Талап қою мерзімі


Жоспар
Кіріспе 3-7
I. ТАРАУ. ТАЛАП ҚОЮ МЕРЗІМІНІҢ ҰҒЫМЫ . . . ……… 8
- Талап қою мерзімінің есептелуі . . . 8-10
- Мерзімді есептеу тәртібі . ……. 11-12
- Мерзімнің түрлері 12-13
II. ТАРАУ. ТАЛАП АРЫЗЫ ЖӘНЕ ТАЛАП ТӘРТІБІ. 14
2. 1. Талап қоюды қамтамасыз ету. . …. ……… 14-16
2. 2. Құқықтар мен мүдделерді қорғауға талап тәсілдермен билік ету. … 16-19
2. 3. Талап қою мерзімі біткеннен кейінгі салдар . . . … …. . 19-24
ҚОРЫТЫНДЫ……. . . . ……… 25-26
Қолданылған әдебиеттер. 27
Кіріспе
Талап қою мерзімінің ұғымы. Талап қою мерзімі - адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақт кезеңі. Сонымен, талап қою мерзімі дегеніміз - бұл заңда белгіленген мерзім, яғни бұл мерзім өткеннен кейін ақы талап ету құқығы жойылады, басқаша айтқанда, құқықты еріксіз жүзеге асыру мүмкіндігі жойылады.
Талап қою мерзімін қолдану өте қажет, бұған бір сыпыра себептер бар - бір жағынан, арада ұзақ уақыт өтіп кеткеннен кейін даулы құқықты анықтау сот органдарына қиын жұмыс, екіншіден, іс жүзінде ұзақ уақыт бойы болып келген қатынастарды бұзу шаруашылық жағдайына бірқатар іркіліс тудырып, тиімсіз салдарға әкелуі ықтимал.
Талап қоюды реттеу нормалары өктем сипаты болады. Яғни тараптар талап қоюшылықты келісіммен өзгерте алмайды, бекітілген талап қою мерзімі мен оны есептеу тәртібін бұрмалауға жол берілмейді. Талап қою мерзімдері жалпы және арнаулы болып бөліеді. Талап қоюдың жалпы мерзімі үш жыл болып белгіленеді. Талаптардың жекелеген түрлері үшін заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзіммен салыстырған қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзімдері белгіленуі мүмкін. Мысалы, арнайы мерзімдер көлік заңдарында қаралған. Заңда талап мерзімдерінің арнаулы мерзімдері де қолданылады. Мысалы, АҚ-тің 159-бабының 9-10 -тармақтарында көзделген негіздер бойынша талап қою мерзімі зорлық немесе қорқыту тоқтатылған күннен бастап не талап қоюшы мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылатын өзге де мән-жайларды білген тиіс болған күннен бастап бір жыл болады. Осы арада бір айта кететін жай, шетелдерде талап қоюдың жалпы мерзімдері ұзақтау келеді.
Талап қою мерзімі қолданылмайтын талаптар. Талап қою мерзімі азаматтық құқық қатынастарында заңда қаралған мынандай жағдайлардан басқасының бәрінде қодланылады, яғни Азаматтық кодекстің 187-бабына сәйкес: 1) заң құжаттаында көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы талаптарға; 2) салымшылардың банкіге банктік салымдарды беру туралы талаптарына ; 3) азаматтық өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру талаптарға қолданолмайды. Алайда, талап қою мерзімі өтіп кеткеннен кейін қойылған талаптар талап қойылған соң үш жылдан асырмай қанағаттандырылады; 4) егер меншік иесінің немесе өзге заң иеленушінің өз құқығының кез келген бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмаса, олардың осы құқық бұзушылықты жою туралы талабына; 5) заң құжаттарында белгіленген реттерде басқа талаптарға да қолданылмайды.
Жоғарыда айтқанымыздай, талаптардың тізбесі үлгі ретінде келтіріп отыр. Заң актілермен бұдан басқа да талаптарға талап қою мерзімі қолданылмайтын жағдайлар тәртіптелуі мүмкін. Талап қою мерзімінің есептелуі. Толап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады. Тап осы сәттен бастап жәбірленушінің әрі материалдық, әрі азаматтық іс жүргізу тұрғысынан талап-арыз беру құқығы пайда болады. Материалдық тұрғыдан алғанда, талап ету құқығы дегеніміз белгілі бір азаматтық құқықты еріксіз түрде, яғни міндеткер жақтың ықтиярынан тыс орындату. Құқықты еріксіз түрде орындату - тиістіні сот арқылы алу әдісімен жүзеге асырады. Әйткенмен, өзінің құқығын сотқа арызданбай-ақ, еріксіз орындататын реттер болады. Сонымен бұзылған құқықты еріксіз түрде қайта орындатуға заңның беретін мүмкіншілігі материалдық талап ету құқығын құрады. Бұл мағынасындағы талап ету құқығын сот арқылы қорғау құқығымен шатыстырмау керек. Талап қою мерзімі материалдық талап ету құқығын жояды, бірақ азаматтық іс жүргізу құқығын жоя алмайды. Талап ету мерзімі өтіп кетсе де сот азаматтық істі қарауына алуға міндетті, бірақ оны қарау кезінде талап қою мерзімі өтіп кеткендігі анықталған жағдайда ғана сот талапкердің талабын қанағаттандырудан бас тартады.
Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру, үзіліс және қалпына келтіру. Айталық, заңда көрсетілген белгілі бір жағдайға сәйкес талап қою мерзімінің тоқтатылуы дегеніміз сол жағдайдың алатын мезгілін тең уақытқа талап мерзімінің де созылуы болып табылады. Басқаша айтқанда, осы жағдайға кеткен уақыт талап қою мерзімінің есебіне кірмейді. Осындай әсер ететін жағдайларға АК-тің 182-бабы төмендегілерді жатқызады:
1) егер талап қоюға төтенше және бұл жағдайда болмай қоймайтын оқиға кедергі жасаса;
2) міндеттемелердің бұл түрін орындау Қ. Р. Президентінің жариялауымен кейінге қалдырылуына байланысты;
3) егер талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшірілген әскери бөлімшелер құрамында болса;
4) егер әрекет қабілеттілігі жоқ адамның заңды өкілі болмаса;
5) тиісті қатынасты реттейтін заңдарды қолданылуын тоқтатуға байланысты тоқтатыла тұрады.
Азаматтық өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша талап қою мерзімнің өтуі азаматтың зейнетақысы төлемдерін тағайындау немесе жүзеге асыру туралы немесе жәрдемақы тағайындау туралы тиісті ұйымдарға жолдануына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалғанға немесе жүзеге асырылғанға немесе жәрдемақы тағайындалғанға және жүзеге асырудан немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тартылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Аталған жағдайлардың кез келген талап мерзімінің соңғы алты айы ішінде пайда болса немесе бұрынғысынша қала берсе тоқтатыла тұрады.
Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру турал талаптар бойынша талап қою мерзімінің өтуі азаматтың зейнетақы төлемдерін тағайындау немесе жүзеге асыру туралы немесе жәрдемақы тағайындау туралы тиісті ұйымдарға жолданылуына байланысты зйнетақы төлемдері тағайындалғанға не зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Аталған жағдайлардың кез келген талап мерзімінің соңғы алты айы ішінде пайда болса немесе бұрынғысынша қала берсе тоқтатыла тұрады ал, егер бұл мерзім алты айдан аспаса - талап мерзімінің өтуі кезінде тоқтатыла тұрады.
Тоқтата тұруға әкеліп соқтырған мән - жайлар тоқтатылған күннен бастап талап қою мерзімінің өтуі одан әрі жалғасады. Бұл орайда мерзімнің қалған бөлігі алт айға дейін, ал егер талап қою мерзімі алты айдан аспаса - талап мерзіміне дейін ұзартылат.
Жақтардың белгілі бір жасаған әрекеттері талап қою мерзімінің өтуінде үзіліс жарияланады. Үзілістен кейін талап қою мерзімінің өтуі қайтадан басталады, үзліске дейін өткен уақыт жаңа мерзімге есептелмейді. Талап қою мерзімі екі жағдайда, белгіленген тәртіппен талап қойылуы немесе борышты не өзге міндеттерді мойындауын дәлелдейтін міндетті тұлғаның әрекетінің аяқталуна байланысты үзіледі.
Ерекше жағдайларда, талап қоюдың өтіп кеткен мерзімін қалпына келтіру қажеттіг туындауы мүмкін. Мұндай мәселені шешуді Азаматтық кодекс сотқа жүктейді, талапкердің жеке басына байланысты мән - жайлар бойынша талап қою мерзімі өтіп кетуінің себебін сот орынды деп таныған кезде, азаматтың бұзылған құқығы қорғалуы тиіс. Талап қою мерзімінің өтіп кету себептері орынды болып, егер ол талап мерзімінің соңғы алты ай ішінде орын алған болса, ал егер бұл мерзім алты айға тең немесе алты айдан аз болса - талап мерзімінің өтуі кезінде танылады. Талап қою ұғымы. Талаптың ескеру - адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мумкін болатын уақт кезеңі. Талап қою мерзімінде және оларды есептеу тәртібі заңмен көзделеді және олардың талаптардың келсумен өзгертуге болмайды.
Талап қоюдың жалпы мерзімі үш жыл болып есептеледі. Талаптардың жекелеген түрлері үшін заң құжаттармен талап қоюдң жалп мерзіммен салытырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзімдері белгіленуі мүмкін. Азаматтық кодекстің 177, 179-186 - баптарының ережелері, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, талап қоюдың арнаулы мерзімдеріне де қолданылады.
Талап қою мерзімінің өтіп кетуіне қарамастан бұзылған құқықты қорғау туралы талапты сот өз қарауына алады. Талап мерзімін сот шешім шығарғанға дейін дауда тарап жасаған мәлімдеме бойынша ғана сот қолданада. Талап қойғанға дейін талап қою мерзімінің өтіп кетуі соттың талаптан бас тарту туралы шешім шығаруына негіз болады. Басты талап бойынша талап қою мерзімінің бітуінее байланысты қосымша талаптар бойынша да талап қою мерзімі бітеді.
Талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады. Оларды бұл ережеден айыру Азаматтық Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгіленед.
Белгіленген орындау мерзіміне байланысты міндеттемелер бойынша талап қою мерзімінің өтуі орындалу мерзімі аяқталғаннан кейін басталады.
Орындалу мерзімі белгіленбеген не талап ету кезімен белгіленген міндеттемелер бойынша талап қою мерзімінің өтуі міндеттемені орындау туралы талап қойылған кезден басталады, ал егер борышқорға сондай талаптарды орындау үшін жеңілдік мерзімі берілсе, талап мерзімін есептеу аталған мерзімін аяқталғаннан кейін басталады.
Регрестік міндеттемелер бойынша талап мерзімінің өту негізгі міндеттемені орындау кезінен басталады.
Міндеттемедегі адамдардың өзгеруі талап қою мерзімі мен оны есептеу тәртібін өзгертуге әкеліп соқтырмайды.
Талап қою мерзімінің өтуі:
1) егер талап қоюға төтенше және бұл жағдайда болмай қоймайтын оқиға кедергі жасаса;
2) міндеттемелердің бұл түрін орындау Қазақстан Республикасы Президентінің жариялауымен кейінге қалдырылуына байланысты;
3) егер талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшірілген әскери бөлімшелер құрамында болса ;
4) егер әрекет қабілеттігі жоқ адамның заңды өкілі болмаса;
5) тиісті қатынасты реттейтін заңдардың қолданылуын тоқтатуға байланысты тоқтатыла тұрады. Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша талап қою мерзімінің өтуі азаматтың зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзге асыру туралы немесе жәрдемақы тағайындау туралы тиісті ұйымдарға жолдануына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалғанға немесе жүзеге асырылғанға немесе жәрдемақы тағайындауға не зейнетақы төлемдерін тағайындаудан және жүзеге асырудан немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тартылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Талап қою мерзімінің өтуі, егер осы бапта көрсетілген мән-жайлар талап мерзімінің соңғы алты айы ішінде пайда болса немесе бұрынғысынша қала берсе тоқтатыла тұрады, ал егер бұл мерзім алты айдан аспаса - талап мерзімінің өтуі кезінде тоқтатыла тұрады.
Тоқтата тұруға әкеліп соқтырған мән-жайлар тоқтатылған күннен бастап талап қою мерзімінің өтуі одан әрі жалғасады. Бұл орайда мерзімнің қалған бөлігі алты айға дейін, ал егер талап қою мерзімі алты айдан аспаса - талап мерзіміне дейін ұзартылады.
Талап қою мерзімінің өтуі белгіленген тәртіппен талап қою, сондай-ақ міндеткер адамның борышты немесе өзге міндеттерді мойындағандығын дәлелдейтін әрекеттер жасауы арқылы үзіледі. Үзілістен кейін талап қою мерзімінің өтуі қайтадан басталады, үзіліске дейін өтекн уақыт жаңа мерзімге есептелмейді.
Егер талапты сот қараусыз қалдырса, талап қойылғанға дейін басталған талап қою мерзімі жалпы тәртіппен одан әр жалғаса береді. Егер сот қылмыстық істе қойылған талапты қараусыз қалдырса, талап қоюға дейін басталған талап қою мерзімінің өтуі талап қараусыз қалдырған үкім заңды күшіне енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады. Мерзімі тоқтатыла тұрған кездегі уақыт талап қою мерзіміне есептелмейді. Бұл орайда, егер мерзімнің қалған бөлігі алты айдан аз болса, ол алты айға дейін ұзартылады.
Талап қою мерзімін қалпына келтіру. Ерекше жағдайларда, талапкердің жеке басына байланысты мән-жайлар бойынша талап қою мерзімі өтіп кетуінің себебін сот орынды деп таныған кезде, азаматтың бұзылған құқығы қорғалу тиіс. Талап қою мерзімінің өтіп кету себептері орынды болып, егер ол талап мерзімінің соңғы алты ай ішінде орын алған болса - талап мерзімінің өтуі кезінде танылат.
Белгілі бір іс бойынша сот шешімін орындаудан бас тартылуына байланысты заң құжаттарына сәйкес талапкердің тап сол іс бойынша жаңа талап қою құқығы пайда болған ретте талап қою мерзімі қалпына келтіріледі және қайтадан өте бастайды.
Талап қою мерзімі өткеннен кейін міндетін атқарған борышқордың немесе өзге міндетті адамның тіпті сол міндетті атқарған кезде талап мерзімінің өтіп кеткенін білмесе де, аталған адамның өзі атқарған нәрсесін қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.
Қоғамдық өмір саласында, құқық ғылымы, оның ішінде азаматтық құқық ғылымының рөлі ерекше. Өйткені, еліміздің өмірінде болып жатқан әлеуметтік экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес келетін азаматтық құқық нормаларын дер кезінде осы өзгерістерге сәйкес әзірлеуде осы ғылым саласының міндеті.
Осы курстық жұмыста мен мынадай сұрақтарды қарастырамын: Талап қою мерзімінің ұғымы, Талап қою мерзімінің есептелуі, Мерзімді есептеу тәртібі, Мерзімнің түрлері, Талап арызы және талап тәртібі, Талап қою құқығы, Талап қоюды қамтамасыз ету , Құқықтар мен мүдделерді қорғауға талап тәсілдермен билік ету, Талап қою мерзімі біткеннен кейінгі салдар.
Осы қойылған сұрақтарға негізгі бөлімде жауап беремін.
Кез - келген адам өзіне келген зиянды азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес өткізуге құқығы бар. Сол сеебепті талап қою құқығы азаматтарға және заңды тұлғаларға қамтамасыз етіледі.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - талап қою мерзімін толық ашып зерттеу. Ол үшін азаматтық құқық оқулықтырын қолдандым. Олар: Қазақстан Республикасының Конституациясы, Алматы: Қазақстан баспасы, 1995 ж. (өзгертулері және толықтарымен) .
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі. Алматы 2002 ж.
Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы. Қазақстан Республикасының заңы. 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заңы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңы 1998 жылғы 26 маусым.
Қадағалау сатысында ақылмыстық іс бойынша іс жүргізудің тәртібі. Қазақстан Республикасы.
Б. Қ. Төлеубекова Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық - Алматы: “Жеті жарғы” 2000 ж.
І. ТАРАУ. Талап мерзімі
1. 1. Талап қою мерзімінің есептелуі
Толап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады. Тап осы сәттен бастап жәбірленушінің әрі материалдық, әрі азаматтық іс жүргізу тұрғысынан талап-арыз беру құқығы пайда болады. Материалдық тұрғыдан алғанда, талап ету құқығы дегеніміз белгілі бір азаматтық құқықты еріксіз түрде, яғни міндеткер жақтың ықтиярынан тыс орындату. Құқықты еріксіз түрде орындату - тиістіні сот арқылы алу әдісімен жүзеге асырады. Әйткенмен, өзінің құқығын сотқа арызданбай-ақ, еріксіз орындататын реттер болады. Сонымен бұзылған құқықты еріксіз түрде қайта орындатуға заңның беретін мүмкіншілігі материалдық талап ету құқығын құрады. Бұл мағынасындағы талап ету құқығын сот арқылы қорғау құқығымен шатыстырмау керек. Талап қою мерзімі материалдық талап ету құқығын жояды, бірақ азаматтық іс жүргізу құқығын жоя алмайды. Талап ету мерзімі өтіп кетсе де сот азаматтық істі қарауына алуға міндетті, бірақ оны қарау кезінде талап қою мерзімі өтіп кеткендігі анықталған жағдайда ғана сот талапкердің талабын қанағаттандырудан бас тартады.
Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру, үзіліс және қалпына келтіру. Айталық, заңда көрсетілген белгілі бір жағдайға сәйкес талап қою мерзімінің тоқтатылуы дегеніміз сол жағдайдың алатын мезгілін тең уақытқа талап мерзімінің де созылуы болып табылады. Басқаша айтқанда, осы жағдайға кеткен уақыт талап қою мерзімінің есебіне кірмейді. Осындай әсер ететін жағдайларға АК-тің 182-бабы төмендегілерді жатқызады:
1) егер талап қоюға төтенше және бұл жағдайда болмай қоймайтын оқиға кедергі жасаса;
2) міндеттемелердің бұл түрін орындау Қ. Р. Президентінің жариялауымен кейінге қалдырылуына байланысты;
3) егер талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшірілген әскери бөлімшелер құрамында болса;
4) егер әрекет қабілеттілігі жоқ адамның заңды өкілі болмаса;
5) тиісті қатвнасты реттейтін заңдарды қолданылуын тоқтатуға байланысты тоқтатыла тұрады.
Азаматтық өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша талап қою мерзімнің өтуі азаматтың зейнетақысы төлемдерін тағайындау немесе жүзеге асыру туралы немесе жәрдемақы тағайындау туралы тиісті ұйымдарға жолдануына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалғанға немесе жүзеге асырылғанға немесе жәрдемақы тағайындалғанға және жүзеге асырудан немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тартылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Аталған жағдайлардың кез келген талап мерзімінің соңғы алты айы ішінде пайда болса немесе бұрынғысынша қала берсе тоқтатыла тұрады.
Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру турал талаптар бойынша талап қою мерзімінің өтуі азаматтың зейнетақы төлемдерін тағайындау немесе жүзеге асыру туралы немесе жәрдемақы тағайындау туралы тиісті ұйымдарға жолданылуына байланысты зйнетақы төлемдері тағайындалғанға не зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Аталған жағдайлардың кез келген талап мерзімінің соңғы алты айы ішінде пайда болса немесе бұрынғысынша қала берсе тоқтатыла тұрады ал, егер бұл мерзім алты айдан аспаса - талап мерзімінің өтуі кезінде тоқтатыла тұрады.
Тоқтата тұруға әкеліп соқтырған мән - жайлар тоқтатылған күннен бастап талап қою мерзімінің өтуі одан әрі жалғасады. Бұл орайда мерзімнің қалған бөлігі алт айға дейін, ал егер талап қою мерзімі алты айдан аспаса - талап мерзіміне дейін ұзартылат.
Жақтардың белгілі бір жасаған әрекеттері талап қою мерзімінің өтуінде үзіліс жарияланады. Үзілістен кейін талап қою мерзімінің өтуі қайтадан басталады, үзліске дейін өткен уақыт жаңа мерзімге есептелмейді. Талап қою мерзімі екі жағдайда, белгіленген тәртіппен талап қойылуы немесе борышты не өзге міндеттерді мойындауын дәлелдейтін міндетті тұлғаның әрекетінің аяқталуна байланысты үзіледі.
Талап қою мерзімінің пайда болуы мен негізгі тарихи кезеңдері . Қазақстан Республикасының прокуратурасы 1922 жылдан бері қарай дамудың түрлі сатыларынан өтті. Азаматтардың құқыларын қорғауда көп жұмыстар атқарды. Мысалы, 1998 жылы прокуратура органдарымен атқарушылық органдардың 1998 жылы 25, 5 мың заңсыз құқықтық актілерге өзгеріс еңгізіліп, күші жойылған; 28, 5 мың адам түрлі жауапкершіліктерге тартылған; жеогілікті басқару және өкімет органдарының заңсыз 3861 актісінің күшін жоюға наразылық келтірілген; мемлекеттік уәкілеттігі бар бақылаушы органдардың 2, 5 актісі күшін жойған.
Бүгінгі күні заңдардың қолданылуын (сақталуын) қадағалаудың қажеттігі және оны күшейтуі төмендегі ойлармен бекітіледі:
-өтпелі дәуірде нарық заңы нағыз заңдардың жүзеге асуына кесірін тигізуде, сөйтіп экономика саласының қылмыстануына әсер етуде, сондықтан да заң саласындағы қадағалауды тек қана сақтау емес, одан әрі, күшейту керек.
-тексеруге уәкілетті органның лауазымды адамдарды заңдарды бұзуды жалғастырып келеді, сондықтан да прокуратураның қадағалау функциясын күшейткен жөн;
-экономикадағы келеңсіздіктерді қадағалау функциясы арқылы жеңуге болады, сондықтан оның бағыттарын айқындауды жетілдіру қажет. Мысалы, салық қатынастарындағы, мемлекеттік меншік, табиғи ресурстар, сыртқы сауда, жер мәселесі, банктік қызмет саласындағы заңдылық және т. б. ;
-құқық қорғау органдары өзіне жүктелген міндеттерді өз құзыреті шегінде тек қана өздері атқаруы тиіс. Яғни, анықтама мен алдын ала тергеуді жүргізетін органдар Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 192 және 285 - бабына қатысты міндеттерін жете түсініп, тергелу ретінде қатысты қылмыстармен күресте, анықтауда, алдын алуда және жоюда іс - шараларды өз құзіреті шектерінде ғана асырса.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz