Қаржылық тәуекелдерді басқару әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Тәуекелдердің теориялық негізі

1.1 Тәуекел
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .5

1.2 Қаржылық тәуекелдерді басқару
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

1.3 Қаржылық тәуекелді төмендету
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... .15

2 Тәуекелдерді басқару – табыстылықтың алғышарты

2.1 Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау
әдістері ... ... ... ... 18

2.2 Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы табыстылық пен тәуекел

деңгейін
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .22

2.3. Ұлар Үміт ЖЗҚ-ң тәуекел жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... 2 5

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...29

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .31

\

Кіріспе

Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды
элементтерінің бірі болып табылады. Тәуекелдерді басқару – менеджменттің
ерекше спецификалық саласы болып табылады. Қазіргі таңда әрбір кәсіпорын
қаржылық тәуекелдермен кездеседі. Қаржылық тәуекелдер ақша айналысымен және
қарыз алушы және қарыз беруші деген түсініктермен бірге пайда болды.
Қаржылық жүйенің спектрі ұлғайған сайын қаржылық тәуекелділіктердің де
түрлері көбейе берген.

Тәуекел менеджменттің негізгі мақсаты болып – тәуекелділіктерді жою
немесе олардың әсер ету деңгейін төмендету екендігі белгілі.
Тәуекелділіктерді жою көбінесе қаржылық құралдар көмегімен жүзеге
асырылады.

Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып
алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел
жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз
болжанады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және
тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін
түрлі тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады.

Экономикалық қарым-қатынастарды және тәуекелділіктерді басқаруды
жүзеген асыратын жүйе тәуекелділік менеджменті деп аталады. Тәуекелділік
менеджменті тәуекел мөлшеріне және дәрежесіне стратегия және қаржылық
менеджмент әдістерімен жүзеге асырылатын қаржылық механизм арқылы нақты
әсер етуге болады. Бұл тәуекелді басқарудың өзіндік механизмі тәуекел-
менеджменті болып табылады.

Тәуекел-менеджментінің негізі тәуекелді анықтау және төмендету бойынша
ұйымдастырушылық жұмыстар болып табылады. Қазіргі уақытта кез келген
кәсіпорын тәуекелмен кездеседі және қазіргі қаржылық дағдарыс кезінде
көптеген компаниялар үшін өз қаржылық тұрақтылын сақтап қалу үшін
тәуекелділіктерге бару керек. Сондықтан қазіргі уақытта бұл тақырып өзекті
деп санаймын. Өйткені, жоғары пайда табу үшін тәуекелге бару керек, ал
тәуекелді міндетті түрде басқару керек.

Тәуекел менеджменттің негізгі құралы болып – сақтандыру болып
табылады. Тәуекелділік менеджментте сақтандырумен байланысты жаңа
альтернативті тәуекелді аудару көзқарасы пайда болды. Мұнда активтер мен
пассивтерді сатандырудың және басқарудың жағымды жақтары мен мүмкіндіктері
біріктірілген.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты – қаржылық тәуекелдердің мәнін ашып,
туекелдердің пайда болу себептерін анықтау, тәуекелдердің қандай түрлері
болатынын жазу. Бұл курстық жұмыстың міндеті болып, жинақтаушы зейнетақы
қорлары мысалында тәуекел мен табыстылық арақатынасын талдап, тәуекелдерді
басқаруды көрсету болып табылады.

Қарастырып отырған курстық жұмыс негізгі екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімінде қаржы тәуекелдің мәні мен оның мазмұны туралы
жазылған. Қаржы тәуекелін басқару теориясы , яғни тәуекел түрлері, оны
бағалау мен анықтау әдістері, тәуекелдерді төмендету тәсілдері, әдістері
туралы толық жазылған.

Екінші бөлімінде тәуекел мен табыстылықты жинақтаушы зейнетақы қорлары
(ЖЗҚ) мысалында зерттеп, олардың өзара байланысын анықтау болып табылады.

1 Тәуекелдің теориялық негіздері

1.1 Қаржылық тәуекелдің мәні

Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелділіктермен, яғни жобаланған
нұсқамен салыстырғанда табысты кем алу немесе зиянның пайда болуы
ықтималдылығын кездесіп отырады. Корпорацияның қызметі тәуекелдермен
тікелей байланысты болып келетіндіктен, олар тәуекелдерді басқаруға көп
көңіл бөледі.

Тәуекел мен табыстылық деңгейлері өзара пропорционал, яғни, тәуекел
деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары
болады. Керісінше, тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен болады.
Сондықтан, кез – келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан
ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды. Тәуекелділікті талдау
оның көздері мен себептерін анықтаудан, тәуекелділіктің қолайлы дәрежесін
белгілеуден басталады. Тәуекелділік статистикалық, сараптың және
құрамдастырылған әдістермен анықталады. Қолайсыз уақиғалар болған кезде
зардаптарды азайтуға ақшаны, өндірістік қуатты, шикізатты, дайын өнімді
резервте сақтау есебінен қол жетеді; коммерциялық қызметті қайта бағдарлау
жөніндегі алдын ала жасаған шаралар болуы мүмкін. Жиынтық тәуекелді басқару
кезінде кәсіпорындағы төнетін тәуекелділіктердің түрлі тұрпаттарында
бірігетін кәсіпорын қаржынын әртараптандырудың ерекше маңызы бар. [12,39]

Тәуекелділікті азайту мен төмендетудің дәстүрлі әдісі мүліктің
сақтандыру болып табылады, бұл кезде сақтандырылушыға (сақтанушыға)
сақтандыру шартымен шарттасылған сақтандыру оқиғасы болған кезде төленетін
сақтық төлемі қамтамасыз етіледі.

Тәуекелділік – экономикалық қызмет шартының кездейсоқ өзгеруіне
байланысты күтілген табыстың, мүліктің, ақша қаражаттарының шығынға ұшырау
қауіпі. Тәуекелділік 3 негізгі белгімен сипатталады: белгісіздіктің
болуымен, баламалық таңдау, таңдалған баламаның жүзеге асырылуын бағалау
мүмкіндігі.

Тәуекелділік жағдайының бірнеше түрлері бар :

• Субъект шешім қабылдаған кезде күтілген нәтижені алу мүмкіндігін
обьективтік бағалауы үшін мысалы: жүргізілген статистикалық зерттеулерге,
жағдайды пішіндеуге негізделеді.

• Субъект шешім қабылдаған кезде күтілетін нәтиженің келуі
мүмкіндігіне сүйенеді, бұл кезде шешім қабылдау объективтик мазмұнның
негізінде емес, субъектің қабылдау жағдайына байланысты болады.

• Субъект балама таңдау және оны жүзеге асыру үрдісінде нәтиже
алудың объективтік және субъективтік бағалауына жүгінеді.

Тәуекелділік ұғымында мақсатты түрдегі келесі шарттардың байланысы оның
мәнін құрайды:

• Таңдалған баламаны жүзеге асыру барысында алға қойылған мақсаттан
бас тарту мүмкіндігі.

• Күтілетін нәтижеге қол жеткізу мүмкінді.

• Алға қойылған мақсатқа қол жеткізуде сенімділіктің болмауы.

• Тәуекелге баратын субъект үшін белгісіздік шартында қандай да бір
істі жүзеге асыру барысында қолайсыз жағдайға тап болуы мүмкін.

• Шығынға ұшыраудың күтілуі.

Тәуекелділік - бұл қабылданған шешімдердің қалаусыз нәтижесі ғана
емес, сонымен қатар тәуекелділік нәтижесі қаржылық шығындар немесе
күтілетін табысты ала алмау мүмкіндігі түрінде көрініс табады.

Экономикалық тұрғыдан тәуекелділіктің келесі қызметтерін ажыратып
көрсетуге болады:

- Инновациялық қызмет – кәсіпкер алдында тұрған мәселелерді шешудің
қалыптасқан шарттан өзге де шешімдерін іздеуді бақылайды. Қазіргі кездегі
шаруашылық тәжірибесінің талдауы көрсетуі бойынша көптеген ірі
кәсіпорындар тәуекелділікпен байланысты инновациялық экономикалық салада
үлкен табыстарға ие.

- Қорғаушылық қызметі – егер де кәсіпкер үшін тәуекелділік қалыпты
жағдай болса, онда сәтсіздікке ұшырау бұл жаңалық болып табылмайды. Бұл
жағдайда кәсіпкерлер үшін тәуекелге барып сәтсіздікке ұшыруда
жауапкершілікке тартпау яғни оларға әлеуметтік, құқықтық, саясаттық қорғау
және экономикалық кепілдіктің керектігін көрсетеді.

- Аналитикалық қызмет – шешімдердің мүмкін болатын нұсқаларының
біреуін таңдау қажеттілігімен байланысты болады. Бұл үшін кәсіпкер шешім
қабылдау үрдісінде барлық мүмкін болатын барлық баламаларды талдай отыра
тәуекелділігі азын және пайдалылығы көбін таңдайды. Тәуекел табиғаттың
жобаланған нұсқаумен салыстырғанда табысты кем деңгейде алу немесе
зияндардың пайда болу ықтималдығы. Экономикалық категория ретінде тәуекел
өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады.
Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы
мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда,
табыс).

Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі
бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар
қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады.

Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің
сыныптамасына тәуелді.

Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты
тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік.

Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді.
Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық,
транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік,
саудалық).

Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу
мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер
бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады.

Қаржы тәуекелі ( financial risk) кәсіпорын қаржылық институттармен
(банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және
т.б.) қатынасы процесінде пайда болады. Бұл қарыздық құралдарды тартумен
байланысты белгісіздік.

Компанияның қарыздық құралдарының көп болған сайын, бұл компанияға
ақша құралдарды салу қаупі де жоғары болады. Компанияның акциялар бойынша
пайыздарды және дивиденттерді төлеу қиыншылықтары пайда болады.

Қаржы тәуекелінің туындау себептері – инфляциялық факторлар, банктің
есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі, сатып
алу қабілетімен байланысты және т.б.

Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:

1) ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;

2) капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық
тәуекелдер).

Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге
тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық
тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.

Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция –
инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес
ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.

Инфляциялық тәуекел немесе сатып алу қабілетімен байланысты тәуекел (
purchasing power risk) – инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу
қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез
құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап
болады. Бұл тәуекелділік мүліктің ақшалық зайымдардан сенімдірек екенін
көрсетеді. Сонымен қатар, инфляция қаржыны инвестициялауды төмендетеді,
және қарыз алушыларды несие берушілерден ерекше пұрсатты жағдайға қояды.

Дефляциялық тәуекел – дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі
төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс
төмендейді.

Валюталық тәуекелдер ( exchange rate risk) сыртқы экономикалық,
несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік
валюта бағамының басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты
валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі. Өтімділік тәуекелі – тұтынушылық
құнының және сапалық бағаның өзгерісі себебінен бағалы қағаздар немесе
басқа да тауарларды өткізу кезіндегі мүмкін болатын жоғалтулармен
байланысты тәуекелдер.

Инвестициялық тәуекелдер келесі ішкі жүйелік тәуекелдерді қамтиды:

1) жіберіліп қойған пайда тәуекелі;

2) табыстылықтың төмендеу тәуекелі;

3) тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.

Жіберіліп қойған пайда тәуекелі – белгілі бір шараларды (мысалы,
сақтандыру, хеджирлеу, инвестициялау т.с.с.) іске асырмау нәтижесінде
жанама (қосымша) қаржылық зиянның (алынбаған табыс) туындау тәуекелі.

Тауарлық тәуекелдер бұл өндіруші кәсіпорындардың тәуекелі болып
табылады. Яғни бұл кәсіпорынның тауар дефициті немесе олардың тауарларына
деген сұраныстың болмау тәуекелі болып табылады.

Табыстылықтың төмендеу тәуекелі портфельдік инвестициялар, салымдар
және несиелер бойынша дивидендтер және пайыздар мөлшерінің төмендеу
нәтижесінде туындауы мүмкін.

Портфельдік инвестициялар инвестициялық портфельдің пайда болуымен
байланысты және бағалы қағаздар және басқа активтерді сатып алумен
түсіндіріледі. Портфельдік термині итальян сөзінен Porte foglio шығып,
инвесторда бар бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді.[5,75]

Табыстылықтың төмендеу тәуекелі келесідей тәуекел түрлерінен тұрады:
пайыздық тәуекелдер және несиелік тәуекелдер.

Пайыздық тәуекелдерге тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық
мөлшерлемелер ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден жоғары болып
кетуі нәтижесіндегі коммерциялық банктердің, несиелік мекемелердің,
инвестициялық институтардың жоғалту қауіптері жатады. Пайыздық
тәуекелдерге сонымен қатар акциялар бойынша дивидендтердің, облигациялар,
сертификаттар және басқа бағалы қағаздар нарығындағы пайыздық
мөлшерлемелердің өзгерісімен байланысты инвесторлар жоғалтулар тәуекелі
жатады.

Пайыздың нарықтық мөлшерлемесінің өсімі бағалы қағаздардың бағамдық
құнының төмендеуіне алып келеді, әсіресе тұрақты пайызды облигацияларға
қатысты. Пайыздың жоғарылауы салдарынан төмен тұрақты пайыз бойынша
шығарылған және шығару шарттары бойынша эмитент жедел қайта қабылданатын
бағалы қағаздардың массалық алынып тасталуының басталуы мүмкін.

Тұрақтандырылған дәрежемен салыстырғанда орташа нарықтық пайыздың өсуі
кезінде тұрақты пайыздық орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға
өз қаражатын салған инвестор пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша
айтқанда, инвестор пайыздың жоғарылауы есебінен табыстар өсімін ала алатын
еді, бірақ жоғарыда көрсетілгендерге салынған өз қаражаттарын босата
алмайды.

Тұрақтандырылған деңгеймен салыстырғандағы орташа нарықтық пайыздың
төмендеуі кезінде тұрақты пайызды орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы
қағаздарды айналысқа шығарған эмитент пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін.
Басқаша айтқанда, эмитент нарықтан төмен пайызды қаражаттар тарта алатын
еді, бірақ ол өзі шығарған бағалы қағаздармен байланысты.

Тәуекелдің бұл түрі инфляция жағдайында пайыздық мөлшерлемелердің тез
өсуі кезінде қысқа мерзімді бағалы қағаздар үшін де мән береді.

Несиелік тәуекел – (default risk ) қарыз алушының негізгі қарыз және
несиегерге жататын пайыздардың төленбей қалу қаупі. Несиелік тәуекелге
сонымен қатар қарыздық бағалы қағаздар шығарған эмитент қағаздар бойынша
пайыздар немесе қарыздың негізгі сомасын төлей алмайтын жағдай да жатады.
Сонымен қатар несиелік тәуекел тікелей қаржылық жоғалтулар түрлілігі болуы
мүмкін.

Тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі келесі түрлерін қамтиды: биржалық
тәуекел, селективтік тәуекел, банкроттық тәуекел, сонымен қатар несиелік
тәуекел.

Биржалық тәуекелдер өзімен бірге биржалық мәмілелерден жоғалту қаупін
ұсынады. Бұл тәуекелдерге келесілер жатады: коммерциялық мәмілелер бойынша
төлемеу тәуекелі, брокерлік фирманың комиссиялық сыйақы төлемеу тәуекелі
және т.б.

Селективтік тәуекелдер (латын тілінен selectio – таңдау, сұрыптау)
–инвестициялық портфель қалыптастырудағы басқа бағалы қағаздармен
салыстырғанда инвестициялау үшін бағалы қағаздардың түрін, капитал
салымының әдісін дұрыс емес таңдау тәуекелі.[7,32]

Банкроттық тәуекелі өзімен бірге капитал салымының әдісін дұрыс емес
таңдау, кәсіпкердің меншікті капиталын толық жоғалту және өзіне алған
міндеттемелер бойынша есептесе алмау, өз міндеттерін орындай алмау
нәтижесінде туындайтын қауіпті ұсынады. Нәтижесінде кәсіпкер банкротқа
ұшырайды.

Қаржы тәуекелі өзімен бірге уақыт функциясын ұсынады. Берілген
қаржылық актив немесе капитал салымының түрі үшін тәуекел деңгейі уақыт
бойында жоғарылайды. Мысалы, импорттаушының шығыстары бүгінгі күнде
контрактіге отырған кезден, уақыттан мәміле бойынша төлем мерзіміне дейінгі
уақытқа байланысты, себебі ұлттық валютаға шетел валютасының бағамының
қатынасы өсуде. Жалпы, қаржы тәуекелі бұл, пайданы толық алмау немесе
бағалы қағаздар операциялармен байланысты тәуекелдер болып табылады.

Шетелдік тәжірибеде капитал салымы тәуекелін саналы анықтау әдісі
ретінде ықтималдық теориясы ұсынылады.

Бұл әдіс инвестициялық жобаның өткен мерзімдегі нәтижелермен
байланысты ықтималды болашақтағы ақшалай ағымдарын нақты анықтауға
мүмкіндік береді. Егер капитал салымы жобасы бірінші мерзімде қабылданатын
болса, онда келесі мерзімдерде ол қабылдануы мүмкін. Егер түрлі
мерзімдердегі ақша ағымдары бір-бірінен тәуелсіз болатын болса, онда әр
уақыт мерзімі үшін ақша ағымдарының нәтижелерін ықтималды орналастыруды
анықтау қажет.

1.2 Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері

Қаржылық тәуекелділіктерді басқарудың мақсаты берілген
тәуекелділікпен байланысты жоғалтуларды ақша көрінісінде бағалануы мүмкін,
сондай – ақ оларды алдын ала тоқтату бойынша жолдар бағаланады. Қаржылық
менеджер бұл екі бағаны теңестіріп, тәуекелділіктерді минимизациялау
жайғасымы тұрғысынан мәмілені жақсы жасауды жоспарлау керек.

Экономикалық сақтану қосымша шығындар деңгейін болжау, ықтимал зардап
ауыртпалығын бағалау, тәуекелділік қаупін немесе оның салдарынан жою үшін
барлық қаржы механизмін пайдалануда құралады. Одан басқа, тәукелділікті
басқарудың 4 әдісі белгілі:

1. Жеңілдету тәуекелділікті шараларды жасаудан бас тартуда
құралады. Бірақ қаржылық кәсіпкерлік үшін тәекелділіктерді жеңіледету
әдетте пайданы да жеңілдетеді

2. Жоғарлатуларды алдын – ала тоқтату мен бақылау қаржылық
тәуекелділікті әдісі ретінде негативті салдарды алдын – ала тоқтату
кездейсоқтықтардан сақтану және егер жоғалтулар бар болса, немесе құтылмас
болса, кездейсоқтықтардың өлшемін бақыла қажеттілігімен шарттастырылға.

3. Сақтандыру мәні инвестор тәуекелділіктерден қашу үшін ғана, яғни
тәуекелділікті нөлге дейін төмендету үшін төлеуге дайын табыстың бір
бөлігінен бас тартуға дайын екендігінде көрінеді.

Сақтандыру үшін құрылатын ақша қорының, тек алдын – ала айтылған
жағдайлардағы болатын жоғалтуларды өтеуге оныңресурстарын шығындаудың
мақсаттың бағыттылығы; қатынастарының ықтимал сипаты; құралдардың
қайтарымдылығы сипаттары тән.

Қаржылық тәуекелдерді басқару әдісі ретіндегі сақтандыру 2 түрлі
әрекеттерді білдіреді:

1) Тәуекелділіктерге ұшыраған кәсіпкерлер топтары арасында жоғалтуларды
қайта бөлу;

2) Сақтандыру фирмасынан көмек сұрау.

Ірі фирмалар әдетте өзін - өзі сақтандыруға бел буады, яғни бір типті
тәукелділікке жиі ұшырайтын ұйым болған жоғалту шығындарын алдын – ала
бөлінген құралдардан өтеу үрдісі.

4. Жұтып алу дегеніміз – залалды мойындау және оны сақтандырудан бас
тарту жұтып алуды қарастырылатын залал өте кішкентай болғанда және оған мән
бермеуге болатын жағдайда қолданады. Кез келген қаржылық немесе шаруашылық
оперциялардың тиімділігі мен онымен бірге болатын тәуекел деңгейі бір-
бірімен байланысты. Тәуекел факторын есептемей толық инвестициялық талдау
жүргізу мүмкін емес. Сондықтан тәуекел деңгейін бағалай және оның нақты
операция табыстылының деңгейімен байланыстылығын бағалай білу қажет.сонымен
қатар тәуекелділік жағдайды талдау керек. Кісіпкерліктің толық этап бойынша
тәуекелділікті бағалау іс әрекеттерін қарастырайық:

- Ақпараттық көздерді анықтау, тәуекелділіктің себептерін
анықтауға мүмкіндік беретін

- Тәуекелділік көздерін анықтау

- Нақты кәсіпорын үшін нақты тәуекелділік түрлерін анықтау

- Белгілі бір тәуекелділіктің түрі, нақты бір объектіге тигізетін
әсерін анықтау

Ақпараттық көздерді анықтау. Тәуекелділіктің көздерін және олардың
түрлерін анықтау үшін сенімді ақпараттық көздері болуы қажет. Олар
келесідей әртараптандырылады:

- Ішкі және сыртқы

- Есепке алынған және алынбаған

- Бір ретті және тұрақты

- Заңды және заңды емес түрде алынуы

- Ақпарат құжаттардан, агенттерден және т.б. көздерден алу

- Сенімді және сенімді емес

- Т.б.

Тәуекелділіктің көздерін анықтау. Бұл шаруашылық тәуекелділікті
анықтау саласы. Сондықтан мамандар және жетекшілер тәуекелділіктердің әсер
ету қаупіне байланысты топтастыруы мүмкін. Оларға:

- Бәсекелестердің, әріптестердің, тұтынушылардың заңды емес
әрекеттері

- өндірістік шпионаж

- ұсыныс пен сұраныстың тұрақсыздығы

- рэкет

- валюталық, кедендік, салық заңнамаларының өзгеруі

- инфляция, валюталық және биржалық бағамдарының және бағалардың
тұрақсыздығы

- фирма адамдарының құпиялы ақпаратты жария етуі

- форс-мажорлық жағдайлар

- және т.б.

Тәуекелдердің негізгі түрлерін анықтау процесі. Айтып кеткендей, әрбір
кәсіпорын әр түрлі бәсекелестік ортада жұмыс істейді, әрбір кәсіпорынның
өзінің кадрлық және өндірістік потенциалы, өзінің өндірістік қатынастары,
әріптестері болады. Осыдан әртүрлі кәсіпорындара әртүрлі тәуекелдер пайда
болуы мүмкін. Коммерциялық, қаржылық, технологиялық, сақтандыру жағдайларда
тәуекелділікті,яғни шығын деңгейін уақытылы анықтау керек. Бұл дұрыс
шешімдерді және уақытылы шешідерді қабылдауға мүмкіндік береді.

Әсер ету объектіні анықтау. Қандай объектіге қандай тәуекелділк әсер
ететінін анықтау процесі болып табылады.тәуекелділікті басқару кезінде әсер
ету объектіні білу өте маңызды. Бұл ақпарат, персонал, фирма жетекшісі және
фирма табыстылығы болуы мүмкін.

Ақпарат болғанда және объектінің қорғалған деңгейін біле отыра,
тәуекелді басқару мен одан қорғалу күштерін жасауға болады.

Тәуекелдің мәні мен түріне тәуелсіз кәсіпкерліктің негізгі мақсатына
– салынған капиталдан табыс алуға – тәуекелді анықтау сәйкес келеді.

Төмен табыс табу немесе шығыстарға ұшырау ықтималдылығы қаншалықты
жоғары болса, соншалықты жоба тәуекелді болатыны белгілі. Капиталды салу
мүмкін нұсқауларды таңдау кезінде жиі бұл жобаның тәуекелі төменірек
сияқты дегендей абстрактілік пайымдаулармен шектеледі. Алайда, көбінесе
тәуекел деңгейін нақты анықтауға болады, сонымен қатар осы тәуекелге сәйкес
келетін, ұсынылатын жобаның табыстылық деңгейін де анықтауға болады.
Алынған нәтижелерге сүйене отырып, салымшы оған тиімді ақша салымын таңдай
алады, сонымен қатар мүмкін болатын тәуекел деңгейін де төмендете алады.

Тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен деңгейлерін ажыратады.
Тәуекелдің көлемін (не деңгейін) екі критерий арқылы өлшенеді (бағаланады):
орташа ауытқу мәнімен (дисперсия) және мүмкін болатын нәтижелерді
өзгермелілігімен (вариация). Сонымен бірге тәуекелдің орташа күтілетін мәні
мүмкін болатын нәтижелерді де бағалайды. Ауытқу орташа күтілетін мәннің
орташа көлемнен ауытқу өлшемі мен деңгейін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін бағалаудағы дисперсия өзімен бірге
тәуекелді салымдардың орташа күтілетін салымдардан нақты қаржылық
нәтижелердің квадраттық ауытқулардың орташа салмақты көлемін ұсынады:

σ²==(x-x²)n, (1)

мұндағы σ² - дисперсия;

x – қаржы ресурстарының салымының әр жағдайы үшін күтілетін
мәні;

x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні;

n – қаржы ресурстарының салымдарының саны(жиілік).

Дисперсия қаржылық тәуекелдің жиілігінің абсолютті тербелісін сипаттайды,
ал тербелістің салыстырмалы дәрежесін вариация коэффициенті көрсетеді. Ол
келесі формуламен анықталады:

v=σx•100, (2)

мұндағы v – вариация коэффициенті;

σ – орташа квадраттық ауытқу;

x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні.

Вариция коэффициенті 1-ден 100%-ға дейін өзгеруі мүмкін. Вариация
коэффициенті қаншалықты жоғары болады, соншалықты тербеліс күшті. Вариация
коэффициентінің түрлі мәндеріне келесідей сапалы баға бекітілген: 10% -ға
дейін – салымдардың төмен тербелісі; 10-25% - қаржылық тәуекелдің орташа
тербелісі; 25%-дан жоғары – қаржылық тәуекелдің жоғары тербелісі.

Дисперсия мен вариацияны қолданған кезде тәуекелдің қаржылық нәтижені
алудың математикалық ықтималдылығы бар екенін ескеру қажет. Бұл
ықтималдылық субъективті эксперттік жолмен немесе объективті қаржылық
тәуекелдің деңгейін математикалық есептеу негізінде анықтауға болады.

Кәсіпорынның тәуекелдерін бағалаудың негізгі әдістері болып
статистикалық әдістер есептеледі. Олардың ішіндегі перспективалы әдіс
қаржылық тәуекелдерді факторлық талдау (факторлық жүйе моделін қолдану)
болып табылады. Мысалы, диверсификацияланған инвестициялық тәуекелді
инвестиция объектісінің даму перспективаларының бар-жоқтығы бойынша,
бәсекелестік деңгейі, тапсырыстар саны, келісілген шарттар саны бойынша, ал
диверсификацияланбаған – несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер,
инфляциялық күтілімдер, ел экономикасының дамуының жалпы беталыстары
бойынша бағаланады.

Қаржылық тәуекелді бағалаудың басқа да аналитикалық әдістері кеңінен
қолданылады. Іскерлік белсенділік, қаржылық тұрақтылық коэффициенттері
есептеледі, банкроттылыққа ұшырау ықтималдылығы анықталады, жалпы қаржылық
даму деңгейі талданады.

Тәуекел деңгейінің түрлі салыстырмалы сипаттамалары жасалып,
рейтингтер анықталады.

Тәуекелді бағалаудың перспективалы әдісі модельдеу болып табылады.
Бұл әдістің негізгі қиындағы нақты жағдайларға байланысты модельді дұрыс
таңдау. Модельдер қаржылық тәуекел ықтималдылығын бағалап, нақты жағдайды
болжамдауға мүмкіндік береді.

Тәжірибеде тәуекелдерді бағалауда аналогиялар әдісі қолданылады. Қаржы
менеджерлері, мамандар түрлі шығарылымдар немесе басқа кәсіпорындар
тәжірибесі негізінде белгілі бір жағдайлардың болуы, қаржылық нәтижелер алу
ықтималдылығын, қаржылық тәуекел деңгейін анықтайды. Осы әдіс негізінде
көптеген кәсіпорындардың тактикасы мен стратегиясы құрылады. Бірақ әр
кәсіпорынның өзіндік кадрлік, шикізаттық және салалық сипаттағы
ерекшеліктері бар екенін ескеру қажет.

Тәуекелді бағалаудың негізгі әдісі кәсіпорынның қаржылық жағдайын
кешенді талдау, оның қаржылық тұрақтылығы пен төлемқабілеттілігін талдау
болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау кеңінен тараған. Оның
мақсаты – кәсіпорынның балансы мен қаржылық нәтижелер және оларды қолдану
туралы есебі негізінде жалпы қаржылық жағдайын және даму динамикасын
бағалау. Мұнда қаражаттарды (активтерді) орналастыру мен қолдануына,
олардың көздеріне (меншікті капитал мен міндеттемелер, яғни пассивтер)
назар аударылады.

Қаржылық жағдай тұрақтылығының баланстық моделі кеңінен танымал. Бұл
модель негізінде қаржылық тәуекел облысы анықталады және кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылық деңгейі талданады:

Ф + З + Дс = Ис + Кт + К + Р,
(3)

мұндағы Ф – негізгі құралдар немесе басқа айналымнан тыс активтер;

З – запастар мен шығыстар;

Дс – ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар,
дебиторлық қарыздар және басқа активтер;

Ис – меншікті қаражаттар көздері;

Кт – орташа, ұзақ мерзімді несиелер және қарыздық
қаражаттар;

К – қысқа мерзімді несиелер;

Р – кредиторлық қарыздыр.

Қаржылық тәуекелді бағалау үшін қаржылық тәуекел ықтималдылығын
сипаттауға мүмкіндік беретін коэффициенттерді (мультипликаторлар) есептеуде
негізделетін мультипликативті әдісті қолдануға болады. Белгілі
көрсеткіштерді (коэффициенттерді) есептеу есеп берудің белгілі баптары
арасындағы қатынасын анықтауда негізделеді.

Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін компьютерлік имитациясы перспективалы
болып табылады. Қазіргі кезде тәуекелді бағалау бойынша дайын бағдарламалық
өнімдер жиынтығы жасалған. Әр кәсіпорынның қаржылық тәуекелді жекеше
модельдеу мүмкіндіктері бар. [10,122]

Қаржылық жағдайды болжамдау қаржылық тәуекел ықтималдылығын анықтауға,
болашақта кәсіпорынның даму перспективасын айқындауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге болжамдау қаржылық талдау мен жоспарлауға сүйенеді.

Қаржы тәуекелінің сыртқы белгілері келесілер: міндеттемелерді
орындамау, төлемдерді тоқтату, салықтарды төлеу мерзімдерінің кешіктірілуі,
өндірістік, коммерциялық дәстүрлі байланыстардың бұзылуы. Ішкі белгілері:
өндірістің тоқтап қалуы, өткізу көлемінің төмендеуі, жұмысшылардың
қызметтен босатылуы, мерзімі өтіп кеткен кредиторлық қарыздың жоғары үлесі,
қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерінің төмен көрсеткіштері, қаржыландыру
көздері ретінде қарыздық қаражаттарды қолдану үлесінің жоғарылылығы.

Кәсіпорынның тәуекелін бағалау үшін рейтингілік әдіс қолданылуы
мүмкін. Оның мәні: негізгі көрсеткіштер корреляциялық-регрессиялық талдау
көмегімен топтастырылады. Кейін кәсіпорынның эксперттік өлшем бойынша
белгілі көрсеткіштердің орта салмақты рейтинг мәні (орны) ретінде
есептелетін интегралды рейтингі анықталады. Келесі кезеңде кәсіпорындардың
талданатын топтарындағы тәуекел деңгейі бойынша әр кәсіпорынның интегралды
рейтинг мәні есептеледі. Рейтингте бірінші орынды экономикалық потенциалы
жоғары және төмен деңгейлі тәуекелді кәсіпорын алады.

Кәсіпорынның экономикалық қызметінің тәуекелін сапалы бағалау
төмендегілерді қарастырады:

- тәуекел факторларын анықтау;

- тәуекел туындайтын жағдайларды талдау;

- тәуекелдердің потенциалды облысын анықтау.

Әр кәсіпорында жіберілетін тәуекелдің облысын анықтау қажет. Тәуекел облысы
– жалпы жоғалтулар бекітілген тәуекелдің шекті мәнінен аспайтын мүмкін
болатын жоғалтулардың кейбір зонасы.

1.3. Қаржылық тәуекелділікті төмендету тәсілдері.

Қаржы тәуекелдері түрлі әдістер мен тәсілдер көмегімен шешіледі. Қаржы
тәуекелдерін шешу құралдары болып олардан қашу, ұстап қалу, беріп жіберу,
деңгейін төмендету.

Тәуекелден қашу тәуекелмен байланысты шарадан жай ауытқумен
түсіндіріледі. Алайда кәсіпкер үшін көбінесе тәуекелден қашу пайда алу
мүмкіндігін қолданбауды білдіреді. Тәуекелді ұстап қалу – тәуекелді
инвестордың жауаптылығына қалтыру. Сонымен, инвестар венчурлік капиталды
сала отырып, вечурлік капиталдың мүмкін болатын жоғалтуларын меншікті
қаражаттары есебінен өтей алатынын алдын ала ескереді. Тәуекелді беріп
жіберу инвестор тәуекел жауаптылығын басқа біреуге, мысалы сақтандыру
қоғамына, беріп жіберумен түсіндіріледі. Бұл жағдайда тәуекелді беріп
жіберу қаржы тәуекелін сақтандыру жолымен жасалды. Тәуекел деңгейін
төмендету – жоғалтулар ықтималдылығын және көлемін қысқарту.

Қаржы тәуекелін шешуде нақты құралдарды таңдауда инвестор келесі
принциптерге сүйенуі тиіс:

- меншікті капитал мүмкіндігінше ғана тәуекел етуге болады;

- тәуекелдің соңын ойлау керек;

- аз нәрсе үшін көппен тәуекел етуге болмайды.

- Бірінші принципке сүйенуде инвестор капитал салымын жасаудан
бұрын тиіс:

- берілген тәуекел бойынша мүмкін болатын шығыстар көлемін
максималды түрде анықтау;

- оларды (шығыстарды) капитал салымының көлемімен салыстыру;

- олардың (шығыстарды) барлық меншікті қаржы ресурстармен
салыстырып, инвесторды банкроттыққа әкелмей ме екенін анықтау.

Капитал салымы бойынша шығыстар көлемі капитал көлеміне тең, не одан
кіші, не үлкен болуы мүмкін.

Портфельді инвестиция кезінде, яғни екінші ретті нарықта сатуға
болатын бағалы қағаздарды сатып алған кезде шығыс көлемі әдетте
шығыстанатын капитал көлемінен аз. Инвестордың өзіндік қаржылық
ресурстардың қөлемі және максималды мүмкін болатын шығыстар көлемінің
арақатынасы банкроттыққа апаратын тәуекел деңгейі. Ол тәуекел
коэффициентімен өлшенеді:

Кр = У С, (4)

мұндағы Кр – тәуекел коэффициенті;

У – максималды мүмкін болатын шығыс сомасы;

С – нақты түскен қаражатттар есебімен өзіндік
қаржылық ресурстар көлемі.

Екінші принципке сүйену инвестор шығыстың максималды мүмкін болатын
көлемін біле отырып, оның тәуекелдің ықтималдылылығы қандай екенін
анықтауды және тәуекелден (яғни шарадан) бас тарту, тәуекелді өз
жауаптылығына алу немесе тәуекелді басқа тұлғаның жауаптылығына беру
шешімін қабылдауды талап етеді.

Үшінші принциптің қызмет етуі қаржы тәуекелін әсіресе беріп жіберуде
көрінеді. Бұл жағдайда инвестор сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйақы
өзіне жағымды арақатынасын анықтау тиіс. Сақтандыру сыйақысы немесе
сақтандыру жарнасы – бұл сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру тәуекелі
үшін төлемі. Сақтандыру сомасы – материалдық құндылықтар (немесе
сақтанушының азаматтық жауапкершілігі, өмірі және денсаулығы)
сақтандырылған ақша сомасы. Егер шығыс көлемі сақтандыру сыйақысын
үнемдеумен салыстырғанды үлкен болса, онда тәуекел ұсталынып қалуы тиіс
емес, себебі инвестор тәуекелді өзіне алмау керек. Қаржы тәуекел деңгейін
төмендету үшін түрлі әдістер қолданылады:

- диверсификациялау;

- таңдау және нәтижелер туралы қосымша ақпараттар алу;

- шектеу;

- сақтандыру;

- жабу;

- хеджирлеу және т.б.

Диверсификациялау өздерінің арасында тығыз байланысты түрлі салым
объектілері арасында инвестицияланатын қаражаттарды орналастыру процесін
білдіреді. Диверсификациялау принципінде клиенттерге өз акцияларын сататын,
ал алған қаражаттарды нарықтан сатып алынатын және тұрақты орташа табыс
әкелетін түрлі бағалы қағаздарға салатын инвестициялық қорлардың қызметіне
негізделеді. Диверсификациялау түрлі қызметтер арасында капиталды
орналастыру кезінде тәуекелдің бөлімінен қашуға мүмкіндік береді.
Диверсификация деп – бір-бірімен тікелей байланыспаған әр түрлі салыну
объектінің арасындағы капиталды бөлу үрдісін айтамыз. Диверсификация әр
түрлі қызметтерінің арасында капиталды бөлу жерінде тәуекелділіктің бір
бөлігінен қашуға мүмкіндік береді. Мысалы, инвестордың бір акционерлік
қоғамның акцияларының орнына 5 түрлі акционерлік қоғамның акцияларын сатып
алу алынатын орта табысты 5 есе көп ықтималдылығын артырады және сәйкесінше
тәуекелділік дәрежесін 5 есе төмендету. [11, 91]

Тәукелділік - менеджментінде ақпарат маңызды роль атқарады. Қаржы
менеджері тәуекелді шешімдерді қабылдауға жиі кездеседі. Бұл жағдайда
капитал салымның нәтижелер анықталмаған және шектеулі ақпаратқа
негізделген. Егер қаржы менеджерінде ақпарат толығырақ болса, онда ол
неғұрлым нақты болжам жасап тәуекелділікті төмендете алушы еді. Осы жағдай
ақпаратты өте бағалы тауар ретінде ұсынады. Инвестор толық ақпарат үшін
төлеуге дайын. Толық ақпарат құны толық ақпарат кезіндегі қандай да бір
сатып алу немесе капитал салымның күтілетін құны арасындағы құнды
бейнелейді.

Лимиттеу – лимит қою, яғни шығындардың, сатулардың, несиенің және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық менеджер тәуекел
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Несиелік тәуекелдерді басқару есебі
Қаржы тәуекелін басқару («PERFECT» ЖШС мысалында)
Қаржылық тәуекел
Банктік тәуекелдерді төмендету әдістері
Қаржы тәуекелін басқарудың теориялықаспектілері
Қаржылық тәуекелдердің сыныпталуы
Компанияның қаржылық қызметінің жалпы тәуекелі
Қаржы тәуекелінің нарықтық экономикадағы мәні және оны басқарудың теориялық негіздері
Пәндер