Қазіргі қазақ тілінде үйірлі мүше


Кіріспе
Тілдің грамматикалық құрылысындағы заңдылықтарды «ана тілінің материясы мен формасын» зерттеу арқылы ғана белгілі ерекшеліктің беті ашылады. Бұл салада қазақ тілі мамандары келелі еңбек етті. Алайда, ана тіліміздегі барлық грамматикалық құбылыстар түгелдей зерттеліп болды деуге болмайды. Соның бірі - үйірлі мүшелер. Бұл синтаксистік категория әр түрлі баяндалып келеді.
Қазақ тілінің ішкі грамматикалық ерекшелігі болып табылатын бір көрініс - осы үйірлі мүшелер “Үйірлі мүше” деген атаудың өзі тюркологияда жаңа термин емес. Бірақ оның табиғаты әр тілде әр түрлі. Бұл терминнің мағынасы «топтанған, жинақталған» мүше деген ұғым береді. Яғни, белгілі қызмет атқару үшін бірнеше сөз қатар тұрып, бір синтаксистік функцияда жұмсалады. Мұндай мүше - өзара субъект-предикаттық ыңғайда келеді. Тіпті, онын, құрамында бұлардан да басқа сөздердің болуы мүмкін. Ондай жағдайда олар сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формаларын да қамтиды. Сондықтан еңбекте сөз тіркесіне байланысты осы бір жайларды да ескердік П. И. Мелиоранскийдің қазақ тіліндегі осы күнгі үйірлі мүше делініп жүрген категория жөнінде арнайы пікірі болмағанымен , (інісі бардың тынысы бар, көзі көрмес кісі) дегендерді «анықтауыш пен анықталатын» сөйлемнін аралығындағы ерекше құбылысқа қосады: Бұған қарағанда, сол кездің өзінде-ақ қазақ тілінің кейбір синтаксистік құрылысындағы ерекшелігін ғалымның байқағаны анық.
Назар салып қарайтын болсақ Н. Т. Сауранбаев пікірінде біз әңгіме етіп отырған синтаксистік категория туралы екі түрлі позиция ұстағанға ұқсайды. Бірі - үйірлі мүшені сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненті ретінде ұғу, екіншісі - сабақтас құрмалас сөйлемді құраушы бір компоненттің тек қана мүшесі болады деген түсінік.
Ғалым үйірлі мүшенің ерекшелігін байқағандықтан «жай сөйлемнің мүшесіне айналған» деген пікірді тегіннен-тегін айтпаған да болар. Бірақ, бағыныңқы сөйлем үйірлі мүше деп аталады деген қорытындысы қазақ тілінің ерекшелігіне дөп емес. 1954 жылғы «Қазіргі қазақ тілінде» келтірілген бір мысалын талдайық: Мысал:
1) Есенейдің ауыр дәулеті меншігіне тиген, 2) орысша оқуы бар, 3) дүниеден хабары бар, 4) Торсан бүдан кейін де ояздық, губерналық чиновниктерге параны төгіп, бәрімен дос болып алған. Біздің ойымызша, мұнда екі жай сөйлем бар, олар - сын қимыл бағыныңқылы сабақтас құрмалас.
Бағыныңқы сөйлем - «Есенейдің ауыр дәулеті меншігіне тиген, орысша оқуы бар; дүниеден хабары бар, Торсан бұдан кейін де ояздық, губерналық чиновниктерге параны төгіп» деген сөйлем. (Торсан сөзінің алдындағы үтір керек емес еді) .
« . . . бұдан кейін де параны төккен (төгін) қай Торсан?- Есенейдің ауыр дәулеті меншігіне тиген Торсан; орысша оқуы бар Торсан; дүниеден хабары бар Торсан.
Сонда осы үш тіркестің үшеуі де «Торсан» сөзін анықтайды. Сөйтіп, бұл тіркестердегі сөздердің тобын сабақтас құрмалас сөйлемді құрайтын компоненттер деуден гөрі (мұның практикалық та, теориялық та тірегі жоқ) жай сөйлемнің бір ғана мүшесі деп көрсету керек.
Сөйлемнің үйірлі мүшесі жайында, дәлме-дәл болмағанымен, елеулі қадам жасаған - Г. Байтоғаева.
Үйірлі мүше, оның ішінде үйірлі анықтауыш туралы осы көзқарас зерттеушінің ғылыми енбегіне өзек болды. Мысал:
Жолаушылар қозылары жаңа жамыраған, иттері үріп шулаған, құлындары шіңгірлеп кісінеген көп үнді, даңғаза болған ауылдын үстінен шықты. (М. Ә. )
Сөйлемдегі негізгі ой - жолаушылардың. келуі. М. Әуезов осы жолаушылардың келген жерінің қандай екенін көркем тілмен жеткізу үшін жеке алғанда бірнеше жай сөйлемдік мағынасы бар - қозылары жаңа жамыраған, иттері үріп шулаған, құлындары шіңгірлеп кісінеген көп үнді, даңғаза болған - деген әрқайсысы өзара бастауыш, баяндауыштық ыңғайдағы тіркестермен ез ойына әдейі өң берген. Осы сөйлемді талдасақ, былай болар еді:
- Қозылары жаңа жамыраған, иттері үріп шулаған, құлындары шіңгірлеп кісінеген көп үнді, даңғаза болған ауылдың үстінен кімдер шықты?- Жолаушылар - бастауыш.
- Жолаушылар қайдан шықты? Ауылдың үстінен - мекенпысықтауыш (бұл жерде ілік жалғаулы сөз бен көмекші есімсинтаксистік қызметі жағынан бір мүше болады) .
- Жолаушылар не кылды? Шықты (шықты сөзінің беретінмағынасы «кетті» деген, «кетіп қалды» дегенді білдіреді, «келді» дегенді білдіреді) - баяндауыш.
- Жолаушылар қандай ауылдың үстінен шықты? Қозылары жаңа жамыраған, иттері үріп шулаған, құлындары шіңгірлеп кісінеген көп үнді, даңғаза болған ауылдың үстінен деген синтаксистік мүшені анықтайтын мүше.
Автор «жамыраған, шулаған, кісінеген, даңғаза болған» деген есімшелердін, басыңқы сөйлемдегі бір мүшені анықтайтын, орыс тіліндегідей, бағынынқының баяндауышы деп отырғаны байқалады.
Осыған байланысты бір ой туады. Ол: 1) Қозылары жамыраған, 2) Иттері үріп шулаған, 3) Құлындары шіңгірлеп кісінеген, 4) Көп үнді, даңғаза болған дегендердің әрқайсысы тиянақты аяқталған ойды білдіріп тұрғанында дау жоқ. Ал, өз алдына осылайша сөйлем есебіиде қарастыруға болатын бір-бірімен тең дәрежедегі сөйлемдерді қазак, тілінде сабақтас құрмалас демей, салалас құрмалас есебінде қарастырамыз. Бұл қазақ тілінде тұрақталған қағида.
Ендеше, жоғарыдағы тіркестерді қалайша сабақтас деуге болады.
Бір ғана салыстыру жүргізейік. «Оспан елден келген. Ол талай қызықтарды да керген» деген сөйлемдер толық тиянақтылығы бар жай сөйлемдер. Баяндауыштары есімше етістіктен болғаны да анық.
Сондай-ақ «қозылары жаңа жамыраған, иттері үріп шулаған» дегендері де тап біз келтірген мысалмен дәлме-дәл.
Бұларды да жек-жеке алғанда өз алдына аяқталған ойды білдіретін сөйлемдер есебінде қарастыруға болар еді. Бірақ, тіркестегі сөздер жоғарыда келтірілген мысалда жеке-жеке сөйлем ретінде (сол мағынада) айтылып, қолданылып тұрған жоқ. Сондықтан мұидай сөйлемдерді үйірлі мүшелі жай сөйлем есебінде түсінеміз.
Қазақ тілінде III жақтық бастауышпен қиысқан есімшенің атау тұлғасы үнемі аяқталып болған сейлем ретіндегі мағынаға ие болады.
Филология ғылымдарының кандидаты Г. Байтоғаеваның диссертациялық еңбегінде бірсыпыра үйірлі мүшемен байланысты мәселелер қозғалғанмен, осы жайлардын, шешуінде дәлдік айқын емес.
Диссертацияның тақырыбы мен оның мазмұны үнемі жымдасып жатпаған сияқты. Бірде сөйлем мүшелері әңгіме болса, бірде құрмалас сөйлем баяндалып, «конструкция» сол кұрмалас сөйлемді құраушы компонентке айналғаны сезіледі.
Т. Қордабаев «Сонымен үйірлі мүше болатын тіркестеріміздің құрамында, бастауыш, баяндауыш боларлық сөз болады, ал күрделі мүшеде бұл қасиет болмайды» дегенін ескергенімізде, мұндай қасиет тек қана үйірлі анықтауыштың айналасынан табылумен қатар, ол қалған мүшелердің ішінен де кездесе береді. Бінеше мысалдар келтірейік:
- Бағы жанар еңбегімен көрінеді.
- Жаны күйген тәңірісін қарғайды.
- Басында миы жоқ тілінен таяқ жейді.
- Аузы жаман елді былғайды, аяғы жаман төрді былғайды.
Осы мысалдардағы «бағы жанар, жаны күйген, басында миы жоқ, аузы жаман, аяғы жаман» дегендер - үйірлі бастауыштар. Бұлардың жасалуында да әр түрлі сөз табы қатынасқан. Біреулерінде есімшенің келер шақ, өткен шақ формаларындағы түрлері тәуелдік жалғаудың үшінші жағын талап етіп, сол сөзбен қосылып, синтаксистік бір ғана сұрауға жауап беріп тұрса, екіншілерінде «жоқ» сөзі немесе сын есім сөздерімен субъект-предикаттық ыңғайдағы сөздердін, тобы да сөйлемнің бір ғана мүшесі болып тұрғаны анық.
Қазіргі қазақ тілінде үйірлі мүшелердің баяндауышқа байланысты келетін де түрі бар. Шынын айтсақ, бұл кезге деңін үйірлі баяндауыш туралы нақтылы мәлімет ешбір жерде айтылған емес. Тек қана үйірлі баяндауыштың бар екенін проф. М. Б. Балақаев ескерген болатын. Айта кетейік, үйірлі баяндауыш қазақ тілінде бірқатар жерлерде кездеседі. Мысалдарға жүгінейік.
Мезгіл сәске түс болып қалған екен. (С. М. )
Есіркеп түратын үйдің іші сіз көргендей емес. (С. М. )
Сол үйдің ішінде зенбірек даусын, ен алдымен, естігендердің бірі - Жүніс қажы болды. (X. Ес. )
Осы сөйлемдердегі «сәске түс болып қалған екен», «сіз көргендей емес», «Жүніс қажы болды» дегендер баяндауыш болып келген. Бірақ осы баяндауыштардың өздерін жеке алғанда толық сөйлемдік дәрежесі бар сияқты. Жоғарыда көрсеткеніміздей, бұлардың ішінен субъект-предикаттық қатынастарды таба аламыз. Мәселен, «сәске түс» бастауышқа ұқсаса, оның баяндауышы - болып қалған екен, деген сөздердің тобы болады. Бірақ, бұл өз алдына сөйлем емес. «сәске түс болып қалған екен» деген тіркестер «мезгіл» деген бастауыштың қызметін, сол бастауышпен арадағы теңдікті көрсетіп тұр.
Екінші, үшінші мысалдардағы асты сызылып керсетілген тіркестерде сөйлемде баяндауыш қызметін атқарғаны даусыз. Біз осы баяндауыштардың ерекшелігіне қарап, бұларды үйірлі баяндауыш ретінде аламыз. Үиірлі мүшенің бастауыш, баяндауыш деген түрлері болғаны сияқты толықтауыш үйірлісі де бар. Үйірлі толықтауыштардың басқа мүшелерге қарағанда, кейбір ерекшеліктері болады. Яғни, үйірлі толықтауыштағы субъект-предикаттық қатынас бастауыш, баяндауыш үйірлі мүшелерге қарағанда, аз да болса солғындау көрінеді. Оған себеп толықтауыштың сол сөйлемдегі объектілік қасиеті болса керек. Мысалы: «Құлақ естігенді, көз көреді», «Біреу білмегенді, біреу біледі» деген сөйлемдердегі асты сызылған тіркестер дәл объектілік қызмет атқарып тұр. Солай болғанмен, бұлар дағдылы күрделі толықтауыштар емес, үйірлі толықтауыштар.
Қазіргі қазақ тілінде үйірлі мүшенің бір түрі - пысықтауыштар. Пысықтауыш үйірлі мүшелерге қойылатын шарттар да басқа үйірлі мүшелерге керекті критерийлерге ұқсас болады. Мысалға, мына сөйлемді алайық. Жұмыстан басым босағанда барамын (газеттен) . Мұндағы «басым босағанда» қашан? деген сұраққа жауап болады. Филология ғылымдарының докторы М. Томанов «Қазақ тіліндегі мезгілдік қатынаста жұмсалатын сөз тіркестері» деген кандидаттық диссертациясында сөз тіркестерінін «сөйлем құрамында сөйлемнің бір мүшесі болып қызмет атқаруы жеке сөзбен жақындастырады деген пікір айтады. Автордың осы пікірінде шындық бар. Өйткені, синтаксистік жағынан бір мүше болатын үйірлі мүшелердің қай-қайсысы да белгілі тіркесте тұрып, қызмет атқаруы жағынан бір сұраққа жауап беріп, «Мен оқимын, мен тез оқимын» дегендер жеке сөздерден тұрған сөйлем мүшелеріне өте жақын келе қорытындылай айтқанда, үйірлі мүшелердің қазіргі қазақ тілінде бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш деген түрлері түгелімен бар деуге негіз бар. Бұл - тілдік факт.
Тұрмыста үйірлі мүшелі сөйлемдердің жиі кездесетінін жоғарыда айттық. Бірақ мектеп тәжірибесінде үйірлі мүшелер 1954 жылдан бастап оқу программасына енбей келеді.
Шынына келгенде, үйірлі мүшелер ең көп тараған, қазақ тілінің синтаксистік құрылысын түгелге жақын қамтыған категория екенін ескерсек, оқушылардың күнделікті өмірінде бұл синтаксистік единица аяқ басқан сайын ұшырасады.
Үиірлі мүше жеке синтаксистік категория болғандықтан, оның теориялық жағымен қатар методикалық-практикалық жағы да қалың оқушыларға жеткізілуі тиіс.
Сөйлем жеке сөздердің белгілі грамматикалық тәсілдер арқылы өзара байланысуынан тұрады. Байланысқа түсіп, сөйлем құрауға себеп болған сөздердің тізбегі өзінін, беретін мағынасына қарай дара, күрделі, үйірлі болып бөлінуі мүмкін. Сөйлем құрап, ойды білдіруде жеке-жеке толық лексикалық мағынасы бар сөздер ғана бір мүшенің қызметін атқарып тұрса, ол дара мүше болады. Дара мүше деген - бір өзі тиісті синтаксистік единица бола алады деген сөз.
Бірнеше сөзден тұрып, сөйлемде бір мүшенің қызметін атқаратын сөздер грамматиканың синтаксис тарауында күрделі мүше деп аталып келеді.
"Қазіргі қазақ тілінде күрделі мүше болатын тізбектер барлық сөйлем мүшелеріне де тән. Күрделі мүшенің тілде қолданылып, тобымен бір ғана ұғымды білдіруі - сөйлемдегі негізгі ойды толық түсіндіруге, тыңдаушы жете түсінуге арналған тәсіл.
Күрделі бастауыштың жасалуы мен үйірлі бастауыштың жасалуында өзара ерекшелік бар.
Күрделі бастауыштар көбіне не зат есімдердің бірыңғай баиланысынан тұрады. Мұндайда ілік жалғаулы есім сөзі жасырын күйінде қолданылады. Үйірлі бастауыштардың жасалуында күрделі бастауыштан елеулі айырмашылығы бар. Ондай айырмашылық үйірлі мүшенің тек қана қандай сөз табынан болғанында емес, сонымен қатар мағынасын да да болады.
Үйірлі мүше жасауда жиі қолданылатын қатар тұрған, бір мағынаға ие болған сөздер тізбегінің өзара сүбъект-предикаттық ыңғайда қолданылуы болса, екінші ерекшелік, үйірлі бастауыштың кұрамында зат есім мен сын есім, зат есім мен сан есім, сұрау есімдігі мен сілтеу есімдігі, зат есім мен бар, жоқ, көп, аз, модаль сөздер қолданылады.
Күрделі бастауыштың құрамында зат есім мен тұйық райлы етістік ие болады. Бірақ, олар субъект-предикаттық ыңғайда бола алмайды. Сондай-ақ, сөздерді қосарлап қолдану арқылы да күрделі бастауыш жасауға болады. Күрделі бастауыш күрделі сан есімдерден де жасалады. Қазіргі қазақ тілінде құрама баяндауыштар деген де қолданылады. Қүрделі баяндауыш пен құрама баяндауыштың айырмашылығы, бізше, олардың құрама баяндауыштардьщ құрамында көмекші етістіктер мен есім сөздер-дің болуы да деп жорамалдауға болар еді. Құрама баяндауыштардың өзі, проф. М. Балақаевтың айтуына қарағанда, үш түрлі жолмен жасалады. Бірі - көмекші етістік пен есім сөзінің тізбегі болса, екіншісі - есім сөзбен модаль сөздердін, тізбегінен, ал үшіншісі - бірнеше етістіктің бір есім сөзге көмекшілік қызмет атқаруынан болады. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесінің бірі болып табылатын толықтауыш та құрамына қарай дара, күрделі болып бөлінуі грамматикаларда көптен орын теуіп келеді. Толықтауыштың басты қасиеті - сөйлемдегі қимылдың объектісі болу. Осындай объектілік қызмет бір сөздің белгілі септік жалғауын (атау, іліктен басқа) қабылдау арқылы іске асады. Мұндай толықтауыштар дара толықтауыш делініп жүр. Толықтауыш үнемі дара болып келе бермейді, ол кейде бірнеше сөздің тізбегінен де құралады.
Күрделі толықтауыштар изафеттік құрылыстағы тізбектерден, күрделі сан есімдерден, қосарлы сөздерден жасаладі
Анықтауыш сөйлемдегі зат есімнен не зат есім орнына жұмсалған басқа есімдерден болған мүшелерді түрлі жағынан сипаттап тұрады. Анықтауыштар сөйлемде заттың әр түрлі белгісі болып, бағыныңқы мүше ретінде жүмсалғанмен, олар анықтайтын затына, сонымен қатар бүкіл сейлемге көрік беріп, әсерлі етіп тұрады . Қазақ тіліндегі анықтауыштар дара, күрделі болып құрамына қарай бөлінумен қатар үйірлі болып та келе береді үрделі анықтауыштың қүрамы бірнёше сөздің тізбегінен туып, бір сұраққа жауап беріп келетіні белгілі. Оның құра мындағы сөздердің бірін не бірнешеуш алып тастауға болмай-, п. ы. Ондайда бұл тізбек өзі анықтайтын затының сапасын толық, дәл көрсете алмайды. Осынысына қарап, қазақ тілінде сол тізбегіМен келіп қана бір затты анықтай алатын сөздер тобын күрделі анықтауыш ыңғайында қарастыру токтатылған Профессор : М. Балақаевтың айтуына қарағанда, қазақ тіліндегі күрделі анықтауыштар есімдер тобынан, есімше етістіктер тобынан. тұратын сияқты. Жұп-жұмыр, ақ торғындай мойыны бар. (Абай) . Солардың үлкені - төрге жуық отырған, мынау ерекше кесек денелі Жақып. Екіншісі - және де толық, биік келген, үлкен ақ, сүр жүзді, қара қас, қара сақалды, үлкен көзді Мұса. (М, Ә. ) Жолмен өтіп жатқан машиналар әлі аз емес. (Ғ. Мүсірепов) . Яғии, жоғарыдағы мысалдардың бірі - есімдерден болған күрделі анықтауыштар болса, екіншілері есімше етістіктермен топтасып барып күрделі анықтауыш
болғандар.
Алайда, күрделі анықтауыштарды тануда да бірізділік жоқ. Мәселен, мектеп грамматикаларында күрделі анықтауышты үйретуге келтірілген мысалдын ішінде өзеннің мен отырған жағасы б и і к деген сөйлем беріледі. Мұның өзі, шын мәнінде, күрделі аиықтауыш емес еді.
Қазіргі қазақ тілінде күрделі анықтауыштардан басқа үйірлі анықтауыштын бар екені белгілі. Үйірлі анықтауыштар да, жалпы аиықтауыштар сияқты, есім құрылысты және есімше етістікке үйірілген құрамды болып келеді.
Есім құрылысты үйірлі анықтауыштар зат есім мен сын
есімнен (Толғауы тоқсан кызыл тіл), зат есім мен үстеу сөзден (Есігі төмен үй тұр) зат есім мен туынды сын есімне (Талабы таудай бала) есімдік пен зат есім (Өзі сері, әнші, өзі сұлу Байтасқа . . . тамашалап, қараған еді) тізбегінен жасалады. Есімшсге тізбектелген үйірлі анықтауыштар атау
формалы (кейде тәуелдік жалғаулы) есім сезімен келеді. Үйірлі анықтауыштардың құрамы кең салалы. Оның құрамында әр түрлі грамматикалық категорияларды қабылдаған сөздер бола береді. Мысалдар:
1. Бала тауып алған ұшы біздей сүйір шақпақ таспен біраз ойнады. (Газеттен)
2. Іш бұрғандай күндер болатын секілді. (Газеттен) .
3. Пар ат жеккен шағын тарантас Семейдің қүм басқан
тастай қараңғы, жансыз көшелерімен салдыратып өтті.
(М. Ә. )
4. Бет ажарында ашу аралас кекесін күлкі бар. (Б. М. )
5. Бір қаттылыққа келгенде адам дейтін мінезі жоқ ит еді. (Б. М. )
6. Жол үстінде шеккен түйеге ұқсап, шөп тиеулі арба түр. (Б. М. )
7. Қолхозда басы артық ат жоқ.
Мұндағы бірінші сөйлемнің анықтауыштары - тауып алған ұшы біздей сүйір.
Үйірлі анықтауыштар, басқа үйірлі мүшелерге қарағанда, жан-жақты дамыған сөйлем мүшесі деуге толық мүмкіншілік береді.
Казақ тіліндегі үиірлі пысыктауыштар күрделі пысыктауыштарга караганда аз дамыган пысыктауыштар үиірлі
пысытауыштар калган мүшеленден де аз. Солай бола тұрғанымен, үйірлі
пысықтауыштар қазақ тілінде ксздесе бсреді. Мысалы, Орындалмай жатқан жұмыс болса, бетің бар, жүзің бар демей ұрсады. (Б. М. ) Мүндағы асты сызылған тізбек үйірлі сын-қимыл пысықтауыш болады. Сондай-ақ үйірлі пысықтауыш таң ата, күн шыға, ел орынға отыра, жаз шыққанша, мал өре
сияқты сөйлемдік қүрамы бар түрақты сөздер тіркесі үйірлі мезгіл пысықтауыш тіркесі - сөйлем құраудың басты тәсілі. Адам өз ойын жарыққа шығарғанда, ойланып айтады. Осындай ойға негізделіп шыққан көрініс қана адамдардыц өзара түсінуіне мүмкіндік береді.
Сөз тіркесі болу үшін тілде тең дәрежедегі екі сөздің қатары алынады. Проф. М. Балақаевтың айтуынша, бүл үшін екі түрлі шарт қойылады. Яғни, біріншіден, толық лексикалық мағынасы бар сөздер болуы керек, екіншіден, осы толық мағыналы сөздер, бірі бағыныңқылық, екіншісі басыңқылық ма-ғынада жұмсалуы тиіс. Мысалы, Нүржан осы ойын телефонмен Борзыхқа хабарлады. Қазіргі қазақ тілінде бірқатар сөздердің қатары сөз тіркесі бола алмайды. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (Өнерге салды бұлбұл сонда аңыратып, шыңғыртып, шымырлатып, сорғалатып. (Абай) . Яғни, асты сызылган сөздердің қай-қайсысы да өзара тіркес құрай алмайды. Үйірлі мүшелер - сөйлем мүшесінің шоғыры. Егер сөз тіркесі сөйлем құраудың шоғыры болса, үйірлі мүше сөйлемннің белгілі бір мүшесін құраудағы, соның қызметін атқарудағы жетілген синтаксистік категория болады деп есептейміз. Бүдан шығатын қорытынды үйірлі мүшелерді оның бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқаратынына байланысты сөз тіркесін өз ішінен қүрай алмауьі. Үйірлі мүшені өз ішінен сөз тіркесінен ажырата алмаймыз. Өйткені ол - сөйлем смес, сол сөйлемді құрауда қолданылатын сөздердің өнімді тізбегі - мүше.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz