Ерте орта ғасырдағы қазақстан
Тақырыбы: Ерте орта ғасырдағы қазақстан
Жоспар:
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
1. Түрік қағанаты (552-603ж.ж)
2. Батыс Түрік қағанаты (603-704ж.ж)
3. Қарлұқ қағанаты (704-756 ж.ж)
4. Оғыз мемлекеті (ІХғ. соңы –ХІғ. басы)
5. Қимақ қағанаты (ІХғ. соңы –ХІ ғ. басы)
Мәдениеті
1) Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері
2) Архитектура және өнер (VІ-ІХ ғ.ғ.)
3) Түріктердің рухани мәдениеті
Қорытынды бөлім
Кіріспе бөлім
Бірінші кезеңде жерімізде Түрік, БатысТүрік, Түргеш, Қарлық, Оғыз,
Қимақ қағанаттары өмір сүрген. Бұрлардың әрқайсысының өз кезінде қоғамның
дамуына қосқан үлесі бар. Ол аталған қағандықтардың басынан өткізген ішкі-
сыртқы саяси жағдайынан, әлеуметтік, экономикалық және мәдени ахуалынан
көрініс тауып отырады.
Түрік қағанаты кезінде Византия, Иран сияқты елдермен байланыс жасаса,
Түргеш қағандығы Қытай елімен қарым-қатынаста болды. Бұл жағдай орта
ғасырларда қазақ жеріндегі феодалдық мемлекеттердің халықаралық аренаға
шыққанын көрсетеді. Ол қарым-қатынаста бір-біріне көмек, ынтымақтастың,
сауда мәселелері де шешімін тауып отырды.
Ал қалалық отырықшылық тіршіліктің дами түсуі көшпелі Түрік тілдес
тайпалардың отырықшылана бастауын тездетті. Тұрақты мекен-жайлар көбейді.
Ол қалалық мәдениеттің дамуына жол ашты.
Бұл кезеңде түрік тілі өркендеп, түрік жазуы ел арасында қанат жая
бастады. Түрік жазба әдебиетінің көшбасында болған Йолығтегін сынды
ғұламалар өздерінің тасқа қашап жазылған өшпес дастандарын қалдырды.
Негізгі бөлім
1. Түрік және түргеш қағанаттары (552 —756 жж.)
Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II—V ғғ.) Казақстан мен Орта
Азияның және Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір мөлшерде
өзгертті. V ғ. түріктілді теле (тирек) тайпаларының хисапсыз көп топтары
Солтүстік Монғолиядан бастап, Шығыс Еуропаға дейінгі ұланғайыр далаға кең
жайылып қоныстанады, оңтүстікте олардың қоныс-өрісі Амударияның жоғарғы
ағысына дейін жетеді.
VI ғ. Қазақстан жері аса қуатты мемлекет — Түрік қағанаты өкіметінің
қоластына қарайды, олардың билеушілері түрік тайпасының Ашындар әулетінен
шығып отырған. Қағанат ұйымдасқанға дейінгі түрік этносының өзінің құрылу
тарихына келсек, ол III ғ. VI ғ. ортасына дейінгі Ганьсу, Шығыс Түркістан
мен Алтай аймақтарында бірте-бірте сатылап құрылған.
Түрік атының тұңғыш рет аталуы қытай шежірелерінен кездеседі және ол
542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған. 546 ж.
Алтайда теле тайпасы қыруар әскерінің талқандалуы салдарынан түріктерге 50
мың үйдің келіп қосылуы себепті олар кәдімгідей күшейеді. 552 ж. көктемінде
түріктердің бастаушысы Бумын өздерінің билеушісі аварларға (Жуань-жуаньдар)
қарсы шығып, оларды ойсырата жеңеді. Осы мемлекеттің ойрандалған орнында
олар Түрік қағанатын құрады. Бұл этникалық-әлеуметтік Бірлестіктің атасы —
Бумын-қаған (553 ж. қаза табады) болады. Оның мұрагері Мұқанқаған (553—572)
билік құрған жылдарда Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие
болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады,
бұларға Солтүстік Қытай мемлекеті алым-салық төлеп тұрады.
Отырықшы тайпалар байлығына ие болу үшін түріктер Орта Азияға қарай
ұмтылады. Бұл арада олар қарауындағы жерлері Каспий теңізінен Солтүстік
Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан эфталиттермен
кездеседі. 561—563 жж. түріктер Иранмен офталиттерге қарсы одақ құрады. 564
ж. Иранның шахы Хосроу Ануширван (531—579 жж.) эфталиттерден аса маңызды
стратегиялық Тохарстан облысын тартып алады. 587 ж. Бұқара түбінде түріктер
эфталиттердің негізгі күшінің күл-талқанын шығарады. Иран мен Батыс түрік
қағанатының саяси ықпал жасау аймақтарының шекарасы Амудария болады.
Түріктер мен олардың билігінде болған соғдылар Византиямен тікелей
сауда байланысын орнатуға ынтызар еді. Иран бұған кедергі жасайды. 568 ж.
соғды көпесі Маниах түрік қағанының елшілігін Константинопольге бастап
барады, онда екі ел арасында сауда келісімі және Иранға қарсы әскери шарт
жасалады. Парсылар империя мен қағанаттың өзара одақ құруына мейлінше қарсы
болады. Иран түріктерге жыл сайын 46 мың алтын теңге салық төлеп тұруды
және олардың сауда-саттығына кедергі жасамауды міндетіне алады. Осыдан
кейін түрік әскері Амударияның арғы бетіне әкетіледі. Бұл жәйт византия-
түрік одағына әсер етеді. 571 ж. Истеми Терістік Кавказды алып, Боспорга
(Керчь шығанағына) шығады. Оның ұлы Түріксанф Керчіні басып алып, Кырым
жеріне енеді (576 ж.), бірақ көп ұзамай жарты аралдан кетіп қалады. Өзара
қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған
Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 ж. Боспорды
қайтадан жаулап алады.
Түрік қағанатындағы өзара қырқыс кезеңі (582—593 жж.) 603 ж. Батыс
түрік қағанатының бөлініп шығуымен аяқталады, Шығыс Түркістанның көгалды
аймақтарынан бастап Амударияға, Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына
дейін созылып жатқан байтақ жер осынау Қағанат карауына көшеді.
2. Батыс түрік қағанаты (603—704 жж.). Қағанаттың этникалық саяси өзегі
он тайпа (он оқ будун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейінгі
аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды. Шу өзенінің шығыс жағында
дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес тайпалы нушебилер тұрып
жатты. Суяб қаласы (Қырғызстандағы Тоқмақ қаласы маңында) елдің астанасы
болды, ал қағанның жазғы ордасы Мың бұлақ (Түркістан қаласы жанында) еді.
610—618 жж. Жегуй-қаған мен оның інісі Түнжабғы қаған (618—630 жж.) билеген
кезде қағанаттың күш-қуаты таси түседі. Тохарстан мен Ауғаныстанға жасалған
жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік-батысына дейін
жылжытып кеңейтеді.
Қағанат шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі әдісі басыңқы және
отырықшы — егіншілік түрі қоса жүргізілетін бірегей жүйесі болып табылады.
Қала мен дала қағанат құрамындағы біріккен әлеуметтік-саяси ағзаның бір-
біріне аса қажет, бірін бірі толықтырып отыратын бөлшектер еді. Елдің халқы
— түріктері де, соғдылары да — бәрі бірдей сауда-саттықпен, қолөнер
кәсібімен, егіншілік және мал өсірумен айналысып отырған.
Қағанаттағы бірінші тұлға — жоғарғы билеуші-басқарушы, әскери бастық,
бәлкім, күллі жердің қожасы да — қаған болған.
Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар — жабғы, шад және елтебер Қаған әулетіне
ғана тән атақтұғын. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарған.
Қағанаттың негізгі халқы мал өсіретін ерікті Ұсақ қауым мүшелері болған
оларды қара будун — (қара халық, тобыр) деп атаған. Әлеуметтік жағынан
тайпалар — ақ сүйек және вассал (бағынышты) тайпалар болып бөлінген.
Бағыныштылар әманда алым-салық төлеп отырған. Түріктердің көрші тайпалар
мен халықтарға шапқыншылық жасағандағы мақсатының бірі — құлдар әкету
болған.
Жаулап алынған жерлерде негізінен олардың әлеуметтік, экономикалық және
мемлекеттік құрылысы сақталған, бірақ қағанның орынбасарлары — тудундар
алым-салық жинау және оны қаған ордасына жіберіп отыруды қадағалаған. Батыс
түрік қағанатында таптардың пайда болу процесі және ерте феодалдық қоғамдық
қатынастардың құрылуы жедел жүріп жатты.
Қарауындағы халықтар мен тайпаларды ұдайы бағынышты етіп ұстап отыруға
Батыс түрік қағанаты Орталық өкіметінің әскери-саяси ресурсы жетіспейтін
болып шықты.
Қағанат ішінде өзара тартыс үздіксіз жүріп, билеушілер жиі-жиі ауысып
жатты, бұл ыдыраушылықты асқындырып жіберді. Он алты жылға созылған
тайпалар арасындағы соғыс пен әулеттік ішкі қырқыстар (640—657) Жетісуға
Тан империясы әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеліп соқты. Тан
губернаторлары Батыс түрік тайпаларын қаған әулетінен өздері қалап қойған
сыбайластары арқылы басқаруға тырысты. Алайда түріктердің Тан
басқыншылығына және олардың сыбайластарына қарсы жүргізілген тынымсыз
күресі түргештердің күшейіп көтерілуіне, сөйтіп 704 ж. Жетісуда олардың
саяси жетекші күш болып шығуына себепші болды.
3. Түргеш қағанаты (704—756 жж.) Арабтар жаулаушылығы басталған кезде
Қазақстан және Орта Азияның басым бөлегі Батыс түрік қағанаты өкіметінің
билігінде болатын. Арабтарға қарсы күрес жүргізу ісінде Жетісуда өкімет
басына келген түргештер бірінші орынға шықты, олардың билеуші әулетінің
атасы Үш-Елік қаған (699—706 жж.) болды. Ол Жетісудан Бөрішадты қуып шығып,
Ташкенттен бастап, Тұрфан мен Бесбалыққа дейін көсіліп жатқан байтақ жерде
өз өкіметін орнатты. Ол Ордасын Шу бойындағы Суябқа орналастырды. Оның
екінші ордасы Іле өзені жағасындағы Күңгіт қаласында болатын. Үш-Елік қаған
елді 20 түтуктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері бар
еді.
705 ж. арабтар шауып кету тактикасынан бас тартып, Амударияның шығыс
жағындағы Мауараннахр облыстарын басып алуға кірісті. Хорасанның уәлиі-
орынбасары Кутейба ибн Муслим Балхты жаулап алып, 706 ж. Бұхараға таяу
жердегі Пайкентке қарай беттеді. Түргештер дереу соғдыларға көмекке келді.
Түріктер мен соғдылардың бірлескен қолы араб әскеріне ойсырата соққы берді.
Кутейба ибн Муслим әккілік жолымен одақтастарды алдап, оларды бір-біріне
айдап салып, өзі қоршаудан құтылып кетеді. 709 ж. Кутейба тағы да
Мауараннахрға аттанып, Бұқар маңына дейін жетеді, Түрік-соғды одағы араб
әскерше талай рет аяусыз соққы береді. Алаяқ Кутейба тағы да алдау-арбау
тәсілін қолдамып, соғды патшасы Тархунды түріктер көмегін алудан бас
тартқызады, соның салдарынан араб әскері Бұқарды басып алады.
Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-
қаған (706—711 жж;) таққа отырады. Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік
болмайды. Мемлекеттің сыртқы-жағдайы да аса қиын еді. Олар батыста
соғдылармен бірге арабтарға қарсы табанды күрес жүргізіп жатты оңтүстікте:
бұларға Тан әулетінің әскері зор қауіп төндіріп тұрды, ал шығыс жағынан
Орталық Азия түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктер қағаны Қапаған
711 ж. Болучу түбінде (Жоңғария) өткен соғыста түргештерді күйрете жеңеді.
Шығыс түрік әскері батысқа беттеп бара жатып, Сырдариядан көктей өтеді. Сол
кездегі араб уәлиіне қарсы самарқандықтар және Орталық Азия түріктерінің
қағаны көтеріледі.
Бірақ Кутейба дәл мерзімінде келіп, араб гарнизонын талқандалудан
сақтап қалады. 712—713 жж. арабтармен күреске тастүйін болып түріктер мен
соғдылардың, шаштықтар мен ферғаналықтардың бірлескен қолы шығады. Бұған
жауап ретінде Кутейба қалың әскер жинап, Ферғана мен Шашқа (Ташкент)
аттандырады. Шаш маңындағы қыстақтардың көбі рақымсыз өртеледі.
Түргештердің Орта Азия халықтарымен одағы арабтардың Мауараннахрдағы
билігіне қандай қауып төндіретінін жақсы түсінген ол 714 ж. Исфиджабқа
жорық жасайды.
Түргеш қағанатының ішкі саяси жағдайы бірнеше жылдар бойы байыз таппай
құбылып тұрғанды, бірақ Сулық-қаған (715—738 жж.) таққа отырғалы бері ол
күшейе түскен еді. Әскери-әкімшілік билік қара түргештердің қолына тиіп,
олардың ордасы Таласқа (Тараз) көшірілген болатын.
Айлакер елші және тамаша қолбасшы Сулықтың екі майданда бірдей күрес
жүргізуіне тура келді: батыстан арабтар елеулі қауіп төндірсе, шығыстан Тан
сарайы Шығыс Түркістанда орнығып алған батыс түрік қағандары әулетінің
таққа таласушы жұрағаттарын қолдап отырды. Елшілік жолымен (неке байланысы)
және әскери шаралар арқылы Сулық шығыстан келетін қатердің алдын алып,
болдырмай тастады, бұл түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне жағдай
туғызды. 723 ж. Ферғана қарлықтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып,
түргештер арабтарды оңдырмай жеңеді. Түргештер қағаны Сулық арабтарға
қарсы жанқиярлықпен батыл қимылдайды, сол үшін арабтар оны Абу Мұзахим
(Сузеген) деп атайды. Тек 732 ж. соңында ғана араб уәлиі түргештерді
талқандап, Бұқарға кіреді. 737 ж. Сулық арабтарға қарсы жорыққа шығып,
Тохарстанға дейін жетеді, бірақ ұзамай жеңіліп қалады. Суябқа қайтып
келгеннен кейін оны өзінің қолбасшыларының бірі Баға-Тархан өлтіреді.
Сулықтың қазасынан кейін сары түргештер мен қара түргештер арасында
өкімет билігін алу жолындағы ұзақ күрес-тартыс басталады.
746 ж. Жетісу жеріңе Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар қара Құрымдай
қаптап келіп қоныстанады. Ішкі күрес-тартыстан, ені сияқты арабтармен
болған ұзақ айқастан түргеш қағандары бұрынғы. Құдырет-қуатынан айырылып
қалған еді, сол себепті де олар Қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете
алмады. Осы аймақта белсенді саясат жүргізіп жатқан Қытай империясы бүл
жағдайды өз пайдасыма асыра қояды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилері өз
әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алып ойрандайды, Шаштың
иесі дарға тартылады. Оның баласы көмек сұрап, арабтарға барады. 751 ж.
Тараз жанындағы Атлах қаласы түбінде аббасидтердің әскербасы Зияд ибн Салих
пен Қытай қолбасшысы Гао Сяньжи арасында орасан зор арпалыс болады. Айқас
бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар
көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытай әскері толық күйретіледі.
Атлах түбінде соғыстың Жетісу мен Мауараннахр халықтары тағдыр-талайында
үлкен тарихи мәні болады. Тан әскері енді Жетісу шебін ғана емес, ұйғырлар
мен тибеттердің қысымымен Шығыс Түркістанды да тастап кетуге мәжбүр болады.
Талас алқабында арабтар да табан тіреп тұралмай, Шашқа шегініп кетеді.
Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден туралатып тастаған еді, сол
себепті де ол 756 ж. түрік тілді қарлұқтар тайпаларының тегеурінді
шабуылына шыдамай құлап бітеді.
Түргеш қағанаты Батыс түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери
және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерін жалғастыра берді, шын мәнісінде ол сол
қағанат тарихының соңғы қезеңін құрайды. Көшпелі және жартылай-көшпелі
түрік тайпалары Батыс түрік қағанатының ойрандалған орнында төрт бірдей
құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі
мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-әлеуметтік бірлестік
пайда болады: Сырдарияның төменгі және орта аясының бойын, Арал өңірі
даласын Оғыз мемлекеті жайлады, ал Қазақстанның Солтүстік, Шығыс және
Орталық аймақтарында, астанасы орта Ертісте болған, Қимақ мемлекеті дүниеге
келеді, Батыс түрік қағанатының байырғы жері — Жетісудың мұрагері болып
қарлұқтар қала береді.
4. Қарлұқ мемлекеті (756—940 жж.)
Қарлұқтар туралы бұлақ деген атпен мәлім болған алғашқы деректер V ғ.
жатады. Ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштері үш қарлұқ
(қарлұқтардың үш тайпасы) атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы
арасын қоныс еткен көшпелі тайпалардың қуатты одағына да таратқан. VII г.
орта кезінде қарлұқ бірлестігінің құрамына ірі-ірі үш тайпа—бұлақ, шігіл
(себек) мен ташлық кірген. Қарлұқ тайпаларының көсемдері Елтабар деп
аталған.
742 ж. Монғолия даласындағы саяси жетекшілік шығыс түріктерінің
өкіметің қиратқан үш тайпаның — қарлықтардың, ұйғырлар мен басмалдардың
одағына көшеді. Аз уақыт басмалдардың бағы жанады — олардың көсемі қаған
болады. Қарлұқтар басшысы мен ұйғырлардың жетекшісі жабғы атағын алады.
Алайда 744 ж. басмалдарды ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күші күл-
талқан етеді. Орталық Азияда жаңа мемлекет-ұйғыр қағанаты (744—840 жж.)
пайда болады. Ұйғыр тайпаларының басы жоғарғы қаған болады да, қарлықтар
көсемі оң (батыс) жабғы атағын алады. Дербес тұруға ұмтылған қарлықтар
ақырында ұйғыр қағанатынан бөлініп кетеді.
VIII ғ. орта кезінен бастап, қарлұқтар мен оғыздар арасында түргештер
мұрасын иемдену жолындағы тартыс етек алады, олардың қалың-қалың топтары
Ыссық кол мен Талас облыстарына тарап кеткен еді. Осынау текстірес әсерінен
оғыздардың негізгі бөлегі Жетісу жерінен өтіп, Сырдария өңіріне кетіп
қалды.
766 ж. түргеш қағандарының қос ордасы - Тараз бен Суябты қоса, бүкіл
Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Карлұқтар қам-харекетімен ерте
феодаддық мемлекет құрылады. Қарлұқтар бір тынбастан шекараларын қеңейте
береді. 766—775 дж. қарлұқтардың бір бұтағы Қашғарияны басып алады, ал VIII
ғ. аяқ кезінде олардың өзге бір тобы Ферғанаға ықпалын жүргізе бастайды.
Жетісу территориясында қарлүқ тайпаларының саяси бірлестігі құрылады.
Араб және парсы деректеріне жүгінсек, IX—X ғғ. қарлұқ бірлестігі толып
жатқан рулық-тайпалық топтардан құралады. Мысалы, араб жағрафияшысы Әл-
Марвази (XII ғ.) қарлүқтар құраұмында тоғыз тайпа болған дейді. Қарлұқ
конференциясына Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның: түхси, шігілдер,
әзкіштер, түргештер, халаджылар, чаруктер, барысхандар сияқты көшпелі және
жартылай көшпелі түрік тілді тайпалары енген. Қарлұқтардың қоластындағы
халықтар этникалық жағынан бір тектес болмаған, олардың ішінде иран тілді
соғдылар, Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдерінен ауған келімсектер бар
тұғын.
VIII— X ғғ. қарлұқ мемлекетінде отырықшы-егінші тұрғындарды
түріктендіру процессі қызу жүріп жатты,
VIII—X ғғ. қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап,
Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең көсіліп жатқан территориясын қоныс
етеді, Балқаш пен Ыссық көлдер арасында Іле, Шу Талас өзендері бойында, Тән-
шәннің сілемдерінде, Исфиджаб облысындағы ортағасыр қаласы Отырарға дейін
еркін көшіп-қонып жүреді. Араб жағрафияшысы Ибн Хаукалдің (X ғ.) мәліметіне
қарағанда, қарлұқтар жерінің Батысынан шығысына дейін жету үшін 30 күн
жүру керек екен.
Қарлұқтар мен ұйғырлардың шығыстағы VIII ғ. аяғы мен IX ғ. бас
кезіндегі бәсекелі талас-тартысы қарлұқтардың жеңіліп, Монғолиядағы ұйғыр
қағанының жоғарғы билігіне мойын сұнуымен аяқталады. Қарлұқтар батыста
Мауараннахрдың араб жаулаушыларымен жан аямай күреседі. IX ғ. бас кезінде
арабтарға қарсы бағытталған әртүрлі қимыл-әрекеттерді белсене қолдайды. 810
ж. арабтар қарлұқтарға шапқыншылық жасап, Құлан қаласына (кәзіргі Луговой
стан.) дейін жетеді. 812 ж. олар Отырарға жортуылға шығып, қарлұқтар қолын
қирата жеңіп, олардың жабағысын қимақ еліне қашып кетуге мәжбүр етеді. IX
ғ. 20 жж. бастап Мауараннахрда жергілікті саманилер әулеті билік жүргізеді,
ол Бағдаттағы араб халифына сырттай ғана тәуелді болып есептеледі.
840 ж. Орталық Азия даласында аса маңызды оқиға болады: Енисей
қырғыздары ұйғыр қағанатын жойып, ұйғырларды Тұрфан көгалды аймағы мен
Ганьчжоу ауданына еріксіз көшіреді. Бұл оқиғаны Исфиджаб билеушісі, қарлұқ
жабғысы Білге Күл Қадырхан шебер пайдаланады да, жаңадан қаған атын алып,
өзінің жоғарғы өкіметті алуға қақы бар екенін ашықтан-ашық жариялайды. Тап
со жылы қарлұқ қағанының саманилерге қарсы соғыс жүргізуіне тура келеді,
өйткені Самарқант уәлиі дінсіз түріктерге қарсы қасиетті соғыс ашылды деп
жар салады да, Исфиджабты басып алады. 893 ж. самани Исмаил ибн Ахмет
Таразға жорық жасайды. Қарлұқ қағаны Оғүлшақ Қадырхан қаланы ұзақ уақыт
қамап қоршаса да шыдайды, бірақ ақырында қала құлап, оның халқы ислам дінін
қабылдайды. Оғұлшақ өз ордасын Тараздан Қашғарға көшіреді де, Саманилерге
қарсы соғыс әрекеттерін жүргізе береді. Бұған қоса Жетісу түріктері
Саманилердің қысымына той-тарыс беріп қоймай, олардың мемлекетіне жортуыл-
жорықтар да жасап тұрды. 904 ж. Мауараннахрға түріктің қалың әскері басып
кіреді, бірақ олар біраздан кейін тықсырылып шығарылады.
Оңтүстік Қазақстан жерінің Қарлүқ қағанатына кіретін азғана бөлшегінде
ғана араб өктемділігі орнайды. Фараб, Исфиджаб, Тараз сияқты қалалар саяси
күрестің небір қиын-қыстау кездерінің өзінде, ерте орта ғасыр дәуіріндегі
араб тарихшыларының айтуынша, арабтар үшін тынышсыз жерлер болып қала
береді. Арабтардың жаулап алуы халифат қоластындағы территориялардың
әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірінде, ондағы этникалық,
тілдік процестерде белгілі із қалдырады.
Қарлұқтардың мемлекеттік құрылымының бір сипаты — онда еншілік тайпалық
жүйенің дамыған түрі бар болатын, бұл әрине басқарудың орталықтанған
түрінің бекуіне жәрдемін тигізбеді. Қарлұқ жабғылары билігінің аты болмаса,
заты жоқ тұғын. Ірі-ірі тайпалар басында тұрған, енші жер-суы бар
билеушілер өздерінің жартылай дербес, ал шын мәнінде тәуелсіз иеліктерін
күшейтіп, нығайтуға ұмтылып отырды. Тайпаның текті кісілерінің көп
артықшылықтары бартұғын және олардың мұрагерлік сипаты болатын. Қарлұқ
мемлекетіндегі басқарудың әскери-әкімшілік жүйесі — олардың көшпелі және
жартылай көшпелі тұрмыс-салтының ерекшелігін көрсететін.
Әлеуметтік және жіктік теңсіздік қарлұқ қоғамының негізгі өзегі
болатын. Байларға ілесе кедейлер жүретін, қауымның ешбір хұқы жоқ тобы —
құлдар еді. Алайда халықтың негізгі бұқарасы қоғамның қатардағы мүшелері
еді, олар көбінесе малы мыңғырған қамқоршы байларға экономикалық жағынан
кіріптар болып қалатын. Өктемдік жүргізетін ақсүйек билеушілердің қатал
иерархиялық жүйесі айдан анық көрініп тұруымен қатар, қарлүқ
конфедерациясының рулары мен тайпалары да өзінің әлеуметтік маңыз-мәніне
қарай бөлініп-жарылатын.
Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен
құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болатын. Худуд әл — алам
бойынша қарлықтар елінде 25 қала мен қыстақ болған, олардың ішінде: Тараз,
Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балиг, Барысхан, Сыйкөл, Талғар, Тонг,
Пенчуль т. б. бар екен. Қарлұқтардың астанасы және олардың көптеген
қалалары Ұлы жібек жолы бойында түрған, ал бұл жолдың Қазақстанның
оңтүстігі мен Жетісу үшін елшілік және сауда-саттық желісі ғана емес, сол
сияқты мәдени және рухани байланыстар арнасы ретінде де орасан зор маңызы
болған.
Дегенмен қарлұқ қағанаты өз қолына баянды экономикалық байланыс жүйесін
қондыра алмаған. Ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену
жолындағы талас-тартыс оның береке-құтын қашырады. Міне осындай қиын
жағдайда шын мәніндегі қауып-қатер Қарлұқ қағанатына Қашғар жағынан келеді.
940 ж. олар Баласағұнды басып алады да, қарлықтар мемлекеті құлайды.
5. Оғыз мемлекеті (IX—XI ғғ. басы)
VIII ғ. орта кезінде түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте
оғыздардың едәуір бөлегі Жетісуды тастап, тау баурайлары мен Шу алқабына
кетіп қалған болатын. Осы арада олардың Көне Гузия деп аталатын ордасы
бартұгын. IX ғ. бас кезінде оғыздардың көсемдері қарлұқтармен және
қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп
Сырдарияның теменгі жағы мен Арал өңірі даласын басып алады. IX ғ. соңғы
кезінде олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ
арасын қоластына қаратады.
Печенегтермен ұзақ уақытқа созылған күрес-тартысы олардың саяси
бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға себепші болады.
Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-еуропа
және финн-угор тектес ежелгі (негізінен түріктендірілген) этникалық
компоненттері және сонымен бірге Жетісу мен Сібірдің: халаджылар, жағарлар,
чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар, қайлар секілді көшпелі және
жартылай көшпелі тайпалары да кіреді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының
құрылуы ұзақ және күрделі процесс болады. Әу баста оғыз тобының өзегі
Жетісуда ұйымдасады, алайда батысқа қарай жылжу барысында Оңтүстік және
Батыс Қазақстан жерінің көшпелі және жартылай отырықшы халқының есебінен
едәуір дәрежеде толығады.
Оғыздар көптеген рулық тармақтары бар бірсыпыра тайпаларға бөлінетін.
Махмүд Кашғаридың айтуынша (XI ғ.), әуелгі кезде олар 24 тайпадан құралып,
екі фратрияға: бұзұқтар мен ұшұқтарға бөлінеді. Бұзұқтар көптеген
артықшылықты пайдаланған. Осынау екі топтың әрқайсысына 24 тайпа енген,
олардың өзі тепе-тең екі бөлімге бөлінген. Оғыздардың қарлұқ, печенег,
башқұрт, қимақ, қыпшақ сияқты түріктілдес көрші тайпалармен, қауымдармен
тығыз байланыста болуы — уақыт өткен сайын олардың өзара жақындасуына жол
ашады.
IX ғ. аяғы мен XI ғ. бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта
ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең территорияны мекендейді.
Оғыздардың қоныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларында,
Сырдариялық Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегіне дейін жайылып, шашырап
жататын. Олар Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойында, Арал өңірі мен
Шығыс Каспий аймағында шоғырланып қоныс тепкенді. Оғыз тұрақтары мен
бекіністерінің шекарасы Оңтүстік Орал мен Төменгі Еділ бойына дейін
жететін. Оғыздар жер иеленетін отырықшы облыстармен, Хорезммен,
Мауараннахрмен және Хорасанмен шектесіп жататын.
X ғ. сонау Хазарияға дейін созылып жататын ұлан дала, сол сияқты
Солтүстік Каспийдің құла түзі, Орталық, Заунғыз, оңтүстік шығыс Карақұм
шөлі мен Арал аймағының Қызылқұмы Оғыз сахарасы деп аталатын. Оғыздар
мемлекеті жөніндегі алғашқы деректер IX—X ғ. басында жазылған араб
тіліндегі тарихм-жағрафиялық шығармаларда келтіріледі. Оғыздар мемлекетінің
бар екендігі жайлы ең ескі хабардың бірі ол-Якубидің (IX ғ.) туындыларында
айтылады. Араб жағрафының куәлік сөзінің қызық болатын бір себебі-оның
оғыздарды еске ала кеткені ғана емес, олардың түрік тайпалары —
қарлұқтармен, тоғыз оғыздармен, қимақтармен жүргізген соғыстарын да хатқа
түсіргені. IX—X ғғ. оғыздар тайпалары туралы қызғылықты мәлімет Ибн-әл-
Факихтың (X ғ.) жағрафиялық еңбегінде кездеседі, онда оғыздар — қимақтармен
және тоғыз оғыздармен бірге патшалар (малик) болып табылады және түріктер
арасында өзгелерден гөрі көбірек құрметтеледі — деп хабарланады.
Орта Азия мен Шығыс Европаға және Орталық Азияға баратын керуен
жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы X ғ. оғыз мемлекетінің
астанасына айналады. Жабғы атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің
басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған.
Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге беріліп отырған. Оғыз хандарын сайлау
кеңестерде өткізіледі екен бұл әлгі әскери демократия дәуіріндегі халық
жиналыстарының өзгертілген жұрнағы еді. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің
сюбши деп аталатын бас қолбасшысы маңызды рөл атқарған.
IX — X ғғ. оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпалық институттардың азып-
тозу процесі мігірсіз жүруімен бірге, патриархалды-феодалдық қатынастар да
дамиды. X ғ. аяғы мен XI ғ. бас кезінде Сырдария жабғысынын мемлекетінде
алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі жүмыс істеген, бұл
мемлекетте тұрақты басқару аппаратының құрылғанына дәлел бола алады.
Оғыздар қоғамында жеке меншік қалыптасып дами бастайды; ақсүйек байлар
тобы жеделдете бөлініп шығып жатады. Малға жеке меншік-мүліктік
теңсіздіктің негізі болып табылады. Бай ақсүйектермен бірге қауымның
қатардағы мүшелері, кедейлер мен? құлдар бұқарасы тіршілік етеді.
Оғыздардың басты шаруашылығы интенсивті түрде мал өсіру болады.
Көшпелілермен қатар елде жартылай отырықшы және отырықшы жұрттың
жинақты топтары да күн көрген. X — XI ғғ. ортағасырлық авторлар қалалар мен
отырықшы қыстақтар қатарында Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығнақты
атап өтеді. Малынан айырылған көшпелілер отырықшы тірлігіне ауысады.
Олардың басты кәсібі енді егіншілік пен қолөнері болады. Оғыздардың көшпелі
даласы Мауараннахр, Хорезм мен Жетісу сияқты, егіншілігі дамыған көгалды
аймақтармен тығыз байланыс жасап тұрған. Дала мен отырықшы-егіншілік
зоналарында құл саудасы кеңінен жайылады. IX ғ. Хорасанның билеушілері жыл
сайын Бағдат халифтарының сарайына екі мың оғыздық құлды жөнелтіп, отырған.
Оғыздар негізінде мәжусилер болған, бақсы-балгерлерге табынған. Сонымен
бірге оғыздар арасына бірте-бірте ислам діні де ене бастайды.
Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси жоне әскери тарихында маңызды рөл
атқарады. 965 ж. олар Киев Русымен одақтасып, Хағзар қағанатын талқандайды.
X ғ. орта кезінде хазарлар Шекарасы Каспий теңізінің солтүстік шығыс
жиегіне жеткен еді. 985 ж. оғыз жартысы орыс кінәздарымен бірлесіп, Едіт
Булгариясын ойрандайды, Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуатының
өсуіне жол ашады.
X — XI ғғ. шебінде оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды, оған алым-
салықты жыртқыштықпен аяусыз жинауға наразылық білдірген оғыз тайпаларының
көтерілісі себеп болады. Оғыздың тарихи аңыздарына сүйенсек, ол X ғ. орта
кезінде немесе оның екінші жартысының бас кезінде өкімет басына келген
Әлиханның билік құрған кезіне жатады. Жабғының өкімет мүддесін ғана
кездеген бір жақты саясатынан туған халық наразылығын, Жент маңына X ғ.
орта кезінде келіп қоныстанған салжықтардың көсемдері пайдаланады. Салжық
көсемдері Янгикенттің оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап. Жент
қаласын басып алады, бірақ ұзақ ұстап тұра алмайды. Көп ұзамай олар Жент
облысының жерін тастап кетуге мәжбүр болады.
Сол кездері Әлиханның мұрагері Шахмәлік күшейіп шыға келеді. Оның
тұсында мемлекеттің күшейіп кеткені сондай, 1041 ж. оғыздар Хорезмді жаулап
алады. Алайда арада екі жыл өткеннен кейін оғыздар жабғысы ішіндегі ең
соңғы белгілі ханы Шахмәлік салжықтардың қолына тұтқын болып түседі де,
қатал жазаланады.
Салжықтармен жүргізілген ұзақ жылғы соғыстар мен соқтығысулар оғыздар
жабғысының бірлестігін қатты қансыратады. Ішкі терең қайшылықтардан қатты
әлсіреген жабғы мемлекеті қыпшақ тайпалары көсемдерінің соққысынан
біржолата құлайды. Қалың оғыздың тұтас бір бөлегі қыпшақтар қысымына
шыдамай, Шығыс Еуропа мен Кіші Азия шебінен асып кетеді. Оғыздардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz