Ұжымды ұйымдастыру әдістері


Мазмұны:
І. Кіріспе . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Ұжым -тәрбие құралы . . . 5
2. 1. 1 Ұжым туралы түсінік . . . 5
2. 1. 2 Тәрбие әдістері. Ұжымды ұйымдастыру әдістері . . . 7
2. 1. 3 Ұжымның түрлері . . . 12
2. 1. 4 Ұжымды басқару мүшелері . . . 13
2. 1. 5 Ұжым дамуын басқару мен ұжымның даму кезеңдері . . . 14
2. 2 А. С. Макаренконыңұжым теориясы
мен практикасына қосқан үлесі . . . 18
2. 3 Ұжым және тұлға . . . 20
2. 4 Оқушы және тұлға . . . 23
ІІІ. Қорытынды . . . 27
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер . . . 28
Кіріспе
Оқушылар ұжымы немесе қарапайым тілмен айтсақ - балармен жасөспірімдердің өз еріктерімен және алдына белгілі бір мақсат қойып білім дағдыларын игеруге ұжымды түрде арнайы топқа біріккен жас өскіндердің шығармашылық әрекетерінің үрдісі деуімізге болады.
Тұлғаны дамыту бағытындағы педагогикалық үрдісті ұйымдастыру тарихында екі түрлі бағыттың өмір сүруі байқалады. Оның бірі - көбінесе батыс педагогикасына тән жекелік дамыту тұжырымдамасы және - екіншісі біздің елімізде, әсіресе кеңестік дәуірде кең дамыған ұжымдық қалыптастыру тұжырымдамасы қатар өмір сүреді. Ұжымдық тәрбиелеуге қарсы болушылар мұндағы тұлғаның жекелігі ескерілмеуі, тәрбиеленушілердің барлық жағынан бірдей деп санау олардың дамуына кедергі келтіреді деп есептеді. Дегенмен де, тәрбиедегі ұжымдық және жекелік диалектикасы айдан анық.
Тұлға мен ұжымдық дамуы үрдістері бір-бірімен тығыз байланысты. Тұлғаның дамуы ұжымнан оның даму деңгейіне, онда қалыптасатын іскерлік және тұлғааралық қатынастар құрылымына тікелей тәуеледі. Ал екінші жағынан, тәрбиеленушілер белсенділігі, олардың ақыл-ойы және денелік дамуы, мүмкіндіктері мен қабілеттіктері ұжымның тәрбиелк күші мен әсерлерін анықтайды. Ежелден ұжым мүшелері белсенді болған сайын ұжымдық қатынастар жоғары екені белгілі. Бұл идейяны алғаш тұжырымдаған Квинтиллиан болатын, ол әлі өзінің күші жойған жоқ.
Балалардың жасанпаздық қабілеттіліктері де ұжым ішіндегі өз бетінше жұмыс деп жасанпаздық белсенділікке байланысты. Сондықтан тұлға мен ұжымның дамуын өзара байланысты үрдістер деп қарастыруға болады. Адам табиғат пен өзін қоршаған орта қатынастары жүесінде өмір сүруде жжәне дамиды. Байланыстар байлығы тұлғаның рухани байлығына анықтайды, Байланыстар мен қарым-қатынас байлығы қоғмдық, ұжымдық күшті анықтайды.
Көрнекті ғалым Павел Блонскийдің пайымдауынша, балалар ұжымының табиғатын терең тану үшін, ұжымның әр мүшесінің мінез-құлық ерекшеліктеріне мән беру керек деп санаған. Ол 1928 жылы жақыққа шыққан «Педагогикалық энциклопедия» басылымының белсенді ғылыми авторларының бірі бола жүріп, аталмыш жинақтың «Балалар ұжымдағы өзін-өзі басқару жұмыстары» атты білімінде ұжымдық тәлім-тәрбие мәселелерін педология ғылымдары негізінде құрастыру туралы пікір білдірді.
Аталған еңбектер педагогика ғылымындағы тәрбие мәселелеріне қатысты зетттеулерде басшылыққа алынып келгені рас. Бірақ, соңғы жылдары әсіресе 1990 жылдан бергі тәрбие теориясына қатысты еңбектерде жоғарыдан аталған ғалым педагогтардың біз қарастырып өткен ұжымдық тәрбиеге байланысты пікірге жеткіліксіз қамтылған байқалады. Ондай көріністердің белең атауы - ұжымдық тәрбие жұмыстардың бір сарынды, бір жақты сипат алған коммунистік тәрбие идеясына ауытқып, жас ұрпаққа тәрбие беруде мол тәжірибе жинақтаған халықтық педагогикалық демократиялық қағидаларына терең назар аудармай келгендігінен деп қорытынды жасаймыз. Аталған анықтамалар жинақтығыоқушылар ұжымы туралы жалпы сипаттама беруге мүмкіндік туғызады. Бұл жерде біздер «ұжым» және «ұйым», «оқушы» және «бала» деген зерттеу объектіміздегі ерекше назар аударатын мәселелер жөнінде түсініктеме беруді жөн деп санаймыз. Біздің ойымызша, «ұжымның» да «ұйымның» да негізгі мақсаты бір, ол - ортақ мүдделерін бірлесе отырып шешуге және көздеген мақсатына жетуге ерікті түрде біріккен оқушы балалардың топтары. Оқушылар мен балалардың топтасуы- жай құбылыс емес екені белгілі. Ұжымдық топтасуды - балалар мен оқушылар қарым-қатынастары мен шығармашылық әрекеттерінің жиынтығы десек ұжымдық құрылымды - ұжым жетістіктері мен мәртебесін анағұрлым жоғары деңгейге көтеруге бағытталған әлеуметтік құбылыс демекпіз. Айталық, белгілі ұжымның озық дәстүрлерін, немесе шығармашылық жетістіктері мен бастамаларын жинақтау, тарату, насихаттау үшін және ол жетістіктердің қоғам қажеттіліктеріне айналуы үшін бір емес, бірнеше ұжымдық топтардың біріктірген ұжымдық бірлестіктің әрекеті мен талабы анағұрлым тиімдірек болады деп санаймыз. Оның тиімділігінің тағы бір ерекшелігі - ұжым мен ұйымның педагогикалық тұтастығында. Олардың тұтастығы оқушылар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге, мектеп пен қоғамға пайдасы тиеді. Ауқымды тәлім-тәрбиелік шараларды өзара ынтымақтаса отырып жүргізуге оқушылар ұжымы да өзін-өзі басқару жұмыстарын оңтайлы үйлестіруге және мектептегі педагогикалық қауымдастықпен бірлесе отырып мазмұнды-мақсатты жұмыстар жүргізуге мүмкіндік тудыратыны сөзсіз. Әр ұжымда қалыптасқан дәстүрлердің уақыты өткен сайын молайып, кейін ол дәстүрлердің бірнеше ұжым топтардың қажеттілігіне айналуы мақсатымен ой-арманы бір ұжымдардың бір ұжымға беруіне себепші болады. Демек, ұжым әрекеттерінің айрықша берленділік таныту - олардың ұжымдық құрылымының қалыптасуына негіз болмақ.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Ұжым -тәрбие құралы
2. 1. 1 Ұжым туралы түсінік
Ұжым (collectives - лат. «жинақтық») қоғамдық маңызды мақсаттар, ортақ құндылықты бағалау және бірігіп дасайтын қызметтер мен қарым-қатынас негізінде адамдардың әлеуметтік біріккен қоғамы деп қарастырылады.
Ұжымға психологиялық педагогикалық құбылыс ретінде ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі трактовкалар беріледі: солардың бірінде ұжым кез келген адамдардың ұйымдастырылған тобы, екінші жағдайда ұжым - ол топтардың ең жоғары дамыған сатысы.
Ұжым жеке индивидтің де жалпы қоғамның да немесе индивидтің және әлеуметтік қауымның қызығушылықтарын қамтиды. Жеке индивидтердің ұжымға қосылуы оның мақсаттық бірлігіне, қажеттіліктерінің құндылықты бағалаулары, қызметтерінің мотивтері тәртіптеріне негізделеді.
Ұжымның негізгі белгілері - қоғамның маңызды мақсаттардың болуы, олардың кезекпен дамуы, оқушылардың жүйелі түрде әртүрлі әлеуметтік істерге араластыру және бірлескен қызметтерді ұйымдастыру.
Ұжымның дамуына ең үлкен маңызы бар нәрселер қалыпты дәстүр мен бір-біріне көмек көрсету атмосферасының болуы, сенімділік пен талап, сын және өзін - өзі сынаудың дамуы, саналы дисцеплинаның болуы.
Профессионалды білім алу саласында ұжымдық бірлестік үшін маңызды ролді оқушыларға деген нақты талап жүйесі мен олардың жүріс - тұрысын иеленеді. Қоғамға пайдасы тиер азаматты тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп қойған педагог бірінші күннен бастап-ақ барлығына ортақ талап қоюуы тиіс. Бұл талаптардың қойылуы уақытына емес, әрбір педагогтың жалпы ұжымның үздіксіз әреккеті болуға тиіс. Егер оқушыларға мақсатқа бағытталған талапты ұжым емес бір ғана педагог ұсынса бұл нәтижесіз болмақ.
Оқушылар ұжымына деген жоғарғы талап - бұл тек қана олардың әрқайсысы үшін норма болып қалыптасуға тиісті ережелерді орындау ғана емес, осыған қажет шарттар да болып табылады. Осындай шарттардың бірі - педагогикалық ұжымның өзіндегі жоғарғы талап: педагогикалық жұмыскерлерге - админстрация, әр педагогты - жолдастарына, ал ең басты - өз-өзіне. Тек осылай ғана тәрбие жұмысында біріккен, ортақ, ұжымдық методиканы жасап шығаруға болады.
Біріккен талаптардың жүзеге асу маңыздылығы білім орындарының педагогикалық кеңесіне қарайды. Оқу және тәрбиелеу процесіндегі біріккен педагогикалық талаптардың мағынасын түсіндіру, олардың мазмұнын нықтау мен әдістеменің және оның жүзеге асуын қадағалау олардың, яғни кеңестің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Әрбір педагог оқушылар ұжымына немесе оның бір мүшесіне қойылатын талаптардың нақтыланған, сарапталған болуы керектігін жақсы біледі. Ал оқушылар болса мұндай жағдайда өздерін қалай ұстау керектігін өте жақсы білуі тиіс. Педагог оқушыдан не талап ету керектігін, ал оқушы өзіне қойылған талаптың қандай екенін түсінгенде ғана ұжымдағы талаптылық бекілген.
Ең мақсатты деп табылатын талаптар қатарына мыналар жатады:
-жалпы талаптар;
-теориялық оқу сабағындағы оқушылардың өзін-өзі ұстауына қойылатын талаптар;
-шығармашылық оқудағы оқушыларға қойылатын талаптар;
-жатаханадағы жүріс- тұрысына қойылатын талаптар.
Аталмыш талаптарды орындау оқушыларға оның мән-мағынасын, мазмұнын, жүйелік дайындығы мен бақылауын түсінуге көмектеседі. Түсіндіру немесе анықтау талаппен жүргізіліп отыру тиіс, оны алмастырудың қажеттігі жоқ.
Талаптың міндеті орындалуын талап ете алатын және сол талаптарды категориялық формада ұсынып білетін оқытушылар мен шеберлер ғана мұндай біріккен, ортақ талаптардың орындалуына қол жеткізе алады.
Оқушының бұл талаптарды орындау маңыздылығы мен пеагогтың қатаң талабын түсіну өте қажет. Жүріс - тұрыс ережелерін орындау талабы оқушының бұйрығы түрінде де жүзеге асуы тиіс.
Қойылар талаптардың орындалуына оқушылардың еркін араласуы, яғни оқу орнындағы кезекшілік арқылы тәртіп сақтаулары да үлкен орынды иеленеді.
Бұзылған тәртіп ережелері өз уақытында көңіл бөлінуі тиіс. Бірақ, бұл дифференциалды түрде, жүріс - тұрыс мотивтарын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл жағдайда индивидуалды әдіс ең маңызды педагогикалық жағдайлардың бірі болмақ.
Барлық талаптарды орындау жұмыстары тек оларды жүйелі бақылауға алғанда ғана жүзеге асады. Бақылау әсері оның үнемі жүргізіліп отыруына байланысты әрі оқушылар шығарылған қорытындыларды біліп отыруы тиіс.
2. 1. 2 Тәрбие әдістері
Оқыту әдістерінің барлығы ретімен білім, білік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған. Тәрбие әдістерінің олардан айырмашылығы, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланыс іс-әрекеттерінің соңғы нәтижесінде тәрбиелі тұлғанының сапалы даму деңгейін анықтайды. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін тәрбие әдістерін тиімді пайдалану қажет. Әдістердің бірлігі оқушылардың тәрбиелеу деңгейін және әрбір кезде адекватты қойылған мақсатты іске асыруға бағытталған.
Тәжірибелі педагогтың жеке іс-әрекет стиліне байланысты тәрбие әдісі әртүрлі өткізіледі. Педагог жалпы тәрбие әдісін өзінің нақты іс-әрекетінде қолдана білуінде көрініс табады. Жеке жағдайларда тәрбиеші жеке өзінің әлде әріптестерінің әдістерін қолдана отырып жаңа, дәстүрлі емес шешімдерге келеді. Әдістерді жетілдіру тапсырмасы үнемі бар болған және әрбір тәрбиеші өзінің күш деңгейіне сүйене отырып жалпы әдістерге тәрбие процесінің жеке шарттарына сәйкес келетіндей толықтырулар мен өзінің жеке өзгерістерін енгізеді.
Педагогикада тәрбие әдістерінің классификациялық әртүрлі нұсқасы бар. Тікелей және жанама педагогикалық әсердің тәрбиелік әдістерінің тобын шартты түрде бөлуге болады. Тікелей педагогикалық әсердің әдістері оқушының жылдам әлде баяу реакциясын және оның өзін-өзі тәрбиелеуге бағыталған сәйкес іс-әрекетін анықтайды. Жанама педагогикалық әсердің әдістемесі осындай жағдайдың ұйымдастыру іс-әрекетінде тәрбиеленушінің бойында өзін-өзі жетілдіруге бағытталған және оның педагогтармен, жолдастарымен және қоғаммен қарым-қатынас жүйесінде белгілі бір позицияның қалыптасуының пайда болуын анықтайды.
Қазіргі заманғы педагогикада оқушыға әсер етуіне сәйкес тәрбие әдістерін сенім, жаттығу, ынталандыру және жазалау деп бөледі. Кездейсоқ мәліметтерде жалпы жіктелу белгісі бойынша «әдістер сыйпатын» қоса алғанда өзін-өзі бағыттылық, іске асатындық, айрықшалық және басқа да әдістер бар.
Оқушылардың жүріс-тұрысын ынталандыру, іс-әрекетін ұйымдастыру және сенім әдісіннің үйлесуіне сәйкес жіктеледі. И. С. Макаренко келесі тәрбие әдісінің жіктелу тобын көрсетеді: анықтау - репродуктивті, проблемалық - ситуатсиялық, дағдыландыру - жаттықтыру, ынталандыру, тежелу (кедергілеу), жетекшілік және өзін-өзі тәрбиелеу.
Тәрбие әдісінің мақсаттылық, мазмұндылық, іскерлік жақтарын қамтитын дәстүрлі классификация болып табылады. Бағыттаушылық негізіне сай әдістердің үш түрлі тобын көрсетуге болады. Олар сананы қалыптастыру әдістері (әңгімелеу, түсіндіру, анықтау дәріс, этикалық әңгімелесу, иландыру, нұсқау беру, пікірталас, баяндама, өнегілілік) ; ұйымдастырушылық пен мінезді қалыптастыру әдістері ( жаттығу, тапсырма, тәрбиелік жағдаят) ; ынталандыру әдістері (жарыс, ынталандыру, жазалау) .
Профессиялық педагогикада педагогтар мен тәрбиеленушілер негізінде әдістер классификациясы қалыптасқан:
● ұжымды ұйымдастыру әдістері;
● сендіру әдістері;
● ынталандыру әдістері.
Ұжымды ұйымдастыру әдістері
Ұйымдастырылған ұжым мен ұжым мүшелерінің тәрбиенің жоғарғы деңгейі мен қарым - қатынас мәдениетін анықтайды. Осыған орай ұжымды ұйымдастырудың келесі әдістерін көрсетуге болады: дисциплина (пән, тәртіп), өз-өзіне қызмет көрсету, жарыс және өзін-өзі басқару.
Дисциплина - бұл ұжым мүшесінің қарым-қатынас мәдениетін қамтитын тәрбие әдісі. Сондай-ақ, ол ішкі тәрбие ережелері мен пайдалы дәстүр мен жақсы мінездердің қалыптасуына және олардың бір-біріне деген тең дәрежедегі талабы ретінде ұсынылуы қамтылады.
Өз-өзіне қызмет көрсету - ұжым еңбегі мен өмірінің ұжымдық шарттарының пайда болуын көздейді.
Қазіргі қоғамда өзіне қызмет ету өмір сүру нормасына айналды. Кәсіпкерлер ұжымы мен оқушылар ұжымында өзіне қызмет көрсету мекеме мен жұмыс орнын жинастырудан бастап, оны безендіру дейін жетеді (көгалдандыру, демалыс орындарын жасау, безендіру т. б. ) . Өзіне қызмет көрсетуге ұжымның барлық мүшелерінің қатысуы маңызды болып табылады.
Өзі - өзіне қызмет көрсету мен оның рационализациясының ұжымдық нормалары педагогтардың бақылауын алатын басты пәнге айналады. Ол қажетті материалдар мен қ ұралдармен қамтамассыздандыру сияқты дайындықты, қызметтердің бөлмесін жұмыс істеуді анықтайтын нақты кестені көрсетеді.
Жарыс - жеке және ұжымдық еңбекті ынталандырады және оның қатысушыларының қызғаныштық қатынасын қамтиды. Бұл жерде бірлескен ұжымның нәтижелерді салыстыру мен тіркеу маңызды рол атқарады, сондықтан қатысушыларды ынталандыру, оның ішіндегі жеңімпаздарды ынталандыру да ең маңызды ролді иеленген. Жарысты тәрбиенің нәтижелі тәсіліне айналдыру үшін оның шарттарын орындау қажет. Біріншіден, ұйымның ұжымдық талпынысы шынайы төгіліп тұруы қажет және өндіру мен оқыту қажеттілігімен бекуі керек. Екіншіден, жарыс шарттарын орындаушы педагогтар мен өзін-өзі басқарудың мүшелері сияқты жағдай мен нақты өзекті тапсырмалардың шығуы керек. Үшіншіден, жарыстың негізін ұйымдастырушылық нәтижелердің тікелей тіркелуінен құрылуы тиіс, екінші формалдық көрсеткіштерден емес.
Өзін-өзі басқару - жауапкершілік пен ұйымдастырушылықты қамтамассыз етеді. Бірақ, оның шарттары: ұжым жұмысын басқаруға жұмысқа қабілетті және нақты құқықтары мен мүмкіндіктері анықталады. Органдардың қатысуы қажет.
Нақты ұжымда өзін басқару құрылысы үш түрлі фактормен анықталады: коллектив құрылымы, оның өмір сүру мазмұны, оның мүшелерінің ұйымдастырушылық қабілетімен анықталады. Басқару - бұл күрделі әлеуметтік функция . Ол табысты болуы үшін барлық ұжым мүшелерін жүйелі және бірізді қабілетпен және ұйымдастырушылық икемділігін қаруландыру керек. Сондай-ақ, тіркеу мен бақылауды ұйымдастыруға, жоспарлауға, ұйымдастырылған кеңес пен жиналыстардың өткізуіне есеп беру формасы мен нұсқауды жүргізуге үйрету керек.
Сендіру әдістері - конференция, дискуссия, ағарту істеріне қатысушы болашақ мамандардың гуманитарлық көзқарасы мен жеке пікірлеріне негізделеді.
Сендіру бір ұғымның саналы дәлелі мен өнегелі позициясын және орын алған жағдайда бағалауды болжайды. Айтылғандардың шын екендігіне көз жеткізсек оқушы өзінің әлемге, қоғамға, әлеуметке деген көзқарасын қалыптастырады. Сендіру де тәрбие әдістері тәрбие түрлерінің формалары арқылы жүзеге асады. Сендіру көркемдік шығармаларды үздікті оқу, әртүрлі пікір-талас жүргізу формаларынан тұрады.
Сендіру өзін - өзін тәрбиелеу әдісі болып табылады. Сендіру өзін сендірумен тығыз байланысты және бұл тәрбиеленушілердің әлеуметтік проблемасын қабылдауға саналы, өз шешімімен жеке көзқарасын қалыптастырады. Осы құрылым негізінде талқылау мен қорытындылау жатады.
Ақпарат - тәрбиеленушілердің белгілі бір мағұлыматтарымен қамту. Бұл әдісті бастапқы деп санауға болады, себебі ол жаңа идея, теория, ереже, тәрбие мазмұнын құраушы басқа ақпараттармен алғаш танысуда қолданылады.
Ақпарат әдісін қолданудың ең басты тәсілі педагогтың жеке мысалы мен өз сөзі болып табылады. Сондықтан әңгіме, сұхбат, нұсқау, лекция формаларын да қолданады. Мақсатқа лайықты басқа да адамдардың осы іске деген назарын бөледі. Олар маңызды оқиға куәгерлері, оқымыстылар, политиктер және қоғам қайраткерлері т. б.
Іздеу (Поиск) - ақпаратты жинау мен зерттеу құндылықтарының бағдарлануына және өздігінен білім алу процесіне тәрбиелеуді бағдарлайды. Іздену барысында өзін-өзін оқыту мен дағдылану қалыптасады. Іздену түрлері - туристтік-краеведтік жұмысты, туған жерінің атақты адамдарының өмірі туралы ақпарат жинау, яғни биографиялық іздеу болып ажыратылады. Бұлар қазіргі заманғы, тұлғалар болуымен қатар тарихи тұлғалар болуы да мүмкін. Бұл өте күрделі тәсіл бола келе әдеттің негізін қалаушылар туралы конспектілеуді жиналған деректі сұрыптауды, видиофильм жасауды т. б. талап етеді.
Дискуссия - тәрбиеленушілердің пікір алмасуына және өнегелік - этикалық ойларының дамуына, сондай-ақ, сынай білуге, сынды қабылдай білуге, қиын бір жағдайлардан шыға білуге үйретеді. Дискуссия барысында серіктесіңе адамгершілік көмек беріп, оны демеу, қиын жағдайлардан көңіл бөлу де маңызды болып табылады. Дискуссия тақырыбының дамуын, қозғалыс үстінде болуы маңызды болмақ. Бірақ бұл зиянсыз сын мен жалған ұсыныстардың ашылмай қалуына кепіл бола алмайды. .
Дискуссия достар, оқушылар мен оқытушы арасындағы сенімділікті нығайтуға, жастар мен қамқоршыларының арасындағы бір-біріне деген сыйластықты күшейтуге, ұжым мүшелерінің жақсылық тілеуін болжайды, көрсетеді.
Жауапты ағарту (взаимное просвещение) - өз білімін дәлелдеу қажеттілігіне бағытталып, достарының арасында оқушылырдың білімін дәлелдеудегі оның көзқарасын, сенімін қамтамассыз етеді. Бұл этапта ұжым тәрбие істерінің субъектісіне айналса, педагог, көмекші және консультант қызметін атқару болып табылады. Жауапты ағарту ұжымның тәрбие функциясын күшейтеді және өз білімін басқалармен бөлісуге адамдар санын көбейтеді.
Ынталандыру әдісі - бұл топ өмір сүруге үйренушілердің құрылымынан тұратын формалдық саласына бағытталады. Ынталандыру әдістері талап, ынталандыру, жазалау, болашақ пен көпшілік пікірлерінен тұрады. Педагогика саласында оның басты компоненті ретінде ынталандыру мен жазалау кең таралған.
Ынталандыру - оқушыларыдың жақсы бағалануын көрсетеді. Ол жағымды дағдылар мен әдеттерді бекітеді және қалыпты эмоция мен сенімділікті қалыптастырады. . Ынталандыру әртүрлі формада беріледі: мақұлдау, мақтау, мадақтау, марапаттау т. б. Ынталандыру барысында индивидтің жеке қасиеттерін ескеру қажет.
Жазалау - ынталандыру әдісінің бір түрі. Ол оқушыларды ескерту, тоқтату, үшін қателіктері басқа адамдар алдында өзін кінәлі сезіндіруге бағытталады. Жазалаудың әр түрі бар. Мысалы, қос тапсырма беру, кейбір мүмкіндіктерге шектеу қою, талқыға салу т. б. Жазалау әділетті, дұрыс ұйымдастырылған болуы керек. Бірақ, педагог жазалау оқушыға әсер ететініне көзі жеткенге дейін асықпауы тиіс. Ынталандыру әдісі адамдардың өз мінездерін дұрыс бағалауға, өз қажеттіліктерін, өмір мәнін, түсінуге, түрткі мен мақсат таңдауына көмектеседі.
Талап - оқушылардың тәртібіне, олардың іскерлік адамгершілік сапасын ынталандырады және педагог пен оқушы арасындағы жеке контактының басқарудағы ұсыныстарын сақтау нормаларын көрсетеді. Көрсету ұсыну формаларына сай тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей талапқа анықтылық, нақтылық, түсініктілік тән болса, жанама талапқа психологиялық факторлар: уайым, ұмтылыс, қызығушылық тән.
Перспектива (болашақ) - педагогикада ынталандыру әдісі ретінде оқушылардың қалауын арттыратын, ұмтылысын, қызықты мақсат көздеу, қоғамға пайдалы әрекеттерді қамтамассыз ету. Педагогтың шеберлігі оның оқушылар алдындағы маңызды перспективаларды құрудан көрінбек. Өмірлік жоспар мен мақсаттар құратын оқушыларды ынталандырып отыру керек.
Перспективаны: жақын (достармен кездесу, кинотеатрға бару, клубқа бару), орта (дәстүрлі мереке, демалыс т. б. ), алыс - оқушылардың өмірлік жоспарының белгілі түрі (алдағы оқу, кәсіптік әрекет, отбасы өмірінің перспективасы) .
Қоғам пікірі - ұжым мүшелерінің адамгершілік бағалау әрекеті, қоғамның маңызды перспективаларының құрылымын және оқушылардың талапты орындауындағы моральдік қасиеттерін таныту мен қоғамның пайдалы әрекеттерді қамтамасыз етеді. Қоғам пікірі адамдардың мінезіне әсер етеді. Қоғамдық пікір болдырмаудың бір тәсілі белгілі бір жұмысты, әлде мерекелік шараны ұйымдастыруға таңданып алынған қауымның қызметі болып табылады. Әрекет етуші болып радиовещание де қызмет жасауы мүмкін.
2. 1. 3 Ұжымның түрлері
Кәсіптік мектептегі жұмыстар үшін ұжым және ұжым мүшелерінің құрылымы туралы хабардар болуы маңызды болмақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz