Негізгі құралдар қозғалысының есебі
Жоспар
КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------3
І-ТАРАУ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ------------------------------ ---------------
5
1.1 Негізгі құралдар, оларды жіктеу мен бағалау----------------------------
--------5
1.2 Негізгі құралдар қозғалысының есебі------------------------------ -------
---------9
1.3 Негізгі құралдарды түгендеу--------------------------- ------------------
----------13
ІІ. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕН АҒЫМДАҒЫ ЖАЛҒА БЕРУ ЕСЕБІ------15
2.1 Қаржыландырумен ағымдағы жалдың түсінігі және түрлері---------------15
2. Лизинг операцияларының есебі------------------------------ ---------
----------21
2.3 Жалға берілген негізгі күралдардың және жауапты сақтауға қабылданған
тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі аудиті-----------------------------
22
2.4 Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу------23
2.5 Жалға берілген негізгі күралдардың және жауапты сақтауға қабылданған
тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі------------------------------ ------
--25
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
--------26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- --------------------28
ҚОСЫМША---------------------------- ----------------------------------- ------
----------30
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлiк есеп
пен қаржылық есептiлiк туралы №234 Заңында Қазақстан Республикасында
бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесi қарастырылған, онда
бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн,
негiзгi сапалық сипаттамалары мен ережелерi айтылады.
Осы Заңда негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан
астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек
құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.
Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу – уәкiлеттi органның бухгалтерлердiң кәсiби
ұйымдарының және осы Заңда көзделген, уәкiлеттi орган белгiлеген нысан
бойынша куәлiкпен расталған, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi
ұйымдардың құқықтылығын тануы;
2) бастапқы eceпкe алу құжаттары (бұдан әрi - бастапқы құжаттар) -
бухгалтерлiк есеп жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның
жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық
жеткiзгiштегi құжаттық растамасы;
3) бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйым
(бұдан әрi - сертификаттау жөнiндегi ұйым) – кәсiби бухгалтерлерге
кандидаттарды сертификаттауды жүзеге асыратын, уәкiлеттi орган белгiлеген
тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;
Негізгі құралдардың кіріс етілуі мен шығыс етілуінің түгендеу есебін
қарастыру. Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық
жургізуші субъект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес.
Қолданыста жүрген заңдарға орай объектілерде қайта бағалау өткізілді, оның
нәтижесінде негізгі құралдар есепте және есеп беруде ағымдағы құн бойынша
көрсетіледі. Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың
2410 Негізгі құралдар бөлімшесінің тиісті баланстық шоты бойынша тікелей
бастапқы құнын арттырады және қатар бір мезгілде 5320 Негізгі құралдарды
қайта бағалаудан болатын қосымша төленбеген капитал 54 бөлікшенің
баланстық шоты бойынша көрсетілді.
Қаржыландырумен ағымдағы жалға беру есебін қарастыру арқылы мынадай
мәселелерді анықтау:
- негізгі құралдарың есебін бақылау;
- жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдар есебін қарастыру;
- қаржыландыру мен ағымдағы жал есебін анықтау т.б.
І-тарау. Негізгі құралдар есебі
1.1 Негізгі құралдар, оларды жіктеу мен бағалау
Негізгі құралдар - материалдық активтер олар:
а) компания немесе тауарлы-материалдық қорларды жабдықтау және қызмет
атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар
үшін қолданылатын;
ә) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі қаражаттың объектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі
белгіленеді, бұл:
а) компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;
ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны.
Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу
болжанатын кезең.
Негізгі құралдардың объектісі актив ретінде мынандай жағдайларда пайда
алады деп сендіруге болатын болса:
а) компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп
сендіруге болатын болса;
э) активтің өзіндік құны сенімді бағаланса.
1. Жер - субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы;
2. Үйлер - еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет
көрсету және материалдық қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген
архитектуралық-құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі
болып саналады.
3. Ғимараттар - еңбекке керек-жарақтардың емес (зат скважиналар,
көпірлер және т.б.) өзгеруіне байланысты емес міндетті іс-қызмет аясын
атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-
құрылыстық объектілер.
4. Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер ол басқа мүліктік
объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен,
қоршаулармен, тірек-тұғырымен мүліктік объект болып табылады. Негізгі
құралдардың бұл тобы 5 топшадан тұрады:
• күш-қуатты машиналар мен жабдықтар - жылу және электр қуатты
өндіретін машина-генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық яғни қозғалыс
энергиясына айналдыратын машина-двигательдер (тракторлар және өзі жүретін
шассилер, бу двитательдері, трубиналар, электр двигательдері және т.б.);
• жұмыс машиналары мен жабдықтары - еңбек өнімін жасау процесінде керек-
жараққа механикалық, термиялық және химиялық әсер ету үшін арналған
машиналар, аппараттар мен жабдықтар (токарлық-винт, бұранда жасайтын
станоктар, ағаш тілетін рамалар, насостар, электромоторлар, экскаваторлар,
ірейдерлер (жол құрылысына пайдаланылатын машиналар және т.б.);
• өлшеуіш және реттегіш құрал-аспаптар (приборлар, құрылғылар мен керек-
жарақтар, лабороториялық жабдықтар) - өндірістік процестерді өлшеу, реттеу
үшін құрал-аспаптар, құрылғылар мен керек-жарақтар (дозаторлар,
амперметрлар, микроскоптар, су өлшеуіштер және басқалары);
• есептегіш техника - процестерді түзету мен автоматтандыруға арналған
машиналар, құрылғы, керек-жарақтар, құрал-аспаптар (компьютерлер мен басқа
есептегіш техника);
• басқа да машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа
жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдықтары, өрт сөндіру
машиналары).
5. Табыстау қондырғылары - электр, механикалық және жылу энергиясы
(электр беру желісі, турба құбыры) қондырғылары.
6. Көлік құралдары - адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су,
әуе автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары.
7. Басқа да негізгі құралдар:
- аспап - қол енбегінің механикаландырылған және механикаландырылмаған
немесе металл, ағаш және т.б. өндеуге арналған, машинаға бекітілген керек-
жарақтар (кескіш, соққыгер, езуші, тығыздап нығайтылған - электр қол
бұрғылар, бояу сыр пульттары, вибраторлар, қысқыштар):
• өндіріс мүлік пен олардың керек-жарақтары - өндірістік операцияларды
орындау немесе жеңілдету үшін қызмет етуге арналған заттар - жұмыс
үстелдері, шкафтар, верстактар (ағаш ұсталарының ағаш шабатын, кесетін
ұзынша үстелі);
• шаруашылық мүлкі - кеңселік және шаруашылық мүлік (үстелдер, шкафтар,
кілемдер және т.б.);
• жұмыс малы және өсімтал мал. Жұмыс малы - аттар, өгіз, түйе және
тағы басқа жұмыс малы. Өсімтал мал - ірі қара мал, тұқымдық айғырлар және
тұқымдық бие; тұкымдық нар мен аруана, бұғы, марал, ұрғашылары мен
еркектері, қабан шошқа, ешкі, саулық және қопшар. Мүліктік объект - әрбір
үлкен мал.
• көпжылдық көшет егістері - қолдан етілген, жасына қарамайтын
көпжылдық егістер (жеміс-жидек беретін, жүзімдік, көпжылдық егістері, роза
плантациясы, бұғадан (өсімдіктен) жасалған қорғлау, қаша, танапты қорғайтын
егістер). Жас қасиеттер әбден толысқан (жеміс беру басы, ағаштың ұшар
басының түйісуі);
• жерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі шығындар – ауыл
шаруашылығына пайдаланатын жердің бетін көркейту жөніндегі мүліктік
сипаттағы шығындар (жер учаскесін жоспарлап, жүйелеу, алаңды егіндікке
арнап тамырмен жұлу, жерді тастан тазарту);
• басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорттық мүлік,
мүражай құндылықтары.
8. Бітпеген құрылыс.
Қолда бар негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі қолданылмайды,
өйткені олар:
• тоқтатылып қойылады (жұмыс жасамайды) - уақытша қолданылмайды;
• қоймада тұрады (қорда) - жөнделген, жоқтатылған, апат жағдайында
қолданыстағы негізгі құралдарды ауыстыру үшін қор құрайды;
• жалға берілген немесе алынған - басқа ұйым тапсырған немесе басқа
ұйымнан алынған жал мерзімі шартпен белгіленген негізгі құралдар.
Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға
бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 2410 Негізгі кұралдар ХҚЕС-на
сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:
• бастапқы күн немесе өзіндік құнмен - активті немесе ғимаратты алуға
сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген ақшалай
каражаттың немесе оның баламасының сомасы;
• ағымдағы құнмен белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға
бойынша негізгі қаражаттық құны;
• өткізу құнымен (әділ бағаның) – мәмілеге дайын және жақсы хабардар
тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға
болатын сома;
• жойылу құны - шыққан шығынды тастап пайдаланылған мерзім соңында
субъект актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған қалдықтардың
қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы;
• амортизациялық құнмен - жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік
құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны;
• баланстың құнмен - жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған
залал сомасын алып тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын сома.
Баға түсуден болатын залал - активтің баланстық құны онын орнын толтыратын
құннан артқан сома.
1.2 Негізгі құралдар қозғалысының есебі.
Субъектінің шаруашылық іс-әрекетінде белгілеу бойынша пайдалану
мақсатымен алынған негізгі құралдар құрамына көрсетіледі. Алып-сату
мақсатымен алынған негізгі қорлар - тауарлық-материалдық қорлар кұрамында,
ал субъектінің өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақытқа қаржы салу мақсатымен
алынатын негізгі құралдар қаржылым инвестиция ретінде көрсетіледі. Негізгі
құралдарды есептеу үшін 2410 Негізгі құралдар бөлімшесінің синтетикалық
шоты қолданылады.
Негізгі құралдар құралына объектілердің есепке алу пайдаланудың
нормативтік мерзімі көрсетілетін. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру
актісімен (№НҚ-1 ф.) ресімделеді. Субъектілер пайдалы қызмет ету мерзімін
(негізгі құралдардың қолданудан экономикалық пайда алу көзделетін кезең
нормативті қызмет мерзімін (субъект белгіленген нормаларға сәйкес негізгі
құралдардың тозуы есептелетін кезең және жойылу құнын (пайдалы қызметі
мерзімі біткен соң, күтілген шығыны істен шоты соң есептен шығарылып,
негізгі құралдарды жоюда пайда болатын қалдықтар, қосалқы бөлшектердің
болжанатын бағасы) өз бетінше белгілейді.
Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (ауыстыру) актісі негізінде
бухгалтерия да мүліктік карточка . ашылып, негізгі құралдардың таңдамалы
есебі жүргізеді. Негізгі құралдардың әрбір объектісіне мүліктік нөмір
беріледі. Нөмірлеу әдетте рет нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетге реттік-
сериялық жүйе бойынша жасалады. Мысалы, үшін 0001-ден 0299 дейінгі
нөмірлер, ал ғимараттар үшін 0300-ден 0399-ға дейін және т.б. нөмірлер
бөлінеді. Мүліктік нөмір негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісін
келтіріледі және ол пайдалануда тұрған уақыт бойы объектіде сақталады, ал
істен шыққанда қайта түскен объектіге ұзақ уақыт бойы (бес жылға дейін)
берілмейді. Толтырылған мүлік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір
данада жүргізілетін Негізгі құралдарды есептеу мүлік түгендеу
карточкаларының тізімдемелерінде (N НҚ-6) тіркеледі. Істен шыққан негізгі
құралдар бойынша категорияларды Архив картотекасы бөліміне қояды.
Негізгі құралдарды тұрғызу, салу немесе алу жөніндегі барлық нақты
болған қажетті шығындар, соның ішінде сатып алынғанда өтелмеген салықтар
мен алымдарды төлеу (үйлер мен жаңа автомобильдерді алу кезінде төленген
ҚҚС, сатып алу келісім-шартты жасаған кезде төленетін мемлекеттік баж
салығы және т.б.), жеткізу, монтаж, пайдалануға беру, құрылыс кезінде
берілген кредит үшін проценттер, белгілеуі бойынша қолдану үшін жұмыс
істейтін жағдайға келтіруге тікелей байланысты басқа да кез келген шығындар
кіретін бастапқы баға бойынша кіріске алу сәтінде негізгі құрал-жабдықтар
кіріске алынады.
Жер учаскесінің бастапқы құнына шотта көрсетілген сатып алу
бағасы, жылжымайтын мүлік бойынша агенттерге комиссиялық сыйақылар, сатып
алу-сату шартын ресімдеу жөніндегі заңгерлердің қызметіне төлеу, мұндайда
туындайтын салықтар мен алымдар, жерді мақсатты пайдалану үшін дайындауға
кететін шығындар (үйді бұзу кезінде алынған материалдарды өткізуден түскен
кірістерді шығарып, шегеріп, ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу және
т.б.) кіреді; сатып алынған жабдықтың бастапқы
қорына алу бағасы, тасу шығындары, соның ішінде тасымал кезіндегі
сақтандыру, монтаж, пайдалануға берілетін жабдықтың жорамдылығын тексеру
мақсатымен сынақ өткізу кіреді, үйлер мен ғимараттарды салғанда бастапқы
құнға құрылыс жөніндегі шығындар: материалдар, еңбекті төлеу, қосымша
шығындардың тиісті үлесі, архитекторлардың, заңгерлердің қызметіне төлеу,
құрылыс кезінде сақтандыруға жұмсалатын шығындар, құрылысқа берілетін
кредиттер бойьшша проценттер, құрылысқа рұқсат алу
үшін шығатын шығындар.
Қажетті болып саналмайтын шығындар (тасымал кезінде алынған зиянды
жоюға кеткен шығындар, монтаж кезінде жабдықты бүлдіру салдарынан жасалған
жөндеу және т.б.) бастапқы құнға кірмейді, ал ағымдық шоттағы шығындар
ретінде ескеріледі. Негізгі құрал объектілерінің бастапқы құны былайша
белгіленеді:
Негізгі құралдардың істен шығуы.
Негізгі құрал объектілері субъектінің бухгалтерлік балансынан
мыналардың нәтижесінде есептен шығарылады:
• физикалық немесе сапалық тозу;
• шаруашылық қызметінде пайдаланылмайтын объектілерді өткізуде;
• басқа субъектілерге негізгі құралды жарғы капиталына салым түрінде
беру;
• басқа заңды немесе жеке тұлғаларға етеусіз беру;
• объектілерде ұзақ мерзімді (қаржыландыратын) жалға беру;
• кем шығу, табиғи апат және басқа себептер.
Негізгі құрал объектілерін өтеусіз беру туралы шешім шаруашылық
жүргізуші субъектіге қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданады.
Негізгі құралдардың жарамсыздығын, оларды қалпына келтіріп, жөндеудің
мүмкін еместігін және тиімсіздігін анықтау үшін, сондай-ақ есептен
шығаруға қажетті құжаттаманы ресімдеу үшін субъект басшысының бұйрығы
бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады.
Комиссия объектіні қарайды, есептен шығарудың нақты себептерін
белгідейді, мерзімінен бұрын істен шығаруға кінәлі адамдарды табады,
пайдалану мүмкіндігін анықтайды және жарамды материалдық құндылықтарды
бағалайды. Есептен шығаруды Негізгі құралды есептен шығару актісі (№НҚ-3
ф.) және Автотранспорттық құралдарды есептен шығару актісімен (№НҚ-4 ф.)
екі данамен ресімделеді.
Объектіні таратуға тек ұйым басшысының актісі бекітілгеннен кейін ғана
кіріседі.
Негізгі құралдардың істен шығуы (есептен шьнуы) мынандай бухгалтерлік
жазбалармен көрсетіледі: Негізгі құралды өткізу
Мысалы: Үй, бастапкы құны 5300800 теңге, есептелген тозу сомасы 2120320
теңге, тозу дәрежесі 40%. 2 графадағы коэффициенттерді қолдана отырып қайта
есептейік:
• Ағымдағы құн 5300800 теңге х 1,054 = 5587043 теңге.
• Тозу сомасын түзетейік 2120320 теңге х 1,054 = 2 234 817 теңге.
• Бастапқы құнды қайтадан бағалау сомасы:
2421 Үйлер шоты дебеті
5320 Негізгі құралдарды артық бағалаудан түскен қосымша төленбеген
капитал шот кредиті
5 300 800 теңге - 5 587043 теңге = 286 243 тек
• Тозуды қайта бағалау:

капитал шот дебеті
2421 Үйдің тозуы шот кредиті 2 234 817теңге-2 120 320теңге=
114497 теңге
№6 Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес
активті пайдалану шамасына қарай қайта бағалау сомасы амортизация есептеу
тәсілінде қолданылуға сәйкес айқындалатын мөлшерлердегі бөлінбеген табысқа
ауыстырылады.
Құнды ұлгайту сомасы (актив кұнының өсуі):
(300 800 теңге - 5 587043 теңге) - (2 234 817 теңге -2 120 320 теңге) =
171 746 теңге.
Артық бағалаудың барлық сомасы тек активтің себебіне қарамастан істен
шыққан бөлінбеген табысқа көшіріледі. Мұндайда мынандай жазба түседі:

5410 Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян) шот кредиті
-171746 теңге.
1.3 Негізгі құралдарды түгендеу
Негізгі құралдарды түгендеу олардың сақталуын бақылау мен нақты бар
екендігін анықтау мақсатымен 2410 Негізгі құралдардың есебі бухгалтерлік
есеп стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
Түгендеу басталмас бұрын техникалық құжаттардың бар-жоғын тексеру керек
- құжаттар жоқ болса, оларды алу немесе ресімдеу қажет. Субъект құрған
комиссия міндетті түрде объектіге байқап қарайды және Негізгі құралдарды
түгендеу тізімдемесіне қолардың толық атауын, белгіленген міндетін,
мүліктік нөмірін және негізгі техникалық және пайдаланылатын көрсеткіштерін
жазады. Есепке алынған объектілер табылғанда, сондай-ақ бухгалтерлік есеп
регистрін оларды сипаттайтын мәліметтер жоқ болса немесе дұрыс
көрсетілмесе, комиссия түгендеу тізімдемесіне (опись) және мүлік
карточкаларына жетіспейтін, сонымен қатар сол объектілер бойынша дұрыс
мәліметтермен техникалық көрсеткіштерді енгізуге тиісті.
Егер комиссия күрделі сипатта жасалған (қабаттарды салу, қосымша үй,
бөлме салу және т.б.) жұмыстарды немесе құрылыс пен орнатылғандарды жекелеп
жоюды (кейбір конструктивті элементтерді бұзу) бухгалтерлік есепте
көрсетпесе, тиісті құжаттар бойынша объектінің баланстық құнын арттыруды
немесе түсірудің сомасын анықтауды қажет және регистрде болған өзгерістер
жайлы мәліметтер келтіру керек. Комиссия бір уақытта кінәлі адамдарды әрі
сол және басқа объектілердегі конструктивті өзгерістерді бухгалтерлік есеп
регистрін де көрсетпеу себептерін анықтауға тиіс.
Түгендеу сәтінде шаруашылық жүргізуші субъектіден сыртқары жерде тұрған
(алыс регистердегі, теңіз және өзен кемелері, күрделі жөндеуге жіберілген
автомашиналар және т.б.) негізгі құалдар олар істен шыққанша түгенделеді.
Пайдалануға жарамсыз және қалпына келтірілмейтін негізгі құралдар
түгендеу тізіміне кіргізілмейді.
Меншікті құралдарды түгендеумен бір уақытта жалға алынған және жауапты
сақталуда тұрған негізгі құралдар да тексеріледі. Бұл объектілер бойынша
әрбір шаруашылық жүргізуші субъект бойынша жекелей түгендеу тізімдемелері
жасалады, оларда бұл объектілерді жалға алу немесе жауапты сақталуға
қабылданғандығын растайтын құжаттарға сілтеме беріледі. Оларда белгіленген
мәліметтерден басқа шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы, жал немесе
сақтау мерзімі көрсетіледі. Түгендеу тізімдемесінің бір данасы осы
шаруашылық жүргізуші субъектілеріне жолданады.
Түгендеу нәтижелерін айқындау үшін бухгалтерияда есеп мәліметтерінен
ауытқу табылған объектілерді де қоса жазған Негізгі құралдарды түгендеу
нәтижелерін салыстыру тізімдемесі жасалынады.
Түгендеу комиссиясының хаттамасын субъект басшысы түгендеу аяқталғаннан
кейін 10 күннен кем емес мерзімде бекітеді. Қорытындылары түгендеу біткен
айдың есебінде көрсетілуі тиіс.
Мысалы. Түгендеу кезінде табылған, ескерілмеген негізгі құрал
объектілерінің құны мынадай бухгалтерлік жазбамен көрсетіледі:
✓ тозу сомасына (объектінің техникалық жағдайына негізделіп,
есептелетін жолмен анықталады.)
2412-2416 Негізгі құралдар шоты дебеті
Негізгі құралдардың баланстық құнына
2421-2429- Негізгі құралдардың тозу дебеті 32 000
тенге;
✓ негізгі құралдардың баланстық құнына
2412-2416 Негізгі құралдар шот дебеті
6282 Негізгі емес іс-әрекеннен түскен басқа да табыс кредиті
196 000 теңге,
✓ есепті кезең соңында
6280 Негізгі емес іс - әрекеттен түскен табыс дебеті
2410 Жиынтық табыс шот кредиті
196 000 теңге.
ІІ. Қаржыландыру мен ағымдағы жалға беру есебі
2.1 Қаржыландырумен ағымдағы жалдың түсінігі және түрлері
Үй, ғимарат, машина, жабдық және транспорт құралдары түріндегі дүниенің
меншікті иесі болып табылатын субъект жүргізуші оны жалға бере алады.
Жалдау - жалға берушінің дүниені жалға алушыға уақытша пайдалану үшін
ақы төлеп тұруға беру. Жал түрін мәміле мәні анықтайды. Жалға беру
негізінде талданатын мүлікті пайдалану кұқығына байланысты тәуекел мен
сыйақы қаншалықты дәрежеде жалға алушы немесе жалға берушіге көтетіні
негізінде белгіленеді. Жал пайдалану құқығына байланысты тәуекел мен сыйақы
едәуір дәрежеде жалға алушыға берілсе және төмендегі шарттардың тым
болмағанда бірі орындалса, қаржыландырылған деп саналады:
• жал мерзімі жалданатын мүлікті пайдалы қолдану мерзімінің кемінде 80%-
ін құраса, егер ол тек активтің қызмет ету мерзімінің 20% шегінде
басталмаса. Егер жал шарты осы кезең өткен соң жасалса, мұндай жалдау
ағымдағы деп жіктеледі;
• ең аз шамадағы жал төлемінің дисконтталған құны жалға берілген дүние
мүліктің өткізу бағасының 90%-інен кем болса;
• жалдау мерзімі соңында активтің қалдық құны жал шарты жасалған
сәттегі өткізу бағасының 20%-нен аспаса;
• жалға алынатын активтерге меншіктілік құқығы ауысқанда жалға
алушы жалдау мерзімі басында белгіленген кесімді бага бойынша сатып алу
құқығына ие болады.
Осы шарттарға сәйкес келмейтін жалдаудың қай-қайсысы да ағымдағы жал
болып табылады. Негізгі құралдарды ағымдағы жалға алу мерзімі біткен соң
объектіні жалға берушіге міндетті түрде қайтаруды көздейді. Ағымдағы жалға
алуда активті меншіктілікке байланысты тәуекел мең сыйақылар жалға берушіде
қалады.
Жалға алушы болып табылатын шаруашылық жүргізші субъект ағымдағы жалға
алынған құралдарды Жалға алынған негізгі құралдар баланстан тыс шотта
ескереді. Шығандарды мойындау әрбір есепті кезеңде жүйелі негізде жасалады.
Жалға берушімен есеп айырысу 3370 Басқа да кредиторлық берешек шотында
көрсетіледі.
Қаржылық жалға тапсырылатын дүние-мүлік құны бухгалтерлік есепте жалға
салынған таза күрделі қаржыға тең дебиторлық берешек ретінде көрсетіледі.
Ең аз шамада түсіп жатқан жал төлемдерін жалға беруші жалға берілген актив
құнының кайтарымы мен кіріс алу ретінде қарастырады. Қаржылаландыратын
жалға дүние-мүлік беруден ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz