Тарбағатай жотасы - Геоқұрылымдық тұрғысынан


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І Тарау Қазақстанның физикалық географиялық сипаттамасы . . . 5

1. 1 Географиялық орны . . . 5

1. 2 Қазақстанның тектоникалық және геологиялық ерекшеліктері . . . 5

1. 3 Жер бедерінің құрылысы . . . 8

1. 4 Климаттық жағдайлары . . . 14

1. 5 Ішкі сулары . . . 16

ІІ Тарау Қазақстанның жабайы өсімдіктері мен мен фаунасы . . . 21 2. 1 Өсімдік типтері және олардың құрылымдық-динамикалық

Ерекшеліктері . . . 21

2. 1. 1 Ормандардың түрлері . . . 21

2. 1. 2 Бұталы шөптер түрлері . . . 23

2. 1. 3 Жартылай бұталы ағаш тәрізділер . . . 24

2. 2 Ботаникалық-географиялық аудандастыру . . . 25

2. 3 Жануарлар дүниесі қалыптасуының зоналық және аймақтық ерекшеліктері . . . 28

2. 3. 1 Жануарлар дүниесі қалыптасуының жалпы сипаттамасы . . . 28

2. 3. 2 Дала және шөл зоналар қосмекенділері . . . 30

2. 3. 3 Жазықтар фаунасы . . . 30

2. 3. 4 Орманды дала фаунасы . . . 30

2. 3. 5 Құрғақ дала фаунасы . . . 31

2. 3. 6 Шөлейт және шөл фаунасы . . . 32

2. 3. 7 Таулы аумақ . . . 32

2. 4 Интразоналды және экстрозоналды массивтердің жануарлар дүниесі . . . 33

2. 4. 1 Омыртқасыздар фаунасы . . . 34

2. 4. 2 Ішкі су қоймалардағы жануарлар дүниесі . . . 34

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Менің жұмысымның тақырыбы: «Қазақстан жабайы фаунасын және өсімдектерін қорғау. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы» деп аталады.

Жұмыстың өзектілігі - менің курстықдық жұмысымның тақырыбы кәзіргі таңда еңбір өзікті мәселелердің бірі болып табылады. Кең байтақ қазақ жерінде алуан түрлі табиғат жағдайларын кездестіруге болады. Ішкі құрлықтық орналасуы ландшафтар ерекшеліктерін ажыратады, сонымен қатар Қазақстан өсімдік және жабайы фаунаға өте бай мемлекет болғандықтан оларды зерттеудің ғылыми танымдық және практикалық маңызы зор.

Тақырыптың зерттелу деңгейі - Қазақстан жері жасыл өсімдік әлемімен жабайы жануарлар дүниесіне бай өлке. Олар туралы мәліметтер ғалымдардың көптеген еңбектерінде кеңінен қарастарылған.

Менің курстықдық жұмысымның мақсаты - өсімдік типтері және олардың құрылымдық-динамикалық ерекшеліктері мен жануарлар дүниесі қалыптасуының зоналық және аймақтық ерекшеліктерін талдау барысында жабайы фауна мен өсімдіктерді қорғау шараларын айқындау.

Курстықдық жұмысымның міндеті - қандай табиғат байлықтары, мейлі, ол өсімдіктер әлемі немесе түз тағыларының өкілі болсын, оларды өздері бейімделген тіршілік ортасынан ажыратпай қорғау және мейілінше қорын молайту ісі бүгінде күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені қазіргі өркендеген өнеркәсіп ауыл шаруашылығы мен көліктің қарқынды көбеюі оларға өзінің кері ықпалын тигізуде. Мұндай жағдайда адами-техникалық прогресс пен табиғат қорғау ісін ғылыми негізде ұштастырып, қайткенде де тығырықтан алып шығар жолды ойластырған жөн. Яғни табиғатта болатын түрлі экологиялық процесстерге игі ықпал етіп, қоршаған ортаны көркейтумен қатар небір қайталанбас көркі бар табиғи ландшафтарды қамқорлыққа алу шаралары ұйымдастырылады.

Олардың ішінде біздің елімізге тән жануарлар мен өсімдіктерімен көп түрлерімен қатар сонау мұз дәуірінен бізге жеткен ежелгі түрлер және толып жатқан себептерге байланысты азайып кеткен түрлерде аз емес. Қайткен күнде де, олардың жойылып кетпеуіне жағдай жасап, қадағалауымыз керек. Бұл мәселелердің дұрыс шешілуінің көптеген жолдары бар. Солардың ішінде ең тиімдісі қорықтармен табиғи саябақтарды, қорытар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырып, ботаникалық бақтар мен жануарлар саябағын ашу.

Жануарларды сақтап қолудың ең басты жолы- адам баласының сапалы жауапкершілігі, экологиялық білім мен мәдеиеті. Әрбір азамат өзінің туған өлкесімен оның байланыстылығының иесі ретінде сезіне отырып табиғат қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.

Менің курстықдық жұмысым кіріспе, үш тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмысының деректемелік базасы ретінде арнаулы әдебиеттер, энциклопедиялық сөздіктер, мерзімді баспасөз материалдары пайдаланылды.

І. Тарау Қазақстанның жалпы физикалық- географиялық сипаттамасы

1. 1 Географиялық орны

Қазақстан территориясының жер көлемі 2724. 9 мың 2 км. Республика қоңыржай белдеудің оңтүстігінде, (55 0 24 І - 40 0 59 І солтүстік ендік және шамамен 46 0 32 - 87 0 16 І шығыс бойлық аралығында) кең байтақ жерге созылып жатыр.

Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Қазақтан Ресей; Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9- орын алады.

Қазақстан Республикасы аумағы бойынша Франция мемлекетінен бес есе, Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен.

Қазақстан Еуразия материгігің орталығында орналасқан. Қазақстан Тынық мұхит пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мен Солтүстік Мұзды мұхиттан бірдей дерлік қашықтықта жатыр. Оның мұхиттан шалғай жатқандығы, әрі территориясының орасан үлкендігі климатына әсер етеді. Қазақстан батысында Жайықтың төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының етегіне дейін 3 мың км-ге созылып жатыр. Солтүстігінде Шығыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-шань тау жүйесіне 1600 км-ге созылып жатыр. Сөйтіп, республиканың географиялық орны оның табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Дәл сондай ендіктердегі Шығыс Еуропа қоңыржай континентальды климатпен, ал Батыс Еуропа субтропиктік климатымен ерекшеленсе; қазақстан қуаң және қатаң континенттік климатымен көзге түседі. Қазақстан аумағының таиғатының бір шетінен екінше шетінен айырмашылығы үлкен. Географиялық орнына қарай руспублика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Қазақстаннның оңтүстік шығысы мен шығыс таулы өңірлерінде ландшафтылардың күрделене түсетін алуан түрлі биіктік зоналары байқалады. Қазақстанның барлық өңірлерінде географиялық орнына байланысты жылдың төрт мезгілінің ауысуы байқалады. Еліміздің көп бөлігі жазық, үстіртті болып келеді Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.

  1. Қазақстанның тектоникалық және геологиялық ерекшеліктері

Палеогеография. Қазақстан Республикасының аумағы екі түрлі ірі құрылымдық элементерге - Шығыс Еуропа платформасынана және Орал - Монғол қатпарлы белдеуіне жатқызуға болады.

Шығыс Еуропа платформасы Қазақстан жеріне Орал - Монғол белдеумен шекаралас оңтүстік - шығыс бөлігімен кіреді. Олардың белдемдерінің бөлектері қалың мезозойлық шөгінді қабатпен көмкерілген. Шығыс Еуропа платформасы негізінде архей және протерозой қатпарлы кешендер жатыр.

Орал - Монғол қатпарлы белдеу Шығыс Еуропа эпипротерозойлық платформаны Сібір, ал соңғысын Тарим және Қытай - Корей платформасынан ажыратады. Орал - Монғол белдеуі Грампиан - Аппалач,

Альпі - Гималай (жерортатеңіздік) және тынық мұхиттық белдеулер сияқты, Жер бетінің үлкен қатпарлы белдеуіне жатады. Орал - Моңғол белдеуі құрамында бірнеше қатпарлы жүйелер ерекшеленеді. Каледонның тектоникалық кезеңінде Көкшетау - Солтүстік Тянь - Шань, Шығыс - Тарбағатай және Қазақстан Республикасының шамалы бөлігін алып жатқан Алтай - Саян жүйесінің шағын бөлігі қалыптасты.

Қазақстанның геологиялық даму тарихы және протерозойдан төрттік кезеңге дейінгі палеогеографиясы.

Қазақстан Республикасының кең аумағы ұзақ тарихты бастан кешірген күрделі геологиялық құрамнан тұрады.

Палеазойға дейінгі эралар. Қазақстан Республикасының геологиялық тарихы беттеріндегі кембрийге дейінгі уақытқа жататын мәліметтер жеткіліксіз, бірақ қатты метаморфтанған кембрийге дейінгі деформацияларды зерттеуге және олардағы өзгерген шөгінді, эффузиялық, интрузиялық таужыныстарды байқауға мүмкіндік береді.

Палеозой эрасы. Қазақстан Республикасы аумағы геологиялық құрылымының негізгі құрылымдық - тектоникалық белгілері палеозойға анықталды. Оның басым бөлігінің біразы мезозой - кайназойда, яғни кейінірек айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Палеозойдың басында Қазақстан Республикасы бөлігінде теңіздік, яғни геосинклинальды жағдай үстем болды. Жалпы, жер қыртысының ойысуы нәтіжесінде шөгінділер жинала басталды, кейбір учаскелер жылжып (орын алмастырып), пайда болған көтерілімдер оны шайып отырды. Жер қыртысы участоктарының шекараларында жарылымдар пайда болып, олар арқылы жер бетіне кең ауқымды туф алаңшаларымен қоршалған лава күмбездері, ағындар мен жамылғылар жапқан жерлерде жер асты және су асты жануарлары пайда болды.

Мезозой эрасы. Жер тарихының триас кезеңі жер бетінде құрлықтар таралуының ең мол кезеңі саналады, ал теңіз аумағы жіңішке геосинклинальдік жолақтарымен сипатталады. Республикананың батыс бөлігі бұл эрада тыныш қалып сақтады. Орал - Эмбі платформалық өңірінде төменгі триаста қалыптасқан жерортатеңіздік геосинклиналь деп аталатын облыс енді. Олар Қаратау антиклинорийлік белдеміндегі ашылымдарда байқалады. Триас жасындағы конгломераттар, құмдар және батпақтар Батыс Қазақстанда (Басқұншақ көлі) ұшырысады.

Кайназой эрасы Палеоген кезеңінде (олигоценде) теңіздің кеңінен таралыуның сонғы кезеңі басталды. Бұл кезде құрлық тек Орал алды қыратында, Мұғалжар тауларында, Сарыарқада және еліміздің қазіргі кездегі шығыс және оңтүстік бөліктерінде болды. Олар негізінен қатты шайылған Ұсақ шоқылы жазықтар мен қыраттар түрінде көрініс береді. Олигоценнің ортасынан бастап таулардың қарқынды көтерілуі басым болған альпі қатпарлығының ұзақ процессі басталды. Теңіздер аздап тартылып, Қазақстан Республикасы аумағының климаты біршама құрғақ сипатқа ие болды.

Неоген кезеңінде Сармат теңізінің трансгрессиясы басталды, олардың қазіргі қалдықтары ретінде Қара және Каспий теңіздерін атауға болады. Сармат теңізінің шығыс жағалауы Мұғалжардың оңтүстік шегіне дейін жетті.

  1. Қазақстан Республикасының жер бедерінің құрылысы

Қазақстан Республикасының жер бедерінің құрылысы өте күрделі. Оның ең биік жері, үш мемлекеттің - Қазақстан Республикасының, Қырғызыстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының шекаралары түйіскен - Хан тәңірі шыңы (абс. биіктігі - 6995 м) . Каспий теңізінің шығыс жағалауында ең төменгі нүкте, яғни мұхит деңгейінен 132 м төмен жатқан Қаракия ойысы орналасқан. Республикамыздың аумағы Азия құрлығының ішкі кеңістігін қамтитын жер шарының ең тұйық облысына жатады.

Таулар мен тұғырлы (цокольды) жазықтар аумақтың 30 пайызын қамтып Қазақстан Республикасының шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік шекараларын жиектейді. Қыраттар негізінен Ертіс-Балқаш суайрығын құрап, республиканың орталық бөлігін алып жатыр. Тек батыс пен солтүстік-батыста ғана аласа таулы Маңғыстау Қаратауы және Оңтүстік Оралдың жалғасы - Мұгалжар жоталары созылып жатыр.

Жалпы, жердің беті шығыстан батысқа, Алтай тауларынан бастап (абс. биіктігі - 4000 - 4500 м) Каспий маңы ойпатына және оңтүстіктен солтүстікке - Тянь-Шань тауының солтүстік беткейлерінен (абс. биіктігі - 4000 - 4500 м) Солтүстік Қазақ жазығына қарай (абс. биіктігі - 200 м-ден жоғары емес) аласарады.

Қазақстан Республикасының батысында кең көлемді. Каспий маңы ойпаты созылып жатыр. Палеозойға дейінгі қатпарлы фундамент орта есеппен 10-15 км тереңдікте орналасқан, ал шөгінді жамылғысы рифей жасындағы тау жыныстардан басталады. Неоген-төрттік шөгінділер қабатының 1000 метр қалыңдықпен көмкерілуі, эрозиялық процесстер мен тұзды күмбездердің белсенділігінің нәтижесі және Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігінің жазықты жер бедерімен сипатталуымен байланысты. Ойпатта тегіс сазды кең жазықтар мен құм жондары басым. Сонымен қатар, тұздармен қаныққан сорлар жиі кездеседі. Каспий маңы ойпаты ағын суларына тапшы. Қазақстан жерінде оны тек Жайық пен Жем, Сағыз өзендері кесіп өтеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы суы аз, кіші-гірім өзендер құмға сіңіп кетеді.

Қазақстаннның солтүстігінде оңтүстік және оңтүстік-шығысы Сарыарқамен (Қазақтың ұсақ шоқыларымен) шектелген, ал батыста бірте-бірте Торғай төрткүлді өлкесі құрамына жататын Солтүстік Қазақ жазығы орналасқан. Солтүстік Қазақ жазығы құрылымы жағынан кристалдық іргетасы палеозойға дейінгі және палеозойлық метаморфталған және интрузиялық тау жыныстардан тұратын Батыс Сібір тақтасының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол жырылымдарымен күрделенген және сатылы құрылыспен сипатталады.

Тобыл маңы аккумулятті жазығы. Солтүстік Торғай жазығының біршама бөлігін алып жатыр. Ол батысында Орал сырты пенеплен кертпешімен шектелген, оңтүстігінде - Тоғай төрткүл өлкесіне жататын Терісек үстірті кертпешімен, ал солтүстігінде Батыс Сібір ойпатымен шектеледі. Сонғысынан жазық шартты түрде Үй өзені аңғарымен оқшауланады. Тобыл мағынан шығыс бөлігінде морфологиялық жағынан ерекшеленетін Торғай қолаты жатыр. Ол Батыс Сібір ойпатындағы Тавда өзені сағасы ендігіден басталып, Торғай ойысы аумағын солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтеді, сөйтіп Шалқар -Теңіз сорларымен шектеледі. Морфологиялық жағынан ол солтүстік, орталық және оңтүстік Торғай өңірлері болып үшке бөлінеді.

Торғай қолатының шығысында Есіл маңы аккумулятті жазығы орналасқан. Шығыс шекарасы Шағалалы теңіз көліне құятын Шағалалы өзен анғарымен, оңтүстікке Торғай төрткүл өлкесі кертпештерімен және Көкшетау қыратының солтүстік бекекйімен шекараласады. Жазық геологиялық-геоморфологиялық жағынан біркелкі емес. Солтүстік бөлігінде тау жыныстардан түзілген бірнеше тау жұрнақтары (15 - 20 м-ге дейін) көтеріледі.

Солтүстік Қазақ жазығының солтүстік-шығыс бөлігін солтүстікке және шығысқа қарай аккумулятті Ертіс маңы жазығы жылғастырады. Абсолюттік биіктігі осы бағытта 120 м-ден 110 м-ге дейін төмендейді.

Арал теңізінен шығысқа және оңтүстік шығысқа қарай, Солтүстік Арал маңы құрылымдық-денудациялық жазығының оңтүстігіне Сырдарияның аккумулятті жазығы орналасқан. Ол солтүстік-батыста және батыста қызылқұм көтерілімдерімен шектеліп, ал оңтүстік-шығыста Қазақстаннан тысқары жатқан Тянь-Шань тау алды жазығына дейін созылып жатыр.

Аккумулятті жазықтың ең биік гипосометрлік белгісін Қызылқұм құмтасы шөлі алып жатыр, ондағы эолдық жамылғының қалыңдығы 10 - 20 м-ге, жоғарғы бетінің қалаңдығы 30 м-ге дейін жетеді.

Қаратау жотасының, Сарыарқаның (Қазақтың ұсақ шоқылары) және Тянь-Шань тауларының солтүстік сілемдерінің арасында Шу-Сарысу ойысы созылып жатыр. Ол шығыста Жалайыр-Найман, ал оңтүстікте Қаратау жарылымдарымен шектелген. Ойыс оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылған, оның орташа ені 300 км, ұзындығы 600 км-ге жетеді. Геологиялық жағынан Шу-Сарысу ойысы салыстырмалы жайпақ синклинальді болып келеді, оның негізінде интрузиялармен тілгіленген, қатты дислокацияланған төменгі палеозойдың тау жыныстар жатыр.

Каспий теңізінің шығыс жағалау мен Үстірт арасында генезисі бойынша құрылымдық-денудациялық болып табылатын Маңғыстау үстірті орналасқан. Үстірт Маңғыстау Ақтауы мен Қаратауының эрозиялық-тектоникалық аласа тауларымен күрделенген. Бозащы түбегінің қыратты жазығы, өзінің жаратылу тегі жағынан, Каспий маңы ойпатына ұқсас. Маңғыстау үстірті көлемінде Түпқараған үстірті, Ақтау және Қаратау аласа таулары, Кендерлікқиясай, Оңтүстік Маңғыстау және Шығыс Маңғыстау үстірттері бөлінеді.

Солтүстік Қазақ жазығынан оңтүстік-батысқа қарай, батыста Орал сырты үстіртімен, шығысында Сарыарқамен (Қазақтың ұсақ шоқылары) шектелетін Торғай төрткүл өлкесі орналасқан. Оның ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 500 км-ге созылған, ені 300-400 км. Өлке ұзақ геологиялық уақыттар бойы бірнеше рет теңіз суымен тоғытылған. Торғай төрткүл өлкесінің беткі бөлігі горизонталь орналасқан теңіздік, лагуналық және көлдік шөгінділердің қат-қабаттарынан құралған. Ол неоген-төрттік кезендерде қарқынды эрозияға ұшырады. Осының әсерінен бұл жерде тау жұрнақтары құралған, сатылы құрылыс сипатын айқын белгілейтін әр түрлі биіктіктегі жазықтықтар кең тараған.

Тұран тақтасы айқын ерекшеленіп тұрады, ол солтүстік-батыста Оңтүстік Жем өзені бойымен Шығыс Еуропа платформасының Каспий маңы синеклизмасымен, ал солтүстікте Орал шеткі ойысымен және Орал қатпарлы жүйесінің палеозой құрылымдарымен шектелген. Маңында Солтүстік Қазақ жазығы орналасқан Батыс Сібір тақтасынан ол Қостанай қазаншұңқырымен дараланады.

Арал маңының шығыс бөлігін құрайтын құрылымдық -денудациялық жазықтың шығыс бөлігін құмтасты Арал маңы Қарақұмдары массиві алып жатыр. Өзінің құрылысы жағынан ол неогендік-төрттік шөгінділердің мүжілуі әсерінен пайда болған жазықтың салыстырмалы төмен бөліктерін құрайды. Морфологиялық жағынан жер бедері эолды төбешікті-қырқалы, төбешікті және қырқалы-төбешікті құмдар.

Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің біршама аумағын Қазақтың қатпарлы өлкесі алып жатыр. Ол геологиялық жағынан және палеозойға дейінгі іргетастың қатпарлы-қойтасты көтеріліміне сәйкес келеді, ал жер бедері жағынан таулы облыстардың жазықтарға өтпелі типіне жатады. Оңтүстік-шығыстан қалқанға Тарбағатай және Жоңғар Алатауы жоталарды бір-бірінен даралайтын Балқаш-Алакөл қазаншұңқырымен жанасады.

Көкшетау қыратымен Теңіз-Сарысу суайрығы арасында Теңіз ойысы орналасқан, ол каледонидтерді көмкерген герцин кезеңінің теріс құрылымы болып табылады. Күрделі құрылымның іргетасы 2000 - 2500 м тереңдікте жатыр, ал Жезқазған өңіріңдегі орта-жоғары палеозой қат-қабатының қалыңдығы 5000 метрге жетеді. Қазіргі кезде ойыстың жер бедері жаңа тектониқалық қозғалыстармен және төрттік кезеңдегі экзогендік процестермен байланысты қалыптасқан. Ойыстың батыс және шығыс бөліктерінің әртүрлілігі олардың қазіргі кезіңдегі даму ерекшіліктеріне байланысты.

Маңғыстаудың таулы массивіне мегасинклинальді жағдайдағы платформалық тыстың барлық тау жыныстары жиналған қатпарлы іргетастың көтеріңкі келген субендік, жолақты құрылымның ядролары сәйкес келеді. Тау жыныстардың денудацияға көнімділігі Маңғыстаудың таулы бөлігінің негізгі белгілерін анықтайды.

Маңғыстау және Тұпқараған үстіртінде төрттік шөгінділердің қалыңдығы шамалы, бұл маңда тұтасымен дерлік сармат әк тастары теңіздік шөгінділерінен тұрады.

Қазақстан Республикасы жеріне Тянь-Шань тауларының солтүстік сілемдері: Кетпен, Күнгей Алатауы, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы, Талас Алатауы және одан оқшауланған Өгем, Майдантал, Қаратау жоталары кіреді. Тянь-Шань тауының жер бедері биік жоталармен, оларды бөліп тұратын тауаралық қазаншұңқырлармен сипатталады. Жоталар палеозойдың және кембрийге дейінгі кезеңнің шөгінді, метаморфтық және жанартаутекті тау жыныстарымен (тақтастар, құмтастар, әктастар, мәрмәрлар, гнейстер, граниттер, эффузиялық тау жыныстар), ал тауаралық қазаншұңқырлар көбінесе кайназойдың борпылдақ континенттік шөгінділерінен құрылған.

Қаратау жотасы Тянь-Шань тауының солтүстік-батыс сілемдерінің бірі. Қаратау жотасы Тұран тақтасы жазығымен қосылып, оны екі ірі ойысқа бөледі: бұлар Шу-Сарысу және Сырдария ойыстары деп аталады. Қаратау жотасы аласа тауларға (абсолюттік белгілері 1000 - 2000 м) жатады. Максималды абсолюттік биіктігі (Бессаз тауы - 2176 м), ол жотаның орталық бөлігінде орналасқан. Тауалды жазықпен салыстырғандағы биіктігі 500 м шамасында. Құрылымдық жағынан Қаратау жотасы жаңа қойтасты көтерілімге жатады. Оның геологиялық құрылымында рифей, палеозой және мезозой-кайнозой таужыныстары (гнейстер, кристалдық тақтастар, әктастар, конгломераттар) бар.

Іле Алатау жотасы субендік бағытта Шарын өзені аңғарынан (шығыста) Шу өзенінедейін (батыста) 300 км-ге созылып жатыр, ол біршама ауқымды доғаны құрайды. Оның ені 35 - 40 км, оңтүстіктегі табиғи шекарасы Шілік және Шөнкемін өзендері аңғарларына сәйкес келеді. Орталық көтеріңкі бөліігінің абсолюттік биіктігі 4500 - 5000 м. Осы жерде Іле Алатаудың ең биік шыңы - Талғар шыны орналасқан (абсолюттік биіктігі - 4973 м) .

Кетпен жотасы Іле Алатаудың шығыс жағында орналасқан, ол Тянь-Шань таудың орталық бөлігінен Кеген ойпаты арқылы дараланған. Жота ендік бағытта созылып, батыста Күнгей Алатауына жалғасады. Абсолюттік биіктігінің өсуі батыстан шығысқа қарай 3000 - 3600 м-ге дейін көтеріледі. Жота интрузиялармен тілімденген, орта және жоғарғы палеозойдың шөгінді және жоғарғы палеозойдың шөгінді және жанартаутекті тау жыныстарынан түзілген.

Жоңғар Алатауы -жеке тау сілемі болып саналады. Тянь-Шаньның алдыңғы тізбектерінен жота Іле ойпатымен Шу-Іле тауларының сілемдері жанасып, шағын Қараой үстіртін құрайды. Жетісу Алатауының оңтүстік тізбегін, шығыс және оңтүстік-батыс бөлігі Қытай аумағында орналасқан және Жетісу Алатауының оңтүстік тізбегін, шығыс және оңтүстік-батыс бөлігі Қытай аумағында орналасқан және Жетісу ойпатының оңтүстік-батысын Борохоро жотасының сілемдері алып жатыр. Жоңғар Алатауы баурайында Жетісу ойпатын Жоңғар қақпасымен қосатын Алакөл ойысы орналасқан. Жетісу қақпасы солтүстікте Алакөл қазаншұңқырымен, ал оңтүстік-шығыста Ебінұр көлімен шектелген.

Сауыр және Тарбағатай таулы массивтері Зайсан ойысының оңтүстіктігіне қарай биіктейді. Бұл жоталар герцин қатпарлығында толық қалыптасқан. Саур жотасының шығыс бөлігінің ең биік нүктесі 3810 м (Мұзтау тауы), оның батысындағы абсолюттік биіктігі 900 м-ден 2000 м-ге дейін жетеді (Маңырақ жотасы) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы дөңесті-жақпарлы ороген алқабының неотектоникасы
Қазақстан аумағының табиғатының қалыптасу кезендері
Қазақстан жабайы фаунасын және өсімдектерін қорғау. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
Литосфералық тақталар тектоникасы
Шығыс Қазақстан облысының ластану факторлары
Қазақтың ұсақ шоқыларына физикалық-географиялық сипаттама
Алакөл мұнай кен орнының геологиялық құрылысы
Тарбағатай жотасы
Ертіс атауының этимологиясы
Қазақстанның географиялық орны, ірі физикалық георафиялық нысандарына қысқаша сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz