Қазақстан Республикасының білім жүйесінің негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

l.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...7
ll.Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..4-25
2.1. Қазақстандағы халыққа білім беру жүйесінің тарихы ... ... ... ..4-14
2.2.Білім беру ісінің мәні, міндеттері,принциптері және
құрылымы ... ... ... ...15-18
2.3. Қазақстан Республикасының білім жүйесінің негіздері ... ... ... 19-20
2.4. Қазіргі жалпы бастауыш, негізгі, орта білімнің даму
бағыттары ... ... ... ... ..21-22
2.5 12 жылдық білім беру
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..23-25
lll.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 26
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, оның ішінде
білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру
мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол
ашты.
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика
теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып
отыр: білім беру парадигамасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа
көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда:
― білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпараттарды қабылдау
қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы
білім беру бағдарламаларының нақтылануымен баи түсуде;
― ақпараттың дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радио
байланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
― баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына,
азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
― мектеп, отбасы және қоршаған әлеуметтік ортаның балаш тәрбиесіндегі
бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
― қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен
қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде;
Оқыту технологиясын жетілдірудін психологиялық-педагогикалық бағыттағы
негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
― есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді
пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
― білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым
жүйесіне көшу;
― оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап
оқыту бағдарламасына өту.
Қазір республика оқу орындары педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған
көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі
бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі
нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа
идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын
оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай
таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру
саласындағы оқытудың озық технологияларын менгермейінше сауатты, жан-жақты
маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің
интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа
көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі
дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Негізгі бөлім
2.1 Қазақстандағы халыққа білім беру жүйесінің тарихы.
Қазақстан кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму
тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан
жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдың ерте дуірінде
ақ көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни
білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан
белгілі.
Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б.
қалаларында көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 87-ке жеткен.
Ауылдық жерлерде мектепте молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен.
Оқыту ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында оқыған, Оқу
мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылданған, жыл аяғында емтихан
тапсыру мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік тапсыру тәртібі
сақталмаған. Медреселер мұсылмандық рәсімдерін таратушы оқу орны болып
қана қоймай, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарған. Бұл оқу
орындарында заңтану, тарих, логика, философия, математика, астрономия,
медицина, т.б. пәндер енгізілген. Медреселердің жанында салиқалы
кітапханалар болған.
Патша үкіметінің 150 жылға созылған отарлау саясаты халқымыздың
егемендік жолындағы ғасырлар бойғы күресіне зор нүқсан келтіргенімен,
Батыс пен Шығыстың рухани өмірдегі қарым-қатынасына жол ашты. Мысалы,
Змеиногорскіде (Шығыс Қазақстан) қорғасын – мырыш кен орнында 1761 жылы
Омбы қаласында ″Азиялықтар мектебі″ ірге көтерді. Осындай мектеп 1789 жылы
Орынбор қаласында да ашылды.
Қазақ феодалдарының (сұлтан, би, бай, старшин) балаларына Неплюев кадет
корпусына (1825), Омбы кадет корпусына (1848) түсіп оқуына рұқсат етілді.
Алғашқы қазақ мектебі Бөкей хан ордасында (1841), 1850 жылы Орынбордағы
шекара комиссиясының жанына ашылған болатын.
Ресей Халық ағарту министрлігі 1870 жылы бұратана халықтарға білім беру
шаралары туралы арнаулы заң қабылдады. Осы заң бойынша шет аймақтағыларды
орыстандыруды көздеген миссионнерлік педагогика жүйесі енгізілді. Мәскеуде
құрылған арнайы миссионерлік қоғамның негізгі принциптерінде былай
делінген: мұсылман елдерін ыдырату, арасына от жағу, яғни, пантүркшілдік
пен панисламдыққа қарсы күресу ; бұратана халықтарды провославие дініне
көшіріп, шоқындыру, халықты ата-баба тарихынан, ұлттық мәдениетінен қол
үздіру орыс алфавитін енгізу, мұсылмандық мектептер мен медреселерді
біртіндеп жою, олардың орнына орыс-түзем, орыс-қазақ мектептерін ашу,
кейін бұлардың бәрін таза орыс тіліне көшіру, шет аймақтардағы отаршылдық
саясатты жүзеге асыру үшін мисионер ғалымдар, оқытушылар кадрларын көптеп
даярлау.
Омскідегі ″Азия мектебі″, Орынборда Неплюев
кадет корпусы, Омскідегі кадет корпустары құжатта көрсетілген шаралардың
жүзеге асуы нақты көрінісі болатын.
Қазақ қоғамындағы білім беру ісі ″қазақтың тұңғыш ұстазы″
ретінде танылған Ы.Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында
Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика
саласының ғылыми зерттеу жұмысына айналды. Оның ағартушылық қызметі қазақ
халқының рухани-саяси отарлау саясатының қысымшылығы қысып тұрған
кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл саясатты тоқтатуға ағартушылардық жергілікті
саяси күші болмады. Тек ұлттық білім беру жүйесін заман талабына сай,
миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып,
Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті.
XIX ғасырдың аяқ кезінде ″қазақ мектептері қандай болу керек″
деген мәселе күн тәртібіне қойыла бастады. Осы жөнінде бір-біріне қарама-
қарсы екі көзқарас пайда болды.
Бірі-бұратан халықты шала сауатты қалдырып, төл мәдениетінен қол үздіріп,
бірте-бірте орыстандыру саясатын көздеген миссионерлер (Н.И.Ильминский,
т.б.), ал екіншісі - орыс халқының прогрессивті озық мәдениет үлгілерін
игеру арқылы ″Өз елін өркениетті елдердің деңгейіне көтеру қажет″ - дейтін
қазақ ағартушылары (Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев) еді. Оқытудың
жәдид (төте оқу) деп аталатын ағымы отаршылдық орыстандыру саясатына қарсы
түркі тектес ұлттардың өзін-өзі сақтап қалу жолындағы қажырлы күресінен
туған еді. Отаршылдар оның өрісін тарылтып бақты. Патша үкіметі ұлт
мектептерінде екі ағымды (хадим-ескі діни араб оқуы, ал жәдид-жаңа араб
әрпімен дүнияүй білім беру) бір-біріне қарама-қарсы айдап салу арқылы
ұлттық сана-сезімнің оянуын тежеуді көздеді. Осының нәтижесінде хадим
ағымының өкілдері жәдидшілерді, ″құдайға күпірлік жасады″ деп айыптап,
олардың үстінен патша әкімшілігіне арыз жазуға дейін барды. Жәдид ағымына
белсене қарсы шыққандардың бірі – Н.И.Ильминский. Жәдид ағымы мектеп,
медресеге байланысты мына мәселелерді көтерді: біркелкі оқу жоспары мен
бағдарлама жасау арқылы мұсылман мектептерін бір ізге түсіріу, оқу
жоспарына арифметика, жағырапия, жаратылыстану, тарих, т.б. пәндерді
енгізу арқылы қазіргі заман талабына сай шәкірттерге орта білім беруді
қамтамасыз ету, сауатсыз, фанатик молдаларды тиісті білімі бар молдалармен
алмастыру, дыбыстық оқыту әдісін енгізу, мектеп пен медресе бітіргендерге
емтихан тапсыртып, оқушыларға тиісті құжаттар тапсыру, әскери міндетін
атқаруды жеңілдету, мұсылман мектептерін бақылауды жұрт сайлаған құрметті
азаматқа тапсырып, оны өлкенің ресми қамқоршысына бағынышты ету, т.б. Осы
мектептердің материалдық жағына көмектесу, оқу құралдарымен қамтамасыз
ету, мұғалімдерге тұрақты жалақы төлеу мәселесі де назардан тыс қалмады.
Жәдид ағымының көшбасшысы белгілі түрколог-лингвист
А.Байтұрсынов болды. Жәдидшілер бастауыш мектеп мәселесіне айрықша мән
берді, осыған орай бірнеше оқу құралдарын жарыққа шығарды.
Жәдид ағымы мектеп бітірушілердің медреселерде немесе жоғары оқу
орындарында білімін әрмен қарай жалғастыру, олардың өз ықтиярымен мамандық
таңдап алу мүмкіндігіне жол ашты, жұрттың бұл мектепке деген ынта-ықыласы
тез өріс алуына жағдай туғызды.Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін халықты
қажытқан жиһангерлік және азамат соғысының қиян-кескі, зобалаң зардаптарына
қарамастан, өлкедегі мектеп саны едәуір өсе түсті. Сол кездегі ағарту
саясатындағы басты мәселенің бірі – жаңадан ашылып жатқан ауыл мектептерін
мұғалім кадрларымен қамтамасыз ету жайы еді. Бұл міндет үш түрлі жолмен
жүзеге асты.
Біріншісі, бұрынғы патшалы Ресейдің мұғалім-кадрлармен мектепке тарту,
екінші жолы – білімге құштар сауатты жастарды қысқа мерзімді курстардан
өткізу, үшіншісі, арнайы педагогикалық оқу орындарын көптеп ашу арқылы
мұғалім даярлау.
1920 жылы қазанда Қазақ АССР-ының Оқу халық комиссариаты құрылды.
Оның төрағасы болып А.Байтұрсынов тағайындалды. 1920 жылы 18 ақпанда
Бүкілқазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды
қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси
тәрбие жұмысы, т.б. оқу-тәрбие жұмысына байланысты мәселелер қаралды.
1922-23 оқу жылдары Академиялық орталық ұлт мектептерін төл
оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шараларды іске асырды, төл
тілімізде 14 оқулық шығарылды. Олардың ішінде ″Физика″, ″Грамматика″,
″Алгебра″, ″Мектеп гигиенасы″, т.б. бар.
Бұл оқулықтарды жазуға қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы топ өкілдері:
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Асфендияров,
Т.Жомартбаев, Қ.Сәтбаев, Ә.Ермеков, Т.Жолдыбаев, т.б. қатысты.
Республикада жоғарғы білімді кадр даярлауда Алматы қаласында
тұңғыш ашылған абай атындағы Қазақтың педагогикалық институты үлкен рөл
атқарды. 1929 жылы араб алфавитінен латын графикасына көшті. 1940 жылы
латын алфавитінен орыс жазуына көшу ісі өркениет жолындағы тағы бір үлкен
соққы болды. Оқу-ағарту саласындағы осындай үлкен бұрмалаулар ұлт
мәдениетінің дамуына кері әсерін тигізді.
1945-60 жылдары мектептер мен онда оқитындар саны күрт өсе
бастады.
1950-60-шы жылдары тың
игеруге байланысты мектептердің саны күрт өскенімен, қазақ мектептері
көбірек жабылып, оның орнына орыс-қазақ және орыс мектептері көбірек
ашылды. 1980-90 жылдары елімізде жаппай халыққа орта білім беру саласында
біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі – мектепке 6 жастан бастап қабылдау.
Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін
демократиялық, интеграциялық принциптерге орайлас әр балданың жеке-дара
ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелек талап
етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын
алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей,
гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заң және Қазақстан
республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік
саяси принциптері айқындалды.Қазақстандағы білім беру қалыптасу
ерекшеліктері және қөздері (19ғ аяғы мен 20ғ басы)
Орыс қазақ халықтарының экономикалық, саяси қатынастары ұзақ тарихи
дәуірлерді қамтиды. Осы терең тамырлы байланыстар өрістей келе,
Қазақстанның Ресейге қосылуына алғы шарттар әзірледі.
Қазақстанның Ресейге қосылуы 1731 жылы Кіші жүздің, 1740 жылы Орта жүздің
өз еркімен Ресей қол астына енуінен басталып, ХІХ ғасырдың орта шенінде
Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі аяқталды.
Бұл қосылу - Қазақстанға Ресейдің экономикасы мен алдыңғы қатарлы
мәдениетінің ықпал етуіне қолайлы жағдайлар туғызды, өндіргіш күштер мен
өндірістік қатынастардың дамуына әсер етті.
Ресей бұқараны қанау мен езуді мақсат етті. Мұндай жағдайда шет
аймақтар халқы құқық атаулыдан жұрдай етіліп, патша өкіметінің аяусыз
отаршылдық қанауына ұшырады. Царизм орыс емес халықтар үшін қаныпезер
жендет, халықтардың түрмесі болды.
Бұл жөнінде Орынбор губерниясының белгілі чиновниктерінің бірі: “Мен
қырғыздарды орналастырамын, оларды оқытамын және Европа халықтары
дәрежесіне жеткіземін деп, филантроптардың гипербологиялық үміттерімен
әуестенбеймін. Мен барша көңілмен қырғыздардың үнемі малшы, көшпелі болып
қалуын тілеймін, олардың еш уақытта да егіншілікпен айналыспауын және де
ғылымды былай қойғанда, қолөнершілікті де білмеуін қалаймын” - деп патша
өкіметінің шын ниетін жасырмай ашық айтқан.
Екі ұлт аралығындағы туып қалыптаса бастаған қоғамдық-мәдени байланыстар
және олардың қазақ елінің рухани өміріне тигізген прогрестік ықпалы кедергі-
тосқауылсыз болып жатпады. Ол даму үрдісі еді, сондықтан да ол үрдіс ұзақ
және қиын кезеңдерден өтті.
1744 жылы Орынборда татар мектебі ашылып, мұнда әскери
шендегілердің балалары оқыды. Бұл мектепті бітіргендер өкімет кеңселерінде,
сауда-саттық орындарында жұмыс істеп, тілмаштық қызмет атқарды. 1786 жылы
Омскіде ашылған “Азия мектебі” де осындай мақсатты көздеді. Олардың ішінде
қазақ балалары да болды.
Ресей империясының құрылымында бірінші қазақ хандығы географиялық және
саяси жағдайлар күшінде Бөкей хандылығы болды, онда, академик С.З.
Зимановтың есептеуінше ішкі басқарудағы кейбір өзінің саясатын қарастырады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Бөкей хандылығында мектептегі білім беру кең
тарала бастады. Бұнда үлкен рөлді Жәңғір хан атқарды. Ханның білім беру
саясатының орталығында мешіт жанындағы бастауыш мектептерін ұйымдастыру
болды. 1841 жылдың желтоқсанында Жәңгір ханның үкімімен орталық мектеп
ашылды. Мектепте арабша, тарша, және орыс тілі, жаратылыстану негізі, тарих
және медицина оқытылды. Мектепті жақсы бітіргендер кадет корпусында білім
алды. 1865 жылы Мемлекеттін кеңесінің шешіміне сәйкес Омскі қаласында,
“образования должностных лиц из среды ордынцев” деген қазақ мектептері
ашылды. Бұл мектеп оқушыға арналған: Ақмола обласынан 10 қазақ балалары
үшін вакансия және Семей облысынан 10 бала үшін вакансия.
Кадет корпустарының оқу курсы сегіз жылдық, әр класс екі жылдық
мерзімді болды. Оқу бағдамаларының әскери училищелерден айырмашылығы -
еуропалық эскадронда француз және неміс тілдері, ал азиялық эскадронда
шығыс тілдері (араб, парсы, татар) оқытылды.
Кадет корпустарын бітірушілер Қазақстандағы әр түрлі басқару орындарына
қызметке жіберілді. Олардың біразы орыс тілін меңгерген және орыс
мәдениетінен хабардар, әжептәуір білімді жастар болды, кейбіреулері орыс
баспа сөзімен байланыс жасап, қазақтарды орыс оқу орындарымен таныстырды,
сол арқылы қазақ жастарын оқу орындарына ынталандыруды ойлады.
60-жылдардағы халық ағарту жөніндегі алдыңғы қатарлы теориялар
біртіндеп мектеп тәжірибесіне ене бастады. Бұл кезде ағарту ісінде қоғамдық
орындардың тәуір бастамалары өріс алды. Қалалар мен ауылдарда бастауыш
мектептердің бірнеше түрлері ашылды: жеке адамдар ашқан гимназиялар,
жексенбілік мектептер дүниеге келді.
Қазақ балаларына арналған Орынбор орыс мектебі 1850 жылы 22 тамызда ашылды.
Мектепке 50 бала қабылданды. Мектептің оқу жұмысы белгілі тәртіпке
келтіріле бастады: оқу жылының мерзімі белгіленді, жалпы оқу мерзімі (7
жыл), оқушыларды қабылдау кезеңі (әрбір екі жыл сайын), жазғы демалыс (15
маусымнан 15 тамызға дейін) анықталды, сабақ кестесі мен оқушыларға
арналған үзіліс енгізілді, емтихандардың ережесі жасалды.
Орынбордағы қазақ балаларына арналған тұңғыш мектеп (1850-1869)
оқушылар санының тым шағындылығына қарамастан, қазақтар арасында орыс
білімін таратудың алғашқы ошағы болды. Бұл мектептің оқу-тәрбие жұмысына
орыстың прогресшіл бағыттағы ғалымдарының жағымды әсері болды. Мектептің
бүкіл оқу-тәрбие жұмысы арқылы қазақтарға арналған орыс мектебін
ұйымдастырудың алғашқы тәжірибесі жинақталды.
Қазақстан аймағы ХІХ ғасырдың 60 жылдарындағы әкімшілік реформасы бойынша
үш генерал-губернаторлығына бөлінді: Ақмола (орталығы-Омск қаласы) және
Семей (орталығы-Семей қаласы) областары Батыс-Сібірге орталығы Омск
қаласында; Орал (Орал қаласы) және Торғай (Орынбор қаласы) облыстары -
Орынбор қаласындағы Орталығы Орынбор; Сырдария (Ташкент қаласы) және Жетісу
(Верный қаласы) облыстары Ташкент қаласындағы Түркестан орталығы.
Осыған орай Қазақстанның әр облысында ғасырдың аяғында бұл
облыстардағы үкіметтік оқу жүйесі жалпы Ресейлік жүйеге сәйкес болғанмен,
әр облыстағы үкіметтік мектептердің жүйесінде өздеріне тән ерекшеліктері
болды.
Ішкі қазақ (Бөкей) ордасында мектептер негізінен екі түрі (алты жылдық екі
класты, төрт жылдық бір класты орыс-қазақ училищілері) болды.
Торғай және Орал облыстарында алты жылдық екі класты уездік, төрт жылдық
болстық орыс-қазақ училищелері және Ы. Алтынсарин негіздеген ауыл
мектептері ұйымдастырылды.
Ақмола мен Семей облыстарында интернатты мектептер ашылып, кейінен ауыл
шаруашылық мектептеріне айналды. 19-ғасырдың аяғында бұл облыстарда ауылдық
мектептер ашылды.
1868 жылдың 21 қазанындағы әкімшілікті бөлісу Қазақстанның білім
беру жүйесінің қалыптасуына ықпал етті. Осы 19-ғасырдың 60-жылдарында орыс-
ұлттық мектептерді ашу, түркі тілдес халықтар үшін мектеп ұйымдастыру,
саяси және педагогикалық принциптер мен шарттарды жасау басталды.
1869жылы Н.И. Ильминскийдің ұсынысымен Қазан қаласында “Братство
Святого Гурия” атты миссионерлік қоғам құрылады, тұрғылықты бөлім
Түркістандық иепархияны ашады. 1883 жылы “қырғыздың рухани миссиясы”
инциативасы бойынша, Мәскеулік миссонерлік қоғамның ұсынысы бойынша
құрылады, Қазақстанда 14 миссонерлік стандар құрылды, онда 17 миссонерлік
мектеп қазақ балалалары үшін ашылды. Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші
жартысында Ресейдің басқада өлкелері сияқты “русско-инородческие школы”
құрылады. Бұндай мектептер бастауыш орыс мектебі төменгі типтегі адамдар
үшін ашылды, оның негізгі мақсаты басқа ұлттың балаларына алғашқы орыс
тілін оқыту, жазу, есептеу білімдерін шектеп оқыту болды.
ХІХ ғасырдың ортасында Қазақстан аймағында медреселер мен мектебы-
оқу орындары жұмыс істеді, оларды ежелгі Шығыс және Азия мұсылман
халықтарының жоғары дамыған мәдениетіне тартуда, Орта Азия мен Қазақстан
халықтарының ұлттық мәдениетінің дамуында жағымды рөл атқарды. Олардың
көбін бай қазақтар қамқарлыққа алды. Мәлімметтер бойынша 1884 жылы Семей
облысында 10 медресе мен мектеп болды, онда 615 оқушы оқыды, ал 1895жылы-
900 оқушысы бар 17 медреселер мен мектептер ашылды. Сырдария облысында 1895
жылы 2409 мектеп және 34 медресе ашылып, онда 28898 оқушы оқыды.
Мектептерде көбінде 8-ден 17 жасқа дейінгі ұл балалар оқыды. Мектепті
бітірушілер оқуларын медресе жалғастырды, оларды “талибулильда” (домагающие
знание” немесе “шакирдалар” (оқушылар) деп атады. Деректерге сүйенсек сол
жылдары, 1884 жылы Семей облысында 615 оқушысы бар 10 мектеп және медресе
болса, ал Сырдария обласында 1892 жылы 27082 оқушылары бар 1897
мектептер мен 35 медреселер жұмыс істеді.
1897 жылғы санақ бойынша Сырдария облысының аймағында 31900 адам
орыс ұлты тұрды, бұл 2,16 пайыз тұрғынды құрды. Көбі орыс тілдес халықтар
(орыстар, украйындықтар, белорустар) Ташкент уезінде тұрды.
ХХ ғ. басы – ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстан жерінде орыс-қазақ
мектептерін құру жөніндегі жұмыстар белсене жүргізілді. Осындай мектептер
болашақта таза орыс типтегі мектептерді енгізу үшін уақытша шара болды.
Осы кезеңдегі Қазақстанның экономикалық дамуы қала
тұрғындарының өсуіне әсерін тигізді, ең алдымен мектептер мен ондағы
оқушылардың санының өсуіне ықпал етті. Сондай-ақ өлкедегі білім беру
жүйесінің қалыптасу үрдісіне патша өкіметінің қөшіп-қонуыда маңызды ықпал
жасады. Егер, 36 жылда (1870-1906 ж ж.) Қазақстанда 521023 адам тұрса, 9
жылда (1907-1914 ж.ж.), зерттеуші А.Н. Алексеенконың есептеуінше олардың
саны 714395 адамды құрайды. Қоныс аударушылардың ұлттық құрамы жағынан
әртүрлі оқу орындарын ашуға тікелей қатынасы бар.
ХХ ғасырдың басында қазақ халқы үшін негізгі мектеп ауыл мектептері
болды. Қазақ халқының тұрғындары үшін ауыл мектептерінің позитивтік маңызын
бағалай отырып, оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны оқу округтарының бақылауында
болатынын ескермей кетуге болмайды.
Ұлттық мектептердің түрлері бойынша айырмашылықтары және ведомстволық
бағыну олардың оқу қызметіне бақылауды ұйымдастыру мен басшылық жасауға
үлкен қиыншылықтар туғызды. Осы мәселерді шешуде ХХ ғасырдың басында патша
өкіметі Ресей аймағында ұлттық мектептерді жүйеге келтіруге ұмтылыс жасады.
Басқа ұлт халықтарының білім беру мәселелеріне арналған жиналыста,
төмендегі ұлттық мектептер жүйесі ұсынылды:
а) бастауыш училище, екі жылдық оқыту курсы;
б) бірсыныптық училище, төрт жылдық оқыту курсы;
в) екі сыныптық училище, 6 жылдық оқыту курсы;
ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстан аймағында бірінші рет орта және
кәсіби оқу мекемелері пайда болды. Орта мектеп бастауыш және келесі
буындағы білім арасындағы аралық буын болып есептеліп, екі міндетті
орындады. Біріншіден, гимназияны бітіргендер, алғашқы кәсіби білім алу
мүмкіндігі бар; екіншіден, қабілеті бар оқушылар жоғары оқу орынына түсуіне
мүмкіндік болады. Бірақта патша өкіметі Қазақстанда орта білімнің дамуына
қандайда жолдар арқылы шектеулер жасады. Орта білім алуда ерекше
дискриминацияны төменгі сословияның балалары мен қазақ ұлтының балалары
айырықша сезінді.
Жергілікті білім беру органдарының гимназияға дейінгі және гимназия ашу
жөніндегі сұраныстарын өкімет қабылдамады немесе мүлдем жауапсыз қалдырды.
Сондықтан, осындай оқу мекемелерін ашуға ынтызалар, басқа жолды таңдап
алуына тура келді, яғни жеке оқу орын ашу болды. Бұндай оқу орындарында оқу
үлкен қаржыны талап етті. Әрине бұған бәрінің шамасы келмеді. 17 жыл ішінде
ағарту Министрлігі бойынша Қазақстанда – орта оқу орыны - гимназия, реальды
училищілер ашылды. Онда қазақ балалары өте аз оқыды. Патша өкіметі қазақ
ұлтының өкілдеріне толық білім беруге ұмтылмады, олар ұлттық
интеллигенцияның пайда болуынан қорықты.
Орта оқу орындарында оқыту тек орыс тілінде жүргізілді, қазақ тілінде
оқытатын оқытушылар болмады, психологиялық – педагогикалық және
этномәдениеттік факторлар ескерілмеді. Сондықтан қазақ ұлтының оқушылары
көптеп шығып қалды. Орта оқу орындарының оқушылары негізінен дворяндар
отбасының балалары, купецтер және чиновниктердің балалары болды. Ағарту
саласындағы патша өкіметінің әкімшілік саясаты, оқу орындарының материалдық
базаларының нашарлығы, орта мектеп санының жеткілікті болмауы,
оқытушылардың жеткіліксіздігі осының барлығы, ақыр аяғында өлкеміздің білім
беру жүйесінің дамуына теріс ықпал етті.
Сонымен, Қазақстанда 1917 жылы 1 қантарда 17 орта мектеп, 4 реальды
училище және 13 гимназия жұмыс істеді, онда 5880 оқушы оқыды, оның ішінде
215 ғана қазақ ұлтының өкілдері еді.
ХХ ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы білім
саясатында өзгерістерді талап етті. Өндірістің дамуы кәсіби жұмысшы кадр
мамандарды даярлау міндетін қойды. 1903-1904 жж. Ресейдің білім министрлігі
бірқатар қаулыларды шығарып, соған сәйкес мемлекеттік қазыналық қаржыға
мектеп жанынан қол еңбегі және қол өнер мектептерін ашуды шешті. Жасылынған
және сатылған заттардан келген кірістін 30 пайызы оқушылар пайдасына
жіберілді. Қазақстанда түрлі мамандықтардың кәсіби шеберлерінің
жетіспеушілігінен, мемлекет тарапынан қаржыландырудың жоқтығынан, мектепте
еңбекке оқыту өте баяу қарқынмен дамыды.
Еңбек бөлімдерінің ашылуында сол ауданның экономикалық құрылымы
ескерілмеді. Осындай қиыншылықтарға қарамастан, қазақстан мектептерінде қол
еңбегі және қол өнер бөлімдері ашылды. Қол өнер бөлімінде оқыту 3-4 жылға
созылды. Оқушылар бітіргеннен кейін емтихан тапсырып, кәсіби дайындық
дәрежесі жөнінде куәлік алады. 1917 жылдың басындағы есептеулер бойынша
Қазақстанда мектеп жанындағы қол өнер бөлімі 32-ге жетті, онда 700-ге тарта
балалар оқыды. 270 мектепте еңбекке оқыту сыныптары болды.
Сонымен, қол өнер бөлімі Қазақстанда кәсіби білім беруді
қалыптастырудың негізі болып табылады. Олардың даму мөлшері бойынша кәсіби
бағыттылығы кеңи түсті. Қазақстандағы кәсіби мектептер 3-бағытты
қарастырды: ауылшаруашылық, қолөнер және педагогикалық. Ауылшаруашылық
мектептердің оқыту мерзімі 3-жыл, олардың жанынан дайындық курсы ашылып,
онда қазақ - ұлдары және сауатсыз орыс ұлдары қабылданды. Ауылшаруашылық
мектептерінің қызметінде мұғалім-мамандардың жетіспеушілігі және
материалдық базаның нашарлығы көптеген қиыншылықтар туғызды. Қазақстандағы
кәсіби білімнің дамуына патша әкімшілігі ұмтылыс жасамады.
ХХ ғасырдың басында Қазақстан жерінде жұмыс істеген қолөнер
училищелерінде столяр-майлаушылар, слесарь, ұсталар және тігіншілер
іскерлігі мен дағдысына оқытты. Қол өнер училищелерінің жанынандағы
интернаттар мемелекет тарапынан қамтамасыз етілді.
Революцияға дейінгі Қазақстанда мұғалім мамандықтарын дайындау мұғалім
семинарияларымен педагогикалық сыныптарда жүзеге асырылды. Бірінші мұғалім
семинариясы Қазақстанда 1903 жылы Семейде ашылды. 1916 жылы
оның саны 4-ке жетті. Оқыту мерзімі 4 жыл және олар орта оқу мекемелерімен
тең болды. Қазақ оқушыларының саны өте аз еді. Мектеп санының көбеюі соған
сәйкес педагогикалық мамандардың болуын талап етті. Ауыл мектептері үшін
мұғалімдер өте қажет болды. Бұндай мектептерде оқыту мерзімі 3 жылға дейін
ұзартылды. Педагогикалық сыныптар Қазақстанның білім жүйесінің қалыптасуына
жағымды рөл атқарды, олар арқылы оқу орындарының негізгі түрі - бастауыш
мектеп мұғалімдерін даярлау жүргізілді.
Қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері қазақ тілінде оқыту оқу
орындарын ашу жөнінде талаптар қойып, өз халықтарының сауатын ашуға
ұмтылды. Бірақта бұл талаптарды патша өкіметі тарапынан ескерілмеді.
Сондықтан, қазақтардың орта білім алуына тек бір ғана жол- гимназияда орыс
тілінде оқу. Қазақ тұрғындарының басым көпшілігі көшпенді өмір
сүргендіктен, төменгі сословия балаларының мектепте оқыту мүмкіндіктері
болмады, қазақ балалары орыс тілін білмегендіктен қиындықтар туғызды. Осы
мәселелерді шешуде дайындық курстары ашылды және интернаттар құрылды.
Осындай бірінші интернаттардың үлгілері біраз шамасы бар қазақ балаларының
біраз бөлігіне арналған пансионаттар болды.
Революцияға дейінгі Қазақстан аймағында жоғары оқу орындары болмады.
1978 жылы Орынборда ашылған мұғалімдер институты Орынбор оқу округі үшін
мұғалімдер дайындау қажет еді. Бірақ орыс ұлтынан басқа ұлттар өкілдері
бұнда қабылданбады. Сондықтан жоғары білім алуға ұмтылған кейбір қазақтар
Ресейдің басқа қалаларының оқу орындарында оқыды: Томскде, Казанда,
Петербургте, Орынборда т.б. ХХ ғасырдың басы және ХІХ ғасырдың екінші
жартысында қазақ халқының ішіндегі ағарту және мәдениеттің дамуында негізгі
рөлді Омск қаласының орталығы және Түркіменстан өлкесінің орталығы -
Ташкент қаласы атқарды.
Білім беру жүйесінің қалыптасуына алдыңғы қатарлы баспасөз үлкен рөл
атқарды. Орыс - қазақ мәдени - ағарту ынтымағының және Қазақстандағы ой-
пікірдің дамуында “Айқап” журналының мәні зор. Бұл журнал 1911-1915 жылдары
Троиц қаласында шығып тұрды.
“Айқап”- саяси-қоғамдық және мәдени-ағартушылық бағытты ұстаған
журнал. Оның беттерінде жарияланған мақалалар елдегі мәдени-ағарту, жер
шаруашылығы, құқық және дін мәселелерін, мектептердегі оқудың мазмұны мен
әдістерін кеңінен қамтыды. Журнал негізінен қазақ мұғалімдерінің арасына
кең тарады. Сондықтан “Айқап” журналы демократиялық бағыттағы педагогтар
мен мұғалімдерді топтастыруда, орыс педагогикасының прогрестік идеяларын
насихаттауда, қазақ халқының мәдениетінің, әдебиеті мен тілінің даму
жолдарын зерттеуде маңызды рөль атқарды.
Журналдың жұмысын бағыттап басқаруда орыс және орыс-қазақ оқу орындарында
білім алып тәрбиеленген қазақтың демократиялық интеллигенциясының алдыңғы
қатарлы өкілдері: М. Сералин, Ж.Сейдалин, Б. Қаратаев, Ш. Әлжанов, С.
Торайғыров тағы басқалар үлкен рөль атқарды. “Айқап” журналының бетінде
жарияланған саяси-әлеуметтік мәселелер жөніндегі мақалаларында ол қазақтар
арасына білім таратуда ең алдымен мәдениеті мен ағарту ісі озық
халықтардан, демек орыс халқынан, үлгі-өнеге алуға шақырды.
Міржақып Дулатов Ахмет Байтұрсыновпен бірлесіп, “Қазақ” газетін
шығаруға ат салысты. Халық ағарту мәселелері, кітап басып шығару мәселелері
жалпы халықтың баспа органы- “Қазақ” газеті беттерінде кең таралды. Ахмет
Байтұрсынов, А. Бөкейханов, М. Дулатов тағы басқа қазақтың демократиялық
интеллигенциясының өкілдері, Шығыс және Батыстың ұлы ағартушыларының
дәстүрлерінде тәрбиеленгендер, мектептің діннен және мемлекеттен бөлінуін
талап етті, діни экстремизмге қарсы шықты, дініне, ұлтына, жынысына
қарамастан барлығы заң алдында тең екендігін айтты.
Сонымен, революцияға дейінгі Қазақстандағы халыққа білім беру жүйесі
Ресейдің білім жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің белгілі қайраткерлері А.Е. Алекторов, А.В.
Васильев, В.В. Катаринский де қазақтың фольклорын, тілін, тарихы мен
этнографиясын зерттеді. Олар өздерінің өлкедегі педагогикалық жұмыстарын
ғылыми ізденіспен байланыстырды.
А.В. Васильев қазақ халқының ауыз әдебиетінің мұраларын жинастырып, қазақ
тілінің ғылыми мәселелерін зерттеумен де шұғылданды, сонымен қатар, ол
Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің даму тарихын зер сала зерттеді.
А.Е. Алекторов (1861-1918) Қазақстандағы ағарту ісі мен педагогикалық ой-
пікірдің дамуында және оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда көрнекті еңбек
сіңірді.
А.Е. Алекторов 1900 жылы көлемді, мазмұны жағынан өте мәнді “Қырғыздар
туралы кітаптар, журналдар, газеттегі мақалалар мен хабарлардың
көрсеткішін” жариялады.
Өзінің педагоикалық және әдістемелік топшылауларында оның орыстың
демократияшыл педагогикасының негізгі қағидаларын және атақты ағартушы-
педагог Ы. Алтынсаринның ой-пікірлерін негізге алады. Олардың ұлттық
мектептерінің оқушыларын орыс тіліне үйретуде ана тілі мен орыс тілінің
арасындағы байланыстың қажеттілігін құптаған пікірлерін қолдайды.
Сонымен А.Е. Алекторов өзінің оқулықтары мен әдістемелік
мақалалары, ағартушылық қызметі арқылы орыс-қазақ мектебінің оқу-тәрбие
жұмысының дәрежесін көтеруге, орыс-қазақ педагогикалық ынтымағының нығаюына
зор үлес қосты.
Сырдария облысының орыс-тузем мектептеріндегі, оқудың мазмұны мен
әдістерін жетілдіруде С.М. Граменицкий де (1859-1918) көп еңбек сіңірді.
С.М. Граменицкий орыс-тузем менктептерінің оқу жұмысының мазмұны мен
әдістеріән жетілдіруге көңіл бөлді. Ол Сырдария облыстарының орыс-тузем
мектептерін көрнекі құралдармен қамтамасыз етуде, Түркістан семинариясында
оқыған қазақ немесе қазақ тілін білетін орыс мұғалімдерімен толықтыруда
недәуір жұмыс жүргізілді.
Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ халқының рухани, мәдени өмірінде
өзгерістер жасауға ықпал етті. Царизмнің халыққа қарсы бағытталған
саясатына қарамастан, орыс пен қазақ еңбекшілерінің таптық мүдделеріне
негізделген қарым-қатынастары, мәдениет саласындағы, атап айтқанда, ғылым
мен оқу-ағартудағы достық байланысы кеңейіп беки түсті.

2.2. Білім беру ісінің мәні, міндеттері, принциптері және құрылымы.
Қазіргі өлкенің өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру,
оларды жан-жақты дамыту-қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени
дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге
бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Қазақстан
Республикасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық жүйесі және құрылымы
Құқықтық тәрбие берудегі мектептің ролі
Мемлекет басқару жүйесі реформасының бесінші кезеңі
ҚР дене тәрбиесі мен спорттың дамуын жоспарлау
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
Жаңа стандарт саласында оқу-тәрбие үдерісті жоспарлау және ұйымдастыру
Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің мектептен және сыныптан тыс түрлері
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Құқықтық білім беруде адам құқығын оқыту мәселесі
Пәндер