Шығыс Европа елдерінің одан әрі дамуы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш. Ш. УӘЛДИХАНОВ атындағы КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

Жалпы тарих және ПОӘ кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Шығыс Европа елдеріндегі реформалар және олардың

«Ортақ рынок қауымдастығына»

интеграциялануы.

Орындаған: Ахметова Г. К.

Тексерген: Шаймерденова Ж. К.

КОКШЕТАУ -2008

Мазмұны

І. Кіріспе . . . 3

І бөлім ОШЕ елдері саяси. - экономикалық реформалар қарсаңында . . . 5

1. 1. ОШЕ елдері саяси. - экономикалық реформалар қарсаңында . . . 5

1. 2. ОШЕ елдерін реформалаудың жоспарлары мен перспективалары. . 12

ІІ бөлім ОШЕ елдеріндегі реформаның сипаты мен барысы . . . 16

2. 1. ОШЕ елдеріндегі реформаның сипаты мен барысы . . . 16

  1. . Польша, Венгрия, Чехославакия . . . 18
  1. Шығыс Германияның Федеративті Германияға

Интеграцияалануының ерекшеліктері . . . 24

Қорытынды . . . 28

Қолдалынған әдебиеттер . . . 30

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі

Шығыс Европа елдері соғыстан кейінгі қырық жылдан астам уақыт бойына Кеңес Одағының ықпалында шын мәнісінде оның тікелей үстемдігінде болып келді. Бұл елдердегі соғыстан кейінгі социалистік қайта құрулар Кремльдің тікелй нұсқауымен жасалынды. Елдердің саяси басшылығы өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяғына дейін өз беттерімен ішкі сыртқы саясатта шешім қабылдай алмады, кез келген өзіндік іс - әрекет Кеңестер тарапынан қатаң тиылып тасталынып отырды. Мәселен 1956 жылғы Венгрияда, 1968 жылы Прагага кеңес танкілерінің басып кіріп тәртіп орнатуы соның дәлелі. Кеңес Одағы Шығыс Европа елдерінде өз әскерлерін орналастыру арқылы толық өз бақылауын қамтамасыз еткен болатын. Мысалы Шығыс Германияда 270мыңдық кеңестік әскери топ ұсталынды. Шығыс Европа елдерінің саяси -әлеуметтік құрлымы экономикалық жүйесі кеңестік үлгі- тәжиірбені белгілі бір дәрежеде, аздаған өзгешеліктермен қайталады. Сол себепті де бұл елдердегі реформалар мен Европа қауымдастығына интеграциялану тәжірибесінің Қазақстан үшін практикалық маңызы зор. Бұл елдер өздерінің экономикалық өсу деңгейін, халқының әлеуметтік тұрмыс дәрежесін, елдерінің ішкі, сыртқы қауіпсіздігі мәселесін оңтайлы түрде тез арада шешіп алуға қол жеткізді

Тарихнамасы, зерттелу деңгейі

Аталған тақырыпты қарастыру барысында монографиялық зерттеулер Кудров В. М. Богомолов О. Т. Реформы в зеркале международных сравнений, Кишш Т. Экономическое Экономическое сотрудничество социалистических стран 1963 г. История стран Центральной и Юго Восточной Европы ХХ века Государства Европы пути их развития, журналдар Вопросы экономики, Международная жизнь. Вестник Российской Академии наук қолданылды.

Негізгі материалдар ғылыми конференциялар дың материалдарынан алынды.

Қарастырылып отырған тақырыпқа байланысты қазақ тілінде матриалдар тапшы сондықтан орыс тілінен аударылған материалдар негізінен пайдаланылды. Дегенмен зерделеніп отырған тақырып аясында біршама еңбектер Батыс Европа мен Шығыс Европада, Ресейде жүйелі түрде зерттеліп келеді. Қазақстанда бұл тың тақырып блып табылады елімізде қабылданған Европаға жол бағдарламасының бір саласы Европаны өзіміздің көзімізбен тану мәселесі боп табылады. Әсіресе Шығыс Европаның жүріп өткен жолы біз үшін интеграциялану тәжірибесінің маңызы өте зор.

Зерттеу әдісі: Тарихшылдық, шынайылылық, салыстырмалы аналитикалық талдау, жинақтау, жүйелеу әдістері қолданылды.

Зерттеу мақсаты : ОШЕ елдерінің реформалық өзгерістері, нәтижелік пайдалы экономикалық - әлеуметтік қортындылары, ортақ рынок нарығына интеграциясы эконмикалық жаңғыру мен жаңаруларды бастан кешіп жатқан Орталық Азия мен Қазақстан үшін олардың тәжирбесін зерттеу өте маңызды болып табылады

Тәжирбелік маңызы: Жұмыстың нәтижежелерін мектепте, оқу орындарындарында экономикалық тақырыптарға дәрістер жүргізгенде, сондай -ақ студент оқушы қауымға семинар сабақтарына дайындалғанда қолдануға болады.

І бөлім. ОШЕ елдері саяси. - экономикалық реформалар қарсаңында.

1. 1. ОШЕ елдері саяси. - экономикалық реформалар қарсаңында.

Соғыстан кейін Орталық, Шығыс Европа елдері мен Ресей арасындағы байланыстарға партноменклуатура жаңа дәреже мен сипат берді әрі оны социалистік елдер достастығы ретінде дамытуға тырысты. Соғыстан кейінгі ОШЕ елдерінің экономикалық дамуын ІҮ кезеңге бөліп қарастыруға болады. ІІ-ші дүниежүзілік соғыстан кейін жеңімпаз елдердің келісімімен бұл аймақ Кеңестер одағының ерекше ықпал ету аймағына айналып, жүйелі қатаң транформацияға, анығында комунизацияға ұшырады. Іс жүзінде бүкіл аймақ елдері кеңестік үлгідегі орталықтандырылған жоғарыдан басқарылатын экономикалық модель-нұсқаны қабылдауға мәжүбір етілді. Бұл жүйе 1980 ж. орта тұсына дейін өмір сүріп келді.

ОШЕ елдерінің І-ші даму кезеңі ХХ ғ. 50-60 жж. Қамтиды. Бұл кезеңге тән даму сипаты экстенсивті түрдегі жедел экономикалық даму және индустриализация.

ОШЕ елдерінің ІІ-ші даму кезеңі ХХ ғ. 70 ж. қамтиды. Елдер осы 10 жылдықта өздерінің экстенсивті даму мүмкіндіктерін толық сарқып бөлумен ерекшеленеді. Социалистік экономиканың даму шырқауының шегімен соңы құлдырау бастамасы еді.

ОШЕ елдерінің ІІІ-ші кезеңі 80 ж. экономиканың стагнациясы. Социалистік қоғамдық жүйені біржола күйреуі. ОШЕ елдерінің ІҮ-ші кезеңі ХХ ғ. 90 ж. басына дейін бұл кезеңде социалистік экономикалық жүйе жойылды. ОШЕ елдері нарықтық демократиялық даму жолына түсіп бірқатары Евро одаққа мүше болып енді. Бұл үрдіс бүгінде жалғасуда. Оған дәлел 1985 ж. Евро одақ ішіндегі шекараның ашықтығы жөніндегі «Шенген келісіміне» 2007 ж. желтоқсанның 21-де 9 елдің: Словакия, Слования, Венгрия, Польша, Латвия, Литваның және т. б. дәлел бола алатын. Бұл ортақ экономикалық нарықтың кеңістіктің кеңейюімен өзара қатынастардың либерализациялануын көрсетеді.

Соғыстан кейінгі ОШЕ елдерінің дамуына талдау жасау үшін бұл елдердің соғысқа дейінгі жағдайының сипатына назар аударсақ. Бұл елдердің ішінде Чехославакия өндірістік дамуы біршама еді. Егер де Батыс Европа елдерінің сауатсыз халықтың көрсеткіші 0, 7% болса Чехославакияда 3%, Венгрияда 7%, Польшада 18, 5%, Болгарияда 31%, Югославияда 39% еді. ОШЕ елдерімен КСРО-ң статистикалық орындары соғыстан кейінгі дамуға байланысты мәліметтерді өсіріп, көрсетуге тырысты. (1)

Социалистік жетістіктер мен артықшылықтарды көрсету мақсатында, сондықтан бұл мәліметтерге сақтықпен қарауымыз керек. Европалық статистикалық институттардың мәліметтері экономикалық даму қарқынының ресми мәліметтерге қарағандағы көрсеткіші 1, 1-2, 13 есе төмен екендігін көрсетеді. Әсіресе көп өсіріп көрсету Болгаррия мен Румынияға тән болса, Венгрия мен Чехославакия елдерінде төмен болды.

ОШЕ елдерінің барлығында соғыстан кейін экономикалық өсімнің жоғары деңгейі байқалды. Бұл өсім дерективалы жоспарлы тапсырмалар арасында жасанды түрде жеделдетілді. Мақсат: аймақтағы елдердің қамытуды нығайту, капиталистік қоршаудағы Кеңестер Одағы үшін берік плацдарм жасап, оны кеңес одағының сенімді одақтасына айналдыру жүзеге асырылды.

Кеңестік үлгідегі жедел индустриализация және өндірістің А-тобын дамытуға бағыт алу, қорланудың қатаң режимі капитал салудың көлемін ұлғайту әрекеттері экономикалық (дамудың) құрылымының дамуына кері әсер тигізді. Капитал қорланды. Ұлттық табыстың 25-30% құраса да бұл товарлардың риалді бағасынан төмен қою нәтижесінде мүмкін болды. 1949-1953 жж. Социализмге көшу кезеңінде халықтың тұрмыс деңгейі елеулі түрде төмендеді. Содан кейін біртіндеп өсу тенденциясына ие болды. Түрлі тауарларға дефицит жағдайында қоғамдық тұтыну қорларының көлемі артты. Олар денсаулық сақтауға, білім алуға, балалар мекемелерін ашуға, баспана салуға бағытталды.

Еңбек мәдениеті төмен жұмысшылардың, еңбек етуінің ынтасы төмен жағдайда бүкіл халықтың жұмыспен қамтылу феномені пайда болды. 1950-1960 ж. ОШЕ елдерінде ұлттық табыстың өсуі 7%-11%, ал салу 9%-16% құрады. Бұрынғы кезде аграрлы болып келген елдерде ауыр индустрия нысандары салынды, олардың құрымдылық жүйесі кеңестер одағының жүйесіне ұқсас құрылды. Чехославакиядағы өндірісінң құрылымында машина жасау саласы 21-34%-ке дейін өсті. Польшада 9%-22%, Румынияда 13%-7%, Болгарияда 3%-6% дейін көтерілді. А-тобына жататын өндіріс салаларының үлесі 50-60% дейін көтерілді. Бұл елдердің бір шаруашылық салаларының мамандануы нашар жүрді. Өйткені олардың әрқайсысы кеңестік үлгідегі кешенді экономиканы дамытуға тырысып, сыртқы саудаға аса маңыз бермеді.

ОШЕ елдері кең көлемде төмен технологиялық деңгейде сапасы төмен бәсекеге қабілетсіз тауарларды шығарды. Бұл өнімдер социалистік нарыққа, оның ішінде кеңес одағына сатуға шығарылды. ОШЕ елдерінің ішкі даму резервтерімен (Капитал қоры ауылдан қалаға арзан жұмыс күшінің келуі, орталықтандырылған жоспарлы экономика) қатар оның экономикасының жедел дамуына әсер еткен фактор ол кеңес одағының жасаған экономикалық көмегі. «Бауырлас елдерге» өзіне де керекті материалдың финанстық ресурстарын үнемі бөліп отырды. Мысалы, 1950-60 жж. КСРО, Польша, ГДР, Венгрия және Албанияға ескі ақшамен 17-18 млд сом көлемінде несие бөлді. ОШЕ елдеріне келетін шикізат импортымен өндіріс жабдықтарының импорты бүтіндей КСРО-дан тасылды. Бұл операциялар әлемдік бағамен емес, социалистік төмендетілген бағамен жүргізілді.

Аталған кезеңде Кеңес Одағы кең көлемді ғылыми-техникалық көмек жасап отырды. Он жыл ішінде 500-ірі кәсіпорын салынды, 22-мың өндіріс нысанымен құрлыстарға тегін техникалық құжаттар берілді. Іс жүзінде ғылыми қолданбалы зерттеулердің көпшілігі кеңес одағында жасалып, жеңілдіктермен ОШЕ-ға беріліп отырды. Өзара экономикалық қызметтіктерді интеграциялық процестерді реттеу үшін 1949 ж. социалистік аймақта өзара экономикалық кеңес құрылды. (СЭВ) өзара экономиканың кеңесі нарықтық емес интеграцияны жүргізді. Мұнда ешқандай нарықтық экономикалық механизмдер қолдалынылмады. Іс жүзінде ол әкімшіл-әміршіл бюрократиялық жолмен жүргізілді. Мысалы кеңес социалистік елдердің сыртқы саудасын үйлестіріп отырды.

Мұнда өндіруші мен тұтынушы арасында сауда саттық қатынастары болған жоқ. Бұл мемлекеттік сауда болатын. Оған біріңғай валюта, ақша қажет емес еді. Оның орнына көп жақты клиринг енгізілді. Аудармалы рубльді негізге ала тұра өзара есеп айырысу бірлігі бекітілді. Бұның барлығы Батыс Европа риальді интеграциядан түбегейлі өзгеше еді.

ОШЕ елдерінің ауыл шаруашылығында маңызды өзгерістер орын алды. . Жер реформасы нәтижесінде мұндағы ұсақ шаруа шаруашылықтары жойылып, кеңес одағының үлгісімен жаппай ұжымдастыру жүргізілді. Тек қана ұжымдастыру Польшада, Венгрияда, Югославияда, кең көлемді жүргізілмеді. Бұл елдерде орта ұсақ шаруа - шаруашылықтары сақталынды. Ал қалған елдерде бұл науқан 1961 ж. толық аяқталды. Жеделдетілген индистриализациялау тиімсіз, әміршіл, әкімшіл жүйе жағдайында көптеген экономикалық мәселелерде қиындықтар туғызды. Оның негізгілері мынандай еді:

  1. Шектен тыс қарқынды индиструализациялау
  2. Құрылымдық дамудағы дизбаланспен ауытқушылықтар (ауыл шаруашылығының артта қалуы)
  3. Күрделі қаржы салымдарының шарықтауы
  4. Аяқталмаған құрылыс көлемінің ұлғаю
  5. Әр ел өзінде кешенді экономикалық жүйе құруға тырысты

Болгария одақтас республика ретінде Кеңес одағының құрылымына кіруге тілек білдірді. Экономикалық мәселелер саяси мәселелермен астасып жатты. Демократиялық нормалардан біржола қол үзіп, қарапайым адамдар орындаушыларына айналды. Ал аймақ елдері кеңес одағының саттельмиттеріне айналып шыға келді.

ОШЕ барлығында 1960 ж. соңына қарай орталықтанған тапшылық сипаттағы жоспарлы экономикалық құрылым құрды. Көтерме сауда мемлекеттік материалды-техниканы жабдықтау жүйесімен алмастырылды. Жоспар негізінде жалпы өнімнің сандық көрсеткіші алынды. Экономикалық өсімнің басты критериі ретінде өндірістің даму қарқыны алынып, ол өндіріс саласының бүтіндей елдің даму көрсеткіші ретінде пайдаланылды. Шын мәніндегі риальді тұтыну қажеттіліктерін өтеуде өндірілген өнімнің түрі мен сапасын көтеру (нарықтық эконоикадағыдай) іс жүзінде ойламады.

ОШЕ елдеріндегі бұл кезеңдегі көрнекті табыстарға қарамастан Польшада, Берлинде, Венгрияда, Чехославакияда тоталитарлық режимнің орнауына қарсы бағытталған көтерілістер мен қозғалыстар орын алып, үлкен халықаралық резонанс тудырды.

Соғыстан кейін дамудың 1-ші және 2-ші кезеңінде де ОШЕ елдеріндегі социалистік экономикалық модельдің тиімділігі төмен екендігі айқын байқалды. Дамудың экстенсивті бағыты ресурстардың барлық түрлерін қисапсыз пайдалануға әкеп соқты. Өнеркәсіптің түрлі материалдармен қорларды орасан зор көлемде пайдаланғанымен оның рентабельдігі өте төмен еді. Батыс елдеріне экспорт көлемін ұлғайту әрекеттері әрқашанда сәтті бола бермейді. Батыс социалисті экономикалық жүйесіз өмір сүре алатындығын көрсетті. Барған сайын байқалған дағдарыстың макроэкономикалық көрсеткіштерімен қатар экономикалық саясатта дағдарыстың белгілері байқалды.

ОШЕ елдерінің басшылары 1960 ж, басында-ақ басқарудың стратегиясы мен тактикасынан өзгертулер мен түзетулер мәжүбір болды. Мәселен олар қатаң орталықтандырылған жоспарлардан жедел бас тартып, ауыл шаруашылығының дамуына халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған бірқатар іс-шаралар қабылдады. Мысалы шаруаларға салынатын салықтың төмендеуі. Ауыл шаруашылығының өнім өткізу көлемі әуелі қысқартылып, кейін біржола жойылды. Усадьбалар мен бау-бақшалар ұстауға үй салуға шектеулер алынып тасталды.

Мұндай өзгерістер әсіресе Венгрияда көрініс тапты. 1960-1970 жж. Бұл елдерде әлеуметтік экономика өзгерді, халықтың тұрмыс деңгейі көтерілді, кооперативті және жекеменшік құрылыс кеңейді, нарықтық сапалы тауарлармен толықты. Әрине бұл өзгерістер 1956 ж. трагедиялық уақиғаларға жауап ретінде болды. Бүтіндей алғанда Венгрия «Нарықтық социализм» жолымен жүрді. Аса маңызды оқиғалар Чехославакияда орын алды. Мұнда да Венгрияда «»Социалистік құндылықтардан ашықтан-ашық бас тартуға, шаруашылықтар жүргізудің социалистік моделінен принципиальді түрде безінген көңіл күйлер пайда болды.

1965 ж. КПЧ-ң пленумында мынандай тұжырымдама жасалынды. ХІІ съездің шешімдерін орындау үшін біз өзін-өзі ақтамаған ескі экстенсивті даму мен жоспарлаудан бас тартуымыз керек. Бірінші кезекке өндірістің тиімділігімен өндірілген өнімнің сапасын қоюмыз крек, сонда ғана біз экономиканың прогрессивті дамуын салынған күрделі қаржының қатарын қамтамасыз етеміз. Сол себепті де 1968 ж. Чехославакиядағы қанды уақиғада реформаның бұл бағытына, дамуына мүмкіндік бермеді. Венгриядан өзгешелігі ел қайтадан казармалық бағыттағы «риальді социализмге» оралуға мәжүбір болды.

1970 ж. бастап Орталық Шығыс Европа елдерінің мысалында социалистік экономикалық модельдің тұйыққа апаратындығы мәлім болды. 1970 ж. соңына қарай аймақтағы елдердің экономикасының даму қарқыны одан әрі баяулай түсті. Қалыптасқан жағдайдан шығуға Кеңес одағынан көрсетілген шикізат, ақша, қаражат, несие түріндегі көрсетілген жәрдемі де көмектесе алмады. 1970 ж. басы ол Батыс елдерінің ғылыми техникалық революцияның (FTP) жаңа дәуіріне өткен уақыты еді. Бұл кезде жаппай жаңа техниканың түрлерін игеру, жаңа техникалық құрылымдарды қалыптастыру жүріп жатқан болатын. Осындай новациялық - жаңашыл өзгерістер социалистік экономиканың құлдырау кезеңінде жүзеге асудың символьдық мәні болды.

ОШЕ елдерінің экономикалық дамуының 3-ші кезеңдегі сипаты. Ол біріншіден экономикалық даму қарқынының одан әрі баяулауы және экономикалық өсімнің станцияға ұшырап социализмнің қоғамдық, экономикалық жүйе ретінде өзінің жарамсыздығын күйреу жағдайына барып тірелгендігін байқатты. ОШЕ елдерінде 1980 ж. 1-ші жартысында өндірілген ұлттық табыстың орташа жылдық даму қарқыны 2, 2%, өнеркәсіп өндірісі 2, 8% күрделі қаржы салу 0, 7% қысқарды. Аймақтың ең осал елі Польша болып шықты, мұнда күрделі капитал салумен қатар өнеркәсіп өндіріс де күрт қысқарды. 1980 ж. ІІ-ші жартысына қарай өндірістің абсолютті көлемі одан әрі қысқарып, 1990 ж. басында терең экономикалық дағдарысқа айналды.

ОШЕ елдерінің дамуының 4-ші кезеңі 1970 ж. Батыс елдері ғылыми техникалық революция кезеңінен өтті. Технологиялардың үздік үлгілеріне көшіп, социалистік елдерден әлде - қайда алға кеткен болатын Социалистік принципке құрылған экономикалық жүйе өзі ақтамайтын болды. Сондықтан 1980 ж. Орталық Европа елдері жаппай дағдарысқа ұшырады. Өнеркәсіп Орталық Европа елдерінде 2, 2 %-ке капитал салымы 0, 7% -ке қысқарды.

1992 ж. ИТАР - ТАСС корреспондентіне берген сұхбатында : Венгрияның сыртқы экономикалық байланыстар министрі Б. Кадар шығысевропалық рынокты Хрущев, Брежнев немесе Сталин жасаған жоқ ол экономикалық сауда аймағының, өзіндік тарихы мен дәстүрлері тіпті технологиялық сабақтастығы енді келіп оны бірден шорт үзу, аса пайдалы іс деп айта алмаймын. деген болатын.

Алайда онан кейінгі 1989-1991 оқиғалар революциолық-демократилық сипат алып, бұл байланыстар тез арада үзілді Шығысевропалықтардың жаңа радикалды басшылығы бұл коммунизм мұрасы саналған мұрадан жедел бас тартты. ӨКК - нің тарауы бұл бағыттағы ең ірі оқиға еді.

Орталық және Шығыс Европа елдерінде болған соңғы 20 жылдағы өзгерістер қазіргі заманғы Европа континентіндегі ситуацияны түбірінен өзгертіп жаңа жағдайды қалыптастырды. Бұл 7 ел Польша, Венгрия, ГДР бұрынғы Чехославакия, Болгария, Румыния және Югославияда 140 миллион халқы бар аймақты қамтып, 1989-1999 жылдардағы бұл елдердің:

  1. біріншіден Кеңес одағының ықпалынан кетуі
  2. Коммунистік режимнің құлауы, реформашыл, батысшыл саяси күштердің билікке келуі мүлде жаңа саяси қалып тудырды.

Аталған елдердің Батыс Европалық елдермен интеграциялануынан

социалистік экономикалық жүйенің тез арада демонтаж жасауға ықпал етті. Реформаларға дейінгі Шығыс Европа Кеңес одағымен бірге әлемдік экономикалық құрылымының 2-ші реттегі әлсіз оқшауланған бөлегі боп қалған еді. Тақырыптың өзектілігі бұрынғы посткеңестік республикалардан қаншалықты реформалар тез әрі көшенді түрде жүрді. Бұл елдердің ортақ нарық экономикасы қаржы финанс құрылымдарының қандай позитивті маңызы бар. Оларға қандай преференциямен жеңілдіктермен артықшылықтар жасалды.

Шығыс Европа елдері 1990 ж. ортасына дейін өздерінің экономикасын нарықтық талаптарға сай құру жұмыстарын аяқтауы батыстың жетекші мемлекеттері халықаралық экономикалық институттары Шығыс Европа елдерінің экономикасын нарықтық дәрежеге жетті деп таныды. Шығыс Европа елдерінің одан әрі дамуы.

Орталық Европа ортақ нарық елдеріне интеграцияалану бағытында жүрді. Ортақ нарық елдерінің тәжірибелері экономика саласындағы Шығыс Европа елдері үшін зор қолайлы жағдай жасалды. Олар: нарық заңдарының қолданыс табуы, капитал - инвестиция тарту еркіндігі, жұмыс күшінің қозғалысының еркіндігі, біріңғай кедендік тариф, біріңғай еуровалют финанстік жүйелерді пайдалану. Кеңес одағы Республикасынан ерекшелігі; бұл елдердің Батыс Европа тарихы географиялық жақындығы біріңғайлы шешуші ықпал етіп, Шығыс Европа елдері 2005 ж. күрт дамып, тұрмыс деңгейі көтерілген елдер қатарына қосылды.

ОШЕ елдері дәстүрлі түрде сыртқы нарықпен байланысы кең көлемде еді. ЖЧӨ экспорттық квота 20-40% құрады. Алайда жемдік экспортта ОШЕ үлесі 1996 ж. экспортта 1, 5% импортта 2% құрады. Социалистік мәндегі өзара экономикалық кеңес кезеңінде ОШЕ елдерінің қатынастары көбіне КСРО-ға бағытталды. Одан кейін Шығыс Европа елдерімен байланыста болды. Экономиканың ұжымдық автаркиялық жағдайы бұл елдердің артта қалуынан себепші еді.

Батыс Европа елдеріне қарағанда олардың техника мен технологиясы тауарлардың бәсекеге жарамсыздығы өндіргіш күштердің төмен деңгейі тән болды. КСРО-ға ОШЕ елдері көбіне машина жасау өнеркәсібінің және оның жабдықтарының өнімдерін көбіне төмен сапалы өнімдер экспорттап отырды. ОШЕ елдерінің технологиялық ғылыми техникалық сыртта қалушылығы 70-80 жж. мөлшерінде еді.

"Орталық Европа" термині бүгінгі күні тарихи -географиялық метафорадан геосаяси ұғымға айналып, өз ауқымына Балтық бойынан Адриатикаға дейінгі белдеуді қамтып отыр, "Орталық Европа" геосаяси құрлым ретінде бір жағынан «Европалық Одақпен» екінші жағынан «Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерімен» шектескен аймақ жаңа бірыңғайлық идентетті бірлестік боп табылады. Осы ауқымға кіретін халықтардың өзіндік санасы, даму деңгейлері бір - бірімен деңгейлестігі осыны айғақтайды. Осындай анықтамалық тұжырымға соңғы шыққан ғылыми мақалаларда беріліп отыр. ( 1)

Британияның экс-премьер министрі, Э. Блейр «жаңасолшыл бағыттағы Европа» ұғымын қолданып, оған бұрынғы Кеңе с Одағына енген Ресей Украина, Белорусь және Балтық бойы елдерін айтады. ( 2) Алайда соңғы тұжырымның асығыс жасалғандығын тарихи ағымдағы уақыт дәлелдеп отыр, геосаяси сыну сызығы Украина арқылы өтіп Ресейдің саяси даму ориентирі басқа бағытқа ауысып отрғандығы белгілі.

1989-1991 ж. ж Революциялық қайта құрулар экономикалық, қоғамдық саладағы тоқтатқан жоқ бұл үрдістер Батыс пен Шығыста, Орталық Европада әртүрлі жүруде. Ең бір таңқаларлығы егерде Батыста тығыз интеграция жүріп жатқанда(бірыңғай валюта евроны енгізу, европарламент) Шығыс, Орталық Европа елдерінде дезинтеграция үрдісі кең өріс алды .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғ. ІІ-ші жартысы мен ХХІ ғ. басындағы Орталық Шығыс (ОШЕ) елдері экономикалық және әлеуметтік реформалар
1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕУРОПАДАҒЫ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Монро доктринасы
Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы стратегиясы
Орталық азия мемлекеттері мен европалық одақтың өзара қатынас перспективалары
Қазақ әдебиетімен Европа халықтары әдебиетінің байланысы
Германия мемлекетінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы
Соғыс аяқталғаннан кейінгі халықаралық саяси жағдай
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапония рөлі
Экономикалық бірлестіктің халықаралық банкі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz