Талдар тұқымдасына жалпы сипаттама



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 Негізгі бөлім
2.1 Шілік тұқымдасының практикалық және биологиялық
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.3 Талдар тұқымдасына жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 10 2.4 Терек туысы
жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

Кіріспе
Менім курыстық жұмысымның тақырыбы шілік тұқымдасының практикалық
және биологиялық маңызы. Мен бұл жұмыста шілік тұқымдасына жататын
туыстарды зерттеп, олардың қаншалықты маңызы бар екені туралы жазамын.
Жалпы шілік тал туысына жататын аласа бұтаның бір түрі. Қазақстанда Тобыл
Есіл атырабында, Солтүстік Қазақстанда, ақтөбе облыстарында, Сарыарқаның
батысында, Шымтезекті жерлерде, өзен алқабында, ылғалды шыбындықтарда
өседі. Оның биіктігі 1 метрге дейін жетеді. Шыбық тәрізді жіңішке бұтақты,
жас бұтақтары түкті, бірнеше жылғы бұтақтары сарғылт қоңыр, түксіз болады.
Сонымен атап айтқандай шілік тал туысына жататын өсімдіктің бір түрі болып
келеді. Олар Қазақстанның барлық аймақтарында да өседі. Олардың кейбір
түрлері Қазқастанның қызыл кітабына енгендері де бар. Сонымен қатар ең
бағалы, ең көркем деген түрлері де кездеседі. Жалпылап айтқанда, Қазақстан
өзі көптеген өсімдіктердің сан алуан түрлеріне бай. Соның ішінде талдар
тұқымдасын атап айтқан жөн болар.
Талдар тұқымдасы – бұлар бұталар мен ағаштар, негізінен солтүстік
еңдіктің қоңыржай климатты елдерінде кең таралған. Тұқымдастың кейбір
түрлері қиыр солтүстікте жерге төселіп өсетін, аласа формалар түзеді
(карликовая форма). Жапырақтары кезектесіп орналасатын, жай жапырақтар.
Қосалқы жапырақшалары кейде ерте түсіп қалып отырады. Аталық және аналық
гүлдері бөлек жетіледі (дара жыныстылық), әдетте әр түрлі особьтарында (екі
үйлік). Гүлсерігі болмайды. Аталық гүлдерінде 2 – ден 30 – ға дейін, кейде
оданда көп аталықтары (тычинки) болады; аналық гүлдерінде, екі жеміс
жапырақшасынан тұратын, бір аналық (пестик) болады. Гүлтүйіні бір ұялы.
Тұқымбүрлері өте көп болып келеді.

Негізгі бөлім
2.1 Шілік тұқымдасының практикалық және биологиялық маңызы.

Тал туысына жататын аласа бұтаның бір түрі. Қазақстанда Тобыл Есіл
атырабында, Солтүстік Қазақстанда, ақтөбе облыстарында, Сарыарқаның
батысында, Шымтезекті жерлерде, өзен алқабында, ылғалды шыбындықтарда
өседі. Оның биіктігі 1 метрге дейін жетеді. Шыбық тәрізді жіңішке бұтақты,
жас бұтақтары түкті, бірнеше жылғы бұтақтары сарғылт қоңыр, түксіз болады.
Ұзындығы 2 – 8 см, ені 0,3 – 1 см, көп жапырақтарының екі беті де түкті
болады. Гүлі ұсақ, өте көп, гүл сырғасы жапырағынан бұрын дамиды. Мамыр
айында гүлдейді. Жергілікті жерде шілікті отын ретінде
пайдаланып келеді.
Тал тұқымдасына жататын ағаш не бұта. Негізінен Солтүстік жарты шарда
өсетін 350 (кейбір деректерде 600 – дей) түрі бар. Қазақстанның барлық
өңірлерінде кездеседі. Оның 46 түрі белгіл. Соның 3 түрі мыналар болып
саналады: дәріжапырақты талдар, липский талдары, және тікенекті – жапырақты
талдар. Тек Қазақстанда ғана өсетін эндемиктер өзен, көл, бөген
жағалауларында көбіне қалың тоғай құрап өседі. Биіктігі 15 – 30 сантиметр.
Жапырағы қысқа сағақты, бүтін жиекті, қандауыр тәрізді. Гүлі болмайды,
шашақ гүл сырғасына (аналық, аталық) топталған. Көбінесе жапырағы шыққанша
гүлдейді. Бұтақ шоғыры иілген жалпақ пирамида тәрізді, жайқалып өседі.
Көпшілік түріне протогения (гүл аталығының ертерек пісіп жетілуі) тән
тұқымынан немесе бұтағын кесу арқылы, ал мәдени түрлері қалемшелеу арқылы
көбейеді, жәндіктер (негізінен аралар) арқылы тозаңданады. Жемісі – көп
тұқымды қорапша. Талдар тез өседі, 30 (кейде 75 – 100) жылдай жасайды. Діңі
жеңіл әрі жұмсақ, тез шіриді. Ағаш қабығын, жапырағын, бұтағын жабайы аңдар
(бұлап, кәмшат, қоян т. б) мен үй жануарлары, ал бүрін, сырғасын құстар
(құр, шіл) жақсы жейді. Талдар елді – мекендерді көгаландыру, құм бекіту,
топырақ эрозиясына қарсы егістікті қорғау үшін егеді. Сүрегі құрылыста,
целлюлоза – қағаз өнеркәсібінде пайдаланылады. Сондай – ақ талдар – шіркелі
өсімдіктер болып саналады.

Талдар тұқымдасы – бұлар бұталар мен ағаштар, негізінен солтүстік
еңдіктің қоңыржай климатты елдерінде кең таралған. Тұқымдастың кейбір
түрлері қиыр солтүстікте жерге төселіп өсетін, аласа формалар түзеді
(карликовая форма). Жапырақтары кезектесіп орналасатын, жай жапырақтар.
Қосалқы жапырақшалары кейде ерте түсіп қалып отырады. Аталық және аналық
гүлдері бөлек жетіледі (дара жыныстылық), әдетте әр түрлі особьтарында (екі
үйлік). Гүлсерігі болмайды. Аталық гүлдерінде 2 – ден 30 – ға дейін, кейде
оданда көп аталықтары (тычинки) болады; аналық гүлдерінде, екі жеміс
жапырақшасынан тұратын, бір аналық (пестик) болады. Гүлтүйіні бір ұялы.
Тұқымбүрі көп. Жемістері екі жақтауынан қақырап ашылатын қауашақтар.
Тұқымның түп жағындабір топ талшығы болады, эндоспремі болмайды.
Талдар тұқымдасына 400 – дей түр жатады, олар үш туыстың құрамына
кіреді: терек (тополь – Populus, 25 – 30 түр), тал (ива – Salix, 350 – 370
түр) және чизония (Chosenia, 1 түр).
Тал туысы (ива – Salix). Саны жағынан ең көбі. Тек БОР – дың
флорасында 170 – тей түрі және көптеген гибридтік формалары кездеседі, ал
Қазақстанда 46 түрі өседі. Талдың гүлдерінде кейбір жағдайларда
теректердегі секілді, гүлдің түп жағынан қоршап тұратын диск болады.
Көптеген түрлерінде ол екі шырындықпен (нектарник) алмастырылған.
Шырындықтардың біреуі жабындық жапырақшалар жағынан, ал екіншісі сырғаның
өсіне қараған жағынан орналасады. Кейбіреулерінде тек бір ғана шырындық
сақталған. Аталық сырғасында 1 – ден бірнешеуге дейін аталықтары болады.
Аналық сырғаларында аналығы (гинецей) 2 мүшелі парокарпты және 2 аузы
болады (рыльца пестика). Талдар жапырақтары шықпас бұрын, немесе олармен
бірге гүлдейді. Талдар насекомдармен тозаңданады. Оларға насекомдардың
ондаған түрлері келіп қонады, сиректеу желмен тозаңданады. Көптеген түрлері
будандауға бейім, соған байланысты бір түрмен екінші түрдің шекарасы,
барлық уақытта айқын бола бермейді.
Шыбықтарынан қарзеңке, балық аулауға қажетті жабдықтар (снасти)
тоқуға болады. өзен жағасында және кішігірім аралдарда өсетін қадама
талдардан киіз үйдің керегелері мен уықтарына қажетті материалдар
дайындайды. Қабығында иілік заттар болады. Талдар өте оңай тамыр береді
және вегетативтік жолмен көбейеді. Сондықтан да оларды құмды бекіту
мақсатында өсіреді.
Халық медицинасында қабығын маляриядан емдеуге пайдаланады. Жақсы бал
беретін өсімдіктің бір түрі болып табылады.
Чозения туысының (Chosenia), жоғарыда айтылғандай жалғыз ғана түрі бар.
Ол Ресейдің Қиыр Шығысында, Жапонияда, Корея түбегінде, Қытайда өседі.
Чозения тал туысына өте жақын болып келеді.
Талдар тұқымдасы – Populus және Salix (бұларға жанасып тұратын
чозениямен бірге) күмәнсіз бір – біріне жақын туыстар. Шамасы олар
эволюциялық дамудың 2 дербес – анемофильді (Populus туысы) және
энтомофильді (Salix оған жанасып тұратын чозениямен бірге) тармақтарын
береді. Бұлардың арғы тегі болып табылатын форманың гүлі қос жынысты болса
керек. Мұны ешкі талдың және теректің Гималайлық түрінің гүлдерінде
кездесетін, қосжынысты гүлге ұқсас, ауытқушылықтың болуы дәлелдей
түскендей. Талдар тұқыммдасының арғы тектерінде гүлсеріктерінің болғаны, не
болмаса дәлелденбеген. Талдар өте ертеде пайда болған тұқымдас, олардың
қалдықтары бор дәуірінің үстіңні қабаттарында талдар өте жиі кездеседі;
неогенде олар солтүстік ендіктің қоңырдай климатты зонасының барлық жерінде
дамудың ең шарықты биігіне көтерілген. Неогендік түрлері қазіргі кезде
тропикада кездесетін талдар тұқымдасының өкілдеріне ұқсас. Палентологиялық
мәліметтерге сүйенсек, талдар тұқымдасының ертегі жабықтұқымдастармен,
олардың арғы тегі болып табылатын формалармен генетикалық тұрғыдан тікелей
байланысты болған деген пікір мақұлдауға итермелейді. Сонымен бірге талдар
тұқымдасының гүлдері (яғни талдардың өздері де), жабық тұқымдастардың
жоғарғы деңгейде маманданған, формаларының редукцияға ұшырауының негізінде
пайда болған деген көзқарас бар. Кейбір ботаниктер бұл тұқымдасты жыңғылдар
тұқымдасымен жақындастырады. Себебі соңғы тұқымдастың өкілдерінің
дәндерінде, топтасқан талшықты түктердің болуы (хохолок волосков), тұқым
бүрінің, гүл түйінінің түбінде орналасуы және басқа да белгілері талдар
тұқымдасымен ұқсас. Ғалымдардың бір бөлігі талдар тұқымдасын шегіргүлдер
тұқымдасымен (тұқымдары қабырғаға жанасып орналасқан) жақындастырады. Одан
әрі талдар тұқымдасын жыңғылдар тұқымдасымен, екеуіне ортақ бір тектен
параллель дамыған деген пікір айтады.

Сексеуіл. Республиканың кей – байтақ территориясында Атыраудан Ертіске
дейінгі аралықты шөлді алқап алып жатыр. Оның да өзіне тән өсімдіктер
дүниесі бар. Жалпы шөл деген ұғымды көптеген адамдар жансыз, мидай кеңістік
деп түсінеді. шөлдей қурап тұр дегенде де, бұл сөз ешнәрсе жоқ деген
сөздің мағынасына балама болып кеткен. Ал шын мәнінде шөл бұл айтқандай
қақырап тұрған жоқ. Ол тіпті көктемде құлпырып кетеді деуге де болады.
Бірақ климатының қатаңдығына қарай бұл мезгіл тез өте шығады. өйткені, бұл
аймақтың өсімдіктер дүниесі аптап ыстық, судың тапшылығы, бұлтсыз аспан
сияқты көріністерге бейімделген. Сексеуіл, жусан, итсигек, бұйырғын және т.
б өсімдіктер – шөлді ландшафты бейнелейтін негізгі түрлер. Ал көктемде
гүлдейтін өсімдіктер тез өсіп – жетіліп, шөл беті ысып, қуаңшылық түскенше
вегетациялық кезеңін аяқтап үлгереді. Эфемерлер деп аталатын топқа жататын
мұндай өсімдіктер 1 – 1,5 ай ішінде тұқымын шашып үлгереді. Эфемерлердің
дәуірі өткен соң шөл аймағының аптап ыстық кеңістігін жусан, жантақ, құм
қарағаны және сексеуіл сияқты өсімдіктер алып жатады.
Осы бір қуаңшылыққа аса төзімді өсімдік – сексеуілдің республикамызда
ақ, қара зайсан сексеуілі деген түрлері өседі. Мойынқұм, сары есік
атырауында, Арал бойы құмдарында қара сексеуілмен ұштасып өседі. Биіктігі 1
– 3 метр. Бұтақтарының қабығы ашық – сұр, өркендері ине тәрізді, ашық –
жасыл реңді. Қатаң табиғат жағдайында өседі (құрғақ, борпылдақ, жылжыма
құмдар –қоректік заттарға тапшы келеді). Жауын – шашын аз түсетін
болғандықтан ақ сексеуіл қара сексеуілден гөрі кем буландырады. Қуатты
тамырлармен құмды бекітеді. Жапырақтардың орнына қысқа келген үшкір
қабыршақтары болады, ал қара сексеуілде бұл да болмайды екен. Оларда жасыл
өркендер болады. Ақ сексеуіл орман да, тоғай да түзбестен, әр қайсысы өз
алдына жеке өседі. Қара сексеуіл Сырдария, Сарысу, Шу, Іле өзендерінің
аңғарларында, сондай –ақ Үстірт, Маңғышлақ, Бетпақдалада да кездеседі.
Бойлап өсетін бұл ағаштың биіктігі 1,5 – 7 метр болады. Зайсан сексеуілі
Жоңғар қақпасы мен Зайсан қазаншұңқыры алқабындағы жазықтарға таралған.
Сексеуіл – Орта Азияда көп өсетін, 50 жылға дейін жасайтын, нағыз
шөлді аймаққа тән өсімдіктің бір түрі болып саналады. Оның сүрегі аса
қуатты отын, қуаты жөнінен ол тек көмірдің кейбір сортына ғана жол береді.
Жапырағы жоқ болса да оның кронасы тығыз болады. Жасыл бұтақтары судың
әрбір тамшысын үнемдеп пайдаланып, оны булануға өте аз жұмсайды. Ол
түсінікті де, өйткені сексеуілдің тамыры ондаған метр тереңдікке жетіп,
ылғал жинайды.
Шөлді аймақта өсіруге өте қолайлы бұл өсімдіктің бұтасы қыста мал
азығына пайдаланылады. Басқа өсімдіктердің өсуіне қиын табиғи жағдайда өсіп
жетіле алатын сексеуіл біздің республикамызда 4 миллион гектардан астам
ауданды алып жатыр.
Ылғал тапшылығы мен қуаңшылыққа бейімделіп өскенбұл өсімдіктің
жапырағы да, сабағы да ерекше түрге енген. Сексеуілді орман жарық болып,
іші ыстық келеді.
Қатаң климатты жағдайға тамаша бейімделіп өскен бұл шөп өсімдігін
ысырапсыз пайдаланып, қолдан көбейтіп өсіру қажет. Ол тек мал азығы, отын
ғана емес, ол – шағыл құм көшкінін де тоқтатып, көп пайда келтіреді.
Осындай жан – жақты пайдасын ескере келе, республикада сексеуілді
өнеркәсіптік мақсатта дайындау ісі тоқтатылып, оны өсіру алқабы
кеңейтілуде. Мәселен, Бақанас орман шаруашылғының қызметкерлері бір жылда
ғана төрт мың гектардан астам алқапқа сексеуіл тұқымын отырғызады. Бұл –
сөз жоқ осыншама алқапта топырақ құрылымын жақсартып, шөптің шығымын
арттырады, сусыма құм көшкіндерін тоқтатып, топырақты жел суыруын кемітеді.
Аса ұқыптылықты қажет ететін бұл түр өте баяу өсіп жетіліп, шаруашылыққа
ұзақ мерзімнен соң пайдалануға жарайтындықтан да оны тиімді пайдалану
мәселесінің рөлі арта түседі. Сексеуіл ағашы тек 20 – 25 жылдардан кейін
ғана шаруашылыққа пайдалануға жарайды, ендеше оның тағдырына шаруашылық
көзқарас тұрғысынан жан ашарлықпен қарау керек болары сөзсіз.

2.1 Талдар туысына жалпы сипаттама.
300 – ге тарта түрлерден және көптеген гибридтік формалардан
тұрып, оның ішінде 170 – дей ТМД елдерінің флорасында, 46 Қазақстанда
таралған. Талдар ылғал сүйгіш екі үйлі, дара жынысты ағаш, ірі бұта
өсімдіктері. Кәдімгі қалыпты құрылыстағы гүл серіктері жоқ, олардың орнына
екі шырындықтары (нектарниктері) болады. Энтоморфильді өсімдіктің бір түрі
болып саналады. Түрлерін анықтап білуде кедергілер туғызатын полиморфты
туыс. Өйткені, табиғат жағдайында өзара будандасу нәтижесінде көптеген
аралық гибридті формалар түзейді. Аталық сырға гүлінде біреуден бірнешеуге
дейін ұзын жіпшелі тычинкалары орналасады.
Аналық сырға гүлшоғырында екі жемісжапырақшаларының бірігуінен
түзілген екі аналық аузы бар паракарпты 1 пестигі болады. Гүлдері жапырақ
жарғанша немесе жапырақ шығуы мен бір мезгілде гүлдейді. Аталық гүлінің
формуласы: *Р0А2-30G0. Аналық гүлінің формуласы: *РOАOG(2). Жемісі
қауашақ. Тұқымы көп, сыртында ұзын түктері, қанатшалары болады. Тал
туысының шаруашылықта табиғатта үлкен маңызы бар. Оларды өзен жағаларын,
сусымалы құмдарды тоқтатып бекітуге, әр түрлі үй заттарын кәрзеңке,
шарбақ, балық аулау құралдырын (снасти) тоқуға пайдаланады. Киіз үй
сүйектерін кереге, уықтар, шаңырақ т. б жасауға қолданылады. Медицинада
дәрі ретінде маңызы бар глюкозид, салицин заттарын пайдаланады. Солтүстік
өңірлерде бағалы мал азығы. Бал беруші өсімдік, сәуір – мамыр айларында
гүлдейді. Талдар өте ұзақ эволюция жасаған ертедегі өсімдіктер тобына
жатады.

Ешкі тал (ива козья – salix caprea) (латынша capra - ешкі деген
сөзді білдіреді). Ормандарда, орман шетінде, жол жағалауында өсетін,
жапырақтары жалпақ, сопақша пішінді, төменгі беті сұрғылт, жұмсақ мамықты
келетін 10 метр биіктіктегі немесе ірі бұта өсімдіктері.
Тораңғыл тал. Мәртебесі: таралу аймағы тарылып, саны қысқарып бара
жатқан түрдің бірі. Сырдариядан Ілеге дейінгі Қазақстаның оңтүстігіндегі
өзен аңғарларында сақталған, торғай типті ылғал сүйгіш үштік дәуір
ормандарының қалдығы. Республика жерінен тыс Орта Азияның оңтүстік
аудандарында, Иран мен Батыс Қытайда кездеседі. Шөл мен тұзға төзімді
бағалы ағаш. Өте тез өседі, 5 жылда биіктігі 4 – 5 метрге дейін жетеді.
Тұзды аңғарлардың жағалауларының ең жақсы табиғи құрғатқышы. 15 жылдық
ағаштың бүкіл өсу кезеңінде 20 тонна суды буландыратыны анықталды.
Сондықтан қалың отырғызылған ағаштарды (бір гектерда екі мың көшетке
дейін) биологиялық құрғатқыш есебінде пайдаланады. Сонымен қатар
тораңғыл судың жайылуы мен басуына төзімді болғандықтан, жағаларды ең
жақсы бекітуші болып табылады. Шашырап аздап өседі, сайлар мен өзен
жағалауларында (Желтұраңғы сайы мен Шарын өзенінің аңғары) сирек өскен
ақшыл тоғайлар түзеді. өте сәнді ағаш, шөл көрінісінің нағыз әшекейі. өрт
пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тал тұқымдасының гүлдері
Павлодар өңірінде кездесетін дәрілік өсімдіктер
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Көксу ауданында 76 га жерге бақ отырғызу
Күйе көбелектер
Ағаштардың биіктігі және желектерінің декоративтік қасиеттері
Орманды өсімдіктер
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Пайдалы өсімдіктердің Оңтүстік Қазақстанда зерттелген аудандарда (сарыағаш, қазығұрт, арыс) таралуы
«Су жағалап өсетін қырықбуындар және папоротниктер»
Жайық өзенінің экологиялық жағдайы
Пәндер