Қыз - болашақ ана


Кіріспе
Ұрпағымыз ұлттық тәрбиеге зәру мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлім - тәрбие ісіне пайдаланып келеді. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету - борышымыз. Ол үшін не істеу керек?
Ең әуелі ата-аналар мен жанұя ересектері мектеппен тығыз байланыс жасай отырып; үй ішінде халықтық педагогиканы дамытып; баланың өзіне батырлар жырын оқытып; пікірлесіп; аңыз әңгімелерден үзінділер айтқызып, жаңылпаштар айтысып; ой өрісін кеңейтіп; тілін ширатып; жұмбақ айтысып; жұмбақты көп айтуға алғанға ұпай жинатып; не сыйлық ұсынып; санамақтар айтып; оны шешуден мүдірмеген баланы мадақтап; мақал-мәтел жаттаудан озған балаға құрмет көрсетіп; шешендік сөздерді жаттатып; ұлттық дәстүрлерді талап ете білу керек. Халықтық ойындары, әсіресе; қуыршақ ойынын театрландырып; үй ішіне ата-ана ұйымдастыра білсе; үлкен тәрбиелік жұмыстарды атқарған болар еді. Әулет дәстүрін қастерлеп; дәстүрлік мұраларды алға апаруды насихаттап; игілікті істерді ұйымдастырушылар да ата-аналар. Елге белгілі болып жүрген жанұялық ансамбльдер әулеттік дәстүрлер мен мұраларды алға апарудың үлгілері болып табылады. Мектеп халық педагогикасын оқу-тәрбие ісіне жан-жақты пайдалану үшін; ол - іс -әрекетті кеңінен жоспарлап; істің игілікті болуына әсерін мол тигізетін ата-аналармен; балар бақшысымен тығыз байланыс жасап отыру керек. Сөйтіп; халық педагогикасы жанұя; балалар бақшасында; мектепте; жоғары оқу орындарында; басқа да тәрбие мекемелерінде барынша пайдаланып; тәлім-тәрбие ісінде өз орнына ие болуға тиіс. Тәрбие - педагогикалық өте маңызды және өзіндік бет - бағдары бар бөлігі екендігі белгілі. Оның өз мазмұны, өз міндеттері бар және өзіне тән әдістер, тәсілдер көмегімен жүзеге асырылады. Сондықтан педагогикалық ғылымда өзіндік бет бағдары бар тәрбие теориясы бөлімі (педагогиканың жалпы негіздері, дидактика және мектеп танумен қатар) қалыптасады.
Педагогикалық ғалымдардың дамуы барысында тәрбие беру жұмысы методикасы да өзіндік бет-бағдары бар ғылыми пән ретінде қалыптасып және дамып келеді. Оның міндеті тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен міндеті, формалары мен әдістері ашып көрсету, педагогтарға тәрбие беру өнерін меңгеруге көмектесу. Қазіргі жағдайда мұғалім еңбегіне қойылатын талаптын артып отырғандығы «Маңызды шеп алдынды - жалпыға бірдей міндетті орта білім беруге көшу аяқталады. Қазір ең бастысы - мектепке оқыту, еңбек және адамгершілік тәрбиесін берудің сапасын арттыру, мұғалімдермен оқушылардың еңбек нєтижелерін бағалаудағы оқытудың өмірі мен байланысын іс жүзінде нығайту, мектеп оқушыларын қоғамдық пайдалы еңбекке даярлауды жақсарту. Әрине, бұл істі мұғалім шешуші мақсатын өзі атқарады.
Ұрпағымыз ұлттық тәрбиеге зәру
Әдептілік-мәдениеттілік пен имандылықтың белгісі
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалығымен ардақталады. Қазақ халқы ерте кезден - ақ әдептілікті жоғары бағалай білген. Отбасында жастарды кішіпейлділікке; ізеттілікке; имандылыққа; инбатттылықа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Халқымыз өз ұрпағын:
«Әдептілік, ар-ұят
Адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез тағы жат-
Надандықтың белгісі», немесе
«Әдепті бала арлы бала-
Әдепсіз бала - сорлы бала»; - деп әр жастың әдепті, сыпайы, инабатты болуын қалаған. Әдеп сақтау - адамдар арасындағы қарым-қатынас ережелерін орындап жүру, яғни әулет, әлеумет, қоғам мүшелерін қалыптасқан әдептілікті бұзбауға міндеттейді. Қазақ тәлімінде әдептілікті бұзған адамға рудың, әулееттің атынан сол әулеттің өкілі өз пікірін айтып тіпті тиым салуға да ерікті болған. Өйткені әдеп сақтау - әулеттік дәстүр. Әдеп сақтау халықтық рәсімге, жол -жоралыға, тәртіпке құлдық етіп, амалсыз бағыну емес, сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу.
Күні бүгінге дейін ауыл сыртында әңгіме дүкен құрып отырған қарияларға өз шаруасымен кетіп бара жатқан адамдар аттан түсіп, арнайы сәлем береді. Көшеде жасы үлкен кісі кездессе, оны таныса да, танымаса да амандасады, олармен тілдеседі. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстаға қария келіп сәлем береді» деген де аталы сөз бар. Мұндайда жасы үлкен кісі келген аданан ел-жұрт амандығын сұрасып, жасының үлкендігін бұлдамай, өзінің кішіпейілдігін көрсетеді. «Кішіпейіл болғаннан кішірейіп кетпейсің» дегендей, мұның да үлкен тәрбиелік мәні бар. Сәлемдесу, амандасу адамның әрбір жан иелерінің бір-біріне ізет, сый-құрметін көрсетеді.
Отбасының, қоғам тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген халқымыз қыздың көркіне ақыл-ойы мен мінез-құлқының сай болуын қадағалаған.
«Қыз қылығымен сүйкімді»,
Қыз өссе - елдің көркі, «Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» деу арқылы, инабатты, ізетті қыздарды бүкіл ауыл-аймақ болып тәрбиелеуді меңзейді. Сәлемдесумен қатар ертеден келе жатқан асыл дәстүріміздің бірі-үлкенді сыйлау адамгершілік борышты өтеу болып табылады, әдептілік - ізеттік, кішіпейілділік, көпшілдік деген сөз.
Сайф Саран: «Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ», деп ұрпағын жастайынан ата-баба дәстүрімен сусындап, нәр алуына мән берген. «Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені» дейді халық. Әдеп, адамшылық - амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі - сәлемдесу . Халқымыз осы рәсімге ерекше мән берген. Расында да, қазіргі кезде жөн - жосығымен сәлемдесе білу - үлкен өнер, бұл - адамның кісілік қасиетін бір - бірімен сәлемдескенде «мал жаның ман ба?» деседі. Осы салт қазір қала тұрмысында, ел арасында әлі күнге дейін сақталған. Өйткені, мал-жан амандығын сұрасу қазақ этносының негізгі тыныс тіршілігінен туындаған мәселе. Жан амандығы тікелей мал басының амандығына қатысты екенін көшпелі ғасырлар бойы өзінің өмір сүру тәжірибесінен жақсы білген. Сонымен қатар сәлемдесу әдеп салты да уақыт өте келе азды - көпті өзгеріске ұшырап отырған, ол заңды да. «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді» деген аталы сөз бар. Өйткені сәлемдесу - кісіліктің белгісі.
Білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі - оқушылармен жүйелі түрде сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын жүргізу. Бұл жұмыстарды пән мұғалімдері, ата-аналар жүргізеді. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз қалауымен, олардың белгілі бір өнер түріне бейімділігін ескере отырып ұйымдастырылады.
- «Адамнан үлкен емессің» (пікір алысу)
- «Сен» деме (өлең жолдары арқылы сыпайлыққа тәрбиелеу)
- «Әдептілік - әлемдік айдарынан мақал - мәтелдер, нақыл сөзден» (жарыс өткізу)
«Балалар елдің баласы сәнінен емес, Сәлемінен танимын» деген екен қариялар олай болса, сендерге сәлемдесу, амандасу жолдары туралы айтып берейін.
Ұлтына жанашыр азамат осыны нысана етуі тиіс. Әдетте бізді қазіргі оқушылардың тіпті көпшілік жерде өзін - өзі дұрыс ұстауды қойып, дұрыс амандаса да білмеуі.
Ұлдар үшін.
- Үйге үлкен адам келгенде орынан тұр.
- Одан кейін қос қолыңды ұсынып «Ассалаумағалейкум аға» несем «ата» деп алдынан шық.
- Келген адам жасы кіші болса кішісі ұмтылып қос қолын ұсынып амандасады. Әрине «Ағалейкум салам» - деп жауап беруі тиіс.
Қыз балалар үшін .
Әдепте, қазіргі кезде қыз балаға қойылар сын көп «Қызға қырық үйден тыю» дегендей қыз баланың тәрбиесіне ата-бабамыз көп мән берген. Қыз өссе «елдің көркі» деп тегін айтпаған. Ал қыздар мұндайда сәл ғана басын изейді. Жастар өздерінен үлкен адамдармен амандасқан кездк олардан гөрі төменірек иілгені жөн. Көпшілік орындарында сәлемдесу кезінде даурығу, орынсыз дауыс көтеру, өзімсініп сөйлеу жұрт үшін кері әсер ететінін ұмытпау керек. Сәлемдескен кездерде орынан тұрып, ізет білдіру - сыпайлықтың белгісі. Жас жігіттер жандарынан өтіп бара жатқан әйелмен не өздерінен үлкен кісімен амандасқанда, орнынан тұрып ізет білдіреді. Ал жас қыздар қастарынан адам амандасып өткен кезде ғана орынан сәл түрегеліп, әдеп танытады. Қыздар мен келіншектер де бөлмеге өздерінен үлкен әйел кіргенде орындарынан тұрады. Ал ер адам бөлмеге кірген кезде, егер ол кісі болмаса, қыздардың орынан тұруы қажет емес.
Халқымыздың дәстүрлерінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлінген.
Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі.
Біз қазақ атаны, ананы пір тұтқан хылықпыз. Сондықтан да тегімізді атадан, тілімізді анадан санған халқпыз. Қоқыт ата кітабында «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас» немесе «Қыз ақылды ескермес ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес әке үлгісін көрмесе» деп текке айтылмаған.
Ұлттық салт - дәстүрімізді білу, оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда әсіресе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. «Қыз тәрбиелей отырып - ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. Қыз баланың нәзік те қайратты, албырт та алғырт, ширақ та байсалды, сабырлы да төзімді болуына оның өте күрделі тәрбиесі ғана бағыт береді. «Қызым - үйде, қылығы түзде» дейді екен бұрынғылар. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен не болмаса «Қызды қырық үйден тыюмен» шектелмейді, мәселе қай кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып, белгілі бір кезеңді пайдалана білуде. Ата - ана қыз баланың бойындағы дара ерекшеліктерін жіті бақылап, ұлттық санасын оятып, ар-намысын қадірлеуге үйретуі міндетті. Қыздың бойындағы ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойына сіңеді. Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс-аяқты салдырлатпау, алдымен кіріп алдымен шығу, есікті теуіп ашпау, босағаны керіп тұмау, ұсынған кесені төмен қарап беру, үлкендерден жоғары отырмау т. б. тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, аяқ басысына, киім-киісіне, қимыл - қозғалысына, дауыс ырғағына дейін мән беріледі. Қыз жат жұрттық! Қыз - болашақ ана. Қыз бала оң жақта отырғанда - ақ келін болып түскенде атқаратын ауыр да ардақты міндеттерді, аттап өтеуге болмайтын әдеп инабаттылық талаптары жайында жақсы хабарлар болуы тиіс. Әсіресе қыз атасы, апа - жеңгелері үй шаруасына икемділік, іскерлік, жүріс - тұрыс сыпайлығы мен ширақтығы, әсемдігі жинақтылық пен тазалықты, өз бойын күту мен ашық қабақтылық, күйеуіне ілтипаттық пен қамқорлық, барған жерінің үлкендеріне ізеттілік, құрбыларымен татулық, сыйластық ықылас тәрізді келін инабаттылығының нәзік иірімдері туралы айтып қана қоймай, оларды білдіруге, меңгертуге күш салулары қажет. Киім тігу, дәмді тамақ пісіру, түйме қадап, жыртықты жамай білу сипатты істер келген жер үшін келіннің, күйеуі үшін - әйелдің қадірін асырады. Бұларды ұсақ - түйекке санаған адам қатты қателеседі. Өйткені отбасылық өмірдің сәнін кіргізіп, жылуын, қызығын молайтатын, мән -мәнісін арттыратын нақ осылар. Мұның ең маңыздысы - келешекте өзінің де ұл - қызын іске, өнерге үйрете алатын, өзі үлгі - өнеге көрсете алатын болуы.
Иә, әйел - отбасының ұйытқысы, бекересі, мейірі, шапағат көзі. Әйелдің еріне қарымқатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуы тиіс. Мұның өзі, бір жағынан үй ішіндегі әдептің бастау алатын көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс-қимылы, қас қабағы арқылы қалыптасады. Бүгінгі бойжеткен - ертеңгі асыл жар, аяулы ана. Қыз баланың ең құрметті борышы ана болу, бала тәрбиелеу. Баланың әдептілікке үйренуі алғаш оның ананы сыйлауынан, ана тілін алуынан көрінеді. Анасын сыйламаған бала халқын да сыйламайды, ол безбүйрек, қаныпезер, қайырымсыз болып өседі. Сондықтан, бұл тақырыпта от басында, балалар бақшасында, мектепте көп әңгіме болады, әсерлі тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Мектепте әдептілік (этика) туралы кеш жоспарлы түрде, арнайы дайындықпен өтеді.
Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер - білімді игеруі тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі - өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы», «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қонар» деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің текке кетпейтінін өсиет еткен. Өнер иесі күйшілер мен әшекей заттарды жасауды ұста - зергерлердің бәрі ұстазына еліктеп, өнер жолын қуған жандардан шыққан. Өз ұрпағының өнегелі, абзал азамат болуын өсуін армандаған ата-аналар балалары мен қолынан жетектеп тігінші, әнші, күйші адамдардың жанына апарып, солардың өнерін үйретуге зер салған. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, «Ұстазға қарап шәкірт өсер» деп халқымыз ұстазға үлкен жүк пртқан. Ұстазының өзіне ұқсаған талантты шәкірті болса, ол үлкен абырой, зор мақтаныш.
Мұның бәрі сергек, сезімтал, ақыл-ой парасаты мол жан - жақты білімді, өнегелі, өнерлі азамат болуын көксеуден туған. Халық педагогикасында тұрмыстық ереже болып, халықтық санасына сіңіп, салтына айналған әдет - ғұрыптардың тәрбиелік мәні арта бермек.
Ер намысы - халықтық салттың ең бір қалыптасқан заңф. Бала тәрбиеленіп, кісілікке жеткен соң, ол өз намысын қорғай алмаса ол азаматтық беделін жояды. «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді» деген мақал содан қалған. Ер бала әке жолын қуып, «әкеден де асып туып», қатарынан қалмай, алдына қойған мақсатарын абыроймен орындауға борышты: елін қорғау, еңбек ету, ата-анасын ардақтау, өнер үйрену, күш-жігерлі болу, айтқан сөзінде тұру, әділетті болу, біреуге жалынышты, кіріптар болмау, әйел адамды құрметтей білу, жасық болмау, т. б. ізгі қасиеттерді бойына сіңіру ер-азаматтың намысы, абыройлы ары. Әсіріесе, ұлттық дәстүрге сәйкес инабатты, иманды, ілтипатты болу ер жігітттің айнымас ары, бұлжытпай орындайтын заңды борышы. «Түрі жылыдан түңілме» деген сөз содан қалған. Халықтың үкімді заңын пір тұтқан ер - азамат «малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы» деп, арына адал болған.
Қыз абыройы - от басының, елдің болашағы босағаның беріктігі, өмірдің қызығы. Қазақ халқы «Қыздың жолы жіңішке» деп, оның абырой сақтауын қатаң қадағалап отырған. Қыздың абыройы оның ақыл - парасатына, инабаттылығына, махаббаты жоғары бағалауына, іске бейімділігіне, өнерпаздығына, білімдарлығына байланыстьы.
Қазақ халқы қызыдң абыройын жоғары бағалайды, оның абыройлы болуына, көбінесе ана жауапты деп қарап, анасын ардақтай білмеген қыз, өз абыройын да сақтай білмейді деп тұжырымдайды. Өз намысын қорғаған қыз есер жігітке кіріптар болмайды, есікті жігітке ес қосады. Қыз абыройлы болу үшін оның мінез -құлқы ибалы, иманды болу керек. «Қыз қылығымен жағады». Деген мақал содан қалған. Халық өсіп келе жатқан қыздың алдына өмірлік міндеттер қойып, оны орындауын - қыздың абыройы деп санаған: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабақ шытпай жүру, үлкеннің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, бала тәрбиесін білу ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан есе білу, кесте тігу, кілем тоқи білу т. б. іс-әрекеттер мен мінез-құлықтың қасиеттер иман жүзді, абзал жанды қыздың бойында болу керек деп есептеген. Баланы ер намысына, қыз абыройына сәйкес тәрбиелеу міндеті.
Әдеп сақтау (этикалық қалып) - қазақ халқының тарихи қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, әлеуметтік тәртіптің, борыш пен міндеттің заңды айғағы. Халық өмірлік практикада ешбір тыйым салусыз-ақ, өз қалауынан адамгершілік мақсат-мүддеге сәйкес әдептілікті, әдеп сақтау жүйесін қалыптастырған. Әрине, «Тауына қарай аңыы, заманына қарай заңы», «Әр елдің заңы басқа, иті бар қара қасқа» дегендей әдеп сақтаудың тариха, таптық, әлеуметтік ерекшеліктері де болған, ол қазақ халқының әдеп сақтау дәстүрі ешбір таптиы, ұлтты, нәсіл мен жыныс айырмашылықтарын алмайды. Онда релятивизм, абсолютизм, апититеза дегендер болмайды.
Әдеп сақтаудың әлеуметтік (қоғамдық) мәні зор. Әулет, әлеумет, қоғам мүшелері қалыптасқан әдептілікті бұзбауға міндетті. Әдептілікті бұзған адамға кез келген қоғам мүшесі (жасына, нәсіліне қарамай) өз пікірін айтуға, тыйым салуға ерікті, өйткені әдеп сақтау - әлеуметтік дәстүр.
Әдеп сақтаудың экологиялық мәні де зор. Әдепті адам табиғатты да қорғай білуге тиіс; Табиғаттың әсемдігіне, әдемілігіне кір келтірмеуге міндетті. Суды былғау, талды кесу, қайнардың көзін ашпау, жолдағы кедергі затты алып тастамау, құдыққа түкіру, нанды лақтыру - әдептілік емес. Халық ондай әдепсіздікті кешірмейді.
Әдеп сақтау - этикет , яғни мінез - құлық пен қарым-қатынастың қалыптасқан, халықтық ережесі. Ол ереже бұзылса, халықтың дәстүріде бұзылады ұлттық намысқа нұсқан келеді. Әдеп сақтау ұлттық рәсімге, тәртіпке, ережеге амалсыз бағыну емес сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу, атап айтқанда, адамгершілік борышты өтеу болып табылады. «Әдептілік - әдемілік» дейді халық. Әдеп сақтаудың психологиялық әсері де мол болды. Әдептілік имандылық, кішіпейілділік, көпшілдік деген сөз. От басында, әлеуметтік қарым-қатынастың негізі ретінде, әрбір адам әдеп сақтауды қатаң қадағалайды, әдептілікті бұзушылыққа жол бермейді, тәртіп сақтау үшін қалыптасқан ережені заң деп түсінуді талап етеді. Талап қою, әдептіліктің орындалуын талап ету - әулеттің бәрінің міндеті.
Балалар бақшасында «әдеп», «әдептілік» деген сөздер айналасында әңгіме, ойын ұйымдастырылады, ертеңгілік өткізіледі. Көшеде жүру, көпшілік ортасында болу, үлкенге орын бкішіге қамқорлық жасау, қарт адамды қадірлеу, ата - ананы ардақтау, жолдастық қарым-қатынас, сәлемдесу, табиғатты қорғау (тал тігу, гүлді күту, көгалды таптамау т. б. ) тақырыптарды тәрбиешілер әдеп сақтау жөнінде жоспарлы түрде тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Мектепте әдеп сақтау дәстүрі оқушылар ережесімен тәрбиелік жұмыстарымен байланыстырылады. Сынп жетекшісі «әдеп дегенді қалай түсінесіз, әдептілік деген не?», «әдеп сақтау адамгершілік» т. б. тақырыптарда сынып сағаты өтеді.
Әдеп сақтау жөнінде мектеп қабырғасында әсем безендірілген жарнамалар бала тәрбиесіне ерекше әсер етеді. Әдептілік жөнінде мектепте арнайы апталық ұйымдастырып, оның соңын жалпы мектептік кешпен ұштастыру қызықты өтеді. Әдеп сақтау кешіне ата-аналар қатыстырылады.
От басында, балалар бақшасында, мектепте әдептілік жөніндегі әңгімелер мен өлеңдерді оқып, ол туралы пікірлесудің мәні зор.
Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әдепттілігімен ардақаталды. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды от басында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандалыққа, инабатттылықа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. Ер балаларға ибалық жасап, үлкендерге жол беруді, олардың алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жадына «сіз» деген сыпайлық «сен» деген анайлық, «адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені», «кішіпейілділіктен кішіреймейсің», «жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкімді», «құдай деген құр қалмайды» деген қағидаларды үнемі уағыздаған. Халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп бала тәрбиелеуші ата-аналардың да өнегелі болуын талап еткен. Отбасының, қоғамның тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген, қыздың көркіне ақыл ой мен мінез-құлқының сай болуын қадағалаған. «Қыз өссе - елдің көркі» деу арқылы, инабатты, сымбатты қызды бүкіл ауыл-аймақ болып тәрбиелеуді меңзейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz