Дарынды балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

І. Кіріспе

  1. Оқушылардың дарындылығымен қабілеттілігі туралы жалпы

түсінік . . . 2

ІІ. Негзігі бөлім

2. 1. Дарынды оқушылармен жүйелі жұмыстың маңызы . . . 7

2. 2. Дарынды балаларды тәрбиелеудегі кейбір ерекшеліктер . . . 9

2. 3. Дарынды оқушыларды айқындаудың ең тиімді жолдары

мен зерттеу әдістері . . . 11

2. 4. Дарынды балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту . . . 15

2. 5. Дарындылықты дамытудағы мұғалімнің рөлі . . . 19

2. 6. Оқушылардың ойлау қабілетін логикалық есептер арқылы дамыту. . 22

2. 7. Оқушылардың жеке дара қабілеттерін дамыту . . . 24

ІІІ. Қорытынды . . . 27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29

«Адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен,

қабілеттерімен келеді. » Ал бала бойындағы тура

біткен қасиетті дамытатын- оқыту мен тәрбие. »

Ж. Аймауытов

  1. Оқушылардың дарындылығымен қабілеттілігі туралы жалпы түсінік

Қазіргі кезде дарынды блалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой- пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық еркшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде көрініс тапқан.

Ертеде адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға өте қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жетелеген адамдардың табиғи ерекшелігімен оларда ерекше табиғи қабілеттіліктің болуы құдіреті күшті құдайдың жаратқаны деп есептелген. Платонның пікірінше, ақын туындылары өзінің өнерлігімен білімінен емес, құдайдың құдіретінен, оның белгілеуінен . Платонның еңбектерінде « . . . Поэт творит не от искусства и знания, а божественного предопределения и одержимости» деп жазады. Бұл пікірді Демокрит те қолдаған.

Дарындылық жайында айтылған пікірлер өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, бұл феноменнің негізінде адамға іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін қабілеттер жатыр.

Дарындылықтың танылуына байланысты екі көзқарас бар: 1. Барлық бала дарынды болып табылады; 2. Дарынды балалар өте сирек кездеседі. Бұл мәселе туралы психологтер мынадай тұжырым жасайды: әлеуетті дарындылық іс-әрекеттің бірнеше түрімен айналысатын балаларға тән, ондай балалар аз емес.

Балалар өздерінің дарындылықтарын іс-әрекеттің әр-түрлі түрінде көрсете алады. Сонымен қатар, іс-әрекеттің бір түрінде дарындылықтың әртүрлі аспектілері көрінуі мүмкін. Дарыныдылықтың бірнеше түрі және формалары бар, баланың психологиялық мүмкіндігі оның дамуының әртүрлі кезеңдерінде өте күшті болып келеді және де ол баланың қандай ортада өсетіндігіне бйланысты болады. Балалар ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (суре салады, билейді, өлң айтады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсім салады. ) . Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт -бағдар бере алмайды.

Қабілеттілік- адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші рөл атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшаңдықтың, тереңдіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі. Сонымен қатар, әркімнің қолынан жаңаны жасау мүмкіндігі, оның белгілі істерді үлгеруге бейімделген психикалық қасиетінің ерекшелігі.

Дарындылық ұғымының мәнін түсінуде маңызды болып табылатын «қабілет» түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін айтайық : 1. Қабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды . 2. Қабілет - барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік. 3. Қабілет - нақты адамға топталған білім, екпілік және дарындылардан оқшау, қажет әркетті игеру желісінде ғана көрінеді.

«Дарындылықтың» анықтамасын оқушыларға қатысты қолданған кезде біз әр балаға байланысты әлеует мүмкіндіктердің дамуының белгілі бір деңгейі жөнінде айтылатын «жеке тұлғаның әлеуетін » қарастырамыз. Дарындылық әлеуеттің негізгі сипаты деп іс-әрекет үрдісі кезеңінде пайда болатын және дамитын мүмкіндіктерді айтамыз. Барлық арнайы қабілеттер іс-тәжірибе барысындаға нақты шарттардың әсереінен дамиды.

Дарынды балалардың есте сақтау қабілеті, зейіні күшті болып келеді. Оқыту үрдісінде ерікті және еркісіз есте сақтау әдістері оқыту материалының екі түріне : сөз жүзіндегі және көрнекі түрінде дұрыс қалыптасқан.

Психологтер дарындылықтың белгілерін екі аспектіге бөліп қарауды ұсынады: Инструменталды және мотивациялы. Біріншісі, қызметтің тәсілін білдірді, екіншісі, бала шындықтың және өзінің іс-әрекетінің түрлі қырына қандай көз қараспен қарайды, оларға деген қарым-қатынасының қандай екенін білдіреді. Американдық ғалымдар дарынды бала мәселесі жөніндегі тәжірибелік бақылауға сүйене отырып, өзара байланысты үш белгіге ерекше көңіл аударады: танымның жоғары деңгейде дамуы, психикалық дамуы, физикалық мәліметтер.

Дарынды бала жайында жоғарыда айтылған сипаттамаларды байланыстыра келе, дарынды баланың қарапайым балалардан ерекше болып келетін белгілерін қарастырамыз. Дарындылықтың сыртқы көріністері әртүрлі интеллектуалдық және жеке тұлғалық қабілеттіліктерінде түрліше көрінеді.

Мұғалім баланың теориялық пайымдауларының алғашқы көріністерін дөп басып, ал одан кейін жетілдіруге тиіс және оған айналасындағы көптеген заттардың болу себептері мен шарттарын тиісті дәрежеде түсіндірулері керек. Осы арқылы нақты бейнелі ойлаумен бірге бастауыш мектеп оқушыларында біртіндеп дерексіз заттармен құбылыстардың себептері мен негіздерін іздейтін, оларды түсіндіруді талап ететін ойлаудың ең қарапайым әдістері қалыптаса бастайды.

Мектептегі оқу үрдісі және интеллектуалдық қабілетін, білімдік дағдылы қалыптастыру білімнің күрделі жүйесін ұғындыру үшін емес, сонымен бірге таным үрдістерін дамыту үшін қажет.

Оқу материалын меңгерту үшін әрбір өтпелі кезеңде таным үрдістері жүйесін дұрыс дамыта білу қажет. Бұл - жаңғы зейін аудару, түсіну әрі оқу материалын есте сақтау. Психология ғылымында және педагогикалық тәжірибеде қалыптасып кеткен таным үрдістерін бөліп қарау мұғалімнің баланы оқытуда барлық интеллектуалдық жүйесін дамыту жұмысын қиындатады. Ал негізінде үрдісі ғана емес, жалпы интеллектуалдық жүйені дамыту қажет.

Дарынды балаларға берілетін білімнің теориялық жақтары, құбылыстарды түсіндіру, байланыстарды анықтау (оларды жалпылау) едәуір тереңдетілген және кеңейтілген түрде берілуі тиіс. Абстрактілі теориялық материалдарды және істі меңгере алатындай етіп, әрбір баланың ақыл-ойын пайдаланатындай жан-жақты дамуы үшін белсенді оқуды ұйымдстырған жөн. Бұл өз кезегінде бастауыш мектеп оқушыларының логикалық пайымдауларының, дерексіз ойлауының қарапайым, бірақ маңызды тәсілдерін игеруге тәрбиелейді.

Оқу материалын жақсы меңгеру және шығармашылық қабілет- дарындылықтың айқын белгілері. Сұрақ қоя білу, тапқырлық, кітаппен жұмыс, құбылысты бақылау, талдау, болжам құруға талпыну сияқты біліктері қалыптасады, пікірін ерекше етіп айту ерекшеліктері шығармашылықпен тығыз байланысты болып келеді.

Дарынды балаларға тән тағы бір еркешелік- ойдың айқындығы, яғни, күрделі мәселелерді айқын сөздермен, оны бір-бірінен шығатын етіп тиісті жүйелермен көрсете білуі (1-кесте) .

Табындылық -бұл адамның ұдайы, шалт әркеттерін төмендетпей көрінген қиыншылықтарға төзе білуі. Өз табандылығынан адам қоршаған жағдайлар ішінен қажетін табуға шебер. Сәтсіздікте мүдіру, күмәнға берілу- табанды адамға жат қасиеттер, басқалардың қарсылығын, мінеп- шенегенін бұл өткір мінезді тұлғалар елей бермейді.

Табандылық әртүрлі деңгейде көрініс береді. Мысалы, дарынды бала өз шешімін қорғай алмай, алғашқы кедергіден- ақ сескеніп, оны жеңудің амалына көзін жеткізе алмай, жалғастырайын десе, ерік күші жетпей, істен бас тартатыны да болады. Бұл жағдайда балада қара басының тәндік мүддесі басымдау болып, ақыл, оймен сыртқы жағдай талаптары сыртта қалады.

«Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағат сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін дарынын ашу - мұғалім міндеті.

Оның үстіне бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті мұғалім танып, соған бағыттап білім мен тәрбие берсе, баланың болашағының ірге тасы дұрыс қаланатыны сөзсіз.

Дарынды балалардың табиғатын танудың психо- әлеуметтік аспектілерін ғылымда былайша сипаттау қалыптасқан: күшті дамыған шыншылдық сезімі болады, ой -арманы, қиялы күшті әрі кең өрісті болады.

Сонымен, дарынды бала ойлау дербестігіне ие, ол жаңа мәселелер мен проблемаларды қоя біліп, оларды тың әдістермен шеше біледі. Ал бұл қабілет өз кезегінде ойлаудың белсенділігімен кезіккен міндеттермен мәселелерді өз бетінше шешуге ұмтылыс жасайды.

Дарынды бала қойылған проблеманы тұтастай көре біліп, оған байланысты болмыс сырларын көптеп шешуге, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығады, түсініксіз нәрсені білуге ынтазарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой әрекетімен шұғылдануға бейім келеді.

Сондықтан мектеп оқушыларының дарындылығын дамыту жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру басты мақсат, ғылыми проблема болып табылады.

Анықтаманың мазмұны бізге қазіргі ауыл мектептері оқушыларының дарындылығын дамытудың моделін жасауға мүмкіндік береді (2 -кесте) .

Ғылыми - педагогикалық, оқу - әдістемелік әдебиеттерді талдау бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері оқушылардың шығармашылық дарындылығының 3 деңгейін көрсетті: Креативті деңгей, интегративті деңгей, когнитивті деңгей.

Сонымен, ұсынылып отырған шығармашылық дарындылықты дамытудың құрылымдық - мазмұндық моделі оқушылардың танымдық және тұлғалық дамуы мен олардың даралық ерекшеліктерін, айқын қабілеттерін, креативтілігін арттырып, шығармашыл дарынды тұлғаның қалыптасуына негіз болады деп есептейміз.

Дарындылықты дамыту мәселесі бойынша жасалған теориялық талдаулар негізінде мына тұжырымға келдік.

1. ХХІ ғасырдың әлеуметтік - экономикалық көзқарасы- шығармашылық тұлғаның қалыптастыру мәселелерін қоғамдық басымдылыққа айналдыру. Шығармашылық тұрғыда ойланатын, интеллектуалдық сипатта әрекет ететін жас адамдардың тәрбиеленуі, оқуы және ой- өрісінің дамуы мемлекеттік сипат және әлеуметтік мән - мазмұнға ие болуда.

2. Шығармашыл дарынды тұлғаны дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін оқу еңбегінің шығармашыл, вариативті құрылымын талап етеді.

3. Дарынды феноменің зерттейтін ғылыми ойдың дамуына өткенді шолу көзқарасы негізінде оны әлеуметтік мәселе ретінде оқыту қоғам дамуындағы постиндустриалды фазаның басталуының ерекшеленетінің бүгінгі күні бүкіл әлемдік ғылымда осы феноменнің табиғаты жөнінде терең білімнің қажеттігін көрсетеді. Дарындылықтың мазмұнды интерпретациясы диагностиканың психологиялық - педагогикалық көптеген тұжырымдамаларының, оқушы әлеуетінің танымдық - шығармашылық дамуының биік тұғыры болып табылады.

4 . Шығармашылық дарындылық мәселелері жөніндегі ғылыми ақпарат көздерін зерделеу берілген феноменнің анықтамасымен салыстырғанда бірізділіктің жоқтығы, әртүрлі пікірлердің көп екендігі байқалады.

Шығармашылық дарындылық ақыл -ой және мотевациялық факторлар ықпалдастығында осы құбылыстың түсінігін тұтастай ашып көрсететін жаңа бағдар ретінде қарастырылады. Дарынды тұлғаның сапалық сипаты өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл іс - әрекетке қабілеттілік, креативтілік, танымдық - интелллектуалдық қызығушылығының кеңжігімен және барлық жаңалыққа ашықтықпен анықталады.

5. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау, мектеп тәжірибесінің зерделеу - дарындылықты дамытуда шығармашылық ойлаудың дамуына септігін тигізетін функционалдық мүмкіндіктері, тұғырлы идеяларды генерациялау дағдысы, ойлаудың дәстүрлі түрінен бас тартуы, өзекті мәселелерді жүйелі шешуі бастауыш сыныптағы танымдық іс-әрекет үрдісінде шығармашыл тұлға ретінде қалыптасуының факторы болып табылады.

6. Танымдық іс-әрекет үрдісінде оқушыны көркем бейнелер әлеміне тарту оқушылардың дарынды тұлғасын қаыптастырудың тиімді жолдарының бірі болып табылады.

Сонымен қазіргі кездегі білім беру жүйесінің қайта жаңартылуы баланың шығармашылық дарындылығын тануға және болжам жасауға жаңа көзқарасты талап етуде. Дарында балаларды тану- нақтылы бір баланың дамуын талдау мен байланысты ұзақ үрдіс. Қайсы бір әдістің көмегімен зеректіліктің айқындалуы мүмкін емес. Шығармашыл оқушылардың дарындылығын анықтау кезінде кешенді көзқарас танытқан маңызды болып табылады.

2. 1. Дарынды оқушылармен жүйелі жұмыстың маңызы

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында: «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш- адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» деген өзекті пікіріне сай оқушы жастардың шығармашылық әлеуетін өсіруге ден қою қажеттілігі туындап, ҚР-ның «Білім туралы» заңында ең алғаш «әр баланың жеке қабілетне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізілді.

Дарынды тұлғаны дамытуды негізгі мақсаттың бірі етіп, дарындылық қабілетін өшірмей, өсірсек, болашақ талантты маман болып қалыптасады да іске бейімділігімен, шығармашылық тапқырлығымен жігерлі еңбек етіп, қоғамға орасан зор пайда келтіреді.

Кез-келег пән мұғалімі өз пәнімен сыныбындағы қабілетті, зерек, талантты баланы жіті бақылай жүріп анықтап, сонымен жұмыс жүргізу жоспарын құрып, дарынды оқушылармен үнемі жұмыс жасау керек.

Бала бойындағы ерекше қасиет пен қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағдар беру оңай шаруа емес. Әйтсе де, әр баланың жеке қабілетін анықтап, алға жетелеу, заман талабына сай, өз бойындағы озық өнегесін шәкіртінің санасына сіңіру, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі ұстаздардың парызы.

Дарынды балаларды анықтау, дамыту, оларға қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алынып жатқан өзекті мәселе десек те, жоғары оқу орындарында дарынды оқушылармен жұмыс жасайтын арнайы маман даярланбайтыны баршамызға аян. Жоғарыда атап өткендей, дарынды оқушы мұғаліммен психологтардың көмегімен анқталады әрі олар дарынды тұлғаның шығрмашылық дамуына бағыт-бағдар беріп, даму әрекетіне зерттеу-талдау жұмыстарын жасайды.

Дарынды баланы анықтаудағы мақсат:

  1. дарынды оқушыны дамытуға ерекше назар аударып, сол бағытта талмай жұмыс жасау;
  2. дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген тапсырмалар, бағдарламалар жасап, өздігінен жұмыс істеуін қадағалап, шығармашылық ізденісіне кеңестер беру;
  3. дарынды оқушымен жұмыс жоспарын жүйелі құрып, нақты талап қою, тиімді әдіс-тәсілдермен қажетті материалдарға сілтеме жасау;
  4. түрлі диагностикалық жұмыс жүргізіп, бірімен- бірін байланыстырып отыру;
  5. зерттеу жұмысымен айналысуна көмектесе отырып, шыңдалу мақсатында түрлі байқаулармен сайыстарға қатысуын ықпал ету;
  6. дарынды тұлғаның дамуына бірден-бір әсер ететін: ата-анасы, мектеп пен мұғалімдерімен қатар жалпы жұртшылық пен, БАҚ-пен тығыз байланыста болуын қаматамасыз ету.

Әр мұғалім дарынды оқушымен жұмыс жасау үшін ең алдымен мына сұрақтарға жауап іздегені дұрыс:

  • дарындылық, қабілеттілік дегеніміз не?
  • дарындылықтың пайда болуына не себеп болады?(қоршаған орта ма, тұқым қуалаушылық па, әлде тәрбие ме?)
  • оқушы дарындылығын, оның дарындылық әлеуетін қалай анықтауға болады?
  • дарынды оқушыны анықтайтын психодиогностикалық әдістемелердің қайсысы тиімдірек?
  • неліктен кей адамдардың дарындылығы, қабілеттілігі ерте байқалған? (Поскаль, Моцарт, Гаус, Гете, Архимед )
  • Неліктен кей адамдардың дарындлығы, қабілеттілігі ересек жастар пайда болған?(Ньютон, Гегель, Дарвин, Менделеев, Декарт)

Осы сұрақтарға талмай жауап іздеп, соны таба білген мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жасай алады.

Ғалым Ожегов «Дарындылық - табиғаттан берілген ерекше қасиет» деп түсіндірсе, енді бір ғалымдар «ерекше қасиет ана құрсағында жатқанда пайда болады, бұл - анатомиялық нышан» дегенге саяды.

Бала бойында ертелі-кеш байқлатын бұл ерекеше қасиетті, яғни дарындылықты анықтау, онымен жүйелі жұмыс жасау дарынды тұлғаның интеллектуалдық жағынан дамуымен кемелденуіне ықпал етеді.

Дарынды оқушылармен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен жүргізген зерттеулерінің негізінде, ағылшын психологі П. Торранс мұғалімдер арасында көбіне «Дарынды оқушы - бұл жақсы оқитын оқушы» деген қате пайымдаулардың жүйе орын алғандығын айта келе, оның орташа тіпті нашар оқитын оқушылардың арасында болуыда әбден мүмкін екендігін ескертеді. Осы орайда, қазақ халқынан шыққан тұңғыш психологтардың бірі Ж. Аймауытовтың : «Адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал бала бойындағы туа біткен қасиетті дамытатын - оқыту мен тәрбие » деген пікірі еске түседі.

Американдық зерттеуші - ғалымдар: «неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға болады. . Бала бойындағы ерекеше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс, жеткіліксіз бағаламаса, оның «өзгелер сияқты » болып, қалып қою мүмкін. », - дейді.

Міне, осындай кереңсіздікутерге жол бермеу үшін де білім саласында дарынды тұлғаны дамыту- басты мақсаттың бірі болып отыр. Олай болса, жаңа ғасырдың зерек шәкірттерін тәрбиелеуші әр мұғалім - дарынды оқумен жұмыс жасауға міндетті әрі жұмыс жасау барысында өзінің бағыт-бағдарына, біліміне, қабілетіне қойылатын талаптарды негізге ала жұмыс жасаса, ол дайындаған дарынды оқушы- кез-келген ортаға тез бейімделгіш, жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасары сөзсіз.

Дарынды оқушылармен жүйелі жұмыс жасауда пән мұғалімдері төмендегі талаптарды назардан тыс қалдырмағаны дұрыс:

  1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына қойылатын талаптар:
  • дарынды оқушымен жұмыс жасаудың әлеуметтік қажеттілігін сезіну;
  • қабілеті жоғары оқушыларға ерекше ықыласпен қарап, жақсы қарым-қатынаста болу;
  • дарынды оқушымен жұмыс жасауға қызығушылық таныту әрі нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздену;
  • дарынды оқушы ата-анасымен тығыз байланыс орнату;
  • дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижеге қол жеткізуге ұмтылу; Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

- өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт дейгейінен жоғары деңгейде білу;

- қызмет нысанын, яғни біріңғай педагогикалық үрдісті білу;

- оқушы даярлығының моделін білу;

- жеке тұлға қалыптастырудың әдіс-тәсілін білу;

- дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білу;

- дарынды оқушының дамытуда үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа да көрсеткіштеріне көңіл бөлу;

- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;

- дарынды оқушының еркешелігін ескере отырып, шығармашылық пен жұмыс жасайтындай тапсырмалар дайындай білу;

3. Мұғалім іскерлігіне қойылатын талаптар:

- дарынды оқушына анықтау әдіс-тәсілдерімен жұмыс жасай алуы;

- дарынды оқушылармен жұмыс жасауғ арналған жоспар құрып, онымен тұрақты жұмыс жасау;

- оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- оқытудың инновациялық технологияларын қолдана білуі;

- дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностиклық күнделік жүргізу;

- оқушымен қарым-қатынасты психологиялық тұрғыдан сауатты орнату ;

- дарынды оқушымен жұмыстың нәтижесін нақты бағалай білу;

- дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жекешілік ету;

- дарынды оқушымен олимпиадаларда, сайыстармен байқауларда жетістікке қол жеткізе алатындай деңгейде жұмыс жасау;

- дарынды оқушы ата-анасына түрлі педагогикалық- психологиялық кеңестер беру.

Осындай талаптарды басшылыққа ала отырып, жұмыс жүргізетін әр мұғалімнің дарынды оқушысы болшақ еліміздің гүлденуіне үлес қосарына еш күмән келтірмейді.

2. 2. Дарынды балаларды тәрбиелеудегі кейбір ерекшеліктер

Бүгінгі тәуелсіз еліміздің дамып, одан әрі өсіп-өркендеуімен Елбасымыздың атап айтқандай бәсекеге барынша қабілетті болуы ең алдымен осы мемлекеттік ірге тасын құрайтын жастардың білімділігі, мәдениеттілігі, саяси саналығымен өмірге бейімділігіне байланысты болса керек. Бүгінде қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси құбылыстар жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде жаңа өзгерістер енгізуді талап етуде. Бұл ретте ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңіре білген рухани бай, сауатты өмір салтын ұстанатын әрі өз отанының нағыз ұлтжанды азаматын тәрбиелеу- өзекті мәселе. Сол себепті де жеке адамның дамуымен оны дұрыс тәрбиелеу, педагогикалық және психологиялық бағыт-бағдарға тікелкй байланысты. Бұл ретте балаға тәлім-тәрбие беріп, оны білім-ғылымға баулитын ұстаздарымен тәрбиешілерінің міндетті түрде білікті, көрегенді әрі өнегелі болғаны абзал. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деп хәкім Абай айтқандай ақыл-ой тәрбиесінде пікірлесі, пікір талас арқылы ой дамыту оқушы тұлғасының өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес оның дарынын дамытуға, интеллектісін арттыруға ат салысатын адамның өзі осыған сай болғаны дұрыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс
ДАРЫНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
Дарынды балаларды анықтау
Вундеркинд оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру
Мектеп ұйымдарында дарынды балалармен жұмыс жүргізу
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР, ОЛАРМЕН НЕГІЗГІ ЖАСАЛЫНАТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮРІ
Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қабілетін деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz