр түрлі болуы
мүмкін. Мысалы: рұқсат етілмеген немесе тиым салынған жерлерден не тиым
салынған аңдарға қатысты аң ауланса, оның заңсыз болып табылуы:
Адамдардың қылмыстық құқықтық норма тиым салған іс - әрекеттерді
істеуі құқыққа қайшылық деп танылады. Құқыққа қайшылық – қылмыстың
формальды белгісі. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті белгісі қылмыстық
заңда көрсетілген іс - әрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрсетілген
іс - әрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрсетілген қылмыстық құқықтық
санкция белгілейтін белгілі бір жаза түрінің тағайындалуы болып табылады.
Тиым тек қылмыстық заңмен салынғанда ғана қылмыс жөнінде сөз болуы мүмкін
[2].
Құқыққа қайшылықпен байланысты қылмыстың екі белгісі: кінәлілік және
жазалылық болып табылады. ҚК-тің 19 – бабының екінші бөлігіне сәйкес,
объективті айыптауға, яғни жазықсыз зиян келтіргені үшін қылмыстық
жауаптылыққа тартуға жол берілмейді. Осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес,
қасақана не абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп
танылады.
Кінәлілік құқыққа қайшылықтың міндетті шарттарының бірі. Қылмыстың
зардабы қаншалықты ауыр болғанына қарамастан, егер оны істеген адамның
әрекетінде кінәнің бір түрі болмаса, ол қылмыстық жауаптылыққа да,
сәйкесінше жауаптылыққа да тартылмайды.
Қылмыстың ендігі бір міндетті белгісі – қылмыстық жазаланушылық болып
табылады. Қылмыстың өзі қылмыстық заң жазамен қорқытып тиым салған әрекет
немесе әрекетсіздік. Демек жазалау қатерімен тиым салу қылмыстың белгісі
болады, адам қылмыстық жазаға өзінің нақты қоғамға қауіпті әрекеті (
әрекетсіздігі ) үшін тартылуы тиіс. Кей жағдайларда жазалау қатерімен тиым
салған қылмыстық жаза іске аспай қалуы да мүмкін, (ескерту мерзімінің
өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, рақымшылдық ету т.б.).
Бірақ мұндай жағдайларда да әрекет өзінің қылмыс екендігін, қылмыстық
сипатын жоғалтпайды.
Мәселен, айталық кісі өлтіру қылмыс жасаған елдің қоғамдық саяси
құрылымына қарамастан, жәбірленушінің жақындарына әрдайым жамандық болып
табылады.
Қандайда бір болмасын қоғамға қауіпті, заңға қайшы әрекет немесе
әрекетсіздік қылмыс деп тану үшін қылмыстың құрамының болуы міндетті шарт.
Қылмыстың құрамы деп, қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс әрекеттердің
белгілі бір қылмысқа жатқызу үшін мүмкіндік беретін қылмыстың объективті
және субъективті жақтарынан құралған элементтерді және белгілерді айтамыз.
Жазаның мақсаттары мен міндеттері: ҚР ҚК-нің 38 – бабының 2 бөлігінде
жазаның мақсаты - әлеуметтік әдәлеттілікті қалпына келтіру, сондай – ақ
сотталған адамдарды түзеу, сонымен қоса соталғандарды да, басқа адамдарды
да жаңа қылмыстарды істеуден алдын – ала сақтандыру[46] екендігі айтылған.

1.2 Жаза мен жауапкершіліктен босату түсінігі

Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстык жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған
кінәлі адамға жаза тағайындау аркылы жүзеге асырылады. Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының Қылмыстык жаза тағайындаған кезде
соттардың заңдылы қты сақтауы туралы 1999 жылғы 30 сәуірдегі қаулысында:
Қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған, бірак қоғамға елеулі қауіп
келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстық жаза қолданбай-ақ, олардың
түзелетіндігі мен қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселені талқылап,
негіз болған жағдайда ондай адамдарды ҚК-тің 65-68-баптарында көрсетілген
негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тиіс Соттың адамды
кылмыстық жаза шараларын қолданбай-ақ түзеуге болатындығы туралы тұжырымы
істің жан-жақты, толық және объективті түрде зерттелген мән-жайларына және
сотталушының жеке басы туралы мәліметтерге негізделуі қажет, - деп атап
көрсетілген (10-тармақ). Осыған орай кейбір реттерде қылмыстылықпен күресте
мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай-ақ немесе оған жаза
тағайындап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жаза
өтеуден мерзімінен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек
жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін.
Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан
немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы институтты белгілейді.
Мұның әрқайсысы тәжірибеде кеңінен қолданылады. Сонымен бірге ескерілетін
жағдай, қылмыстық жауаптылықтан, жазадан босатуды кеңінен пайдаланудың да
зиянды жағы бар. Бұл институтты практикада жиі қолдану қылмыстық құқықтағы
жауаптылықтың сөзсіз болуы принциптерін аяққа басады. Сондықтан да
корсетілген мәселелерді қолдану заңға негізделген және тиімді болған
жағдайда ғана қылмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе жазаны
қолданбай-ақ жүзеге асырылуы жағдайында ғана қолданылуы қажет.
Бұнда біз жасы толғандардың қылмыстық жауаптылықтан және жазадан
босатудың негіздері қаралмаймыз. Тек жасы толмағандарды қылмыстық
жауаптылықтан және жазадан босату мәселелері арнаулы тарауда қарастырылады.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай
түрлері көрсетілген:
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
Жағдайдың өзгеруіне байланы қылмыстьқ жауаптылықтан босату.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
Рахымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан
босату.
Осы аталған негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босату түбегейлі
түрде шартсыз жүзеге асырылады.
Қылмыстың заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден жазаны
өтеуді жалғастырудан босатылуы немесе оның жазасының жеңілірек жазамен
ауыстырылуы мүмкін [14].
Қылмыстық заң бойынша жазадан босату мынадай негіздер бойынша жүзеге
асырылады:
Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату;
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату;
Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру;
4. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдерді жазаны өтеуден
кейінге қалдыру;
5. Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді
кейінге қалдыру;
6.Айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату;
7. Рахымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде жазадан босату.
Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босату немесе жазаны одан әрі
өтеуден босатудың бір-бірінен айырмашылығы оларды қолдану негіздеріне
байланысты болады. Әдетте, қылмыстық жауаптылықтан босату (қылмыстық
жауапқа тартудың мерзімі ескіруге байланысты жауаптылықтан босатудан
басқасы) істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі онша көп болмаған және оны
істеген адамның түзелуі, жаза қолданбай-ақ мүмкін болған жағдайларда
қолданылады. Жазадан немесе оны одан әрі өтеуден босату сот үкімі бойынша
белгілі бір жазаға тағайындалып, соны өтеу барысында өздерінің
түзелгендігін дәлелдеген адамдарға қолданылады. Мұндай жазадан босату тек
заңда белгіленген тәртіппен сот арқылы ғана жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылудың кейбір түрлері
жұртшылық өкілдерінің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, жазадан
шартты түрде мерзімінен бұрын босату жазаны өтеу мекемесінің және бакылау
комиссиясының бірлескен ұсынысы болған жағдайда ғана сот арқылы жүзеге
асырылады. Қылмыстық жауаптылыққа тартудың мерзімі ескіруге байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату, айыптау үкімін орындаудың мерзімі ескіруге
байланысты жазадан босату жұртшылық өкілінің пікірін ескермей-ақ қолданыла
береді.
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам,
егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе
кылмысты ашуға жәрдемдессе немесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде
каллына келтірсе, кыл мыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың бұл түрі Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөліміндегі жеке қылмыс құрамының санкцияларында көрсетілген реттерде ғана
қолданылады. Мұның өзінде шын жүректен өкіну деп тану үшін кінәлінің
кінәсін мойындап, өз еркімен келуі, шын жүректен өкінуі қылмысты ашуға
жәрдемдесу және келтірілген зиянның орнын толтыруы белгілері болуы шарт.
Кінәсін мойындап келудеп біткен немесе дайындық арасындағы (дайындалу,
оқталу), қылмыстарды істегеннен кейін кінәлі адамның өзінің айыбын мойындап
заңда көрсетілген органға келуін айтамыз. Кінәсін мойындап келу көп
жағдайларда аяқталған кылмысты істегеннен кейін орьш ал алады. Шьш жүректен
өкіну деп, істеген кінәлінің қылмысы үшін ағынан жарылып өкініш білдіруі;
өзін-өзі айыптауы; істеген ісі үшін қандай да болсын жазаны адал өтеуге
даяр екендігіне көз жеткізу; іштей қатты күйзеліп, қайғылануы сияқты
әрекеттерін айтамыз. Келтірілген зиянның орнын толтыру деп кінәлінің өз
еркімен ешкімге айтқызбай-ақ келтірген материалдық зиянның орнын толтыруы,
жәбірленушіден келтірген моральдық зияны үшін кешірім сұрап, істеген іс-
әрекеті үшін өзінің айыбын толық мойындап, болашақта оны қайталамауға уәде
беруі және тағы басқа әрекеттер жатады. Қылмысты ашуға жәрдемдесу деп
тергеу органдарына болған мән-жайларды айқьш баяндауы, қылмысқа
қатысқандарды дұрыс анықтап беруді, қылмыстық құралдарды, қолды болған
затты табуға көмек беруін, сондай-ақ жәбірленушіге келтірген моральдық
зияны үшін одан кешірім сұрауын айтамыз. 65-баптың 1-бөлігі бойьнша шын
жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату біріншіден,
айыптының бірінші рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орта кылмысты істеуі,
екіншіден, қылмыс істегеннен кейін: а) айыбын мойындап өз еркімен келуі; б)
қылмысты ашуға жәрдемдессе; в) келтірген зиянның орнын калпына келтірсе
ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Сондай-ақ қылмыс жасаған
адам сот егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым)
жасаған кылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ
немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмысқа басқа да
катысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан
босатылуы мүмкін. 65-баптың 2-бөлігі жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр
қылмыс істегендерге қолданылмайды. Демек, бұдан басқа қылмыстарды жасаған
адамға сот осы көрсетілген қағидаға сәйкес егер ол ұйымдасқан топ немесе
қылмысты ұйым жасаған қылмыстарға қарсы занда көрсетілген іс-өрекеттерді
шын жүректен жасағанда ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. ҚК-тің
осы 65-бабының бірінші және екінші бөлігінде көзделген жағдайлар болған
кезде басқа санаттағы қылмыс жасаған адам тек осы Кодекстің Ерекше
бөлімінін тиісті баптарында арнайы көзделген реттерде ғана қылмыстық
жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінің кейбір баптарының санкцияларыңда шын жүректен өкіну қылмыстық
жауаптылықтан немесе қылмыстык жазадан босатудың негізі ретінде
көрсетілген. Мысалы, пара бергендігі жөніндегі, есірткі заттарды немесе
жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, тасу, тұтыну іс-
әрекеттері үшін [13].
ҚК-тің 66-бабына сәйкес қоғамға қауіпті кылмыстан болған үрейлену,
қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан адамды
сот істің мән-жайын ескере отырып, кылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Мұндай ретте қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтірген немесе денеге ауыр
жарақат түсірген адамның іс-әрекеті қоғамға қауіпті, заңға қайшы, кінәлі
түрде істелгендіктен қылмыс болып табылады. Бірақ та сот істің нақты мән-
жайына қарай отырып, айыпты адамның нақты қылмыс істеу кезіндегі болған
үрейлену, қорқу неме-се сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен
асқандығын есепке ала отырып, оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Егер жоғарыда аталған мән-жайлар орын алмаса, онда сот айыптыға осы бапта
көрсетілген жеңілдікті қолданбауға құқылы. Өйткені осы бап бойынша
қылмыстық жауаптылықтан босату немесе босатпауды сот нақты жағдайларға
байланысты ғана шешеді.
ҚК бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс істеген адам
егер ол жәбірленушімен татуласса және жәбірленушіге келтірген зиянның
есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін деп көрсетілген.
Мұндай негізде қылмыстық жауаптылықтан босату үш түрлі негіз болғанда
жүзеге асырылады:
Біріншісі, кінәлі адамның істеген іс-әрекеті ауыр емес немесе орташа
ауырлықтағы қылмыс деп танылуы керек.
Екіншісі, кінәлі адам жәбірленушімен өзара татуласып, мәмілеге келуі
қажет. Мұндай татуласу қорқытудан, тәуелділіктен емес, шын өзара
түсіністікпен ғана болуы қажет.
Үшіншіден, жәбірленушіге келтірілген зиянның орны толтырылуы қажет.

1.3 Жаза мен жауапкершілікті жеңілдететін негіздер

Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар
деп танылады:
а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім
ауырлықтағы қылмыс жасау (мысалы, ҚР ҚК 10, 53 б. ат.);
б) айыпкердің кәмелетке толмауы (мысалы, ҚР ҚК 78 б.);
в) жүктілік;
г) айыпкердің жас балалары болуы;
д) қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге
де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен
моральдік зиянның орнын өз еркімен толтыру, қылмыспен келтірілген зиянды
жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер;
е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының
салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау;
ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық,
қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті қылмыс жасау;
з) қажетті қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік
қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе өкімді
орындау жағдайында қылмыс жасау;
и) қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы
немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы;
к) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа
қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті
іздеуге белсенді жәрдемдесу.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделмеген мән-жайлар да жаза қолдану ке-
зінде жеңілдетуші ретінде ескерілуі мүмкін.
Егер жеңілдететін мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті
бабында қылмыс белгісі ретінде көзделген болса, ол өзінен-өзі жаза
тағайындау кезінде қайталап ескеріле алмайды.
Осы баптың бірінші бөлігінің д) және к) тармақтарында көзделген
жеңілдетуші мән-жайлар болып, ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаның
мерзімі немесе мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта
көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе
мөлшерінің төрттен үшінен аспауға тиіс.
ҚК 53-бабы қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар
көзделген. Аталған мән-жайлар тізбектелуіне қарай бірінші болып, мән-
жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы
қылмыс жасауы танылады. Бірінші рет басқа ауырлықтағы (орташа ауырлықтағы
немесе ауыр, аса ауыр қылмыстар) жеңілдететін мән-жайлар болып та-былмайды.
Кішігірім ауырлықтағы қылмыстың жасалуы сонымен қатар кездейсоқ, алдын ала
дайын далу белгілерінің орын алмауымен сипатталуы тиіс.
Айыпкердің кәмелетке толмауы және оларды қылмыстық жауаптылық пен
жазаға тарту барысында, заң әрбір іс бойынша нақты талдау кәмелетке толма-
ған адамға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын тағайындау арқылы түзе-
луі мүміндіктерін қолданудың жеткілікті негіздері орын алатындығына көз
жеткізуі тиіс. Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он
төртке толған бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады. Қазақстан Респуб-
ликасы Қылмыстық кодексі кәмелетке толмағандардың жауаптылығын жеке
бөлімде қарастырады [19].
Жүктілік. Жеңілдететін мән-жайлар ретінде жүктілік ана мен баланың
міндеттерін қорғаумен байланысқан. Сонымен қатар жүктілер жағдайындағы
әйелдің психикасы оның жан-күйзелісі, ұстамсыздығы. Жүйкелік қозуы,
ұшқалақтығы жағдайы ескерілмей қалуы дұрыс емес. Жүктілік қылмыстық
жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қандай да бір қылмыс
болмасын ескеріледі. Жүктілік жазаны өтеуін кейінге қалдыру мөселерін
шешудің негізі болып танылады (ҚК 72-бабы).

2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА МЕН ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ

2.1 Қылмыстық жаза мен жауапкершіліктен босатудың түрлері

Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған
адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе
немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе, немесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше
түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысты қоспағанда, қылмыс
жасаған адам, егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қыл мысты
ұйым) жасаған қылмыстарда болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан
топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмысқа басқа да
қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан
босатылуы мүмкін.
Жоғарыда көзделген жағдайлар болған кезде басқа санаттағы қылмыс
жасаған адам тек осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында арнайы
көзделген реттерде ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату негізі
-кінәлінің қылмыс жасағаннан кейінгі қоғамға тигізген зардаптың қауіптілігі
аз мөлшерде болуы. Кінәлінің шын өкінуіне байланысты, қылмыстық жауаптылық
пен жазаны жеңілдететін мөн-жайлар ретінде Қылмыстық кодекстің 53-бабының
к және д тармақтарында қарастырылады. Қылмыстық кодекстің 65-бабында
қылмыстық жауаптылықты жеңілдету емес, керісінше жауаптылықтан босатуды
көздейді.
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заңға сәйкес
талаптарға сүйеніп соған байланысты орындалады.
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам,
егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе
қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде
қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. (ҚК 65-бабы, 1-
бөлігі). Бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған немесе сотталмаған,
сонымен қатар қылмыстық жауаптылыққа тартылса да қылмыстық қудалау заң
негізінде қысқартылуы, бірінші рет қылмыс жасағандар қатарына жатқыза
аламыз.
Егер басқа да қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылса немесе
тергеуден, соттан бұлтарса, сотталған я болмаса соттылығы жойылған немесе
соттылығы алынып тасталған болса онда мұндай адамдарды бірінші рет қылмыс
жасағандар деп айта алмаймыз. (ҚК 77-бабы). Шын өкінуде – қылмысы үшін
кінәлі адамның кінәсін мойындап, өз еркімен келуі, шын жүректен өкінуі
қылмысты ашуға жәрдемдесуі және келтірілген зиянның орнын толтыруы
белгілері болуы шарт. Кінәні мойындап келу деп - кінәлінің қылмыс
жасағандығы үшін, яғни қылмыс жасағаннан кейін тергеу, прокуратура, анықтау
тағы басқа да мемлекеттік органдарға өз еркімен арыз беруін айтуға болады.
Кінәні мойындап келу себебі болып, өкіну іштей қатты күйзелу, жазалылықтан
үрейлену қорқуды т.б айтуға болады [16].
Шын өкінудің тағы бір түрі болып кінәлінің қылмысты ашуға жәрдемдесуі
болып табылады. Яғни тиісті органдарға көмектесу белгілері бар болуы, мән-
жайларды айқын баяндауы, қылмыс жасаған адамдарды анықтап беруі қылмыс
құралдарын табуға көмектесуі. Қылмысты ашуға көмектесу тек қана кінәсін
мойындап келгеннен соң орын алады.
Қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтіру деп кінәлінің өз
еркімен тигізген материалдық зиянның орнын толтыруы, жәбірленушіден
келтірілген моральдық зияны үшін кешірім сұрауы және тағы басқа әрекеттер
жатады. ҚК 65-бабы 2-бөлігінің (1-бөліктен айырмашылығы) ұйымдасқан немесе
қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстарды болғызбауға,
ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық жасаған
қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе,
қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. ҚК 65-баптың 2-бөлігі жеке адамға
қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс істегендерге қолданылмайды. Жеке
адамдарға қарсы қылмыстар жүйесі Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде 1 -
тарауында көрсетілген. Белсенді түрде жәрдемдесу деп қылмыстық ұйымның,
қылмыстық сыбайластықтың қылмыс жасауға дайындалуын немесе қылмыс
жасағандығы туралы тиісті органдарға хабарлауы немесе қылмыстық әрекетке
қарсы шығуы және соның нәтижесінде қылмыс ақырына дейін жетпеуін айтуға
болады.
Шын өкінудің нысаны болып қылмысы үшін кінәсін мойындауы болып
табылады және ол қылмысты алдын алып ашуда немесе сотта орын алады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату түрлерін қарастыра отырып, міндетті емес
және шартсыз деп екіге бөлуге болады. Міндетті емес - бірінші рет кішігірім
немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, осы баптың 2-бөлігі бойынша
ауыр немесе аса ауыр қылмысқа қатысты емес, үйымдасқан топ немесе қылмыстық
сыбайластық болып табылады. Шартсыз - көрсетілген қылмыстық жауаптылық-тан
босатуды қолданған жағдайда, кінәлінің жеке басын алып жүруіне байла-ныссыз
болуы, бұл шешім қайта қаралуға жатпайды [18].
Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.
Қоғамдық қауіпті қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау
салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан адамды сот істің мән-жайын ескере
отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін (ҚК 66-бабы).
Қажетті қорғану - қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының
өзі немесе өзге бір адамның жеке басын құқықтарын қорғауы.
Қажетті қорғаныс шегінен асу, жалпы қағида бойынша құқыққа қарсы
болып табылады, яғни нәтижесінде заңсыз адамның өмірінен айырылуы, денеге
ауыр жарақат келтіруі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда әрекет, кодекстің
99,109-баптары бойынша дәрежеленуі мүмкін.
Қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан болған үрей, қорқу немесе
сасқалақтау нәтижесінде қажетті қорғаныс шегінен асу белгілері орын алады.
Үрей - бұл нақты төніп тұрған немесе төнуі мүмкін болған қорқу,
шектелген тынымсыздық немесе қорқынышты салдар.
Қорқу - бұл қатты жан күйзелісінен пайда болған жан дүниенің қалыпты
жағдайының бұзылуы, өзгеруі.
Сасқалақтау - бұл ессіздікке жақын емес, яғни адамның белгілі бір
себептен уақытша жинала алмауы, өзінің ырқынан шығуы. Сондықтан кішігірім
немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам қажетті қорғану шегінен асса
да, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қылмыстық жауаптылықтан 66-баптың
негізінде босатылу - тек қана қоғамға қауіпті қылмыстан болған үрейлену,
қорқу немесе сасқалақтау салдары болып қана қоймай, сол нақты анық
айқындалған сипатта орын алуы керек.
Егер де істің мән-жайы үрей, қорқу, сасқалақтау белгілерін қамтымаса,
ондай әрекет қажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылып тиісті бапқа сәйкес
қылмыстық жауаптылық туады. Белгіленген қылмыстық жауаптылықтан босату тек
сот арқылы шешіледі. Мұндай қылмыстық жауаптылықтан босатылу міндетті емес,
сот негіздерге сүйене отырып босатуы немесе босатпауы мүмкін. Егер жоғарыда
аталған мән-жайлар орын алмаса, оңда сот ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
Қылмыстық жауаптылық босату түрлері
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері және олардың түрлері
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері
Пәндер