Халықтық педагогика - ұлттық тәрбиенің негізі


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж.
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Халықтық педагогика- ұлттық тәрбиенің негізі»
Орындаған: Авил Лена
Бөлімі: қазақ, №53
Мамандығы:Бастауыш жалпы білім беру
Жетекші : Құлмағанбетова Т. С
Петропавл қаласы, 2009 жыл
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлімХалықтық педагогиканың тәлім тәрбиедегі маңызы мен қағидалары. Халықтық педагогика - этнопедагогиканың арғы атасы. Халықтық педагогикадағы халықтық дәстүрлер мен салт - сана, рәсімдердің орны. Халықтық педагогикадағы халық ауыз әдебиетінің ерекшелігі. Халықтық педагогикадағы ұлттық ойындар. Қазақ ғұламаларының халықтың педагогикадағы көзқарастары мен еңбектері.
- Практикалық бөлім.
- Қорытынды.
- Қолданылған әдебиеттер.
I. Кіріспе.
Халықтық педагогиканың саласы мол, ол мазмұнды да әр тарапты болып келеді. Оны халықымыз үзбей тәлім - тәрбие ісіне пайдаланып келеді. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету - борышымыз.
Курстық жұмыстың мақсаты: Халықтық педагогикадағы ұлттық тәлім -тәрбиенің рөлі мен маңызын анықтау. Бастауыш сабақтарында халықтық тәлім тәрбиесін қолданудың маңызын айқындау және дәлелдеу.
Болжам: Халықтық педагогикадағы тәлім тәрбиені информатика сабақтарында қолданудың маңызды екенің дәлелдеу.
Зерттеу заты: Халықтық педагогикадағы тәлім тәрбиенің маңызы.
Зерттеу объектісі: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Тауағаш орта мектебі.
Бүгінгі таңда халықтық педагогикадағы тарихи - педагогикалық зерттеулерде халықтық педагогика анықтамасына бірнеше көзқарас қалыптасқан. Атап айтқанда: - “тәрбие жөніндегі халықтық білім тәрбиесі халықтық педагогикасының зерттеу негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, отбасы тәрбиесінің тәжрибелері т. б. жатады. ”
(Қазақ Совет энциклопедиясы, II том, 591 - бет)
- “халық қалаған жеке адам саналарын дамыту мақсатында қолданған тәрбиелеу мен оқыту, педагогикалық дағдылар мен тәсілдер мақсаттарының, міндеттерінің жиынтығы және өзара байланысы”, ол “тәрбие мәселелері жөніндегі эмпирикалық мәліметтер мен білімдер жиынтығы”, ол ауызша тарайды және “өзіне жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі практикалық қызметін де қамтиды” (Волков Г. Н. ) т. б.
Халықтық педагогикада маңызды сала ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүр болып табылады, олар педагогикалық білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды ғана баянды етіп қоймай, сонымен бірге олардың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыруына жәрдемдескен.
2. 1. Халықтық педагогиканың тәлім - тәрбиедегі маңызы мен қағидалары.
Халықтық педагогикалық мақсаты - жас ұрпақты ата-бабалар тәжірибесінің ең жақсы мұраттарына тәрбиелеу.
Халық педагогикасын пайдалану ісі одан әрі жалғасады. Ал енді этнопедагогикаға келер болсақ: этнопедагогикасының зерттеу объектісі - халық педагогикасы. Халық педагогикасы халықтардың ғасыр бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген тағылымдарының байланысты тәжірибесінің эмпирикалық жиынтығы.
Ал этнопедагогика халық педагогикасының ұрпақ тәрбиеленудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың әдіс - тәсілдерін теориялық тұрғыдан сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы.
Этнопедагогиканың мақсаты: халықтық салт - дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу. Осы жоғарыдағы мәселелердің барлығына негізгі бөлімде толығымен қарастырамыз.
Барлық ұлттардағы секілді, қазақтардың халықтық педагогикасының да өзіне тән ерекшеліктері, өзіндік белгілері бар, олар халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне замандарда-ақ халықтың көркемдік шығармашылығының белгілі үлгілерін дүниеге келтірген өкілдері: білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған, мұны халық фольклорының бастау көздері айғақтайды. Өз көзқарастары мен қызметінде олар халық тәрбие туралы белгілі бір дәстүрлі дүние-танымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман-тілектеріне сүйеніп отырған. Өздерінің педагогикалық ой-пікірлері мен нақты іс-әрекеттерін олар да, сондай-ақ олардың замандастары мен ізбасарлары да жазбаша қалдырмаған. Бірақ олардың педагогикалық мұрасын бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп, үздіксіз дами отырып, халықтың педагогика қазынасына қосылып отырады.
Зерттеушілердің айтуына қарағанда Қазақстанда бүгінгі күнде ата-бабамыздан жеткен 25 мыңға тарта заттық мәдениеттің ескекрткіштері бар. Олар негізінен Сыр бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Ұлытау төңірегіне, Талас-Шу аңғарына, Жетісу мен Ертіс сыртына шоғырланған. Көкше өңіріндегі бұдан 5 мың жыл бұрынғы қоныстың орны, Ботай, Іленің оң жақ қанатындағы Бесшатыр қорғандары (б. ж. с. д. VII-IV ғ. ) Қаракеңгердегі Донбауыл ғибадатханасы (б. ж. с. д. VII-IV ғ. ), Жаныхан кесенелері (XIII - XVғ), Ұлытаудағы Мақат сағанасы (1923 жылы), Айша бибі күмбезі(X - XIIғ), Көне Түркістандағы “Әзірет - Сұлтан” қорығындағы XII - XVII ғасырларға жататын ғимараттар, Маңғыстаудағы Шақпақ Ата мешеті (X. ғ) , Ақкүйік, Омар мен Түр, Сенек зираттары (XIXғ), Қапаш мешіті (1928 жылы) халықымыздың ұлттық мақтанышы, оның ғасырлар бойы қалыптасқан құрылыс мәдениетінің жетіктістіктері болып табылады.
Демек, мұның бәрі қазақ халқының педагогикалық мәдениетінің негізінде жатыр. Халықтың өмірлік тәжрибедегі, сезімі мен ой - пікірлері бір ұрпақтан екіншісіне сөз, ана тілі арқылы беріліп отырды. Халықтың тілі сан ұрпақтың шығармашылық қабілетінің туындысы бола отырып, дамып, жетіліп, халықтың ауызекі шығармасынан өз көрінісін тапты. Өмірден адам өткенімен, “Ол жасаған сөз халық тілінде мәңгілік сарқылмас қазынасы болып қалады: өйткені әрбір сөз, оның әрбір түрі, әрбір айтылуы - адам ойы мен сезімінің нәтижесі, сол арқылы сөзде . . . халықтың тарихы бейнеленген. ”
Қазақтың халықтық педагогикасы проблемалары Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанға келген ғалымдарды, фольклоршылар мен басқа да қайраткерлерді (В. В. Радлов, А. А. Алектров, А. Васильев, Г. Потанин, Н. Ильинский, А. Эйхгорн, Н. Савичев және т. б. ) этнографиялық жағынан қызықтырды. Олар халықтың тұрмыс - тіршілігін зерттеп, басқа халықтарды қазақ халықының мәдениетімен таныстыру мақсатында: таңдаулы тәжрибені ұрпақ үшін сақтау мақсатында халықтың ауызекі шығармашылығы туындыларын келе жатқан әлденеше ғасырлық көне тарихының барлығын байқаймыз. Егер халықтық педагогикада тәрбие мен оқытуға байланысты маңызды, құнды, жүйелі ой - пікірлер болмағанда, қазіргі кезде халық оны жоғары бағалап, оған бас имеген болар еді.
Қ. Сейсенбаевтың еңбегі де педагогикалық теорияны толықтыра түседі, онда автор халықтың ауызекі шығармашылығының туындылары: ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, халықтық афоризімдер мен қанатты сөздер, мақал - мәтелдер рөлін және педагогикалық мазмұнын халықтық педагогика құралы ретінде баяндайды.
Сондай-ақ қазақтың халықтық педагогикасының қазіргі тәрбиені ұйымдастырудағы практикалық маңызы қарастырылады, атап айтқанда балаларды мектепке даярлау мәселелері және қоғамдық тәрбиенің орны сөз болады, халықтық педагогика құралдарын отбасы тәрбиесінде пайдалану түрлеріне және осы мәселедегі отбасы дәстүрлерінің алатын орны жан - жақты сипаттама беріледі.
Халықтық педагогика мұралары бүгінгі күнде әдебиеттану ғылымының бір тарауы - фольклористика саласында көп зерттеліп жүр. (М. Әузов, С. Сейфулин, С. Мұқанов, Е. Исмайлов, Ә. Марғұлан, М. Жұмабаев, С. Қасқабасов т. б. )
Ғылымдардың еңбектерінде қазақ әдебиетінің даму жолдары тарихи тұрғыдан баяндалып, қазақ әдебиетінің жанрлары, олардың өзіндік ерекшеліктері сөз болады, көркемдік қасиеттеріне талдау беріледі, әсіресе қазақ ауыз әдебиетінің халықтағы туралы мәселеге көңіл бөлінеді.
Қазақтардың жастарға педагогикалық тұрғыдан ықпал жасауының ең көп тараған тәсілі тұспалдан айту. Тұспал сөздер үлкенге де, балаларға да айтылған және бейнелі, дерексіз ойдың дамуына көмектескен.
Үлкендердің, ата - аналардың үлгі -өнегсі балаларға ғибрат.
Қазақтың халықтық педагогикасындағы балалар мен жастарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуге арналған әндер де, үлкендердің іс - әрекетін бейнелеп көрсететін және балаларды болашақ еңбекке даярлайтын ойындар да көптеп саналады.
Эстетикалық тәрбиенің қалыптасып, дамына қазақтың ауызекі поэтикалық және музыкалық шығармашылығы орасан зор рөл атқарады және атқарып та отыр. Ұрпақтан ұрпаққа мирас болған оның таңдамалы үлгілері өскелең ұрпақты тәрбиелеудің таптырмас құралына айналды.
Біз халықтың педагогикасың тәлім - тәрбиедегі маңызына ғана тоқталып қоймаймыз, сонымен қоса халықтық педагогиканың қағидаларына да назар аударамыз.
Халық педагогикасының негізгі қағидаларын арнайы сөз етсек, олар мыналар демекпіз:
- Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы өміршең азамат болуын тілеу.
Жас нәрестенің дүниеге келуі ата - ана, ағайын - туыс, қауым - көпшілік зор қуаныш әкелуімен бірге, борыш та жүктей келеді. Дәлірек айтсақ, ұрпақты тәрбиелейтін халық мектебінің есігі сәбидің алғаш дүниеге келген күнінен бастап айқара ашылады. Ол белгілі мақсат - тілекпен байланыстытуындайды.
Отбасы үлкендерінің бәрі жаңа туған жас баланы отаның, елдің асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелі үлкендерге ұқсасын деп, дарынды, өнерлі, ақылды ақсақалдарға баланың аузына түкіріп, азан шақырып, атын қойғызады. “Ақылын, жасын берсін” деп, жаңа туған нәрестені қарияның шапанының тегіне орайды. Ұрпағы өскен қадірлі анаға кіндігін кестіреді, бесікке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескізеді. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата - тілектеріне келешектен күткен үлкен үміт, аңсау арман бар. Тәрбиенің алғашқы қағидасы: ата - ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үндесіп жатыр.
2. Баланы жастайынан еңбек сүйгіш, елгезек азамат етіп тәбиелеу. Ол бесік жырлары мен тұсау кеср жырларынан, бата, тілек, терме өлеңдерден өзекті орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сіңіру отбасындағы еңбектің қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істерімен ұштасқан.
Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын су әзірлеуге мал өнімдерінен тұрмысқа қажетті құрал - жабдық (қамшы, жүген өру, тері илеу, қару - жарақ т. б. ) жасауға әзірлеу, қара салу, ұсталық, зергерлік өнерге үйрету т. б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс - аяқ жуу, үй сыпыру, шай қою, төсек жинау, ас пісіру, бала күту, қонақ күту т. б. үйреткен.
3. Халық педагогикасында адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәбиелеу, ар - ожданды қастерлеу басты қағида болыпесептелген. “Жаным - арымның садағасы” деп, арды адамгершілік қасиетінің үлгісі саналған.
4. Халық педагогикасында “бірінші байлық денсаулық” деген ұғым өзекті орын алған. “Дені саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы”, “Ауру астан” деп рухани, материалдық байлықтың негізін жеке бастың, яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау дене күтіміне ерекше мән беріп шыңықтыру, мерзімінде жақсы ас беріп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрі тән саулығы үшін жасалған әрекеттер.
5. Гуманизм мен патриотизм - халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі “Отан отбасынан басталады” деп ұққан ата - бабамыз отбасының, ананың, рудың, отанның намысын қорғауды, қарттарға көмектесуді, басқа ұлт өкілдерін сыйлауды отбасы тәрбиесінің өзекті принципі деп бағалаған.
“Атанның баласы болма, адамның баласы бол”, “жақсы көпке ортақ”, “Ел үшін еңбек ет, халқын сүйген қор болмайды” деген өсиет тәрбиеден өзекті орын алған.
6. Елді, жерді қорғайтын, еңбек ететің азамат болу үшін денені шынықтыру қажет. Халық педагогикасында “шынықсан шымыр боласың” деп ой қорытқан ата - бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету (аударыс, күрес, теңге ату, қыз қуу т. б. ) арқылы дене тәрбисіне баса көңіл бөлген.
7. Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің өнер мен ғылымы деп түсінген халықымыз жастарға “өнерлі өлмейді”, “Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады”, “Білім таусылмас өзен, өнер өлмес мұра” дегенді насихаттап, ертегі, өлең, жыр, мақал - мәтел, аңыз, әнгімелер ұсынған.
8. Адам өмірі мәні табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата бабамыз, өз ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше табиғи ортаны аялауға тәрбиелеп келген. Ол туралы әлденеше жұмбақ, өлең, жыр, ертегі, аңыздар шығарылған.
Ал бұл қағидалар, “сегіз қырлы, бір сырлы” мінезді майда, ары таза, тәні сау, өнегелі, өнерлі, жан жақты жетілген “толық адам” тәрбиелеуді көздеуден туған. “Сегіз қырлы, бір сырлы” азамат тәрбиелеудің ұстанымдары барлық халықта бар, ол ортақ талап.
Қазақта сегіз қырлы азамат дегендер: еңбек сүйгіш, бауырмал, батыр, өнерлі, өнегелі, мыншыл, әділ, адал болу дегенді білдіреді.
Нағыз шынайы азамат тәрбиелеудегі бар халықтың талап, тілегінің ұштасып келуі ұрпақ тәрбиелеудегі мақсат бірлігінен туындап отыр.
Халық педагогикасының “сегіз қырлы, бір сырлы”, “толық адам” тәрбиелеу қағидалары:
- Ақылды, арлы, намыс қой азамат болуын қарастыру.
- Еңбек сүйгіш, елгезек етіп тәрбиелеу.
- Тән сұлулығын қарастыру, әсемдікке баулу.
- Адамгершілік қасиеттерге (ізгілікке, имандылыққа, қайырымдылыққа, адалдыққа т. б. тәрбиелеу. )
- Отан сүйгіштікке, үлтжандылыққа бүкіл адам баласын сүюге тәрбиелеу.
- “Жігітке жетпіс өнер аз”, “өнер өрге сүйрейді” деп қарап, өнер мен білімді насихаттау.
- Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
- Денені шынықтыруға тәрбиелеу.
1. Халық педагогикасының мақсаты мен міндеттері: сегіз қырлы, бір сырлы”, жан - жақты жетілген азамат тәрбиелеу.
2. Мазмұны:
Ұлттық салт - дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершілігін, әсемдік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиесін беру, мінезө құлық дағдыларын қалыптастыру.
3. Әдістер:
Әңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сендіру, талап ету, кеңес беру, үйрету, көрсету, үлгі көрсету, өтіну, бұйыру, жаттықтыру, мадақтау, алғыс айту, жалбарыну, қорғау, сөгу, кінәләу, айыптау, жазалау т. б.
4. Түрлері:
Ойындар, тойлар, еңбек мерекелері, ойын - сауықтар.
5. Құралдары:
Санамақ, жаңылтпаш, өлең - жыр, ақ, ертегі, аңыздар, жұмбақтар, айтыстар, мақал - мәтелдер, шешендік сөздер, салттар, ырымдар, жол - жоралар, ұлттық ойындау, әңгіме, кештер, айтыстар, сабақтар мен үйірмелер.
6. Нәтижесі:
“Сегіз қырлы, бір сырлы” жаны таза, тәні сау адам.
7. Тәрбиеге себепші күштер:
Табиғат, еңбек, тұрмыс, салт - дәстүр, өнеркәсіптер, дін, ана тілі, ұлттық ойындар.
8. Тәрбие ортасы:
Отбасы, ауыл - аймақтар, ру, қауым, тайпа, ұлт, мектеп, медресе.
9. Тәрбие объектісі:
Бала.
10. Халық тәрбиешілері:
Әке - шешесі, атасы мен әжесі, апа, ағалары, ауыл үлкендері.
2. 2. Халық педагогикасы - этнопедагогиканың арғы атасы.
Адам баласы әу бастан баласын өмірге, еңбеке тәрбиелеп келгені көпке аян. Бүгінгі қалыптасқан ғылыми - теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат тәрбие ісімен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бірақ халық жанында мәңгі сақталып, ұрпақтан - ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл - ақыл, өсиет - өнеге, қағида болып тарап келген білім - білік, тәлім - тәрбие беру тағылымдары бар.
Ол халықтық педагогика деп аталады. Халық педагогикасы салт - дәстүр, жол - жора ырымдап, тағам дайындау, қонақ күту рәсімдері мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою - өрнек, өнер түрлері, спорт ойындары арқылы тәрбиелеуден басталып, ауыл - аймақ, ел - жұрт, ру - тайпа бүкіл халықтық қарым - қатынастан берік орын алған тәлім - тәрбиенің түрлі адам мінезін, іс - әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының белгілі сатыларынан өтіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогиканың құралы болып, тәрбие жүйесінің қызметін атқарып келгенің байқаймыз. Яғни осыдан келіп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсілдеріндегі сабақтастығы, принцптік идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі әлемдік аренаға жеткен ғылыми педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, оны ғылыми теориялармен қағидалар тұрғыдан жан - жақты зерттеп, қарастырып, өз қажетіне жаратады. Осы қажеттіліктен келіп, халықтың эмпирикалық тәжрибесіне негізделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары - халықтың педагогиканы ой өткізіп зерттеп, тәрбие мен оқу ісінің өзекті құралы етудің жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктерін басқа ғылымдармен байланысын зерттейтін педагогиканың ғылыми бір саласы - этнопедагогика пайда болды.
Академик Г. Н. Волковтың пікірінше, халықтық педагогиканың ерекшелігі: оның адам баласының дүниеге келген күнінен бастап бірге жасасып келуінде; адамдардың қоғамды құруда қоршаған ортаны - табиғатты өзіне икемдеп игеруінде; еңбек тәрбиесінің алғашқы адамдар өмірінде басты рөл атқарғаны, тәрбиенің басқа түрлерінің кейін туғандығы, халықтың тәрбие жөніндегі қағидалары өмілік тәрбиеге негізделген эмпирикалық білім болып келуі; оның ұлттар мен ұлыстардың жазу мәдениеті шықпай тұрған кезінде пайда болған, халық арасында ауызша тарауы, сондықтан да оны шығарушы авторларының аты - жөні сақталмай, бүкіл халықтық мұраға айналып кетуі, халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озық үлгілерінің мәнгі сақталып, ал тозығының біртіндеп тәрбие жүйесінен шығып қалуы; халық педагогикасы өнерге, еңбекке негізделгендіктен, үнемі жетілдіру, ұшталу үстінде болуы; сондай - ақ халық педагогикасының ғылыми жүйеге, теорияларға құрылмай жеке бастық тәрбиенің озық үлгілеріне және оның нәтижесінде құрылуы тәрбие тәжірибесінің ғасырлар бойы жалғасып келуі, алғашқы тәрбие түрлерінің қоғамда бөлінбей тұтас түрінде берілуі (Мысалы: қол, музыка өнерлерінде ой еңбегі мен дене еңбегі, ақыл - ой тәрбиесі мен еңбек тәрбиесінің бірге ұштасып келуінде) деп саралай көрсетіп келеді де “халық педагогикасы ру, тайпа, ұлттар мен ұлыстардың ұрпақтың тәрбиелеу тәжірибесіне негізделіп, халықтың тәрбие құралдары (салт - дәстүр, әдет - ғұрып, ойын түрлері, ауыз әдебиеті үлгілері) арқылы іске асырылуға құрылса, ал этнопедагогика теориялық ойларға, ғылыми негізделеді. Ол халықтың этнографиялық салт - дәстүрін, тұрмыс тіршілігін педагогикалық, логикалық ғылыми жүйе тұрғысынан зерттеп, қарастырады. Яғни, халық педагогикасы ғылымға ішкі материял даярлаушы мәліметтер көзі болып табылса, сөйтіп педагогика ғылымына қызмет етушінің рөлін атқарса, ол этнопедагогика халықтың бала тәрбиелеу тәрбиесін, педагогикалық мәдениетін зерттеп, оның прогресивтік үлгілерін бүгінгі оқу - тәрбие ісіне жаратудың жолдарын ғылыми тұрғыдан қарастырады” - дейді. Ал бұрынғы КСРО педагогика ғылым академиясының корреспондент - мүшесі, профессор И. Т. Огородников, Г. Н. Колковтың “Этнопедагогика” атты еңбегіне жазған кіріспесінде: “Егер халық педагогикасы мен этнопедагоикаға арналып екі хрстоматия жасалған болса, оның біріншісіне бала тәрбиесі жөніндегі ауыз әдебиеті үлгілері мен халықтың салт - дәстүрлеріне арналғанэтнографиялық тәлімдік жазбалары еңгізілген болар едіде, ал екіншісіне халық педагогикасы мен халықтың тәлім - тәрбиелік ойларын зерттеуге арналған педагог - ғалымдардың еңген болар еді”- деп, халық педагогикасының таза тәжриебеге негізделген тәрбиенің эмпирикалық екенің және оның этнопедагогиканың ғылыми зерттеу объектісі болып саналатының ғылыми ашып көрсетеді.
Халық педагогикасында тәрбие мәселесі бірінше орынға қойылып келеді. Ол заңды да еді. Себебі, халық педагогикасы ғылым мен мәдениеттің жетілмеген кезде пайда болғандықтан тәрбиені еңбек пен өнерге, оның ішінде қол өнеріне негізделіп жүргізілуге уағыздалды. Бертін келе, оқу - білім дамып, ғылым мен техника өрістей бастаған кезде, XVII ғасырдағы ұлы Чех педагогы Я. А. Каменскийдің атымен байланысты ғылыми педагогика пайда болды. Ғылыми педагогиканың теориялық заңдары қалыптасып өмірге келді. Я. А. Каменский өзінің атақты “Ұлы дидактика”, “Ағайынды тәрбиелеу” атты еңбектерінде тұңғыш білім беру ісімен тәрбие ісін біртұтас процес деп қарау идеясын ұсынды.
Я. А. Каменский “Ағайынды чехтарды тәрбиелеудегі” халықтық дәстүрдің жақсы нәтижелеріне сүйене отырып, баланы жастайынан еңбекке және жақсы мінез - құлыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсете білді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz