Негізгі зерттеу нысаны - туынды сөз


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Көкшетау қаласындағы, (қазақ тілінде оқытылатын) Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжі» МКҚК

Тіл және әдебиет кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Мамандығы: 0105000 - Бастауыш білім беру

Біліктілігі: 0105013 - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Пәні: Қазақ тілі

Орындаған: Г. Қалымтаева

Ғылыми жетекшісі: ф. ғ. м. Бейсембина А. Е.

Курстық жұмысты қорғаған бағасы

«» 2014 жыл

Кафедра меңгерушісі ф. ғ. м. Рахым А. Қ.

Көкшетау, 2014

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақ тіліндегі қосымшалардың даму тарихы

  1. Қазақ тілі морфологиясының зерттелуі . . .
  2. Қазақ тіл біліміндегі қосымшалар, олардың түрлері, ғалымдардың пікірі . . .
  3. Жалғаулардың түркі тілдерінде зерттелуі . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысы қазақ тіліндегі қосымшалардың даму тарихына арналады. Қазақ тіліндегі қосымшаларды жіктеу мәселесін де қамтуға тырыстық. Өйткені бүгінгі күні қазақ тіл білімінде қосымшаларды жіктеуде біржақты пікір жоқ. Жұмыста Қ. Жұбанов, А. Ысқақов, Ы. Маманов, А. Қалыбаева, Н. Оралбаева, С. Исаев М. Томанов секілді және тағы басқа ғалымдардың бірнеше зерттеу еңбектері арқау болды.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тілде қосымшалардың алатын орны ерекше екені белгілі. Қосымша морфеманың ең бірінші және басты лексика-грамматикалық белгісі - мағыналық және тұлғалық дербестігі жоқ болу мен қатар (түбірге жалғанбай ешбір мән-мағына білдіре алмайды, демек, өз бетімен жеке дара қолданылмайды және түбірдің дыбыстық ыңғайына, әуеніне лайық үндестік заңы негізінде құбылып, вариантталып түбірге жалғанады) түбірге жалғану арқылы жаңа мағына білдіріп, жаңа сөз тудыру немесе әр түрлі қосымша мағына үстеу болып табылады.

Жұмыстың мақсаты. Қазақ тіліндегі қосымшаның қызметін саралау. Осы мақсатқа сәйкес төмендегі міндеттерді шешуді көздедім:

- қазақ тілі қосымшалары түрлеріне шолу жасау;

- қазақ тілінде қосымшаларды жіктеуде кездесетін пікірлерді саралай отырып, оларды жүйелеу;

- қазақ тіліндегі жұрнақ пен жалғаулардың айырмашылықтарын көрсету;

Жұмыстың зерттеу нысаны. Қазақ тіліндегі қосымшалардың даму тарихы болып табылады.

Жұмыстың әдістері. Сипаттама, талдау, баяндау, түсіндіру секілді әдістер пайдаланылды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жұмыста қосымшалардың сөзбен сөзді байланыстырудағы қызметі, сөз түрлендірушілік қызметі көмекші сөз есебінде қолданылу ерекшеліктері жан-жақты сөз болды. Бұл мәселе қазақ тіл білімінде ғылыми мақалалар деңгейінде ғана қарастырылғаны белгілі. Сондықтан бұл жұмыстың жаңалығы болып табылады.

Жұмыстың теориялық мәні. Зерттеу жұмысындағы морфологияның теориялық мәселелері туралы ой-пікірлер қазақ тіл біліміндегі осы мәселелердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемін тигізеді деп ойлаймыз.

Жұмысының құрылымы. курстық жұмысы кіріспе, негізгі бөлімен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

  1. Қазақ тілі морфологиясының зерттелуі

Қазақ тілінде морфология атауы мен зерттеу нысандары түрліше аталып және анықталып келді. Сол басы даулы басталған мәселенің әлі күнге дейін шешімі толық табылды деп айта алмаймыз. Өткенге көз жіберсек, қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалым А. Байтұрсынов еңбегінде «морфология» деген термин қолданылмайды, морфологияның зерттейтін объектілерін «сөз тұлғасы», «сөз мағанасы» деп береді. Яғни, ғалым нақты атап көрсетпесе де, этимология деп қабылдағанды дұрыс көреді. Себебі, оған дейінгі ғалымның негізге алған еңбектерінде кейде фонетика саласы грамматиканың бір бөлігі ретінде енгізілсе, морфология «этимология» деп аталып, оған синтаксистің кейбір элементтері де кіреді. ХІХ ғасырдың аяқ кезіне дейін этимологияны грамматиканың бір тарауы, оның нысаны - фонетика мен морфологияның негізгі ережелерін зерттеу деген түсінік қалыптасқаны белгілі.

Профессор Қ. Жұбанов морфологияны «сөз құрылысы» деп алып, «сөз-сөздің қалай құралатынын жалпы түрде қарайтын ғылымды жалпы морфология дейміз» (2, 163б. ) деп анықтама берсе, С. Аманжолов «морфологияның қарайтын объектісі - сөздің құрылысы, құрамы, өзгерісі» деп, «оның себебі әр тілде жаңа сөз тудыру жолы әр түрлі» (3, 66б. ) деген уәж айтады. К. Аханов «сөздердің морфологиялық құрылымы мен типтері, морфема мен оның түрлері, сөздердің түрленуі, олардың формалары мен сөздердің лексика-грамматикалық топтары туралы ілім» (4, 269 б. ) деген анықтама береді. 1967 жылғы «Қазақ тілінің грамматикасы» (І бөлімінде) және «Қазіргі қазақ тілі» оқулығындағы А. Ысқақовтың «сөз және оның формалары туралы ілім» (5, 10 б. ) деген анықтамасы қазіргі таңда негізгі бағдар ретінде қолданыста. Бұл оқулықтың морфологиялық зерттеулердің көш басында тұратын еңбек екендігінде күмән жоқ. Онда сөз және оның морфологиялық құрылымынан бастап, сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары, сөз формалары мен олардың жасалу тәсілдері, сөз таптары мен олардың жасалу тәсілдеріне қатысты мәселелер ғылыми тұжырымдар арқылы нақты көрсетілген.

Н. Оралбай «тілдің морфологиялық құрылысын зерттейтін, яғни сөздің грамматикалық түрлену сипатын зерттейтін ғылым» (6, 4б. ), Т. Сайрамбаев «Морфология - әрбір тілдегі сөз таптары туралы ғылым, ол тілдегі бүкіл сөздердің мағыналық жиынтығы, ол он сөз табына қатысты сөздердің ішкі құрамын зерттейді», Б. Қасым «морфема ретіндегі сөз және сөздің формалары, сөз тұлғаларын білдіретін грамматикалық мағыналар туралы ілім» (7, 197 б. ) деген анықтама береді.

А. Салқынбай «Сөз құрамы» терімсөзін (термин - автор) морфологияның баламасы ретінде қабылдап, оған ерекше терімдік мағына береміз. Сөз құрамы - сөз таптарын біріктіретін, олардың грамматикалық тұлғалары мен категорияларын, сөздің тұлғалануын зерттейтін грамматиканың бір саласы»

Морфология грек тіліндегі morphe - форма және logoz - ілім деген мағынаны білдіреді. Яғни, сөз формасы, тілдің морфологиялық құрылысын зерттейтін ғылым. Тілшіғалымдардың анықтамалары бойынша, тіл білімінің морфология саласы сөздерді жеке алып қарастырмай, оларды жалпы алып, сөз топтарына топтастырып, әр сөз табының өзіне тән грамматикалық ерекшеліктерін қарастыратын ғылым. Жеке дара тұрғандағы сөздің лексикалық мағынасы болғанымен, басқа сөздермен байланысқа түсуі үшін грамматикалық мағынаны қажет ететіні белгілі. Лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да сөздердің байланысуынан анық аңғарылады. Екеуінің де обьектісі - сөз. Морфология осы сөздердің формасын, яғни, сөздің негізгі түбірін, сөздің түрлі қосымшалар қосылғандағы түрлерін, сөз тіркестерін тексеретін ғылым. Сонымен қатар, тілдегі сөздердің атқаратын қызметтеріне қарай топтарға бөлу, әр сөз табына тән категорияларды анықтау міндетін де қоса атқарады.

Десек те, соңғы кезде морфологияның зерттеу аясы тарылып барады. Морфологияның зерттеу нысаны болып табылатын қосымшаларды сөзжасамға бөліп, ал жалғауларды синтаксистің үлесіне тиесілі деген пікірлер бой көтеріп келеді. Осы мәселеге қатысты профессорғалымдар да өз күмәнкүдіктерін де жариялаған болатын.

Профессор Б. Момынова «Соңғы жылдардағы ғылымның дамуына сай сөзжасам сала ретінде жеке бөлініп шықты. Жеке сала болып таныла бастаған сөзжасамның аналитикалық, синтетикалық және лексикасемантикалық тәсілдері осыған дейін жекелеген сөз таптарының грамматикалық сипатын тудырушы амалдар ретінде, мысалы, қосымшалар арқылы туындауы (синтетикалық) және сөздердің қосарлануы, бірігуі, тіркесуі (аналитикалық) жеке сөз таптарының аясында қарастырылды. Яғни есім сөздерден етістік тудыратын қосымшалар немесе етістіктен зат есім, сан есім, т. б. жасайтын жұрнақтар, есім сөздерден зат есім, сын есім, үстеу тудыратын жұрнақтар, т. б. сөз таптарына байланысты ескерілді. Сонымен бірге сөз мағынасының кеңеюі, тарылуы, ескі мағынасының мүлдем жойылып жаңа мән иеленуі, трансформациялану нәтижелері лексика деңгейінде тіліміздің сөздік қорының лексикалық деңгейде баюы деп танылды, әлі де солай деп саналғанмен, осыған дейінгі морфологияға байланысты принципті түрдегі ұстанымдар (сөз тудырушы жұрнақтарға, сөз таптарының жасалу жолдарына, т. б. қатысты) айқындығын жоғалтқандай әсер тудыра бастады» (9, 6 б. ) деп сөздерді сөз топтарына бөлудегі үш принциптің бірі - морфологиялық принциптің бағдары өзгеріп бара жатқандығын айтса, профессор Т. Сайрамбаев «Морфология: кеше, бүгін» атты мақаласында: «Жұрнақ түбір күйіндегі сөз таптарының аясын кеңейтуші, жаңартушы, олардың санын көбейтуші қасиетімен ерекшеленеді. Жұрнақтардың осындай қасиеті бола отырып, сөзжасам пәнінің дүниеге келуі морфология саласына үлкен қиындық тудыруда. Солай болатын болса:

морфология саласының аясы тарылады;

морфология қосымшалардан тек жалғаулармен ғана шектеледі;

зат есімнен зат есім, басқа сөз табынан зат есім тудыру мәселесі ескерусіз қалды.

басқа сөз таптары да осылай;

бір сөзде, мысалы білімсізге - сөзіндегі қабаттасып келген жұрнақтар бұл сөзден алынып, сол сөздің түбіріне тек жалғау жалғасақ қандай күйге түспек?

жұрнақсыз әр сөз табына қатысты сөздер не болмақ ?

жұрнақсыз әр сөз табының не болатынын ойлау керек. Сонда қозылы қойдан қозысын ажыратқан кезде екеуінің маңырағанындай, әр сөз табы өзінің аясын көбейтуші жұрнақтардан мүлдем қол үзбей ме?

Ал осыдан сөзжасамнан «не ұттық?» (10, 232-233б. ) деген мәселені ашық қойып, қосымшасынан айырылған морфология саласының келешегіне жанашырлық танытады. Ғалымдар бұл мәселені орынды көтеріп отыр. Қазіргі таңда күмәнді мәселенің басы ашылмаса, морфологияның келешегі де, зерттеу нысандары да бұлыңғыр болып, ертеңгі ұрпақ алдында көптеген сұрақтарға жауап таба алмауымыз мүмкін.

Кезінде Ы. Е. Мамановтың: «Қазақ тілінің, басқа түркі тілдері сияқты, сөздерінің морфологиялық құрылысын тануда ең басты роль атқаратын оның алуан түрлі аффикстері болып саналады» (11) деген пікірі қазір де негізге алынғанымен, одан бергі жылдарда сөздердің морфологиялық құрылымы, олардың сөз тудыру, форма тудыру тәсілдері мен жүйелері өздерінің даму процесін бастан кешірді.

Қазақ тілінде жазылған грамматикаларда, атап айтсақ, 1967 жылы жарық көрген академиялық “Қазақ тілі грамматикасында” сөз тудыратын, сөз түрлендіретін, сөз жалғастыратын қосымшалар деп берілсе, А. Ысқақов (5), Т. Аханов (4), А. Қалыбаева (жұрнақ, жұрнақша, жалғау) (12) т. б. ғалымдар еңбектерінде, сол сияқты қазақ тілі морфологиясы бойынша жазылған еңбектерде қосымшалар сөз тудырушы, форма тудырушы, сөз байланыстырушы болып үш топқа бөлінеді. Ы. Маманов, С. Исаев сөз тудырушы және форма тудырушы (жалғаулар, жұрнақтар) (13) деп екіге жіктейді. Н. Оралбай грамматикалық мағыналы қосымшалар (жалғауларды, грамматикалық жұрнақтарды жатқызады) мен сөзжасамдық қосымшалар (сөзжасамдық жұрнақтарды жатқызады) (6, 5б), деп жіктесе, А. Салқынбай қосымшаларды «негізгі мазмұны мен ішкі мағынасына қарай сөз тудырушы және тұлға тудырушы деп бөледі де, сөз тудырушы тұлғалар атау жасау қасиетіне ие болғандықтан, сөзжасамдық мағына бар болғандықтан, сөзжасам саласының зерттеу нысаны ретінде морфологияда қарастырылмайды» деп есептейді. Тұлға тудырушы қосымшаларды қызметі мен ішкі грамматикалық ерекшеліктеріне байланысты былай жіктейді:

Лексика-грамматикалық тұлға тудырушы қосымшалар (сын есімнің шырай жұрнақтары, рең мәнді жұрнақтар, сан есім жұрнақтары, салт-сабақты етістік, етіс, болымды-болымсыз етістік категориялары) ;

Грамматикалық тұлға тудырушы қосымшалар: рай, шақ, жақ тұлғалары; зат есімнің жалғаулары (септік, көптік, тәуелдік), жіктік жалғауы;

Қызметтік мән туғызушы қосымшалар: қимыл есім, есімше, көсемше;

Қос қызметтегі (қос функциялы - Е. Шаяхметов) тұлға тудырушы қосымшалар (8, 214 б. ) .

Демек, ғалымның пікірінше, жоғарыдағы тұлға тудырушы қосымшалар морфологияның үлесіне тиеді де, сөзжасам негіз сөздің мағынасы арқылы жаңа туынды атаудың жасалу жолдары мен тәсілдерін анықтайды. Морфологияда негіз сөз сөздің түбірі делініп зерттелсе, сөзжасамда сөзжасамдық тұлға ретінде айқындалады. Яғни, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық саты, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық тізбек бойынша қарастырылады, оның өзіндік ұғымдары, бірліктері бар сала. Негізгі зерттеу нысаны - туынды сөз. Ал туынды сөз морфологияның зерттеу нысанына айналған қосымшалар арқылы да жасалады.

Бұл мәселе сөздердің грамматикалық категорияларына қатысты. Мысалы, сан есім, есімдік, үстеу т. б. сөз таптарының грамматикалық категориясы болмауы мүмкін, себебі, бұл сөз таптары белгілі парадигмалық жүйеге бағынбайтын, грамматикалық, тұлғалық түрлері жоқ сөздер. Ал грамматикалық категориялары бар сөз таптары - зат есім, сын есімнің сапалық түрі, етістік. Таратып айтар болсақ, зат есімнің санмөлшер (көптік) категориясы, сапалық сын есімнің шырай категориясы, етістіктің салттылықсабақтылық категориясы, етіс, рай, шақ, жақ категориясы. Байқап отырғанымыздай, грамматикалық категориялардың түрлену жүйесі біркелкі емес. Олардың морфологиялық көрсеткіші болып табылатын грамматикалық тұлғалары бірде таза грамматикалық мағына үстеп тұрса, бірде лексикасемантикалық сипатқа ие болып тұр.

Ал тіліміздегі көптік, септік, тәуелдік жалғаулары түбір білдіретін грамматикалық заттық мағынаға ешбір нұқсан келтірмей, сандық, мөлшерлік, меншіктілік т. б. мағыналар үстеп, сөйлемді байланыстыру қызметін атқарады. Соңғы қызметіне қарап ол жалғауларды синтаксис саласының зерттеу нысанына беру керек пе, жоқ па деген ой да қылаң беріп қалады. Қазақ тілі грамматикасының көшбастауы болған еңбектерде жалғауларды синтаксисте қарастыруы да ойланарлық жағдай.

1. 2 Қазақ тіл біліміндегі қосымшалар, олардың түрлері, ғалымдардың пікірі

Қазақ тілінің негізгі байлығы - оның сөздік қоры. Ол байлықтың қалай жиналғанын, алуан түрлі сөздердің қыры мен сырын, олардың қалай қалыптасқанын, басқаша айтқанда, бай лексикалық қордың жасау тетігін жүйелі түрде, арнайы зерттеу - бүгінгі күннің талабы. Жаңа сөздің жұрнақ арқылы жасалуын мойындасақ жұрнақтың сөз құрамында қолданылуын, ал сөздің құрамы морфологияның объектісі екенін мойындау керек. Қазір орыс тіл білімінде сөзжасамның жалпы теориялық мәселелері жан-жақты зерттеледі. Оған орыс тілінің 1970, 1980 жылдары шыққан академиялық грамматикаларын дәлелге келтіруге болады. Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы ретінде танылуын В. В. Виноградов, Г. О. Винокур, Н. М. Шанский, Е. А. Земская, Е. С. Кубряков сияқты т. б. толып жатқан ғалымдар теориялық тұрғыдан дәлелдеді. Түркологияда бұл мәселенің беті әлі толық ашылған жоқ, негізінен сөз тудыру морфология көлемінде беріліп жүр. Түркі тілдерінде шыққан грамматикалардың көпшілігінде сөзжасам морфологияның ішінде әр сөз табымен байланысты беріліп келді. (1. 4) Сөз жасауының негізгі жолдары мен тәсілдері тюркология ғылымында қазіргі кезде негізінен анықталғанына қарамастан, бұл мәселенің жеке түркі тілдерінде қойылысы, алатын орны, сондай - ақ зерттелу дәрежесі бірдей емес. Сонымен бірге біраз еңбектерде сөз тудыру, жаңа сөз жасау процесінің нәтижесінде сөздің лексикалық қорының толығып отыратыны негізгі алып, ғалымдар сөзжасамды лексикологияға жатқызады (2. 75) . Тіл біліміндегі сөз жасауға қатысты мәселелердің бәрі тіл білімінің өзінше дербес саласы ретінде жеке қаралу керек деген ғалымдардың, оның ішінде, әсіресе, орыс тіл білімі ғалымдарының ұсыныстары түркологтарға да әсер ете бастады. Қазақ тіл білімінде сөз тудыру барлық грамматикаларда морфология құрамында берілген, ол жөнінде басқа пікір ұсынушылар, пікір таласы кездеспеді. Бірақ ғылымдағы соңғы, жаңа көзқараспен санаспауға болмайды. Сөзжасам жеке сала ретінде танылмай, жеке сөз таптарының құрамында қаралып жүргенде сөзжасамның жалпы теориялық мәселелері зерттелмей, барлық назар жеке сөз таптарының жасалымының төңірегінде болды. Сөзжасам жеке сала ретінде танылмай, жеке сөз таптарының құрамында қаралып жүргенде, сөзжасамның жалпы теориялық мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлінбей келді. Соның нәтижесінде сөзжасамның жалпы теориялық мәселелері зерттелмей, барлық назар жеке сөз таптарының жасалымының төңірегінде болды. Қазақ тілінде сөз жасауға қатысатын негізгі тұлғаларға түбір сөз және қосымша жатады. Түбір тілде түрлі аспектіде қаралып жүргенімен, дәл сөз жасаушы негізгі тұлғалардың бірі ретінде толық зерттелді деуге келмейді (3. 3) . Қазақ тіл білімінде қосымшаларды жіктеу мәселесінің өзіндік даму, қалыптасу жолы бар. Қазақ тілі қосымшаларын жіктеудің алғашқы сүрлеуі XIX ғасырдың екінші жартысындағы П. М. Мелиоранский, Н. А. Баскаков, Э. В. Севортян секілді орыс түркологтарының еңбектерінде салынды. XX ғасырдың басында бұл мәселе қазақ тілінде А. Байтұрсыновтың еңбегінде жалғасын тапса, Қ. Жұбанов бастаған мамандардың өсіп жетілуіне байланысты қосымшаларды жіктеу ісі одан әрі теориялық жағынан толығып, өз дамуының келесі бір маңызды кезеңіне аяқ басты (4. 97) . Тілдің өзге де құрылымдық элементтерінің өзді-өздеріне тән жүйесі болатыны сияқты, сөздің құрылымдық элементтерінің бірі болып есептелетін қосымша морфемалардың тиісті жүйесі болады, қосымша морфемалар қосымшалар деп аталады. Қосымша морфемалар жүйелі құбылыс. Біріншіден, олардың түбір морфемалармен түйіскендей қарым - қатынастарынан байқауға болады, екіншіден, олардың грамматикалық семантикалары мен грамматикалық қызметтерінен де көруге болады, қосымша морфемалар іштей сөз тудыратын морфемалар, сөз түрлендіретін морфемалар және сөз жалғастыратын морфемалар болып бөлінеді. Сөз тудыратын қосымшалар лексикалық категория деп есептелінеді. Сөз тудыратын қосымшалар белгілі бір сөзге жалғанғанда, одан лексикалық мағынасы басқа жаңа сөз туса, екіншіден, сол жаңа сөз белгілі бір лексика - грамматикалық категорияға, белгілі бір сөз табына телулі болады, мысалы: құр (етістік), құрылыс (зат есім), құрылу (сын есім), құрамалы (сын есім) т. б.

Жұрнақ өзі қосылатын түбірге жаңа лексикалық мағына үстейтіндіктен, ол сөзді жаңа лексикалық тұлғағаайналдырады. Мысалы: тік, тігіс, тігін, тігінші, тігіншілік, тікпе . Қазақ тілінде бір түбірге қажетіне қарай бірінен соң бірі тізіліп бірнеше жұрнақ жалғана береді. Мысалы, тігіншілік, құлақтандырушы дегендердегі бірінші сөзде -ін, -ші, -лік жұрнақтары, екінші сөзде -тан, -дыр, -у, -шы жұрнақтары бар. Қолданылу ерекшеліктеріне қарай осындай тізбектелген жұрнақтардың үстіне сөз жалғастыратын қосымшалар да үстеле береді.

Құрылымы мен құрамы жағынан жұрнақтар жасау да, құранды да болады, мысалы; сана, санау, үйші, бастық, сүзбе дегендердегі -а, -у, -ші, -бе, -тық жұрнақтарын жалаң жұрнақтар деп есептейміз де, елеулі, аумалы, көтеріңкі, ескілікті дегендердегі - улі, -малы, -іңкі, -лікті жұрнақтарын құранды жұрнақтар деп санаймыз. Жұрнақтар шығу төркіні жағынан да семантикасы жағынанда қаншалықты жақын бола тұрса да сөзжасау қабілеттері мен стилистикалық орамдылығы жағынан ешуақытта да өзара бірдей болмайды. Мысалы: -лық жұрнағы мен -шылық жұрнағының құрамындағы -лық элементі екеуіне де ортақ форма, бірақ алдыңғы жалаң жұрнақ пен соңғы құранды жұрнақтардың сипаттары бірдей емес (мысалы: жоқтың және жоқшылық , адамдық және адамшылық деген сөздердің лексика - семантикалық ерекшеліктері мен қолданылу оралымдарын салыстырып көруге болады) . Жұрнақтарда мағыналастық, қарсылықтық сипаттар болатыны сияқты көп мағыналық пен омонимдік сипаттар да болады, мысалы, ашық күн және ол ашықты ; айтыс басталды және олар айтысты ; жауын жауды және сен жуын дегендердегі -ық, -ыс, -ын жұрнақтарын салыстыруға болады. Бір алуан жұрнақтар өздері жалғанған сөздерден лексикалық мағынасы басқа немесе басқа сөз табына тән жаңа сөздер тудырмайды, түбірі және негізі қай сөз табына тиісті болса, сол сөз табына тиісті сөздер, ішкі категориялық жаңа формалар тудырады. Белгілі бір сөз табының өзіне тән ішкі категориялық жаңа формалар тудыратын осындай жұрнақтарды форма тудыратын жұрнақтар деп, сондай форма тудыратын жұрнақтар арқылы жасалатын жаңа формаларды ішкі категориялық формалар деп айтамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы
СӨЗЖАСАМ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
Ономасиология және оның тіл білімі салаларымен арақатынасы
Қазақ тілі сөзжасамының теориялық мәселелері
Қазіргі қазақ тілі сөзжасамының өзекті мәселелері
Қазіргі қазақ тілі сөзжасамындағы үшіншілік туынды мағынаның жасалу жолдары
Сөзжасамдық жұп және оның мағынасы
Сөзжасамның қазақ тіл білімінде зерттелуі
Сөзжасамдық жұп және оның семантикасы
Қазақ және орыс тілдеріндегі гүл атауларына салғастырмалы талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz